Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Сібір жарасы қоздырғышы - биологиялық қару және адам мен жануарлардың өмір сүру ортасын бүлдіруші биоагент

Сібір жарасы қоздырғышы - В.anthrasis - тің биологиялық қару, террористік және арандатушылық мақсатта пайдаланылу мүмкіндігі жан-жақты дәлелденеді, оны қолдануға тыйым салған халықаралық Женева конвенциясының орындалу динамикасы талқыланып, биоқауіпсіздік қағидалары келтіріледі.

Кіріспе.

Жақында ІІ-дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 70 жылдығын атағалы отырмыз, бірақ Жер шары елдері арасындағы жергілікті қарулы қақтығыстар қатары көбеймесе , азаяр емес. олардың ішінде үлкен соғысқа айналып кетуі қаупі зорлары да бар, мысалы Сириядағы, Украинадағы әскери конфликтілер. Әлбетте жеңіске жету үшін қарсыластар қолдағы барлық мүмкіндіктерді пайдаланудан тайынбайды, солардың тиімділігі жоғарысы және арзанға түсетінінің бірі - биологиялық қару. Осы қауіптен қорғана білу - қазіргі кезең талабы.

Материалдар мен әдістер.

Қолжетімді әдеби деректерді сұрыптау, саралау, тиянақты талдау, тұжырымдау арқылы сібір жарасы қоздырғышын әскери қақтығыстарда және террористік мақсатта қолдану фактілері, олардың нәтижелері бойынша жасалған қорытындылар мен ұсыныстар келтіріледі.

Нәтижелер және талқылау.

Биологиялық қару (БҚ) - табиғи ортаны, суды, азық-түлікті, басқа да материалдық объектілерді зарарландыру, адам (жануар) денсаулығы, тіршілігі мен өміріне қастандық келтіру мақсатымен арнайы жасалған (микро)организм түрі не оның улы өнімдері және оларды көзделген орынға жеткізу күралдары.

Жаппай қырып-жоюға арналғандықтан оған бірқатар ерекшеліктер тән:

  • агрессор үшін «тиімділігі» - 500 мың халық тұратын қалаға «В.anthracis» аэрозолін самолеттен шашқанда, оның 125 мың адамы ауырып, 95 мыңы өледі (ДД¥, 1970ж.);
  • «В.anthracis» түрін, вируленттілігін анықтау ұзаққа созылуына және онымен зарарланғаннан кейін ауру білуіне дейін жасырын кезең (3 күн, кейде 12 күнге созылады) қажеттілігіне байланысты сібір жарасы эпидемиясы әуеден шабуыл жасағаннан кейін бірнеше күн өткесін кенеттен басталады, бұл өз кезегінде аурудың екіншілік эпидошақтары шығуына соқтырады;
  • БҚ-дың жойқын күшін жұмсауды таңдау мүмкіндігі, оны адамдарға не жануарларға, не өсімдіктерге жекелей не қосарлас түрде бағыттау шабуыл жасаушы жақтың еркінде екендігін білдіреді;
  • әдеттегі емдік-профилактикалық дәрі-дәрмектерге (мысалы, антибиотиктерге төзімді) бой бермейтін микроорганизмдердің қасиеттері әдейі өзгертілгендіктен, денсаулық сақтау органдарына белгісіз, жаңа штамдардың БҚ ретінде пайдалану мүмкіндігі;
  • БҚ ретінде қолданылатын биологиялық агенттер қорғаныс объектілері мен қару-жарақты тікелей бүлдірмесе де оларға ену қабілетіне ие, яғни шабуылға ұшыраған жақтың әскерлері мен тұрғындары арасында зарарлану, зардап шегу, өлім қаупі деңгейі жоғары күйінде қалады[1]. ¥рыс даласында БҚ қолдана салу оңай емес, себебі аэрозольді шашыратып себілгеннен кейін жерге, әскери техникаға қонуы климаттық факторға (желге) тікелей тәуелді болғандықтан ол шабулшы жақтың аумағына ауысуы әбден ықтимал. Оның үстіне БҚ қолданылған ауданда соғысқа ешқандай қатысы жоқ бейкүнә адамдар күнделікті тіршілікке қажет азық-түліктен, судан, табиғи ортадан айырлатындықтан (олар зарарланған) жалпы денсаулық жағдайына орасан зор нұсқан келеді. БҚ бұрыннан таныс емес мутантты микроорганизмдерден қүралса, әдеттегі медициналық көмек пайдаға аспай қалады. Адам үшін патогенді яғни жұқпалы ауру шақыра алатындай микроорганизмдер түрлері жеткілікті (3,5 мыңға жуық) Бірақ олардың барлығы БҚ күрамына кіре алмайды, ол үшін белгілі талаптарға критерийлерге сәйкес болуы керек. Осыған орай Воробьев А.А. ж.б. [2] барлық биоагенттерді 3 топқа бөледі. Біріншіге: жаппай қырып-жоя алатындар, екіншіге: террористік, диверсиялық мақсатпен қолдануға жарайтындар, үшіншіге - жасанды жолмен (әдіспен) алынатын биоагенттер жатқызылады. Алдыңғы екі топтағылардың барлығы - табиғи биоагенттер (бактериялар, вирустар, және токсиндер). Әдебиетте осы биоагенттердің 30-ға жуығы БҚ бола алады деп саналады. Аталған жіктеме бойынша сібір жарасы микробы бірінші топқа кіреді және жеке рейтингісіне сәйкес 3-орында, нағыз шешек пен оба қоздырғыштарынан кейін тұр.

