Жер әлемдегі әр түрлі мемлекеттердің үлкен құндылығы – негізгі жетістігі болып табылады. Жерді тиімді пайдалануды реттеу әр түрлі заңдар негізінде ( ҚР Жер кодексі, ҚР Үкіметінің қаулысы, т.б.) жүзеге асырылады. Жерді салық салу мақсатында аймаққа бөлу жер кадастрының бір бөлігі болып, ҚР Жер кодексінің 11-бабы мен ҚР Салық кодексінің 338-баптары негізінде жүзеге асырылады.
Жерді аймақтау – жерді тиімді, ұтымды, нысаналы мақсатқа сай пайдалануда, жерге салынатын салықтың мөлшерін анықтау мен жерлерді бағалауда қолданылады.
Жерді салық салу мақсатында, аймақтау бюджетке түсетін түсімдерді реттеуде, жерді сату – сатып алуда, кепілге қоюда, жалға беруде, бюджетке түсетін соммаларды анықтауда маңызды болып табылады. Салық – мемлекеттік бюджеттің үлкен бөлігін құрайды.
Жер салығының жалпы сомасы төмендегі формуламен есептеледі:
Ж=А хМ хК
мұндағы: А – жер учаскесінің сәйкесінше ауданы; М – жер санаты бойынша жер салығының мөлшері; К – жер салығы мөлшеріне түзету коэффиценті.
Жерді, салық салу мақсатында аймақтау барысында жердің әр түрлі факторлары: территорияның аудан және облыс орталықтарына қатысты орналасуы, ауыл шаруашылық жерлер құрылымы, суарылатын және суарылмайтын жерлер, жердің тастақтығы, жайылым, шабындық, жердің еңістігі, жол сапасына, т.б. жағдайлары есепке алынып, жер салығы мөлшеріне түзету коэффиценттері есептелініп шығады. Жерлердің қолайлы және қолайсыз факторларына байланысты, салық мөлшеріне түзету коэффицеттері жоғарылатылып және төмендетіледі. Есептелетін факторлардың саны, сол сияқты олардың аймаққа әсер ету дәрежелері әр түрлі болуы мүмкін. Сондықтан, территорияны аймақтауда белгілі бір аймақтың нақты жағдайына қарап іске асыру керек. Мысалы, шөл немесе шөлейт аймақтарда суарылатын жайылымдық жерлері дәрежесі
– жем-шөп өсірудің мәдени-техникалық жағдайлары есепке алынады. Егіншілік аймақтарда ауылшаруашылық жерлерінің қатынасы – жыртылған жердің үлес салмағы, оның құрылымына маңызды әсер етеді. Балл бонитетіне қойылған жер салығының негізгі мөлшері, пайдаланылатын жер түріне байланысты. Жайылым жерлерге немесе шабындыққа қарағанда, егістік жердің кіріс дәрежесі жоғары. Осы жағдайда ауылшаруашылық жерлер құрылымына коэффициенттер енгізуге болады. Тау етектері мен таулы аймақтарда жерді қолдану дәрежесіне, территорияның еңістігі әсер етеді. Таулы аймақтардағы ауылшаруашылық жерлерінің топырақтары жоғары балл бонитетімен көрсетілетіндіктен, жазық жердегі территорияға қарағанда жер салығының негізгі мөлшері жоғары болады. Вегетациондық кезеңнің қысқалығы, аязға алдыру, рельефтік жағдайдыің қиындығы және көліктің жүруіне қолайсыздығы, таулы жерлерді пайдалану қиынға түседі.
Аймақтағы халықтың тұруына қолайлы жағдайлары жасалған елді мекендерге – облыс немесе ірі өнеркәсіп орталығының қала маңындағы аймақта, сонымен қатар курорттық аймақта орналасуы; аудан және облыс орталықтарының жақындығы; жоғары деңгейде көлікпен қамтамасыз ету, республикалық маңыздағы теміржол мен автомобиль жолдарының болуы; инженерлік желімен, су құбырларымен, газ энерго құралдармен қамтамасыз етілуі және әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық қамтамасыз ететін объектілердің болуы кіреді.
