Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Білім берудің мəніне педагогикалық көзқарастар контексі жəне жоғары мектептердің өзгерістер сипаты

Кіріспе

XX-XXI ғасырлардағы ҚР-дағы түпкілікті өзгерістер барлық өмір бағыттарын қамти отырып, елдің жаңа жүз жылдықтағы дамуы үшін өзіндік міндеттерді айқындайды. Оның ең  басты шарты – білім екендігін бүкіл қоғам болып мойындайды. Ең алғашқы университеттердің ұйымдастырылуы кезінде дəл осы оқу орындары білім беру жүйесінің жоғарғы сатысында тұрды, осыған орай қазіргі таңдағы өзгерістер де университеттердің дамуына ықпал етуде.

Қазақстандағы  білімнің   модернизациялану жағдайында жоғары мектеп педагогтерін дайындаудағы классикалық университеттердің орны мен рөлі олардың сипаты мен қалыптасу тарихын анықтау өзекті мəселе болып отыр. Мəселе екі аспектіде: бір жағынан, ХХІ ғасырдың  басындағы  Қазақстандағы  университеттік білім мен ғылымды дамыту мен жетілдіру маңызды мемлекеттік міндетке айналды əрі университеттердегі болып жатқан жаңалықтар университетпен байланысты барлық мəселелер кешенін тарихи ресурста қарастыруды ұсынады; екінші жағынан, тамыры сонау он жылдыққа артқа кететін мəселелердің мəнін анықтау арқылы ғана білім беру саясатын тиімді ету тұрғысынан қарастырылды.

Қазіргі таңдағы əлеуметтік-саяси өзгерістерге байланысты университеттер қазіргі заманғы жоғары білімнің даму тенденциясында дағдарысты бастан кешіруде. Оның себебі əлі күнге дейін билеп келе жатқан жоғары білімдегі техноцентристік концепция университеттердің өндіріске бағытталуына жəне қолданбалы сипаттағы білім беруіне мəжбүр етті. Ол концепция бойынша университет түлегі, ең алдымен, маман қажетті практикалық білімнің иегері ретінде қарастырылады, ал білім болса, қоғам алдына биліктің қойған əлеуметтік жəне өндірістік міндеттерді техникалық шешу мен біліктілікпен орындау үшін қажетті аралықтағы өнім ретінде қабылданды. Яғни білім тұлғаның рухани-адамгершілік мəдениеті мен тұтастай бейнесін қалыптастырудағы рөлі арқылы бағаланады.  Кеңестік  қоғамда  мұндай  жағдай «уақыт рухы» деп аталды əрі білімді қатал идеологизациялық басқару арқылы көрініс тапты. Ол кезде жоғары оқу орындары тұлғаны білімдендіру мен ғылымды дамыту үшін фундаменталды құндылықты бағдарларын таңдауда еркіндік пен дербестікке қол жеткізе алмады.

ХХІ соңғы он жылдығында білімнің  əлемдік   дағдарыс   жағдайында   жаңа   сапалы университеттік білім берудің қажеттілігі айқындалды. 90-жылдардың басында Қазақстанның өз дербестігін алуымен көптеген салалық жоғары оқу орындары университетке айналды. Осыған орай, республиканың барлық облыс орталықтарында университеттер пайда болды.

Университетер педагогикалық кадрларды дайындамауы керек деген пікірлер де кең тарауда. Мұндай көзқарас классикалық университеттерде көпдеңгейлі мамандарды дайындау жағдайында тұтастай өзгеруі қажет. Бұл жерде жалпы орта білім беру жүйесінің көптүрлілігіне орай, барлық мамандардың бакалавриат түлектері жалпы орта білім беретін мекемелерде  педагог болып қызмет жасай алатындығы маңызды болып отыр. Университеттік білімнің келесі сатысының түлектері Мемлекеттік стандарт бойынша жоғары білімнен кейінгі ғылымипедагогикалық білім «Магистр» академиялық дəрежесін алады. Оларға ғылыми зерттеушілік жəне жоғары оқу орындарында оқытушылық іс-əрекетпен айналысуына болады. Орта жəне жоғары білім беру саласының педагогтерін дайындау классикалық университеттің приоритетті міндеті болып табылады.

