Мақалада болашақ дәрігер студентті кәсіби түрде құзіретке бағдарланған бағыт бойынша дайындаудың жоғарғы оқу орындарында ұсынылған әдістерін зерделеу қарастырылған. Бұл саладағы проблемалар жеткілікті талданған, негізінен бірнеше кезеңнен тұратын құқықтық құзіреттілік жеке көрсетеліп, мақалада оның мәні толық ашылады.
Ғылыми жұмыстың өзектілігі: Білім беру құзіреттілігі - білім беру қызметінде кәсіби білімді, білік пен дағдыны, мақсат қоюшылықты игеруге деген қызығушылық және білім беру қызметінде субъектілік пен креативтіліктің дамуына ынталылық педагогикалық және құқықтық білім негіздерін тәжірибиеде қолдана білу қаблеті. Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда білім алушылардың сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай-ақ педагогтардың еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген.
Құзіретті педагог дегеніміз - адамның өз мамандығы бойынша әлеуметтік және кәсіби пісіп жетілуі. Әр білім беруші психологияны, педагогиканы, тәрбиелеу теориясын, педагогикалық технологияларды, құқықтың нормаларды білуге міндетті. Сонымен қатар:
- мемлекеттік стандартты сараптап, өз іс-әрекетіне сәйкес қолдана білу,
- өз жұмысында басқару функциясын орындай білу,
- кәсіби мониторингтің нәтижелерін қолдану,
- мемлекеттік тілді және шетел тілін кәсіби деңгейіне сәйкес қажетті қолдана білу,
- оқытудың әр алуан түрлері мен әдістерін қолдану,
- топтық жұмыс дағдыларын дамыту,
- әрекеттерге үйрету, нақты ситуацияларды талдау.
Ғылыми жұмыстың мақсаты: құқытық құзіреттілікті дамыта отырып, медицина және медицинамен аралас мамандар (медициналық-биологиялық, медициналық- профилактикалық іс, қоғамдық денсаулық сақтау) саласында заңды жетік меңгерген және іс жүзінде қолдана білетін білікті маман даярлау.
С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ медициналық білім үлгісі болашақ маманды дайындаудың қазіргі заман талабына сай бейімделген жолын қарастырды.
2011 жылы ҚазҰМУ ұжымы (Аканов А.А., Тулебаев К.А., Мырзабеков О.М., Каракушикова А.С., Сарсенбаева С.С., Абирова М.А., Оспанов Т.Т., Баймаханова Н.Т., Жунусова А.Ж.) «Модель медицинского образования Казахского национального медицинского университета имени С.Д.Асфендиярова: стратегия формирования правовой компетентности в процессе профессиональной подготовки студентов» атты оқулығын дайындап шығарды. Осы негізде ҚазҰМУ-да бес компетенция бойынша білім беру үрдісі еңгізіліп студенттер білім алуда, яғни бірінші компетенция білім беру дағдысы бойынша студенттің тәжірибелік сабақта нақты білімін бағалау, тәжірибелік дағды бойынша студенттің білімін іс-жүзінде немесе тәжірибеде көрсету (кейстер және есептер шешу) барысында, коммуникативті дағды бойынша студенттің қарым- қатынасы, этикасы және сабаққа қатысу белсенділігі бағаланады, құқықтық құзіреттілік бойынша студент нормативтік - құқықтық актілермен жұмыс жасайды соның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасын білу, денсаулық сақтау саласына байланысты бұйрықтар мен шешімдер, бағдарламаны білу барысында бағалау, бесінші құзіреттілік - өзіндік білім бойынша студент презентация, баяндама жауап, сол тақырыпты толық қамтығандығы үшін бағаланады. Осы құзіреттіліктерді толық меңгерген студент - білікті және заман талабына сай маман болып шығатындығына сенеміз. Осы компетенциялардың ішінде «құқықтық құзіреттілік» жайында сөз алмақпыз.
«Заңды білу - заман талабы» демекші Қазақстан Республикасының әрбір азаматы заңды білуге, құрметтеуге міндетті.
Әркімнің құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсілдермен қорғауға хақылы (ҚР Конституциясы 13-бап) [1].
