Мамандық бойынша біліктіліктің қалыптасуы орта дәрежелі медициналық білім беруде, сонымен қатар мейіргер ісінің ұйымдастырушылары үшін, айқындалған кәсіби бағыттардың қалыптасуына әсер ететін ерекше орынға ие педагогикалық шеберлікке тәуелді болып табылады. Ғылыми көзерді сараптау нәтижелеріне сүйенсек, медицина студенттерінің маманданудағы кәсіби бағыттарының қалыптасуы сапалы түрде жеткіліксіз дәрежеде, сондықтан орта білім беру медицина мекемелеріндегі кәсіби бағыттарды бағалау бүгінгі таңда өзекті мәселе.
Тәлімгерлердің 28,6% -студенттерді кәсіби бағытта дайындауды ұйымдастыру қажет деп санайды, ал керісінше, 30,8% оқытушы бұл пікірді бөліспейді. Талдау барысында анықталғандай, кәсіби бағдар құруға оқытушылардың ден қоюы олардың жұмыс өтілінің ұзақтығына тәуелді екені анықталды.
Өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2015 жылғы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» халыққа жолдауында білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламаларына ерекше ден қою жалғаса беретіндігі, «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясат – әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына бару жолындағы біздің ауқымды қадамымыз екенін қадап айтты.
Осы тұрғыда медициналық қызметкерлерге тікелей қатысы бар оқу, денсаулық сақтау, тілді дамыту ілгеріден қолға алынған. Себебі, медициналық қызмет сапасының жоғарылауы үшін тұрақты білікті мамандар дайындап, денсаулық сақтау ұйымын кезеңді түрде аккредитациялау қажет екенін дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отыр.
Кейінгі жылдары орта дәрежелі медицина қызметкерлерін дайындау деңгейінің дамуы ілгерілеп, қоғамдағы маманға деген талаптардың артуы отандық орта арнайы білім беру медициналық оқу орындарына оңтайлы әсер етті. Нәтижесінде бірқатар медициналық білім беру мекемелері (медициналық колледждер) жаңа статус иеленіп, орта білімді медицина мамандарын жалпы дайындап қана қоймай, оларға жоғары білім беруге талпынуда [1.2].
Мамандық бойынша біліктіліктің қалыптасуы орта дәрежелі медициналық білім беруде, сонымен қатар мейіргер ісінің ұйымдастырушылары үшін, айқындалған кәсіби бағыттардың қалыптасуына әсер ететін ерекше орынға ие педагогикалық шеберлікке тәуелді болып табылады [3].
Ғылыми көзерді сараптау нәтижелеріне сүйенсек, медицина студенттерінің маманданудағы кәсіби бағыттарының қалыптасуы сапалы түрде жеткіліксіз дәрежеде, сондықтан, берілген жұмыстың мақсаты – орта білім беру медицина мекемелеріндегі кәсіби бағыттарды бағалау және сараптау (Алматы қ. мысалында).
Зерттеу нәтижелері. Зерттеу барасында социологиялық және статистикалық әдістер арқылы колледж оқытушылары (18 адам) және студенттерінен (30 адам) алынған мәліметтер зерделенді.
Оқытушы-респонденттер арасында 10 жылдан асық жұмыс өтілі барлар айтарлық (40¿), соның ішінде 30,8¿ -ның жұмыс өтілінің ұзақтығы -15 жылдан асық.
Тәлімгерлердің 28,6¿ -студенттерді кәсіби бағытта дайындауды ұйымдастыру қажет деп санайды, ал керісінше, 30,8¿ оқытушы бұл пікірді бөліспейді. Талдау барысында анықталғандай, кәсіби бағдар құруға оқытушылардың ден қоюы олардың жұмыс өтілінің ұзақтығына тәуелді екен: 10 жылдан астам стажы бар оқытушылар кәсіби бағытталған тұрғыда тәлімгерлік етеді. Мұндай тәсілді жұмыс өтілі 10 жылдан кем оқытушылардың, тек 6,6¿ ұстанады.