Қазіргі кезде Қазақстан нарықтық экономикасы бар ел ретінде əлемдік қауымдастықпен мойындалған. Қазақстан тəуелсіздікті алған қысқа ғана уақыт аралығында экономикада, əлемдік өркениетке кірігу, жаңа прогрессивті технологияларды қолдануда күшті серпілістерге қол жеткізді, ол еліміздің əлеуметтік-экономикалық даму перспективаларын анықтауға негіз болды.

 Университеттік білім берудің мəні

Бұл контексте қазіргі заман университеттік білімнің рөлі мен мəні арта түседі, себебі оның даму көрсеткіші əлеуметтік қайта құрудың деңгейінің өлшемі болып табылады. Ол қоғам өмірінің жаңа сапасының негізін қалайды, экономикалық күштің базасы мен маңызды факторы бола отырып, əлемдік қауымдастықтағы орнын анықтайды.

Өз кезегінде қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өзгерістер білімге де ықпал етеді жəне одан мобильділік пен жаңа тарихи кезеңнің міндеттеріне адекватты жауапты талап етеді. Бұл университеттік білімді Қазақстанның даму қажеттіліктерімен сəйкестендіруге əкеледі. Дегенмен барлық аталған  өзгерістер  білім  беру жүйесінің əлемдік білім кеңістігіне сатылап енуіне жеткіліксіз, яғни білім əдіснамасы, құрылымы мен мазмұны бұрынғы жағдайында жүзеге асуда. Алдыңғы қатарлы əлемдік державаларда білімнің философиясы мен əдіснамасын жаңартудың жаһандық тенденциясы орындалуда. Бұның негізінде білім мазмұнын жетілдіру, оқытудың тиімді модельдері мен білімді басқарудың тəсілдері іздестірілуде.

Кез келген əлеуметтік жүйеге, соның ішінде білім беру жүйесіне де «даму» құбылысы тəн. Ең алдымен, «даму» түсінігін философиялық позицияда  қарастырып  көрелік. Онда даму қозғалыстың, материя мен сана өзгерісінің жоғарғы типі, бір күйден басқа сапалы күйге, ескіден жаңаға ауысу деген мағына береді [1].

Даму, генезис – материя мен сананың заңдылықты өзгерісі, олардың əмбебап қасиеті, анықтау, бұрын да болған, дайындалған, бірақ қабылдауға жеткіліксіз заттардың, бөлшектердің, күйлердің, қасиеттердің болуы.

Дамуды өзгерістің синониміне немесе прогреске жатқызуға болмайды. Даму ұғымын əртүрлі типтегі əмбебап байланыстарды талдаудың негізінде қалыптастыруға болады. Даму – бұл өзгерістің ерекше типі.

Объективті шындықтың дамуы өзара байланысты, өйткені бүгіннің болашағынан белгілі бір кезеңдерден тұратын диалектикалық процесс болып табылады. Бұл тарихи сатылардың арасында əртүрлі байланыстар бар: 1) тұрақты, мəнді, заңды; 2) тұрақсыз, оқыс. Ерекше байланыстар жекелеген кезеңдердің құрылымдық, функционалдық жəне мазмұндық элементтері арасында, сондай-ақ əрқайсысының өз ішінде орны бар. Даму ұғымы жүйені жаңартумен  оның ішкі құрылымдық жəне функционалдық өзгерістерімен, жаңаға ауысуымен байланысты өзгерістердің ортақ массасынан бөлініп шығады. Даму – ұзақ, жинақталушы, қайта келмейтін, жеткілікті мөлшерде уақыт интервалдарының күрделі, жүйелі объектілердің өзгірісі.

Философияда қоғамдық дамудың негізгі типі эволюция мен шарықтау болып табыла-  ды, олар сандық жəне сапалық өзгерістерді көрсетеді.  Дамудың  тарихи  кезеңдерінің  өзара байланысының мəні, неміс классикалық философиясының өкілдерінің пікірінше, жаңа сатыда алдыңғы тарихи материалдарды сақтау мен дамытуда.

