Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Білім беру саласында жұмыс берушілердің актілерінің маңызы

Жұмыс берушілер, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы №149 –П «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабы 2-тармағының 2-тармақшасына сəйкес халықты жұмыспен қамту бойынша уəкілетті органға бос лауазымдардың, кəсіптердің (бос жұмыс орындары) туралы, олар пайда болған күннен бастап, үш жұмыс күні ішінде мəліметтер беруге міндетті. Заңның 1-бабының 15 жəне 18-тармақтарына сəйкес жұмыспен қамту қызметінің органдары болып жергілікті атқару органдарының құрылымдық бөлімшелері (уəкілетті органдар) саналады.

Жұмыс берушілер - коммерциялық жəне коммерциялық емес ұйымдар, сондай-ақ кəсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар жəне тұрмыстық қызметке (бала күтуші, үй қызметшісі, хатшы ретінде жəне т.б.) еңбек күшін жалдайтын жеке тұлғалар саналады. АК-нің 43-бабының 1,2,3-тармақтарына сəйкес заңды тұлғаның өкілдіктері, филиалдары сенімхат бойынша не сол филиалдар туралы Ережеге, заңды тұлғаның Жарғысына сəйкес заңды тұлғаның атынан жұмыс берушілік құқықтық субъектілігін жүзеге асыра алады. Жұмыссыздар ретінде тіркелген азаматтар, кəсіби бағдарлама бойынша, сондай-ақ қызметтің тегі мен түрін, жұмыс орны мен еңбек жағдайы туралы тегін ақпарат алуға құқығы бар. Азаматтардың білікті заңдық көмек (14-б.,1-т.) алуына жəне тиісті ақпарат алуын (18-б.,3-т.) Қазақстан Республикасының Конституциясына сəйкес кепілдік беріледі.

Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтарға шет елдерде жұмыспен қамтылуына кепілдік беріледі. Қазақстан Республикасы Конституциясының 21-бабының 2-тармағына сəйкес «əрбір азамат Қазақстан   Республикасынан   тысқары   шығуға   құқылы».   Адамның   дамуы   саласында   жүргізіліп жатқан мемлекеттің негізгі ұлттық мақсаттардың бірі - жұмыспен қамтуға бағытталған белсенді  саясатты жүргізу болып саналады. Белгіленген мемлекеттік саясат – азаматтардың жаңа кəсіпті алуына, олардың біліктілігін арттыруға жəне қайта дайындалуына көмек көрсетуге бағытталған. Қазақстан Республикасында индустриялдық дамудың тұжырымдамасын іске асыруға байланысты өнеркəсіп саласында жұмыспен қамтудың деңгейін едəуір арттырылуы күтілуде. Еліміздің əлеуметтік-экономикалық бағытта дамуының қарқынын ескере отырып, 2010 жылға дейінгі кезеңде, экономика құрылымында жəне тиісінше еңбек нарығы саласында түбегейлі өзгерістер күтілуде. (1,5-б.)

Еңбек кодексінде, халықты жұмыспен қамтамассыз ету мəселесіне байланысты, сонымен қатар əркімнің жұмыс түрін таңдауға байланысты жұмыспен қамту орталығы делдалдық көмек көрсету жолымен берілетін мемлекеттік кепілдіктерді күшейтуге бағытталған нормалар анықталған. Осы мəселе бойынша, белгілі ғалым С.А.Дмитрованың еңбегінде халықты жұмыспен қамтуды дамытуға бағытталған кепілдіктерді барынша күшейту қажеттілігі жəне осы мəселеге байланысты салалық заңнаманың, Қазақстан Республикасы Конституциясымен айқындалған міндеттерді жүзеге асыру механизмдері анықталмай қалып отырғандығы айтылады. Өзінің заңдық табиғаты бойынша жұмыспен қамту саласындағы адам мен азаматтың конституциялық құқықтары құқық субъектіне қатысты ұғыммен ажырамас байланыста. Ғылымдағы үстемдік ететін пікір бойынша құқықтық қабілеттілік пен əрекеттік қабілеттілік бір уақытта пайда болады. (2,79-б.)

