Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жоғары оқу орындары ішкі қатынастарын құқықтық реттеу

Жоғары оқу орындары (бұдан әрі - ЖОО) қызметінің тұрақты құқықтық негізін қалауды бүгін білім алушылар мен білім беру саласының (шын мәнінде ЖОО-ның) өзге де субъектілері, оның басқару органдары (бұдан әрі - әкімшілік), профессорлық-оқытушылық құрамы (бұдан әрі - оқытушылар) арасындағы өзара қатынасын қалыпқа келтіретін белгілі бір нормативтік, оның ішінде заңнамалық ережелерсіз елестету мүмкін емес. Десе дағы, білім саласындағы бүгінгі қолданылып жүрген заңнама, білім беру қызметін көрсету тәртібін қоса алғанда [1], ондай жөн-жосықтың принциптерін, нысандарын, екі жақты құқықтарын, студенттердің, оқытушылардың, әкімшіліктің міндеттерін айқындауды ЖОО-ның жарғысына және локальдық актілерге жүктей отырып, оларды толық реттемеген. Ерекше қызығушылықты – теориялық-құқықтық, сараптамалық, практикалық – аталған қарым-қатынастарды құқықтық реттеудің мемлекеттік емес ЖОО-на қатысты туындайтын мәселелерін шешу туғызады. Бұл бірнеше объективтік жағдайларға: мемлекеттік емес білім беру мекемелеріндегі басқару функциясын құрылтайшының немесе оның тағайындайтын органының, оның ішінде қамқоршылар кеңесінің құзырына заңнамалық түрде беру; білім беру ұйымы (мекемесі) мен білім алушы арасындағы қатынастың көбінесе келісім-шарттық сипатта болуы; мемлекеттік емес ЖОО-на білім беру қызметінің неғұрлым кең көлемді құқықтары мен бостандықтарының заңнамалық түрде берілуіне байланысты.

ЖОО-ы ішкі қарым-қатынастарын реттеудің белгілі бір мөлшерде диспозитивтік сипаты, ЖОО- ның автономиялылығы, бәрінен бұрын, оқыту, ғылыми ізденістер және творчество саласына байланысты, сонымен бірге студенттер, оқытушылар (ғылыми қызметкерлер), ЖОО әкімшілігі өзара жөн-жосықтарының түрлі құқықтық моделдері болуы мүмкіндігін білдіреді. Екінші жағынан, білім беру қатынастарын басқарудың әкімшілік-құқықтық бағыты, тұтастай алғанда бұл қатынастарға императивтік (рұқсат беру, міндеттеу элементтерімен) ықпал етуді білдіреді. Сонымен, дәл оның табиғатына тән, өз дамуының қазіргі этапында жариялы-құқықтық және жеке-құқықтық (диспозитивтік) реттеудің элементтері, ережелерін байланыстыратын ЖОО-ы білім беру қатынастары субъектілері жөн-жосығы ережелерін белгілеудің белгілі бір қарама-қайшылықтары пайда болады. Сонымен бірге, ЖОО-на ішкі құқықтар мен бостандықтар беру және оларды заңды бекіту ЖОО-ның ішкі демократиясын едәуір кеңейтеді, университеттер, институттар, колледждар ежелден тарихи ерекшеленетін ЖОО-ның өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі басқару принциптерін бекіте түсетінін, олардың іс жүзінде бар болуының нақты механизмін тудыратынын мойындауымыз керек. Қазақстан Республикасының Конституциясында заңды көрініс тапқан дәл осы қоғамдық қатынастардың бостандықтары, демократиялануы атмосферасы өз белсенділігін арттырудың барлық элементтерінің жиынтығы арқылы құрылып, өмір сүреді және  қайта жаңғырады.