Сауалнамада оқытушылардың тек 1/5 -нен астамы (28,6¿) студенттерге кәсіби бағдарлауды өткізудің мысалын келтіре алды, басқа ¾ -не жуығы (71,4¿) берілген тапсырманы немесе сұрақты орындамады, соның ішінде ойлары мен мысалдарын жеткізе алмай іркіліс танытқандары айтарлық (32,1¿).
Айта кететін жайт, тапсырманы орындай алғандар, әрине, жұмыс өтілі 10 жылдан асық шебер мамандар. Алайда олардың үлес салмағы, небары, 14,5¿ құраған.
Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, білім алушылардың төмен кәсіби бағдарлануының себептері айқындалды (сурет 1). Оқытушылардың негізгі бөлігі (32,1¿ және 25¿) орта медициналық оқу орындарында іріктеу жүйесінің жетілмегендігіне және жалпы білім берудегі жеткіліксіз дайындыққа нұсқайды.
Сонымен қатар жалпы колледж жағдайындағы оң эмоциональды қарым-қатынастың болмау себебі де назардан тыс қалған жоқ (14,3¿). Әсіресе, көзге түскені – «берілген мәселедегі жеке біліксіздік» (10,9¿) оқытушылар құрамына сын.
Зерттеу барысында айқындалған тағы бір олқылық оқытушылардың көбісі «кәсіби бағдар» мен «мамандандырылған пәндерді оқыту» түсініктерін бір- бірінен ажырата алмауы. Оқытушылардың 60¿ -нен астамы студенттерге арнайы кәсіби бағдар қажет деп есептемейді. Яғни кәсіби бағдарлау қажеттігіне аса қызығушылық танытпайды.
Білім алушы респонденттер арнайы Е.М. Павлютенков әдістемесінің көмегімен зерттелді. Бұл әдіс мамандық таңдаудағы мотивтермен басқарылуға негізделген. Сауалнама нәтижесі төмендегі кестеде келтірілген.
Кәсіби бағытталу мотивін зерттеу нәтижесі бойынша коледждің жоғарғы курс студенттерінің мамандық таңдауда құралдық, әлеуметтік, материалдық жағына мән бергендіктері айқындалды.
№ |
Мотив топтары |
Бірінші курс студенттері |
Жоғарғы курс студенттері |
||
Стандартталған балы |
Орын құны |
Стандартталған балы |
Орын құны |
||
1 |
Әлеуметтік |
0,84 |
1 |
0,82 |
2 |
2 |
Моральды |
0,54 |
7 |
0,66 |
5 |
3 |
Эстетикалық |
0,27 |
9 |
0,31 |
9 |
4 |
Танымдық |
0,67 |
5 |
0,51 |
7 |
5 |
Шығармашылық |
0,47 |
8 |
0,48 |
8 |
6 |
Кәсіби |
0,65 |
6 |
0,58 |
6 |
7 |
Материалдық |
0,76 |
3 |
0,77 |
3 |
8 |
Беделділік |
0,69 |
4 |
0,74 |
4 |
9 |
Құралдық |
0,81 |
2 |
0,83 |
1 |
Кесте 1 - Мамандық таңдау мотивтері
Моральдық, кәсіби және танымдық мотивтер кәсіби бағдар мәнін бейнелегенімен медицина мамандығының орта арнайы білім алушылары үшін 5, 6, 7 орынға ие.
Бұл көрсеткіш бірінші және жоғарғы курс студенттерінде бірдей болды. Түйетініміз, студенттер ұжымында кәсіби бағдарлаудың жеткіліксіздігі, сәйкесінше, бұл мәселенің маңыздылығын педагогикалық ұжымға дерлік мойындату қажеттігін қозғайды.
Сонымен, Е. М. Павлютенков әдістемесі бойынша алынған сауалнама нәтижесінде кәсіби-оқу жолында құралдық, әлеууметтік және материалдық – негізгі мотивтер.
