Қазіргі кезде қалыптасқан тәжірибе ауыл шаруашылығы саласы және азық-түлік нарығын реттеуде мемлекеттің рөлін арттыруды талап етеді. Бұл салаларда мемлекеттік реттеу мен қолдаудың қажеттілігі мынадай жағдайлармен байланысты: табиғат-климаттық әсер ету; экономиканың өзге салаларына қарағанда ауылшаруашылық тауар өндірушілердің монополизациясының төменгі деңгейі; ауылшаруашылық өніміне бағаның тұрақсыздығы және т.б. Мемлекет келесі міндеттерді шешуді қамтамасыз етеді: халықты қол жетімді бағадағы азық-түлікпен қамтамасыз ету; отандық ауылшаруашылық өнімдері өндірісін қолдау; ауылшаруашылық өнімдерінің импорты мен экспортын реттеу; ішкі аграрлық азық-түлік нарығынамемлекеттік протекционизмді енгізу; нарықтың инфрақұрылымын және ақпараттық қамтамасыз етуді дамыту. Кәсіпкерліктің бір нысаны ретінде ауылшаруашылық кооперациясының республика халқы үшін экономикалық маңызы зор, ал нарық заманына сай республиканың аграрлық секторын реформалау жағдайында кооперация әлеуметтік қолдау және қорғауды қамтамасыз ететін ауылшаруашылық тауар өндірушілердің өндірістік және өзге де қызметінің бірлескен нысанын көрсетеді. Кооперациялау материалдық және қаржылық ресурстарды ұтымды пайдалану, нарықта белгілі артықшылықтарды иелену, тауар өндірушілердің мүдделерін жүзеге асыруда маңызды рөл алады. Нарықтық қатынастар жағдайында ауылшаруашылық кооперативтік қозғалысты дамыту ауылшаруашылық тауар өндірушілер арасында жаңа қатынастарды қалыптастыруды, экономикалық мәселелерді шешу үшін олардың бірігуін қамтамасыз етеді. Бірақ ауылшаруашылық қозғалыстың дамуына мүмкіндіктер беру заңнама бойынша шектелген. Салық салу мен кедендік баждар мәселелері бойынша қиындықтар туындайды. Сонымен қатар, қаржы-несиелік қамтамасыз ету де туындайтын қиындықтар да ауылшаруашылық кооперативтік қозғалыстың дамуын шектейді. Ақпараттық, түсіндірме, кеңес беру жұмыстары төменгі деңгейде еді. Нарықтық қатынастардың даму талабына сәйкес ауылшаруашылық кооперативтік қозғалысты дамыту, тиімді құқықтық ортаны қалыптастыру және ауылшаруашылық тауар өндірушілердің экономикалық деңгейінің өсуіне қажет жағдайлар қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасында ауылшаруашылық кооперациясын дамытудың бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру керек, яғни ауылшаруашылық кооперативтік қозғалысты дамыту және қолдау мемлекеттік бағдарламасын қабылдау тиіс. Бұл мемлекеттік бағдарламаның негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасында ауылшаруашылық кооперативтік қозғалысты дамыту. Аталған мақсатқа жету үшін мемлекеттік бағдарлама алдына мынадай мақсаттар қояды:
- ауылшаруашылық кооперативтік қозғалысты дамытуға байланысты нормативтік құқықтық базаны қалыптастыру және қаматамасыз ету, яғни «Ауылшаруашылық кооперациясы туралы» Қазақстан Республикасының заңын және т.б. заң актілерін қабылдау;
- ауылшаруашылық кооперациясының қазігі заманға сай жүйесін қалыптастыру және ауылшаруашылық тауар өндірушілердің қызметін жүзеге асыруға тиімді жағдай қалыптастыру;
- республиканың ауыл шаруашылығының барлық салаларына кооперативтік басқару элементтерін ендіру;
- ауылшаруашылық тауар өндірушілердің арасында ақпараттық, кеңес беру жұмыстарын жүргізу.