Құқықтық компетенция қоғамның құқықтық құндылықтарына негізделген тұлғаның интегралды қасиеті болып табылады, осы тұлғаның құқықтық белсенділік, жауапкершілік, коммуникативтілік және толеранттылық сияқты кәсіби маңызды сапасын таныта отырып, науқастардың әлеуметтік-құқықтық қорғауды жүзеге асыруға дайындығы мен мүмкіндігін көрсетеді. Студенттерге құқықтық білім беріп және оны жетілдіру сол алған білімімен студенттер тәжірибеде қолданса құқықтық құзіреттіліктің қалыптасып дамығандығы деп білсек те болады. Білікті дәрігер жұмысы құқықтық аспектілермен тығыз байланысты. Құқықтық компетенцияларды қалыптастыру үлгісі тиімділік, бірізділік, жан-жақтылық, кәсіби бағыт, әріптестік қызмет принциптеріне негізделген. ҚазҰМУ бітіруші түлектерінің құқықтық құзіреттілігін қалыптастыру үлгісі өзара байланысты және бірізді сатылар жүйесінен тұрады-мақсатты, мазмұнды, ұйымдастыру-іскерлік және нәтижесі [2, 3б].
2012 жылдан бастап медициналық құқық және денсаулық сақтаудағы заңнама негіздері модулінде «құқық негіздері», «аурухана менеджменті», «медициналық құқық сот медицина сұрақтарымен» пәндер өткізіліп, 2015 жылдан «медициналық құқық», «стоматологиядағы құқықтық аспектілер», «кәсіпкерлік құқық» сынды пәндер жүргізіліп, сабақ барысында Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері оқытылады және ол құқықтық компетенцияның дамуына негіз болатын пәндер.
ҚазҰМУ-да құқықты компетенцияны қалыптастырудың негізгі принциптері:
- Төменгі курстарда (1-2 курстарда) құқықтық компетенция - құқық негіздері пәнін оқыту барысында құқықтың қайнар көздерін - заңдар, заң күші бар нормативтік - құқықтық актілер, Президенттің шығарған үкімдері, жарғы, жолдаулары мен бұйрықтарын, жоғары және орталық атқарушы органдардың шығарған қаулылары мен шешімдерін оқытуды қалыптастырады (соның ішінде ҚР Конституция және білім туралы заң, «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы, «Қазақстан-2050» стратегиясы және ҚР Президентінің жыл сайынғы халыққа жолдаған Жолдауы, Типтік оқу жоспарына сәйкес тақырыптық жоспарда көрсетілген құқықтың барлық салаларын қамтитын заңнамаларды талқылып, біліп шығады).
- 3-4 курстарда-элективті пәндер арқылы негізгі білімі мен дағдыларын алыптастыру. 1-2 курста құқық негіздері пәнінен алған білім негізінде басқа да медициналық пәндерде Денсаулық сақтау Министрлігінің бұйрықтарын талқылап, құқықтық білімдерін шыңдайды.
- 5 курстан бастап-таңдаған мамандық талаптарына сәйкес арнайы білімдерін меңгеру. Медициналық құқық және денсаулық сақтаудағы заңнама негіздері модулінде 1 кредиттік электив пән «Медициналық құқық» оқытылады. Медициналық құқық пәні бойынша жалпы медицина мамандығымен оқитын 5 курс студенттері «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» туралы ҚР кодексін және Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрықтарын жекелей талдау барысында құқықтық құзіреттіліктерін жетілдіреді және тәжірибе жүзінде қолданады. Осымен бірге 5 курстан бастап студент меңгерген құқықтық дағдыларын көрсете білуі керек. Жоғары курс студенттері 2014 жылы қайта қабылданып, 2015 жылдың 1 қаңтарында күшіне еңген біршама заңнаманы жетік біліп шығады десек те болады. Атап Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық» кодексі және «Қылмыстық Кодексі» .
- 6 курстан бастап -арнайы дағдыларын жетілдіру, клиникалық тәжрибеде оларды игере білуі қажет [2, 4б].
- Магистратураның 1 курсында құқықтық құзіреттілікті дамыту. Медициналық құқық және денсаулық сақтаудағы заңнама негіздері модулінде «Денсаулық сақтаудағы заңнама» пәні медициналық-профилактикалық іс мамандығымен оқитын 1 курс магистранттарына жүргізіледі. Пән барысында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» туралы ҚР кодексін және санитарлық ережелер мен нормалар оқытылады.