Білім беру саласындағы заңнама студенттердің, оқытушылардың, ЖОО-ы әкімшілігінің өзара жөн-жосық тәртібін айқындауда селқостық танытқан. Білім беру ұйымының ішкі тәртіп, білім беру процесін жүзеге асыру, үлгерімді ағымдағы бақылау және аралық аттестаттау ережелерін әзірлеп және қабылдауды білім беру мекемесінің өз құзырына берген. Мұндай қатынастардың заңдық- техникалық аспектідегі негіздерін Қазақстан Республикасының «Білім туралы»Заңы ЖОО-ның студенттері және өзге де білім алушылар санаттары (тыңдаушылар, докторанттар, аспиранттар, ізденушілер), сол сияқты оқытушылар мен өзге де ЖОО қызметкерлеріне жүктелген ереже, міндеттер, жауапкершіліктер нысанында   бекітіп  берген.  Бұл  нормалар,  ішінара  ЖОО  білім беру қатынастары субъектілері арасындағы қатынастардың «статикасын», яғни өзгеше айтқанда олардың заңды мәртебесін, заңды жағдайын ғана көрсетеді. Бірақ, тәртіп мазмұнында, аталған субъектілердің жөн-жосығын шектеу арқылы ашып көрсетуге болатын, жөн-жосықтар  динамикасы,  заңнамада толық көрініс таппаған. Бір жағынан, мұндай құқықтық ақтаңлақты дұрыс деп те санауға болар, өйткені жалпылама міндетті заңмен регламентациялау ЖОО қызметіне қатысты конституциялық принциптерге, оның ішінде сабақ беру бостандығы, автономияға қайшы келер еді. Өзгеше айтсақ, білім беру ұйымына көптеген белгіленген қатынастар рәсімдерін (олардың мазмұны, нысандары, тәртібі, шегі және шектеулері) өз бетінше белгілеу құқығы берілген, өйткені дәл осылар педагогтік, жалпы білім беру процесінің мәндік сипатын құрайды [2]. Білім беруде қатынас (кез - келген өзге қатынастан айырмасы) нәтижесінде олардың жөн-жосықтары, іс-әрекеттері және қатынастары өзара өзгеріске түсетін, оқытушы мен оқушының түйісуінен (ұзақ немесе қысқа мерзімді) тұрады [3].

Бірақ мұндай ережелер мен нормаларды белгілеудегі екіұштылық, білім алушыға,  яки оқытушыға, яки ЖОО әкімшілігіне не істеу және не істемеу керектігі туралы ұсыныс, олардың жөн- жосығы тәртібінде, бәрінен бұрын сол білім беру саласы қатысушыларының құқықтары мен бостандықтарын қорғау механизмінде өзіндік саңлау мен дүдәмәл туғызады, оларды бұзушылықтың алдын алатын, білім берудегі жеке тұлғаның құқықтарын бастапқы қалпына келтіретін, сол сияқты процестің, тәртіптің өзін, оның ішінде сот арқылы қорғау құралдарын пайдалануды  қиындатады.

Сондықтан, білім беру саласы қатысушыларының әлеуметтік, педагогтік қатынастарын реттейтін құқықтық нормалардың, жалпыға бірдей міндетті нормаларға қатынасы критерийлерін анықтау және оларды заңнамалық актілерде бекіту, сол сияқты ережелердің ЖОО-на бостандықтар мен білім беру автономиясы берілуі себепті, білім беру ұйымының өзі рәсімдей алатындарын анықтау мәселесі туындайды. Бұл жағдайда, бірақ, заңды рәсімдеуге өзара әлеуметтік жөн-жосықтар принциптері жатады. Сөзіміз құрғақ болмау үшін, ЖОО тәжірибесінен мысалдар келтірейік.

