ХХI ғасыр Азия ғасыры ма, жоқ па? Қытай мен АҚШ бақталастығы

Қазіргі кезде аймақтағы ықпал үшін күрес аса өзекті тақырыптардың бірі болып саналады. Халықаралық сарапшылар ХХI ғасырды Азия ғасыры деп атап келеді [1]. Мұндай мəлімдемеге Азия елдерінің қарқынды дамып келе жатқан экономикасы мен халқы  себеп  болып  отыр.  Ал Азия-Тынық мұхиты үшін күрес, жалпы аймақтағы ықпал үшін күрес дегенде АҚШ-қа қарсы тек жалғыз мемлекетті қоюға болады, бұл сөзсіз Қытай Халық Республикасы.

Америка үшін Қытайдың ірі аймақтық державаға айналу қаншалықты қолайлы  жəне  оның əлемдік держава статусына талпынысы қаншалықты шындыққа сəйкес келеді? Осы сұраққа жауап беру үшін қытай халқының ділі, оның қоршаған дүниеге көзқарасы мен алға қойған мақсаттарына назар салған жөн.

Қалыптасқан көзқарас бойынша, қытай басшылығы қоршаған əлемді жауы деп қарастырады [2]. Алайда маоистік кезеңмен салыстырғанда, ол Қытай қауіпсіздігіне тікелей əскери қауіп төндірмейді. Сондықтан да əлем гегемонизмге қарсы күрес призмасы арқылы қарастырылып, Американың жаһандық басымдылығына,   сондай-ақ Ресей, Жапония,Үндістан сияқты «үлкен елдердің» аймақтық басымдылығына қарсы тұру қажеттілігі туындайды.

Осыдан Қытайдың сыртқы саяси басымдылықтары қалыптасады. Біріншіден, ашық саясат пен қытай реформаларын  жүзеге  асы-  ру үшін қолайлы халықаралық шарттардың қалыптасуын қамтамасыз ету. Яғни жаһандық лидерлермен бейбіт қарым-қатынас сақтап, Қытайдың жақын көршілерімен қатынастарды жақсарту. Екіншіден, бұл «уақытша жасыры-  ну» мақсаты, компромисс негізінде іс-əрекет жасау, бұл дегеніміз – уақыт ұтып, «кешенді мемлекеттік қуат» жинау, осыдан кейін ғана əлемдік көшбасшылыққа талпынуды білдіреді. Осы тұжырымды прагматикалық деп санауымыз дұрыс болады. Ол қазіргі Қытайдың экономикалық жəне əскери мүмкіншіліктерін сын көзбен бағалау жəне КСРО-ның ыдырау нəтижесінде қалыптасқан монополярлы жүйеде АҚШ-тың жалғыз ұлы держава болып қалуын мойындаумен байланысты. Жəне де Пекиннің пікірі бойынша, Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін АҚШ өзінің басты бəсекелесі жəне «басты жауы» ретінде Қытайды қарастырады.

Əлемге қатысты сондай көзқарас негізінде Қытайдың басты сыртқы саяси бағыттарының бірі ретінде АҚШ-пен қатынастарды дамыту қалыптасты. Америкамен ынтымақтастық – əлемдік экономикалық жəне саяси алпауытпен одақ ретінде қарастырылады жəне онымен жақсы қарым-қатынастар қытай реформаларының сəттілігімен байланысты. Екі жақты қатынастардың негізі əлі де «өзара қауіптер» мен «өзара пайда» симбиозынан құралады. Қытайға қарсы бағытталған Азия Тынық мұхит аймағындағы американ əскерлерінің шоғырлануы Пекин өз мүдделеріне қайшы келеді деп санайды. Бірқатар американдық зерттеушілер мен саясаткерлердің пайымдауынша, Пекин АҚШ-тың əлемдік позицияларын əлсірету үшін өзінің  əскери  жəне экономикалық қуатын нығайтып жатырмыс [3]. Айдаһар елі тек Вашингтонды ғана өзінің жаңа болашақ жаһандық бəсекелес ретінде қарастыратын көрінеді. Бір қызығы бəсекелестер қатарында Ресей мен Еуро Одақ мемлекеттері жоқ. Айта кететін жайттардың бірі Қытай да, АҚШ та бір-бірін тікелей əскери қауіп ретінде қарастырмайды.

