Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қылмыстық іс қозғау сатысы – қылмыстың іс жүргізу сатысының бір түрі ретінде

Қазақстанда қылмыстық процестің қылмыстың iс жүргізу сатысы басты институттарының бiрi болып табылады. Аталған инстанция бiрқатар объективтi факторларға байланысты қалыптасады. Қазақстан Республикасының жаңа ҚІЖК-нiң қабылдануы, оны қолдану тәжірибесінің болмауы, оның жетістіктерін бара-бар бағалаудың мүмкін еместiн. Мұндай факторларға жататын жағдайлар: 1997 жылғы қаңтарынан бастап ҚР ҚІЖК-нiң қабылданылып, енгізілуі қылмыстық iс жүргізу мiндеттерiн айқындай түстi.

Қылмыстық процестің мiндеттерi Қылмыстың iс жүргізу кодексiнiң 8-бабында айтылған. Онда қылмыстық процестің мiндеттерi қылмыстарды тез және толық ашу, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауаптылыққа тарту, әдiл сот талқылауы және қылмыстық заңды дұрыс қолдану болып табылады. Қылмыстық iстер бойынша iс жүргізудiң заңда белиленген тәртiп адамды және азаматты неизсiз айыптау мен соттаудан, олардың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғауды, кiнәсiз адам заңсыз айыпталған немесе сотталған жағдайда, - оны дереу және толық ақтауды қамтамасыз етуi, сондай-ақ заңдылық пен құқық тәртiбiн  нығайтуға, қылмыстың алдын алуға, құқықты құрметтеу  көзқарасын  қалыптастыруға жәрдемдесуге тиiс [1, 10 б.].

Қылмыстың толық ашылуы, әдiл жазаның белгіленуі, қылмыстық iстiң жүргізу сатыларынан тұрады. Қылмыстық iстiң әрбiр сатысы өзiнше маңызды. Е.Е. Ерешев пен Б.Х. Төлеубекова іс жүргізудiң өзiндiк iскерлiк мазмұнын ерекше атап көрсетедi. «Бiрақ сатылар өзара бiр-бiрiмен тығыз байланысты, өйткені әрбiр саты бiр-бiрiнен таралады. Бұндай байланыстылық iстi шешудеп негізгі мiндет пен шешiлу әдiсiнен туындайды», - деп көрсетеді [2, с. 109].

Процессуалдық қарым-қатынас - бiр-бiрiмен тығыз байланысқан нормалармен; бiр мақсатқа негізделген құқықтық iс жүргізу.

Қылмыстық iс жүргізу - тергеулiк, прокурорлық, сот органдарының құқықтық қарым-қатынасы. Бұл қарым-қатынас қылмыстың iс жүргізу нормаларымен өзгеріп, дамып немесе тоқтатылып отырады.

Процеске қатысушылардың iс-әрекетi арнайы тәртiппен жүргізіледі. Тәртiп iстiң дұрыс жүргізілуін, әдiл жаза белгіленуiн қамтамасыз етедi. Осыған сәйкес проф. М.С. Строговичтiң мына айтанын еске түсiрейiк: «Қылмыстық iс жүргізу сатылары – қылмыстық iс жүргізудiң сипатталуы, процессуалдык iс-әрекет және процессуалдык қарым-қатынас. Егер бiрiншi саты толық жүзеге асса, iс сол кезде ғана келесi сатыға ауысады» [3, с. 66].

Соған орай кылмыстық процесс – бұл тек қана мемлекеттiк органдардың қылмыстық заңдарының бiр бөлiгі ғана емес, сонымен қатар оның нақты жүйесi.

Қылмыстың iс жүргізу теорияларының авторлары қылмыстың iс жүргізу сатыларын төмендегідей сипаттайды:

  1. Қылмыстық iстегі негізгі мiндет;
  2. мемлекеттiк органдардың, т.б. тұлғалардың iстi шешуi;
  3. процессуалдык форма тәртiбi;
  4. iске байланысты шешiмнiң сипатталуы;
  5. әрбiр сатының заңға сәйкес мерзiмнiң белгіленуі [4, с. 9].

ҚР Қылмыстық iс жүргізу кодексiнде Қылмыстық iс жүргізу сатылары айтылғанымен, онда нақты тоқталмаған. Қылмыстық iс жүргізу ғылымында iс жүргізу сатылары аса кең, ауқымды үғым ретiнде қарастырылады. Ғалымдар оларды бiр-бiрiнен бөлуге болмайды дейдi, олар керiсiнше бiр-бiрiн толықтырады дейдi.

Проф. И.В. Тыричев келесiдей анықтама бередi: «Саты - бұл бiр-бiрiмен тығыз байланысты, бiрақ өзара процестiң бөліп, өзінің мiндетiмен ерекшеленедi» [5, с. 15].