Аталған рейтингілік жіктеумен (Кеңес дәуірі кезінде жасалған) қатар СДС (американдық мамандар жасаған) жіктемесінің параллельді варианты да бар. Оның негізіне биоагенттерді БҚ ретінде пайдаланғаннан кейін дамитын бұрқетпелер мен эпидемияларды күрықтауға, жоюға жұмсалатын шығын көлемдері салынған. Осы себепті соңғы жіктеме ресейлікке қарағанда едәуір кең және қоздырғыштар А,В,С таптарына жатқызылған. Бұл нұсқада да ең қауіпті А тобында алғашқы үш орынды нағыз шешек, сібір жарасы, оба бөліскен.

Екі жіктемеде де БҚ-ға бірінші кандидат - нағыз шешек вирусы. Біздің пікірімізше - бұл ескірген ұстаным, неге десеңіз, 1980 ж. бері біздің планетамызда нағыз шешек вирусы айналымда жоқ, сондықтан оны биоқару түрінде пайдалану террористер үшін мүмкін емес. Осы жағдайды ескерсек, СДС жіктемесінде сібір жарасы микробы бірінші орынға шығады.

Бургасов П.Н. ж.б. (1970) Jnglesby T.V. (1999) биоқару ретінде «Вас.arthrasis» спораларының бірінші кезекте пайдаланылатынына еш күмән келтірмейді [3,4 ].

Бұл тұжырым «Вас.anthrasis»тщ келесі қасиеттеріне негізделген: асқан патогенділігі - тәжірибеде микробтың 20 таяқшасы зарарланған тышқандардың 100 % өлтіреді. Сыртқы орта факторлары әсерлеріне төзімділігі - микроб споралары топырақта қысы-жазы бірнеше жыл бойы тіршілігін сақтайды. Жануарларды (әсіресе ауылшаруашылық) және адамдарды (әсіресе ингаляциялық жолмен) зарарландыра алу қабілеті нәтижесінде қүрықталуы өте қиын эпизоотиялар мен эпидемиялар дамиды; ұрыс аумағындағы тиімділігі - аэрозольдік әдісте аурудың жасырын кезеңі айтарлықтай (бірнеше сағатқа дейін) қысқарады, тез эпидемия басталады. Толық идентификациялау ұзақтығы 4-5 тәулікке созылады. Қазіргі кезеңде рекомбинаттық, гендік-инженерлік

