Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау саласының құқықтық реттелуінің маңыздылығы

«Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы»- деп басталатын біздің Конституциямыздағы осы сөздерде мемлекеттілігін жаңғыртып, жаңа əділетті қоғам орнатуды мұрат тұтқан сан ұрпактың тарих сабақтастығы тоғысып жатыр. Мемлекет - аумақтың тұтастығы, азаматтардың топтасқандығы, билік институттары ғана емес, біз сонымен қатар ол өз бойына алдыңғы ұрпақтын өмір тəжірибесі мен жарқын болашаққа деген ізгі үмітін сіңірген Конституция деп те білеміз.

«Денсаулық - зор байлық», - дейді дана халқымыз. Денсаулық əр адамның жеке ғана қазынасы емес, ол əр мемлекеттің қол жеткен табысы, ел байлығы болып саналады.

Біздің егеменді елімізде халық денсаулығы мемлекет қамқорлығында. Оған Қазақстан Республикасының Конституциясы дəлел бола алады. Ата Заңымыздың 29- бабында: «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар. Республика азаматтары заңмен белгiленген кепiлдi медициналық көмектiң көлемiн тегiн алуға хақылы. Мемлекеттiк жəне жекеменшiк емдеу мекемелерiнде, сондай-ақ, жеке медициналық практикамен айналысушы адамдарда ақылы медициналық жəрдем алу заңда белгiленген негiздер мен тəртiп бойынша жүргiзiледi», - деп бекітілген[1].

Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын құқықтық, экономикалық жəне əлеуметтік жағынан қорғаудың негіздері, мемлекеттік органдардың, жеке жəне заңды тұлғалардың, меншік нысанына қарамастан, азаматтардың денсаулығын қорғауға конституциялық құқығы іске асыруға қатысу мəселелері «Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулықтарын қорғау туралы» 1997 жылғы 17 маусымдағы арнаулы Заңымен, кейінірек «Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен жəне басқада көптеген денсаулық сақтау саласындағы нормативті- құқықтық актілермен іске асырылып келді. Алайда Денсаулық сақтау министрлігінің жүргізіп жатқан реформаларын заңдық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін Елбасының тапсырмасына сəйкес, ТМД елдері арасында тұңғыш рет «Азаматтардың денсаулығы жəне денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі əзірленді. 2009 жылғы қыркүйектің 18-де «Халық денсаулығы жəне денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексі қабылданды. Аталған кодекс азаматтардың денсаулық сақтауға конституциялық құқығын іске асыру мақсатында денсаулық сақтау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.

Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі – Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында біртұтас, тікелей республикалық жəне жергілікті бюджеттерден қаржыландырылады жəне ең алдымен өз денсаулығын қорғауға жəне қалпына келтіруге  қаражаты жоқ азаматтарға бағытталған.

Кепілді медициналық көмекке қоса азаматтар, сондай- ақ өзінің жеке қаражаты, ұйымның жəне  Республика заңдары тыйым салмаған өзге көздердің қаражаты есебінен қосымша медициналық көмекке құқығы бар. Бұл құқық ақылы медициналық көмек алу, ерікті медициналық сақтандыру жолымен іске асырылады. Ерікті медициналық сақтандыру республикада енді-енді қалыптасып келеді.

Азаматтардың медициналық ұйымдарды ерікті таңдау, сондай- ақ дəрігерді де еркін таңдау құқығы заңдармен көзделген. Медициналық көмек жедел жəне кідіріссіз көрсетілу қажеттігі туған реттерде кез келген жақын маңдағы емдеу сауықтыру ұйымдары, олардың ведомстволық бағыныстылығына жəне меншік нысандарына қарамастан, жедел медициналық көмек жөніндегі қажетті шаралармен қамтамасыз етулері тиіс.

2007 жылдың наурыз айында Қазақстан халқына жасаған Жолдауында Мемлекет басшысы Үкіметтің алдына медициналық қызметтің сапасын жақсарту жөніндегі нақты міндеттер қойған болатын: «Біріншіден, денсаулық сақтау саласындағы басқару, қаржыландыру, үйлестіру мен бақылау тетіктерін қайта саралау арқылы медициналық қызметтің нəтижелілігі мен сапасын арттыруға жету керек деп санаймын. Сонымен қатар медицина мекемелерінің қоғам алдындағы ашық есептілігі жүйесін де, əрі ішкі бақылау мен сыртқы аудит жүйесін де енгізген жөн. Сайып келгенде, медициналық қызметтің мемлекет көрсететін бөлігін анықтап беретін уақыт жетті, əрі оны жеке қызмет көрсетумен шатастырмаған жөн. Екінші жағынан, жеке медицинаның дамуына да мүмкіндік беру керек.

