Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жоғары білім берудегі оқу жетістіктерін сырттай бағалау

Кірiспе

 Қазақстанның жоғары мектебінің əлемдік білім деңгейіне жетуі жəне бірыңғай білім кеңістігіне енуі тиіс. Осы мақсатқа жетудің механизмі– Болон процесінің параметрлерін орындау болып табылады.

Еліміздің əлемдік білім кеңістігіне жақындауы үшін Болон декларациясына  қол  қою білім беру жүйесін реформалаудың тəртібі мен əдістерін қарастыруды талап етті.

 Негізгі бөлім

 Жоғары оқу орындары (ЖОО) көрсететін білім беру қызметін мемлекеттік деңгейде реттеу мақсатында 2005 жылдан бастап екінші курсты бітірген студенттер үшін (медицинада – үшінші курсты бітіргеннен кейін) мемлекеттік аралық бақылау (МАБ) енгізілді.  Оқыту  мерзімі қысқартылған нысандары жəне өнер мамандықтары бойынша білім алушы студенттер МАБ рəсіміне қатыспады.

МАБ-тың міндеттері:

  • білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды жүзеге асыру;
  • оқу процесін ұйымдастырудың тиімділігін бағалау;
  • білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметінің сапасына салыстырмалы талдау.

МАБ кешенді тестілеу түрінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына (МЖМБС) кіретін 3 жалпы білім беретін жəне 2 базалық пəн бойынша жүргізілді. Жалпы білім беретін міндетті пəндері ретінде: «Информатика», «Философия», «Шет тілі» енгізілді. Ал базалық циклдегі пəндерді Республикалық оқуəдістемелік кеңестің секциялары ұсынды. Əр пəн бойынша 25 тестік тапсырма, барлығы бес пəннен 125 тапсырма. Тестілеу уақыты – 180 минут (3 сағат).

МАБ 2004-2011 жылдар аралығында кезеңмен енгізіліп, өткізілді. Студенттердің білім деңгейін анықтау үшін шекті деңгей белгіленді (1-кесте).

Мемлекет тарапынан жылдан-жылға білім сапасына қойылған талаптың жоғарылағанын (шекті деңгей: 2004 ж. – 30%, 2006 ж. – 35%,2008 ж. – 40%) 1-кестеден көруге болады. Шекті деңгейді белгілеу арқылы мемлекеттік реттеу жүргізілді.

МАБ нəтижесі бойынша 2007 жылға дейін студенттерге сертификаттар беріліп, шекті деңгейден өтпеген студент келесі курсқа көшірілмеді. МАБ-қа қатыспаған жəне шекті деңгейден өте алмаған студенттерге  МАБ  қайта өткізілді. 2008 жылдан ЖОО-лар білім алушылардың тізімдік құрамының кемінде 70%-ының қатысуын қамтамасыз етуге тиісті болды.

 1-кесте – МАБ енгізу кезеңдері

 2005 жылға дейін Республикада жоғары білім беретін ұйымдардың саны 210 болған, оның ішінде ЖОО – 160, филиал – 45 жəне өкілдік – 5. МАБ нəтижелері білім беру қызметіндегі орын алған кемшіліктерді айқындап, ЖОО филиалдарының жабылуы мен ЖОО-лардың санының азаюына ықпал етті.  Нəтижесінде  2011 жылы МАБ-қа қатысқаны – 140 ЖОО-ның студенттері.

ЖОО-лардың білім беру қызметінің сапасын арттырудағы МАБ-тың қосқан үлесі айтарлықтай болды.

МАБ-тың нəтижесінде оқу процесінде орын алған кемшіліктер анықталып, жойылды. ЖООлар оқытушыларға деген талаптарын күшейтсе, оқытушылар өз кезегінде студенттерге  сапа-  лы білім беруді қолға алды. МАБ өзінің негізгі міндеттерін орындағаннан кейін жоғары білім беру сапасын мониторингілеуді жаңа, жоғары деңгейге көтеру қажеттілігі туындады. Осыған байланысты Білім жəне ғылым министрлігінде МАБ мəселелерін талқылау бойынша жұмыс тобы құрылып, оның шешімі бойынша Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020    жылдарға    арналған мемлекеттік бағдарламасында жоғары білім сапасын бағалау жүйесін жетілдіру көзделді.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңындағы өзгерістерге байланысты 2012 жылы бітіруші курс студенттерінің оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОЖСБ) рəсімі енгізілді.

