Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Дене шынықтыру мұғалімінің педагогикалық құзыреттілігін қалыптастыру проблемалары

Қазіргі заман педагогінен тек өз пəнінің терең білгірі болуы емес, сонымен қатар ол танымдық, педагогикалық-психологиялық сауатты, саясиэкономикалық білімді жəне инновациялық технологияны жан-жақты меңгерген, жоғары мəдени, педагог атағына ие, кəсіби құзырлы маман болу талап етілуде [1].

Құзыреттілік – педагогикалық ұғым, əлеуметтік ерекше қабілет, оның əртүрлі түсініктері мен əр қырлы сипаттамаларын талдау арқылы біз болашақ дене шынықтыру пəні мұғалімдерінің педагогикалық құзыреттілігінің мəні мен құрылымдық көрсеткіштерін анықтадық [2].

Дене шынықтыру жəне спорт педагогикасының құндылықтары мен потенциалы арқылы болашақ дене шынықтыру пəні мұғалімінің кəсіби педагогикалық дайындығын жан-жақты жетілдіруге бағытталған В.В. Белорусованың, И.Н.   Решетиннің,    М.В.    Прохорованың,  А.А. Сидоровтың, С.С. Жұмашеваның ғылыми еңбектерінен басқа, болашақ дене шынықтыру мұғалімі педагогикалық құзыреттілігін қалыптастыру жолдары күні бүгінге дейін зерттелмеген [3].

Дене шынықтыру пəні мұғалімі жəне спорт жаттықтырушы еңбегінің түрлі аспектілерін талдауға бағытталған Г.Д. Бабушкин, Г.Е. Баева,  А.Э.  Болотина,  А.М.  Дикунов,  М.Е. Дуранов, Н.Н. Жмарев, И.Х. Кобер, И.А. Потапов, В.Н. Прохоров, т.б. ғылыми зерттеулерінде көрсетілгендей, спорт мамандарының кəсіби əрекеті жүйесіндегі ең басты компоненттерінің бірі – ол педагогикалық компонент. Мысалы, қосымша білім беру саласындағы түрлі категорияларымен (балалар, жеткіншектер мен ересектер, т.б.) жүргізілетін спорттық жұмыстарында педагогикалық білімдер мен педагогикалық дағдылар қажет, жалпы дене мəдениеті проблемаларын шешу үшін педагогикалық əдістерді қолданады. Сонымен бірге дене шынықтыру мұғалімінің өзінің іс-əрекетінің мазмұндық жəне процессуалдық компоненттерін қазіргі инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану арқылы жүйелеуде. Қорыта айтқанда, педагогикалық құзыреттілік спорттық педагогтің көпаспектілі əрекеттері кезінде нақты мақсатталған, нəтижелі шешімдер қабылдауына өз септігін тигізеді [4].

Осылардың барлығын ескере отырып, дене шынықтыру пəні мұғалімдерінің теориялық жəне   практикалық    кəсіби    дайындығының ең маңызды міндеті ретінде болашақ дене шынықтыру пəні мұғалімдерінің педагогикалық құзыреттілігін қалыптастыруды белгілеуге болады. Өкінішке орай, қазіргі дене шынықтыру пəні мұғалімдерінің   тəжірибелерін зерттеу барысы көрсеткендей, мынадай қарама-қайшылықтарды атап өткен жөн:

  • жоғары кəсіптік білім беру саласының модернизациялауы жағдайында дене шынықтыру жəне спорт мамандығы студенттерінің кəсібипедагогикалық құзыреттілігін қалыптастыру қажеттілігі мен оны əдіснамалық қамтамасыз етудің жеткіліксіз деңгейі;
  • жоғары білім беру саласында студенттерді оқытудың қалыптасқан жүйесі мен олардың кəсіптік дайындығына қойылатын талаптардың өсуі, сондай-ақ осы талаптарды орындауда тұлғалық-бағдарлы оқыту технологияларының мүмкіндіктерінің орынды пайдаланылмауы.

Осы аталған қарама-қайшылықтардың тиімді шешімін іздестіру бағытында жүргізілген жұмыстарымыздың бір бөлігі ретінде біз дене шынықтыру мұғалімінің педагогикалық құзыреттілігін қалыптастырудың кейбір мəселелеріне тоқталып отырмыз. [5] Сондықтан  да  бұл мəселені зерттеуде дене шынықтыру пəні мұғалімінің педагогикалық құзыреттілігін ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздеу жəне оны қалыптастыру жолдарының тиімділігін тəжірибе жүзінде дəлелдеуді мақсат етіп қойып отырмыз.

