Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жоғары оқу орнында болашақ маманның бəсекеге қабілеттілігін арттыруда көптілді ортаны қалыптастырудың маңыздылығы

Кіріспе

 Қоғамның бүгінгі дамуы  еңбек  рыногын-  да мамандардың тек ұлттық құндылықтарды ғана емес жаһандық адами құндылықтарды да қатар меңгеріп, ескеруін керек етеді. Өйткені бүгінгі мамандардың əрекет кеңістігі мен білімді меңгеру  шеңбері  барынша  ауқымды.   Əйтсе де бүгінгі бəсекелестік заманы мамандардың қоғамдық сұраныстарды зерттей отырып, барынша өміршең тəжірибе мен білімді таңдауын, оны тиімді қолдана білуге қабілетті болуын қажетсініп отыр. Бұл өз кезегінде көпмəдениетті тұлға ретінде көптілді жетік меңгерген маманды қалыптастырумен шешімін таппақ.

Осы тұста егеменді еліміздің болашақ бағдарының үштұғырлы тілдер саясатын негізге алуы – бүгінгі ақпараттық қоғамның жаһандық мəдениет кеңістінен орын алғандығының көрінісі. Өйткені бұл бүгінгі қоғамның талабы жəне дамыған елдермен теңдей дамуға талпынысы.

Көптілді білім – көп мəдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі.  Бүгінгі  таңда  көп  тілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, əлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаев өзінің «Жаңа əлемдегі жаңа Қазақстан» атты мақаласында: «Біз білім беру саласының өзекті мəселелерін қайта қарастыруды талап ететін, адам қызметінің барлық салалары жаһандану үдерісін кешіп жатқан дəуірде өмір сүріп, жұмыс істейміз. Егемен еліміздің болашақ бағдарының ұштұғырлы тілдер саясатын негізге алып отырғаны – бүгінгі ақпараттық қоғамның жəне қашанда өз өктемдігін жүргізетін уақыт пен заманның талабы. Себебі тарих бір орында тұрмайды,  əлем  жұртшылығының  алдында тарихи қажеттіліктен туындаған, айналып өтіп  кетуге  болмайтын  үлкен  бір  сын  тұр. Ол

– «жаһандану», «жаһандасу», «ғаламдастыру» деп түрліше аталып жүрген бүкіл əлемде бастау алып жатқан санаспауға болмайтын ғаламдық қозғалыс. Тілдің үштұғырлық негізінің сипаты Республикалық білім кеңістігінде шетел тілін білудің ерекшелікке ие тұстарын туындатады. Осыған орай, бүгінде тек үш тұғырлы тіл аясында емес, яғни қазақ-орыс-ағылшын, орысқазақ-ағылшын үштілділігімен қоса, қазақараб-ағылшын, қазақ-қытай-ағылшын жəне т.б. сияқты үштілділіктер де жарыса жүретіндігі анықталуда. Халықаралық қарым-қатынас тілі ретінде араб, кытай, тілдері де басым бағыттарға ие болмақ. Демек, шетел тілін ана тілі негізінде үйрету, үйренетін тілдің қарым-қатынасқа қажетті тілдік аспектілерімен қатар, сөйлеу рəсімі мен əдебиетін ұлттық мəдениет пен мəдениетаралық байланыстарға негіздеу шетел тілін үйрету əдістемесінің жаңа тұрпатты сипатына айналуы тиіс. ІІІетел тілін еркін меңгеру арқылы халқымызға жат түрлі субмəдениеттің таралуын   мүддеге   қойған   жəне   түрлі шетел компанияларының мүдделерін жария жəне жасырын түрде тарататын жайттар да кездесіп жүр. Тіл үйренушінің коммуникациялық хабардарлығы қазақ елінің, халқының,  тари-  хы мен мəдениетін, экономикасын салыстыра, салғастыра дамытуға кызмет етуі қажеттілік болып тұр, тіпті, міндеттілік деген де ойда-  мыз. Өйткені мемлекеттік тілдің ертеңі мен болашағына, қазақ тілінің құндылықтар төрінен сөзсіз орын алуына тиісті тетіктерді дамытуға бүкіл қауым, ата-ана, тəрбиеші, оқытушы, саясаткер, қызметкер, оқушы, студент, болып қорғап калуға атсалысуымыз қажет. Қазақ тілін жанжақты өркендету мəселесі тек Тіл комитетінің немесе тіл ғылымының құзырындағы мəселе емес, оны ұлттық сана, ұлттық мəдениеттің алға басуы, өрлеуі дегенмен тікелей байланысты ақиқат деп түсінген дұрыс болар еді. Сондықтан бүгінгі таңда ақпараттық жəне коммуникативтік құзыреттілікпен  қатар  көпмəдениеттілік те жаһандық білім беру қауымдастығының тануынша білім беру саласының негізгі құзыреттілігі жəне жаһандық білім кеңістігін қалыптастырудағы басты бағыттардың бірі болып саналады. Көпмəдени жəне көптілді  білім беру мəселесінің өзектілігі бүкіл əлемнің экономикалық, мəдени жəне саяси салаларының интеграциясына бет алуымен тығыз байланысты. Біздің тануымызша, көптілді білім беру бірнеше тілді қатар оқу арқылы арнайы білім алу жəне əртүрлі елдер мен ұлттардың тарихимəдени жəне əлеуметтік тəжірибелерін меңгеру жəне соның көмегімен əлемдік мəдениетке мақсатты түрде қосылу үдерісі» деп айтуы бүгінгі көпмəдениетті мамандарды тəрбиелеу қажеттілігін нақты ескертіп отырғандығы [1].

