Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Болашақ мұғалімдерді кəсіптік дайындау мəселелері

ҚР білім берудің жаңа саясатының негізгі басымдықтарының бірі – оқыту сапасын арттыру болып табылады [1,2]. Сəйкесінше, бұл білім беру үдерісін оқыту-əдістемелік тұрғыдан жетілдіру жəне ғылыми қамсыздандыру, инновациялық жобалардың жасалуына ыңғайлы жағдай жасау жəне сол жобаларды жүзеге асыруды талап етеді. Кəсіптік-педагогикалық білім беру саласының қоғамның дамуындағы қазіргі заманғы маңызды білім беру тенденцияларын жүзеге асырудағы жауапкершілігі – үздіксіз білім беру жағдайында жастарды өмірге дайындаумен тығыз байланысты. Білім беру саласындағы маңызды орынды – əрдайым білікті, құзырлы, оқушылардың оқуға қызығушылығын дамытуға қабілетті, оқыту жəне тəрбие беру құралдарының барлық арсеналын меңгерген мұғалім-педагог иеленеді. Қазіргі таңдағы талапкерлердің мамандықтарды таңдау қорытындылары бойынша болашақ мұғалімдерді оқушылардың жаратылыстану-ғылыми циклдегі пəндерге танымдық қызығушылығын дамытуға дайындау қажеттілігі туындауда [3]. Оқушылардың оқу шығармашылығына мотивациясын дамыту қазіргі заманғы мектептің өзекті мəселелерінің бірі болып табылады, сонымен бірге іргелі ғылымдарға танымдық қызығушылықты дамыту барлық оқыту-тəрбиелеу үдерісінің аса маңызды мəселесіне айналуда. Қызығушылықтың маңыздылығы туралы Ж.Ж. Руссо былай деген: “Қызығушылық – дұрыс жəне ұзаққа апаратын жалғыз ұлы қозғалтқыш”.

Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту үдерісін ұйымдастыруда мұғалімнің практикалық білімдері мен біліктілігінің деңгейі ЖОО студенттердің кəсіптік-педагогикалық дайындығына тəуелді. Болашақ мұғалім жал-  пы білім беретін мектеп оқушыларының іргелі ғылымдарға танымдық қызығушылығын дамытуға дайындығы болуы үшін жоғары оқу орнында арнайы ғылыми негізделген технологияны меңгеруі қажет. Болашақ мұғалімдерді кəсіптік дайындаудың мақсаты – олардың кəсібипедагогикалық құзыреттілігін қалыптастыру, оқушылардыңтанымдыққызығушылығындамыту үдерісінің практикалық шығармашылығымен байланысты маңызды стратегиялық бағытымен байланысты мəселелерді тиімді шешуге қабілеттілігін қалыптастыру.

Бірақ педагогикалық ЖОО бұл мəселені шешуде, яғни болашақ мұғалімдерді оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытуға дайындау мақсатында білім беру үдерісінің барлық мүмкіндіктерін толық түрде жүйелі пайдаланбай жүргендігі белгілі. Осыған байланысты болашақ мұғалімдерді оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытуға кəсіптік дайындау үдерісін модельдеу жəне оны жүзеге асырудың тиімді шарттарын анықтау қажеттілігі туындайды.  Қазіргі  таңғы  педагогикада   білім  беру үдерісінің мазмұны жəне процессуалды құраушыларының бірлігі туралы түсінігі қалыптасты: мақсаты, əдістері, мазмұны, оқыту тəсілдері жəне түрлері. Білім беру үдерісінің процессуалды жəне мазмұнды бөліктері бірін-бірі адекватты түрде бейнелеп отырады. Олардың арасында маңызды дидактикалық амал оқу материалы болып табылады. Оқу материалы білім беру мазмұнын анықтауда, білім беру үдерісінің процессуалды бөлігінде жəне олардың бірігіп жүзеге асырылуында маңызды рөл атқарады [4,5,6].