Қолайсыз факторларға – ауылдық тұрғылықты мекеніне өнімдерді өткізетін рыноктардың, қызмет көрсету, жабдықтау орталықтарынан қашықтығы; аудан орталығы мен нашар көлік байланысы және нашар қызмет көрсету; әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық қызмет көрсететін объектілердің жоқтығы не аздығы; төменгі деңгейде немесе мүлде жоқ инженерлік желі, су, газ, токпен дұрыс қамтамасыз етпеу және адамдардың мекен етуіне кері әсер ететін қолайсыз экологиялық жағдай мен басқа да факторлар жатады.
Бұл факторлар төмендегі формуламен есептеледі:
К=К1*К2*К3*К4*К5*К6*К7*Кn
К1 – елді мекеннен аудан орталығына дейінгі қашықтық коэффицииенті;
К2 – тұрғылықты мекеннен облыс орталығына дейінгі қашықтықтың коэффициенті; К3 – Жол желісі сапасының коэффициенті;
К4 – ауылды елді мекеннің әкімшілік деңгейі коэффициенті; К5 – елді мекенді сумен қамтамасыз ету коэффиценті;
К6 – елді мекеннің коммуналдық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету коэффициенті; Кn – басқа да жағдайлар коэффициенті.
Енді бұл формуланы квалиметриялық негізге айналдырамыз.
К1- қашықтық коэффиценті.
Информациялық көрсеткіші:
Ара қашықтық, км |
Коэффициент |
|
Далалық, құрғақ далалық, тау етегі және таулы аймақ |
Шөлді және жартылай шөлді аймақ |
|
20 дейін 40 дейін 1,2-1,3 21-40 41-80 1,1-1,2 41-60 81-120 1,0-1,1 61-80 121-160 0,9-1,0 81-100 161-200 0,8-0,9 101-120 201-240 0,7-0,8 |
Кқаш = f ( Кқ1 * Кқ2 * Кқ3 )
Кқ1 – еңістік коэффициенті; Кқ2 – жол сапасы коэффициенті; Кқ3 – рельеф типінің коэффициенті.
Кқ1 = і = h / d;
Жайылым жерлердің еңістігін анықтау үшін мына формула қолданылады: і ٪= 100*С*h / P
мұндағы С – барлық горизонтальдардың ұзындығы; h – рельеф қимасының биіктігі; Р – жалпы аудан, м2.
Жер бедері еңістігі: 1 градусқа дейін – 1; 1 градустан 3 градусқа дейін – 0,98; 3 градустан 5
градусқа дейін – 0,96; 5 градустан 7 градусқа дейін – 0,93; 7 градустан жоғары – 0,86.
Кқ2 – жол сапасы коэффициенті.
Жол желісі сапасының коэффициенті: К = 0,85 – грунтты жол
К = 1,0 – тасты жол
К = 1,2 – асфальтты жол
Кқ2 = Кгр *dгр+ Ктас * dтас + Касф * dасф / ∑ d Кқ3 – рельеф типінің коэффициенті.
Рельефтің сандық көрсеткіштері – рельефтің ішкі формасы, пайда болуы, өсуі, т.б. белгілерімен қатар, оның классификациясын да сипаттайды. Рельефтің негізгі 4 категориясы бар: биік таулы, орташа таулы, аласа таулы және жазық (1-кесте).
Рельеф типтері:
1-кесте
көрсеткіштер |
Рельеф типтері, м |
|||
Биік таулы |
Орташа таулы |
Аласа таулы |
Жазық |
|
R |
1000 жоғары |
750-1000 |
250-750 |
50 төмен |
H |
1000 жоғары |
600-1000 |
300-600 |
300 төмен |
σ |
250 жоғары |
150-250 |
50-150 |
50 төмен |
Рельефті сипаттауда және жалпы географиялық картада бейнелеуде, морфометриялық және морфографиялық классификациясы (2-кесте) қолайлы болып саналады.