Екінші жағынан, қытай саудасының төрттен бірі жəне Қытайдағы шетел инвестицияларының үштен бірі АҚШ-қа тиісілі, сондықтан да ол қытай модернизациясының жүзеге асырылуында маңызды рөл ойнайды. Екі ел арасында тауар айналымы 1980 жылдан 2005 жылдың өзінде 10 есеге өскен. Яғни 4,8 млрд доллардан 170 млрд долл. дейін жеткен екен [4]. Ал қазір бұл көрсеткіш тағы еселенген. АҚШ пен ҚХР өзара авиа-нарығын ашуға келісімге келді. 2010 жылы екі ел арасында авиакомпаниялардың саны екі есеге өседі, ал рейс саны бес есеге көбейіп отыр. 2011 жылдың аяғына дейін келісім бойынша əрапталық рейс саны 300-ге дейін өседі. Екі жақты көптеген келісімдер жетіп артылады. Олардың құны жүздеген миллиард долларды құрап отыр. Вашингтонмен қарымқатынастардың нашарлануы экономикалық өсудің қарқынына кері əсерін тигізетінін Пекин түсінеді. Өз кезегінде АҚШ-тың да Қытай елінде ірі инвестицияларға негізделген терең бизнес мүдделері бар. Мəселен құны 25 млрд долл. тұратын ГЭС. Станция қуаттылығы 18 200 мегаватты құрайды. Оның іске қосылуы жылдық су тасқынын тоқтатып, электроэнергиядағы өсімді сұранысты қамтамасыз етіп отыр. Ақ үйдің стратегиялық жоспары бойынша, қытай экономикасын нарықтандыру мен жаһандандыру арқылы елдегі саяси жүйені біртіндеп демократиялық бағытқа қарай өзгертуге болады [4].