Байқағанымыздай автор қылмыс сатыларының негізгі белгілеріне тоқталған.  Е.Е.  Ерешев пен Б.Х. Төлеубеков сатыны – қылмыстық iс жүргізудiң бөлек бiр бөлiмi ретiнде және сот  билiгінiң жүзеге асуының көрiнiсi ретiнде қарастырады [2, с. 11].

К.Х. Халиков сот билiгі деп мемлекеттiң атынан билiктiң әдiл жүргізiлуi және бұзылған құқықтарды қалпына келтiрудi түсiнедi, бұзылған құқықтарды қалпына келтiру үшiн мәжбүрлеу шараларын қолдануды түсiнедi [6, 172 б.]. Ш.М. Шарипов сот билiгін мемлекеттiң атынан шешiм кабылдауы деп түсiнедi [7, 13 б.]. Сот билігін зерттей келе К.А. Маркс сот билігін мемлекеттік билiктiң тәуелсiз қызметi ретiнде қарастыру керек деген. Мемлекеттiң арнайы органы ретiнде мемлекет атынан сот билiп жүзеге асады [8, 38 б.]. А.П. Рыжаков қылмыстық iс жүргізудiң сатысы ретiнде өзара тығыз байланысты жүзеге асатын қылмыстық процестi айтады.

Жоғарыда айтылған ойды зерделей келе бiз мынаны ұсынамыз:

Қылмыстық iс жүргізу сатысы - бұл өзiндiк жеке сот iсiн жүргізу, ол өзінің мазмұнымен ерекшеленедi. Әрбiр саты қылмыстық iс жүргізудiң аяқталған бiр бөлiмi ретiнде көрiнiс табады [9, 8 б.]. Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, келесiнi айта аламыз:

  • қылмыстық iс жүргізу сатысы iстiң мазмұнына сәйкес жүзеге асады;
  • әрбiр саты өзінің алдындағы сатыдан туындайды;
  • қылмыстық iс кез келген сатыда тоқтатылуы мүмкін;
  • iстiң бiр сатыдан екiншi сатыға өтуi бұзылған құқықты калпына келтiруге жәрдемдеседi. Сонымен, қылмыстық iс жүргізудiң сатылары болып: қылмыстық iстi қозғау; алдын ала тергеу;
  • басты сот талқылауы; заңды күшiне еңбеген сот шешiмiн қайта қарау; сот шешiмiнiң орындалуы. Сонымен қатар екi қосымша сатысы қарастырылған: қадағалауы немесе iстi қайта қарау  және жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша iстi қайта қарау.

Қылмыстық iс қозғауға уәкiлетi бар лауазым иелерi осындай шешiм қабылдаған кезден бастап ҚІЖК бойынша қылмыс жасау жағдайларын, оны жасаған адамды, айыптының қылмыстық iз түзудiң негіздерiн анықтау секiлдi мақсаттарға жету үшiн көзделген кез келген iс жүргізу әрекеттерiн қолдануға құқылы [14, 6 б.]. О.В. Арсентьев: «Қылмыстық iс қозғау қылмыстық iс жүргізудiң өзiндiк сатысы туралы ереже адвокат үшiн өте маңызды. Оған қылмыстық iс жүргізу сатысын сипаттайтын барлық белгілер тиесiлi: нақты мақсаттар, процестің негізгі қағидаларының өзiндiк көрiнiс табуы, әрекет және құқықтық қатынастардың  айрықша шеңберi», - деп жазды [10, 22 б.].

Э.П. Кенжибекова: «Қылмыстық iстi қозғау сатысы саяси мәнге де ие болады. Қылмыстық iс қозғау туралы мәселенi дұрыс және жылдам шешу қылмыстық тәртiп пен заңдылықтың нығаюына, қылмыспен күрес шараларын өткiзуге, сондай-ақ қылмыстың алдын алу мен ескерту шараларын қолдануға өз әсерiн тигізедi» - деп жазды [11, 7 б.].

Қылмыстық iстiң қозғалу мәнi бойынша бiр уақытта тұлғаны қылмыстан  жәбiрленушi  деп тануды бiлдiредi [12, с. 45]. Және «қылмыстық iстi қозғау кезiнде алдын ала тергеу органдарының мiндетi - ол қылмыстан жәбiр көрген тұлғаның құқықтық мәртебесi туралы мәселенi қарау [13, с. 23].

Э.П. Кенжибекова: «Қылмыстық iс қозғау сатысы — қылмыстық iс жүргізудiң дербес сатыларының бiрi. Сондықтан, ондағы мәселелер дер кезiнде және дұрыс шешiлуi тиiс» - ден қарастырды [11, 7 б.].

