Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Информатика пəні бойынша жеке тұлғаға бағытталған оқыту жайында

Қазіргі таңда үздіксіз білім беру жүйесінде білім беруді дамыту, дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында елімізде білім берудің жаңа жүйесі құрылып жатыр. Осыған орай Қазақстан Республикасының  Президенті  Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «бізге экономикалық қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» деп қазіргі білім саласына артылатын салмақты көрсетіп берді [1]. Осыған байланысты білім берудің тиімділігі мен  сапасын арттырудың негізгі бағыты – барлық тəрбиелік істе əрбір баланы жеке тұлға деп танып біліп,білімді де білікті, салиқалы да парасатты, жан-жақты жетілген, өзін-өзі дамытуға жəне өз бетінше дұрыс,адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға  қажетті жеке тұлғаны қалыптастыру.

Жеке тұлғаның қалыптасуы – үздіксіз күрделі үдеріс. Əрбір балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тəн санасы, еркі, өзіндік  əрекет жасай алатын қабілеті бар екенін ескеріп, балалар мен жастардың білімге, ғылымға ықыласын арттыру, олардың ақыл-ой қабілетін, жеке бас қасиеттерін дамытып, оны қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу қажет.

Білім берудің жаңа жүйесі əлемдік білім  беру кеңістігіне енуде. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тəрбие үдерісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Ол бұрын пəнге бағытталған түрде жүргізілсе, енді жеке тұлғаға бағытталған түрде жүргізілетін болады. Бұл – қоғамдағы өзгерістерге байланысты туындаған объективті үдеріс. Бұрынғы оқыту технологиялары оқушылардың жалпы оқуға деген ұмтылыстары  мен біліктіліктерін  қалыптастыруға бағытталған еді. Онда оқытылатын пəннің өзі оқыту мақсаты тəрізді болатын да, ал оқушысоған жету құралы болып саналатын. Осының салдарынан көптеген оқушыларда оқуға  деген оң көзқарас қалыптаспағанын айта кеткен жөн [2,3].

Жаңа парадигмаға сай оқу үрдісінің орталығында оқушының қажеттіліктері, қабілеті, мүмкіншіліктері тұрады. Оқушы мұғаліммен қатар оқу əрекетінің субъектісі ретінде танылады, ал мұғалім – ұйымдастырушы, кеңесші, əріптес болып табылады, яғни оқушы іс-əрекетінің педагогикалық көмекшісі болып табылады.

Əлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет деп атап көрсеткеніндей инновациялық əдіс-тəсілдерді кеңінен қолдану жаңаша білім берудің бір шарты. Тұлғаға бағытталған оқыту – бұл педагогикалық қызметтегі əдіснамалық бағдар, ол өзара байланысты түсініктер, идеялар мен тəсілдер арқылы өзіндік тануын, өзін-өзі қалыптасуын жəне бала тұлғасының қабілеттерінің жүзеге асуын, оның қайталанбас даралығының дамуын қамтамасыз етеді.

Жеке тұлғаға бағыттап оқыту дегеніміз оқушының қажеттіліктерін, ерекшеліктерін, іс əрекетін ескеретін, жан жақты, яғни интеллектуалды ойлау қабілетін, өз бетінше шешім қабылдай алатын, шығармашылық қабілетін дамытатын тұлғаны қалыптастыру.

Жеке тұлғаға бағытталған оқыту – бұл жеке тұлғаның белсенділігіне жету. Барлық оқу үдерісін белсенділендіру жоспарында ең маңыздысы практикалық сабақтарда берілген мүмкіндіктерді барынша қолдану. Жеке тұлғаны дамытуға бағытталған оқыту оқушыға ғылым негіздерін үйретіп  қана қоймай,  əр оқушының бейімділігін анықтап, тұлғалық негізіне қарай білім беруі тиіс. Ол баланың табиғи қабілетін зерттеу арқылы оны болашақ мамандығына сəйкестендіру [5].

Жеке тұлғаға бағыттап оқытуда білім алушының жеке басы бірінші орында тұрады. Əрбір адам тұлға бола отырып, бір жағынан жеке тұлға, екінші жағынан əлеуметтік типтік тұлға, яғни əлеуметтік маңызды сипаттарды қамтушы болып табылады.

Жеке тұлғаға бағытталған оқытудың мүмкіншіліктері келесідей:

  • оқушымен жеке жұмыс;
  • оқушы тұлғасын тану жəне қадірлеу;
  • қабілеттеріне қарай топтарға бөлінген балаларды оқыту;
  • балалармен ынтымақтастық;
  • оқыту түрін, мазмұнын, формасын, таңдау мүмкіндігі;
  • оқушылардың танымдық стратегиясын дамыту;
  • оқыту үдерісінде балалардың тұлғалық тəжірбиесін есепке алу;
  • адамгершілік қасиеттерін дамыту,
  • оқыту үдерісінде баланың өзіндік «менін» іздеуге көмектесу болып табылады.