Тарихи кезеңдердің өзара байланысы дамудың үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Дамуды сызықты процесс ретінде қарастыруға болмайды. Шынайы əлеуметтік-тарихи даму əрқашан да жан-жаққа ауытқып отырады немесе артқа қайтады, дамушы процесс кейде сəйкестендіріледі жəне синтезделеді, дамудың түрлі сызықтарын біріктіреді.

Мұндай жағдайда тарихилық принципін ұстанған жөн. Оның мəні себептерге байланысты белгілі бір жағдайларда пайда болған объектілерді тұтас жүйе ретінде қарастыруында. Тарихилық құбылыстардың детерминациясы тұжырымдамасымен тығыз байланысты. Тарих алдын ала нəтижесі белгіленген процесс емес. Тарихи    дамудың    объективті   заңдылықтары бір ғана мүмкін болатын формада жүрмейді. Олардың жүзеге асуы өзгермелі.

Я.А. Коменскийді қазіргі заманғы білім теориясының негізін салушы деп дəстүрлі түрде қабылданған. Кейінгі қайта жаңару дəуірінің қайраткері өзінен кейін көптеген маңызды жұмыстар қалдырды, оның негіздері қазіргі кездегі профильдік бейне жүйесін тапты. «Ұлы дидактикада» баяндалған бірыңғай ұлттық мектептің жобасы өз дəуіріне сай өзіндік оқу аймағының моделін жасады [2].

Автордың мектептік білімінің ұлттық жүйесін академия немесе университетпен байланыстырады.

Я.А. Коменскийдің университеттік білім біртұтас мектептік жүйе моделінің екі деңгейі арасында ажыратылған. Университеттік білім беру ұйымдарына гимназия жатқызылуы керектігі айтылады.

Я.А. Коменскийдің «Ұлы дидактикасының» құрылуы тұсында еуропалық өркениетте айтарлықтай өзгерістер болды.

Университеттік  білімнің  пəндік парадигмасының өзгерісін ортағасырдағы қалыптасқан күйінде  қарастыруға  болады.  Я.А. Коменский бойынша университеттік білімнің бастапқы кезеңін ұйымдастырудың жаңа компоненті оқу процесін бірнеше бірізді топтарға бөлуде. Бір жағынан, Я.А. Коменскийге университеттің бастапқы факультеті ретіндегі гимназияда сабақ берудің бағдарламасын айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік туды. Сол арқылы жаңа заман университеттік білімге  жаңа талаптар қойып отырғандықтан қоғам өмірі мен  ғылыми  білімдер  даму  деңгейі  жəне университеттік білім бағдарламасы арасындағы сəйкессіздікті жоюға ықпал етті. Я.А. Коменскийдің ойынша, гимназиялар мемлекеттің əрбір қаласында болуы керек. Ал академиялар болса, ол жерлерде біреуден-ақ тіпті «əрбір провинцияларда» бір немесе бірнеше болса жақсы болатындығын айтады [2].

Я.А. Коменский 3 пункттен тұратын Академия бағдарламасын ұсынды.  Бағдарлама-  ның бірінші пунктіне автордың пікірінше, ғылымдар мен адамзат даналығының жинағын қамтитын барлық шығарылатын сабақтардан тұратын білім мазмұны кіргізіледі. Осы пунктте Я.А . Коменский университеттік  білім үшін  базалық  болып  табылатын  академиялық білімнің тұтас қамтылуы, əмбебаптылық талаптарын қалыптастырады. Бағдарламаның екінші пункті Академиядағы білімнің əдістемелік базасына тоқталады. Я.А. Коменский  Академияда «осында келушілердің барлығына негізделген білім беруде оңай əрі дұрыс əдістерді қолдануды ұсынады [2]. Үшінші пункте сый-құрметке, адамзат тағдырына ықпал етуші кандидаттар ретіндегі Академия түлектерінің əлеуметтік мобильділік мəселелері айтылады. Яғни мұнда қоғамның барлық сферасын басқаруға өзіндік рөлін қосатын жоғары білімді мамандарды қалыптастыру жайлы айтылады.

