Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Зерттеу университеті жағдайында білім беру парадигмаларының қолданысы

Қазіргі таңда əл-Фараби атындағы ҚазҰУ зерттеу университетіне бағытталуда. Зерттеу университетінің негізгі басымшылдығы ғылыми əрекетті белсендендіру. Бұл əрекет əлемдік рейтингтің негізгі өлшемі болып табылады. Олай болса, жоғары мектеп оқытушылары, қызметкерлері, білім алушылары ғылыми өлшемді көтеруге ықпал етуі тиіс, тіпті міндетті деп айтып өтуге болады. Ғылыми əрекет білім беру парадигмаларының кез-келгенінің мазмұнына ену керектігі де талқыға салынбайтын мəселе. Енді осы парадигма ұғымына тоқталар болсақ, ғылыми-педагогикалық еңбектерде ол модель, үрдіс, жүйе, деп түсіндірілген жəне ғылыми лексиконға нық еніп, педагогикалық еңбектерде жиі қолданылуда. Парадигма ұғымының анықтамасы əлі де нақтыланбағанымен де қазіргі кезде оның жиырмаға жуық типтерінің бар екендігі айтылып жүр. Бұл ұғым қандай түсіндірмелік функцияны атқарып жүр? деген сұраққа жауап беруден бұрын ең алдымен парадигманың ғылыми-педагогикалық еңбектерде талдануын қарастырып көрелік.

Педагогикада аталған ұғымның екі түрлі түсіндірмесі бар. Біріншіден, бұл, кундық классикалық, жалпы қоғамдық мағынаға жақын парадигма, ол ғылыми іс-əрекеттің, нормалардың, критерийлердің, зерттеу стандарттарының жиынтығының моделі ретінде қарастырылады (А.А. Арламов, Е.В. Бережнова, Н.Л. Коршунова, В.В. Краевский, В. Нұрғалиев жəне т.б.). Екінші түсінік бойынша парадигма білімдендіру жүйесін жобалаудағы амалдар, идеялар, негіздемелер, білім берудің базалық немесе стратегиялық моделдері болып табылады. Мұндай қорытындыда əдетте білім берудің негізгі бағыттарын, педагогикалық мақсаттарды қоюдың бастаулары мен тəсілдерін бейнелейтін білімдендіру парадигмалары ұғымы пайдаланылады. Сондай-ақ парадигманың қалыптастырушы жəне гуманистік (Е.В. Бондаревская), тұлғаға бағытталған жəне рухани бағытталған (Т.И. Власова), ғылыми-технократиялық, гуманитарлық жəне эзотерикалық (И.А. Колесникова), авторитарлық, манипулятивтік жəне қолдаушылық (Г.Б. Корнетов), дəстүрлі-қалыптастырушы, дəстүрлі-дамытушылық, тұлғаға бағытталушылық (С.В. Кульневич), дəстүрлік, рационалистік, гуманистік (В.Я. Пилиповская), рухани-ағартушылық (И.А. Соловцова), педагогикалық, андрогогикалық, акмеологиялық жəне коммуникативтілік (Ю.Г. Фокин) жəне басқа да түрлері айқындалған.

Ғылыми-педагогикалық еңбектерде жиі айтылып жүрген парадигмалардың анықтамалары осыларға сай келеді. Педагогикалық шындықтың көп парадигмалануы туралы кең тараған ойлар ғылыми парадигмадан гөрі білім берудегі парадигмалар туралы көзқарастар болып табылады. Парадигманы ғылыми іс-əрекет жəне ғылымның объектісі ретінде екі жақты қарастыру ұғымды қарама-қарсылыққа қойып отыр. Ол педагогикалық парадигманы əрі зерттеушілік, əрі білімдендіруші міндеттерді  шешуге орай екі  жақты анықтаудан туындап отыр (Е.В. Бондаревская, С.В. Кульневич, И.Е. Шкабара жəне т.б.). Дегенмен бұл тек интегралды, синтетикалық қана емес, сонымен қатар көрсетілген міндеттер өзара айырмашылыққа ие болғандықтан ол жиынтық мағынасына ие.