Құқықтық компетенцияларды дамытудың міндеттеріне жатады:
- Қазақстан Республикасында дәрігерлік қызметті жүзеге асыру және ұйымдастыруда нормативті-құқықтық базаларды өз кәсіби қызметінде сауатты, негізді және тиімді қолдану бойынша білімі мен дағдыларын қалыптастыру;
- адамның адамға, қоғамға, қоршаған ортағадеген қатынасын реттейтін этикалық және құқықтық ережелер және оларды қолдану дағдылары туралы білімін қалыптастыру;
- әлемнің жетекші елдері мен Қазақстан Республикасының денсаулықсақтау және фармация саласында салықтық және әкімшілік құқық ерекшеліктері туралы білімін қалыптастыру.
- құқықтық компетенцияларды өзектілендіру оқытудың белсенді әдістерінің көмегімен жүзеге асырылады (кейс- әдіс, іскерлік ойындары, жобалар және басқалар)[2, 5б].
Кесте 1 - «Модель медицинского образования Казахского национального медицинского университета имени С.Д.Асфендиярова: стратегия формирования правовой компетентности в процессе профессиональной подготовки студентов» атты оқулықта курс бойынша құқықтық құзіреттілікті қолдану мазмұны
Әмбебап құзіреттілік |
Оқыту деңгейі |
||
Білімі |
Дағдылар |
||
ҚазҰМУ саясатымен ақпараттану |
ҚазҰМУ саясатының принциптерін сақтау |
1 |
|
Ішкі тәртіп ережесін білу |
Ішкі тәртіп ережесін сақтау |
1 |
|
Студенттің құқығы мен міндетін білу |
Оларды сақтау |
1 |
|
Студенттердің Ар кодексін білу |
Студенттердің Ар кодексін сақтау |
1 |
|
Құқық негіздерін білу және оларды өз қызметінде қолдану |
Құқық негіздерін білу және оларды өз қызметінде қолдану |
1 |
|
Адамгершілік, қоғам және қоршаған орта арасындағы этикалық және құқықтық нормаларды білу |
Осы білімді қолдануды дамыту |
1 |
|
Медициналық құрал-жабдықтарды қолдану барысында химиялық әрекеттер нәтижесінде техникалық қауіпсіздік ережелерін қолдану |
Осы білімді қолдануды дамыту |
1 |
|
Конституциялық құқықты білу |
Пациенттер мен болашақ дәрігерлердің конституциялық құқығын сақтау |
1 |
|
Қазақстан Республикасының білім туралы заңын білу |
1 |
||
Қазақстан Республикасының экологиялық және процесстік құқығы негізі туралы ақпаратты білу |
1 |
||
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңдары мен нормативтік құжаттарын білу |
2 |
||
Денсаулық сақтау саласының мемлекеттік саясаты принциптерімен танысу |
2 |
||
Қазақстан Республикасы фармация жүйесінің біріңғай ақпараттық негізін білу |
2 |
||
Әкімшілік-құқықтық және ұйымдастырушылық-құқықтық реттеудің ұғымы мен әдістерін білу |
2 |
||
Бастапқы медициналық және мамандандырылған құзіреттілік |
Оқыту деңгейі |
||
Пациент туралы ақпараттық қамтамасыз ету принциптері |
Осы білімді қалыптастыру дағдыларын жетілдіру |
3 |
|
Денсаулық сақтау саласындағы сараптама негізі |
Осы білімді қалыптастыру дағдыларын жетілдіру |
3 |
|
Медициналық ұйымдарда емдік-қорғалу, санитарлық- гигиеналық және санитарлық-эпидемиологиялық режим тәртәптерін қалыптастыру білімі |
Медициналық ұйымдарда аталған режимдерді қалыптастыру туралы дағдыларды жетілдіру |
3 |
|
Қазақстан халқының санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы туралы заңнама негіздерін білу |
Осы білімді қалыптастыру дағдыларын жетілдіру |
3 |
|
«Дәрігер-пациент» арақатынасын қалыптастырудың құқықтық қамтамасыз етуін меігеру |
«Дәрігер-пациент» арақатынасын қалыптастыру білімін тәжірибиеде алу |