Олай болса, бүгінгі педагогика ғылымының алдында ХХІ ғасырдың білім беру стратегияларын дайындау қажеттілігі тұр. Көп мəдениетті негіздегі көп ұлтты қоғамның білім беру жүйесін құру педагогикадағы басым  бағыттардың біріне айналып отырғанымен, қазіргі кезде бұл проблеманы шешудің толыққанды тетіктері қалыптасқан жоқ.

Əлеуметтік саланы тұрақтандыруға, ұлтаралық қатынастар саласында жинақталған тəжірибені сыни тұрғыдан талдауға мүмкіндік беретін ұлтаралық қатынастар мəдениетін тəрбиелеудің теориясы мен практикасын дайындау қажеттілігі қазіргі кезде өзекті мəселе болып отыр. Жас ұрпақтың бойында ұлтаралық қатынастардың рухани-адамгершілік  мəдениетін тəрбиелеудегі бұрыннан қолданылып келген əдістері мен тəсілдері қазіргі талаптарға жауап бере алмайды.

 Негізгі бөлім

 Көптілділікті қажетсіну мен ендіру жаһандық білім кеңістігінде қолданылып жүрген жəне тиімділігін көрсетіп келе жатқан тың тəжірибе. Мысалы, еуропа азаматтарына шет тілдерін үйрету саласындағы негізгі мақсат ретінде Еуропалық кеңес көптілділікті ұсынады: Еуропаның əрбір тұрғыны кем дегенде екі шет тілін  меңгеруі, оның бірін жетік білуі тиіс. Барлық еуропалық мектептерде бірінші шет тілі ретінде міндетті түрде оқытылатын ағылшын тілімен  қатар,  ең көп оқытылатын тілдер экономикалық жағынан дамыған шетелдердің тілдері болып табылады [2]. Қазіргі таңда адам қызметінің барлық салаларында жаһандану үрдісінің ықпалы кең етек алып орын алғандықтан, білім беру саласында да қайта қарастырулар жетілдіруде. Сол себептен ақпараттық-комуникативтік құзырлықпен қатар,          полимəдениеттілік  бүгінгі уақытта əлемдік білім беру қоғамдастығының кеңістігін қалыптастыратын білім беру құзырлығының басты бағыттарының бірі ретінде анықталды.

Энциклопедиялық сөздіктерде көптілділік белгілі бір көпұлтты  аумақта  бірнеше  (үш жəне одан да көп) тілдердің əрекет етуі ретінде түсіндіріледі; сөйлесу қажеттілігіне қарай адамның бірнеше тілді білуі мен қолдануы. Көптеген аймақтарда көптілділік құбылысы қостілділік сияқты жиі кездесе бермейді, себебі бірнеше тілдерді қолданудың деңгейі жəне қызметтік мəртебесі шағын аймаққа ие. Ол көбіне жалпы білім беретін мектептерде жəне басқа да оқу орындарында оқытумен шектеледі.

«Көптілділік» термині (ағылшын тілінде – multilingualism, mehrsprachigeit) қоғамда əртүрлі тілдердің таралуы, жеке тұлғалардың бірнеше тілдік құралдар арқылы сөйлесу мүмкіндігі ретінде түсіндіріледі [3]. Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Қазақстан – жалпы тарихи тағдыры ұштасқан 130-дан астам этникалық топтар өкілдерінің ұлт бірлігі топтасқан, серпінді даму үстіндегі ел. Бүгінгі күні біздің қоғамымызда қостілділік біртіндеп көптілділікке ауысып келеді. Бұл көптілділіктің негізгі басымдығы ана тіліне беріледі, өйткені, қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде меңгеру азаматтардың бірігуіне ықпал етсе, орыс тілі ғылыми-техникалық ақпарат  көзі  болып  табылады,  ал  шетел  тілі адамдардың өзін-өзі əлемдік қоғамдастыққа сəйкестендіру қабілеттерін дамыту үшін қажет деп ойлаймын. Тіл саясаты саласына қатысты барлық құжаттарда бірнеше тілді білу өзекті мəселе болып табылады жəне бұл – уақыт талабы. Қостілділік мəселелерді зерттеуге қатысты көптеген қазақстандық ғалымдардың еңбектері бар. Мысалы: Б. Хасанұлы, Д. Сүлейменова, З.Қ. Ахметжанова, т.б. Ел тəуелсіздігін тіл тəуелсіздігімен астастыра қарап, туған тілдің тұғырын биіктету қамы қолға алынғалы да біраз уақыт болды. Осы кезең ішінде Қазақстанда тілдік, демографиялық жəне əлеуметтікэкономикалық өмірде жаңа жағдай қалыптасты. Бүгінгі таңда елімізде мемлекеттік тіл өмірдің түрлі салаларында неғұрлым қажетті тілге айналып отыр. Елбасының Жолдауында айтылған Қазақстан экономикасы дамуының басты бағыттарының бірі – адами капиталдың сапалы дамуы үшін «Еліміздің ертеңі – бүгінгі ұрпақ қолында» деп үлкен үміт артып, ал олардың тағдыры ұстаздардың қолында екенін баса айтқан болатын. Бұл – ұстазға деген үлкен сенім, сол сенім үрдісінен шығуда асқан жауапкершілік керек. Сол сияқты Елбасының «Тілдердің үштұғырлылығы» жобасы қоғамның қолдауына ие болып жəне оның жүзеге асыру – біздің еліміздегі əр азаматтың парызы деп есептеймін. Жаһандану заманында ұлттық тіліміздің дамуы, оның қызметі мен мəні орынды қолданылғанда ғана ұлт тілегі, мемлекет пен халық мүддесінің орындалары сөзсіз.

