Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер нарығын мемлекеттік реттеу

Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қызметін жетілдіру арқылы ауылды, селоны дамыту қажеттілігі жер реформалары арқылы жүзеге асырылды. Жер реформасының басты мақсаты жер учаскелерін тиімді пайдалануды қамтамасыз ету және жер учаскелерін кәсіпкерлік мақсаттарға пайдалану мүмкіндігін кеңейту еді. Осы тұрғыда, қазақстанда жер құқық қатынастары нарық заңдылықтарына бейімделе бастады. Қазақстан Республикасының 1995 жылы қабылданған Конституциясында жер мемлекеттік меншікте, сонымен қатар, жеке меншікте болады деп көрсетіліп, алғаш рет жерге меншік құқығы бекітілген болатын[1]. Жерге меншік құқығы жер қатынастарын реттейтін арнайы жер туралы Жарлықта, жер туралы Заңда баяндалып, Жер туралы кодекстің қабылдануына негіз болды. Қазір жер кодексіне сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер, елдімекен жерлері, өндіріс жерлері, орман қорының жерлері жеке меншікте бола алады[2]. Жер учаскесіне меншік құқығының белгіленуі жерді азаматтық айналымға қосып, нәтижесінде жер нарығы қалыптаса бастады.

Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке беру ұзақ талқылаудың нәтижесінде жүзеге асырылды. Ондағы мақсат, жерге деген заттық құқықтарды тиімді пайдалана отырып, шаруашылық жүргізуші субъектілерге жерді еркін пайдалануға, сонымен қатар, жермен азаматтық құқықтық мәмілелер жасасуға мүмкіндік беру еді. Жер учаскесі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің шаруашылыққа қажетті негізгі құралы ғана емес, сонымен қатар, басты мүлкі болып табылады. Бүгінгі күні жер айналымы экономикалық мәселелерді шешіп қана қойған жоқ, сонымен қатар, Қазақстан Республикасында жер нарығын қалыптастырды. Алайда жер нарығын мемлекеттік реттеудің нәтижелі механизмдері, тиімді әдістері әрекет ететін болса ауыл шаруашылғын дамытуға үлкен оң нәтижесін берер еді. Бұл жағдайда, сөзсіз, жер  нарығын мемлекеттік реттеу бірінші кезекте тиімді және ғылыми негізделген болуы қажет. Бұл ретте ұлттық та, халықаралық та дәстүрлер ескерілуі тиіс. Бір сөзбен айтқанда, жер нарығы өркениетті болуы тиіс - ол қоғамның наразылығын тудырмауы керек және елдегі экономикалық-материалдық және әлеуметтік-психологиялық жағдайды жақсартуы тиіс. Жер нарығы басқа да жер қатынастары секілді мемлекет тарапынан реттелуі тиіс. Ол дегеніміз «жерді ұтымды және тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге, оны қорғауға, өңдеуге және құнарлылығын арттыруға, сақтауға және адамдар үшін қолайлы қоршаған орта түзуге байланысты ұйымдастырушылық, құқықтық, экономикалық әрекеттер кешенін жүзеге асыру арқылы жерді иелену, пайдалану және билік ету құқықтарын қорғауға бағытталған шаралар жүйесін қалыптастыру қажет. Жер нарығын мемлекеттік реттеу ұйымдастырушылық- құқықтық базисті қамтамасыз етеді, жер құқының субъектілерінің экономикалық өзара қарым- қатынастарын регламенттейді»[3].

Ғалымдар Н.Б. Мухитдинов пен А.Е.Бектұрғанов  былай деп атап өтеді: «қазіргі таңда Батыста жерді пайдалану процессіне мемлекеттің ауқымды және кең көлемді араласуы байқалады: мемлекет экономикалық тұрғыдан неғұрлым дамыған болса, ол жер қатынастарын, жер нарығын реттеуді соғұрлым қатаң жүзеге асырады. Орасан зор жер ауқымына ие Қазақстан осы қоғам дамуының объективті процесстерінің әсерінен қалыптасқан тәжірибеден бас тартпауы тиіс» /102/.

Алайда, нарықтық жер қатынастарын қалыптастыру мен реттеуде ұйымдастыру бастамасы мемлекетке тән болуы тиіс. Бұл бірқатар себептерден тұрады. Олардың ішіндегі ең бастысы – мемлекет барлық қоғамдық қатынастардың, соның ішінде жер - нарықтық қатынастардың қарапайым қатысушысы болып табылмайды, ол басқа субъектілерден өзгеше, тек өзіне тән тұтас бір ерекше белгілерге ие.

Біріншіден, мемлекет адамдардың, таптардың қызмет бағыттарына экономикалық, идеологиялық, ұйымдастыру - құқықтық әсерлер арқылы, сондай-ақ, беделдің, дәстүрлердің, мәжбүрлеудің көмегімен әсер етуге қабілетті саяси биліктің ерекше ұйымы болып табылады.

Екіншіден, мемлекет – мемлекеттік органдардан тұратын, мамандандырылған шенеуніктер аппаратына ие, бұқаралық - билік өкілеттіктері бар және кәсіби негізде басқару және басшылық ету, қоғамдық құрылыстың экономикалық, әлеуметтік, саяси және экологиялық қауіпсіздігін, соның ішінде мәжбүрлеу арқылы, қорғау функцияларын жүзеге асырушы құрылымдық ұйым болып табылады.

Үшіншіден, мемлекет белгілі географиялық кеңістікке өзінің юрисдикциясын  тарататын аумақтық ұйым болып табылады. Бұл мемлекет үшін маңызды өмір сүру құралы - аумақтық тұтастық болып табылатындығын негіздейтін факт. Жер аумағынсыз мемлекет те болмайтындығы бәріне белгілі.