  1. Сабақтарға, оның ішінде практикалық және семинарлық сабақтарға қатысу міндеттілігі. Бұл жерде, біріншіден, студенттерді оқытудың белгілі бір бостандығы және табыс табудың (оның ішінде оқуды төлеу үшін) экономикалық шарттылығы жағдайларында, лекцияларға міндетті түрде қатысу принциптерінің негізділігі (іштей оқитын студенттерге байланысты); екіншіден, міндетті қатысу тек кіші курстардың (бірінші, екінші) студенттеріне ғана ма, болмаса жоғары курстарға да ма; үшіншіден, көп білім алушылар саны қатысатын оқу ағымдарындағы қатысу  есебін  жүргізу мәселесін қалай шешу керек; төртіншіден, мұндай жағдайларда сабаққа қатыспаудың салдары, оның ішінде құқықтық сипаттағы салдары қандай болуы керек, олар қандай нысанда ескерілуі керек және т.б., сабақты жібергені үшін тәртіптік жаза қолдану немесе аралық аттестация процесінде қосымша тапсырмалар беру қажет пе.
  2. Студенттердің білімін бағалау критерийлерін белгілеу. Әдетте, ЖОО-да не аралық, не қорытынды аттестаттау кезінде бірыңғай талаптар және білім алушының білімін бағалау критерийлері қабылданбайды, нәтижесінде олар әрбір оқытушы-емтихан алушыға талаптарды төмендету жағы сияқты, жоғарылату жағына да әжептәуір ауытқу мүмкіндігін туғызады. Бірақ, ЖОО әкімшілігіне білім беру қызметтері рыногында белгілі бір орыны бар ЖОО-ның өз кезегінде еңбек рыногының қатал ықпалына ұшырауымен санасуына тура келеді. Сонымен, негізінен ақылы білім беру қызметін көрсететін ЖОО, ондайларға тек мемлекеттік емес білім беру ұйымдарын ғана  емес, сол сияқты бюджеттік білім беру мекемелерін де жатқызамыз, студенттер өздерімен бірге «алып келетін» ақша массасы түріндегі, экономикалық фактордың белгілі бір мөлшердегі қысымына ұшырайды. Талаптар деңгейін тым көтеріп жіберу, ықтимал студенттердің деншілік бөлігінің қайтып кетуіне ұрындыруы мүмкін, бірақ жеткілікті сапалы дайындау арқылы, жоғары репутацияның шарты да болуы мүмкін. Екінші жағынан, талаптардың тым төмен қойылуы, оқу орнына қабылдау кезінде білімді бағалаудағы «жұмсақтық» (немесе тіпті бағалаудың мүлдем жоқтығы, яғни төледің де түстің) білім беру процесінде негізінен жақсы табыс деңгейінің шарты болып табылады, бірақ аса жоғары емес репутацияны «қамтамасыз етеді». Соңғы жағдай, көптеген мемлекеттік емес ЖОО–ның өз бітірушілерін дайындау сапасы туралы, жоғары білімнің дамуы, басқаруы, бақылауы үшін жауап беретін лауазымды тұлғаларда, жалпы алғанда аса жақсы емес пікір қалыптасуына негіз болып табылады. Бірақ, қалай болғанда да ЖОО-да білім беру сапасына қойылатын талап пен оның қоғамдағы іскерлік репутациясы арасында жеткілікті тығыз өзара байланыс бар екендігінің көрініп тұруы, сәйкес құқықтық қатынас туралы да ой түюге жетелейді.
  3. Жоғарыдағы мысалға ұқсас жағдай, студентке баға нақты көрсете алған білімі үшін емес, өзге факторлаға: сабақтағы тәртібі, мінез-құлқы, оған қатыспау, сырт келбеті, мүмкін оқытушы-емтихан алушының көңіл күйінің болмауына және соңғы оқу материалын жеткілікті меңгермеуге байланысты қойылуы мүмкін.
  1. Оқытушы кешігіп келген студенттерді сабаққа, әдетте лекцияға кіргізбей қоюы да талас тудырарлық жағдай, тәртіп бұзғандарды оқу бөлмесінен шығарып жіберу арқылы олардың білім алу құқығын жүзеге асыруына кедергі келтіріледі. Тәжірибе көрсеткендей, көптеген ЖОО-ы өз жарғыларында немесе өзге де локалдық актілерінде білім алушылар мен оқытушылардың жөн- жосығын бекітпейді, оның ішінде аталған бұзушылықтар салдарын да.
  2. Өз этикалық жағы бар, өзекті мәселелердің бірі, аралық аттестаттауды қайта тапсыруды ұйымдастыру болып табылады, емтихан (зачет) қайта тапсырылу кезінде оны алғаш тапсырған немесе негізгі лекторға емес өзге оқытушыға тапсырылады. Мұндай жағдайлар реттелмесе емтиханның (зачеттің) «қайырымдылау», жұмсақтау оқытушыға қайта, тіпті мерзімінен бұрын, шын мәнінде қылмыстық, ақылы (параға) тапсырылуы мүмкін.
  3. Ішкі тәртіп ережелеріне, сабақтарды, оларды түрлеріне сәйкес – лекция, практикалық, лабораториялық сабақтар, консультация, зачет, емтихан және т.б. өткізу уақыты мен орындарын белгілеуді қоса алғандағы білім беру процесін ұйымдастыруды да жатқызу, сірә, дұрыс болар. Бірақ, оқытушы сабақ түрлерін өз бетінше өзгерту (практикалық семинардың орнына лекция өткізіледі), консультация өткізу орыны, мысалы, үйінде өткізіледі деп белгілену жағдайлары жол алуы мүмкін. Сол сияқты, білім алушылар да зачет, емтихан, өзге де бақылау жұмыстарын қайта тапсыру үшін оқытушыны «ұстап алуға» тырысады. Жекелеген оқу пәндері бойынша, курстық жұмыстарды тексеру кезінде, оқытушы тікелей консультация беру мен даярлануға жетекшілік жасаудың орнына, тек оларды тексеру және рецензиялаумен айналысу практикасы орын алған.
  4. Заңнамадағы студенттерді оқудан шығарып жіберуді реттейтін норма да, заң жүзінде талас туғызады. Ережеге сәйкес, студент пен ЖОО-ы арасындағы білім беру қатынастарын тоқтатудың нақты негіздерін атамай, оларды жалпылама ЖОО жарғысында қарастырылған міндеттерді бұзушылық ретінде айқындайды. Сөйте тұра, білім алу құқығын (жоғары білім) жүзеге асыру және оларды шектеу (біздің ойымызша, білім алушыны білім беру ұйымынан шығарып жіберуді тек осылай деп түсіндіруге болады) туралы сөз болып отыр. Бірақ, Қазақстан Республикасы Конституциясының 39-бабының 1-тармағына сәйкес «адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау..., адамның құқықтары мен бостандықтарын ... сақтау мақсатында қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелуі мүмкін» деп көрсетілген, сондықтан олар Конституцияның осы бабында аталған мақсаттарға сай болуы керек. Қарастырылған жағдайда, оқудан шығарып жіберу негіздері, нормативтік актіде емес, тек жарғыда белгіленсе болды. Ол аз болса, заңнама мұндай шектеулердің мақсаттарын да атамайды.