Сондықтан біздің елдегі жоғары оқу орындарында көптілді білім беруді тиімді ұйымдастыру арқылы көпмəдениетті маманды тəрбиелеу мүмкіндігі жоғары. Орта қалыптастыру мүмкіндігі орасан. Сондықтан да Елбасы Қазақстан халқына 2007 жылғы Жолдауында үш тілдің орны мен мəртебесін анықтай келе былай деп атап көрсеткен болатын: «Тілдердің үштұғырлығы» мəдени жобасын кезеңдеп іске асыруды қолға алуды ұсынамын. Қазақстан бүкіл əлемге халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуы тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі жəне ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі [4]. Əйтсе  де,  көп  мəдениетті  негіздегі  көп ұлтты қоғамның білім беру жүйесін құру педагогикадағы басым бағыттардың біріне айналып отырғанымен, қазіргі кезде бұл проблеманы шешудің толыққанды тетіктерін қалыптастыруда бірқатар қиындықтар орын алып келеді.

«Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа саналы, мағыналы, өнегелі тəрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы. Тілдің адам өміріндегі ең шешуші рөл атқаратыны əркімге де түсінікті. Ол танудың, түсінудің, дамудың құралы. Көп тіл білу біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық жəне мəдениаралық қарым-қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады.

Қазақстан  Республикасының  шетелдермен  халықаралық  байланыстары   күнненкүнге арта түсуде. Сол байланыстарды дамыту үшін шет тілін білетін мамандар қажет-ақ. Біз Президентіміз Н.Ə. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы білім беру  жүйесінде үш тілдің – мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін, ұлтаралық қатынас тілі ретінде орыс тілін жəне əлемдік экономикаға үйлесімді кірігу тілі ретінде ағылшын тілін меңгерген, бəсекеге қабілетті маман даярлау міндетін атап көрсеткенін білеміз. Бұл өз кезегінде оқу орындарына жаңа міндеттер, жаңа талап, жаңа мақсаттар қояды. Нақты айтар болсақ, бүгінгі жоғары оқу орындарындағы маман даярлау саясатының негізгі мақсаты – өмірден өз орнын таңдай алатын өзара қарымқатынаста өзін еркін ұстап, кез  келген  ортаға тез бейімделетін, белгілі бір  ғылым  саласында білімі мен білігін көрсете алатын, көптілді жəне көпмəдениетті құзіреттіліктерді игерген полимəдениетті жеке тұлға қалыптастыру болып табылады.  Тек  жоғары  оқу  орындарында ғана емес, сонымен бірге мектептерде де көптілді білім беру үшін тілді терең меңгерген мұғалімдер дайындау жұмысы да талап етіліп келеді, өйткені жоғары оқу орнында білім алушылар құзіреттілігін мектептен  бастау  алатын негіз қажет. Бір жағынан  мемлекеттік тілдің қызмет аясын кеңейту бізде шешімін таппай жатқан мəселе. Ол ұлттық келісім мен қазақстандық патриотизмнің рөлін арттырудағы ең басты мəселелердің бірі. Бүгінде орыс тілінің лингвистикалық белсенділігін сақтау жəне ағылшын тілін жаhандану экономикасындағы ғылыми – ақпарат алудағы желісін кеңейту негізгі тақырыбына айналды.

Еліміздің басқа мемлекеттермен қарымқатынасы артып  отырған  шақта  ағылшын  тілін еркін меңгерген, келешекте білімін түрлі саладағы қарым-қатынас жағдайында пайдалана алатын адамды мектеп қабырғасынан оқытып шығару – біздің қазіргі кездегі міндетіміз.