Шетел тәжірибесін үлгіге алатын болсақ, ауылшаруашылық кооперативтік қозғалысты қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді екі кезеңде дамыту қажет [1].
- қысқа мерзімді кезеңде ауылшаруашылық кооперативтерге салық салу жүйесін жетілдіру шараларын қолдану арқылы кешенді мәселелерді шешу қажет.
Қысқа мерзімді кезеңде ауылшаруашылық кооперативтерді дамытудың негізгі шараларының бірі ауылшаруашылық кооперативтік қозғалысты дамытуға арналған ақпараттық, түсіндірме және кеңестік жұмыстарды жүргізу. Бұл шара ақпараттық қағаздар мен ауылшаруашылық кооперативтерінің қызметін реттеуші нормативтік құқықтық актілердің жинақтарын тарату; ауылшаруашылық кооперативтерінің шаруашылық қызметінің артықшылық тарына арналған оқыту семинарларын жүргізу; ауылшаруашылық кооперативтерінің қызметі, олардың жетістіктері және шетел тәжірибесіне арналған бұқаралық ақпарат құралдарынан бағларламаларды көрсету; ауылшаруашылық кооперативтеріне арналған көрмелерді ұйымдастыру арқылы жүзеге асады.
Жоғарыда көрсетілген шараларды жүзеге асыру арқылы мыналарға қол жеткізуге болады: а) республикада ауылшаруашылық кооперативтік қозғалысты дамытуға арналған заң шығару базасын қамтамасыз ету; б) ауылшаруашылық кооперативтердің дамуына үлес қосатын ақпараттық, түсіндірме және кеңестік қызмет көрсету жүйесін қалыптастыру.
- ұзақ мерзімді кезеңде ауылшаруашылық өнімдерді өндіру, қайта өңдеу, сақтау, ұқсату, сату, тасымалдау және ауылшаруашылық тауар өндірушілер мен ауыл халқына қызмет көрсету ауылшаруашылық кооперативтерін құру арқылы ауыл шаруашылығының барлық салаларында кооперацияның инфрақұрылымын ұйымдастыру қажет.
Ауылшаруашылық кооперативтері маңызды рөл атқаратын өндірістік сектордың экономикасының қалыпты дамуын қамтамасыз ету үшін әртүрлі аудандарда ауылдық тауар өндірушілерге әртүрлі қызмет көрсететін ауылшаруашылық кооперативтерді құру керек. Ауылдық қызмет көрсету кооперативтерін құру кооперацияның белгілі бағыттарда дамуына жағдай жасайды.
Демек, елдегі ауылшаруашылық кооперацияның дамуының бірден бір ажырамас бөлігі болып кооперация жүйесі дамыған елдердің тәжірибесін зерттеп енгізу, ауылшаруашылық тауар өндірушілердің арасында халықаралық ынтымақтастықты дамыту болуы қажет. Жоғарыда аталған шараларды жүзеге асыру республикада ауылшаруашылық кооперативтік қозғалыстың дамуына жағдай жасап экономикалық мәселелерді шешу үшін ауылшаруашылық субъектілері арасында жаңа қатынастарды қалыптастырады. Ауылшаруашылық кооперацияны дамыту және қолдауға байланысты мүмкіндіктерді пайдаланудың басым қағидасы болып ауылшаруашылық кооперативтерді дамыту үшін техникалық көмек көрсететін жергілікті әкімшіліктер мен ұйымдар, мемлекеттік құрылымдардың қызметтерін үйлестіруді жақсарту табылады.
Ауыл шаруашылығында кооперативтік қозғалысты дамытудың мынадай бағыттарын атай аламыз:
- мүліктік кешен, техниканы бірлесіп пайдалану және жерді бірігп өңдеу, мал шаруашылығын жүргізу;
- өнімді өңдеу, сақтау және өткізу;
- материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
- инженерлік-технологиялық қызмет көрсету;
- несиелеу және сақтандыру.