технологиялардың қарқынды дамуына байланысты микроорганизмдерді идентификациялау мерзімдерін шұғыл қысқартатын диагностикалық жаңа әдістер мен препараттар сібір жарасы микробына да қатысты пайда болғандығын атап өту қажет. Мысалы, Персия шығанағы жағалауында болған әскери қақтығыста (1991 ж бастап) «Вас.anthrasis» анықтауды 30 мин дейін қысқарту мүмкіндігі орын алған. «Вас.anthrasis» тағы бір ұтымды жағы - оның вегатативті және споралық түрлерін қарапайым қоректік орталарда тонналаған сиымдылығы бар реакторларда өнеркәсіптік деңгейде өсіруге болатындығында. Сондықтан биоқарудың жеткілікті қорын жасау оншалықты қиындық туғызбайды. Жануарлар мен адамдар үшін сібір жарасы микробы табиғи берілу жолдары арқылы жұғуының алдын алуға және емдеуге арнайы профилактикалық препараттар мен антибиотиктер пайдаланылады. Бірақ оны биоқару ретінде қолданғанда бұл препараттардың тиімділігі - шешілмеген күйінде қалуда. Әсіресе аурудың висцеральдық түрлерін емдеу, зарарланған адам 2-3 күнде өліп үлгеретіндіктен және арнайы антибиотиктерге төзімді микроб штамдары қолданылатындықтан, іс жүзінде оң нәтиже бермейді. ДДҰ сарапшыларының есебі бойынша сібір жарасы микробы жаппай қыратын биоқару ретінде ірі қала жағдайында қолданыла қойса, зардап шегушілерді оқшалау (ауруханаға салу), емдеу түгілі олардың мәйіттерін көміп үлгеру мүмкін болмайды, себебі олардың саны шектен тыс көп болады.

«Вас.anthrasis» аэрозоль ретінде ұрыс даласында себу (шашу) тиімді болғанымен шабуылшы жақ үшін де қауіпті, себебі аэрозоль бұлтының қай жаққа қарай қозғалатынын дәл болжау мүмкін емес (көп факторлы). Сондықтан бұл микробты биоқару ретінде тыл жағдайында қолдану мүмкіндігі аса жоғары деп саналады, яғни террористер үшін таптырмайтын аса қүнды қүрал.

Сонымен, сібір жарасы микробы биоқару ретінде ең бірінші кезекте пайдалану мүмкіндігі 1-болуы әскерилер үшін де, зерттеушілер үшін де, денсаулық сақтау органдары үшін де айнымас шындық.

Биосоғыс. Микроорганизмдерді соғыс қаруы ретінде пайдалану ертеден белгілі. Жазба тарихта ХIVf. Кырымдағы Каффа бекінісі ішіне катапульт арқылы обадан өлген мәйіттер лақтырылды. Осы оқиғадан кейін Еуропада оба эпидемиясы басталды. Нәтижесінде осы континенттің 1/3 халқы қырғынға ұшыраған деп саналады. Осындай жауыздық әрекеттер кейінгі ғасырларда жалғасқаны мәлім. Биоқарудың адам төзгісіз қасыретін (әсіресе бейбіт тұрғындар үшін) ескеріп, 1925 жылы Женевада биологиялық және химиялық қаруды жасауға және қолдануға тыйым салған, 49 елдің өкілдері қол қойған халықаралық конвенция дүниеге келді. Осы конвенцияға Советтер Одағыы 1927 ж, АҚШ 1947 ж. қосылды. Дегенмен, осы халықаралық келісімге қарамастан І дүниежүзілік соғыста жеңген-жеңілген бірқатар елдер (Германия, Жапония, АҚШ, КСРО т.б.) биоқаруыды жасауды күшейте түсті.

Кейін белгілі болғандай биоқаруды жасауға оны қолдануға арналған ізденістер, зерттеулер Жапонияда өткен ғасырдың 30-жылдарында зор жігермен қолға алынды. Мысалы, Квантун армиясы күрамында «отряд-731» атты арнайы қүрама күрылды. Онда 3000 астам зерттеуші-қызметкерлер болды. Тәжірибелердің көпшілігі тұтқынға түскен әскерилерде өткізілді. 1940-1941 жылдары Қытайда жүргізілген тұтқындар мен бейбіт халықты оба қоздырғышымен зарарлау нәтижесінде 120 адам осы аурудан қаза болды. Тек 731 отрядтың өзі 1 айда 300 кг оба, 600 кг сібір жарасы, 1000 кг тырысқақ вибрионын өндіре алатындай қуатты болды.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бұл бағыттағы зертеулер әсіресе АҚШ-та зор қарқынмен жалғасын тапты. Солтүстік Кореямен болған соғыста 1952 жылы АҚШ бактериологиялық қарудың бірнеше түрін (соның ішінде сібір жарасы микробымен зарарланған қүс қауырсынын) сынап та үлгерді. Бұл жарысқа Англия да айтарлықтай үлес қосты, 1942-1943 жылдары Шотландия жағалауындағы кіші аралда сібір жарасы микробы спораларымен толтырылған бомбалар аэрозолді сыналды. Тәжірибе субъектісі - қойлар болды. Нәтижесі онтайлы деп бағаланды. Әрине КСРО министрінің 1934 ж жасаған мәлімдемесі бойынша КСРО- ның қарсы жақ территориясында биоқару пайдалануға дайын екендігі баса айтылды [5].

