Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Əлеуметтік сала мамандарының қоғамдық қатынастардың гуманистік мазмұнын қалыптастырудағы рөлі

Қазіргі тұлғаның сапасы өмір сүрудің сапасымен, қоғамның əлеуметтік əл-ауқатының деңгейімен, дүниетанымдық принциптермен жəне қарым-қатынас жасау түрімен анықталады. Таза табиғи орта, тұрғын үйдің, тамақтанудың сапасы жəне бос уақытты мəдени өткізу бұл адамның денсаулығының ғана емес, сонымен қатар тұтасымен қоғамның мəдениетінің көрсеткіші болып табылады. Тұлғаның физиологиялық, психологиялық жəне рухани денсаулығының жақсы көрсеткіштері қоғамның əлеуметтік тұрғыдан салауаттылығының жоғары екендігін дəлелдейді.Тұлғаментабиғаттың,қоғамныңжəне оның институттарының арасында əлеуметтік серіктестікке негізделген байланыстардың қалыптасуы – қоғамдық қатынастардың тұрақтылығының белгісі. Қоғамда дүниетанымдық көзқарастары сапалы білім, руханилық жəне адамгершілікке бағытталған тұлғалардың қалыптасуы əлеуметтік сфераның үлгісінің тұрақтылығының индикаторы болып табылады. Əлеуметтік сфераның дамуының тұрақты үлгісін қалыптастыруда осы саланың мəселелерін шешуге тікелей үлес қосып жүрген мамандар əлеуметтанушылар мен əлеуметтік жұмыскерлерді кəсіби біліктілікке үйретуде білім институттарының алатын орны ерекше.

Қазақстан мемлекетінің дамыған 50 ел қатарына қосылу перспективасы, сонымен қатар əлеуметтік мемлекет ретінде өзін əлемге таныту мақсаттары əлеуметтік саланың мамандарын дайындауға көп талаптар қойып отыр. Шын  мəнінде,  əлеуметтік   мемлекет   құру үшін халықтың барлық топтарының мүдделерін қорғайтын əлеуметтік саясаттың болуы міндетті. Əлеуметтік сфераның дамуы елімізде жүріп жатқан реформаның əлеуметтік бағытталғандығының көрінісі бола алады. Халықтың əл-ауқатының көтерілуі табыстың көтерілуінен, тұтыну тауарларын өндірудің ұлғаюынан ғана емес, сонымен қатар өмір сүру сапасынан да көрінеді.

Əлеуметтанушы мамандар қоғамның əлеуметтік ауруларының диагнозын қойып, олардың пайда болу себептерін анықтап, тиімді түрде шешу жолдарын ұсынып отырады. Кең мағынасында алып қарағанда, əлеуметтану – қоғамның негізгі салаларының əлеуметтік сферамен байланысты аспектілерін зерттейтін ғылым. Əрбір экономикалық, саяси, мəдени, құқықтық мəселелердің əлеуметтік аспектілері бар.

Қоғам – əлеуметтік жүйе. Əлеуметтік жүйенің элементтерінің бір-бірімен қарым-қатынасының   сипаты,   олардың   қоғамға  интеграция жасау ерекшеліктері, əлеуметтік даулардың мəні,   қоғамды  дамытудағы  жасампаздық рөлі – бұл мəселелердің барлығы əлеуметтанушығалымдардың назарында болуы тиіс. Егер əлеуметтанушылар халықтың барлық топтарының əлеуметтік жағдайларына, қоғамдағы əлеуметтік мəртебелеріне, əлеуметтік қамтамасыз етілу мүмкіндіктеріне назар аударып,  макро жəне микро деңгейдегі өзекті мəселелерге, олардың қоғамның əлеуметтік жағдайына тигізетін əсеріне зерттеу  жүргізетін  болса,  онда əлеуметтік жұмыскерлер өз зерттеулерін халықтың мүмкіндігі шектеулі, аз қамтамасыз етілген топтарына, бұл топтардың əлеуметтік жағдайларын жақсарту жолдарын іздестіруге, тиімді əдістер мен технологияларды таңдауға бағыттайды. Əлеуметтік жұмыскерлер қоғамда қиын жағдайда отырған, ортаға бейімделуге мүмкіндіктері шектеулі жəне басқа да əртүрлі əлеуметтік көмек түрлеріне өте зəру топтарға көмек көрсетумен айналысады.

