Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Биостатистика ілімі - студенттердің ғылымға қызығушылығын қалыптастырудың бірден-бір жолы

МақалаДа меДициналық деректерге статистикалық талдау жүргізуДің қазіргі жағДайы мен болашағы жөнінДе сөз болады. Заманауи медициналық ғылым дәлелді медицинаның талаптары мен принциптерін жүзеге асыруға бағытталған. Медициналық жоғарғы оқу орындары стуленттері мен бітірушілері биостатистиканың негізгі ұғымдарын және статистикалық талдау дағдыларын меңгерулері тиіс. Тек сонда ғана олар медицина саласындағы ғылыми зерттеу жұмысының мәнін түсіне алады. МеДициналық - биологиялық ДеректерДі қолДанбалы компьютерлік статистикалық бағДарламалар пакетінДе өңДеу статистикалық талдауды меңгерудің негізі болып саналады.

Ғылым – бұл ұйымдастырылған білім Герберт Спенсер, ағылшын философы

Өзектілігі. Ғылыми негізделген медицинаның заманауи тұжырымдамасы қазіргі кездегі медицина жоғары оку орындары студенттері мен бітірушілерінің алдына білім мен ғылымды ұштастыра отырып, ертеңгі күннің жан-жақты, бәсекелестікке қабілетті маман болып шығуын талап етеді. Республиканың білім жүйесінің Болондық білім үрдісіне енуі жоғары медициналық оқу орындарындағы оқу үрдісіне едәуір тың өзгерістер алып келді. Ол оқу жоспарларына білімнің жаңа мазмұндарын, яғни жаңа пәндерді енгізу арқылы көрінді.Сондай пәндердің бірі – биостатистика пәні. Биостатистика ілімін бүгінгі студент, ертеңгі болашақ медицина саласының мамандарының қажетті деңгейде игеруі маңызды мәселе.

Материалдар. Медициналық басылымдардағы мақалалар, ҚазҰМУ студенттерінің оку үрдісі.

Болашақ медицина саласының қызметкерлері үшін аталған пәннің мазмұнымен таныс болып қана қоймай, оны меңгерудің қажеттілігі дәлелді медицинаның принциптеріне сәйкес талас тудырмайтын мәселе.Әрине, негізі математикалық статистика элементтері болып саналатын пәнге деген көзқарас алғашқы кезде студенттердің барлығында бірдей оң болмағаны рас. Студенттердің көбісі бұл пәнді бөтен түсініксіз нәрсе ретінде қабылдап және бұның оларға болашақта не үшін қажет болатынын бұлдыр елестетіп келді. Алайда, медицинаның негізі болып саналатын биология ілімінің ерекшеліктерімен, клиникаға дейінгі іргелес пәндердің мазмұндарымен тығыз байланыстыра отырып берілетін пәннің негізгі ұғымдары мен сұрақтары студенттер үшін өздерінің білім деңгейлерін қосымша сараптауларына септігін тигізеді, пәнді жеткілікті дүрыс түсінулеріне ықпал етеді. Пәннің анықталған мазмұнына сәйкес студенттер медициналық басылымдардан алынған әртүрлі клиникалық есептерге, мәселенің қойылуына байланысты статистикалық талдаулар жүргізу арқылы пәнге деген қызығушылықтарының артатыны байқалды.Университетте студенттердің ғылыммен шұғылдану мәселесі қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Өткен оқу жылында Ресейге халықаралық ғылыми конференцияларға қатысып келген жалпы медицина мамандықтарының студенттері олардың жүмыстарында статистикалық талдаудың бірінші кезекте тұрғанын айтып тамсанып келген еді.

Қазіргі таңда дәлелді медицинаның принциптеріне сәйкес, медициналық басылымдарда медициналық-биологиялық бақылаулар мен тәжірибелердің нәтижелері келтірілетін мақалаларла статистикалық талдаудың болуы талап етіледі. Мәселен, ресейлік және отандық ғылыми-практикалық журналдарда басылған мақалаларда кездесетін статистикалық талдауға қатысты үзінділер келтірейік.