«Ұлы дидактикада» кəсіби белгілері бойынша, яғни əлеуметтік топ қасиеттерін меңгерген белгілі бір əлеуметтік топ пен генетикалық əдепті, байқалатын академиялық əдепті ашу үшін негізделген бөлім көрсетіледі.

Я.А. Коменский бойынша университеттегі қызметкерлердің əлеуметтік этикасын сипаттай келе, ең алдымен, ортағасырлық кəсіби топқа тəн сананың, қасиеттің корпоративтілігін атап өткен. Я.А. Коменскийдің «ортағасырлық университеттік   интелегенцияны, студенттер мен оқытушылар арасындағы өзара сыйласымдық қатынас моделін сипаттағаны қызығушылық туғызады. Бір жағынан, оқу процесінде авторитарлық позиция ұстанатын профессорлардың басқарушылығы мойындалады. Екінші жағынан, студент қауымы пікір сайысқа дайындалуды мəтін таңдауда белгілі  бір еркіндікке ие, əртүрлі тіпті сыни сұрақтар қоюға құқылы, жиналыстағы талқыланып отырған мəселе бойынша өзінің пікірін айтуға құқылы. Осы айтылған құқықтар студенттерге кепілденген, ал ол кепілдікті өзінің моральдық жəне ғылыми беделін жүзеге асыратын профессор беретіндігін сенімділікпен айта аламыз.

Айтып өткеніміздей, Я.А. Коменскийдің шығармашылық іс-əрекеті қайта жаңғырту дəуірінің соңына тура келеді, олай болса, ол өзіндік дүниетанымы бойынша гуманист болуы керек. Гуманизм адамзат жəне барлық басқа болмыс бастауларынан адамзаттың жоғары тұратындығын білдіреді. Бірақ кез келген жағдаят дами келе өзінің қарама-қайшылықпен ғана айналуы мүмкін деген əйгілі заңдылық бар. Бұдан гуманизм де қашып құтыла алмайды. Гуманизмге қарама-қайшы технократизм болады. Ол да гуманизммен қатар пайда болды, онымен бірлесе отырып қалыптасу жəне даму кезеңдерін бастан кешірді, тіпті, гуманизм өзінің көптеген жетістіктерімен ұтымды жақтарынан технократизмге міндетті.

Гуманизм Еуропада басты идеологияға айналғаны сол еді, технократизм сол сəтте-ақ онымен жеңісті бөлісуге кірісті. Одан əрі қарай гуманистік тенденциялар қалай басылды, оның орнын технократия қалай басты, осылайша, дүниетанымның ішкі метаморфозасы жүріп жатты деген сауалдарға тоқталдым. Гуманистік дүниетанымды тұтынушылардың  көпшілігі бұл өзгерістерді байқамағандықтарын айтып өткен жөн.

Еуропаның ағартушылық адамзат тұлғасының эмансипациясы, адамзат прогресінің негізгі қозғаушы күші ретіндегі ғылымды рационалды ойлауы мен түсінуге қабілетті адамзат ақыл-ойының құдіреттілігі идеясын алға тартты. Еуропа ағартушыларының теориялық ізденіс пен практикалық іс-əрекетінің жоғарғы мəні қоғамды дамудың феодалды-теократиялық перспективасының шынайы альтернативасын өмірге енгізуге дайындауда болды. Ағартушылар буржуазиялық өркениетке ауысу мен азаматтық қоғам идеясын жүзеге асыруды қажетті қоғам мен адамды терең транформациялауды орындауды ұсынды.

Еуропалық университеттік тарихтың кезеңінің мазмұнын түсіну үшін ағартушылардың мұраларын талдау қажет.

