Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Бірлескен іс-əрекет психологиялық зерттеулердің пəні ретінде

Ғылыми зерттеудің пəні  жəне  категория-  сы ретінде бірлескен іс-əрекет қазіргі психологияның жүйесінде əлі күнге дейін өзінің лайықты орнын алған емес. ХХ ғасырдың бірінші жартысында көрнекі ғалым В.М. Бехтерев өзінің ұжымдық рефлексологиясы шеңберінде зерттеушілерді адамның ұжымдық, бірлескен іс-əрекет жағдайында орындайтын бірдей іс-əрекеттің нəтижелерінің онымен дербес орындалатын іс-əрекет нəтижелерімен сəйкес келмейтіні жөніндегі фактіге назар аудартқан. Кейіннен осыған ұқсаса фактілер америкалық əлеуметтік психологтарымен ХХ ғасырдың екінші жартысында көптеп сипатталды жəне бұл құбылыстар «коакция» жəне «интеракция» деп аталды. Бірінші жағдайда адамның жанында басқа біреудің бар болуына байланысты іс-əрекет өнімділігінің жоғарылауы жөнінде сөз болса, ал екінші жағдайда өзінің жеке-дара дербес іс-əрекетіне қарағанда, интеракция жағдайында (өзара əрекеттесу, бірлескен əрекет) іс-əрекет нəтижелілігінің едəуір жоғарылауы жөнінде сөз болады.

ХХ ғасырдың 70-жылдарының басынан 80-жылдардың аяғына дейін интеракцияның бірлескен іс-əрекет субъектісінің өзінің даму деңгейінен тəуелділігін  анықтаған  интеракция феноменіне байланысты бірқатар зерттеулер жүргізілді. Соңғысының ең  жоғарғы даму деңгейі «ұжым» ұғымымен анықталды. Ұжымдық іс-əрекет формаларына тəн «жоғарғы нормативті іс-əрекет» феномені сипатталды [1]. Мұның өзінде ұжымдық іс-əрекет бірлескен ісəрекет дамуының жоғары деңгейі ретінде көрініс тапты. Бірақ бірлескен іс-əрекет жағдайында қалай  болса  да  адам  белсенділігінің   сапалы өзгерістерімен байланысты болатын түрлі психикалық процестерді жарты ғасырдан астам уақыт бойы қарастыруға қарамастан, бірлескен іс-əрекеттің өзі ерекше психологиялық феномен ретінде арнайы зерттелген жоқ.

70-жылдардың аяғы мен 80-жылдардың басында, ең алдымен, «Философия сұрақтары», ал содан кейін барып, «Психология сұрақтары» мен «Психологиялық журнал» беттерінде əйгілі кеңес психологтары А.А. Леонтьев пен Б.Ф. Ломовтың арасында психология тəжірибесіне жаңа категорияларды  енгізу  қажеттілігі  жөнінде  қызу пікірталас жүрді. Б.Ф. Ломов «қарым-қатынас» категориясын енгізу қажеттілігі жөнінде айтты. Оның пікірінше, бұл категория сол кездерде кеңестік психологияда үстем болған «іс-əрекет» категориясымен тең дəрежеде психикалық құбылыстарды сипаттауда психологияның категориалдық-ұғымдық аппаратын кеңейте алады. Ол бұл жерде психологияда «индивидтің ісəрекетіне қосылған процестердің бүкіл динамикасы «субъект-объект» қатынасы шеңберінде ойнайтын ретінде қарастырылатынан итермеленді. Берілген іс-əрекетті атқаратын индивидтің басқа индивидтермен өзара əрекеті жақшаның сыртына шығарылады. Жалпы психологиялық теорияның əрі қарай құрастырылуы индивидтердің бір-бірімен қарым-қатынасы жағдайында өтетін бірлескен іс-əрекетін талдауға көшуді  талап етеді [2]. Кейіннен Б.Ф. Ломовтың тұжырымдамасы шеңберінде жүргізілген зерттеулерде негізгі ықпал қарым-қатынас жағдайында қалыптасатын жəне дамитын əртүрлі психикалық құбылыстарды, соның ішінде психикалық процестерді зерттеуге жасалды. Ал бірлескен іс-əрекет арнайы зерттеу пəніне айнала алмады.