3 |
|
Денсаулық сақтау саласында құқықтар мен міндеттер негізі және оларды қалыптастыру кепілі |
Осы білімді қалыптастыру дағдыларын жетілдіру |
4 |
№1-2016 · KaзH МУ • kaznm∪.kz
Медициналық ұйымдарда емдік-қорғалу, санитарлық- гигиеналық және санитарлық-эпидемиологиялық режим тәртәптерін білу |
Осы білімді қалыптастыру дағдыларын жетілдіру |
4 |
Пациенттердің құқықтары туралы нормативтік- құқықтық базаны қалыптастыру білімі |
Осы білімді қалыптастыру дағдыларын жетілдіру |
4 |
Медициналық қызметкерлердің құқықтары мен міндеттерін білу |
Осы бідімді қалыптастыру дағдыларын жетілдіру |
4 |
Әр түрлі жастағы аурулардың медициналық- экономикалық хаттамаларын толтыру құрамы, тәртібі |
Әр түрлі жастағы аурулардың медициналық- экономикалық хаттамаларын толтыру дағдылануды қалыптастыру |
4 |
Қоғамдық денсаулық сақтаудың құқықтық негіздері |
Осы білімді дағдыларда қалыптастыру, қолдану |
5 |
Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық саясатпен ақпараттану |
5 |
|
Тәжірибиелік қызметте паценттерге кәсіби көмек көрсету кезінде олардың құқықтарының сақталу принципін білу |
Тәжірибиелік қызметте паценттерге кәсіби көмек көрсету кезінде олардың құқықтарының сақталу принципін қолдану |
5 |
Пациенттердің құқығын білу |
Медициналық көзқараспен және пациенттердің құқығын қорғауды жүзеге асыруды білу |
5 |
Мамандандырылған құзіреттілікті жетілдіру |
Оқыту деңгейі |
|
Жекелеген категориядағы ауруларға медицналық- әлеуметтік көмек көрсетудің құқықтық мәселелері |
Жекелеген категориядағы ауруларға медициналық-әлеуметтік көмек көрсетудегі дағдыларды дамыту және жетілдіру |
6 |
Пациенттердің құқықтары мен міндеттерін білу, денсаулық сақтау саласында оларды қорғалуын қамтамасыз ету, дәрігерлік құпия, донорлық және трансплантация, сараптама түрлері |
Білімді алу барысында дағдыларды жетілдіру |
6 |
Дәрігерлік құпияны сақтау туралы білімді және дағдыны қалыптастыру |
Дәрігерлік құпияны сақтау туралы дағдыны қалыптастыру және дамыту |
6 |
Медициналық қызметкерлердің құқықтық мәртебесі және әлеуметтік қорғалуы |
7 |
|
Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастық бағыттары және басымдықтары |
Алған білімді тәжірибиеде қолдану |
7 |
Науқас құпиялылығын қамтамасыз ету жөніндегі білім беру |
Науқас құпиялылығын қамтамасыз ету дағдысын дамыту |
7 |
Дәрігерлік қызмет саласындағы нормативтік-құқықтық және заңнамалық база |
Дәрігерлік қызмет саласындағы нормативтік- құқықтық және заңнамалық база дағдысын қолдану, жетілдіру |
7 |
Осы бағытта алған құқықты білімді тәжірибие барсында қолданған маман құқықтық мәдениеті мен этикалық аспектілерді сақтай отырып білікті маман болып шығады. Құқықтық компетенцияларды қалыптастыру үлгісін жүзеге асыру үшін оларды кәсіби дайындау үрдісінде келесі педагогикалық жағдайлар кешені қажет:
- құқықтық ұстанымдар мен әлеуметтік-құқықтық құндылықтары қолдайтын білім ортасын ұйымдастыру (құқықтық мәдениет және сананы қалыптастыру, адам құқығы мен бостандығы қадірлеу);
- оқу-кәсіби, ғылыми, әлеуметтік-мәдени қызметі мен тәжрибелік кезең қызметі аясында барлық оқу барысында студенттердің құқықтық білімін (құқықтық оқу және құқықтық тәрбие) жүзеге асыру;
- негізгі білім бағдарламасы оқу пәндерінің мазмұнын интеграциялау[2, 6б].
