Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Агроөнеркәсіптік кешенін дамытуды құқықтық реттеу

Бүгінгі таңда агроөнеркәсіптік сектор экономиканы тұрақтандыру мен сауықтыру бағыттарының бірі ретінде белгілеуге мүмкіндік беретін негізгі факторлары мыналар:

  1. Агроөнеркәсіптік кешен жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санының 30%-ын шоғырландырады. Сондықтан ол халықты жұмыспен қамту деңгейін қолдауға бағытталған шаралардың орталық буыны болып табылады.
  2. Ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныс жағымсыз экономикалық үрдістің әсеріне ұшырау деңгейі барынша аз.
  3. Агроөнеркәсіптік кешен елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндетті шешеді.
  4. Қазақстан экспорт нарығында өнімнің бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін жеткілікті түрде салыстырмалы артықшылықтарға ие болып отыр.

2009 жылғы жедел деректер бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің  (қызметінің) нақты көлем индексі (НКИ) 113,8 % құрады. Өсім 2008 жылмен салыстырғанда өсімдік шаруашылығы өнімі өндірісінің 23,1 %-ға, ал мал шаруашылығының 2,3 %-ға ұлғаюына негізделген.

2008 жылмен салыстырғанда қалыптасқан нақты көлем индексіне ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (қызметінің) үштен бір бөлігін құрайтын жалпы жиналған астықтың көбеюі едәуір дәрежеде ықпал тигізген.

  Сүрет 1. Серпіндегі ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (қызметінің) НКИ* Ақпараткөзi:ҚазақстанРеспубликасыныңСтатистикажөнiндегiагенттiгi[2]   

2009 жылғы ауа-райының қолайлы жағдайлары майлы дақылдардың (2008 жылмен салыстырғанда 70,0%-ға ұлғайған), картоп (тиісінше 17,0%-ға), көкөністер мен бақшалық дақылдардың (5,1%-ға), түсімін жинау көлемдеріне де оң әсерін тигізді, бұл сондай-ақ сала өнімінің нақты көлем индексінің қалыптасуына оң ықпал тигізген.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімі (қызметі) көлемінің ұлғаюы республиканың көпшілік өңірлерінде, ең көбі – Павлодар, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында белгіленді.

1 кесте - Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (қызметінің) НКИ (2008 жылға пайызбен)*

 1 кесте - Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (қызметінің) НКИ (2008 жылға пайызбен)

 Ауыл шаруашылығы өнімінің (қызметінің) жоғары нақты көлем индексі Павлодар облысында 2008 жылмен салыстырғанда өңірдің жалпы өнім көлеміндегі үлесі 25,8% құрайтын дәнді дақылдарды жалпы жинаудың 4,5 есе ұлғаюы есебінен қалыптасқан. Сондай-ақ, НКИ-не етті 1,2%-ға (облыстың жалпы өнім көлеміндегі түрдің үлес салмағы - 24,1%), сиыр сүтін – 1,6%-ға (тиісінше, 18,6%), картопты – 26,7%-ға (11,3%), майлы дақылдарды 20,9 есе (4,5%), тауық жұмыртқасын өндіру -15,6%-ға (2,1%) ұлғаюы ықпалын тигізді.

Ақмола облысында өткен жылмен салыстырғанда дәнді дақылдар 98,6%-ға (өңірдің жалпы өнім көлеміндегі түрдің үлес салмағы – 58,2%), картоп – 69,2%-ға (тиісінше, 3,3%) көп жиналды, тауық жұмыртқасын өндіру 52,2%-ға (1,3%) өсті.

2008 жылмен салыстырғанда дәнді дақылдарды жалпы жинау 4,5 есе ұлғаюы Шығыс Қазақстан облысы бойынша НКИ негізгі ықпалын тигізді, өйткені осы өнім түрінің өңірдің өндірілген ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлеміндегі үлес салмағы 14,9%-ды құрады. Майлы дақылдарды жалпы жинау 5,1 есе (ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлеміндегі үлесі - 5,6%), картоп – 40,0%- ға (тиісінше, 8,4%), көкөністер - 28,4%-ға (5,5%) ұлғайды. Ет 1,1% (үлес салмағы – 34,3%), сиыр сүті - 2,7%-ға (20%) көп өндірілді.

Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемінің ұлғаюы дәнді дақылдарды жалпы жинаудың 3,6 есе (өңірдің жалпы өнім көлеміндегі түрдің үлес салмағы – 16,3%), ет - 1,2%-ға (тиісінше, 26,5%) және тауық жұмыртқасын өндірудің - 10,4%-ға (1,4%) өсуіне негізделген.

Қызылорда облысында НКИ-не көкөніс - 29,9%, күріш – 23,3% және картоп - 22,4% түсімін жинаудың ұлғаюы едәуір ықпалын тигізді, ауыл шаруашылығы өнімін өндірудің облыстық көлеміндегі үлестері, тиісінше, 24,3%, 19,0%, және 11,9%-ды құрады.

Солтүстік Қазақстан облысында НКИ-не негізгі құраушысы өңірдің жалпы өнім құрылымындағы үлес салмағы 57,6% құраған - астықты жалпы жинаудың 2,1 есе ұлғаюы оң ықпалын тигізді. Картопты - 11,7%-ға (жалпы өнім құрылымындағы үлесі - 8,4%), етті – 2%-ға (тиісінше,  10,3%), тауық жұмыртқасын өндіру - 17,3%-ға (1,4%) өсті.

Мал шаруашылығы өнімінен НКИ қалыптасқан деңгейіне ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (қызметінің) төрттен бір бөлігін құрайтын ет өндіру көлемінің өсімі едәуір дәрежеде ықпал тигізді. Сондай-ақ 2008 жылдың деңгейімен салыстырғанда оң факторлардың ішінде сиыр сүтін және тауық жұмыртқасын өндірудің ұлғаюын атап өтуге болады.

 Сүрет 2. Мал шаруашылығының негізгі өнім түрлерін өндіру * Ақпарат көзi: Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегi агенттiгi[2]

 Алайда, мұнда бірқатар ұстап тұратын факторлар бар:

  • барлық ауыл шаруашылығы мал санының 80 пайызға жуығы жеке үйлерде болуы; асыл тұқымды мал басының үлес салмағы төмен болып қалуда және 5-8% ғана құрауы;
  • жануарларды асырау және қоректендірудің қара дүрсін технологиялары, енімді өндіру және қайта өңдеу технологияларының ескіргендігі, мал шаруашылығы процестерін механикаландыру және автоматтандыру деңгейінің төмендігі;
  • орта және ірі тауарлы өндірістің мамандандырылған шаруашылықтары дамуының жеткіліксіздігі; жемшөп базасының әлсіздігі, толық мелшердегі құрама жемнің жетіспеушілігі және оның салдары ретінде мал мен құстардың өнімділігінің төмендігі;
  • ауыл шаруашылығы малдарын ұстаудың зоогигиеналық және ветеринариялық- санитариялық талаптарға сәйкессіздігі;
  • малдарды сәйкестендіру, мал қорымы және сою пунктерін салу бойынша жергілікті атқару органдары жұмысының әлсіздігі.

Ветеринария саласында республикадағы эпизоотикалық саулық және мал шаруашылығы азық- түліктерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нысаналы жұмыс жүргізілді.

Сонымен қатар, елдің толық ветеринариялық саулығын қамтамасыз етуді мынадай күрделі мәселелер ұстап тұр: малдар мен құстардың аса қауіпті ауруларына қарсы эпизоотикаға қарсы шаралардың толық көлемде жүргізілмеуі, ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдейтін кәсіпорындарда ветеринариялық бақылау жүргізетін бөлімшелер санының жетіспеушілігі; зоогигиеналық және ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтамай ауыл шаруашылығы малдарын ұстау; ветеринариялық зертханалардың материалдық-техникалық жарақтандырылу деңгейінің төмендігі; жергілікті атқарушы органдарының мал қорымы және сою пунктерін салуда ұйымдастыру жұмысының әлсіздігі, жануарларды сәйкестендіру жүйесінің реттелмеуі, ветеринар мамандар - лицензия алушылардың біліктілігі деңгейінің төмендігі.

Бидай өндірісі халықтың жан басына шаққанда 1058 килограмға жетті, бұл Қазақстанға осы көрсеткіш бойынша Австралияны артқа тастап әлемде 1 орынға шығуына мүмкіндік берді. Әлемде Қазақстан бидай экспорты бойынша 7-орынды алады.