Қазіргі таңда педагогикалық үдеріс тұтас жүйе ретінде элементтердің өзара байланысқан жиынтығын көрсетеді [7]:

  • білім алушы;
  • білім беру мақсаттары (жалпы жəне жеке);
  • білім берудің мазмұны;
  • педагогикалық қарым-қатынастың амалдары;
  • оқу үдерісін ұйымдастыру;
  • мұғалім;
  • шығармашылық нəтижесі.

Қазіргі заманғы білім беру үдерісінің спецификалық сипаты – бұл оқытудың диагностикалық қойылған мақсатын өңдеу, барлық оқыту іс-шараларының оқытудың мақсатына жетуінің кепілдігі болатын оперативті кері байланыста  болуында,сонымен  бірге аралық жəне қорытынды нəтижелерді бағалау болып табылады. Педагогикалық үдерістің тиімділігі алдын ала құрастырылған оқыту жүйесін өңдегенде ғана мүмкін бола алады, яғни нақты дидактикалық мəселелер қойылып, оларды шешудің адекватты əдістерімен қамтамасыз етілген жағдайда [8,9,10]. Мақсаттар мен тəсілдердің белгілі болуы оқыту үдерісін модельдеуге мүмкіндік береді, біздің жағдайда – болашақ мұғалімдерді оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытуға дайындау үдерісін модельдеу. Болашақ мұғалімдерді оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытуға дайындау моделі деп біз берілген үдерісті белгілі құрылымға келтіру, яғни осы үдерісті қолдана отырып мүмкін болатын максималды тиімділікке қол жеткізу деп түсінеміз.

Модельдеуді  ғылыми  таным  əдісі   деп біліп жəне педагогикалық талдау жасай отырып, біз болашақ мұғалімдерді оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытуға дайындау моделін құрастырдық (1-сурет). Мұғалімдерді оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытуға дайындаудың біз ұсынған моделі алты негізгі төмендегідей құраушылардан тұрады:

 1-сурет – Мұғалімдерді оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруға дайындау үрдісінің моделі

Берілген модельдегі құраушылардың жиынтығы жүйенің барлық белгілерімен қамтылған, яғни:үдерістің логикасымен, барлық бөліктерінің өзара байланыстылығымен, тұтастығымен.

ЖОО болашақ мұғалімдерді кəсіптік дайындау жан-жақты қамтылған жүйені көрсетеді, ол салыстырмалы  жеке,  бірақ  бір-бірімен өзара байланысқан жүйелерден тұрады, яғни оның негізгі бағыттары: арнайы-теориялық, психология-педагогикалық, əдістемелік, практикалық, зерттеу жəне сабақтан тыс. Біз құрастырған модельдің əрбір құраушысы өзінің спецификалық мəселелерін орындайды [11].

Мысалы, арнайы-теориялық дайындау болашақ  мұғалімдерді  өз  мамандықтары  бойынша терең жəне жан-жақты білімдермен қаруландыруға бағытталған. Психология-педагогикалық жəне əдістемелік дайындау болашақ мұғалімдерді педагогика жəне психологияның негізгі білімдерімен қаруландырады, мектептегі оқыту-тəрбиелеу жұмыстарының дайындығын қамтамасыз етіп, оқыту əдістемесімен таныстырады. Практикалық дайындау педагогикалық практика жəне оқу практикумы кезінде болашақ мұғалімдерде практикалық біліктіліктерді қалыптастыруға бағытталған. Болашақ мұғалімдерді зерттеулерге дайындау ғылыми зерттеулерге қатысуды көздейді,  нақты  жобалар-  ды дайындау, олардың зерттеу жұмыстарына шығармашылықтарын арттыру, тиімді əдістерді іздеуге жол ашады. Болашақ мұғалімдерді сабақтан тыс жұмыстарға дайындау түрлі сабақтан тыс ұйымдардың түрлерінің көмегімен жүзеге асырылуы (экскурсиялар, жорықтар, акциялар, конференциялар, дебаттар, үйірмелік жұмыстар жəне т.б.), барлық педагогикалық біліктер мен дағдыларды қолдануға мүмкіндік береді.