2-кесте
Морфографиялық типтер Морфометриялық типтер
Тегіс |
Ұсақ |
Төбешік (холмистый) |
Орташа |
Құлама етекті (увалистый) |
Ірі |
Жоталы (гривистый) |
Әлсіз бөлшекті (слаборасчлененный) |
Тізбекті (грядовый) |
Орташа бөлшекті (среднерасчлененный) |
Таулы (горный) |
Ірі бөлшекті (сильнорасчлененный) |
Шоқылы (платообразный) |
Жазық баурайлы (пологосклонный) |
Шұңқұрлы (котловинный) |
Орташа баурайлы (среднесклонный) |
Жыралы (овражный) |
Тік баурайлы (крутосклонный) |
Аңғарлы (долинный) |
Ойпаң жер (низменный) |
Төбе (повышенный) |
Рельефтің әрбір морфографиялық классификациясы, типі арқылы элементарлық топографиялық биіктіктің орташа шамасы бойынша және іріленген биіктіктің орташа шамасы бойынша, сонымен бірге орфографиялық сызықтың қалыңдығын қосымша сипаттауға болады.
А. И. Спиридоновтың көрсетуінше, морфометриялық классификациясының жеке типтері келесі көрсеткіштер бойынша белгіленеді: салыстырмалы биіктігі, бөлшектену қалыңдығы, жер бетінің еңістік шамасы және абсолюттік биіктігі бойынша.
Жер бедерінің еңістігі бойынша мына категорияларға бөлінеді:
аталуы |
гр |
|
Жазық |
0-0,01 |
0,5 |
Толқынды жазық |
0,01-0,02 |
0,5-1 |
Төбешікті жазық |
0,02-0,070 |
1-4 |
Төбешік |
0,07-0,12 |
4-7 |
Таулы |
0,12-0,4 |
7-24 |
Тау |
0,4-0,7 |
24 үлкен |
К5 – сумен қамтамасыз ету коэффиценті.
Кішігірім және орташа қалаларды, ауылдық жердегі елді мекендерді шаруашылық, ауыз сумен қамтамасыз ету, айтарлықтай мөлшерде жерасты су қорлары есебінен жүргізіледі. Ал аса ірі қалалар негізінен, жер үсті суларымен қамтамасыз етіледі (3-кесте).
3-кесте
Жалпы су пайдалану |
Жер беті сулары |
Жерасты сулары |
Жерасты суларын пайдалану |
||
Қалаларды сумен қамтамасыз ету |
Ауылшаруашылық нысандарын сумен қамтамасыз ету |
Жер суғару |
|||
100 |
24 |
76 |
40 |
26 |
34 |
Су жабдықтау базаларын сумен, құдықтармен скважиналар арқылы қамтамасыз ету – 1,0;
Әкелінген сумен жабдықтау – 0,7-0,8;
Сумен қамтамасыз ететін cу желілері қызметінің бар болуы – 1,1-1,2.
Жер беті суларына – өзен, көл, тоғандар мен арықтар жатады. Өзен алабындағы көл, батпақ, орман-тоғайлардың өзеннің гидрологиялық режиміне және ағындының көлеміне тигізетін әсерін бағалау үшін, көлдік (Кк), батпақтық (Кб) және ормандық (Ко) коэффициенттерін анықтаймыз.
Кк =fк*100/F Кб =fб*100/F Ко =fо*100/F
Мұндағы fк, fб, fо – берілуіне сәйкес, өзен алабындағы көлдер, батпақтар және ормандар алып жатқан кеңістік аудандары.
К6 – коммуналдық қызмет коэффиценті.
Елді мекендерді коммуналдық инфраструктуралармен қамтамасыздандыру бойынша мына коэффициенттер қолданылады:
Коммуникациялардың бірнеше түрлері бойынша коэффициент |
||
Жылу коммуникациясы |
газдандырылу |
канализация |
1,2 |
1,1 |
1,3 |
Резюме
Қазақстанның нарықтық экономикаға көшуіне орай, тиімді салық жүйелерін құрастыру маңызды мәнге ие болып отыр. Сол себептен жер салығының базалық ставкаларын түзету (арттыру және төмендету ) коэффиценттері және салық салу мақсаттары үшін жерлерді аймақтарға бөлу сұлбасын заман талаптарына сай түзетулерді қажет етіп отыратыны анық. Бұл мақалада халықтың салық төлеуіне тиімді болу үшін жер салығының базалық ставкаларын түзету коэффиценттеріне қосымшалар енгізу қарастырылды.