Б¥¥ 21, 23 бас ассамблясының ұсынысы бойынша КСРО, АҚШ, ¥лыбритания 1972 жылы бакқаруға тиым салатын екінші конференцияға қол қойды және басқа мемлекеттерді оған қосылуға шақырды.

Дегенмен, әскери ведомстволар биоқаруды жетілдіруді ешбір тоқтатпады, тілге тиек - биоқауіпсіздікті қамтамасыз ету болды. Осындай мақсатпен АҚШ-та, Ресейде биоқарудың жаңа бұрынғыдан күштірек түрлерін жасауды, сынауды жалғастыра берді. БАҚ мәліметтері бойынша екі супердержава да бір-бірін биоқарудың жақсы түрлерін жасаумен айналысуда деп айыптаудан тынған емес. Өз елдері және өзге елдер қоғамдастықтарының талабы ескеріліп, 1998 ж күзінде бактериологиялық қаруға тыйым салу конвенциясына жаңа хаттамаға екі елде қол қоюға мәжбүр болды. Осылайша соғыс қуаты ең ірі екі ел биоқаруды жасамауға, өндірмеуге, басқа елдерге таратпауға уағдаласты.

Бірақ халықаралық келісімдердің осал тұстары да жоқ емес. Олардың арасындағы ең әйгілісі - әр елде жүргізіліп жатқан биоагенттермен сынақтардың әскери не бейбіт мақсатта екенін анықтау мүмкінсіздігі, яғни қол жеткен халықаралық келісімнің орындалуы барысын қадағалау, бақылау қиындығы. Бұр ретте бұрын биоқаруы жоқ дамушы елдер, өз биоқаруына ие болуға мүдделігігі көп жағдайда басымдылық танытпай қоймайды. Алға тартатыны - өз елінің биоқауыпсіздігі қамы. 1972 жылы халықаралық конвенцияны бұзушы ел ретінде (АҚШ көздірінің деректері бойынша) 1980 ж. жалғыз КСРО аталса, 1989 ж. бұл тізім 10 мемлекетті, 1995 ж. 17 мемлекетті: Иран, Сирия, Ливия, Израйль, Египет, ЮАР, Солтүстік және Оңтүстік Кореялар, Қытай, Тайвань, Въетнам, Куба, Болгария, Индия, Ресейді қамтыды. Жалпы пікір бойынша биоқаруды тек соғысу үшін емес, террористік мақсатта қолдану мүмкіндігі өте жоғары деп санады.

Терроризм - саяси не діни уәжбен (мотив), бірақ соғыс мақсатымен емес, зорлық-зомбылықпен атқарылатын іс- әрекет[6].

Биологиялық терроризм - террорлық мақсатпен биоқару пайдаланатын терроризм. Бұл ретте микроорганизм террорлық қару болып табылады және ол әдейі зұлымдықпен іске асырылады.

Арамза ойларын іске асыруға «Вас.anthrasis»тщ қолайлы биоқару екендігіне көңіл аудармай қойған жоқ. 1998 жылы АҚШ азаматы Л.Харис Лас-Вегаста осы микробтың ампулаларымен ұсталғаны белгілі. Виктория қаласы (Канада, 2001 ж.) Массачусетс штаты (АҚШ, 2001 ж.) мен осы елдің басқа қалалары тұрғындарына почта арқылы «Вас.anthrasis» микробы салынды деген жалпы саны 25-ке жуық хаттар алғандығы туралы деректер БАҚ-та жарық көрді. Бұл инциденттердің әрқайсысы тиянақты тексерілді, кең көлемді сібір жарасы жұқпасына қарсы эпидемиялық және профилактикалық шаралар жүргізілді. Тұрғындар арасында өз өмірінің сақталуына, қорғалуына сенімсіздікпен қарау жиіледі, ол АҚШ-та 1999 ж байқалды. Осы жылы ФБР- ға түсіп тексерілген 175 инциденттің 81-де (46,3%) расында «Вас.anthrasis» қолданылды деген ақпарат болғаны анықталды. Бұл АҚШ-та 1 жылғы «жиым-терім» одан кейін де бұл үрдіс жалғасқанын жаңа аумақтарды қамти бастағанын жоғарыдағы келтірілген мысалдардан байқауға болады. Биоагент ретінде «Вас.anthrasis» микробын пайдалану әрі оңай, әрі арзанға түседі, сондықтан кейбр авторлардың пікірінше, оны - «кедейлердің атом бомбасы» ретінде санауды ұсынады.