А.А. Леонтьев «іс-əрекеттің əлеуметтік детерминациясынан» шыға отырып, қарым-қатынасты ерекше іс-əрекет түрі ретінде қарастырды жəне сондықтан психологияның ғылыми аппаратына қарым-қатынас категориясын енгізуді қажет деп санамады. «Қарым-қатынасты іс-əрекеттің бір түрі ретінде қабылдай отырып, біз іс-əрекеттің психологиялық теориясы қарым-қатынасты талдауда сəтті қолданыла алатынын көре аламыз» [3]. Мұндай тұрғыда бірлескен іс-əрекет психологиялық зерттеудің шеңберінен мүлдем шығарылды.  «Түсініспеушілікті  тудырмау  үшін бұл мəселенің екі жақты қойылатынын айқындайық: а) қарым-қатынас өндірістік, рухани, эстетикалық жəне т.с.с. қатарында ерекше əлеуметтік іс-əрекет түрі болып табыла ма? б) қарым-қатынас іс-əрекеттің дербес молярлық бірлігі болып табыла ала ма? Мəселенің бірінші жағына байланысты айтылған пікірлерді қозғамай, біз тек екіншісін ғана талдаймыз», – деп атап көрсетеді А.А. Леонтьев [3].

Мəселенің қазіргі талдауында біз психологиялық сөздіктегі бірлескен іс-əрекет анықтамасын   пайдаланатын   болсақ,   ол    жерде  ол  «материалдық жəне рухани мəдениеттің объектілерін мақсатты түрде өндіруге (қайта өндіруге) бағытталған өзара əрекеттесетін индивидтердің белсенділігінің ұйымдасқан жүйесі» болып анықталады [4]. Бірлескен ісəрекеттің  айрықша  белгісі  ретінде   мақсаттың - яғни ортақ қызығушылықтарға жауап беріп, бірлескен іс-əрекетке қатысушы индивидтердің əрқайсысының қажеттіліктерін жүзеге асыруға ықпал ететін бірлескен іс-əрекеттің алдын ала болжанатын нəтижесінің болуы ерекше атап көрсетіледі. Мұның өзінде мақсатқа бірлескен ісəрекеттің құрылымдаушысы рөлі беріледі, себебі мақсат бірлескен іс-əрекет нəтижесінің алдыңғы бейнесі жəне оның бастапқы мезеті болып табылады. Əрі қарай қатысушылар арасындағы бірлескен іс-əрекетті мақсаттың сипаты, сондайақ оған жету тəсілдері жəне жағдайлары негізінде бөлісудің шарты атап өтіледі.

Психологиялық əдебиеттерде бар бірлескен іс-əрекет  жөніндегі  анықтамалардағы  қандай да бір айырмашылықтарға қарамастан, олардың барлығы бірлескен іс-əрекеттің қажетті белгілерінің бірі ретінде қатысушылардың  алдында бірдей,  ортақ  мақсаттың  болуы  жөнінде сөз болуымен ұқсас келеді. Алайда, өкінішке орай, бірлескен іс-əрекеттің ортақ мақсатын қалыптастыру мəселесі көпке дейін арнайы психологиялық зерттеулердің пəні болып табылмады. Сонымен қатар, «ортақ мақсат қалай құрылады жəне онымен жеке-дара мақсаттар қалай қатыстырылатыны жөніндегі сауал бірлескен іс-əрекеттің психологиялық зерттеуінде негізгі болып табылады. Оны шешуге байланысты тұрғы əлі құрастырылған жоқ», – деп атап көрсетеді өз монографиясында Б.Ф. Ломов [5].