Осыған ұқсас мысалдар тізбесін жалғастыра беруге болады. Сырт көзге, олар мейлінше ұсақ, ерекше ештеңесі жоқ, ал оларды реттеу ЖОО-ның, олардың басқару органдары-әкімшіліктеріне қарасты және заңнамалық рәсімдеуге жатпайтын секілді көрінуі мүмкін. Біздің ойымызша, ол тіпті олай емес. Аталған және өзге де ұқсас жағдайлар, олардың құқықтары мен бостандықтары, оның ішінде Қазақстан Республикасының Конституциясымен заңдастырылғандары да нақты жүзеге асатын, жоғары білім беру субъектілері жөн-жосығының әлеуметтік моделі тәріздес типтік, жиі кездесетін варианттар болып табылады. Мұндай жағдайларда ЖОО студенттері, оқытушылары, әкімшілігінің әрекеттері (әрекетсіздіктері) қандай құқықтық салдар туғызатынын, кейбір стандартталған моделдерден ауытқушылық қандай жолмен білім беру саласындағы құқықтар мен бостандықтарды бұзушылыққа әкелетінін ашып көрсетуге болады. Дәл осындай, жиі қайталанатын және әлеуметтік мәні бар қоғамдық қатынастар, құқық теориясына сәйкес, құқықтық реттеудің мәні болып табылмай ма. Білім беру құқығына арналған зерттеулерде ЖОО-ы ішіндегі қатынастарды құқықтық реттеу мәселесі өз көрінісін таппайтынын айта кету керек. Тек, С.В.Барабанованың жұмыстарында ғана білім алушының құқықтық мәртебесі мәселелеріне байыпты назар аударылған. Мысалы, оның «Ресей Федерациясында жоғары білімді мемлекеттік реттеу: әкімшілік-құқықтық мәселелері» деген монографияларының бірінде «Студенттердің құқықтық жағдайы» деген  тұтас тарау студенттің құқықтық мәртебесі түсінігін және элементтерін талдау, оның құқықтары мен кепілдіктерін жүзеге асыруға арналған [4, С.203-311].