«Полученные данные были проверены на нормальность распределения и равенство генеральных дисперсий. Сравнение результатов проводилось с использованием параметрического t-критерия Стьюдента для зависимых выборок.» [3]

Әрине, біз бұл жерде таңдалынған статистикалық критерийдің дүрыс немесе бұрыс қолданылғаны жөнінде сөз еткелі отырғанымыз жоқ.Біздің мақсатымыз, осындай түрдегі басылымдарды студенттер өз беттерімен түсініп, талдай білсе екен дейміз.1-жағдайда студент (сол сияқты кез-келген медицина саласының қызметкері) Стьюдент критерийінің қолданылу шекараларын жетік білулері керек.

«При статистическом анализе достоверная корреляция

(p<0,05) была отмечена между соотношением гемоглобин/эритроциты, тромбоциты/лейкоциты, тромбоциты/нейтрофилы (прямая зависимость).Обратная зависимость (p<0,05) - в группах лимфоциты/лейкоциты, нейтрофилы/лейкоциты. При оценке гомеостаза у большинства исследуемых больных (n=14) изменения в костно-суставной системе относились к 3 классу (в среднем степень по вреждения =55%).» [4].

2-жағдайда корреляциялық тәуелділік, оның түрлері және корреляция коэффициентінің мәнділігі жөніндегі жорамалды тексере алу қажет және мәнділік деңгейі p-ға көңіл бөлу керек.

«Статистическая обработка данных проводилась с использованием программного пакета Statistica for Windows, Release 7.0. Количественные данные представлены в виде медианы и интерквартильного размаха (Mа}IQI). Качественные данные представлялись в виде абсолютных (n) и относительных значений (%). Достоверность различий количественных показателей определялась при помощи критерия Манна-Уитни (сравнение двух несвязанных групп), критерия Краскела-Уоллиса (сравнение трех и более групп). Результаты считались статистически достоверными при р<0,05. Статистическую значимость межгрупповых различий по качественным признакам оценивали с применением точного критерия Фишера и χ2. Взаимосвязь количественных признаков изучалась в ходе корреляционного анализа с использованием коэффициента ранговой корреляции Спирмена. Проверка гипотез осуществлялась при уровне статистической значимости 0,05.» [5]

Бұл жағдайға мұқият көңіл бөлу керек, себебі көптеген, тіпті барлық десе де болады, басылымдарда орта мән, стандарттық ауытқу, стандарттық қате есептеледі және Стьюдент критерийінің қолданылғаны жөнінде айтылады. Ал, мұнда медиана, квартильаралық қүлаш сияқты сандық сипаттамалар және Манн-Уитни мен Крускал-Уоллис критерийлерінің, сол сияқты Фишердің дәл критерийі, Х2.критерийі қолданылғаны айтылады. Корреляциялық тәуелділікті Спирменнің рангілік корреляция коэффициенті арқылы анықтаған. Яғни, бұл зерттеуде қалыпты таралу заңына бағынбайтын деректер жөнінде сөз болып отырғанын түсінуіміз қажет.

  1. «Статистическая обработка включала вычисление средних величин и их ошибок, дисперсии. Достоверность отличий оценивалась при помощи t-критерия Стьюдента.» [6]
  2. «Статистический анализ данных проводили с использованием пакета прикладной программы Statistica, проводили корреляционный анализ. Результаты по группам представлены в виде средней (М) ± стандартное отклонение (SD). Статистически значимыми считали различия при p < 0,05» [ 7]

Инновациялық технологиялар заманында медициналық деректердің берілуі мен жүйеленуі компьютерлік қүралдар арқылы жүзеге асатындықтан дәрігерлерге теориялық зерттеулермен қатар практикалық қызметінде де медициналық деректерді статистикалық талдау мәдениетін жоғарылату қажеттілігі туып отыр.Әлемде деректерді талдауға бағытталған қолданбалы программалық жабдықтау белсенді дамып келеді, деректерді сақтау және визуализациялау және оларды талдаудың

нәтижелерінстатистика теориясындағы жетістіктер ретінде беруде олар әралуан мүмкіндіктерді қолданып келеді. Мұндай программалық жабдықтаудың мысалы ретінде статистикалық кәсіби SPSS, әмбебап Statistica пакеттерін айтуға болады. Мұның бәрі дәлелді медицинаның принциптеріне сәйкес деректерді талдаудың сандық деңгейін ескеретін ғылыми клиникалық зерттеулердегі логикалық негіздеулерге жоғары талап қояды. Дәрігерге статистикалық әдістермен таныс болу керек және заманауи басылымдардың тілін түсінулері қажет. Одан басқа, статистикалық ойлаудыңнегізі қалыптасуы керек, заманауи медицинаның методологиясын түсінулері қажет.Бақылауларды жүргізудің және олардың нәтижелерін жүйелеудің заманауи әдістерінің өте көптігі дәрігер- зерттеушіге аса биік талаптар қояды.