Басқаша айтқанда, ортақ мақсатты қалыптастыру жөніндегі сауалды  шешуде  бір-  лескен іс-əрекеттегі мақсатқұру мəселесі орталық болып табылады. Жағдай бірлескен ісəрекет психологиялық феномен ретінде тек процессуалдық түрде ғана бар болатынымен қиындайды. Егер жеке-дара іс-əрекетті оның негізгі инвариантты сипаттамаларын сақтаумен бірге сан-алуан рет қайталап, жаңғырта алсақ, ал бірлескен іс-əрекеттің жиынтық субъектісін құрайтын өзара əрекеттесетін индивидтердің инвариантты параметрлерінің инварианттылығын қамтамасыз ету бірлескен іс-əрекетте мүмкін емес. Сондықтан бірлескен іс-əрекетті адекватты зерттеудің бірден бір жолы – ол  ортақ мақсатты қалыптастыру процесін – яғни бірлескен ісəрекеттің əрі қарай сəтті қызмет етуі мен дамуына жағдай жасайтын бірлескен іс-əрекеттегі мақсат құруды зерттеу. Мақсат құру процесі бірлескен іс-əрекеттің ішкі, нақты психологиялық жағы ретінде, бірлескен іс-əрекетті сыртқы, тікелей бақыланатын    жағынан    құрайтын    жекедара іс-əрекеттер мен əрекеттердің синтезі мен құрылымдау процесін анықтайды.

Бірлескен іс-əрекеттегі мақсат құру сияқты өзекті, маңызды жəне күрделі мəселені шешуге байланысты тұтас тұрғыны құрастыруға тырыспай, біз ең басынан бастап, мүмкін болатын тұрғылардың қатарында өз зерттеуіміздің орнын анықтағымыз келеді. Жүйелік талдау принциптеріне сүйену бірлескен іс-əрекеттегі мақсат құру мəселесін шешуге мүмкіндік беретін тұрғылардың ішінде кем дегенде, үш негізгі деңгейді айқындауға мүмкіндік береді.

Біріншісі, талдаудың едəуір жалпы деңгейі мета-деңгей деп атала алады. Бұған бірлескен іс-əрекеттегі мақсат құру мəселесін қою мен құрастыруға ең жалпы теориялық-əдіснамалық талаптар анықталынатын жалпы философиялық жəне жалпыəдіснамалық сипаттағы еңбектерді жатқызуға болады. Біз А.А. Леонтьев [3] пен Б.Ф. Ломовтың [2], [5] еңбектері жөнінде айтып отырмыз.

Талдаудың  екінші деңгейі –  макро-деңгейге психологияның негізінен қолданбалы салаларында жəне ең алдымен, əлеуметтік психологияда жүзеге асырылатын жеке-теориялық жəне жалпы əдістемелік сипаттағы жұмыстар кіреді. Бірақ бірлескен іс-əрекеттегі мақсат құру мəселесі əлеуметтік психологияда əлі нақты қойылмағанымен, бірлескен іс-əрекеттің негізгі сипаттамаларының бірі ретінде ортақ мақсаттың болуы қабылданатын барлық зерттеулерде ол имплицитті түрде көрініс тапты [6], [7]. Бұл жұмыстарды бірлескен іс-əрекеттегі мақсат құру мəселесін əлі зерттелушілердің өзімен саналанбағанымен, оны құрастыру жолындағы бірінші кезең ретінде қарастыруға болады. Бірақ дəл осы əлеуметтік психологтардың жұмыстары бірлескен іс-əрекетті құрылымдаудың нақты механизмдерін теориялық жəне эксперименттік зерттеуге негізгі талаптарды белгілеуге мүмкіндік берді.

Үшінші талдаудың микро-деңгейі  бірлескен іс-əрекеттегі ортақ мақсатты құру процесінің  өзін  зерттеуге бағытталған біздің зерттеулеріміздің шеңберінде жүзеге асырылды [8]. Мақсат құру процесін бірлескен іс-əрекетте қарастыру мағынасындағы мақсат құру процесін қарастыруда принципиалды жаңа тұрғыға деген қажеттілік неге байланысты пайда болды?

Бұл сауалға жауапты тек мақсатқұрудың генезисін қарастыруға бет  бұрғанда  ғана  табуға болады. Ол үшін «мақсатқұрудың «жасаушысын», шарттарын табу үшін əрекетттің психологиялық сипаттамасына қайтып оралу қажет», – деп атап өткен О.К. Тихомиров [9]. Мұндай жағдайда берілген мəселеге байланысты ғылыми тұрғы ең алдымен, əрекеттің генезисін, пайда болу бастамасын қарастыруды қажет етеді.

«Қалайша əрекеттің туындауы, яғни іс-əрекеттің заты мен оның мотивін ажырату пайда болады? Мұның өзі табиғатқа бірлескен ұжымдық əсер ету процесі жағдайында мүмкін бола алатыны айқын» [10].