Университеттік классикалық  идеяның   пайда болуы ХІХ ғасырға тиесілі. Оның негізінде өз дəуірінде негізін қалаған тұлғалар: В. Гумбольд пен Дж. Ньюменнің университет модельдері көрініс тапты. Бұл модельдерде университет іс-əрекетінің  əртүрлі  мақсаттары   айқындалды.  В. Гумбольд зерттеушілік модельді ұсынса, Дж.Ньюмен интеллектуалды университет негізін қалаушы болып саналады. Егер В. Гумбольдтің концепциясында ғылыми іс-əрекетке баса назар аударылса, Дж. Ньюмен теориясында тұлғаны тəрбиелеу мен қалыптастыруға көңіл бөлінді. Барлық кейінгі университеттік идеяның концепциялары анық немесе жанама түрде осы классикалық теория құрылымдарымен ұштасып жатыр. Бұл құрастырылған классикалық университет теориялары сол кездегі басталған қайта құрулардың шынайы нəтижелерін бейнелеп, жоғары оқу орындарының алдағы  уақыттағы қайта  құрылуының  негізін  қалады,  универси-  тет құрылымында оны басқару жүйесінде, оқыту мазмұнында, жоспарлар мен бағдарламаларда, кадр    саясатында     тікелей бейнесін тапты. В. Гумбольд концепциясының практикалық көрінісі 1810 жылы Берлин университетінің негізін қалауымен сипаттала отырып, университеттік білімнің дамуындағы  тұтастай  дəуірге  айналды. Бұл модель барлық герман университеттеріне таралды. В. Гумбольд моделі классикалық болып табылады, себебі ол университеттің өзінің шынайы мəнін иеленудегі алғашқы  қадамы болған еді. Осы кезден бастап ғылым мен ғылыми зерттеулер университет іс-əрекетіндегі басты құндылықты бағдарға айнала бастады. Шынымен де ХІХ ғасырда неміс университеттері ғылыми білімдердің даму орталығы бола бастады.

В. Гумбольдт моделі негізгі үш принципті жүзеге асырды. Біріншіден, білімді əркім өзі үшін емес, тек практикалық пайда үшін бағаланатын білімге деген жабайы утилитарлы көзқарастан бас тарту. Екіншіден, В. Гумбольд эмпирикалық ғылымның басып озуына жол беріледі, себебі ол фундаменталды теориялық білімге қарама-қарсы келетін еді. В. Гумбольдтің пікірінше, жаратылыстану, математикалық жəне гуманитарлық білімдер, сонымен қатар философиялық білімдер қалған барлық білімдерді көтереді, олардың негізін құрайды, оларсыз жекелеген пəндердің оқылуы шынайы интеллектуалды білімге айнала алмайды [3].

Дж. Ньюмен либералды білім мəнін былай анықтады: «Оқыту процесі ондағы интеллект жекелеген мақсатқа, жекелеген арнайы кəсіпке немесе оқуға бағытталудың орнына  олардың  өзі  үшін,  өзінің  мəдениеті   үшін  ұйымдасса ол либералды білім деп аталады. Көптеген авторлардың пікірінше, университеттің ісəрекеті стандарттарды дұрыс бекітіп, соларға сүйене отырып оқыту, студенттерге өздерінің əртүрлі қабілеттеріне сəйкес оқыту [4]. Либералдық  университеттік  білім   жекеле-  ген тұлғалардың қажеттілігіне, ал ол арқылы тұтастай қоғам қажеттілігіне бағдарланады. Университеттік білімнің мақсаты – қоғамдық өмірді интеллектуалды деңгейде көтеру, ақылойдың культивациясы, джентельменді тəрбиелеу секілді құндылық бағдарлардан көрініс таба-  ды. Университет жоғары білім беру процесінде интеллекті тəрбиелеп, ойлауды қалыптастыру керек. Білім өзіндік мақсат, интеллегенттілік пен интеллектуалдылық университеттік білімнің негізі мен мазмұны болып табылады.