Биостатистика пәнін оқыту маңыздылығы жете түсінікті болу үшін шетелдік басылымдарда жиі қолданылатын деректерді өңдеу және талдауға арналған SPSS - Statistical Package for Social Science пакетінде статистикалық талдау жасауды қарапайым мысалдар арқылы көрсетейік.

Пакет деректерді талдауға қажетті барлық негізгі бөлімдерді қамтиды, және көптеген шетелдік және отандық жоғары оқу орындарында студенттерге деректерді талдауға оқыту үшін негізгі қүрал болып табылады.

Екі өзара тәуелсіз немесе тәуелді және қалыпты таралған топтардың орта мәндерін салыстыру арқылы, екі топ арасындағы айырмашылықтың шынайылығын тексеру үшін қолданылатын кең тараған статистикалық критерийлердің бірі Стьюденттің сәйкес жүптаспаған және жүптасқан t критерийіне мысал келтірейік.

1-мысал. Қан тамырын кеңейтетін көрсетілімі бар нифедипин препаратының тәждік артерияның диаметріне ықпалын анықтау үшін жүргізілген тәжірибенің қорытындысы төмендегі кестеде келтірілді. Бұл жағдайда тексерілетін нөлдік жорамал, екі топтың орта мәндерінің арасында статистикалық мәнді айырмашылық жоқ, яғни нифедипин тәждік артерияның диаметріне әсер етпейді деп ұйғарылады.

Тәждік артерияның диаметрі, мм

Плацебо

Нифедипин

2,5

2,5

2,2

1,7

2,6

1,5

2,0

2,5

1,8

1,4

2,4

1,9

2,3

2,3

2,7

2,0

2,7

2,6

1,9

2,3

2,1

2,2

Алынған деректерді десте парағына енгіземіз.

Нәтижелі кестеден көріп отырғанымыздай, салыстырылып отырған екі топтың орта мәндерінің шамалары, стандарттық ауытқулар, орта мәндердің сәйкес стандарттық қателері, бас жиынтықтың дисперсияларының біртектілігін тексеру үшінҒкритерийі, р мәнділік деңгейі жөніндегі мәліметтерді статистикалық бағдарлама көмегімен алдық.

Бүл кестеде ең маңыздысы р мәнділік деңгейі (6-шы баған). Кестеден көріп отырғанымыздай, плацебо мен нифедипиннің арасында шынайы айырмашылық жоқ - р=0,199 > 0,05.

Қорытынды. Салыстырылып отырған екі топтың орта мәндерінің арасында статистикалық мәнді айырмашылық жоқ, яғни нифедипин тәждік артерияның диаметріне ықпал етпейді.

2-мысал.Тәуелді таңдамалар үшін Стьюденттің жүптасқан t- критерийінің қолданылуын препаратты қабылдағанға дейін және препаратты қабылдағаннан кейін артериялық қысымның

көрсеткіштерінің орта мәндерінің арасындағы айырмашылықтың шынайылығын тексеру аркылы көрсетейік. Адельфан препаратының артериялық қысымға әсерін алты аурудан тұратын топта тексерді. Тәжірибе нәтижесінде систолалық қысымның екі вариациялық қатары алынды: 1 қатар – препаратты қабылдағанға дейінгі көрсеткіштер, 2 қатар – препаратты қабылдағаннан кейінгі көрсеткіштер.

Бақылау

250

240

210

190

185

Тәжірибе

210

195

165

170

155

Бұл жағдайда міндетті түрде Стьюденттің жұптасқан t- критерийін қолдану қажет.Бұл әдісті «айырмалар әдісі» деп те атайды. Есептеуге тек қана өзгеріске үшыраған көрсеткіштер қолданылады.

