Ревматикалық аурулары бар науқастардың остеопоротикалық сынықтарын болжау мемлекет үшін тиімді. FRAX есептеу жүйесі көмегімен остеопоротикалық сынық қаупін анықтау экономикалық жағынан тиімді және өте эффективті.
Қазіргі уақытта, Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының нәтижелері бойынша, остеопороз жұқпалы емес аурулардың ішінде 4 орын алады. Асқынулары бойынша ең қауіптісі жамбас сүйегінің проксимальды бөлігінің сынығы. Өлім жітімдік сынықтан кейін бірінші жыл 30,8%дан 35,1% ға дейін. Қалған науқастардың 78% әрдайым бақылауды қажет етеді. Бұл мемлекет үшін әлеуметтік мәні зор мәселе болып саналады және ерте әрі экономикалық тұрғыдан тиімді (аз шығынды қажет ететін) диагностикалауға мүмкіндік беретін әдістік тәжірибелік денсаулық сақтау үшін өзекті болып отыр. [1,2]
FRAX- қауіпті клиникалық факторларды бағалауды есепке ала отырып , жамбас мойны аймағының сүйек ұлпасының минералды тығыздығын есепке алмау негізінде остеопоротикалық сынулар мүмкіндігін болжайтын әдіс. FRAX 40 жастан асқан ер адамдар мен әйелдердің арасындағы 10 жылдықта сынулардың абсолютті қаупін анықтайды. [1]
Зерттеуге қалалық ревматологиялық орталықта ем қабылдап жатқан 63 науқас, оның ішінде 76%-ы әйел, 24 %- ы ер адамдар қатысты. Барлық науқастар 40 жастан асқан. Ішінде қатысушылардың 74%-ы ревматоидты артритпен, 13%-ы остеартрозбен, 12%-ы дәнекер ұлпасының диффузды ауруларымен. Ауырғандардың 69%-ы ГКС қабылдаған, 31%- ы қабылдамаған. Науқастардың 16% анамнезінде буындарында сынықтары болғаны көрсетілген. 20% семіздік, 26% артық салмаққа ие.
Сынудың абсолютті қаупі есептеуде ресей есебін қолданғандықтан , біз Ресейлік әріптестеріміз ұсынған 12 көрсеткішті есепке алдық. Сынудың жоғары қаупі 10 науқаста (16%), орташасы 18 науқаста (28%), төменгісі 35(56%) науқаста тіркелді. Жамбас сынуының жоғары қауіптілігі 18 науқаста (28%), төменгісі 45 (72%) науқаста байқалды. [2]
Осылайша сынық қауіпін есептеуде FRAX есептегіш құралын қолдану диагностикалық экономикалық тиімді және ұтымды тәсіл болып саналады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Меньшикова Л.В., Храмцова Н.А., Ершова О.Б., Лесняк О.М., Кузьмина Л.И., Аникин С.Г., Михайлов Е.Е., Беневоленская Л.И., Оттева Э.Н. Ближайшие и отдаленные исходы переломов проксимального отдела бедра у лиц пожилого возраста и их медикосоциальные последствия (по данным многоцентрового исследования) // Остеопороз и остеопатии. - 2002. - №1. - С. 8-11.
- Лесняк О.М., Беневоленской Л.И. Остеопороз. Диагностика, профилактика и лечение (клинические рекомендации). II изд. - М.: ГЭОТАР-Медиа, 2010. - 167 c.