Дж. Ньюменнің ойынша, университет қоғамның рухани байлығын жинақтау мен таратуға арналған. Ортағасырдан бастап ағылшын университеттерінде дамыған либералды білім беру идеясы университетке деген ньюмендік көзқараста көрініс тапты. Либералды білім беру элитарлы сипат алып, оның мақсаты қоғамды жетілдіруден гөрі, ең алдымен, адамның интеллектісін, рухани əлеуетін дамытуды  көздейді. Осы  базалық  модельдер негізінде классикалық университет идеясы мəнді сипатқа ие болады. Оның негізгі құраушылары көрсетіледі: автономия, зерттеу мен оқыту еркіндігі, ғылым мен зерттеушілік университеттік қауымдастықтың жетекші ісəрекеті ретінде білімнің фундаменталдылығы қоғамдық өмірге араласу, жоғары мəдени құндылықтар мен тұлғаны тəрбиелеуге көшу. Барлық кейінгі университет модельдерінде осы концептуалдық құрылым идеялары қолданылды. В. Гумбольд пен Дж. Ньюмен модельдері классикалық болып есептеледі, себебі оларда эталонды модель ретіндегі базалық принциптердің тұтастығы ретіндегі университеттің біртұтас бейнесі көрсетілді.

Барлық кейінгі модельдер идеализацияланып, əлеуметтік мəдени жəне білімдендіру құндылықтарына бағдарланды. Солардың кейбірін қарастырып өтелік. М. Вебер 1918 ж. Мюнхелс университетінде жасаған «Ғылым атақ əрі кəсіп ретінде» баяндамасында университеттің əлем тұтастығын сақтаудағы рөлін айтып өтті. Ол мұнда либералды-гуманистік идеяны негіздеді. Сұрақтың мұндай қойылуы Германияның тарихи дəстүрін жалғастырды. Германияда университеттік білімнің мəні мен міндеттері туралы сұрақ неміс ұлтының тағдыры мен ғана емес, жалпы адамзат мəдениетінің тағдырымен өзара байланысты қарастырылады [5].

Х.Ортега-Гассет университеттерден қоғам мүмкіндіктерінкөрді, солкездердегі Испанияның жағдайын ол «өркениетті варварлық» ретінде бағалады, ал оның жоғалтқан гуманистік бағытын университеттен күтті.

«Таптық қоғам» тоталитаризмінен қашу үшін «интеллектуалды аристократия» тəрбиелеу қажет  болды.  Мəдениет   білімнің   адекватты құндылығы бола отырып, университет іс-əрекетінде приоритетті орын алуы керек болды. Қазіргі заманғы ортаеуропалық адам мəдениеттен  құр  алақан  болды. «Тек білімтарқылы ғана шыңдауы, мəдени идеалға адамдар өздеріне идеал жасап алмаса, адамшылықтан жұрдай болады» тарату мүмкіндігі бар [6]. Адам жалпы идеалдардың іске асырушысы, ал педагогика болса адамдарға осы жалпы ортақ идеалдарды анықтау мен бекітуге көмектеседі.

Х.Ортега-Гассет университеттің ньюмендік моделін қайта жаңғыртты деуге болады. Универсиетет, ең алдымен, қарапайым адамнан мəдениетті адамды шығаруы керек, бұл – оның құндылық бағдарының негізі болып  табылады [6]. Университеттің ең басты  функциясы негізгі мəдени пəндерге:  физика,  биология, тарих, əлеуметтану, философияға үйрету. Мəдениет – адамға қоршаған əлеуметтік ортада бағдарлануына мүмкіндік беретін адамның интеллектуалды даму деңгейі. Х. Ортега-Гассет бойынша, қарапайым адамнан жақсы маманды жасап шығаруға болады. Білім рухани байытып, сол арқылы тұлғаны еркіндікке жəне ашылуына ықпал етуі керек.

Ғылым, ғылыми зерттеу мағынасында университеттің басты құраушысы емес. Ғылым, мəдениет жəне кəсіпке оқыту əртүрлі нəрселер. Оқыту үшін ғылымды білу жеткілікті. Бірақ білу – ол зерттеу емес. Зерттеу шындықты алу немесе керісінше қателіктерді жария ету. Білу – білімдерді ассимиляциялау, алынғаннан кейінгі фактілерді меңгеру деген сөз.