Əлеуметтану мен əлеуметтік жұмыс мамандығының Қазақстанда даму перспективасына басты назар аудару бұл мамандықтар бойынша шет елдердің мамандар дайындау тəжірибелеріне ден қою, олардың əлеуметтік қызмет орталықтарымен байланыс жасай отырып, тəжірибе алмасуды талап етеді. Мысалы: батыс елдерінің тəжірибесі құқықтық қамтамасыз етілудің құқықтық жазықтықты қалыптастыру, заңдық талаптарды бекіту, нормативтік актілерді жасау мен қабылдау, əлеуметтік қызмет көрсетудің құқықтық нормативтік реттестірілуі, яғни халықтың түрлі топтарымен əлеуметтік жұмыс жүргізудің құқықтық нормативтік тұрғыдан бір жүйеге келтірілуімен байланысты екендігін көрсетеді.

Əлеуметтану мен əлеуметтік жұмыс қоғамдық қатынастардың гуманистік мазмұнын қалыптастыруға ерекше үлес қосатын жаңадан қалыптасып келе жатқан ғылымдар қатарына жатады. Бұл саладағы мамандар адамдардың өзөздеріне көмектесе білу қабілеттерін жетілдіруге, өз мүмкіндіктерін дамытуға, бір-біріне жанашырлықпен қарауға қажетті сапаларын қалыптастыруға қолдау көрсетіп, көмектеседі. Əрбір адамның өз ресурстарын тиімді пайдалану арқылы тұлғалық сапаларын қалыптастыруына қолдау жасау, əлеуметтік саланың мамандарының басты міндеттерінің бірі.

Дербестік  пен  қайталанбас  жеке тұлғалық белгілерді қалыптастыру – қазіргі заманның талабы. Бұл талаптар əлеуметтік саланың мамандарын дайындайтынғылымдардың жаңа əдістемелік концепциялары мен технологияларында, əдістері мен ыңғайларында ерекше көрініс тапқан.

Əлеуметтік жұмыс – универсалды əлеуметтік институт. Оның таратушылары барлық адамдарға мəртебелеріне, ұлтына, дініне, нəсіліне, жасына жəне басқа да жағдайларына қарамастан көмек көрсетеді. Көмек көрсетудің басты өлшемі – адамдардың көмекке зəру болуы, көмекті қажет етуі жəне өзінің күшімен  қиыншылықтарды жеңе алмауы.

Əлеуметтік жұмыс институты – азаматтық қоғамның басты атрибуты. Сондықтан да əлеуметтік жұмыскердің қызметі мемлекеттік заңдармен реттеліп отырады. Əлеуметтік сала маманы, əлеуметтік терапевт қызметін атқарып, клиенттің өзінің ресурсына сүйенуі арқылы өз мəселесін шешуіне көмектесуі қажет. Кедейшілікпен күрес əлеуметтік жұмыстың негізгі міндеті болып есептелгенімен бұл ғылымды тек қана осындай адамдар тобымен шектеуге ешқандай негіз жоқ. Өмірде бақытсыздық пен аурудың əсерінен өте жақсы тұратын отбасылар да қиындыққа ұшырап, көмекті қажет етеді. Ерлізайыптылар арасындағы қатынастарды бұзатын отбасылық мəселелер əлеуметтік мəртебесіне, материалдық жағдайына қарамастан əрбір отбасында орын алуы мүмкін. Қоғамда дағдарыстық жағдайлардың орын  алуының  созылып кетуі, адамгершілік-материалдық құндылықтар жүйесінің күйреуі психологиялық көмектің көп адамдарға керек екендігін көрсетеді. Жұмыссыздықтың орын алуы, жұмыстан шығу қаупінің күшеюі адамдардың өз-өздерін қамтамасыз етіп, өзіндік жұмыс  көзін  табу-  ына мүмкіндік беретін əлеуметтік қызмет орындарының рөлінің көтерілуіне алып келеді. Сондықтан да қазіргі уақытта əлеуметтік сала мамандарына деген қажеттілік өте жоғары болып табылады.

Қазақстанда экономиканың дамуының əлеуметтік мақсаттарға бағытталуы, кəсіпкерліктің əлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыру шаралары мемлекетіміздің əлеуметтік мəселелерді шешуге толық бет бұрғандығын көрсетеді.