ҚХР-ға қатысты АҚШ билігінің өзіндік доктринасы бар екенін айта кеткен жөн. Бұл ұзақ мерзімді стратегиядан тұратын жоспар. Вашингтонның бұл стратегиясын Евразиялық жоспар бекітуі керек. Көптеген сарапшылардың пікірінше, Ауғанстан мен Ирак – осы доктринаны іске асырудың бөлігі болып табылады [5]. 2000 жылы АҚШ Конгресі оның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына мүше болғаннан кейін тұрақты сауда қатынас режимін Қытайға беру шешімін қабылдады. Осы арқылы АҚШ 90 жылдары қолданған Қытайға мықты қысым көрсеткен рычагтардың бірінен айырылғаны есімізде. Қазіргі кезде Американ-қытай экономикалық қатынастарында АҚШ-тың ұзақ мерзімді мүдделеріне қайшы келетін маңызды дисбаланс қалыптасты. 2003 жылы Қытаймен саудадағы дефицит 124 млрд долл. жетті, ал қытай импорты Қытайдағы американ экспортының көлемінен 5 есе асып түсті [4]. Қытай экономикалық дамуға уақыт пен кеңістік жеңу мақсатында АТА-да дипломатиялық шабуыл жүргізіп отырды. Басқа жағынан қарағанда, Қытай Солтүстік Кореяның жеке атомдық арсеналының дамуына мүмкіндік бермеуге бағытталған келіссөздерде АҚШ-қа көмектесе алатын негізгі мемлекет болып табылады. ҚХР АҚШ-пен саудадан үлкен кіріс алатындығы даусыз. Бірақ бұл АҚШ-пен қарымқатынастарында ешқандай кепілдік бермейді. Саяси шиеленіс өзара тəуелділікті əр жақтың кімге жол беретіндігінде келісушілікке емес, қақтығысқа əкеледі. Американдық  сарапшылар айтуынша, АҚШ геосаяси мақсаты үшін  тек экономикалық стимулмен ғана қанағаттана алмайды. Соңғы жылдары екі жақты қатынас тағы да қайшылыққа тап болды: 2004 жылы қыркүйектің соңында АҚШ 14 қытайлық компанияларға қарсы Иранға əскери технология мен қару-жарақ қамтамасыздандыруы туралы санкция енгізді. Қытай саясатында стратегиялық тұрақтылық пен аумақтық шиеленістер мəселесі бойынша АҚШ-пен келіссөздер жүргізуге ұмтылыс бар. Стратегиялық тұрақтылықты қолдауда АҚШ тарапынан көңіл бөлуге түсінік бере отырып, ғарыш пен қарулы күштердің техникалық жабдықталуы туралы жаңа амбициялық бағдарламалардың жетістіктерін жариялауда. Қытай АҚШ-тың қару-жарақ таратылмау қағидасына дайын, егер оның қатысуы үшін құқықтық базаны тапқан жағдайда.  Осындай ынтымақтастықтың теоретикалық негізі көпжақты   жауапты   күш   салуды талап ететін «қауіпсіздік мəселесінің жаһандануы» туралы қытай басшылығының жаңа тезисі болып табылады. Əскери-стратегиялық диалогқа АҚШтың араласуына стратегиялық  тұрақтылық, жаңа қауіп пен Орталық Азиядағы жағдай мəселелері бойынша Қытай НАТО диалогының құрылуы туралы, сонымен қатар Корея мəселесі жөнінде алтыжақты кездесудің Шығыс Азия қауіпсіздігі туралы органға айналуы туралы идеясы бағытталған. Қытай НАТО мен АҚШпен əскери-саяси жəне əскери-техникалық ынтымақтастық мүмкіндіктерін іздейді, яғни Шығыс Азияда көпжақты əскери-саяси құрылымдарды құру АҚШ-тың қатысуынсыз мақсат қою мүмкін еместігін Пекин түсінеді. АҚШ-пен экономикалық қарым-қатынасқа келетін болсақ, Пекин сауда дауын тудырмауға тырысады. Мысалы, Валюта мəселе бойынша (юань курсы) АҚШ қысымына американ тауарын, əсіресе АҚШ үшін өте маңызды самолет құрылысындағы тауарларды сатып алуының кеңеюі деп жауап берді. «Буш доктринасы» кезіндегі АҚШ жаңа саясаты Қытай алдына екі маңызды проблема қойды. Біріншісі, қытай шекарасына жақын американ қарулы күштерінің алдыңғы қатарлы базалық құрылымдарының құрылуымен байланысты, екіншісі, парсы шығанағы елдерінен қытайлық мұнай импортына қаупінің өсуімен байланысты [6]. Осылай американ-қытай қатынастарының шиеленісуі қаупі бар. Жағдайдың дамуы экономикалық, геосаяси, аумақтық факторларға байланысты. АҚШтың Азиядағы жоспары болашақта Вашингтон пен Пекин арасында кең көлемді дағдарысқа əкеп соқтыруы мүмкін. Ұстаным факторы Ресей пен Қытай арасында, сонымен қатар ШЫҰ-мен əскери-саяси ынтымақтастық болып  табылады. Тəжірибелік дипломатияда Пекин қытайамерикан қатынастарында шиеленіс туғызатын халықаралық шешімдерге араласпайды. Тайвань мəселесі Қытай-американ ынтымақтастығына басты қауіп болып қала береді. ҚХР жаңа басшылығы «бір мемлекет – екі жүйе» ресми шешімінде тұрады.

Бұл ретте екі елдің аймақтағы үстемдік үшін бақталастығы туралы айта кеткен жөн. Америка мен Қытай арасындағы бақталастық Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін басталғаны белгілі. Алайда көптеген мамандардың пікірінше шын мəніндегі күрес енді-енді басталып жатыр. Өйткені қазіргі

Айдаһар елін 90 жылдардың басындағы Жаңа Қытаймен салыстыруға мүлдем келмейді. Қара қытайдың қазіргі экономикалық даму қарқыны бүкіл əлемді тамсандырып, қорқытып отыр.