Қазіргі кездегі білім саласына қойылатын талап жас маманның кəсіби білімділігін, біліктілігі мен дағдысын жаһандық мазмұнмен сабақтастыруды қойып отыр. Сондықтан, жоғары оқу орнының білім беру міндеттерінің негізгілерінің бірі – студентті шынайы əлем жағдайындағы өмірге дайындау [5].

Əйтсе де, болашақ мамандарды даярлауда шетел тілдерін меңгерту маңызды болғанымен де, ең алдымен, мемлекеттік тілді білу басты мақсатымыз болып қала береді. Бұл жөнінде ел бірлігі доктринасында мемлекеттік тіл ұлттық жəне рухани бірліктің басты факторы, негізгі басымдығы ретінде айқындалған. Оны меңгеру əрбір Қазақстан азаматының парызы мен міндеті саналып, жеке өзінің бəсекеге қабілеттілігі мен қоғамдық өмірге араласуының белсенділігін айқындайтын ынталандырушы тетік болуға тиіс. Қазіргі кезде оқушыларға ағылшын тілін оқытудың əртүрлі деңгейлеріне сəйкес оқытудың  жаңа  технологияларын,  ақпараттық жəне компьютерлік жүйелер арқылы ізденіс жұмыстарын жандандыра  түсудің  барлық мүмкіндіктері жасалған. Шетел тілін оқытуда лингафондық құрал-жабдықтар, аудио, видео кешені – оқушылардың ауызша жəне  жазбаша аударудағы білім жетілдіру, сөздік қорын қосымша жаңа сөздермен байыту, толықтыру, ой-өрісін дамыту мақсатында қолданылады. Сондай-ақ  оқыту    процесінде    мультимедия бағдарламасының  көмегімен, ғаламтордан алынған əлемдік  жағдайлар,  педагогикалық технологиялардың түрлі əдіс-тəсілдері, коммуникативтік  бағыттағы оқыту элементтері кең қолданылады. Тілге байланысты оқу процесінде жүйелі жетілдіру жұмыстары жүргізіліп отырады, атап айтсақ, ашық сабақтар, пікір-сайыстар, семинар, конференциялар, практикалық сабақтар, дөңгелек үстелдер, кездесулер, өзара сабаққа қатынасып талдау, оқушылардың зерттеу жұмысымен  айналысулары, сонымен қатар студенттердің  жеке  ізденіс  жұмыстарына  басшылық ету.

Қазақстанның болашағы көптілді білім берумен қатар жоғары оқу орнының білім беру саласында осы мақсатты жүзеге асыратын мамандардың білімін жаһандық талаптарға сай жетілдіру мəселесі болып саналады. Еліміздің дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы елдермен экономикалық, саяси, мəдени байланыстарының нығаюы, кеңеюі бір шетел тілін немесе бірнеше шетел  тілдерін  жетік  меңгерген  білікті мамандарды қажетсінуде. Сондай-ақ жоғары оқу орындарында білім беру үлгісіне ауысу оқытушының инновациялық, шығармашылық тұрғыдан ойлауын талап етеді. Кəсіби педагогикалық шеберлікті, шынайылықты талап ететін қазіргі заманда ұстаздың əрбір ісін, жоспарын мұқият зерделеуін қажетсінеді. Яғни жаңаша білім беруде оқытушыларға қойылатын талаптар барған сайын күрделеніп, сатылы қиындатылып барады. Осыған сай бүнігі күнгі көптілді білім берудің мақсаты əлем бірлестігінің жағдайында бəсекеге түсе алатын көптілді тұлғаны дамыту деп айқындалып жүр.

Нəтижеде көптілді меңгерген, өзін-өзі əлеуметтік жəне кəсіби басқаруға, өздігінен дамуға, өздігінен жетілуге қабілетті тұлғаның қалыптасуы күтілуде.  Сондықтан  жоғары  білім беруді жаңартудың негізгі құжаттарында ең негізгі мақсат білікті маман даярлау деп көрсетілген болатын. Ол жауапкершілігі  мол,  өз мамандығы бойынша халықаралық стандарт деңгейінде тиімді іс-əрекетке қабілетті, кəсіби деңгейінің өсуіне ынталы, əлеуметтік жəне кəсіби бейімділігі жоғары, үш тілді: мемлекеттік тіл – қазақ тілін, ұлтаралық қатынас құралы ретінде орыс тілін, дүниежүзілік экономикалық кеңістікке кірігу тілі ретінде ағылшын тілін еркін меңгерген тұлға болуы тиіс. Бұл міндетті шешудің маңыздылығы Қазақстанның жаhандану жағдайында ұлттық білім жүйесінің бəсекеге қабілеттілігін арттыруға ұмтылысымен анықталады. Қазақстандықтардың үш тілді еркін меңгеруі туралы идеяны тəжірибе жүзінде іске асыру бүгінде отандық мектептен маманның шығармашылық өзін-өзі жетілдіру саласын дамытуға, мемлекеттік тілдің қоғамдық өмірдің барлық саласында қызмет етуін қамтамасыз етуге, оның ұлтаралық келісім мен Қазақстандық патриотизмді нығыйту факторы ретіндегі рөлін арттыруға, орыс тілінің лингвистік белсенділігін сақтауға жəне ағылшын тілін ғылыми ақпарат пен жаhандану экономикасына сəтті кірігу тілі ретінде енгізу бағытталған көптілді білім беруді енгізуді талап етеді. Бұл мəселенің бүгінде мемлекеттік деңгейде талқыланып, білім реформалары аясында қарастырылып отырғандығы қуантады.