Екіншіден, орташа өмір жасының ұзақтығы деңгейін арттыру, ана мен бала өлімі көрсеткіштерін төмендету, туберкулезбен сырқаттану жəне АҚТҚ/ЖҚТБ дертіне шалдығудың етек алуын тежеуге бағытталған бағдарламалар əзірлеу керек.

Үшіншіден, бастапқы медициналық даярлық барлық мектептер мен университеттер оқу жоспарының міндетті бөлігіне айналуға тиіс. Осыған байланысты халықтың салауатты өмір салты мен денсаулық сақтау мəселелері жөніндегі білімі мен хабардарлығын арттыра беру міндет. Халық арасында спорттың бұқаралық сипат алуына жəне спортты насихаттауға ерекше ден қою керек. Төртіншіден, таяудағы үш жылдың өзінде мемлекеттік-жекеменшік əріптестік тетігін пайдалану арқылы Қазақстан өңірлерінде 100 аурухана салынатын болады. Бесіншіден, Қазақстанның санитарлық инфрақұрылымына байыпты назар салып, барлық елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету міндет. Алтыншыдан, халықтың қолы жетерлік медициналық жəне медициналық сақтандыру қызметтерінің бəсекелестік рыногын дамыту үшін көтермелеу шаралары əзірленуі шарт.

Жетіншіден, дəрігерлер мен медицина қызметкерлерін оқыту, аттестациялау мен даярлаудың халықаралық стандарттарына жедел қарқынмен көшу қажет. Сонымен қатар біліктілік санатының деңгейіне, мамандығының түріне жəне жүктелетін міндетінің ауқымына қарай медицина қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеудің ынталандырушы жүйесін енгізуді де дəйекті ойластырған дұрыс»[2], деген еді Жолдауында Елбасы.

Халықтың денсаулық жағдайы мемлекеттің өз азаматтарының алдындағы оның жауапкершілік  дəрежесін көрсететін əлеуметтік бағдарлылығының біріктірілген көрсеткіші болып табылады. Дамытудың, нығайтудың жəне азаматтар саулығының ұзақ мерзімді бағдарламалары 2030 жылға дейін Қазақстанның даму стратегиясымен 1997 жылы бекітілген болатын. Қоғамның əлеуметтік-экономикалық дамуын жақсарту сала алдына қол жетімді жəне тиімді денсаулық сақтау жүйесін құруға бағытталған ұстанымдық жаңа міндеттерді қоюға мүмкіндік берді[3].

2004 жылы Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына 2004 жылғы 19 наурыздағы «Бəсекеге  қабілетті Қазақстанға, бəсекеге қабілетті экономикаға, бəсекеге қабілетті ұлтқа» атты Жолдауын орындау үшін əзірленген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Мемлекеттік бағдарлама Қазақстан Республикасында қолжетімді сапалы, əлеуметтік-бағдарланған жəне экономикалық тиімді жүйені дамытуға бағытталған қажетті шаралар жиынтығын белгіледі[4].

2007 жылы техникалық жаңғырту, инфрақұрылымды дамыту саласындағы көлемді инвестицияларға бағытталған Мемлекеттік бағдарламаның І кезеңін іске асыру аяқталды, бастапқы медициналық-санитарлық көмекті нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, медициналық қызметтің сапасын арттыру міндеттері шешілді.

Қазіргі таңда денсаулық сақтау ісін дамыту институционалдық қайта құрылу, кадр əлеуетін дамыту, сапалы медициналық қызмет ұсыну кезеңіне енеді. Аурулардың алдын алу жəне салауатты өмір салтын қалыптастыру басым бола бастайды[5], бұл Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан азаматтарының əл-ауқатын арттыру- мемлекет саясатының басты мақсаты»- атты Жолдауында көрсетілген.

