Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ересек тұрғындардың денсаулық жағдайы мен медициналық сауаттылығын талдау

Мақалада ересек тұрғындардың денсаулық жағдайы мен медициналық сауаттылығын бағалау қарастырылған. Зерттеу нәтижелері азаматтардың арасында өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілікті одан әрі қалыптастыру бойынша, барлық мүдделі тараптардың қатты назар аударуын қажет ететін белгілі бір мәселелер бар екендігін көрсетті.

Тақырыптың өзектілігі. Халық денсаулығы қоғамымыздың маңызды экономикалық, еңбек, қорғаныс және мәдени әлеуеті бола тұрып, мемлекеттің әлеуметтік- экономикалық және гигиеналық әл-ауқаттылығын айшықтайды [1].

Салауатты өмір салтын дамыту әр адамға, әр жанұяға мәдени үйрету және мемлекетте барлық жағынан қолдау көрсету қажет, сау және сапалы тамақтануы үшін тұрғындардың өмір деңгейінің жоғарылату, бұқаралық спортты дамыту қажет [2].

Азаматтың өз денсаулығы алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз ету тұрғындар медициналық сауатты болғанда ғана мүмкін болмақ.

Зерттеу материалдары мен әдістері. Ересек тұрғындардың денсаулық жағдайы мен медициналық сауаттылығын бағалау мақсатында, негізгі зерттеу аясында Алматы қаласы және Алматы облысы, Ұзынағаш ауылының 200 ересек тұрғындары арасында сауалнама жүргізілді.

Материалдарды жинау барысында және топтарды құрастыру кезінде таңдаудың кездейсоқтығы мен оның сандық және сапалық тұлғалылығының ұстанымдары қатаң сақталынды.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, алынған мәліметтерді енгізу үшін МББЖ MS Access базасындағы бағдарлама қолданылды. Бағдарлама оператордың қате жіберуінен сақтайды және де өте ыңғайлы интерфейс болып саналады.

Базаға енгізілген материалдар мәліметтері вариациялық статистиканыңзаманауи әдістері мен бағдарламалық қамтуларды (SPSS и MS Excel, 7.0) қолдана отырып өңделінді.

Зерттеу нәтижелері. Зерттеу барысында сауалнама жүргізілген тұлғаларға денсаулығын өздері бағалау ұсынылды. Респонденттердің 41,88% өз денсаулығын «орташа», 35,8% «жақсы», 10,64% «өте жақсы» депбағалады. Респонденттердің шамамен осындай пайызы 10,26% өз денсаулығын «нашар», ал 0,85% «өте нашар» деп бағалады. 6 адамның (2 еркек және 4 ауыл әйелі) немесе 0,57% (0,38% және 0,76%) осы сұраққа жауап беруге қиналғанын атап өту керек. Әйелдер мен еркектер өз денсаулығын шамамен бірдей бағалады. Айырмашылықтар келесі сұрақтарға жауаптарда байқалды. Еркектер әйелдерге қарағанда өз денсаулығын «нашар» деп көбірек (12,48% - еркектер, 8,02% - әйелдер), ал әйелдер еркектерге қарағанда өз денсаулығын «орташа» деп көбірек (43,13% - әйелдер, 40,64% - еркектер ), және «өте нашар» деп көбірек (1,34% - әйелдер, 0,38% - еркектер) бағалаған.

Күткеніміздей респонденттердің жасы ұлғайған сайын өзінің денсаулығын алдыңғы жас аралығына қарағанда біршама нашарлау деп бағалайтын тұлғалардың үлесі өсе береді. Ауыл тұрғындарымен салыстырғанда қала қала тұрғындарының өз денсаулықтарын пессимисттік тұрғыдан бағалайтындықтарын көрсететін деректер алынды. Кейінгі нәтижелер тап осындай сақтық қала тұрғындарына өз денсаулығын қолдау мәселелерінде тиянақтылау болуға мүмкіндік беретінін көрсетті.

Әйелдердің оларға арналған сүт безі обырының және жатыр мойыны обырының ақысыз скринингтік бағдарламаларына қатысуын талдау бір жағынан әйелдердің ол бағдарламалар туралы аз білетіндігін, екінші жағынан бағдарлама туралы білетін әйелдердің белсенділігінің төмендігін анықтады. Әйелдердің жартысынан көбі бағдарлама туралы хабардар емес, ал хабардар әйлдердің төрттен үш бөлігі ол бағдарламаға қатыспаған. Қала әйелдерімен салыстырғанда

бағдарламалар туралы хабардар болмаған және оларға қатыспаған ауыл әйелдерінің үлесі жоғары. Талдау нәтижелері әйелдердің сүт безі обырының және жатыр мойыны обырының ақысыз скринингтік бағдарламасы туралы хабардар болуының және олардың денсаулығын өздері бағалау деңгейінің арасында айқын көрінетін заңдылық бар екенін көрсетті. Көру қабілетін тексеру және тіс дәрігеріне қаралу бойынша нәтижелердегідей өз денсаулығын жақсырақ бағалаған респонденттердің арасында аталған бағдарламалар туралы хабардар болғандар мен оларға қатысқандардың үлесі жоғары болды.