Осы аспектіде, Қазақстан Республикасының Конституциясымен белгіленген адам мен азаматтың өтініш жолдау жəне қызмет тегі мен кəсібін еркін таңдау бостандығына деген құқығына қатысты, əркімнің құқықтық субъектілігі шартсыз танылады (ҚР Конституциясы 13-б.). Жалпы, қолданыстағы азаматтық заңнамаға сəйкес белгілеген құқықтық қабілеттілік (ҚР АК 13-б.) пен əрекеттік қабілеттілік (ҚР АК 17-б.) құқықтың басқа салалары мен кешенді сала аралық құқықтық институттарға жалпы маңызы бар. (3,91-б.) Азаматтардың өтініштерін қараудың құқықтық негіздемелері күн санап күшейіп келеді. Еңбек заңнамасы құқықты шектеулерге, атап айтқанда, жынысына, жасына, нəсіліне, ұлтына, тіліне, мүліктік жəне  лауазымдық жағдайына, тұрғылықты жеріне, дінге қатыстылығына, сеніміне, азаматтығына, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына, яғни адамның іскерлік қасиеттерімен жəне оның еңбек нəтижелеріне байланысты емес ахуалдарға басымдық беруге тыйым салады.

Азаматтардың əлеуметтік-экономикалық құқықтары мен бостандығын қорғауды қамтамасыз ету саласында, ұйымның аясында, локалдық құқықтық реттеу мəселелеріне байланысты С.В.Передериннің көз-қарастары ескеруді қажет етеді. Еңбек қатынастарын құқықтық реттеу ерекшеліктерін ескере отырып, С.В.Передерин локалдық процедураларды енгізу мен қолданудың объективтік себептерін, белгілерін анықтады. Біріншіден, нормативтік құқықтық тəртіпте, жекелеген жағдайларда, локалдық процедураларды қабылдау қажеттігі белгіленгенде; екіншіден, орталықтандырылған тəртіпте бекітілген процедураларды нақтылау қажет болғанда; үшіншіден, кемшіліктердің орнын толтыру үшін; төртіншіден, процедуралық тəртіпте реттелмеген бір ұйымның аясында қалыптасқан еңбектік əрекеттерді реттеу үшін. (4, 78-б.) Қызметкерлердің өтініш беруге деген құқығы ҚР ЕК-нің 22-бабының 1-тармағына, 23-бабының 2-тармағына сəйкес анықталады. Өтінішті мемлекеттік органның, заңдық тұлғаның басшысы, сондай-ақ басқа да органдар, жекелеген лауазымды тұлғалар қарауға тиіс. Лауазымдық тұлғаның түсінігі Əкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің 34-бабының 2- тармағына сəйкес белгіленеді. Лауазымды тұлғаларға басқарушылық функцияны орындайтын басшылар мен өзге қызметкерлер де теңестіріледі.

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12-қаңтардағы «Жеке жəне заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тəртібі туралы» Заңының 8-бабының 1-тармағына сəйкес өтініштерді мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар жəне лауазымды тұлғалар қарайды. Мемлекеттік органның жəне ұйымның басшысымен қатар, басшының орынбасарлары, департамент директорлары, бөлім жəне басқарма бастықтары лауазымды тұлғалардың санатына жатады. Олар өз лауазымдық міндеттері шегінде азаматтардың өтініштерін қарауға тиіс.

Іс жүргізумен байланысты, ресми құжаттарды ресімдеудің, соның ішінде қызметкерлердің өтініштерін қарау мəселелері бойынша нысандарға қойылатын жалпы талаптар да қолданыстағы заңнамамен реттеледі. Қоғамда жемқорлықпен күресті одан əрі жалғастыру мəселесіне байланысты халық қандай үлес қосып жатыр деген сұрақ туындайды. Шынында да, коррупциялық құқық бұзушылыққа қолайлы жағдай жасайтын ахуалдардың туындауының көздері мен алғы шарттары арасында, едəуір маңызды факт болып құқықтық сауаттылық деңгейі жəне халықтың белсенділік дəрежесі саналады. Бұл жағдай, лауазымды тұлғалардың құқық бұзушылыққа қарсы əрекет етуіне жағдай тудырады дейді Алматы қаласы Əуезов аудандық құқық қорғау органдарына жəрдемдесу Орталығының басшысы Д.Сон. (2,10-б.) И.К.Дмитриеваның ғылыми көзқарасы бойынша жұмыс берушінің өз құзіреті шегінде заңмен қарастырылған, ал белгіленген жағдайларда - өкілетті орган қызметкерінің пікірін ескере отырып, бір ұйымның аясында еңбек қатынастары мен онымен тікелей байланысты басқа да еңбетік қатынастарға байланысты, локалдық нормативтік актілер екі топқа бөлінеді. Біріншіден, жұмыс берушінің прерогативасы болып саналатын еңбектің техникалық тараптарын өз реттеуімен қамтитын локалдық актілер, екіншіден, ең алдымен, кəсіподақтардың, қызметкерлердің пікірлерін ескере отырып жұмыс берушінің еңбекті əлеуметтік ұйымдастыру аясында қабылдайтын локалдық нормативтік актілер.