Қазіргі таңда жоғары оқу орнының білімгерлерімен компьютермен, интернетпен, интербелсенді тақтамен сабақ өткізу толығымен жолға қойылып отыр. Көптеген оқытушылар осы уақытқа дейін техникалық құралдармен сабақ өтіп, оның қаншалықты тиімді екенін дəлелдеді.

Компьютермен сабақ өткізу арқылы оның қолданылуын үйрене отырып, телесабақтарды тың, жаңа деңгейде өткізуге, оқытушы мен оқушының қарым-қатынасының педагогикалық жəне методикалық тұрғыдан сараланып алынған алуан түрлі қызмет түрлерінің қолданылуы жүзеге асады. Компьютерді қолдану барысында өздерін қызықтыратын əртүрлі мəселелерді шешуге болады жəне талқылайды. Компьютермен студент жазады, оқиды, түрлі тестер орындайды. Техникалық құралдарды пайдаланудың ең тиімді жағы уақытты ұтады, дəл, тиянақты оқуматериалдарын алдын ала дайындап, студентке беріп отырады. Сонымен қатар болашақ маман ақпараттық құралдарды жетік меңгеру, Power Point, Active Studio бағдарламаларымен жұмыс істеп қана қоймай үнемі интернет жүйесіндегі жаңалықтар мен өзгерістерді өзінің кəсіби шеберлігінеқолданабілу, білімкеңістігінкеңейту, ашу бағытындағы өзгерістер мен əлемдік білім беру кеңістігіне кіруге талпынуы керек. Соңғы кезде уақыт көрсетіп отырғандай, мұғаліммен салыстырғанда студентке көп ақпарат болатыны кейінгі көрсетілген тəжірибелер дəлелдеп отыр. Сондықтан əрбір оқытушы өз қызметіне ақпараттық технологияны пайдалана білуі кажет. Бұл мəселе білім беруді ақпаратттындырудың қажетті шартына айналып отыр.

Қазіргі кезде адамның кəсіби шеберлігіне, білім өрісіне, зиялылық жəне танымдылық деңгейіне өмірдің өзі биік талаптар қойып отыр. Сондықтан көптілді білім беру бағдарламасы аясында үштілді меңгеру тəжірибесін жинақтап, əлемдік деңгейде көтерілуіміз керек. Бұл студенттердің халықаралық жобаларға қатысуын кеңейту, шетелдік əріптестермен ғылыми байланыстарын нығайтуға, шетел тілдеріндегі ақпарат көздеріне қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Елдің ертеңі өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарын өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны əлемдік озық ой-пікірімен ұштастырған сапалы білім мен тəрбие берілуі қажет.

Көптеген жоғары оқу орындарында көптілді  білім  беру  арқылы  болашақ   мамандарды көпмəдениеттілікке тəрбиелеу шаралары қарастырылып келеді. Мысалы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде болашақ мамандармен қатар профессор-оқытушылар құрамын да шет тілдеріне оқыту қолға алынған. Онда қазақтүрік-ағылшын,орыс-түрік-ағылшын, араб,қытай жəне т.б. тілдері бойынша да шет тілдерін оқыту ұйымдастырылған. Сонымен қатар бəрімізге белгілі шетел тілдерін меңгеру тілдік орта болмайынша өміршең емес. Сондықтан, 2013-2014 оқу жылынан бастап оқуға түскен арнайы топтағы болашақ мамандар үшін  бірінші оқу жылы тілдік дайындыққа  арналуда. Онда студенттер ана тілінен кейінгі кезекте түрік-ағылшын тілдерін жетік меңгеру үшін еңбектенеді. Алдағы уақытта осындай топтарда əртүрлі пəндерден дəріс беретін оқытушылар үшін де тілдік курстар жұмыс істейді. Оқыту үрдісінің əрбір кезеңінде студенттер үшін де, оқытушылар үшін де шетелдерге академиялық ұтқырлық бойынша тəжірибе алмасу арылы тілдік ортада болу мүмкіндігі болашақ мамандар мен тəжірибелі мамандарды бəсекелестік талаптарына сай қалыптастырып келеді.

Жазғы демалыс кезінде де оқытушылардың тілдік курстарда тегін білімдерін жетілдіруге мүмкіндіктері бар. Емтиханнан өткен оытушылар шет елдерде тіл дамыту тəжірибесінен өтіп, тілдік ортада білімдерін одан əрі жетілдіріп келеді.