ОЖСБ білім беру ұйымдарындағы оқыту сапасын тəуелсіз мониторингілеу түрінің бірі болып табылады. ОЖСБ білім беру саласының сапасын бағалау жəне негізгі орта, жалпы орта беретін мекемелердің оқу бағдарламаларын жəне жоғары білім беру стандарттында көзделген оқу пəндерінің деңгейін айқындау мақсатында жүзеге асырылады. ОЖСБ жоғары білім беруде білім алуды аяқтағаннан кейін оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламасын меңгеруді мониторингілеу мақсатында іріктеліп жүргізіледі¹.

ОЖСБ-ның басты мақсаты білім беру қызметін бағалау жəне ЖОО-лардың тек қана нəтижеге бейімделуін, яғни ЖОО даярлаған маманның қаншалықты бəсекеге қабілетті екендігін анықтау болып табылады.

ОЖСБ-ның міндеттері:

  • білім алушылардың оқу жетістіктерін мониторингілеуді жүзеге асыру;
  • оқу процесін ұйымдастырудың тиімділігін бағалау;
  • білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметінің сапасына салыстырмалы талдау жасау болып табылады.

ОЖСБ-ның енгізу кезеңдері 1-суретте көрсетілген.

ОЖСБ өткізу үшін МЖМБС-ның базалық жəне бейінді циклдеріне кіретін 4 пəн бойынша тест тапсырмалары пайдаланылады. Əрбір пəн  бойынша  тест  тапсырмаларының  саны  –Оның ішінде: 8 тапсырма (32%) – жеңіл (1-ші деңгей), 11 тапсырма (44%) – орташа (2ші деңгей), 6 тапсырма (24%) – күрделі (3-ші деңгей). Тестілеу уақыты – 150 минут (2,5 сағат). ОЖСБ-да алғаш рет тест тапсырмаларының жаңа түрі –  берілген  жауаптар  нұсқасынан бір немесе бірнеше дұрыс жауаптарын таңдау тест  қолданылды.Тест тапсырмаларының бұл түрі дұрыс жауаптарды болжап табуды болдырмауға жəне білімді толығымен, əділ бағалауға мүмкіндік береді. Мұндай тапсырмаларда барлық дұрыс жауап үшін 2 балл, бір қате болса, 1 балл, 2 жəне одан да көп қате үшін 0 балл тағайындалады. Тест тапсырушы дұрыс жауаптардың нақты санын білмеуі қажет, себебі ол дұрыс жауаптардың тиісті санын табуға емес,мазмұнына көңіл бөлуі тиіс.

Тест дайындау жəне тестілеу нəтижелерін бағалаутүрлерінанықтаубарысында, тестология, квалиметрия саласындағы əйгілі ғалымдардың (Пру Андерсен, Джордж Морган, Винсент Грини, В.В. Аванесов жəне т.б.) еңбектерін жəне осы саладағы жетекші ұйымдардың (ECTS, CICED, CITO, ФИПИ) тəжірибелерін, ықтималдықтар теориясы жəне математикалық статистика əдістерін қолдану арқылы білімнің жеткілікті минимумы белгіленді. Ұлттық тестілеу орталығы ОЖСБ нəтижесін кредиттік оқыту технологиясы бойынша бағалау жүйесіне ауыстыру шкаласын ғылыми-техникалық кеңесте талқылап, бекітті (2-кесте).

ОЖСБ-ны жыл сайын өткізу арқылы жоғары білім сапасының деңгейін айқындап, олардың көрсететін білім беру қызметіне салыстыр-  малы талдау жасауға болады. Сонымен бірге ОЖСБ нəтижесі əр мамандық бойынша білім алушылардың оқу жетістіктеріне мониторинг жүргізуге, оқу процесін тиімді ұйымдастыруын бағалауға, ЖОО-лар көрсететін білім беру қызметінің сапасына салыстырмалы талдау жасауға мүмкіндік береді.

Білім беру ұйымдарында ОЖСБ өткізу қағидаларының сақталуын бақылауды Білім жəне ғылым саласындағы бақылау комитетінің аумақтық органдары жəне базалық жоғары оқу орындарына жіберілген министрліктің өкілдері жүзеге асырады.

Министрлік өкілдерінің қатысуымен 2013 жылы қарашаның 6-9 аралығында ОЖСБ өткізілді, оған 106 ЖОО-ның білім, құқық, экономика, жаратылыстану жəне ауылшаруашылық ғылымдары бойынша білім алып жатқан студенттері қатысты.

 2-кесте – ОЖСБ нəтижесі балдарын кредиттік бағалау жүйесіне ауыстыру шкаласы

 1-сурет – ОЖСБ-ны енгізу кезеңдері

 Тестілеу нəтижесі бойынша төмен көрсеткіш көрсеткен студенттерге ЖОО тарапынан қысым болдырмау мақсатында, Ұлттық тестілеу орталығы ОЖСБ нəтижесі ведомосттерінде студенттердің аты-жөнін көрсетпей, жауап парағындағы сандық таңбамен белгіледі.