Студенттердің оқу үрдісіне көзқарасын білуге мүмкіндік берген арнайы сауалнама қорытындысы бойынша студенттердің 74¿ -нан жоғары бөлігі осы колледжде оқитындарын ұнататынын айтқан, бірақ мамандықты өздері таңдағандар, тек, 30,6¿ құрайды.
Студенттердің пікірінше, оқу үлгерімінің төмендеуінің негізгі себептері болып пәндердің қызықсыз өтуі, оқытушылардың қарым-қатынасының және топтағы атмосфераның күрделілігі көрсетілген. Осы белгіленген себептер барлық кедергі факторларының 80¿ -ынан аса үлес салмағын құрайды.
Көп жағдайда студенттердің мамандыққа деген көзқарасына оқытушылар әсер ететінін сауалнама нәижелері көрсеткен. Студенттердің тең жартысы (48,9¿) колледж оқытушыларынан үлгі алуға тырысады екен, ал қалған жартысы ол пікірді бөліспеген.
Біріші курс студенттері оқуға түскеннен соң адаптациялану қиындықтарынан өткен. Осы кезең таңдаған мамандықтарын тастап немесе оқуға деген қызығушылығының төмендеуімен жүреді.
Оқу үрдісіне бейімделудегі мәселелер 2-суретте көрсетілген.
Оқуға түскеннен кейінгі бейімделу кезеңіндегі қиындықтар қатарына 1-курстықтар 45¿ -оқу материалының, яғни алатын ақпарат күрделілігін жатқызады. Бүтіннің ширегінде өз бетінше жұмыс істеу дағдылары болмаған. Дәрістерді қысқаша түсінікті етіп конспектілеу 15¿ студентке күрделі деп танылса, 8¿ -ы топ ішіндегі микроклиматта дискомфорт сезінген. Ерекше атап өтетін жайт, 7¿ респондент мектептегі дайындықтың жетіспеушілігінен бейімделу кезеңін күрделі өткерген.
Бұл мәселе мамандардың дайындығы, кәсіби білімі мен қабілеті мамандыққа сәйкес оң бағдарлану арқасында іске асатындығын ескерсек, ерекше маңызды болып табылады.
Қорытынды. Сонымен, орта арнайы медициналық білім беру орындарының оқытушылары және студенттері арасында жүргізілген социологиялық зерттеу қорытындысында білім алушы жастарға арналған кәсіби бағытталған мақсаттық бағдарламалар жоқтығы, педагогикалық ұжымның берілген үдерісті орындауға құлқысыз әрі дайын еместігі, соның салдарынан денсаулық сақтаудағы орта звено мамандарының өз кәсібіне деген қызығушылығы жоқтығы, тұрақсыздығы, қоғамдағы өз орнын кәсіби тұрғыда қорғап қала алмауы орын алады. Зерттеу нәтижелерін сипаттай отырып, тұлғаны құру үшін мамандыққа бағытталған құнды қасиеттерді жетілдіру қажеттігі туады. Кәсіби бағыттау бағдарламасының мақсаты келешек медициналық мамандарда болашақта өз жұмысын кәсіби, тиянақты түрде атқаруға көмектесуі тиіс. Ол үшін қажетті шаралар: студенттерде оң мотивация құру; таңдаған мамандықтарына кәсіби қызығушылық туғызу; болашақта табысты жұмыс атқаруы үшін студенттер бойынан негізгі кәсіби қасиеттерін тауып жетілдіру; студенттерді кәсіби кызмет атқару үшін кепілді дайындықан өткізу болып табылады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Сраубаев Е.Н, Шинтаева Н.У., и др. Опыт и перспективы развития медицинского образования в странах Центральной Азии //Материалы международной практической конференции. - 2012. - №2. - С. 79.
- Абылкасымова А.Е., Ушуров Е.А., Омарова Р.С. Развитие системы общего среднего образования в современном мире // Учебное пособие. - Алматы: Гылым, 2003. - С.112
- Спицин А.П. Особенности адаптации студентов младших курсов медицинского вуза // Гигиена и санитария. -2002. -№1. -С.4749.