Сондай-ақ, студенттің құқықтық мәртебесін зерттеу оның тек білім беру, педагогтік қатынастарға тікелей қатысуына байланысты ғана құқықтарын, міндеттерін, жауапкершіліктерін айқындаумен шектелмеуі тиіс. С.В.Барабанова, жоғары кәсіптік білім алу құқығын жүзеге асыру процесі кезінде қалыптасатын қатынастар, жай білім беру немесе педагогтік қатынастарға қарағанда кең және сан алуан екендігіне дұрыс назар аударған, ал ЖОО-ында білім алушылардың құқықтары, міндеттері оқу процесімен ғана шектелмейді, олар ЖОО-ының бар тіршілік-қарекеті және студенттің әлеуметтік белсенділігімен себептеседі [4, С.247].

Біздің пікірімізше, жеке тұлғаның білім беру саласындағы конституциялық құқықтары мен бостандықтарын екі үлкен топқа: білім алу құқығы мен адам және азаматтың негізгі құқықтары мен бостандықтарына бөлетін авторлардың көзқарасы өте дұрыс [5, С.14; 6, С.33-35].

Осы тектес, ЖОО оқытушыларының құқықтары мен бостандықтарын, бірінші кезекте, олардың Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңымен бекітілген академиялық бостандықтарын жүзеге асыру тұрғысынан талдап талқыға салу керек. Өкінішке орай, ЖОО, әсіресе мемлекеттік емес, оқытушылары кәсіптік қызметінің құқықтық негіздері жұмсарта айтсақ, заңгер-зерттеушілердің назарларын аудара қоймаған [6, С.115-126]. Қазақстан Республикасындағы педагог қызметкерлердің мәртебесі тіпті бөлек әңгіме. Халықаралық деңгейде ЮНЕСКО – ның Бас ассамблеясы 1997 жылы Жоғары білім беру мекемелері оқытушы кадрларының мәртебесі туралы ұсыныстар қабылдады, ал мұғалімдердің жағдайы туралы осындай ұсыныстарды Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) және ЮНЕСКО 1966 жылы - ақ қабылдап қойған болатын [7, С.472-490].

Дегенмен, қорытындылай келе, жалпы алғанда студенттер, оқытушылар (ЖОО-ның өзге де қызметкерлері), ЖОО-ы әкімшілгі қатынастарын құқықтық реттеу мәселелері ғылыми әдебиеттерде де, не нормативтік құқықтық актілерде де тиісті талқыланып және шешімін әлі тапқан жоқ. Осыған байланысты, зерттеулеріміз толыққанды деуден аулақпыз дей отырып, бұл көтерілген мәселелер әріптестеріміздің қызығушылығын тудырар деген үмітпен, мәселелердің жекелеген едәуір маңызды аспектілеріне тоқтала кеткенді жөн көрдік.

ЖОО-ы ішкі қатынастарының тәртібін белгілеуді айқындайтын негізгі іргетасын қалаушы ереже болып студентті негізгі, басты, орталық фигура, құқық нормаларымен реттелген педагогтік қарым- қатынастардың субъектісі, сол сияқты студенттің тек Қазақстан Республикасы Конституциясының 39-бабының 1-тармағына сәйкес қана шектелетін академиялық бостандығы презумпциясын тану табылады. Бұл бостандық ЖОО-ын және оқу бағытын (мамандықты) таңдаудан басталады. Бастапқыда абитуриенттің, сонан соң студенттің дәл осы құқығы, экономикалық мағынада ЖОО- дары арасындағы бәсекелестікті, жарысушылықты тудырады. Өйткені, бір білім беру ұйымын, басқа бір білім беру ұйымына қарағанда тәуірлеу көру дегеніміз, білім беру қызметі рыногына қол жетімділік бостандығының өте оңды жағдайларында білім беру ресурстары туралы ақпарат алу бостандығы, осы рыноктағы кез - келген ресурсқа қол жетімділік бостандығы және сол арқылы ресурстар деңгейінде, оқу-әдістемелік зерттемелер, білім берудің жаңа технологиялары, білім беру процесін сәйкес жабдықтау, зерттеумен айналысу мүмкіндіктері, өзін-өзі басқаруға, мәдени өмірге (студенттік театрлар, клубтар және т.б.) қатысу, жатақханада тұру, онда да сәйкес жайлы жабдықталған жағдайларда тұру, өзге де ресурстарды таңдау арқылы қалаған мамандықты таңдау деген сөз. Соңғы емес, көбінесе, басты рөлді оқудың бағасы, ЖОО-ның баға саясаты ойнайды. Егер сөз ақылы білім беру туралы болып, ал абитуриенттің (оның ата-анасының), бүгінгі күні тек қалыптасқан дәстүрлері, берік репутациясы, өз жоғары білікті оқытушы кадрлары бар жетекші мемлекеттік ЖОО-ы ғана бере алатын, ал басшылары өз түлектерін дайындау сапасына, біліміне, машықтарына өте жоғары талап қоятын болашақ кәсіптік қызмет орнына қатысты байыпты амбициясы, ниеті болмаса  оқу бағасы,  әдетте, ЖОО-ын  таңдауда шешуші рөл ойнайды.