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауларында жəне басқа да көптеген ресми құжаттарда, білім беруге қатысты мемлекеттік бағдарламаларда ең маңызды міндет ретінде тұлғаның рухани жəне дене  мүмкіндіктерін ашу, берік адамгершілік негіздері мен салауатты өмір салтын қалыптастыру, əрбір тұлғаның шығармашылық əлеуетін айқындау үшін қолайлы жағдайлар жасау арқылы ақылпарасатты байыту, оның дербестігін жетілдіру міндеттері қойылған болатын. Осыған байланысты көп мəдениетті ортада көп тілді құрылымды оңтайландыру жағдайында тұлғаның коммуникативтік қабілеттерін дамыту проблемасы ерекше маңызға ие болуда.

Педагогикалық инновацияға, жаңа тəрбиеге даяр жаңа формация мұғалімдерін даярлау соңғы уақыттарда кеңінен айтылуда. Білім беру жүйесіне жаңалықты (инновациялық) үдерістердің енуіне байланысты жаңаша ойлауға қабілетті, жоғары мəдениетті, қоғам мен мектептің алдына қойылған міндеттерді айқын түсінетін жаңа формация мамандарын кəсіби даярлау мəселесі көкейкесті болып табылуда. Жоғары оқу орындарында оқу жұмыстарының міндетті түрлеріне дəріс, семинарлар, лабораториялық-практикалық сабақтар, курстық жұмыстар, консультациялар, коллоквиумдар, сынақтар,емтихандар жаңаша бағытты ұстанды. Яғни жоғары оқу орындарында кеңінен тараған оқыту формаларына қазіргі таңда жаңа сипат берілген. Дəстүрлі  оқыту  формалары  үшін  əдістəсілдер ойластырылған; кеңінен қолданылып жүргендердің  ішінде  ерекше  орын  алатыны оқытудың белсенді (активті) жəне аралық белсенді (интерактивті) əдістері. Қазіргі уақытта ағылшын тілін білім беру жүйесінде оқытудың əдістемесін, оның қағидалары мен салыстырмалы сипаттамаларын төмендегідей топтамда атап көрсетуге болады.

  1. Ағылшын тілін оқытудың қазіргі əдістемесі: коммуникативтік əдістеме; жоба əдістемесі; интенсивті əдістеме; іс-əрекеттік əдістеме; қашықтықтан оқыту əдістемесі.
  2. Ағылшын тілін оқытудың қазіргі заманғы əдістемесінің əдістемелік ұстанымдары. Коммуникативтік əдістеме: қарым-қатынас арқылы шетелдік мəдениеттің барлық аспектілерін игеру ұстанымы; шетелдік мəдениет аспектілерін өзара байланыста оқу ұстанымы; шетелдік мəдениет аспектілері мазмұнын модельдеу ұстанымы; оқу үдерісін кванттау (оқу үдерісінің құраушыларын (мақсаты, құралы, материалдары, т.б. бөлу) жəне бағдарламалау негізінде басқару ұстанымы; шетел тілін оқытуды ұйымдастырудағы жүйелік ұстанымы; шетел тілін ситуация негізінде өзара қарым-қатынас ретінде оқыту ұстанымы; шетел тілін игеруді жеке даралау ұстанымы; шетел тілін игеруде оқушылардың, студенттердің өз бетінше жұмыс жасауын жəне сөздік ойлау іс-əрекеттерін дамыту ұстанымы; шетел тілін оқытудағы функциональдылық ұстанымы; шетел тілін оқытудағы жаңалықты ұстанымы [6].

Қазір дарынды балаларға арналған мектептерде, жоғары оқу орындарында біртіндеп үш тілде білім беру мəселесі іске асырылып келеді. Ал жай мектеп оқушыларына бұл жаңалықтарды енгізуде көп қиындықтар туындауы мүмкін. Мектеп қабырғасынан келген оқушылардың шетел тілін меңгеру мен сөйлеу деңгейлері əртүрлі болғандықтан жоғары оқу орындарында үш тілде оқытудың элементтерін біртіндеп енгізу қажеттігі туындайды.

Бұл жөнінде ғалым Н.Уəлиұлы: «...Ең алдымен, мемлекеттік тілдің үш тағаны (басқару, ақпарат, ғылым-білім саласындағы қызметі) түгелденуге тиіс. Үштұғырлы тіл формуласында ең бірінші осы мəселе шешімін табуы қажет жəне мемлекеттік тіл жоғары деңгейде болғаны абзал. Өйткені қазақ тілі мемлекет құрушы этностың тілі, мемлекеттің бірден-бір тірегі деп күллі Қазақстан жұртшылығы  мойындағандықтан, Ата Заңымызда конституциялық мəртебе ал-  ды. Сондықтан оның тағдыры жөнінде жауапкершілікті, əлемдік қауымдастықтың алдында, ең алдымен, мемлекет өз мойнына алуы тиіс», - деп атап көрсетеді [7].

Жалпы адам неғұрлым көп тілдерді білген сайын, соғұрлым мүмкіндіктері де арта түседі. Өз ана тілінен басқа бір шет тілді меңгерген адамның келесі тілдерді меңгеруі əлдеқайда жеңіл болатынын психолог ғалымдар дəлелдеген.