Респонденттердің қан айналу жүйесі ауруларының скринингтік бағдарламасы туралы хабардар болуын талдау сүт безі обырының және жатыр мойыны обырының скринингтік бағдарламасы туралы хабардар болуды талдаудың нәтижелеріндей нәтиже көрсетті. Осы бағдарлама тек әрбір оныншы респондент қатысқан, ал респонденттердің жартысы бағдарлама туралы хабардар болмаған. Мұнда да өз денсаулығын төмен бағалаған тұлғалармен салыстырғанда жақсырақ бағалаған тұлғалар бағдарлама туралы көбірек хабардар екендігін көрсеті.

Біз зерттеу барсында Сауалнамаға қатысқан тұлғалардың тек үштен екі бөлігі өздерінің қан қысымын білетін қала тұрғындарының үлесі едәуір жоғары.

Денсаулыққа зиянды әдеттерді талдау әрбір он еркектің алтауы, әрбір он әйелдің бесеуі темекі шегетінін көрсетті. Жас ұлғайған сайын темекі шегетін еркектердің саны кеми береді. 18-25 жастағы еркектердің 4/5 бөлігі темекі шегетін болса, осы көрсеткіш барлық жас топтарында төмендей береді. 65 және одан үлкен жастағылардың жартысы ғана темекі шегеді. Темекі шегетін әйелдердің ең көп үлесі 18-25 жас аралығында және 65 және одан үлкен жастарда, ал ең аз үлесі 35-44 жас аралығында , олардың төртеуі темекі шегеді.

Денсаулыққа зиянды әдеттердің тағы бір түрі сыраны қоса, алкогольді ішімдіктер ішу талданды. Респонденттердің жартысынан көбі сыраны қоса, алкогольді ішімдіктерді айына 2-3 рет, әрбір бесінші: әрбір төртінші еркек және әрбір сегізінші әйел аптасына 1 рет ішеді. Қалада тұратын еркектердің төрттен бірінен көбі, әйелдердің жартысынан көбі, ауылда тұратын тек әрбір оныншы еркек, әйелдердің төрттен бірі алкогольді ішімдіктерді мүлдем ішпейді. Ауылда тұратын еркектердің үштен бірінен көбі, әрбір бесінші әйел алкогольді ішімдіктерді кемінде апатсына 1 рет ішеді. Қалада түратын әрбір бесінші-алтыншы еркек және шамамен әрбір он төртінші әйел алкогольді ішімдіктерді кемінде аптасына 1 рет ішеді.

Біз тамақтанудың рационына және тәртіптемесіне байланысты кейбір көрсеткіштерді талдадық.

Жемістерді тұтыну жиілігі мен денсаулығына өзі бағалаудың арасында байланыс бар екені анықталды. Жемістерді жыл бойы аптасына 2-3 рет тұтынатындар денсаулығын «өте жақсы » деп бағалаған тұлғалардың арасында денсаулығын «нашар» және «өте нашар» бағалаған тұлғалармен салыстырғанда 4 есе дерлік көп болды. Жемістерді сирек тұтынатын тұлғалар денсаулығын «өте жақсы» деп бағалаған тұлғалардың арасында болған жоқ. Денсаулығын «нашар» және «өте нашар» деп бағалаған тұлғалардың үштен бірі жемістерді сирек тұтынатындар болды.

Респонденттердің Кетле көрсеткіштерін талдау осы көрсеткіш нормаға сәйкес тұлғалар олардың жартысынан аз екенін көрсетті. Респонденттердің жартысынан көбінің салмағы артық болды. Әрбір он екінші респондент семіздікке ұшыраған. Салмағы жеткіліксіз респонденттердің саны көп болған жоқ (әрбір отыз үшінші респондент), олардың барлығы дерлік қалада тұрады. Ауыл тұрғындарының жартысынан көбінің салмағы артық, ал қалада салмағы артық тұлғалардың үлесі үштен бірден шамалы көп. Қаланың әрбір оныншы тұрғыны, ауылдың әрбір он төртінші тұрғыны семіздікке ұшыраған.

Еркектердің үштен бірінен шамалы көбінің , әйелдердің жартысына жуығының салмағы нормаға сәйкес болды. Еркектердің жартысынан көбінің, әрбір он әйелдің төртеуінің саламғы артық болды. Әйелдердің арасында салмағы жеткіліксіз тұлғалар осындай еркектермен салыстырғанда үш есеге дерлік артық болды.

