Қолданыстағы қылмыстық іс жүргізу кодексінде сот-тергеу ісінің орасан зор мүдделері көрінеді. Осыған орай, халықаралық құқық нормасы тұрғысында «заңмен» есептесе алатын, заң нормалары жауап бере алатын, міндетті түрдегі сапалық шарттарға жүгінген жөн болар еді. Адам құқығының Еуропалық Конвенциясына сай, «заң сапасының» шарттық талаптары мынадай: заң – құқықтық, айқындылық немесе шарттылық қағидаларына сай болуы қажет, яғни мүдделі тұлғалардың мән- жайларға сәйкес алдын-ала болжамдауына, олардың әрекеттеріне сай орын алатын, санаға сыйымды салдарларына мүмкіндік беретіндей жеткілікті деңгейде қалыптасуы тиіс.
Қазақстан Республикасының қылмыстық-процесуалдық заңының құқықтық айқындылығы біршама келіспеушіліктерді тудыруда.
Заңда баға беру ұғымдарының саны жеткілікті, мысалы, «айрықша жағдайлар, ерекше күрделілік, қылмыстық істердің, кейінге қалдыруға болмайтын жағдайлардың тым көптігі, ұзақ уақытқа жалғасуы, т.б.». Құқық қолданушының көздегеніне сәйкес жағдайлардың кең аяда жасалуы сыбайлас жемқорлыққа жол ашатындай. Ал, мақсат - қылмыстылықпен күресу болып табылатын жағдайлардағы шексіз, қарапайым түсініктемелердің мүмкіншілігі айыптауға әуестікке алып келеді. Алдын-ала тергеу сапасының төмендеп, қылмыстық әділет ісінің құрамындағы мамандардың кәсіби деңгейлерінің төмендігін әділет ісіне қайта жөнелтілген жағдайдағы статистиканың шамамен 98% айыптау үкімдерін, соның ішінде, ешбір күнәсіз сотталушылардың санының тым жоғарылығын көрсететін айыптау үкімдері дәлелдей түсетіндей. Бұл жағдай бүгінде біздің түзету мекемелерінің лық толуын, бірақ, еш түзетпейтін, қайта керісінше, сотталушыларды одан әрі «ғаріпке» айналдыратын лагерь болып табылатынынан айқын көрінеді.
Қарастырылып отырған мәселелерге байланысты, қылмыстық процестің заңдылығы туралы айтпай кетуге болмайды. Заңдылық мәселесі құқықтану ғылымындағы маңызды мәселелердің бірі,барша азаматтардың, ұйымдардың және лауазымды тұлғалардың осы заң талаптарын және оларға негізделген қосымша актілердің дәл және бұлтартпай орындалуына қатысты шарттық талаптарын, бірқатар теориялық және тәжірибелік мәселелерін тудырады.
Адам құқығы туралы бүгінгі күнгі заманауи ұғым, шамамен он жетінші ғасырда пайда болған, он сегізінші ғасырда түпкілікті қалыптасқан, сол кездегі монархтардың шексіз билігін – жоғарғы билікті шектейтін «табиғи», «аластатылмаған», «индивидумға туғанынан берілген» идеяларға байланысты қабылданады. Ф. М. Рудинский әділ айтып кеткендей, - «Адам құқының әмбебап тұжырымдамаларында ұзақ ғасырлар бойы, көптеген халықтардың түрлі доктриналары, философиялық танымдары, саяси, экономикалық, этикалық және құқықтық ілімдері бар. Осы тұжырымдаманың негізі - адамның абыройы мен ар-ожданының ең жоғары құндылық болып табылатындығында». Қазіргі кезде халықаралық және құқықтық актілермен бекітілген адам құқы белгілі бір мемлекеттің тануына, не керісінше танымауына қарамастан өмір сүруде. Олар ішкі мемлекеттік құқықтарымен белгіленген оның өмір сүріп, даму мүмкіншіліктері іспетті азаматтың құқықтарына тығыз байланысты болып отыр. Оның қайсы-біреуінің болмасын танылуы және ойдағыдай қамтылуы – кез келген демократиялық конституцияның негізгі қасиеті болмақ. Қазақстан Республикасы Конституциясының 12- бабы классикалық сипаттағы адам құқы формуласының мазмұнын құрайтын сықылды: «Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды...».
Қазақстан Республикасының Конституциясына 4-бабына сәйкес: «Республика бекіткен халықаралық шарттардың республика заңдарынан басымдығы болады және, халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайдан басқа реттерде тікелей қолданылады» - делінген. Мынадай жалпыға танымал халықаралық-құқықтық қағидалар қылмыстық сот жүргізуге анағұрлым жақын:
- мемлекеттердің егемендік теңдігі;
- ішкі істерге араласпау;
- күш қолданбау және күш көрсету арқылы қорқытпау;
- мемлекеттердің өздерінің халықаралық міндеттемелерін адал орындауы;
- мемлекеттердің мелекетаралық ынтымақтастығы және бірлігі;
- гуманизм, адам құқы мен әділеттілікті құрметтеу.
Сонымен, мемлекеттердің егемендік теңдігі мен ішкі істеріне араласпау қағидаларына сай, бірде- бір мемлекет олардың келісімінсіз басқа мемлекеттердің аумағында оның сот әмірін тарататын, қандай-да бір заң шығаруға, не іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқығы жоқ. Мысалы, егер бұл сәйкес халықаралық шартпен көзделмеген болса, белгілі бір мемлекеттің тергеу органдарының екінші бір мемлекеттің аумағында жүргізген процесуалдық іс-әрекеттерінің нәтижелері еш заңға сыймайды деген сөз. Күш қолданбау және күш көрсету арқылы қорқытпау қағидасы, бірде-бір мемлекет өзге егеменді мемлекеттің аумағындағы тұлғаларды ұрлап немесе жаулап алып, әскери акциялар, т.б. іс- әрекеттермен қорқыту арқылы оларды беруін талап ету түрінде өзінің ішкі құқын қолдана алмайтынын білдіреді.