Бұл мақсаттан:

  • болашақ дене шынықтыру пəні мұғалімінің педагогикалық құзыреттілігін қалыптастырудың теориялық негіздерін айқындау;
  • болашақ дене шынықтыру пəні мұғалімінің педагогикалық құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық жолдарын анықтау;
  • болашақ дене шынықтыру пəні мұғалімінің педагогикалық құзыреттілігін қалыптастыру жолдарының тиімділігін тəжірибе арқылы тексеру, ғылыми-практикалық ұсыныстарын практикаға ендіру міндеттері туындайды.

Зерттеу міндеттері бойынша тəжірибелік жұмысы Қазақтың спорт жəне туризм академиясында, Алматы қаласының №122 мектеп-гимназиясында, Алматы қаласы И.В. Панфилов атындағы №54 Қазақстан-Ресей гимназиясында, Жамбыл облысы, Меркі ауданындағы №20 орта мектебінде жүргізілді.

Зерттеу барысында келесі ғылыми-педагогикалық зерттеу əдістері қолданылды: ғылыми əдебиеттерді зерттеу, талдау, салыстыру, модельдеу, т.б. теориялық деңгей əдістері; сонымен қатар бақылау, педагогикалық эксперимент, сұрақ-жауап, сауалнама, педагогикалық құжаттарды    зерттеу,    т.б.  экспериментальды -эмпирикалық деңгей əдістері. Сонымен, зерттеу барысында:

  • «дене шынықтыру жəне спорт» мамандығы бойынша дене шынықтыру пəні мұғалімінің педагогикалық құзыреттілігін қалыптастырудың теориялық негіздері;
  • дене шынықтыру пəні мұғалімі педагогикалық құзыреттілігінің моделі тəжірибеден өтті жəне педагогикалық жолдары ретінде тұлғалық-бағдарлы технологиялары;
  • болашақ дене шынықтыру пəні мұғалімі педагогикалық құзыреттілігінің қалыптастырудың педагогикалық жүйесі;
  • тұлғалық-бағдарлы технологиялар жүйесіндегі портфолио жəне жобалау əдістеріне сипаттама берілді; ғылыми-практикалық ұсыныстар сынды жаңалықтар жүзеге асырылады. Бұдан зерттеудің төмендегідей:
  1. Жалпы білім  беретін  орта  мектептеріне «Дене шынықтыру пəні мұғалімінің кəсіби құзыреттілігін қалыптастыру жолдары» атты ақпараттық-əдістемелік семинар материалдары, сонымен қатар «Құзыретті дене шынықтыру» атты жобасы жəне «Дене шынықтыру пəні мұғалімінің портфолиосы» тəжірибеден өтті.
  1. Жалпы білім беретін мектептер мен гимназияларына «дене шынықтыру пəні мұғалімінің портфолиосы» жəне «құзыретті дене шынықтыру мұғалімдері» атты жобасы енгізілді.
  2. Зерттеу нəтижелерін дене шынықтыру пəні мұғалімдерінің педагогикалық құзыреттілігін дамытуда, спорттық педагогтардың біліктілігін арттыру жəне қайта даярлау орталықтары мен қосымша білім беру факультеттерінде, сонымен бірге жалпы орта білім беретін мектептер мен гимназиялардың үрдісінде пайдалану практикалық маңыздылығы туындайды.

Сонымен, зерттеудің, анықтаушы эксперимент кезінде студенттердің «Дене шынықтыру жəне спорт педагогикасы» пəні бойынша оқуəдістемелік құжаттары, соның ішінде өзіндік жұмыстары, педагогикалық практика құжаттары, практикант күнделіктері мен практиканттың жеке есептері; осы практика барысында өткізген ғылыми-зерттеу жұмыстарының материалдарымен танысып, зерттедік. Сонымен қатар бақылау, сауалнама, сұрақ-жауап, əңгімелесу, салыстыру сияқты зерттеу əдістерін қолдандық.

Қалыптастыру эксперименті барысында тұлғалық-бағдарлы технологиялар жүйесіндегі портфолио,  жобалау  əдістерін  қолдану арқылы болашақ дене шынықтыру пəні мұғалімдерінің педагогикалық құзыреттілігін қалыптастыру жолдарын анықтадық.

Зерттеу нəтижелерін анықтау барысында бақылау, сауалнама, сараптап бағалау əдістері, т.б. қолданып отырдық. Сонымен бірге салыстыру жəне ендіру, статистикалық зерттеу əдістері, қорыту əдістері пайдаланылды. Болашақ дене мəдениеті мамандарының педагогикалық құзыреттіліктерінің бастапқы деңгейін анықтау үшін біз «Дене шынықтыру жəне спорт» мамандығы бойынша жоғары курс студенттеріне арналған  сауалнама өткіздік.