ҚазҰМУ студенттерінің құқықтық компетенцияларын қалыптастыру үшін қажет:
- студенттерге құқықтық ережелерді, олардың белгілерін, құқықтық ережелерді бұзғаны үшін санкцияларды меңгеруін қамтамасыз ету;
- студенттердің нормативті-құқықтық актілерді меңгеру мүмкіндігі;
- құқық бұзушылықтар, олардың белгілері;
- заңды жауапкершілік қызметі мен оның түрлері, заңды жауапкершілікке тарту негіздері;
- заңдылық, құқықтық тәртіп түсініктері, құқықтық тәртіп ерекшеліктері, құқықтық тәртіп құрылымы мен мазмұны;
- студенттерді құқықтық идеология және құқықтық психологиямен таныстыру;
- студенттерде құқықтық мәдениетті игеру қажеттіліктерін қалыптастыру және оның құрамдасы - құқықтық білім мағынасымен. Бұған жүйелі, сатылы жолмен оқуға және кәсіби қызметке деген танымдық қызығушылығын қалыптастыру арқылы қол жеткізуге болады (іскерлік және құқықтық ойын құралдары арқылы);
- студенттерді өз бетінше әртүрлі жағдайлардағы құқықтық мәселелерді шешуге тарту;
- кафедраларда студенттердің оқу жұмыстарын басқаратын танымдық міндеттер жүйесін құру. Әсіресе, құқықтық білімін, құқықтық ережелерді қолданудағы тәжрибелік дағдыларын жетілдіру маңызды болып табылады;
- барлық кафедраларда кураторлық сағаттар кезінде жан- жақты құқықтық, патриотты-тәрбиелі тақырыптарды тереңдету;
- студенттерге еңбек кодексін толық қанды үйрету, қауіпсіздік техникалары және кәсіби қызметтің басқа да сұрақтары бойынша білім беру;
- коммуникативті дағдылар ескере отырып этика және деонтология тақырыптарын тереңдету[2, 7-8б].
Қорыта келе, 2015 жылы ҚР Қылмыстық кодексінде медицина саласы бойынша 12-тарау МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР қосылды және медициналық қызметкерлердің қылмыстық жауаптылығының жекелеген түрлері көрсетіледі. Бұл құқықтық компетенцияның қалыптасып дамуына және медициналық қызметкерлерді құқық бұзушылық жасаудан сақтандыруда өзінің үлкен рөлін атқармақ.
Сонымен қатар ҚазҰМУ-да құқықтық құзіреттіліктерді дамыту жөнінде игі шаралар жүргізілуде, солардың ең маңыздысы ретінде модул құрастырып отырған құқықтық құзіреттілікті дамыту тұжырымдамасын атап өтуімізге болады.
Болашақта бұл шаралардың бәрі медициналық құқық орталығы құрылған соң үйлесімді түрде жүзеге асатын болады. Медициналық құқық орталығының құрылуы медициналық құқық ғылымының қалыптасып, дамуына үлкен себеп болады.
Әлбетте, бұл орайда модул қызметкерлері тарапынан қолға алынған медициналық құқық негіздері оқу құралының жарыққа шығуы жоғарыда аталғандардың барлығына дәлел болады және Қазақстанда медициналық құқық атты жаңа бағыттың қалыптасып келе жатқанының көрсеткіші деп танимыз.
Әр тұлға қоғамда азамат ретінде және маман ретінде заңды білу, үйрену және күнделікті өмір қажеттілігінде қолдану қажет.
Құқықтық құзіреттілік-білім беру қызметінде кәсіби білімді, біліктілік пен дағдыны, мақсат қоюшылықты игеруге деген қызығушылық және білім беру қызметінде субъектілік пен креативтіліктің дамуына ынталылық педагогикалық негіздерін қолдана білу қаблеті деп түсінеміз.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- ҚР Конституциясы. – Алматы: 2015. – Б. 4.
- Модель медицинского образования КазНМУ: стратегия формирования правовой компетентности в процесс профессиональной подготовки студентов. – Алматы: 2011. – 56 с.
- Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы 2009 жылғы ҚР кодексі. – Алматы: 2015 – 201 б.
- ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі. 2014 жылы 3 шілдеде қабылданған- Алматы: 2015. - 357 б.
- ҚР Қылмыстық кодексі 2014 жылы 3 шілдеде қабылданған- Алматы: 2015. - 178 б.