Мақалада Алматы қаласы тұрғындарының денсаулық жағдайына қоршаған ортаның антропогенді факторлары әсерінен, атап айтқанда автотранспорттың тұрғындар денсаулығына әсерін салыстырмалы таза және лас аудандардағы автотранспорт шығарындыларының көрсеткіштерін талдау нәтижелері негізіндегі аурушаңдық жағдай көрсетілген.
Кіріспе. Алматы қаласы ауа бассейнінің химиялық ластануын гигиеналық бағалау
ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігі экологиялық мониторинг департаменті Республиканың барлық елді мекендерінде атмосфераның ластану деңгейін қазіргі уақытта атмосфераның ластану индексінің (АЛИ5) кешенді көрсеткіштері бойынша бағаланады. АЛИ кешеніне негізгі кез келген елді мекенге тән дәстүрлі газдар - көміртегі оксиді, азот диоксиді, күкірт диоксиді, және өлшенген заттар, ал бесінші - нақты бақылау мекеніне тән. Атмосфераның ластану деңгейі АЛИ көрсеткішінен келесі жолмен анықталаныны белгілі: төмен – аз немесе 5 тең, артуы - 5-7, жоғары - 7-14, өте жоғары – көп немесе 14 тең.
АЛИ мәліметтерінің талдауы бойынша жоғары ластанған қалаларға (АЛИ5 ≥ 7) ҚР 8 қаласы оның ішінде Алматы қаласы да кіреді.
Алматы қаласы атмосфералық ауасының ластану деңгейінің талдауы көрсеткендей қалада жоғары деңгейдегі ластану сақталған 9,1 дан 12,8 АЛИ. Зерттеу аралығында АЛИ аса жоғары деңгейі 2009 жылы байқалған (АЛИ 12,9), салыстырмалы төмен көрсеткіш (АЛИ 9,1) 2011 жылы байқалған. Соңғы 3 жылда, 2011 мен 2013 жылдары, қаланың ластану деңгейінің артқаны байқалған.
Мақсаты: Алматы қаласы тұрғындарының денсаулық жағдайына автотранспорт шығарындыларының әсерін гигиеналық бағалау.
Зерттеу материалдары: «Казгидромет» ресми мәліметтері бойынша 2009-2013 жылдар аралығында қаланың атмосфералық ауасының ластануының ретроспективті мәліметтері;
- - Ведомствалық есеп. 12 жылдық формасы. Алматы қаласы Бостандық (бақылау) және Жетысу (тәжірибе) аудандарындағы диспансерлі есеп бақылауында тұрған науқастар контингенті, аудандағы тұрғындарға қызмет көрсететін медициналық мекемелерге ауырып тіркелген аурулар саны бойынша есеп.
- - 2009 - 2013 жылдар аралығында жыл сайынғы ҚР ДСМ медициналық статистикалық жинақ бойынша тұрғындар денсаулығы жағдайы;
Зерттеу әдістері: гигиеналық, санитарлық, статистикалық.
Зерттеу нәтижелері. ДДСҰ ұсынысы бойынша елді мекендердің атмосфералық ауасының сапасын бағалауда тұрғындар денсаулығына аса қауыптілігі басым заттар бағалау жүргізу болып табылады. Қауіптілігі басым ластаушыларға өлшенген заттар (РМ10 мен РМ2,5), NOx, SO2 және озон (О3) жатады. Атмосфералық ауа сапасынының ұлттық мониторингінің жүйесінде (АЛИ) аталған қауіптілігі басым ластаушылар тізімінен азот диоксиді мен күкірт сонымен қатар дисперсті құрамды емес өлшенген заттар қосылған. Осы уақытқа дейін өлшенген заттар тек қалалық шаң ретінде қарастырылған (көрінетін шаң), қазіргі көптеген елді мекендердегі атмосфераны ластаушылар қатарында болған.
Автотранспорт шығарындыларының таралуын моделдеу нәтижелері
Автотранспорт шығарындыларының таралуын моделдеу барысында ластаушы заттар концентрациясы (азот диоксиді, азот оксиді, күкірт диоксиді, көміртегі оксиді, бнез(а)пирен, формальдегид, бензин, керосин) тәжірибе ауданында айтарлықтай жоғары3 есе, бақылау ауданына қарағанда. Сонымен қатар ластаушы заттар концентрациясы ШРЕКмр тен төмен, тек азот диоксиді тәжірибе ауданында жоғары (арту көрсеткіші 3,3).