Карл Яперс жоғары мəдени идеалдарға жүгіне  отырып  университет   концепциясын ұғындырады [7]. Карл Ясперс гуманизм принципін университеттің  имманентті  мəні  деп қабылдады. Оның ойынша, университеттер, қоғам мен мемлекеттің өзіндік дəуір санасын дамытатын орын болып табылады. Идея университеттің зерттеушілік қызметінен көрініс табады. Себебі шындыққа жету барысында жеке даралық қалыптасады. Университеттің міндеті мен басты құндылығы – шындыққа жету, ғылыми зерттеулер арқылы шындықты табуға оқыту, үйрету. Сол арқылы К. Ясперс зерттеушілік университет идеясын жаңғыртады. Университет идеясы зерттеу, оқыту мен тəрбиелеу секілді құраушылар арқылы сипат алады. К. Ясперс бұл үш құндылық бағдардың бірлігін университеттің рухани құндылығын құраушылар ретінде мойындайды. Ол университетті əрі зерттеу институты, кəсіби мектеп жəне мəдениет орталығы ретінде қарастырады [8].

Х. Ортеги-Гассет пен К. Ясперс концепциялары алдыңғылар секілді еуропалық ойдың ғасырлық тарихындағы классикалық университет идеясы тұрақты еместігін, оның ұлттық дəстүрлерді синтездеу арқылы жəне білім мен мəдениет саласындағы жаңа тəжірибелерді ұғыну арқылы тарихи дамитындығын баяндайды. Университет руханилық пен жоғары мəдениеттіліктің үлгісі мен идеалына бағдарланған, сол себептен университетте мəні бірегей. Университеттің идеалды бейнесі сол білімдендіру мекемесінің іс-əрекетінің жоғары нормативті жəне құндылық деңгейімен сипатталады.

Қазіргі заманға қоғамның даму деңгейі жоғары білімге жоғары талаптар қойып отыр. Оларда ХІХ ғасырда қалыптасқан университет модельдері ұстанымымен қанағаттандыру мүмкін емес. Сол себептен 90-жылдары классикалық университеттің негізгі қызметі айтарлықтай кеңейіп, қайта түсіндіруді талап етті.

Талдаған барлық теориялар жаңа замандағы классикалық университетті түсіндіруде негізгі пайымдауларды қарастыруды талап етеді.

Ең алдымен, жиі айтылып жүрген талаптардың бірі – автономияға талдау жасаған жөн. Гумбольд былай деп жазады: «Мемлекет ішкі сенімге ие болуы керек, өзінің соңғы мақсатына жете отырып, университеттерде оның соңғы мақсатына жауап беруі керек [3], экономикалық жоқтық пен азаматтық парыздың ығыстырылуы деген тəуелсіздік сапалы оқу процесінің кепілі болып табылады.

 Қорытынды

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, университеттік білім көпғасырлық тарихи дамуды бастан кешкендігін көреміз. Бұл орайда университеттер əлеуметте барлық елдер мен халықтардағы ғылым мен мəдениетте болып жатқан өзгерістерге ықпал етіп отырды.

Бұл мəселенің генезисін анықтау жоғары мектеп оқытушысын дайындауға бағытталудағы университеттік білімді дамытудың ғылыми негіздерін   теориялық-əдістемелік   негіздеу мен жаңаша ұғындыруға мүмкіндік берді. Университеттік білімді ғылыми негіздеу философиялық, диалектикалық əдіске жүгінуді талап етеді.

 

 

Əдебиет

  1. Философия. Энциклопедия: в 5 т. Т.4. – М.,
  2. Коменский Я.А. Избранные педагогические сочинения: в 2 т. Т.1. – М.: Педагогика, – 656 с.
  3. Ляхович Е.С. Модель Гумбольдта: университеты-центры эталонного знания // Вестник высшей школы,1994. – №2. – С.40-41.
  4. Захаров И.В., Ляхович Е.С. Джон Ньюмен и его модель идеального университета // Вестник высшей школы. – 1993. – №1. – С. 36-44.
  5. Вебер М. Наука как призвание и профессия // Избранные произведения. – М., 1990. – С.735.
  6. Ортега-и-Гассет Х. Эстетика. Философия культуры. – М.,
  7. Университет Европы // Вестник высшей школы. – 1991. – №9. – С.80-84.
  8. Исмагамбетова З.Н. Философия образования: вызовы глобализации и инновации (в условиях медиа-культуры) // Вестник КазНУ. Серия «Педагогические науки». – 2012. – С. 47-49.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.