Бұрын қылмыстық iс қозғаудың анықтамасын жасауда бiз қылмыстық процестің бұл бөлігін дербес саты деп атағанбыз. Бұл дегенiмiз, - осы кезеңде пайда болған құқықты қатынастары, оларды өзге iс жүргізу сатылары мен кезеңдерiнен оқшаулайтын өзiндiк белгілерге ие болғандығын бiлдiредi, өйткені олар, бiрiншiден, осы сатының мақсаттары жүзеге асыратын iс жүргізушiлiк құралдарының мақсаттары мен мiндеттерi жөнiнен, екiншiден, олардың сипаты мен құрылымы жөнінен ерекше белгілерге ие болады [14, 6 б.]. А.П. Рыжаковтың анықтағанындай, қарастырылатын сатының екi бiрдей мiндетi бар. Бiрiншiден, әрбiр жасалған қылмыс фактiсiне жауап беру керек. Яғни, қылмыс құрамының объективтi жақтарының белгілерi бар кез келген арызды (хабарламаны) дереу тiркеуге алу кажет. Екiншiден, қылмыстық процестiң кейiнгі кезеңдерiн шектеу, атап айтқанда алдын алу тергеу сатыларын а) iс жүргізуде болмаған; ә) ешқандай қылмысқа жатпайтын, яғни қылмыс құрамының объективтi жақтарының ең болмағанда мiндеттi бiр белгісi жоқ, оның iшiнде маңызы шамалы (әкiмшiлiк, тәртiптiк және басқа терiс қылықтар) [15, с. 9] бiрде-бiр белгісi жоқ фактiлердi қарастырудан сақтандыру керек. Бұл анықтаманы даусыз деуге болмайды [14, 7 б.). Егер iс заңды себепсiз және негізсiз қозғалған болса, прокурор өз қаулысы арқылы тергеушiнiң немесе тергеу органының қаулысын жояды, қылмыстық iс қозғаудан бас тартылады немесе егер ол бойынша тергеу әрекеттерi жүргізiлген болса, iс тоқтатылады. Егер бұл жасалмаса, адвокат тиiстi прокурорға iстi қозғаған тұлғалар әрекетiнiң заңдылығы бойынша шағымданады, ал егер қабыл алынбаса, жоғары тұрған прокурорға шағым бере алады.

 

 Әдебиеттер

  1. Қылмыстық iс жүргізу кодексi (1998 жылғы 9 12 УЧ. 307-i, 2000 жылғы 29 наурыздағы 34 42-II және 2000 жылғы 5 мамырдағы 47-II Қазақстан Республикасының заңдарымен өзгертулер мен толықтырулар енгізiлген мәтiн) 2-басылымы. - Алматы: Жетi жарғы, - 608 б.
  2. Уголовно-процессуальное право Республики Казахстан. Часть Общая. Академический курс: книга первая / под ред. д.ю.н., профессор Б.Х.Толеубековой. - Алматы: ТОО Издательская компания «НАя», С. 414.
  3. Строгович М.С. Курс советского уголовного процесса. Том 1. Основные положения науки советского уголовного процесса. - М.:, Издательство «Наука»,
  4. Советский уголовный процесс / Под ред. Н.С.Алексеева и В.З. Лукашевича. - Л., 1989. - 470 с.
  5. Уголовно-процессуальное право Российской Федераңии: Учебник /Отв ред. П.А.Лупинская. -М.: Юристъ, 1999.
  6. Халиков К.Х. Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау органдары. – Алматы: Сана,
  7. Шарипов Ш. Судьяның тәуелсiздiгі: Оқу құралы. - Алматы: Дәнекер, 2003. - 115 б.
  8. Мәми Қ. Қазақстандағы сот реформасының даму кезеңдерi. - Астана, 2003. - 221 б.
  9. Уголовный процесс Казахской ССР. Ч. 1 Общая /Под ред. А.М. Мамутова, Ю.Д. Лившица. — Алма-Ата: Мектеп, - С. 220.
  10. Арсентьев О.В. Адвокатура. Адвокат в уголовном и гражданском процессах. Нотариат: учебное пособие. - Костанай, 1998. - 192 с.
  11. Кенжибекова Э.П. Қылмыстык iс козгау сатысындағы дәлелдеу мәселелерi: заң ғыл. канд. автореф. ...: 12.00.09. - Алматы, 2006. - 26 б
  12. Ларин А.М. Расследование по уголовному делу уголовно-процессуальные функции. — М.: Юрид. лит., 1986. - 159 с.
  13. Журсимбаев С.К. Актуальные проблемы обеспечение прокурором прав и свобод человека и гражданина на досудебных стадиях уголовного процесса: автореф.дис. канд. юрид. наук: 00.09. — Алматы, 2000. - 26 с.
  14. Рыжаков А.П. Уголовный процесс: Возбуждение и отказ в возбуждении уголовного дела.-Тула, 1996, с.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.