Бəрімізге мəлім Л.С. Выготский нақты психологиялық зерттеуге адам психикасы табиғатының тарихи идеясын, қоғамдық-тарихи жəне онтогенездік даму барысында психикалық процестердің табиғи механизмдерінің түрленуі идеясын ең алғаш енгізді. Түрлендіру адаммен оның қоршаған адамдармен қарым-қатынасы барысында адамзат мəдениетінің өнімдерін игеруінің қажетті нəтижесі ретінде ұғынылды.

Іс-əрекеттің психологиялық теориясын құрастыруда А.Н. Леонтьев былай деп көрсетеді: «... сыртқы арнайы адамдық психологиялық процестер тек қана адамның адаммен өзара əрекеті барысында ғана туындай алады жəне содан кейін барып,  индивидтің  өзімен  дербес орындалады; мұның өзінде олардың кейбіреулері өзінің бастапқы сыртқы формасын жоғалтып, интрапсихикалық процестерге айналады» [11]. Психологияның классиктерімен қоғамдық-тарихи жəне онтогенездік даму барысында психикалық процестердің генезисінің əлеуметтік контексті арнайы атап көрсетілді. Бұл контекст мақсат құрудың онтогенездік дамуының негізгі заңына сəйкес О.К. Тихомировтың мақсатқұруына байланысты нақтыланған болатын: «... ең басында адамдар арасында бөлісілген мақсат қою мен оларға жету, содан соң барып, бір адамның іс-əрекетінде бірігеді» [9].

Осылайша,  бастапқыда,  адамдар  арасында бөлісілген мақсатқұру мен мақсатқа жету процестерінің жəне кейіннен олардың бір адамның іс-əрекетінде бірігуінің эксперименттік зерттеуі бүкіл мақсат құру мəселесінің орталық міндеті болып табылады. Соныменбірге, бұл жерде көп нəрсе əлі түсініксіз болып қалады, себебі қалайша «бір адамның іс-əрекетінде бастапқыда адамдар арасында бөлісілген мақсатқұру мен мақсатқа жету процестері бірігеді...» [9].

Жоғарыда қарастырылған жұмыстарда берілген сауалға жауап тек ең жалпылама түрде берілген. Оның мəні жаңа мақсаттарды тудыру процесі болып түсінілетін мақсат құру интерпсихикалық құрылымның əрекеттерді тудыру процесінің бейнелеуі болып табылатынында. Əрекеттер адамның адаммен өзара əрекетінде, интериоризация процесі барысында сыртқы практикалық іс-əрекетте қалыптасып, ішкі, психикалыққа «айналады». Əрі қарай, психикалық «жеке-дара» əрекеттер жаңа əрекеттерді «тудыру» процесіне қосылып, өз алдына интрапсихикалық жоспарда мақсат құру ретінде бейнеленеді.

Алайда жаңа əрекеттерді «тудыру» процесі қалай жүзеге асатыны түсініксіз болып қалады, себебі əрекеттердің интериоризациясы əрекеттің тууын қамтамасыз еткен қажеттіліктік-мотивациялық кешеннің интериоризациясы болып табылады. Жаңа əрекеттерді «тудыру» процесі субъектінің өзін-өзі реттеу қабілетінің салдары болып табылады, яғни субъект жаңа мақсаттарды өзі дербес қоя біліп, мақсатқа  жету барысында іс-əрекетті  бағалай  жəне түзете алады, сонымен бірге интериоризация процесінде бұрын игерілмеген жаңа əрекеттерді өндіре алады. Ескеретін жағдай, «кейде «интериоризация» ұғымын оның мəнін тар ететін іс-əрекеттің сыртқы физикалық жоспарынан оның ішкі, идеалдық жоспарына ауысу ретінде ғана түсінеді» [12]. Ал біз интериоризация ұғымының астарында тек қана «практикалықидеалдылық» жазықтығында ғана емес, сонымен қатар «əлеуметтік (бірлескен) – жеке-дара» жазықтығындағы түрленулерді де ұғынамыз.