Тағы бір маңызды фактор, ЖОО-ның ішкі қатынастары тәртібін белгілеуде шешуші рөл атқарады. Бұл – ЖОО-на түсу кезіндегі іріктеу, сол сияқты студенттерді оқу процесі барысындағы сұрыптау. Аталған екі факторды да ЖОО-ның өзі реттейтіндер қатарына жатқызуға болады, өйткені олар баға саясатымен тығыз байланысты. Абитуриенттердің жетпей қалуы немесе оқу процесі барысындағы сұрыптаудың жоғары проценті, өз қызметін ақылы түрде жүзеге асыратын білім беру ұйымының табыстылығына әжептеуір әсерін тигізеді. Ақылы білім берудің  экономикалық рентабелділігінің, білім беруді жүргізудің кірісі мен шығысының, білім алушылар санына қатысты тәуелділігі болғандықтан, одан төмендесе білім беруді ұйымдастыру мен жүргізу жекеменшік құрылтайшыға, шығынға ұрынатындықтан экономикалық тиімсіз болатын белгілі бір табалдырығы бар. Статьяның басында әңгіме қылған тақырыпқа қайта оралсақ, ЖОО-ы ішкі қатынастарының құқықтық негіздерін орнату, бәрінен бұрын ақылы білім беретін ЖОО-ның, экономикалық себептермен байланысты, өйткені олар мемлекеттік емес ЖОО-ның негізгі мақсатын нығайтуға, олардың қаржылық тірлігі мен беріктігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Сондай-ақ, аталған мақсат білім алушының мақсаттарымен және жеке тұлғаның белгілі бір сапалы білім алуы, негізгі конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттің мақсаттарымен қарама-қайшылыққа түсуі мүмкін. Мұндай жағдайларда білім  алушы мен ЖОО-ы әкімшілігі, оқытушылар арасында келіспеушіліктер туындауына негіз пайда болады. Тәжірибе көрсеткендей, жұмыс істеп жатқан ЖОО-ның (мемлекеттік және мемлекеттік емес) өзін-өзі ұйымдастыру және ішкі өзін-өзі басқару жағдайларының бізге белгілі, қалауымыздан төмендеу деңгейінде,  олардың  негіздерін,  тәртіптерін,  нысандарын, білім беру қызметі қатысушыларының, бәрінен бұрын студенттердің құқықтары мен бостандықтарын заңды түрде рәсімдеуге мүмкіндік беретін, ЖОО-ы аралық және олардың ішкі қатынастарының қандай да бір міндетті, нормативтік құқықтық негізін құру қажеттілігі туындайды.

Екінші жағынан, ЖОО-ның ішкі қатынастарын құқықтық реттеудің қандай да  бір балансына, оның нормативтік құрамдас бөлшегі мен ЖОО-ы дербес белгілейтін ережелер арасындағы, оның ішінде білім алушының ЖОО-на түскен соң, келісім-шарт негізінде, тікелей қатысуымен болатын қатынастардың балансына  қол жеткізу қажет.

Біздің ойымызша, ЖОО-ы ішкі қатынастарын реттеудің келесі төрт деңгейін атап айтуға болады.

  1. Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, білім беруді басқару органының бұйрықтарымен енгізілген жалпыға бірдей нормативтік ережелер.

Біздің пікірімізше, ондай нормалар өзіндік рамалық сипатта болуы және заңмен белгіленген студенттердің, оқытушылардың негізгі құқықтары мен бостандықтары тектес ЖОО-ы ішкі қатынастары қатысушыларының өзара қарым-қатынасының негізгі бастауларын, принциптерін бейнелеуі қажет.