Сонымен, жоғарыда қарастырылған кəсіптік дайындау құраушыларының жиынтығы болашақ мұғалімдерде педагогикалық білім, біліктілік жəне дағдылардың қалыптасуына ықпал етеді жəне болашақ кəсіптік шығармашылықтарында пайдалануға мүмкіндік жасайды. Педагогикалық үдерістің динамикалығы оның үш құрылымының өзара əсерлесуі арқылы жүзеге асатындығы белгілі: педагогикалық (біз қарастырған), əдістемелік (оны құрастыру үшін берілген мақсатымыз  бірқатар  мəселелерге   бөлініп,  сол  арқылы  педагог  жəне  білім  алушының іс-əрекеттерінің тізбекті сатылары анықталады) жəне психологиялық.

Психологиялық құрылымы өте күрделі болып келетіндігі белгілі, оның құрамы: қабылдау, ойлау, ойлану, ақпаратты есте сақтау, оқушылардың қызығушылығын ояту дəрежесі, оқу мотивациясы, эмоциялықалыптасудинамикасы, физикалық жəне жүйке-психикалық зейіні, белсенділік динамикасы, жұмысқа құлшынысы жəне шаршауы. Психологиялық құрылымды үшке бөліп қарастырамыз: 1) танымдық үдерістер; 2) оқу мотивациясы; 3) зер салу. Мұғалім оқытудың теориялық негіздерін нақты біле отырып, соның негізінде өзінің педагогикалық тəжірибесін құрастыра білуі керек.

Педагогикалық жəне əдістемелік білімдерді меңгеру əдістемелік негізделген сабақ өткізуге мүмкіндік береді, ал психологиялық құрылымы оқушылардың жеке ерекшеліктерін, жас ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік жасайды жəне оқытуды  қызықты  да,  түсінікті  етеді.   Сабақты өткізуде мұғалім оқушылардың пəнге қызығушылығын арттырудың жолдарын алдынала ойластыруы балалардың оқу нəтижесіне əсерін тигізетіні айқын. Мұғалім осы мақсатта қандай амалдар қолдана алатындығына тоқталайық.

Алдымен, мұғалім əрбір адам үшін жəне жалпы адамзатқа оқудың, білімнің маңыздылығы туралы  айтуы  қажет.   Оқушылардың   алдында өз ғылымының беделін көтеру мақсатында мұғалім жаратылыстану ғылымдарының ашқан жаңалықтары техниканың, өндірістің дамуы-  на, ғылыми техникалық прогреске ықпалы зор екендігін айту арқылы олардың білімге деген оң эмоциялы қарым-қатынасын туғызумен қатар, сол ғылымға деген танымдық қызығушылығын арттырады. Танымдық қызығушылықты дамыту үшін мұғалім оқу материалының мазмұнын таңдауда мұқият болуы қажет. Тəжірибеден байқағанымыздай мұғалім келесі жайттарды орындауы қажет:

  • қазіргі таңдағы ғылымның жəне оның дамуы туралы жаңа мəліметтермен оқушыларды таныстыру;
  • сұрақтың тарихын ашу (ойдың тууы, ғылыми ізденістер, жаңалықтардың нəтижелері, қиындықтары);
  • түрлі қарама-қайшылықтарды көрсету, ғылыми фактілер жəне ойларды талқылауда диалектикалық тəсілге үйрету;
  • өмірдегі құбылыстарды түсіндіру үшін өз тəжірибесінен алынған нəтижелерді ғылыми қорытындылаудың қажеттілігін ашу;
  • мектептен алған ғылыми білімдердің тəжірибелік күшін оқушылар болашақ еңбек жолындағы, ауыл шаруашылығында, күнделікті өмірде жəне т.б. пайдалана алатындығын ашып көрсету;
  • сабақта қойылған мəселелерді ескеріп, сабақтан тыс жұмыстарды жүргізуге баулу;
  • сабақта жеке оқушылардың жұмыстарының нəтижелерін талдаудың ұжымдық жұмыстарын ұйымдастыру (пікір, шығарма, талқылау жəне т.б.);
  • бағдарламадан тыс білімдерді қажет ететін жеке тапсырмаларды беру арқылы қосымша білім көздерімен жұмыс жасауды ұйымдастыру.