Мемлекеттердің өздерінің халықаралық міндеттемелерін адал орындауы, ұлттық қылмыстық- процесуалдық заңнама ережелерінің халықаралық міндеттемелерден бас тартуына негіз бола алмайтындығынан көрінеді. Егер заңда мемлекет жасаған халықаралық шартқа қайшы келетін нормалар бар болатын болса, онда осы қағидаға сай, шарттың нормалары қолданылады, ал заң халықаралық міндеттемелерге сәйкестендірілуі тиіс.
Мемлекеттердің мелекетаралық ынтымақтастығы және бірлігі қағидасы, ең алдымен, құқықтық көмек, соның ішінде, қылмыстық істерге байланысты құқықтық көмек көрсету жөніндегі халықаралық шарттарды кең аяда жасауды білдіреді.
Қылмыстық процесс мәселелеріне қатысты халықаралық шарттарда жалпылай қабылданған қағидалар мен нормалар да, сондай-ақ, тек оған қатысушы субъектілердің қарым-қатынастарын реттейтін нормалар да бекітілген. Қатысушылардың санына байланысты шарттар көп жақты және екі жақты болып бөлінеді. Қылмыстық процесс үшін қылмыстық әрекет іске асырылған мемлекет аумағынан тыс жердегі тұлғаларды қылмыстық тергеу және бақылау әрекеттерін жүзеге асыру кезіндегі түрлі елдердің сот және тергеу органдарының өзара қарым-қатынас тәртібін белгілейтін құқықтық көмек туралы шарттардың; процесуалдық іс-әрекеттерді жүргізу туралы берілген тапсырмалардың атқарылуының, т.б.маңызы зор.
22 қаңтар 1993 жылы «Азаматтық, отбасылық, қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету және құқықтық қарым-қатынастар туралы» Минск Конвенциясына қол қойылғаны белгілі. Қылмыспен күресу саласындағы үкіметаралық сипаттағы ынтымақтастық шарттарының көбі дерлік өзге мемлекеттердің құқық қорғау органдарымен Ішкі істер министрлігімен және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы арасында жасалған.
Құқықтық көмек көрсету шарттарынан өзге, Ресейдің құқық қорғау органдарының шет ел азаматтарымен және лауазымды тұлғалармен өзара қарым-қатынас жасау тәртібі де консулдық конвенциялармен реттеледі. Сол шарттарға сай, консулдар сол елдің соттарының немесе тергеу органдарының алдында немесе өзге де белгілі бір негізді себептермен өздерінің құқықтары мен мүдделерін өздері қорғай алмайтындығы жайлы деректер ұсынулары міндетті.
Жалпы қабылданған халықаралық қағидалар мен нормалар халықаралық шарттармен белгіленген нұсқадағы нормалар күйінде де, жалпы халықаралық құқық құрайтын заңды дәстүрлер түрінде де беріледі. Қарапайым норма негізгі саяси және құқықтық жүйелерді білдіретін барлық мемлекеттер болмаса да, көпшілік мемлекеттердің тануының нәтижесінде жалпы халықаралық құқық меншігіне айналады. Заманауи халықаралық-құқықтық салт-дәстүрлер әдетте жалпы танылған қағидалар мен нормалар көп қырлы конвенциялар мен келісімдерден көретіндіктен, сонымен қатар, халықаралық құқықтың өзге де құжаттарынан яғни декларациялардан, халықаралық органдар мен ұйымдардың резолюцияларынан, конференцияларынан, халықаралық сот шешімдерінен, т.б. көрінетіндіктен, ресми кейіпке енеді.
Негізгі орынды БҰҰ нұсқаулық нормалардың немесе қылмыстың алдын-алу және құқық бұзушыларға қатысты нормаларды әзірлеу Конгрессінің халықаралық өлшемдерінің тигізетін ықпалының артуы қылмыстық сот жүргізу саласындағы халықаралық құқықтың заманауи қарапайым нормаларының ерекшелігі болып табылады. Конгрестің құжаттарын әдетте БҰҰ Бас Ассамблеясы бекітеді. Олардың ішінде лауазымды тұлғалардың құқық тәртібінің орындалуына қолдау көрсету әрекеттерінің кодексі (1979), сот тәуелсіздігінің негізгі қағидалары (1985), БҰҰ Бас Ассамблеясы (1985) бекіткен билікті асыра сілтеушілікпен пайдалану және қылмыс құрбандарына арналған әділ соттың негізгі қағидаларының декларациясы, қандай да бір сипатта ұсталған немесе қамалған тұлғаларды қорғау қағидаларының Жинақтары (1988), адвокаттардың рөлі туралы негізгі ережелер (1990) т.б. атап көрсетіледі.
Әдебиеттер
- Умархунов И.М. Международный договор – основной источник международного права // Казахстанский журнал Международного права. – 2001. - №1(4). – С.
- Международное публичное право: Сборик документов. Т. - М.: Юраит, 2007. – 378 с.
- Петрухин И.Л. Свобода личности и уголовно-процессуальное принуждении. – М., – 297 с.
- Комментарий к «Европейской конвенции о защите прав человека». - Совет Европии, – 710 с.
- Толеубекова Б.Х. Уголовно-процессуальное право Республики Казахстан. Общая часть: Учебник. – Алматы: НАS, – 340 с.
- Корнуков В.М. Конституционные основы положения личности в уголовном судопроизводстве. - Саратов,– 267 с.