  1. Екінші деңгейді, ЖОО-ы өзі белгілейтін және тек соның аймағында ғана жұмыс істейтін ережелер құрайды. Олар жарғы, ішкі тәртіп ережелері, өзге де ЖОО-ның ішіндегі әкімшілік актілері- бұйрықтар, үкімдер, ЖОО-ын жарғылық басқару органдары-ғылыми кеңестің шешімдері нысанында болады. Бірқатар ЖОО-ында «ішкі» қатынастар (айталық, емтиханды қайта тапсыру мәселесі) оқу орнының құрылымдық бөлімшелері-институттар, орталықтар және тіпті кафедралар деңгейінде реттеле береді.
  2. Адамгершілік қағидалары және этикалық сипаттағы нормалар мен ережелерден тұратын, кодекс іспетті өзара қарым-қатынас мінез-құлқын белгілеу.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы ЖОО-дарында студенттер, оқытушылар мен әкімшілік арасындағы қатынастарды ұйымдастырудың мұндай практикасы жоқ десе де болғандай.

  1. Төртінші деңгейге, студент пен әкімшілігі арқылы ЖОО, оқытушы мен ЖОО арасындағы келісім-шарттармен белгіленген қатынастар ережелерін қоюға болады. Бүгінде студент пен ЖОО-ы арасындағы келісім-шарт тек ақылы білім берілгенде ғана жасалады, яғни төлеу, орнын толтыру негізінде, өз кезегінде бұл мұндай келісімнің азаматтық-құқықтық сипатын тағы да бір айқындап тұр. Біздің ойымызша, оқу негізін ақылы түрден ақысыз түрге ауыстыру, келісім-шарттың сипатын да өзгертеді, оны азаматтық-құқықтық емес, әкімшілік-құқық сипатындағы келісім-шарт санатына жатқызады.

Жоғары оқу орны ішкі қатынастарын нормативтік реттеуден бұрын, оларды терең талдаудан өткізу және құқықтық табиғатын тану қажет, ал бұл, өз кезегінде, қатынастар жиынтығын нормативтік, заңнамалық рәсімдеуге жататын және де білім алушының білім алу құқығы ғана емес, білім алушының, оқытушының білім беру саласындағы жалпы конституциялық құқықтары және бостандықтарымен айқындалатын ЖОО-ның академиялық бостандығы шегіндегі қатынастар ретінде классификациялауға мүмкіндік береді.

Нормативтік ережелермен біріншіден, білім беру процесіне қатысушылардың құқықтары мен бостандықтарын, сонымен бірге, білім алу құқығынан өзге конституциялық құқықтары мен бостандықтарынан туындайтындарын; екіншіден, студенттер, профессорлық-оқытушылық құрам, ЖОО әкімшілігі қарым-қатынастары бастауының негізгі принциптерін; үшіншіден, олардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асырудан туындайтын жалпылық мәні бар мінез-құлықтары варианттарын; төртіншіден, білім беру субъектілері жауапкершілігі негіздерін; бесіншіден, оларды қорғау құралдарын; алтыншыдан, ЖОО-дары ортасындағы қатынастарды қорғау нысандары мен түрі және шиеленістерді шешуді бекіту қажет.

 

Әдебиеттер

  1. Правила оказания платных образовательных услуг государственными учреждениями образования. Утвержден Постановлением Правительства Республики Казахстан от 22 сентября 1999 года № 1438 //Законодательство об  образовании в Республике Казахстан. Алматы: Юрист,
  2. Сластенин В.А., Каширин В.П. Психология и педагогика: учебное пособие для студентов высших учебных заведений. Москва, 2001. С.
  3. Там же
  4. Барабанова С.В. Государственное регулирование высшего образования в Российской Федерации: административно- правовые вопросы. Казань,
  5. Дащинская З.П. Конституционно-правовое регулирование организации и деятельности общеобразовательных учреждений: Автореферат диссертации кандидата юридических наук. Москва,
  6. Кудрявцев Ю.А. О статусе и социальной защите педагогических работников //Образование и право: статус участников образовательных отношений: Материалы I Всероссийской научно-практической конференции. Санк-Петербург. 1-2 декабря 2003 г./Под ред. Г.А.Бордовского и др.
  7. Документы международного права по вопросам образования /Сост. Ю.А.Кудрявцев и др./ Под ред. Г.А.Лукичева и

др.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.