Астық өндірісінің артуы республикадағы астық танабының үштен бірін (5,2 млн.га) құраған алқапқа ылғал қорын сақтау технологияларын кеңінен пайдалану, егілетін сұрыпталған тұқымдардың үлесін, 1-2 сыныпты тұқым үлесін - 78,9 %-ға дейін, ал жоғарғы деңгейде қалыптастырылған тұқымдар үлесін - 84 %-ға дейін арттыру және отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдау көлемінің өсуі арқасында қол жеткізілді.

Міне, осының бәрі агроөнеркәсіптік кешен туралы заңнаманың дұрыс қолданылуынан туындап отыр. Алайда әлі алда шешілмеген көптеген мәселелер бар.

Cонымен қатар, ауыспалы егістерді игеруге байланысты Шығыс Қазақстан, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында негізінен көрсетілген дақылдарды егуді азайтудан күнбағыс және зәйтүн егістік алаңдары қысқартылды. Қант зауыттары белгілеген сатылу бағасының төмендігінен, сондай-ақ өсірілген өнімнің жоғары өзіндік құнының жоғарылығынан қант қызылшасының егістік алқаптары қысқартылды, бұл ауыл шаруашылығы құрылымдарын көрсетілген дақылды өсірумен айналысуға ынталандырмайды.

Бұдан басқа, өсімдік шаруашылығында бірқатар шешімін таппаған күрделі мәселелер бар:

  • ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің экстенсивті технологиялары; қазақстандық селекцияның жоғары сапалы сорттары мен гибридтерінің жоғалуына әкелетін, отандық селекция мен тұқым шаруашылығының жеткіліксіз дамуы;
  • қайта өңдеу кәсіпорындарының әлеуеттілігін толық қамту үшін майлы тұқымдардың импорты; сорт сынаудың өндірістік процестерінің техникалық жарақтануының төмендігі;
  • суармалы жерлерді пайдалану тиімділігінің төмендігі;
  • химияландыру деңгейінің төмендігі;
  • ауыл шаруашылығы дақылдары түсімділігінің төмендеуіне себепші болатын ғылыми негізделген агротехнологиялардың сақталмауы, агротехнологиялық жұмыстардың оңтайлы мерзімдері ұсталмауы; көкөніс, жеміс және картопқа арналған техникалық жарақталған қоймалардың жоқтығы, оларды дайындау мен қайта өңдеудің ретке келтірілмеуі;
  • жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерінің қартайғандығы және алқаптарының қысқаруы.

Көрсетілген мәселелерді шешу үшін мемлекеттік қолдаудың нысандары мен бағыттарын жетілдіру арқылы өсімдік шаруашылығын әртараптандыруды әрі қарай ынталандыру қажет.

Агроөнеркәсіптік кешен дамуы арқасында біз бір мезгілде еліміз үшін аса маңызды екі міндетті – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және экспортты әртараптандыруды шешеміз[3].

Сондықтан да біз тауарлы-сүт фермаларын, құс фабрикаларын, мал бордақылау алаңдарын ұйымдастыру мен дамыту, тамшылап суаруды қолдану арқылы жеміс-көкөніс дақылдары өндірісін ұйымдастыру, ауылшаруашылық техникаларын жинау жөніндегі өндірістерді құру, ет өңдеу өндірісін дамыту, биязы жүнді қайта өңдеу, қазақстандық астық экспортының инфрақұрылымы  және  оны терең қайта өңдеу секілді экспортқа бағдарланған өндірістерді дамыту жөніндегі инвестициялық жобаларды қаржыландыруды жалғастыру керек.

Көрсетілген себептерге қарай агроөнеркәсіп секторындағы өндірісті қолдау мен көлемін кеңейту экономикалық белсенділіктің және халықтың жұмыспен қамтылуының артуына, ал орта мерзімді перспективада – экспортты әртараптандыру мен экономикалық дамудың орнықтылығын қамтамасыз етуге елеулі түрде оң ықпалын тигізеді.

 

Әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 1215 Қаулысы //Егемен Қазақстан, 2009 жыл, 30 қаңтар, N 34-37 (25434)
  2. Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегi агенттiгi // www.stat.kz
  3. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауы «дағдарыстан жаңару мен дамуға»// Егемен Қазақстан, 2009 жыл, 6 наурыз

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.