Əлеуметтік мақсаттар қоғамның өз азаматтарының бірдей бастапқы мүмкіндіктерін қамтамасыз ету, адамдар арасында азаматтық байланыстарды бекіту, отбасылық  қатынастарда тұрақтылықты қалыптастыру, əйелдер жұмысбастылығына қолдау көрсету, табыстың əділ бөлінуін қадағалау, қоғамдық құрылымның ұлттық ерекшелігін сақтаумен байланысты гуманистік перспективасын анықтайды.

Əлеуметтік серіктестік, əлеуметтік бейімдеу, ынталандыру – мемлекеттің əлеуметтік саясатының тиімділігін қамтамасыз ететін негізгі стратегиялық бағыттар. Қоғамдық өмірдің өзгеруі жағдайында дамыған нарық қоғамында тиімді түрде əрекет етуші əлеуметтік сфераны қалыптастырған шет елдердің тəжірибесіне баса назар аудару өте маңызды. Еуропаның əлеуметтік қорғау үлгісі жалпыға ортақ игілік мемлекеті теориясына негізделеді. Оның негізінде адамның табиғи құқығы концепциясы жатыр. Бұл мемлекеттер халықтың өмір сүру деңгейінің қажетті минимумын қамтамасыз етуге байланысты экономикалық потенциал қалыптастыруды  негізгі мақсат ретінде қарастырады. Экономикалық өмірдің либерализациялануы нарық реттегіштерін ендіруге, мінез-құлықтың экономикалық үлгісін қалыптастыруға, өзгерген жағдайларға тұлғаның белсенді бейімделуіне кең мүмкіндіктер жасайды.

Шын мəнінде, ХХI ғасырда əлеуметтік сфера қоғамның басты сфераларының біріне айналып отыр. Сондықтан да əлеуметтік сала мамандарын дайындау, халықтың түрлі топтарына əлеуметтік тұрғыдан қолдау көрсетудің жолдарын жетілдіру стратегиялық тұрғыдан маңызды. Дамыған елдердің тəжірибесіне сүйену қоғамның дамуының белгілі бір кезеңінде қалыптасатын əлеуметтік мəселелер мен оларды шешуге бағытталған əлеуметтік жұмыстың түрлері арасындағы тығыз байланыстың бар екендігін көрсетеді.

Қазақстанның түрлі аймақтарына ұдайы түрде жүргізіліп отыратын социологиялық зерттеулерреспубликаныңбарлықаймақтарынаортақ жəне оның жеке аймақтарына ғана тəн əлеуметтік мəселелердің бар екендігін көрсетіп отыр. Шет ел тəжірибесін белсенді түрде қабылдау арқылы оны еліміздің нақты жағдайларына сай қолдана білу, əлеуметтік жұмыстың аймақтық үлгілерін қалыптастыру қазіргі кезеңде аса өзекті.

Материалдық мүмкіндіктердің шектеулігі, тұрғын үймен қамтамасыз етілу деңгейінің төмендігі, жұмыссыздықтың өсуі, ажырасу тенденциясының күшеюі, т.б. бірқатар мəселелер Қазақстанның барлық аймақтарына ортақ əлеуметтік мəселелер болса, онда экологиялық зардаптар көбінесе жеке аймақтарға тəн. Инфраструктураның даму деңгейінің төмендігі, əлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің жеткіліксіздігі əлеуметтік сала мамандарының алыс-шалғай жатқан аудандар мен ауылдарға барып қызмет етуіне кедергі келтіруде. Туысқандық қарым-қатынастардың   қазақ    отбасыларында кеңінен орын алуы əлеуметтік жұмыстың жеткіліксіздігін білдіртпей тұрғандай. Ресми емес қарым-қатынастар жүйесінің (туысқандар, достар, көршілер, т.б.) қоғамда кеңінен  орын алуы дағдарыстарға байланысты туындаған қиындықтарды халықтың түрлі топтарының жеңіп шығуына мүмкіндік беруде.

Мемлекетте əлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің дамығандығының маңызды белгісі оның инфраструктурасы болып табылады. Қазақстанда əлеуметтік көмек көрсету мекемелерінің кəсіби тұрғыдан қалыптасуына кедергі келтіретін түрлі факторларды атап өтуге болады. Оларға мемлекеттік жəне жергілікті деңгейде қаржылық ресурстардың, əлеуметтік жұмыс саласынан кəсіби дайындығы бар мамандардың жеткіліксіздігі, əлеуметтік қызмет көрсету орындарында қызметкерлердің жалақыларының төмендігі, үкіметтік емес мекемелердің мүмкіндіктерінің (қаржылық, экономикалық, интеллектуалдық, т.б.) толық қолданылмауы жатады.