Осы зерттеу мəселесіне байланысты, білім беру қызметі саласы, қолданылған заңнамаға сəйкес өз ерекшілігімен анықталды. Қазақстан Республикасы білім беру қызметі саласында бірқатар халықаралық келісім шарттарға, соның ішінде Лиссабон Конвенциясына қосылды. «Европа аймағында жоғары білімге кіретін біліктілікті  тану туралы» Лиссабон Конвенциясын Қазақстан Республикасы 1997 жылдың 13-желтоқсанында бекітті. Конвенция Европа Кеңесі мен ЮНЕСКО-СЕПЕС бірлескен бастамасы бойынша дайындалды. Бұл құжат Европалық кеңістік жоғары білімінің жасақталу негізін белгілейтін негізгі құжаттардың бірі болып саналады. Оның негізгі қағидаттарының бірі - оқу орындарының автономиялығын күшейту болып саналады. Еңбекті ұйымдастыру, тиісінше, оқу үдерісін жоспарлау, ылғи да оқу орнының оқу-əдістемелік құжаттамасын қабылдау шартымен тікелей байланысты.

Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша оқу-əдістемелік сипаттағы актілерді дайындау жəне қабылдау жоғары оқу орнының еңбекті ұйымдастыру жəне оқу үдерісінің ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру қызметі заңнамасы мен еңбек заңнамасының нормаларымен қатаң сəйкестікте жүзеге асырылуы қажет. Оқу-əдістемелік құжаттар, олардың біліктілігі бойынша, жұмыс беруші актінің санатына жатқызылады, олар ҚР ЕК-ге сəйкес өкілетті орган қызметкерінің пікірін ескере отырып жүргізіледі. Бұл талаптар, бірінші кезекте осы актідегі нұсқаулардың тікелей орындаушылары профессорлық-оқытушылық болып (əрі қарай - ПОҚ) саналады. Жалпы, қабылданатын актілер қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуге бағытталады, олардың қатысушылары - білім беру қызметінің негізгі субъектілері – оқу орнының əкімшілігі, ПОҚ жəне студенттер болып саналады. Осыған байланысты, егер де жұмыс берушінің актілерінде нормаланған тапсырмалар болса, онда бұл актілер ҚР ЕК 117-бабына сəйкес өкілетті органның қызметкерімен келісілуі тиіс.

Еңбек заңнамасының нормаларына сəйкес өкілетті органның өкілеттілігі құрылтайшы құжаттармен, ұжымдық келісім шартпен, Ішкі еңбек тəртібі Ережелерімен жəне өзге де келісімдермен, өкілетті органның актілерімен, жиналыста (конференцияда) қабылданған еңбек ұжымының шешімімен белгіленеді. Өкілетті орган қызметкерінің ұғымы (1-б,1-т,60-тт.), өкілеттігі (11,12,117,266,270-бб.) ЕК-мен, Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 31-мамырдағы «Қоғамдық бірлестіктер туралы», 1993 жылғы 9-сəуірдегі «Кəсіподақтар туралы» Заңдарымен белгіленеді. Бұдан басқа, мемлекеттік кəсіпорын нысанында құрылған оқу орындарына қатысты, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19-маусымдағы «Мемлекеттік кəсіпорындар туралы» Заңының 6- бабының 2-тармағына сəйкес мемлекеттік кəсіпорын жарғысының еңбек тəртібі туралы жəне кəсіпорынның əкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қатынас туралы нұсқауы болуы тиіс. Жарғыда заңнамаға қайшы келмейтін өзге де ережелер болуы мүмкін. ЕК 117-бабы 1-тармағына сəйкес еңбек нормаларын əзірлеу, жаңаларын енгізу, ауыстыру жəне қолданыстағысын қайта қарауды жұмыс беруші қызметкер өкілдерімен келісуі жөнінде еңбек бойынша типтік нормаларды жəне нормативтерді ескере отырып жүргізеді. Осы баптың 5-тармағына сəйкес «жұмыс берушінің жаңа еңбек нормаларын енгізуі туралы мəліметпен қызметкерлер бір айдан кем емес уақытта хабардар болады».