Қазіргі жағдай Кеңес-Американ бақталастығын еріксіз еске түсіреді. Адамзат ІІІ дүниежүзілік соғыстың алдында тұрған кез... Қырғиқабақ соғысы кезінде екі жақтың да қарулану деңгейі бүкіл əлемді шошытқан болатын. Алайда Мəскеудің жоспарлы саясаты мен қорғанысқа бөлген қомақты қаражаты, ел экономикасын күрт нашарлатып жібергені есімізде. Ал Ақ үй мұндай бағыттың дұрыс емес екенін уақытылы аңғарып, ел жағдайы мен экономиканы күшейтумен болған еді. Нəтижесін біз білеміз. Мамандар  дəл қазіргі Қытайды сол  кездегі  Америкамен, ал АҚШ-ты Кеңес Одағымен салыстырып отыр. Осылай жалғаса берсе Вашингтон Кеңестердің кейпіне енетіні сөзсіз дейді саясаткерлер. Қалай дегенменде, мұндай пессимистік болжамдарды Америка мамандары жоққа шығарып отыр.

Осылайша Пекин қарқынды даму үстінде. Ал Ақ үйдің қаржылық жағдайы нашарлап, экономикалық дағдарысқа душар болып отыр. Қазірдің өзінде, АҚШ-тың сыртқы қарыз мөлшері ішкі қарызын есептемегенде 15 триллион доллар шамасын құрап отыр. Экономистер қазірдің өзінде рөлдер ауысып жатыр дейді. Америка қарыздар болып жатса, ал Қытай ең үлкен кредитер атағына ие болуда.

Қалай дегенмен де АҚШ ұлы держава. Бұл атақ елде кем дегенде 20 жыл тұрады дейді мамандар. Өйткені Қытайдың бірқатар салада дамып кеткен Американы қуып жетуі əзірше екіталай. Алайда еркіндік елімен дұрыс бəсекелесе білудің арқасында, Пекин аймақтағы ықпал үшін күрес жүргізуді өз саясатының аса маңызды басымдылықтарының бірі деп санайды.

Сол себептен, Америка мен Қытай арасындағы аймақтағы ықпал үшін күрес қыза түспек. Азия Тынық мұхит аймағы екі ел үшін де өте маңызды. Қарқынды дамып келе жатқан Қытай үшін еркіндік аса маңызды саяси-экономикалық факторлардың бірі болып табылады. Еркін экономикалық қозғалыс  арқылы  ғана  Пекин  өз дамуын тұрақты түрде жүзеге асыра алады. Ал АҚШ бұл қарқынды дамуды тежеу үшін барын салмақ. Сол себепті  екі  елдің  арасын-  да үлкенді-кішілі əр түрлі саяси-идеологиялық келіспеушіліктуындапотырады. Бұлкикілжіңдер қазірдің өзінде орын алуда. Мəселен Қытай тарапынан адам құқығы, сөз бен дін бостандығы сияқты ережелердің сақталмауы Вашингтон жағынан үнемі қарсылыққа ұшырап отырады. Қытай экономикасының динамикалық дамуы мен ішкі жалпы өнімнің тез өсуімен қатар АҚШ пен Қытай арасындағы сауда-экономикалық қақтығыстар орын алуда. Бұл қақтығыстар юанның конверсиялау мəселесінен көрінеді. Тайвань мəселесі де аса өзекті. Жақында ғана Вашингтон бейбіт бірлестікке ұмтылған Пекиннен бөлініп шықпақ ниетте болып отырған Тайбэй еліне қару сатуды ойлаған. Мұны білген ресми Пекин, 4 млрд долларға жуық бағаланған келісімге қарсы шығып, Ақ үйге наразылығын білдіреді. Осылайша келісім бұзылып, Пекин жай табады. Бұл да бір АҚШ-тың Айдаһар еліне деген қысымы, сес көрсетудің бір тəсілі екені айдан анық. Келесі мəселе жер дауымен байланысты. Дəлірек айтсақ Ақ үйдің негізгі əріптесі саналатын Жапония мен Қытай арасындағы қарама-қайшылық. Қытай мамандарының ойынша қазіргі жапон иелігіндегі Дяоюйдао (Сэнкаку) аралы Қытайға тиесілі. Тарих бойынша, сонымен қатар халықаралық құқық нормаға сəйкес бұл қытай территориясы болып табылады. 1951 жылы АҚШ бұл жерді Қытай халқын кемсіту мақсатында заңсыз түрде Жапонияға берген екен. Қытайдың оңтүстік-шығыс көршілерімен қарым-қатынасының территориялық дауына жататын тағы бір мəселе, ол Спратли аралдарының тиістілігі. Тарихи тұрғыда бұл аралдар да Халық Республикасына жатады. Айдаһар елін ашуландыратын тағы бір мəселе Жапонияның Тайвань статусы жөніндегі тұрақсыздығы. Нақтырақ айтқанда Токионың жүйелі бір шешімге келе алмауы [4].