ОЖСБ  нəтижесіне   салыстырмалы   талдау жасауда кластеризация əдісі қолданылды. Осы əдісті пайдаланып мамандықтар бағыты, оқыту нысаны, ЖОО мəртебесі жəне ЖОО-дағы студенттердің контингенті бойынша кластерлік талдау жүргізілді. ОЖСБ-ға қатысуға тіркелген 75658 студенттің 53398-і қатысты, бұл 70,58 % құрайды. Тестілеуге қатыспағандардың басым бөлігі (76%) сырттай оқу бөлімінің студенттері. Тестілеуге қатысқандардың 33703-і қазақ бөлімінде, 19695-і орыс бөлімінде оқиды. Республика бойынша орташа балл – 69,40, қазақ бөлімі – 64,78, орыс бөлімі – 77,31. Əр мамандық бағыттары бойынша мəліметтер 3-кестеде толық көрсетілген.

ОЖСБ нəтижелерін салыстырмалы талдаудан мамандық бағыттары бойынша  ең жоғары нəтиже көрсеткен «Ауылшаруашылық ғылымдары» бағытының студенттері (орташа балы 81,08) екенін көруге болады. Мамандық бағыттары бойынша ең төменгі нəтиже көрсеткен «Білім» бағытының студенттері (орташа балл – 64,36) (2-сурет).

2013 жылғы ОЖСБ-ның ерекшелігі күндізгі оқу бөлімінің студенттерімен қатар  сырттай  оқу бөлімінде оқитын студенттер де қатысты. Тестілеуге қатысушылар саны: күндізгі бөлімде оқитындар – 36034 студент, ал сырттай білім алушылар саны – 17364. 3-суретте мамандық бағыттары бойынша ОЖСБ-ға қатысқан күндізгі жəне сырттай оқу бөлімдерінің студенттерінің саны берілген.

           3-кесте – Мамандық бағыттары бойынша студенттер контингенті

2-сурет – Мамандық бағыттары бойынша студенттердің алған балын дəстүрлі баға кесіндісіндегі пайыздық жəне орташа балл көрсеткіші  3-сурет – Мамандық бағыттары кесіндісіндегі оқыту нысаны бойынша студенттердің саны

Тестілеу нəтижесі көрсеткендей, оқыту нысандары бойынша білім алушылардың білім сапасы көрсеткішінде айтарлықтай айырмашылық бар екені байқалады. Күндізгі оқу нысанындағы студенттердің орташа балы – 74,31, сырттай оқитын студенттердің орташа балы – 59,21. 4-суретте барлық бағыттар бойынша күндізгі жəне сырттай оқу нысандарының орташа балы берілген.

Оқу нысандары бойынша студенттердің тестілеу нəтижелерін көруге болады. Барлық бағыт бойынша студенттердің басым бөлігі (19,41 %) 71-90 балл аралығында жинаған, студенттердің 13,32%-ы 51-60 балл аралығында нəтиже көрсеткен. Тек қана 1 студент 181-200 балл аралығында нəтиже көрсеткен (5-сурет).

ОЖСБ  нəтижесі  негізінде  тестілеуге қатысқан 106 ЖОО-лардың мəртебесі бойынша кластерлік талдау жасалынды. Олардың: 6-сы – ұлттық, 25-і – мемлекеттік, 57-сі – жекеменшік, 4-еуі – азаматтық емес, 14-і – акционерлік.

Республика бойынша жекеменшік ЖООлардың ОЖСБ-ға қатысуға өтініш берген студенттерінің 39,8%-ы тестілеуге қатыспағанын 6-суреттен көруге болады.

Студенттердің бағаларын ЖОО-лардың мəртебесі бойынша қарастыратын болсақ, «2» алғандардың 46,1%-ы жекеменшік ЖОО-лардың студенттері екенін көреміз. Республика бойынша орташа балл 69,4 болса, бұл көрсеткіш жекеменшік ЖОО-ларында – 58,8. Орташа балл бойынша ең жоғарғы көрсеткішті акционерлік (80,3) жəне ұлттық (73,9) ЖОО-лардың студенттері көрсеткен (7-сурет).

 4-сурет – Мамандық бағыттары кесіндісіндегі оқу нысаны бойынша студенттердің орташа балы   5-сурет – Күндізгі жəне сырттай оқу бөлімдері студенттерінің нəтижелеріне салыстырмалы талдау

 

   7-сурет – 2013 жылғы ОЖСБ нəтижесінің ЖОО мəртебесі бойынша кластерлік талдауы

4-кестеде ЖОО мəртебесі бойынша бағыттар кесіндісіндегікластерлікталдаужасалған. Мұнда республика бойынша жекеменшік ЖОО-лардың ауылшаруашылық ғылымдары бағытындағы мамандарды дайындауда үлесі өте аз екендігін көреміз (19 ЖОО-ның 2-еуі жекеменшік).