«Құзыреттілік, біліктілік» деген ұғымды қалай түсінесіз? сұрағына респонденттердің 57%-ы бұны «білімді педагог» деп түсінеді, келесі 13%-ы «жан-жақты білімді педагог», қалған 30%-ы бұл ұғымды «өз мамандығын жақсы түсіну» дейді.

Сауалнаманың «Педагогикалық құзыреттілік» деген ұғымды қалай түсінесіз?» атты сұрағына  ешбір  қатысушы   дұрыс   жауап   бере алмаған. Осы сұрақтардан кейін «Дене шынықтыру пəні мұғалімі педагогикалық құзыреттілігі деген – ол...» сұрағына да дұрыс жауап жоқ. Сауалнаманың келесі «Білікті жаттықтырушыға тəн қабілеттілікті белгілеңіз» деген  сұраққа  ең  көп  54%  алған    қабілет  –«ұйымдастырушылық», содан    кейін    «педагогикалық» – 47%, келесі «техникалық» – 42%;«практикалық» – 39%. Ең төмен ұпай алған қабілеттілік – ол «конструктивтік».

Осы сауалнаманың талдауы көрсеткендей, болашақ маман иелері «құзыреттілік», «біліктілік», «педагогикалық құзыреттілік» ұғымдарын ажыратып,  дұрыс, нақты  жауап бере алмады.

Теориялық моделдің көрсеткіштері негізінде осы     сауалнаманың     қорытындысы    ретінде - болашақ маман иелерінің педагогикалық құзыреттіліктері жеткіліксіз жəне осы бағытта жұмыстануды талап етеді.

Сонымен бірге зерттеу міндеттері бойынша біз тəжірибе кезінде «Дене шынықтыру  жəне спорт педагогикасы» пəнінің типтік оқу бағдарламасы жəне педагогикалық практиканың типтік оқу бағдарламасы, оқу жоспарлары мен

«Дене шынықтыру жəне спорт» мамандығы бойынша Жалпыға міндетті білім беру стандартын зерттеу міндеттеріне байланысты талдаудан өткіздік. Нормативтік құжаттарды зерттеу кезінде теориялық талдау мен синтез,  салыстыру əдістерін қолдану арқылы олардың болашақ спорттық педагогтардың кəсіби-педагогикалық құзыреттілігін қалыптастыруға бағыттылығы мен мүмкіншіліктері саралаудан өтті.

Қорытынды:  зерттеу   міндеттері   бойынша жүргізілген тəжірибелік-эксперименттік анықтаушы кезеңінде 2-4 курс студентерінің, спорт жаттықтырушылары мен дене шынықтыру пəні мұғалімінің педагогикалық құзыреттілігінің деңгейін анықтау үшін жəне осы кəсіби маңызды тұлғалық қасиетті қалыптастыру жолдары ретінде тұлғалық-бағдарлы технологияларды қолдану əдістемесі тəжірибеден өтті.

Қалыптастырушы  эксперимент барысында «Дене шынықтыру жəне спорт педагогикасы» пəнінен сабақ кезінде құзыреттілікке бағытталған түрлі жобаларды жəне кəсіби-педагогикалық практикада арнайы тапсырмалар орындаудың нəтижесінде мынадай эксперимент  «өнімдері» іске қосылды: «Практикант  портфолиосы», ғалімінің портфолиосы», «Құзыретті дене шынықтыру» жобасы, т.б. Қалыптастырушы эксперимент барысында өткізілген арнайы тапсырмалардың өлшемі ретіндегі теориялық моделі бақылаудан өтті. Нəтижесінде эксперимент топтарындағы студенттердің педагогикалық құзыреттілігінің деңгейі көтерілгені дəлелденді.

 

Əдебиеттер

 

  1. Андринова В. Педагог кадрлардың құзыреттілігін қалыптастыру // Қазақстан мектебі. – 2009. – №4. – 64-66 б.
  2. Жұмашева С.С. Спорт жаттықтырушысы педагогикалық шеберлігінің ерекшеліктері // ƏлФараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогикалық ғылымдар сериясы.– 2009. – №3 (28). –112-118 б.
  3. Жұмашева С.С., Джаулбаев С. Система формирования педагогической компетентности будущего тренера по видам спорта // Поиск. – 2010. – №2. – С. 306-310.
  4. Жұмашева С.С. Спорттық педагогтің кəсіби құзыреттілігін дамытуда шетел тəжірибесін пайдалану мүмкіндіктері // Білім-Образование. – 2010. – №2 (51). 27-31 б.
  5. Тоқтағанова А.С. Мұғалімнің кəсібитұлғалық құзыреттілігін дамыту-нəтижелі білім факторы // Қазақстан жоғары мектебі. – №4. – 16-18 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.