Ғылымдағы көп жақтылықтың өзіне тəн жағымды жақтары да бар. Бір ғана көзқараспен бүкіл білім беруді қамти алмаймыз. Сондықтан да қаншалықты теориялар көп болған сайын, шындыққа, ғылыми көзқарас аясына жақындай түсеміз. Бəсекелес теориялардың, қарсыластардың көп болуы ғылым үшін өнімді болып табылады. Себебі олар ғылымды бір орында тұрып қалудан сақтап, бұрынғы айтылғандарды мойындау мен стеоретиптерге бой алдыру дегендерге қарсы келеді. Нағыз құнды білім өзара бəсекелестік жағдайында қалыптасады. Бір жағынан мұндай көзқарастардың арасындағы айырмашылықты ажырату үшін де ортақ тіл керек. Базалық ұғымдарды түсіндіруде бірліктің, тұтастықтың болмауы ғылымның дамуына кері əсер етеді.

Осыған орай жалпы ғылыми түсіндірмелердегі «парадигма» ұғымын бірмəнді етуге деген В.В. Краевскийдің, Н.Л. Коршунованың жəне басқа да ғалымдардың ұмтылысымен келісуге болады [1,2]. Дегенмен классикалық ғылымның парадигмаға берген анықтамасы «қалыпты ғылымда» соншалықты ерекше эвристикалық мағына бермейді [3].

Педагогикадағы бұл ұғымның кең етек алуы оған басқа анықтама беруді талап етуде. «Парадигманың» педагогикаға енуін оқыс жағдай немесе ғылымдағы мода ретінде түсіндіру қиындыққа алып келіп тірейді. Бұл тұрғыдан педагогикадағы парадигманы мойындамау немесе оны ғылыми емес іс-əрекетте, білім беруде ғана пайдалану оншалықты тиімді вариант емес. Мүмкін ұғымның мағынасына баса назар аударып, оның тек педагогикаға ғана қатысты түсіндірмесін басшылыққа алғанымыз дұрыс болар. Осыған орай парадигма ұғымын педагогиканың объектісіне – білім беру процесін жатқыза отырып, оның алдын ала осы немесе парадигманың ғылым объектісіне тəн сипаттамасының болатындығын айта кету керек. Бастапқы кезге көңіл аударып көрелік. Грек сөзі «paradeigma» сөзбе сөз қандай да бір көріну сипатын, манифестация деген мағына береді. Кең мағынасында парадигма – адамзат ойлауы мен адамзат болмысының негізгі, фундаменталды пропорцияларын орнататын, бірақ өзі назардан тыс қала отырып, өз алдына көрінбейтін жəне тікелей рефлексияға бағынбайтын  құрылымданған  шындық   [4]. А.Г. Дугин парадигма өзінде гносеологиялық жəне онтологиялық сəттердің əлі бөлінбегендігімен ерекшеленетіндігін мойындайды.

Т. Кунның айтуынша парадигманың немесе пəндік матрицаның құрамына парадигманың метафизикалық бөліктері кіретін бірнеше компоненттерден тұрады. Олардың авторлық түсіндірмелерінде оп-оңай тек гносеологиялық қана емес, сонымен қатар онтологиялық сəттерді де кездестіруге болады [3]. Олай болса, əрбір ғылыми парадигма зерттеу міндеттерін шешудің үлгісіне ғана қатысты болмай, сонымен қатар ғылымның объектісі туралы көзқарастармен де байланысты.

«Парадигма» ұғымымен қатар ғылымда дəл осы мағынада қолданылатын жəне соған ұқсас функцияларды орындайтын басқа да түсініктер бар. Мысалы, «зерттеу бағдарламасының ядросы» (И.  Лакатос),  «зерттеушілік  дəстүр»  (Л. Лаудан),«ғылымдар негіздемесі» (Н.Н. Моисеев, В.С. Степин), «ойлау стилі» (Е.Н. Князева, В.С. Швырев). В.С. Степиннің айтуынша ғылымдар негіздемесі ғылыми пəндердің жүйе құраушы факторы болып табылады, олар ғылыми ізденудің мақсаты бағдарлаушы əрі жаһандық зерттеушілік бағдарлама ретінде қызмет етеді. Ғылымдар негіздемесі мынадай компоненттерден тұрады:

  • əлемнің арнайы ғылыми картинасы (пəндік антология), белгілі бір пəннің жалпылама бейнесін оның басты жүйелі – құрылымдық сипаттамасына бейнелейді.
  • зерттеудің идеялары мен нормалары (суреттеу мен түсіндіру, дəлелділік пен негіздемелік, сондай-ақ білімдердің құрылуы мен ұйымдастырылу идеясы) ғылыми таным əдістерінің жалпылама сызбасын анықтайды.

Ғылымның философиялық негіздемесі қабылданған əлем картинасын, сонымен қатар идеялдар мен ғылымның нормаларын негіздейді, соның арқасында шындық пен оны тану əдістері туралы көзқарастар мəдениеттер ағымына қосылады.