18- 25 жастағы әрбір оныншы респонденттің жетеуінің салмағы нормаға сәйкес, төртеуінің салмағы артық болды. Жас ұлғайған сайын салмағы нормаға сәйкес тұлағалардың үлесі азайып, салмағы артық және семіздікке ұшыраған тұлғалардың үлесі көбейе береді. Мысалы, 55-64 жастағылардың арасында салмағы нормаға сәйкес тұлғалардың үлесі үштен бірден аз, жартысынан көбінің салмағы артық, әрбір жетінші семіздікке ұшыраған.

Респонденттердің Кетле көрсеткіштерінің тамақтану рационы ме н тәртіптемесінің кейбір ерекшеліктерімен байланысы анықталды. Жемістерді және көкөністерді жиі тұтынатын респонденттердің арасында салмағы нормаға сәйкес тұлғалардың үлесі боғары болды. Керісінше, жемістерді және көкөністерді сирек тұтынатын респонденттердің арасында салмағы артық және семіздікке ұшыраған тұлғалардың үлесі көп болды.

Біздің зерттеуіміздің негізгі мақсаты халықтың өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілікке дайындығы бойынша қалыптасқан жағдайды

суреттеумен байланысты болды. Сондықтан, біз респонденттердің өз денсаулығына ықпал ету мүмкіндігі және адамдардың денсаулығы үшін кім жауапкершілікті болуы тиіс екендігі туралы пікірлеріне талдау жүргіздік. Талдау респонденттердің төрттен біріне жуығы (еркектердің үлесі әйедердің осындай үлесінен 1,5есеге жуық артық) пессимисттік көңіл-күйде және өз денсаулығына ықпал ету мүмкін деп санамайтынын, тағы 13,69% (12,69% - еркектер , 14,67% - әйелдер) осы сұраққа жауап беруге қиналғанын көрсетті, бұл оларды да пессимисттер тобына жатқызуға мүмкіндік береді.

Респонденттердің жастары ұлғайған сайын олардың арасында өз денсаулығына ықпал ету мүмкіндігіне сенімді емес тұлғалардың үлесі көбірек.

Оптимисттердердің арасында қала тұрғындары басым. Олардың төрттен үш бөлігінен артығы (76,92% - еркектер 77,34% - әйелде) өз денсаулығына ықпал ету мүмкіндігіне сенімді. Ауыл тұрғындарның арасында осындай үлес респонденттердің жартысына да жетпеді (40,39% - еркектер, 52,67% - әйелдер) . Керісінше, ауыл тұрғындарының арасында пессимисттер үш есеге жуық артық болды. Қала еркектері мен әйелдерінің арасында өз денсаулығына ықпал ету мүмкіндігіне сенімді тұлғалардың да, сенімді емес тұлғалардың үлесі бойынша айтарлықтай айырмашылықтар жоқтығын атап өтеміз. Ауыл еркектерінің арасында пессимисттердің үлесі ауыл әйелдерінің осындай 1,5 есеге жуық артық болды.

Зерттеу нәтижелері респонденттердің өз денсаулығын бағалау дәрежесі жоғары болған сайын олардың арасында өз денсаулығына ықпал ету мүмкіндігіне сенімді тұлғалардың үлесі жоғары болатынын көрсетті. Шамасы, өз денсаулығына ықпал ету мүмкіндігіне сенімділік ондай сенімділігі жоқ және өз денсаулығына қамқорлық жасамайтын, керісінше зиянды әдеттермен өз денсаулығына теріс ықпал ететін тұлғалармен салыстырғанда өз денсаулығын жоғарырақ бағалауға мүмкіндік беретін нәтижелерге алып келетін іс- әрекеттердің негізі болып табылады деп айтқан дәлірек болатын сияқты.

Деректерді өндеудің және талдаудың нәтижесінде қан қысымы жоғары респонденттермен салыстырғанда қан қысымы төмен және қалыпты респонденттердің арасында өз денсаулығына ықпал ету мүмкіндігіне сенімді тұлғалардың үлесі жоғары. Қан қысымы қалыпты тұлғалардың төрттен үш бөлігі өз денсаулығына ықпал ету мүмкіндігіне сенімді. Қан қысымы жоғары тұлғалардың арасында оптимисттер жартысынан аз.

Темекі шегетін он респонденттің төртеуі өз денсаулығына ықпал ете алмаймыз деп санайды. Темекі шекпейтіндердің арасында тек әрбір бесінші респондент осындай пікірде. Мұндай айырмашылықты темекі шегетіндердің бір бөлігі өз денсаулығына ықпал ету мүмкіндігін мойындамай, жауапкершіліктен қашуға және өзінің зиянды әдеттерін ақтауға тырысуымен түсіндіруге болады.