Расында террористер үшін «Вас.anthrasis» штамын табу (алу) қиындыққа түспейді. Жер шарында осы микроб сақталатын 450 астам әртүрлі лабораториялар (мекемелер) бар, солардың 54-і бұл микроорганизмді сатады, не зерттеу мақсатымен десе « бере салады», яғни халықаралық дәрежеде қатал бақылау жоқ. Осыған орай бұл биоагентті қолға түсірудің заңға қайшы келетін жолдары да аз емес, дос елден көмек ретінде сұрап алу, әртүрлі лабароториядан үрлап алу, қара базардан ақшаға сатып алу т.б. Дегенмен «Вас.anthrasis» өзін не спорасын үй жағдайында (қазанда, шелекте) өсіріп алуға болады деген пікір дүрыс емес. Арнайы дайындалған мамандар, қүрал-жабдықтар, аспаптар, ғимараттар, дезинфекциялық, эпидережелер сақталуы керек. Бүл талаптар түгел орындалмаса, террористердің өздері зарарлануға үшырайды.

Келесі қиындық - микроб биомассасынан қолдануға жарамды споралық аэрозоль алу өте күрделі биотехнологиялық процесс. Қолға осындай қажетті аэрозоль түскенімен оны тиімді қолдана білу әдісін игеру - оңай шаруа емес. Жапонияда АУМ Синкрике деген діни секта мүшелері зарин мен «Вас.anthrasis» аэрозольн метрода, қала маңында 8 рет шашып көрген, бірақ айтарлықтай бүлініске қол жеткізе алмады. Осындай нәтиженің растығын дәлелдейтін тағы бір факт - 1979 ж Свердловск (қазіргі Екатеринбург) қаласында шашылған сібір жарасы эпидемиясы ауаға «Вас.anthrasis» аэрозольнің өте зор концентрациясы түсуімен байланыстырылады [7].

Нәтижесінде қорқынышты сценарийдегідей мыңдаған адам емес, небәрі 93 адам сібір жарасымен ауырып, 65-і өлген [3]. Келтірілген фактілер мен инциденттерге сүйене отырып, Черкаский Б.Л. ж.б. (2002 ж.) былайша түжырымдайды - « сібір жарасы микробын биотеррорлық мақсатпен жаппай қырып-жою қаруы ретінде тиімді пайдалану теориялық түрғыдан мүмкін болғанымен, іске асырылуы ықтималдығы титимдей». Осыған орай азаматтық биоқорғаныс зерттеу орталығы директоры D.Henderson-ның (АҚШ, 2000 ж.) «В.anthracis» 100 г ампуласы Вашингтонның жарты халқын қыруға, хаос орнатуға жеткілікті деген мәлімдемесіне сын көзбен қарау керек. Бірақ «В.anthracis» биоқаруы ретінде террорлық мақстапен пайдалану халық арасында үрей мен қорқыныш туғызатындығы, өндіріс пен денсаулық сақтау орындары жүмысына орасан зор нүсқан келтіретіні - шындық. А.Е. Какутап (1997 ж.) модельдік зерттеуі бойынша сібір жарасының адамдардағы әрбір 100 оқиғасы салдарын жоюға 25 млрд АҚШ доллары жүмсалатыны көрсетілген [8].

Белгілі Ресейлік ғалымның жоғарыда келтірілген түжырымдамасын жоққа шығару мақсатымен әдейі үйымдастырылғандай АҚШ-тың бірнеше штатында (Нью- Йорк, Флорида, Невада, Вирджиния) орналасқан БАҚ мекемелеріне (газеттер редакциясы, телеарналар) 2001 ж. жақсы үйымдастырылған террорлық акция мәлім. Бүл шабуыл аты шулы 2001 ж 11 қыркүйектегі АҚШ-тағы традегиядан кейін іле-шала 2001 ж 5 қазанда басталды. Оны Бен-Ладен басқаратын экстремистік «Аль-Кайида» үйымы іске асырған деп есептелді.