XІX ғасыр Еуропа, ал XX ғасыр АҚШ үстемдігімен өтсе, XXІ ғасыр азиялық болатыны туралы пікір кең таралуда. Ресей тарихшысы, ғалым А.И.  Уткиннің  пікірінше,  XXІ ғасырдағы АҚШ мақсаттарын келесідей анықтауға болады: Жапонияны бақылауды сақтап қалу мен Қытайдың өсуін тежеп, оның əлемдік экономикалық дамудың орталығы болатын əлем бөлігінің аймақтық лидеріне айналуды болдырмау.

Алайда Қытай мұнымен келіспейді. Халық Республикасының аймақтағы экономикалық жəне əскери-саяси күшке айналу талпынысы аса зор. Елдің қарулану қарқыны да өте күшті. Соңғы мəліметтер бойынша Айдаһар елі əскери техника сатып алу жағынан бірінші орынға шыққан. Бұл   қарудың   басым   бөлігін   Пекин Ресейден иемденуде. Бір қызығы қара қытай қаруды тек сатып алып қана қоймай оны дамытумен де айналысады. Яғни елдің əскери технология кешені де орасан зор өзгерістерге ұшырап жатыр. Бұл дегеніміз əлемдегі халқы ең көп ел заманға сай өз қаруын да жасап шығаруды қолға алып отыр. Ал жақында ғана Пекин басшысы Ху Цзиньтао өз генералдарына соғысқа дайындалуына бұйрық беріп, бүкіл əлемді өз аузына қаратқаны тағы бар [7]. Мұндай мəлімдемелер батыстың назарынан тыс қалмайтыны əуел бастан-ақ белгілі жайт. Сондағы қытай көсемінің мақсаты не деген сұрақ туындайды. Бұл да бір дипломатиялық қадам, əрине, соғысқа дайынбыз деуге келе қоймас, бірақ жағдай соған тіреп тұрса құр қарап қалмаймыз дегенге емеурін білдірумен пара-пар. Айдаһар елінің дамуындағы мұндай көрсеткіштер  Америкаға  қарсы  бағытталғаны туралы пікірлер Вашингтонда жиі естілуде. Оған дəлел ретінде жыл сайын басылымға шығатын АҚШ Қорғаныс министрлігінің Конгресске жасайтын  баяндамасынан  байқауға болады. Қытайдың əскери потенциалы  туралы бұл баяндамалар Пекиннің шын мəніндегі əскери шығындары ресми мəлімдемелермен салыстырғанда едəуір үлкен екенін көрсетіп отыр. Ол бойынша Қытай тек АҚШ пен Ресейге ғана жол береді. Сондықтан да Айдаһар елінің əлем мен аймақтағы өсіп келе жатқан ықпалы сөзсіз [8]. Аталған тенденция Тайвань мəселесін жəне жалпы аймақтағы жағдайды тұрақсыздандырады. Осы көзқарасты  Америка билігіндегі Қорғаныс министрі Д. Рамсфелд, Орталық Барлау Басқармасының  басшысы П. Госс жəне ұлттық барлау қызметінің басшысы Дж. Негропонте сияқты көптеген лауазымды тұлғалар ұстанады. Алайда жақында ғана жарық көрген «Қытайдың əскери потенциал» кітабы мұны да жоққа шығарып отыр. Американың бұрынғықорғанысминистрі Г. Браунсияқтыжəне тағы да басқа беделді эксперттерінің қатысуымен жазылған бұл кітапта өзге көзқарастар жазылған. Зерттеушілердің пікірі бойынша, Қытай «технология мен соғысқа қабілеттілігі жағынан Америкадан кем дегенде жиырма жыл артта қалған». Кітап авторларының   пікіріне   сүйенсек,  ҚХР «аймақтық держава болып  табылады»   жəне «келесі жиырма жыл ішінде Қытай əлемдік деңгейдегі əскери державаға айнала алмайды» делінген. Солай дей тұра, Америкаға қарсы бағытталған ҚХР əскери күштерінің модернизациясы, технологиялық тыңшылық бағдарламасы мен əскери саладағы Қытайдың басқа да жетістіктері АҚШ-қа қауіп келтіреді дегенге басылым авторлары келіспейді.