Бұл көзқарастар парадигманың екі құрамдас бөліктерін бөлуді талап етуде: онтологиялық (ғылымның объектісі туралы генерализацияланған көзқарастар) жəне гносеологиялық (ғылыми іс-əрекеттің үлгілері).

Өзінің зерттеп отырған шындық жағдайындағы құбылыстарды суреттеу, түсіндіру, жобалау міндеттері тұрған фундаменталды ғылымдар үшін парадигманың осы түсіндірмесі олардың сұранысына жауап береді. Ал педагогика болса ғылыми-теориялық функциямен қатар, конструктивті-техникалық (нормативтік, реттеушілік) функцияларды орындайды.

Педагогикадағы парадигма туралы пікірлерді реттеу мақсатында парадигмалардың ғылыми жəне білімдендірушілік деп жіктеуге болады.

Ғылыми педагогикалық парадигма – ғылымипедагогикалық зерттеулердің сипатын, идеялдарын, нормаларын анықтайтын, сондай-ақ педагогиканың əдіснамасы  қызметін атқаратын білім мен ғылым туралы онтологиялық жəне гносеологиялық көзқарастар. Білімдендіру парадигмасы – білім беру практикасының өзі мен білімдендіру процесін жобалаудың нақты амалдарын анықтайтын педагогикалық қауымдастықта қабылданған дүниетанымдық жəне теориялық алғышарттардың жиынтығы. Философиялық негіздеулері мен əлем картинасы бойынша сəйкес келгенімен бұл екі парадигма бірінші жағдайда – мəнділікті зерттеумен, екінші жағдайда – болжам жасау мен жүзеге асыруы бойынша идеялдар мен нормаларда ажыратылады. Парадигманы бұлай бөлу педагогтарға қарастырып отырған ұғымды əр түрлі контексте қолдануға жол береді.

Талқылап отырған мəселенің  түсіндірмелі жəне болжамдық потенциялы парадигмалды талдауды қолданған кезде толықтай ашыла бастайды. Парадигмалды талдаудың негізгі қызметі қорытынды постулаттардың көтерілуіне ықпал етеді, оларды анықтайды, түсіндіреді жəне қажет болған жағдайда сыни талдауға алып келеді. Бұл функцияны жүзеге асыру педагогикадағы «аксиоматика көлеңкесінен», ғылымның дамуына ықпал  етеді əрі əлем туралы ескірген көзқарастардан кұтылуға көмектеседі. Парадигмалды талдау педагогикалық зерттеулерде əдіснамалық «құрал» ретінде қолданылады. Ол ғылыми-теориялық теоияларды, үлгілерді, білімді жетілдірудегі амалдарды салыстырмалы талдау үшін «координаталар жүйесі» түріндегі ғылымның «қозғалысын» болжауға жəне ескеруге көмектеседі.

Ал, қазіргі педагогика үшін өзекті сұраққа жауапты іздестіру мақсатында қолданылады. Педагогиканың дəстүрлі парадигмасы кез-келген ғылыми ізденістерді реттейтін позитивизмнің, гносеологиялық ұстанымдар мен идеялдардың негізінде қалыптасты. Педагогикада ғылыми ісəрекеттің моделі мен теорияларды құрастырудың үлгілері біршама ерекше қасиеттерге ие болды, бірақ оған жəне барлық басқа да гуманитарлық ғылымдар үшін классикалық ғылым, жаратылыстанулық танымдар үлгі болды.

Білім беру парадигмаларының кеңеюі педагогиканың базалық категориялардың да өзгеруіне алып келді. Білім берудің анықтамасында адам «көріне» бастады, ол тек қана меңгеруші ғана емес, мəдениетті жасаушы əрі танушы адамға ауысты. Əлеуметтік пайдалы сапаларды қалыптастыру ретіндегі тəрбиеге деген көзқарас мəнділік жасаушы процесс (Е.В. Бондаревская), мəдени құндылықтарды интериоризациялау процесі (И.Б. Котова, Е.Н. Шиянов), «құндылықмəнділікті» тəрбие субъектілеріне со-трансформациялау (Н.М. Борытко) процесіне ауысты. Педагогика біртіндеп оқытудың – білімді беру мен меңгеруінен тұратын мағынасынан «тұлға болып  қалыптасуға  тəжірибе  жинақтау» ретіндегі оқытуға көңіл аударуда [5]. Қазіргі педагогика тұлғаға бағыттай отырып, адамның өзінің қажеттіліктері мен өзінің өмір жолын жүзеге асыруда құқылы болуы оны психологиямен айтарлықтай жақындастыра түсті. Бұны педагогикалық еңбектерде  «тұлға»,  «субъект»,  «жеке  даралық»,«құндылық», «мəнділік», «даму», «қолдау» секілді ұғымдардың кең ауқымды қолданылуынан байқауға болады. Мұндай адам бейнесінің бір ғылымнан екіншісіне ауысуын В.С. Степин «парадигмалы екпе (прививка)», деп қарастырған [6].