Əлеуметтік салада көптеген мəселелердің дұрыс шешілуі қоғамның типіне жəне биліктің жүзеге асырылу ерекшелігіне тікелей байланысты.Халықтыңқажеттіліктеріменкөзқарастарына, пікірлеріне биліктің сезімталдығы адамдардың əлеуметтік белсенділіктеріне тікелей əсер етеді.

Əлемдік теория мен практикада мемлекетті құруға байланысты оның  кешенді  сипаттамасы ретінде қолданылатын «əлеуметтік мемлекет» ұғымы кеңінен орын алуда. Қазақстан Республикасының Конституциясында біздің еліміз адам, оның өмірі, құқығы мен бостандығы басты құндылық болып есептелетін əлеуметтік мемлекет ретінде көрсетіледі. Əлеуметтік мемлекет – барлық азаматтардың əлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ететін мемлекеттің жоғары дамыған түрі. Мұндай мемлекетте халықты əлеуметтік қорғаудың тұрақты үлгісін қалыптастыру аса маңызды.

Қоғамда негізгі өзгерістерді жүзеге асыруға, оның экономикалық, саяси жəне рухани потенциалының объективті мүмкіндіктерін қолдануға əсер ететін механизмге мемлекеттің əлеуметтік саясаты жатады. Қазіргі əлеуметтік саясат кеңес үкіметі кезеңіндегідей жаппай, адрессіз көмек көрсетуді қолдамайды. Мұның себебі тек қана мемлекеттің экономикалық қиыншылықтарынан емес, адамға қатысты көзқарастардың өзгеруінен, яғни жеке жауапкершілік пен инициативаның рөлінің артуынан болып табылады.

Қоғамның гуманистік перспективалары əлеуметтік сфераны толық жəне тұрақты дамытумен байланысты. Гуманизм адамға құндылық ретінде қарауды қалыптастыруды көздейді. Осындай құндылықтарды қалыптастыруда əлеуметтанушылар мен əлеуметтік жұмыскерлер негізгі рөл атқаруы тиіс. Адамды дамытудың негізгі мақсаты – олардың ұзақ, салауатты өмір сүруіне мүмкіндік беретін саяси, экономикалық жəне əлеуметтік, экологиялық ортаны қалыптастыру. Адамды жəне ол жасаған өркениетті гумандандыру білімнің гуманитандырылуын, басқару жүйесінің гуманистік басқару əдістеріне негізделуін талап етеді.

Тұрақты даму жеке адамның ішкі дүниесінің өзгеруінен, оның өзіне, айналасындағы басқа адамдарға  жəне  табиғатқа қарым-қатынасынан көрінеді. Бұл өз іс-əрекетінде моральдық, этикалық принциптерді басшылыққа алатын адамдар арқылы жүзегеасады. Қоғамның жаңаша даму парадигмасы мəдениетке, білімге, ақпаратқа баса назар аударып, қоғам мен табиғат арасындағы қарым-қатынастардың дүниетанымдық негіздерін қайта қалыптастыруды талап етеді. Қоғамдағы қиындықтарды шешуге мүмкіндік беретін адамдық ресурстың сапасы болып табылады. Бұл сапалар адамдардың білімдік, мəдени даму деңгейлерінен көрінеді.

Тұрақты дамуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін мемлекеттің түрі – əлеуметтік мемлекет. Бұл адамдардың жоғары деңгейде қорғалуын қамтамасыз ететін жоғары дамыған мемлекеттің түрі. Əлеуметтік мемлекеттің қазақстандық үлгісінің қалыптасуына, оның гуманистік перспективаларының шын мəнінде практикада жүзеге асырылуына тікелей аянбай еңбек ететін əлеуметтік сала мамандары. Олай болса, əлеуметтанушылар мен əлеуметтік жұмыскерлерді дайындауды əлемдік стандартқа сай, сонымен бірге Қазақстанның ұлттық мемлекет ретінде дамуының мақсаттарын ескере отырып жүзеге асырған жөн.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.