Оқу үдерістерін жетілдіруге бағытталған оқу үдерісінің жаңа технологиясының, ұйымдастырушылық- техникалық іс-шараларының енгізілуімен бұрынғы қолданылған еңбек нормасы ауыстырылды. ЕК-нің 18- бабына сəйкес жаңа еңбек нормасын əзірлеуге байланысты талаптар белгіленді, оларға жататындар: қажетті, негіздемеленген еңбек шығындарына қолайлы жақындау; техника жетістігінің негізінде олардың прогрессшілдігі; олардың ғылыми, техникалық негіздемесі. Жұмыс уақыты тəртібін қатаң  есепке алу қажеттілігі Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 29-қарашадағы «Білім беру туралы» Заңымен белгіленеді. Осы заңның 28-бабы 1-тармағына сəйкес – оқу жəне тəрбие үдерісі жұмыс оқу бағдарламасына жəне жұмыс оқу жоспарларына сəйкес жүзеге асырылады. Осы баптың 2-тармағы бойынша, оқу жəне тəрбие үдерісін ұйымдастырудың негізі – оқу жəне тəрбие жұмысын жоспарлау жəне есепке алу болып саналады. Осы баптың 4-тармағы бойынша, оқу үдерісі оқушылар мен педагогикалық қызметкерлерінің адамдық абыройын өзара құрметтеу негізінде жүргізіледі. Көрсетілген баптың 7-тармағының 2-бөліміне сəйкес – білім беруді ұйымдастыру оқушылар үлгерімін жəне оларды аралық аттестаттауды ағымдағы бақылаудың нысанын, тəртібін жəне мерзімділігін таңдауда дербес. Бұл дегеніміз, оқу орындары өздерінің құрылу нысанына қарамай-ақ, жалпы, оқу үдерісі мен ПОҚ еңбегін ұйымдастыру бойынша құқықтық реттеу мен актілерді қабылдау тəртібінде де дербес.

Осы заңның 52-бабының 7-тармағы 3-тармақшасының 3-бөліміне сəйкес, жоғары оқу орындарындағы ПОҚ- тың бір жылдық оқу жүктемесі ғылыми кеңестің шешімі негізінде жұмыс уақытының жылдық нормасы шегінде жəне басшысымен белгіленеді.

ПОҚ студенттер үшін оқу материалдарын дайындаумен, ОƏҚ құрастырумен, оқулықтар, оқу-əдістемелік құралдар жазумен, слайдтар, оқу пəндері бойынша схемалар құрастырумен, үлестіру материалдарын дайындаумен жəне таратумен байланысты қыруар ғылыми-педагогикалық жұмысты атқарады. Көрсетілген жұмыстар шығындар нормасында толық көлемде ылғи бейнеленбейді, бұл заңнама бойынша дұрыс емес. ПОҚ- қа сондай-ақ, оқушыларға тəрбие жұмыстарын жүргізу бойынша үлкен міндет жүктеледі. Білім беру жүйесінің міндеттерінің бірі – ұлттық жəне жалпыадамдық құндылықтар, ғылым мен практиканың жетістігі, азаматтық пен патриотизмге тəрбиелеу негізінде тұлғаның жасақталуы, дамуы жəне кəсіби қалыптасуы (осы заңның 11-б.) болып саналады.Осы заңның 28-бабына сəйкес оқу жəне тəрбие үдерісі жұмысшы оқ бағдарламалары мен жұмысшы оқу жоспарларына сəйкес жүргізіледі. Осы баптың 3-тармағына сəйкес тəрбиелеу бағдарламалары оқу үдерісінің құрамдас бөлігі болып саналады.Оқу-əдістемелік жұмыс заңнамалық  нормалардың,  білім берудің жалпыға міндетті стандарттарының, жұмыс берушінің актілерінің, ұжымдық келісімшарттардың жəне өзге келісімдерінің талаптарын ұстана отырып, жүзеге асырылады. Оқу үдерісін ұйымдастырумен байланысты қызметтің барлық түрлері Қазақстан Республикасының заңнамалық нормаларына негізделген. Бұл мəселеде, жұмыс берушінің актілеріне көп мəн беріледі. Жұмыс берушінің актілерінің құқықтық іске асырушы жəне құқықтық қолдану мəндері бар. Жұмыс беруші актілерінің ұғымы, тəртібі жəне əзірлеу шарттары мен қабылдау тəртібін ЕК-нің 10,11,12,117,266,270-бб., 1-бабы 1-тармағының 45-тармақшасына сəйкес белгіленеді. Жұмыс берушінің барлық актілері екі санатқа бөлінеді: 1) жұмыс берушінің жеке өзі қабылдайтын; 2) өкілетті органның қызметкерімен келісуі бойынша қабылдайтын актілер. Бұл актілерге сонда-ақ, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24-наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 2-бабы 4- тармағының 2-тармақшасына сəйкес мемлекеттік ұйымдардың нормативтік актілері жатады. Бұл аспектіде, жоғарыда көрсетілген заңнамалық нормалардан туындай отырып, айта кету керек, оқау орны əкімшілігінің маңызды міндеті - əкімшілік жəне еңбек-құқықтық процедураларын жасап шығару жəне басқарушылық шешімдерді қабылдау, тиісінше, білім беру қызметі субъектілерінің өтініштерін қарау болып саналады.