Педагогиканың парадигмасының ауысуының тағы бір педагогикалық алғышартына педагогтардың теорияларды, философиялық сұрақтарды негіздеуге деген қызығушылықтарының артуын, əрі ғылым мен практика арасындағы байланыстардың үзілуі, түсіндірмелі-ұғымдық сөздердің болмауы, қолда бар əдістердің көмегімен білім берудегі құбылыстарды түсіндіруге жəне зерттеуге қабілетсіздігі т.б. мəселелер мен қарамақайшылықтардың туындауын жатқызамыз.

Педагогикалық зерттеулерде синергетикалық əдіснамаға «функционалды эксперимент емес, адам тұлғасының дамуына ықпал ететін педагогикалық ортаны, біртұтас білімдендіру жобаларының жүйесі негізге алынатын» жаңа əдіске өту туралы, сандық, статистикалық əдістер сапалыққа қарағанда бағынушылық жағдайда болатындығы, ғылыми-педагогикалық іс-əрекеттердің идеалдары мен əдістерінің дамуы туралы болжамдар айтылып келеді [7].

Əлемнің жалпы ғылыми картинасын, психологиядағы адамның бейнесін, пəндік онтология мен педагогиканың қазіргі жағдайын талдау педагогика негіздемесі айтарлықтай өзгерістерге ұшырауда, соның ішінде педагогиканың мынадай ғылыми парадигмалары туралы айтуға болады:

  • адамның жаһандық эволюция процесіндегі маңызды рөлін мойындау, əлемнің жалпы ғылыми картинасындағы мəңгілік адам идеясын тарату;
  • психологиядағы адам бейнесінің өзгеруі, адамды тек оның көріністері мен қызметтері тұрғысынан зерттеп қоймай, оны тұтастықта, бірегейлігінде, əлеммен бірлігінде зерттеу;
  • ғылымның «субъективтілік өлшемін» мойындау, гуманитарлық таным əдістерін тарату, психология мен педагогикадағы зерттеудің жаңа əдістері мен амалдарын іздеу;
  • педагогиканың базалық категорияларының мағынасының өзгеруі;
  • педагогтардың теорияларды, философиялық сұрақтарды негіздеудегі қызығушылықтарының артуы, педагогикадағы мəселелер мен қарамақайшылықтардың жинақталуы.

Дегенмен педагогикалық шындықтың қайта құрылған картинасы өзіне жауап беретін зерттеу идеалдары мен нормаларын өзгерткен жоқ, олай болса, педагогикалық парадигманың өзгергендігі туралы емес, оның дамуының белгілі бір тенденциялары туралы қорытынды жасауға болады.

Педагогикадағы «қозғалыстың» əлемнің жалпы ғылыми картинасындағы өзгерістердің сəйкестігін, сол сияқты əлемдегі адамның ролі мен қызметін қайта ұғындырумен байланысты жаһандық мəселелерді шешудің базалық траекториясына да сəйкестігін атап өткен жөн.

Кейбір əдебиеттерде «парадигма» мен «əдіснама» ұғымдарын қатар немесе синоним сөздер ретінде қарастырылған. Авторлардың айтуынша əдіснама ұғымы – əдістер мен таным принциптері туралы ілім, яғни басқа сөзбен айтқанда əдіснама – бұл парадигманы нақты ғылымға, ғылыми оқу пəндерге бөлшектеу болса, парадигма – нақты əдіснаманы құрастыруда реттеуші қызмет атқарады.

С. Криппнердің айтуынша парадигма əлемнің жай-күйінің картинасы. Олар қоғамда қабылданған сенімдердің, қабылдау ерекшеліктерінің, құндылықты жəне практикалық бағдарлардың жиынтығын суреттейді жəне осы қоғам мүшелерінің іс-əрекетін басқарады. Парадигма, сонымен қатар өте кішкентай қауымдастықты, мысалы ғылыми-зерттеу тобын немесе тұтастай мəдениетті сипаттауы мүмкін.