И.С. Якиманскаяның ойы бойынша, оқушыны оқу үдерісінің басты тұлғасы ретінде тану – бұл жеке тұлғаға бағыттап оқыту деп аталады. Жеке тұлғаға бағытталған оқытудың моделін құру үшін келесі түсініктерді айыруды қажет  деп есептейді [4]:

  • түрлі дəрежелі амал – түрлі дəрежелі бағдарлама материалының қиындығына бағытталған болуы тиіс;
  • өзгешілік амал – оқушылардың сыртқы ерекшелігі: білімі,
  • қабілеті, білім беру орталығының типі бойынша бөлу;
  • жекеше амал – оқушыларды біріңғай топ бойынша: үлгерімі, қабілеті, əлеуметтік-кəсіби ағымына қарай топтау;
  • субъекті – жекелі амал – əрбір оқушымен жақын қарым қатынаста болу.

Осы түсініктерді қарастыра отырып, информатика пəні бойынша жеке тұлғаға бағытталған оқытудың мүмкіндіктері қандай? Соған тоқталайық.

Информатиканы оқытудың негізгі мақсатыоқушыларды белсенді, əрі толыққанды өмірге жəне ақпараттық қоғам ортасындағы жұмысқа дайындау болып табылады. Бірақ мұндай қоғамда ақпарат көлемінің өсуі практикалық əрекеттермен шыңдалып отыруы тиіс, мұнда оқытудың тек мəлімет беретін түсіндіру – көрсету технологиясымен шектелуге болмайды. Қазіргі жаңа ақпараттық   қоғам   түрлі   мəліметтермен  жұмыс істеп, қойылған мақсатқа жету жолында алдыңғы қатарлы ақпараттық мəдениеті бар, яғни компьютерлік ақпараттық технологияларды, жаңа техникалық құралдар мен тəсілдерді пайдаланатын мамандарды керек етеді. Бұл кезеңде кез келген жеке тұлға өз қызметінің нəтижелерін ойдағыдай болуына көп көңіл бөлуі тиіс. Cондықтанда информатиканы оқытудағы жеке тұлғағабағытталған оқыту былай тұжырымдалған:

  • оқушыны оқу үдерісінің негізгі субъектісі ретінде мойындау;
  • оқушының жеке ерекшеліктерінің жобалану, даму мақсаттарын анықтау;
  • оқушының субъектілік тəжірибесін құруды аша отырып қойылған мақсатты жүзеге асыруды қамтамасыз ететін құралдарды анықтау;
  • оқушының информатикаға деген қызығушылығының жоғарылауы;
  • тұрақты дамып отырған технологияларға байланысты қажетті техникалық жəне бағдарламалық қамтамасыз етумен оқу үрдісін жинақтау;
  • оқушының тұлғасын зерттеген кезде компьютерлік технологияларды қолдану;
  • қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар базасы негізінде оқу үрдісін жаңарту жəне т.б. [7].

Информатикада жеке тұлғаға бағытталған оқытуды жүзеге асыру құрамына ғылыми жəне мета білімдерді қосатын білімді өңдеуді талап етеді (танымның əдістемелері мен амалдары). Ең маңыздысы болып оқу үдерісінің қатысушыларының өзара арнайы формаларын өңдеу  болып табылады.

Информатика сабағында тұлғаға-бағытталған оқыту модельдерін жүзеге асыру үшін не қажет?

Біріншіден – информатиканың білім беру үдерісін оқыту мен тəрбиелеуді біріктіру ретінде емес, оқыту мен тəрбие бір болатын қабілеттің құрылуы, тұлғаның дамуы ретінде қабылдау қажет.

Екіншіден – білім беру үдерісінің негізгі қатысушыларының: басқарушылар, ұстаздар, оқушылар, ата-аналар өзара қарым қатынас сипатымен көрсету.

Үшіншіден – білім беру үдерісінің əсерлілік критерийлерін анықтау. Білім беру терминдері жəне оқу үдерісі мағынасына қарай бірдей емес.

Информатикада тұлғаға-бағытталған оқытуды өңдеудің негізгі принципі оқушының өзіндік қасиетін мойындау, оның дамуына қажетті жəне жеткілікті шарттарды құру болып табылады.

Жекелік қасиет өз өмірін субъекті ретінде дамытуда жүзеге асыратын əр адамның қайталанбас өзгешелігі қарастырылады. Бұл өзгешелік кез келген адамның психикалық, анатомофизиологиялық  ұйымдастыруын  қамтамассыз ететін əртүрлі факторлардың əсері кезінде қалыптасатын психикалық қасиеттерінің жиынтығымен анықталады. Жекелік – адам ерекшеліктерінің жалпыланған сипаттамасы, оның тұрақты көрінісі қызметтің жеке стилін тұлғалық білім беру ретінде анықтайды.

Информатиканы оқытуда жекелікті ескеру əрбір оқушының барынша даму мүмкіндігінің ашылуын, даму жағдайының пайда болуын білдіреді. Бірақ əрбір оқушымен жеке жұмыс жасау үшін тұтас білім беру əдісін басқаша құру керек болады.