Респонденттердің өз денсаулығына ықпал ету мүмкіндігі туралы пікірлері олардың алкогольді ішімдіктерді ішу дәрежелеріне қарай жоғарыда мазмұндалғандай болып бөлінді. Мысалы, алкогольді ішімдіктерді ішпейтін тұлғалардың онының жетеуі өз денсаулығына ықпал ету мүмкіндігіне сенімді. Алкогольді ішімдіктерді күнделікті ішетін тұлғалардың онының тек екеуі ғана осындай пікірде. Алкогольді ішімдіктерді жиірек ішетін топтарда өз денсаулығына ықпал ету мүмкіндігін жоққа шығаратын тұлғалардың шамамен бестен бір бөлігі ондай мүмкіндікті жоққа шығарды. Алкогольді ішімдіктерді аптасына 2-3 рет ішетін респонденттердің онының төртеуі, күнделікті ішетін респонденттердің үштен екі бөлігінен артығы өз денсаулығына ықпал ету мүмкіндігін жоққа шығарды.

Респонденттердің өз денсаулығына ықпал ету мүмкіндігі туралы пікірлері де олардың белсенді демалу жиілігіне қарай шамамен жоғарыда мазмұндалғандай болып бөлінді. Респонденттер демалыстың белсенді түрлерімен жиірек шұғылданған сайын олардың арасында өз денсаулығына ықпал ету мүмкіндігіне сенімді тұлғалардың үлесі соғұрлым жоғары.

Өз денсаулығы үшін жауапкершілікті мемлекетке жүктейтін тұлғалардың ең көп үлесі (әрбір үшінші) денсаулығын «нашар» «өте нашар» деп бағалаған респонденттердің арасында болды. Олардың арасында адам өз денсаулығына өзі қамқорлық жасауы тиіс деп санайтын тұлғалар да біршама көп, ал адамдардың денсаулығы үшін мемлекеттің, (барлық топтардың арасындағы ең төмен көрсеткіш) жұмыс берушінің және адамның өзінің ынтымақты жауапкершілігі туралы қолдайтындар тек жиырма респонденттің бірі.

Жалпы респонденттердің денсаулығын өзі бағалау дәрежесі неғұрлым жоғары болған сайын олардың арасында адамдардың денсаулығы үшін жауапкершілікті тараптарға адамның өзін қоспайтын тұлғалар соғұрлым аз. Мысалы, денсаулығын «өте жақсы» деп бағалаған респонденттердің арасында ондай пікірді олардың төрттен бірінен аз бөлігі , ал ынтымақты жауапкершілікті онының үшеуі қолдайды.

Жүргізілген талдау қан қысымы қалыпты респонденттермен салыстырғанда қан қысымы жоғары респонденттердің арасында адамдардың денсаулығына тек мемлекет қамқорлық жасауы тиіс деп санайтын тұлғалар үш есеге жуық көп екенін көрсетті.

Салмағы нормаға сәйкес тұлғалардың төрттен бір бөлігі, салмағы артық тұлғалардың алтыдан бір бөлігі, семіздікке ұшыраған тұлғалардың жетіден бір бөлігі адамдардың денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілікті қолдайды.

Кетле көрсеткіші жоғарылаған сайын адамдардың денсаулығы үшін тек адамның өзі жауакершілікті деп санайтын тұлғалардың үлесі төмендей береді, яғни ынтымақты жауапкершілік туралы пікірдегідей заңдылық байқалады.

Сонымен, біз жүргізген зерттеу азаматтардың арасында өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілікті одан әрі қалыптастыру бойынша, барлық мүдделі тараптардың қатты назар аударуын қажет ететін белгілі бір мәселелер бар екендігін көрсетті.

Қортынды. Халықтың медициналық белсенділігі жеткіліксіз, оны олар көбінесе ақпараттың жеткіліксіздігімен түсіндіреді, ол сондай-ақ олардың өздерінің белсенді еместігінің салдары. Адамдардың денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілікті әрбір алтыншы еркек және әрбір бесінші әйел қолдайды, бұл барлық респонденттердің бестен бір бөлігінен аз. Өз денсаулығын төмен бағалайтын, қан қысымы жоғары, салмағы артық және семіздікке ұшыраған, денсаулыққа зиянды әдеттерге көбірек бой алдырған, 55 жастан үлкен респонденттердің арасында ынтымақты жауапкершілікті қолдайтын тұлғалар аз.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Послание Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева народу Казахстана «Казахстанский путь -2050. Единая цель, единые интересы, единое будущее» от 17 января 2014г.
  2. Румянцева Н.С. Влияние установок в отношении здоровья на благополучие человека // Проблемы социальной психологии XXI столетия. Т.З. – Ярославль: 2001. - С.15-18.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.