Ал, білім беру парадигмасы немесе педагогикалық парадигмаға келер болсақ, оны білім беру моделінің құрылымы мен мақсаткерлігімен байланыстырады. Олай болса, педагогикалық парадигма міндетті түрде білімдендіру процесінің моделінде көрініс табады. А.П. Валицская сол қоғамға сай əлемнің жалпы бейнесін бейнелейтін идеялар жиынытығы (бала туралы,білім берудің  мүмкіндіктері,  мақсаттары, міндеттері,оқытушы  жəне  оның  негізгі сипаттамалары туралы көзқарастар) деп анықтама береді.

 Парадигма ғылымның фундаменталды категориясы болып табылады. Сондай-ақ  парадигма-теориялық стандарттардың, əдіснамалық нормалардың, құндылықты белгілердің жиынтығы ретіндегі ғылыми іс-əрекеттің моделі.

С.А. Смирнов білімдендіру парадигмасы деп мəдениеттің өмір сүруінің қандай да бір тəсілі жəне оның ішінде – адамның өзінің өмірлік ресурстарын қайта жаңғырту формасы мен тəсілі деп түсіндіреді. Басқаша айтқанда – білім беру парадигмасы ол тек мектептегі оқыту əдісі ғана емес, ол адамның өмір тіршілігінде басшылыққа алынатын ойлау типі.

Білім беру парадигмасы – білім алушыларды мəдени табиғатқа сай əдіснамалық тұрғыдан негізделген эталон құрылымы бойынша білім стандартына сəйкес жоғары адамгершілік құндылықтарға тəрбиелеу [8].

 Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда білім беру парадигмаларын анықтайтын элементтерге: адамға нақты тарихи кезеңде қажетті білімдер мен біліктер жүйесі туралы көзқарастар, ақпаратты кодтау мен беру қағидасы, адамның мəдени дамуын ұғыну, білімнің қоғамдағы ролі, білімдендіру кеңістігіндегі оқытушының бейнесі мен орны, баланың білім беру, оқыту, тəрбиелеу құрылымындағы бейнесі мен рөлі.

Бүгінгі  əлемдік  білім  беру   процесінде  В.А. Пилиповскийдің салыстырмалы сипатын енгізген білім берудің парадигмалық моделі қолданылады. Парадигмалардың əржақтылығы білім беру мен мəдениет мақсатына қойылатын əртүрлі ыңғайлармен түсіндіріледі.

1-ыңғай. Құндылық (аксиологиялық). Мұнда мəдениет адамзат өмірінің мəні ретінде қабылданады. Мəдениеттің өркендеуі мəдениеттің жетістігі ретінде түсіндіріледі.

2-ыңғай. Іс-əрекеттік. Мұнда мəдениет материалдық жəне рухани құндылықтарды жасау бойынша əрекеттер тəсілін апробациялау ретінде қарастырылады.

3-ыңғай. Жеке тұлғалық. Мəдениет нақтылы бір тұлға бойынан ғана табылады деп түсіндіріледі.

Сонымен, парадигмалар оқытушы мен оқушының арасындағы өзара педагогикалық əрекеттің сипаты мен мақсаты бойынша анықталады. Парадигманың негізінде педагогикалық іс-əрекеттің негізі мен сипаты туралы əр түрлі басымдылық танытқан көзқарастар сипатталады. Олай болса, қазіргі таңдағы ғылыми бағытқа негізделген университеттер ғылыми жəне гуманистік, əлеуметтік жəне гуманистік парадигмаларды негізге ала отырып педагогикалық үдерісті жүзеге асырыулары керек, деген ой туындайды. Білім беру мақсаттан қажеттілікке ауысуы тиіс.

 

Әдебиеттер

  1. Коршунова Н.Л. Нужна ли педагогике новая парадигма // Педагогика. – 2002. – №
  2. Краевский В.В.  Воспитание  или   образование?   //Педагогика. – 2003. – № 3.
  3. Кун Т. Структура научных революций. – М.
  4. Дугин А.Г. Эволюция парадигмальных оснований науки. – М.
  5. Бережнова Е.В. Методологические условия перехода от науки к практике в структуре прикладного педагогического исследования: дис. докт. пед. наук. – Волгоград, 2003.
  6. Степин В.С. Теоретическое знание. – М.,
  7. Сериков В.В. Образование и личность. Теория и практика проектирования педагогических систем. – М., 1999. – С.11.
  8. Əлқожаева Н.С. Қазіргі кездегі білім беру парадигмалары контексінде тұлғаның рухани дүниесін қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері. Монография. – Алматы: Қазақ университеті.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.