Информатикада жеке тұлғағабағытталған оқытудың дидактикалық қамтамасыз етудің негізгі қажеттіліктері келесідей:

  • оқу материалы информатиканы оқытудағы тəжірибені қоса отырып оқушының тəжірибесінің мазмұнын көрсетуді қамтамасыз ету керек;
  • оқулықтағы білімді түсіндіру оның көлемін кеңейтуге, құрылымдауға, интегралдауға, пəндік мазмұнды жалпылауға ғана емес, сонымен, əрбір оқушының тəжірибесін түрлендіруге бағытталған;
  • оқыту кезінде оқушының тəжірибесінің берілетін білімнің ғылыми мазмұнымен əрдайым сəйкес келуі қажет болды;
  • оқушының білім беру қызметіне белсенді қалыптасуы оған өз бетімен жаңаруға, дамуға, білімді игерген кезде өз-өзін көрсете білуге мүмкіндігін қамтамасыз ету керек;
  • оқу материалы оқушы тапсырманы орындаған кезде, мəселені шешкен кезде таңдау мүмкіндігі болатындай ұйымдастырылуы керек;
  • қатысушыларды өз бетімен таңдауға жəне оқу материалын өңдеу əдістері үшін маңызды болатындарды қолдануға үйрету;
  • оқу іс-əрекеттерін орындау амалдары жөнінде білімді енгізген кезде тұлғалық дамудағы олардың функцияларын ескере отырып оқу материалының жалпы логикалық жəне ерекше пəндік амалдарын ерекшелеу қажет;
  • нəтиженің ғана бақылауымен бағасын қамтамасыз етпеуі керек, сонымен, ең бірінші үйрену үдерісін, яғни, оқушы оқу материалын игере отырып трансформацияны жүзеге асыру керек;
  • білім беру үдерісі құрылуды, жүзеге асуды, рефлекцияны, оқу бағасын субъективті қызмет ретінде қамтамасыз етуі керек. Ол үшін оқу бірліктерін, олардың сипатталуын, жеке жұмыста ұстазбен пайдаланылуын ерекшелеу керек.

Информатикада тұлғаға бағытталған оқытуды технологияландыру оқу мазмұнын арнайы құрылымдауды, дидактикалық материалды, оны қолданудағы əдістемелік нұсқауларды, оқу диалогының  типтерін, білімді  игерген  кезде оқушының тұлғалық дамуын бақылау формасын ұсынады.

Информатиканы қазіргі жағдайда ақпараттық коммуникациялық технологиялар құралдарын пайдаланбай оқыту мүмкін емес. Бұл жағдайда жеке тұлғаға бағытталған оқытуда ақпараттық дидактикалық ұстанымдар келесідей:

  • жеке тұлғаның өзін бағалау ұстанымы;
  • оқушының белгілі бір белсенді субъект ретінде танып білу ұстанымы;
  • оқушының əлеуметтік ұстанымы;
  • субъективтік тəжірибедегі оқушының танымдық ұстанымы;
  • оқушының жекеленген психофизиологиялық ерекшелік ұстанымы;
  • оқушының жеке тұлағалық коммуникативтік дамушылық ұстанымы.

Тұлғааралық оқушылардың бір-бірімен қарысқатынасы, сондай-ақ оқытушымен қарым-қатынасты орнату қазіргі заманғы ақпараттық телекоммуникациялық технология құралдары көмегімен жүзеге асырылады. Бұл құралдарды пайдалану жеке іс-əрекет арқылы жүргізілуі тиіс. Ең айқын жəне маңызды қарым-қатынас тұлғаның ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы телеконференциялардың ғылыми тұрғыда жобаланған түрде ұйымдастырылуы тиіс [6].

Сонымен жоғарғыда келтірілген ұстанымдар мен тұжырымдар информатиканы жеке тұлғаға бағытталған оқытудың оның ішінде мектеп информатикасын оқытудың зор мүмкіндіктерінің бар екендігін көрсетеді. Сондықтанда осылардың негізінде информатиканы жеке тұлғаға бағытталған оқытудың əдістемелік жүйесін жасап, іске асыру бүгінгі күн тəртібінде тұрған көкейкесті мəселе.

 

  1. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2006ж.
  2. Акитбаев Е.Т. «Жеке тұлғаның шығармашылық дарындылығын дамыту жолдары» 2006ж
  3. Мұсабеков Ө. Тұлғаға бағытталған білім. Қазақстанмектебі. 2007/1.
  4. Якиманская И.С. Технология личностно-ориентированного образования. – М.: Издательство «Сентябрь»,-175 с.
  1. Баширова Ж.Р. Личностно-ориентированное образование преподователя высшей школы в университете. Білім. 2006, №5 (29)
  2. Алдияров К.Т., Бидайбеков Е.Ы. Дидактические принципы личностно-ориентированного обучения в условиях использования информационных и телекоммуникационных технологий//Вестник МГПУ. Серия «Информатика и информатизация образования». – №2(22). – 2011 г.
  3. Сурхаев М.А. Использование информационных технологий для активизации познавательной деятельности учащихся на уроках информатики в общеобразовательной школе: диссертация    кандидата    педагогических    наук:13.00.02. – М., 2004.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.