Білім беру министрлігінің 2007 жылғы 29-қарашадағы №583 бұйрығымен бекітілген Оқу, əдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру жəне жүзеге асыру Ережелеріне сəйкес, жоғары білім мен білім беру стандарттарының (9-т,1-тт.) нормативтік құқықтық құжаттарын, мамандықтардың классификаторын жетілдіру қажеттілігі туралы міндеттер белгіленді. Осы Ережелер жоғары оқу орындары құрылымдық бөлімшелерінің оқу-əдістемелік құжаттамаларды (ОƏҚ) қабылдау үдерісіне қатысудағы орны мен ролін белгіледі. Осы Ережелердің 13-тармағы 2-тармақшасы бойынша оқу-əдістемелік жұмыс оқу үдерісін іске асыратын жəне үйлестіретін барлық құрылымдық бөлімшелерде жүзеге асырылады. Оқу-əдістемелік жұмыс бойынша нормативтік құқықтық құжаттар сараптамадан өткізілуі тиіс. Осы Ережелердің 15-тармағы бойынша ұжымдық əдістемелік жұмыстың нысандары – пəндік жəне циклдық комиссиялар, кафедралар, əдістемелік-нұсқаулық кеңестер, семинарлар, лекториилар мен конференциялар болып саналады. Ережелердің 18-тармағына сəйкес əзірленген оқу-əдістемелік құжаттама құрылымдық бөлімшелердің əдістемелік комиссияларынан, кафедраларынан, əдістемелік кеңестерінен талқылаудан өтеді, одан оң қорытынды алған соң басшымен жəне, немесе оқу, оқу-əдістемелік жұмыстар бойынша басшының орынбасарымен бекітіледі.

Барлық жоғарыда көрсетілгендер ПОҚ-тың еңбек нормаларын белгілеу саласында құқықтық тəртіпті ұстану жəне жұмыс берушінің актілеріне кіретін тиісті оқу-əдістемелік құжаттаманы қабылдау қажеттігін көрсетеді. Бұл мəселеде, заң шығарушы ресми құжаттардың, олардың құқықтық, қаржылық жəне техникалық əлеуеті көзқарасынан негіздемеленуі тиіс деп белгілейді.

Айта кету керек, 11 жыл бойы, Европалық аймақта жоғары білімге жататын біліктілікті тану туралы Конвенция бекітілген уақыттан бастап, Қазақстан Республикасындағы жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы (ПОҚ) өз қызметін оқу-əдістемелік материалды дайындауға кететін жұмысы уақытының шығын нормаларын есепке алмай-ақ үздіксіз эксперимент жағдайында жүзеге асырып жатыр.Енді осы мəселелерді реттейтін уақыт келді.

 

Әдебиеттер

  1. Г. Абдыкалыкова Халықты жұмыспен қамту Стратегиясының жүзеге асырудың іс- шаралары // Заң газеті 19 наурыз 2009 ж.
  2. С.А. Дмитрова Проблемы труда и занятости населения - Алматы, 1997., С. 144.
  3. Д.У. Рыскалиев. Еңбек қатынастарын реттеуде жұмыс берушелердің актілерінің маңызы//ҚазҰУ Жаршысы, №4, 2007 жыл.
  4. С.В.Передерин Об особенностях отдельных процедур в трудовом праве // Правовая реформа в области социального обеспечения Республики Казахстан: перспективы развития: Материалы международного круглого стола.- Алматы: Қазақ университеті, 2004.- 316 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.