Мектеп оқушыларының танымдық қызметін ұйымдастыруда оқу материалының мазмұнында пəнаралық байланысты нығайту жоғарыда қойылған міндеттерді жүзеге асыруда септігін тигізеді. Жаратылыстану пəндерінің пəнаралық байланыстары ғылыми дүниеге көзқарастың қалыптасуына, интегративті сипатта жаратылыстану-ғылыми ойлауды жəне оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруға ықпал етеді. Егер барлық жаратылыстану-ғылыми пəндері пəнаралық байланыспен қамтамасыз етілсе, онда табиғаттың өзара байланыстары жан-жақты ашылып, оқушыларға табиғат диалектикасын тізбектей тануға мүмкіндік туар еді. Жаратылыстану ғылымдарының пəнаралық байланысын есеп шығару, сабақтан тыс жұмыстар, саяхат жасау кезінде де, мұғалім өз дайындығына байланысты пайдалау мүмкіндігі зор.

Сонымен, оқушылардың танымдық қызығушылыған арттыру жəне  оқытуды  сəтті  жүзеге асыру мəселесі мұғалімге тікелей байланысты. Қажетті  деңгейде  дайын  педагог қана оқушылар үшін нағыз ұстаз бола алады. Егер мұғалім оқушыларды тəрбиелеу жəне оқытудың əрдайым тиімді жолдарын ізденіп танымдық қызығушылыған дамыту жұмыстарын  үздіксіз  жүргізіп отырса  ғана   қойылған  талаптар  орындалады.

 Жаратылыстану ғылымдарын оқытуда танымдық қызығушылықты дамытудың маңыздылығы бүгінгі таңда қандай да өркениетті мемлекеттің қуатты болуы жаратылыстану ғылымдарының дамуымен айқындалатындығында. Жаратылыстану ғылымдарының өмір сүрудің барлық облысында – дүниеге көзқарас, мəдениет, экономика, əскери іс, өндіріске əсері мол екендігіне ешкім күмəн келтіре алмайды. Ғылымдардың ашқан жаңалықтары жəне техникалық жетістіктердің адамзат дамуына, адам өміріне жəне өркендеуге əсері мол.

 

Əдебиеттер

 

  1. Государственная программа развития образования в РК на 2010-2015 гг. // Образование в Республике Казахстан. – №1. – Астана,–  С. 206-208.
  2. Концепция развития образования Республики Казахстан до 2015 года // Педагогический вестник. – 2008. – №12.
  3. Обучение и развитие. Экспериментальнопедагогическое исследование / под ред. Л.В. Занкова. – М.: Педагогика, 1980. – 290 с.
  4. Подласый И.П. Педагогика. – М.: Владос,1999. – Кн.1. – 534 с.
  5. Харламов И.Ф. Педагогика. – М.: Высш. шк., 1990. – 576 с.
  6. Педагогика Дидактика  средней  школы  /Под ред. М.Н. Скаткина. – М., 1982. – 303 с.
  7. Беспалько В.П. Педагогика и прогрессивные технологии обучения. – М., 1995. – 392 с.
  8. Хуторской А.В. Современная дидактика: учебник для вузов. – СПб.: Питер, 2001. – 440 с.
  9. Куписевич Ч. Основы общей дидактики. –М., 1987. – 390 с.
  10. Лернер И.Я. Дидактические основы методов обучения. – М.: Педагогика, 1981. – 420 с.
  11. Ермекова Ж.К. и др. Развитие познавательного интереса учащихся к фундаментальным наукам. Элективный курс для студентов педагогических специальностей вузов. – АстанаКокшетау, – 58 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.