 4-кесте – ЖОО мəртебесі бойынша бағыттар кесіндісіндегі кластерлік талдауы

  4-кестенің жалғасы 8-сурет – Студенттер санына байланысты ЖОО-лар саны

ОЖСБ нəтижесі бойынша тестілеуге қатысқан студенттердің санына байланысты ЖОО-лар 5 кластерге бөлінді (8-сурет):

  • 1-кластер – 300-ден аса студенті бар ЖООлар;
  • кластер – 200-ден 300-ге дейін; 3кластер – 100-ден 200-ге дейін; 4кластер – 50-ден 100-ге дейін; 5кластер – 50-ге дейін.

 ОЖСБ нəтижесі ЖОО, бағыт, мамандық, пəндер бойынша өңделіп, оларға салыстырмалы    талдау    жасалды.    Мысал ретінде бір университеттің əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес бағытының нəтижесін ұсынуға болады (9-сурет).

 9-сурет – Бір ЖОО-ның ОЖСБ нəтижесін республика нəтижесімен салыстырмалы талдау

 9-суреттегі талдау 5 параметр бойынша жүргізілді: «2», «3», «4», «5» алғандар саны жəне орташа балл.

Көрсетілген ЖОО-ның ОЖСБ нəтижесін республикалық нəтижемен салыстырып қарастыратын болсақ, республика бойынша əлеуметтік  ғылымдар,  экономика  жəне  бизнес бағытының орташа балы – 76,75, ал қарастырылған    университеттің  орташа балы -107,41. Диаграммадан бұл университеттің республика көрсеткішімен салыстырғанда «2», «3» алған студенттер бөлігінің аз екендігін, ал «4»,«5» алған студенттердің көп екенін көре аламыз. Яғни, бұл университеттің əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес бағыты бойынша дайындалатын мамандықтарының білім сапасы анағұрлым жоғары екенін көрсетеді.

Ал енді осы университеттің «Есеп жəне аудит» пен «Қаржы» мамандықтарын салыстырып қарайтын болсақ, мамандықтардың дайындық деңгейі əртүрлі екенін көреміз (10-сурет).

Диаграммада көрсетілгендей, республика бойынша «Есеп жəне аудит» мамандығының «5» алған студенттер саны 2,65% құраса, қарастырып отырған университеттің осы мамандығының көрсеткіші – 11,57%, «2» алған студентер – 18,77%.  «Қаржы»  мамандығының  республика бойынша «5» алған студенттер саны 2,81% құраса, бұл ЖОО-ның осы мамандығының көрсеткіші  –  5,49%,  «2»  алғандар  –  33,70%.

Демек, ОЖСБ нəтижесі бір ЖОО-ның өзінде мамандықтар бойынша студенттердің дайындық деңгейілерін салыстырмалы түрде талдауға мүмкіндік береді.

 Қорытынды

 ОЖСБ нəтижесінде ЖОО-лар арасында, ЖОО-ның мамандық бағыттары, оқыту нысандары, мамандықтары, тіпті пəндер бойынша талдау жасау арқылы олардың білім деңгейінің жоғары немесе төмен тұстарын көруге жəне оқу процесін ұйымдастырудың тиімділігін бағалауға болады.

ОЖСБ нəтижесі Ұлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kz сайтында жарияланған. Сұраныстары бойынша ЖОО-ларға мамандық жəне пəндер кесіндісінде статистикалық деректерді кесте, диаграмма түрінде дайындайды.

ОЖСБ мемлекеттік мониторинг жүргізуге, оның нəтижесі еліміздің ЖОО-лар көрсетіп отырған білім сапасын бағалауға, ЖОО-лар рейтингісін анықтауға мүмкіндік  береді.  Бұл  өз кезегінде ЖОО-ларды сапалы білім беруге ынталандырады. Осы мониторингтің нəтижесі Қазақстан азаматтарына ЖОО-лардың көрсетіп отырған білім сапасына жəне профессороқытушылардың білім беру  деңгейіне  мəн  бере отырып, оқу орнын, мамандығын дұрыс таңдауына жол ашады.

10-сурет – «Есеп жəне аудит», «Қаржы» мамандықтары бойынша бір ЖОО-ның жəне республиканың көрсеткіштеріне салыстырмалы талдау

 

Əдебиеттер

 

  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. – Астана,
  2. ҚР БҒМ 2012 жылғы 6 сəуіріндегі № 151 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалауды өткізу жөніндегі нұсқаулық. – Астана,

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.