Төртіншіден, мемлекет қоғамдық қатынастардың басқа субъектілерінен ерекше мәжбүрлеу билігін қолдану мүмкіндігіне ие.

Бесіншіден, мемлекет қоғам егемендігінің тасымалдаушысы болып табылады, бұл мемлекеттік биліктің тәуелсіздігі мен жоғарылығын, тұтас қоғам атынан ішкі де, сыртқы да саясатты жүргізу мүмкіндігін білдіреді.

Алтыншыдан, мемлекет барлық халық үшін міндетті заңдар мен ережелерді шығару;  салықтар мен басқа да бюджетке міндетті төлемдерді алу құқығына ие.

Жер нарығының императивті - биліктік өкілеттіктерге ие ерекше субъектісі ретіндегі мемлекеттің жоғарыда аталған қасиеттері жер нарығын қалыптастыру мен реттеу мәселелерінде ұйымдастырушы қызметін бөліп беруді негіздейді. Алайда, мемлекеттің жер нарығына қалай әсер ететіндігі түсініксіз? Нарықтық жағдайда жер айналымы мемлекет тарапынан реттелуі тиіс. Бұл түрлі тәсілдермен жүзеге асырылуы мүмкін. Тиімді тәсілдердің бірі, жиынтығы жер нарығын реттеудің экономикалық механизмі болып табылатын экономикалық реттегіштер жүйесінің көмегімен жер нарығына мемлекеттік әсер ету болып табылады. Жер нарығын мемлекеттік реттеудің экономикалық механизмі

  • мемлекеттің жер саясатын жүзеге асыруға, жерді әлеуметтік-әділ үлестіруді ұйымдастыруға, жерге деген сұраныстар мен ұсыныстардың ара-қатынасын, жердің нарықтық бағасын, жерге қатысты алып-сатарлық операцияларды болдырмауды реттеуге, ірі жер иеленудің түзілуінің алдын-алуға, жердің нарықтық айналымында экологиялық, адамгершіліктік, экономикалық және құқықтық талаптарын қамтамасыз етуге, мемлекеттің аумақтық және азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекет тарапынан экономикалық әсер ету шараларының жүйесін білдіреді. Жер нарығы жерді тиімді және ұтымды пайдалануды қалыптастыруға септігін тигізуі тиіс. Әрине, «жер нарығын мемлекеттік реттеу» термині абстрактылы, нақты емес түрде айтылады. Сол себепті де, қандай ұстанымдардың, категориялардың, қатынастардың мемлекеттік-биліктік әсердің астында болуы керектігін жеткілікті дәрежеде анық білу қажет. Біздің пікірімізше, жер нарығын мемлекеттік реттеу мынадай бағытта жүзеге асырылуы тиіс:
  • шамадан тыс ірі жер иеленудің қалыптасуының алдын-алуға;
  • жер мен жер айналымына салық салуға;
  • жерге төленетін жалға алу төлемінің шекті мөлшерін мемлекетпен анықтау;
  • жердің кепілдік құнын анықтау;
  • жерге қатысты алыпсатарлық операцияларға жол бермеу;
  • жер сапасын арттыру үшін төлемдерді жүзеге асыру;
  • экологиялық залал үшін айыппұлдық төлемдер белгілеу.

Отандық және шетелдік әдебиеттерде ірі жер иелену жерге жеке меншіктің соңғы көрінісі ретінде қарастырылады. Бұл дұрыс та. Алайда, әлем бір орнында тұрмайды - жаңа қатынастар пайда болады. Біздің елімізде осы мәселенің басқа аспектісі туындауда. Тәжірибеде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді өте көп көлемде меншіктенген тұлғалар аз емес. Олардың көпшілігі елдегі қалыптасқан жағдайларды пайдалана отырып, үлкен жер телімдерінің иегерлеріне айналды. Қазақстанда латифундистер - өздері жерді өңдемейтін, өздеріне тиісті жерді шаруаларға пайдалану құқымен жалға бере отырып, пайда табатын тұлғаларға айналғысы келеді. Сол себепті, ірі жер латифундийлардың түзілуіне жол бермеу қажет. Егер ірі жер иеленуге жол берілсе мұндай жер иеленушілердің ауыл шаруашылығы өнімін өндірудегі қызметін жіті бақылау қажет. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер мақсатына сәйкес пайдаланылып, қоғамның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге пайдаланылуы тиіс.

Әрине, бүгінгі күні ауыл шаруашылығы ұйымдарының іріленуі оң нәтиже беретіндігі экономист ғалымдармен дәлелденіп отыр. Ірі ауыл шаруашылығы ұйымдарын қалыптастыру кішігірім шаруашылықтарды біріктіру арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте қайта құрылған шаруашылықтардың жер көлемінің ұлғаюы заңды құбылыс. Бірақ, бұл жерде шаруашылықтардың басты мақсаты жер көлемін ұлғайту ғана емес, сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өнімін өндіру арқылы пайда тауып, бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін материалдық-техникалық, қаржылық және өзге де мүмкіндіктерін біріктіру болып табылады.

 

Әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституция республикалық референдумда 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған. – Алматы: ЮРИСТ,
  2. Қазақстан Республикасының Жер кодексі. – Алматы: ЮРИСТ, 2008 – 104 б
  3. Алимжанов Б.Р. Правовое регулирование рынка земли. Диссертация на соискание ученой степени кандидата юридических наук.– Алматы, 2002 – 141 бет.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.