Тексерістер нәтижесінде террористер биоагент ретінде сібір жарасы микробын үнтақ (порошок) түрінде пайдаланғаны анықталды. Бір фоторепартер өліп, (San газетінің) бірнеше адамы ауруға шалдықты. Кейінгі генетикалық зертеулерде (интернеттегі деректер бойынша) бүл жолғы террористер пайдаланған «В.anthracis» штамы американың қорғаныс министрлігі қолданысындағы референс-штамға сәйкестігі анықталды[9]. Осыған қарап биоқарудың шығу тегі осы ведомостваға байланысты болуы жоққа шығарылмайды.

Өлген, ауруға шалдыққан адамдар саны шамалы болғанымен АҚШ түрғындары арасында өз өмірінің қорғалуы жөнінде аталған террористік акт айтарлықтай күдік, үрей, қорқыныш туғызды. Биотеррористердің көздеген негізі мақсаты да осы болатын. Неге десеңіз, ішінде сібір жарасы микробына күдікті ақ үнтақ бар мекемеге, түрғын үйге жеткізілген әр корреспенденция (хат, бандероль) халықты дүріктіретін, моральдық күйзеліске үшырататын болды. Бүл ретте БАҚ көздерінің асыра сілтеулеріне тосқауыл қойылмайтынын да ескерген жөн[10]. 

Қорытындылар мен үсыныстар

  1. Қазіргі заман негізінен бейбітшілік күйде болғанымен, күтпеген жерде кез-келген уақытта биотеррористтік инцидентке кезігуі әлі де ақуалды. Биотерроризмді ауыздықтау, жеңу үшін әлем халықтары бірлесіп үздіксіз күресуі қажет. Бүл ретте жаһандық биотеррористік қауіпсіздік жүйесін қүру өте орынды.
  2. Қазақстан Республикасында зор халықаралық маңызға ие обьектілер мен аймақтар аз емес: ЭКСПО-2017, Көкжайлау спорт және туризм кешені, аса қауіпті карантиндік инфекциялардан биоқорғану институты ж.б. Бүлардың қай- қайсысы да террористер үшін бірінші кезектік нысана.
  3. М.Айқымбаев атындағы карантиндік және зооноздық инфекциялары қазақ ғылми Орталығымен бірлесіп, бакалавриаттың соңғы курсы студенттерін «Биоагенттер және олардан қорғану » элективті курсымен қамту қажет.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Черкасский Б.Л. Эпидемиология и профилактика сибирской язвы. - М.: 2002. - 384 с.
  2. Воробьев А.А., Черкасский В.П., Степанов А.В. и др. Актуальные проблемы борьбы с особо опасными инфекциями // ООИ: эпидемиология, экстренная диагностика. - Киров: 1997. - С. 243-257.
  3. Бургасов П.Н., Черкасский В.Л., Марчук Л.М. и др. Сибирская язва. - М.: Медицина, 1970. - 128 с.
  4. Jhglesby T.V. et al. Anthrax as a Biological weapon II JAMA. - 1999. - v281. - Р. 1735-1745.
  5. Доморадский и, Перевертыш. Рассказ неудобного человека. - М.: 1995. - 180 с.
  6. Robertson A.G., Bioterrorism -fact or fiction ? II Microbioly Australia. - 1999. - v20. - n4. - Р. 26-28.
  7. Meselson M., Guillemin Y., Hugh - Yones M.E.et al. The Sverdlovsk anthrax outbreak of 1979. II Science. - 1994. - v 266. - Р. 1202-1208.
  8. Kaufmann A.F., Meltrer M.J. Schmid G.P. The Economic Jmpact ofa Bioterrorist Attack : Are Prevention and Postattack intervention Programms Yustiable ? Emeraging Jnfectious Diseases. - 1997. - v8. - n2.
  9. Hockoв А.Н. Молекулярные аспекты патогенеза сибирской язвы // II Журнал микробиологии. - М.: 2014. - №4. - С. 92-101.
  10. Лухнова Л.Ю., Айкимбаев А.М., Оспанов К.С. и др. Профилактика сибирской язва в Казахстане. - Алматы: 2009. - 188 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.