Өзін-өзі реттеуге деген қабілеттің қалыптасуы бір субъектіде бұрын екі субъекті арасында бөлісілген қызметтің қосылуы процесінде жүзеге асады деп есептеуге болады. Осылайша, онтогенезде ересек пен бала арасындағы өзара əрекет былайша іске асады: бағалау жəне түзету функциялары ересекте, ал орындау қызметі балада болады. Бала əлі өз іс-əрекетін орындау барысында оны бағалай да, түзете де  алмайды. Онда тек бағыты мен мазмұны ересекпен көрсетілетін  белгілі  бір  əрекеттерді орындауға деген дайындығы ғана болады. Мұның өзінде əрекет ететін бала өз əрекеттерінің мағынасын да, құндылығын да, жететін мақсаттың мəнділігін де түсіне алмауы мүмкін. Сондықтан сыртқы, заттық əрекеттердің интериоризациясы мағыналардың, құндылықтардың, бағалардың интериоризациясын білдірмейді. Нақты  осыдан да, тұлғаның мағыналық құрылымдарының даму мəселесі ерекше мəнге ие болмақ.

Сондықтан да сөз тұлғаның  сапалық  өзгерісі жөнінде болмақ. Бұл өзгерістің мағынасы балада бар əрекет жасауға деген тенденциясының эмоциялық-бағалаулық ынталандыру механизмімен қосылуында. Адамның психикасында дəл осындай байланыстың қалыптасуы өзін-өзі реттеуге қабілетті іс-əрекет субъектісі болуға мүмкіндік береді [13]. Дəл осыған психикалық функциялардың  дамуы түрлі функциялардың жетілуі жолымен емес, ал едəуір күрделі іс-əрекеттерді реттеуге мүмкіндік беретін олардың жүйелерге бірігуі жолымен жүретініне көңіл аударған болатын. Осылайша, ол психологиялық жүйелердің құрылуының маңызды сəттерінің бірі ретінде эмоциялар мен бағдарлардың байланысына тура көрсетті.

Бір адамның іс-əрекетінде мақсат құру мен мақсатқа жетудің бірігу процесінің зерттеуі негізгі біріктіруші фактор – қарым-қатынастың арнайы талдауын қажет етеді. Себебі қарымқатынас арқылы бірігу индивидтердің  ісəрекеті процесінде жүзеге  асады.  Сондықтан  да басты міндет бірлескен іс-əрекеттегі мақсат құруды талдау болып табылады. Осылайша, мақсатқұруды зерттеулердің даму логикасы оның жеке-дара іс-əрекеттегі зерттеуінен оны бірлескен іс-əрекетте зерттеуіне ауысуына алып келеді, себебі бұл мақсат құруды зерттеуде жаңа мүмкіншіліктерді, əсіресе оның əлеуметтік жəне онтогенетикалық аспектілерін ашады.

 

Əдебиеттер

 

  1. Немов Р.С. Сверхнормативная деятельность как выражение активной социальной позиции коллектива и личности // Вопросы психологии. – 1985. – №4. – С. 93-101.
  2. Ломов Б.Ф. Общение и социальная регуляция поведения индивида // Психологические проблемы социальной регуляции поведения. – М., 1976. – С.
  3. Леонтьев А.А. Деятельность и общение //Вопросы философии. – 1979. – №1. – С.121-132.
  4. Психология. Словарь / под общ. ред. А.В. Петровского, М.Г. Ярошевского. – М., 1990. – 94 с.
  5. Ломов Б.Ф. Методологические и теоретические проблемы психологии. – М., – 335 с.
  6. Андреева Г.М. Социальная психология. –М., 2007. – 416 с.
  7. Донцов А.И.  Психология  коллектива. –М.,1984. – 208 с.
  8. Жақыпов С. Оқыту процесіндегі танымдық іс-əрекет психологиясы. – Алматы, 2008. – 216 б.
  9. Психологические механизмы целеобразования / под ред. О.К. Тихомирова.  – М.,– 258 с.
  10. Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики. – М., 1972. – 575 с.
  11. Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. – М., 1975. – 304 с.
  12. Асмолов А.Г. Личность как предмет психологического исследования. – М., – 105 с.
  13. Выготский Л.С.  Собрание  сочинений:  в 6-ти т. – Т.3. Проблемы развития психики. – М.,1983. – 368 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.