«Қандай да болмасын бір өзге тілді білетін адамға екінші тілді меңгеру біріншіге қарағанда айтарлықтай жеңіл жəне тез болады. Себебі бірінші өзге тілді меңгергенде, адамда ана тіліне қосымша үйренуші тіл сезімі қалыптасады, сонымен қатар жалпы тіл ерекшеліктерін айыра білу қабілеті дамиды, осы қабілеттің арқасында адам тек қана үйренетін тілдің емес, жалпы тілдердің арасындағы ерекшеліктерді айыра алады» [8, 22 б.].

Əйтсе де жоғары оқу орындарында шетел тілдерін оқи жүріп студенттер жазғы демалыстарында шетелдерде жұмыс істеу арқылы тілдік ортаға араласады. Бұл олардың оқу үрдісі барысында жіберген олқылықтары мен кемшіліктерін жетілдіре түсуге зор мүмкіндік туғызады. Сондықтан болашақ мамандар жоғары оқу орында жүріп болашақ қызметтеріндегі күтілетін қажеттіліктерді орындайды.

Соңғы жылдарда халықаралық «Болашақ» бағдарламасының мəртебесі мектеп оқушылары, студенттер,  ғылыми  қызметкерлер   тарапынан ағылшын тілін үйрену, меңгеру ісіне жаңа серпіліс əкелгені мəлім.

Сонымен қатар бүгінгі күні кеңінен оқу орындарында ендіріліп жатқан академиялық ұтқырлық аясы да болашақ мамандардың кəсіби тəжірибе алмасуы мен тілдік қорын дамытуға ықпал етуде.

Жалпыбілімберетінортамектеп, ортаарнайы жəне жоғары білім беру жүйелеріне бағытталған қандай реформа болмасын ол мұғалім, оқытушы арқылы жүзеге асады. Бүгінде ұстаз қасиетті міндетін атқара отырып, білім беруді одан əрі ізгілендіру, жеке тұлғаны қалыптастыруда озық, жаңғыртылған əдістемелік жүйені меңгеру, əлемдік білім беру кеңістігіндегі ел дамуына оңтайлы ізгі қадамдарды игеру сияқты жаңа талаптарға сəйкес істерді жүзеге асыруға бет бұрды.   Мұндай  игілікті  істер  ел болашағын қолына алатын жастардың кəсіби бейімділігін анықтап, қалаған мамандығын таңдап, жоғары оқу  орындарында  оқу  арқылы   жалғасады.   Ал болашақ мамандардың жалпы теориялық даярлығымен бірге кəсіби құзыреттілігін арттыру тек оқытушыларға  ғана  байланысты  емес, ол тіпті жоғары оқу орындарының сапа дəрежесінің көрсеткіші. Сапаға  жетелейтін,  оны қадағалайтын түрлі тетіктер жеткілікті. Елдігіміздің, тəуелсіздігіміздің, ұлттық өркендеуіміздің тірегі ана тіліміз – қазақ тілін жəне қазақ əдебиетін мектепте оқытатын болашақ мамандардың кəсіби біліктілігінің көрінісі үштілділік, көптілділік аясында қандай дəрежеде болуы тиіс жəне қазіргі жағдайымыз қандай деген сұрақ барлық зиялы қауымға қатысты. Зерек, зердесі биік, ұлтжанды, сауатты, ана тілін əлемдік тілдерге тəн құндылықтар тұрғысынан үйретіп, меңгертетін болашақ мектеп мұғалімін даярлауда, елімізде үлгі тұтар өмір жолы бар тұлғалардың тəжірибесін, өнегесін, дəстүр жалғастығы тұрғысынан сабақтастырған абзал.

Мемлекетімізде жүргізіліп келе жатқан тілдік саясат тілдерді дамытудың 2001-2010 жылдарына арналған бағдарлама қоғам өмірінің басты салаларында сындарлы түрде қолдану аясын кеңейтіп келеді [9]. Республика ғалымдарының зерттеулерінің нəтижелері тілді үйрету орталықтарының нұсқаулары мемлекеттік тілді ана тілі, екінші тіл, шетел тілі ретінде, мемлекетішілік ұлтаралық қатынас тілі ретінде оқыту үдерісін қалыптастырды.

Көптілді оқытуды  дамыту  білім  кеңіс-  тігін кеңейтуді, тəжірибе алмасуды, қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын арттыру мен жаһандану, қоғамда тиімді бола алатын көптілді тұлғаны қалыптастыруды талап етеді.

