Ақпараттық компьютерлік технологияларды экономика сабағында қолдану – заман талабы
Зерттеудің мақсаты: Кейінгі жылдарда білім беру саласында ақпараттық компьютерлік технологияларды қолдану әдістері кең өріс алып отыр. Менің өзекті тақырыбым – «Ақпараттық компьютерлік технологияларды экономика сабағында қолдану – заман талабы» болғандықтан, оқушыларға бақылау жасай отырып, мұндағы мақсатым – өз бетімен дами алатын, әр түрлі өмірдің қиындықтарына төзе білетін, белсенді, білімді оқушыны тәрбиелеу, әрі қазіргі заманға сай технологиялармен жұмыс жасата білу, үйрету.
Қазақстан білім беру жүйесінің өзекті мәселелерінің бірі – осы заманғы экономика пәнінен сапалы маман болу. Білім жүйесін ақпараттандыру мақсатында өз бетінше алу дағдыларын қалыптастыратын, жинақтаған ақпараттарды жүйелеп және тұжырымдар жасап, шешім қабылдай алатын деңгейге жеткізетін әдістерді қолдану.
Зерттеудің болжамы: Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Қазіргі таңда да еліміздің білім беру жүйесіндегі жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құру еніп, көкейкесті мәселе ретінде күн тәртібінен түспей отырғандығы мәлім.
Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдерін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қазіргі ақпараттық технологиялардың даму заманында жаңа бағдарламаны үйрену көптеген жастарды қызықтырады. Бейне роликтердің көмегімен олардың шығармашылық ізденістерін, талаптарын арттырады. Бұл ғылыми жобаның маңыздылығы сонда деп ойлаймын.
Қорытындысы: Жаңа ақпараттық технологияны оқу үрдісінде қолдану арқылы оқушылардың тақырыпты түсіну қабілетін дамыту. Білім беруді ақпараттандыру жағдайында біліктілігін арттыру. Былайша айтқанда, экономика сабағында заман талабына қарай ақпараттық компьютерлік технологияларды оқушының да, оқытушының да белсенді дамытуына бағытталған.
Оқытуда экономика сапасын арттыру үшін, қоғамдағы ақпаратты компьютермен байланыстыру қажет. Жаңа ақпараттық технология арқылы экономика сабағында электронды оқулықтардың тигізер үлесі зор.
Электронды оқулықтарды экономика сабағында қолдану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша тапсырмалар тестілер орындап, карталар және схемалармен жұмыс жасауға дағдыланады.
Компьютерге деген қызығушылықты арттырып, саналы, сапалы болашақ маман болуға бейімдеу. Оларды бірнеше бағыттарға бөлуге болады:
- оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды іске асырудың жүйелі ғылыми-әдістемелік жолын анықтау;
- оқушылардың тәжірибелік іс-әрекетінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың әдістемесін жасау;
- оқытушының ақпараттық технологияларды меңгеру және оқу үрдісінде пайдалану бойынша кәсіби біліктерін жетілдіру;
- оқушыларды білім, білік, дағдыны меңгеру үшін ақпараттық технологияларды пайдалануға үйрету;
- материалды-техникалық базасын нығайту.
Оқу үрдісінде компьютер – оқып-үйрену нысаны ретінде, сонымен бірге оқыту, тәрбиелеу, дамыту мен оқытудың мазмұнын меңгеруді диагностикалау құралы ретінде әрекет етеді. Мұның өзі ақпараттық технологияларды пайдаланудың екі бағыты бар екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Бірінші бағыт тұрғысынан алып қарасақ, ақпараттық технологиялар білім, білік, дағдыны игеру үшін қажетті ресурс болып табылып, оқушылардың саналы тәрбие, сапалы білім алуына жағдай жасайды, ал екінші бағыт тұрғысында ақпараттық технологиялар оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру тиімділігін арттырудың қуатты құралы болып табылады. Оқытудың компьютерлік технологиясы педагогикалық оқыту технологиясының құрамды бөлігі болып табылады. Компьютерлік технология белгілі бір
педагогикалық технологияның оқу үрдісіне енгізілуіне қолайлы жағдай жасайды, оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыруға, оқу үрдісін тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Сол себепті, қазіргі кезде компьютерлік технологияны пайдалану арқылы танымдық белсенділікті арттыру педагогика ғылымы мен практикасының жаңа, болашағы мол бағыты болып табылады. Оқытуда компьютерлік технологияны қолдану өз бетімен іздену негізінде шығармашылық типтегі іскерлікті қалыптастырады. Болашақта әр оқушыға компьютерлік технология негізінде интернет, қашықтықтан оқыту, электрондық почта арқылы дүниежүзілік білім әлеміне еніп, қажетті білімді толығымен алуға, қажетті ақпараттық мәліметтерді, ғылым саласына байланысты озық тәжірибелерді, ізделініп отырған мәселенің шетелдегі жағдайымен танысуына толық мүмкіндік туады.
Бүгінгі білім беру жүйесін ақпараттандыру жағдайында өзіндік қайшылықтардың да орын алып отырғанын айту қажет. Мәселен, мектептерде әлі де болса компьютерлердің саны жеткіліксіз, барлық пән оқытушыларының бағдарламашылармен тікелей жұмыс істеу мүмкіншілігі шектеулі, автоматтандырылған оқыту бағдарламаларының саны аз, оларды көбейту мәселесі нақты шешімін таппаған, ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы информатикадан басқа пән сабақтары өткізілмейді десе де болады.
Сондықтан, білім беруді жаңа сатыға көтеру үшін тек білім мазмұны мен оқыту әдістерін ғана емес, ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану арқылы оқытуды ұйымдастыру формаларын да жетілдіру керек. Мұның өзі мынадай оқу-тәрбие міндеттерін шешуге көмектеседі:
- оқу үрдісін дербестендіру. Мәселен, компьютер оқытуды нақты бір авторлық бағдарлама бойынша жүзеге асыруға мүмкіндік береді;
- нақты әрекетке негізделген кері байланысты қамтамасыз етеді. Мәселен, компьютер арқылы әрбір оқушы өзінің білімін бақылауға, тексеруге және бағалауға мүмкіндік алады;
- материалды меңгеру жылдамдығын арттыруға болады.
Қазіргі кезде сабаққа дайындалу барысында, оқытушы сабақ мазмұны оқушылар үшін танымдылығы жағынан қызықты әрі жаңаша өтуі үшін өзінің бағалы уақытын қажетті материалды іздеу мен жүйелеуге жұмсайды. Ал жекелеген курс бойынша мәселелік-бағдарлы оқу бағдарламалары пакетінің болуы оқытушыға «оқытушы – оқушы» жүйесінде ақпаратты беруді, өңдеуді және қайталауды жаңаша ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Бірақ, мұның барлығы жүзеге асуы үшін оқытушы компьютерлік оқыту технологиясы бойынша білімдер мен іскерліктерді игеруі қажет. Бұл дайындық диференциалды болуы тиіс. Себебі, әрбір пән оқытушылары үшін компьютерді оқыту үрдісінде пайдалану әр түрлі сипатқа ие.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Информатика негіздері. 2009, № 2.
- Орта білім беру жүйесін ақпараттандыру бағдарламасы. – Алматы, 1998.
- Садыбекова Ж. Оқу-тәрбие үрдісінде ақпаратты-коммуникациялық технологияны қолдану қажеттілігі. «Информатика негіздері», 2008. –№ 4.
- Манаенкова А. О постоянном поиске инновационных идей. Учитель, 2003. –№ 3.
- Интернет материалдарынан.