Шаруа (фермер) қожалықтары және бір-біріне жақын орналасқан ұсақ ауылшаруашылық тауар өндірушілердің ерікті бірлесуі негізінде техниканы бірігіп пайдалану және жерді өңдеуге байланысты ауылшаруашылық кооперативтерді құрудың тиімділігі белгілі. Кооперацияның негізінде басқа ұжымдық шаруашылықтардың ауылшаруашылық өнімді өндіру, сақтау, қызмет көрсету және өзге де бағыттардағы ауылшаруашылық кооперативтермен өзара байланыстары күшейеді. Ауылшаруашылық өнімді өңдеу және техникалық қызмет көрсету ұйымдары ауылшаруашылық тұтыну кооперативтері болып қайта ұйымдастырылу процесі жалғасады, сонымен қатар салалық және аумақтық қағидаларға байланысты ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуші ұйымдарды кооперациялау процесі де жүреді. Ауылшаруашылық тауар өндірушілер мен сол аумақтағы халыққа қызмет көрсететін ауылдық несие одақтарын құру қажет. Олар ауылдық жерлердегі кіші және орта бизнестің алғашқы капиталының қайнар көзі болып табылады.
Ауылшаруашылық кооперативтерді қаржылық-несиелік және инвестициялық қамтамасыз ету олардың материалдық-техникалық базасын жетілдіру, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымын қалыптастыру, өндірістің тиімділігін арттыруға бағытталған. Ауылшаруашылық кооперативтерге қатысты мемлекеттік қолдаудың барлық шаралары қолданылады және олар мына мақсаттарға бағытталады:
- топырақтың өнімділігін арттыру;
- ауылшаруашылық техникасын ұзақ мерзімді жалдау шарты немесе лизинг негізінде беру;
- ауылшаруашылық кооперативтерге алғашқы көмек көрсету, яғни салықтық жеңілдіктер беру;
- несие ұйымдары мен ауылшаруашылық кооперативтерінің байланысын жетілдіру;
- ауылшаруашылық кооперативтеріне жеңілдетілген несие беру;
- ауылшаруашылық секторына қажетті мамандарды дайындауды, кооператив қызметшілерінің кәсіптік біліктіліктерін көтеруді қаржыландыру.
Ауылшаруашылық кооперативтері және өзге ауылшаруашылық тауар өндірушілердің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін ақпараттық және кеңес беру қызметімен айналысатын орталықтар ашу қажет. Бұндай одақтар агроөнеркәсіптік кешен саласында нормативтік құқықтық актілермен танысу және тарату, ғылым мен техника саласындағы жаңалықтарды игеру, экономика, әлеуметтік және заң саласында қызмет көрсету мен қорғауды жүзеге асырады. Олар кооперативтерге арналған оқу-әдістемелік құралдарды шығару, ақпаратық қағаздар, анықтамалық-нормативтік әдебиеттерді шығарумен де айналысады. Ауылшаруашылық кооперативтік қозғалысты дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру кооперативтерді дамыту, олардың экономикалық тиімділігін арттыруды қамтамасыз етеді. Кооперативтердің ұйымдық құқықтық және әлеуметтік жағдайы, олардың материалдық-техникалық базасы күшейеді, еңбек өнімділігі артады, ауыл тұрғындарының кәсіби деңгейі мен жағдайлары да өседі, сонымен қатар ауыл халқын еңбекпен қамту аясы да кеңейеді, өзге ауылшаруашылық тауар өндірушілермен өзара байланыстары дамиды.
Жерді өңдеу саласында өздеріне берілген жер учаскелерін толығымен пайдалану негізінде ауылшаруашылық өнімінің мөлшері артады. Ауыл шаруашылығы саласында кооперативтік сектор агроөнеркәсіптік өндіріс жүйесінде тұрақты орнын алады және азық-түлік нарығында бәсекеге қабілетті болады.
Әдебиеттер
- Правительство Кыргызской Республики. Государственная программа развития сельскохозяйственного кооперативного движения в Кыргызской Республике: Постановление от 24 декабря 2002 года // Справочно-правовая система Юрист.