Бір азаматтың өз ана тіліне қанық болуы шарт астында өзге бір ұлттың тілін жетік игеріп, сол ұлт азаматтарымен ойдағыдай тіл табыса білуін үлкен біліктіліктің белгісі деуге болады. Өмірде өзге бір ұлттың тілін игерген адам сол халықтың ішкі жан-дүниесін түсініп, күллі мəдени қүндылықтарымен танысу орайына ие бола алады. Азаматтарымыздың қазіргі ай сайын алға ілгерілеп, күн сайын жаңарып, тез қарқынмен дамып бара жатқан өзгерісшең өмірге ойдағыдай сəйкесуі үшін, қос тілді болып қана қалмай, қайта көп тілді болуы төтенше қажеттілікке айналуда. Бұлай істеу əр азаматтың өзіне де, өзгеге де тиімді. Сондықтан қазіргі қоғамда көп тілді болу əрқандай адамды кең өріске, тың өмірге бастайтын жол есептелмек. Кезінде халқымыздың «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деген аталы сөзі дəл бүгінгі дамыған дəуірімізге сəйкес айтылғандай [10]. Тарихи деректерге жүгінсек, осыдан 12 ғасырдың алдында жасаған энциклопедик ғалым, əлемде Аристотельден кейін екінші аға ұстаз аталған ұлы ғұлама Əбу Насыр əл-Фараби бабамыз өз өмірінде 70-ке жуық ұлттың тілін жетік білгендіктен, артына мəңгі өшпес мол рухани құнды мұра қалдырып кеткендігі анық.

 Қорытынды

 Тіл саясатын жетілдіру келешектегі жаңа жоспарларда да басым бағыт болып қала беретініне сенімдіміз. Сондықтан мемлекеттік тілдің іскери бағыттағы, халықаралық қатынастағы ақпараттық рөлін жоғарылату, кеңейту сияқты шаралардың күн тəртібінен орын алатындығы белгілі.

Өзге ұлт өкілдерінің жастары мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін үйренуге деген ұмтылысын, құлшынысын қазақ елінің азаматымын деген ойды өрістетуші тұрғысынан, сонымен бірге елдегі тіл саясатының заңнамалық уəжділігін қолдаушы, оны жүзеге асыратын жеке тұлға дəрежесінде көрінуі керектігін өмірдің өзі көрсетіп, дəлелдеп отыр. Міне, осы тұрғыдан келгенде, Қазақстан жағдайында өзінің ана тілін, мемлекеттік тілді жəне орыс тілін тең дəрежеде меңгерген жеке тұлға, ана тілін, мемлекеттік тілді жəне шетел тілін меңгерген жеке  тұлға, ана тілін (қазақ тілі), орыс тілін жəне бір шетел тілін меңгерген жеке тұлға сияқты үштілділіктің сан алуан үлгілері көрініс береді. Демек, үштұғырлы тілдік жағдаяттың республикадағы өзіндік əлеуметтік-лингвистикалық сипатының ерекшелігі  бар.  Мұнда   үштілділіктің   немесе көптілділіктің, алдымен, еліміздің ішіндегі ұлттар мен этностардың өзара қарым-қатынасы ретіндегі мемлекеттік дəрежедегі ресми қарымқатынас, іскерлік тілі жəне халықаралық сыртқы байланыс, қатынастың мақсат-мүддесіне бағытталған үштілділіктің айқын түрде орын алғандығын тəжірибе көрсетті.

Қазіргі уақыт талабы – білімді, саналы, көпмəдениетті, адамгершілігі мол, қоғамда өз орнын таба білетін тұлға қалыптастыру. Жеке тұлға – адамның психикалық рухани мəдениеті. Тұлға мəселесі қай уақытта да өзінің сан қырлы жақтарымен заман талабынан түскен емес [11]. Сондықтан қанша тіл білсек, сонша адами сапаға көтерілеміз жəне кəсіби сұранысымыз да арта түспек.

 

 

Əдебиеттер

 

  1. Назарбаев Н.А. 2007 жылғы Жолдауынан бастау алған тіл саясаты туралы // Мəдениет – 2008. – №6. – 52-53 б.
  2. Ким В.А., Утеулиева Ф.Е. Руководство по поликультурному образованию. – Тараз, 2010
  3. Энциклопедиялық сөздік. – Алматы, 2002
  4. Назарбаев Н. А. «Жаңа əлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына жолдауы // Егемен Қазақстан. –
  5. 28 aкпан.
  6. Макаев В.В. Поликультурное образование – актуальнач проблема современной науки // Педагогика. – Алматы.– 1999. – №4. – 6-12 b.
  7. Мектепте оқыту процесінде көптілділікті дамыту мəселелері: əдістемелік құрал. – Астана: ҰБА, 2013. – 85 б.
  8. Уалиулы Н. – Алматы: РУК, 1988. – 122 с.
  9. Ким В.А. Воспитание гуманной личности в поликультурной среде // Қазақстан мектебі. – 2007. №6.
  10. Тілдерді дамутудың 2001-2009 ж. арналған мемлекеттік бағдарламасы. -Алматы,
  11. Дарибаева А. Жеке тұлға қалыптастыруда үш тілде оқытудың рөлі // Средняя школа Казахстана. – 2013. – №4.– 19-21 б.
  12. Сафонов В. Изучение языков международного общения. – М.,
  13. Закон РК «Об образовании». – Алматы: Юрист,
  14. Абаилденова Н. Үш тілді оқыту – дарынды балалардың танымдық əлеуметін арттыру жолы // Қазақстан орта мектебі. – 2013. – 26-28 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.