 

Бұл кестеде ең маңыздысы р мәнділік деңгейі (9-шы баған). Кестеден көріп отырғанымыздай- р=0,014 < 0,05.

Қорытынды. Салыстырылып отырған екі тәуелді топтың дейінгі және кейінгі көрсеткіштерінің орта мәндерінің арасында статистикалық мәнді айырмашылық бар, яғни адельфан препараты артериялық қысымға маңызды әсер етеді.

Қазіргі кезде медициналық университет бітірушілері медициналық деректерге статистикалық талдау бойынша білімдері жеткіліксіз және тәжірибені жоспарлау негіздерімен толық таныс емес, әдетте ғылыми мақалаларда берілетін статистикалық әдістер мен нәтижелердітиісінше бағалай алмайды. Жоғарыда айтып өткендей Казақстанның Болондық білім үрдісіне енуі жақынарада дәрігерлердің биостатистика саласы бойынша білімдерінің жеткіліксіз екендіктеріне көңіл бөліне бастайды деп ойлаймыз. Осы уақытқа дейін өздерінің медициналық білімдерін Еуропа және АҚШ елдеріне мойындату үшін біздің бітірушілер арнайы емтихан тапсырылулары керек. Тіпті жақсы бітірушілердің өзі биостатистика пәнінен қосымша дайындықсыз бұл емтиханды тапсыра алмайды. Егер бітіруші әрі қарай ғылыми жұмыспен шұғылдануды жоспарласа, бұл мәселе тіпті өткір қойылуы мүмкін. Ғылыми конференцияларға қатысатын студенттік ғылыми қоғам мүшелерінің басым көпшілігі өздерінің зерттеулерінде тек сипаттама берумен шектеледі, ал кейбіреулері алынған нәтижелерді қалай дүрыс беруді, график тұрғызуды білмейді.

Ғылыми негізделген медицинаның заманауи тұжырымдамасы биометриялық зерттеулерсіз мүмкін емес. Өзінің зерттеу жұмысын жазу және ғылыми әдебиеттерде оқылғандарды ой елегінен дүрыс өткізіп, түсінуқандай-да бір көлемде статистикалық білімнің болуын қажет етеді.Біздің студенттеріміз бен бітірушілеріміз нақты қолданбалы бағдарламалар пакетінде жүмыс істей алуға үйренудің және биостатистикадан жүйелі білім алудың болашақта олардың ғылыми зерттеу жұмыстарында қолайлы статистикалық әдісті сауатты таңдауға, қолдануға және алынған деректерді адекватты түсіндіруге қажет екенін түсінеді деп сенгіміз келеді.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. А.А.Раманкүлова. Биологиялық статистика // Оку күралы. -Алматы: 2014. - Б. 54-100.
  2. А.Ш.Аймаханова, А.А.Раманкулова. Анализ проблем использования методов биостатистики и некоторых грубых ошибок статистического анализа в клинических исследованиях // Морфология и доказательная медицина. - 2012. - №4. - С. 42-47.
  3. Т.А.Ланг. М.Сесик. Как описывать статистику в медицине // Практическая медицина. - М.:-2014. - С.11-15.
  4. Н.С.Андриуца. Влияние психоэмоциального стресса на показатели саморегуляции восприятия информации // Сеченовский вестник. - 2014. - №4(18). - Б. 48-53.
  5. С.В.Смердин,Ю.А.Цыбульская и др. Поиск персонифицированного подхода в диагностике пациентов с туберкулезным спондилитом // Сеченовский вестник. - 2014. - №3(17). - Б. 41-47.
  6. Ю.Н.Беленков, Е.В.Привалова и др. Нарушения микроциркуляции у больных ишемической болезнью сердца и сахарным диабетом 2 типа // Сеченовский вестник. - 2014. - №3(17). - Б. 27-33.
  7. С.Ш.Исенова, З.А. Датхаева и др. Влияние индекса массы тела на течение беременности и родов // Вестник КазНМУ. - 2015. - №1. - Б. 11-12.
  8. С.Жапарханова, А.Т.Алипова и др. Средние значения и показатели корреляции метаболических показателей у пациентов с сахарным диабетом 2 типа // Вестник КазНМУ. - 2015. - №1. - С. 119-120.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.