Əйелдер мен балалар денсаулығының жеткіліксіз деңгейі, əлеуметтік елеулі аурулардың таралушылығы, қоғамдық денсаулық деңгейінің төмендігі жəне тегін медициналық көмектің кепілді көлемімен жеткіліксіз қамтамасыз ету тұтасымен азаматтар денсаулығы деңгейінің төмендігін айқындайды. Денсаулық сақтау саласында саясатты іске асырудың тиісті тетіктерінің болмауы жəне денсаулық сақтауды қаржылдандырудың жетілмеуі басқарудың жеткіліксіз тиімділігін түсіндіреді. Қазіргі таңда денсаулық сақтау саласында саясатты іске асыруды толығымен денсаулық сақтау бюджетінің қаражатын 60% аса əкімші болатын жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады, денсаулық сақтау департаменттерінің басшылары министрліктермен келіспей тағайындалады, бұл бюджетті ұтымды жоспарлаудың бірыңғай саясатын іске асыру, қаржыландыру ресурстарын біркелкі бөлу, қаражатты тиімді пайдалану кезінде іс- қимылдарды келісуде қиындық туғызады. Бұл жағдай нормативтік- құқықтық базалардың жетілмеуінен қиындай түседі. Осы проблемаларды шешу үшін «Халық денсаулығы жəне денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің жобасы əзірленіп, қабылданды. Кодекс қабылданғаннан кейін халықаралық құқық нормаларымен үйлескен стандарттар, нормативтер мен өзге де заңға тəуелді актілер жиынтығы əзірленетін болады. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жүйесінің вертикалі қалпына келтірілетін болады. Сондай-ақ заңмен Министрлікке денсаулық сақтауды басқару басқарудың жергілікті  органдары  басшыларының кандидатураларын  жəне  фармацевтикалық  жəне  медициналық  өнеркəсіпті  мемлекеттік  реттеу  жөніндегі өкілеттікті келісу құқығы бекітіліп берілді. Одан басқа, Министрлік пен Əкімдіктің арасында денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттарын іске асыру негізі болып табылатын меморандумдар жасалатын болады. Денсаулық сақтау кадрларын даярлау жəне қайта даярлауда дəрігерлерді даярлау бағдарламалары қайта қаралады жəне жоғары медициналық білімі бар медицина кадрларын бакалавриатта, магистратурада оқыту басталады, базалық экономикалық білімі бар денсаулық сақтау менеджерлері мен экономистері бакалавриат пен магистратурада даярланады; медициналық білім беру сапасына тəуелсіз бақылау жүйесі енгізілуі қажет.

Еліміздің Президенті Н.Ə.Назарбаев: «Денсаулық сақтау, Білім жəне ғылым министрліктеріне бірлесе отырып ауруханалардың медициналық қызметкерлерінің, соның ішінде медицина қызметкерлерін қосымша даярлау мен қайта даярлау, оларды сертификаттау мен лицензиялау жолымен біліктілігін арттыру бағдарламасын əзірлеуді  тапсырамын», деп нақты тапсырмалар берді. «Халық денсаулығы жəне денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексінің талаптары орындала отырып медицина ғылымы мынадай бағыттар бойынша дамуы қажет деп есептейміз:

  • əлеуметтік жағынан елеулі аурулардың алдын алудың, ерте анықтаудың, емдеудің жəне оңалтудың озық технологияларын басым əзірлеу жəне қолданысқа енгізу;
  • Денсаулық сақтау министрлігінің қатысуын қамтамасыз ете отырып практикалық денсаулық сақтауға отандық жəне тəжірибе алмасудан алынған ғылыми əзірлемелер енгізу, қазақстандық медицина ғылымының халықаралық ғылыми-зеттеу ұйымдарына интеграциялануын, халықаралық серіктестікті дамыту;
  • азаматтардың денсаулығын қорғау саласында жоспарланатын жəне қабылданатын шаралардың экономикалық жəне əлеуметтік тиімділігін ғылыми бағалау жəне негіздеу, медицина ғылымы саласында айғақтау медицинасы принциптерін енгізу.

Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру үшін мыналар көзделуі қажет:

1) медициналық жоғары оқу орындарын ұлттық аккредиттеу жүйесін енгізу;

2) медициналық жоғары оқу орындарын халықаралық аккредиттеуді;

3) медицина ғылымын реформалау тұжырымдамасын əзірлеу.

 

Әдебиеттер

  1. .Қазақстан Республикасының Конституциясы. 2007 жылғы 21 мамырдағы енгізілген өзгертулер жəне толықтыруларымен. Алматы«Юрист» баспасы. 2007.
  2. .«Жаңа əлемдегі Жаңа Қазақстан». Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. // Егемен Қазақстан. 1 наурыз 2007 ж.
  3. .Назарбаев Н.Ə. «Қазақстан-2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі жəне əл-ауқатының артуы». Қазақстан Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. 1997 жылғы 10 қазан.
  4. .Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын бекіту туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы.
  5. .«Қазақстан халқының əл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты». Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. // Егемен Қазақстан. 7 ақпан 2008 ж.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.