Геосаясат пен халықаралық қатынастар саласындағы бірқатар шетел мамандарының еңбектері зор қызығушылық тудырады. Олардың көбі батыс геосаясатының белгілі бір бағыттарын зерттеп қана қоймай, АҚШ сыртқы саясат бағытының анықталуына үлесін тигізген. Ф. Ратцель, Р. Челен, Х. Макиндер сияқты геосаясат  негізін  салушылардың   идеяларын  З. Бжезинский, Г. Киссинджер, С. Хантингтон, Ф. Фукуяма жалғастырған. З. Бжезинскийдің еңбегін АҚШ-тың жаһанды геосаясат стратегиясы туралы анықтама ретінде қарастыруға болады. Оның пікірі бойынша, Азия Тынық мұхит аймағында АҚШ-тың геостратегиясы келесі стратегиялық мақсатқа негізделуі керек: «Жапония энергиясын халықаралық арнаға бағыттау жəне Қытай қуатын аймақ мүдделерінде пайдалану». Осы мақсатты толығымен орындаса, Америка «Еуразияның шығыс бөлігінде геосаяси жағынан Еуропаның роліне жақын қадамдар жасай алады». Қазақстандық тарих ғылымында ҚР сыртқы саясатының əр түрлі аспектілері талданып, приоритетті бағыттардың бірі ретінде қытайлық жəне американдық бағыттар аталады. Алайда қазіргі таңдағы АҚШ-Қытай қарымқатынастары тақырыбы жерлестер тарапынан əлі де толық зерттелінбеген.

Болашақты болжау біздің қолымыздан келмейді. Бірақ та мүмкін болатын сценарийді түсінуге тырысу кез келген саясаткердің міндеті. АҚШ жақын болашақта өз үстемдігінен айырылады деген жорамалдарды тарату менің пікірімше əлі ерте. Жоғарыда айтылып кеткендей бұған нақты себептер мен дəлелдер бар. АҚШтың ұлы державалық саясат торы бүкіл əлемге жайылғаны сөзсіз. Өйткені Ақ үйдің əлемнің  кез келген жерінде өз мүддесі бар. Осындай бір мүддені ол демі біткенше қорғайтыны айдан анық. Егер Үлкен қытай мұндай шарттармен келіспесе, қарулы қақтығыстан құтылуға болмайтыны аян. Сондықтан Пекин өзінің кез келген қадамын терең ойлана барып жүргізу керектігін біледі. Ал біз басқа елдің тəжірибесіне сүйене отырып күшті жақты ғана таңдауымыз керек.

 

Əдебиет

 

  1. Foreign Policy Magazine – Hillary Clinton: America’s Pacific Century(http://www. com/articles/2011/10/11/ americas_pacific_century?page=full);
  2. Намыс Қазақстан ақпарат порталы (http:// www.namys.kz/?p=479)
  3. Big Trouble with big China (http://www. com/articles/2010/02/02/big_ trouble_with_big_china)
  4. Sino-American relations (http://en.wikipedia.org/ wiki/Sino-American_relations)
  5. Main goals of US-China Relation (http://www. cfr.org/china/us-china-relationship-policy-goals/ p9205)
  6. Карта будущей войны (http://rusrep.ru/2010/09/ karta_buduschey_voyny/)
  7. China Preparing For Future Fight With US (http:// rense.com/general38/conflict.htm)
  8. Бжезинский о закате США и новой роли Китая, Индии, Японии, России и ЕС (http://www. inosmi.ru/fareast/20120210/185545848.html)
Жыл: 2012
Қала: Алматы