Кесте 1 - Автотраспорт шығарындыларының таралуын моделдеу нәтижелері (тұрғын үй шекарасында)
Код |
Заттар атауы |
ШРЕК (максималды бір ретті) |
Тәжірибе |
Бақылау |
|||
Есепті концентрация (максималды бір ретті) |
ШРЕКмр еселік артуы |
Есепті концентрация (максималды бір ретті) |
ШРЕКмр еселік артуы |
||||
0301 |
Азот диоксиді (Азот (IV) оксиді) |
ШРЕК м/р |
0,2 |
0,67 |
3,3 |
0,15 |
0,7 |
0304 |
Азот (II) оксиді (Азот оксиді) |
ШРЕК м/р |
0,4 |
0,11 |
0,27 |
0,02 |
0,05 |
0328 |
Көміртегі (Сажа) |
ШРЕК м/р |
0,15 |
0,01 |
0,06 |
0,002 |
0,02 |
0330 |
Күкірт диоксиді (күкіртті ангидрид) |
ШРЕК м/р |
0,5 |
0,005 |
0,01 |
0,001 |
0,003 |
0337 |
Көміртегі оксиді |
ШРЕК м/р |
5,0 |
1,0 |
0,21 |
0,29 |
0,06 |
0703 |
Бенз/а/пирен (3,4- Бензпирен) |
ШРЕК с/с * 10 |
0,00001 |
0,00001 |
0,01 |
0,000000003 |
0,003 |
1325 |
Формальдегид |
ШРЕК м/р |
0,035 |
0,00125 |
0,036 |
0,0003 |
0,009 |
2704 |
Бензин (мұнайлы, азкүкіртті) (көміртегі есебінен) |
ШРЕК м/р |
5,0 |
0,21 |
0,04 |
0,06 |
0,01 |
2732 |
Керосин |
ОБУВ |
1,2 |
0,1 |
0,09 |
0,03 |
0,02 |
Атмосфералық ауа сынамаларын химиялық талдауының нәтижелері.
Нақты объективті көрініс алу үшін РМҚМ «ҒПО санитарлық эпидемиологиялық сараптама мен мониторинг» қызметкерлерімен бірге атмосфералық ауа сапасына натурлық зерттеу жүргізілді.
Келесі заттардың максималды бір реттік концентрациялары анықталды: озон, алифатикалық аминдар С15- С20, аммиак, азот (II) оксиді, шекті көміртотықтары С12- С19, диметилбензол, көміртегі 4х – хлорлы, көміртегі оксиді, қорғасын, азот (IV) диоксиді, күкірт диоксиді, формальдегид, күкірт тотығы, фенол, өлшенген заттар, сынап (II) оксиді, камий оксиді, кобальт, толуол.
Ортатәуліктік концентрациялар заттар бойынша анықталғаны: көміртегі оксиді, қорғасын, азот (IV) диоксиді, күкірт диоксиді, формальдегид, күкірт тотығы, фенол, өлшенген заттар, сынап(II) оксиді, камий оксиді, кобальт, толуол.
Сынама талдамалары автомагистраль маңында сонымен қатар тәжірибе мен бақылау аудандары тұрғындар кварталында жүргізілді.
Моделдеу нәтижелері бойынша да тәжірибе ауданында ластаушы заттар концентрациялары бақылау ауданына қарағанда айтарлықтай жоғары.
Атмосфералық ауа сынамаларының талдауы гигиеналық нормативтерден ШРЕК артқан, сонымен қатар референтті концентрациялар көміртегі тотығынан басқа (2 ПДКмр автотрасса маңында) және өлшенген заттар (HQ – 1,2).
Алғашқы аурушаңдық бойынша Алматы қаласы тұрғындарының денсаулық жағдайының талдауы
Алматы қаласы тұрғындарының алғашқы аурушаңдық талдауының динамикасы 2009 -2013 жылдары төмендеуің көрсетеді 14,1% (84461,3 ‰ - 2009 ж., 72527,8 ‰ – 2013 ж.), кесте 1. Аталған тенденция республикаға да тән.
Алматы қаласы тұрғындарының алғашқы аурушаңдық деңгейі зерттеу аралығында әрқашан жоғары болып тұр, бұл республикаға қарағанда 15-16%. Қаладағы балалар аурушаңдығының деңгейі республикадан 1,7 есе жоғары.
Кесте 2 – 2009 - 2013 жж. Алматы қ. тұрғындарының алғашқы аурушаңдығы Қазақстан Республикасымен салыстырғанда ( 100 000 тұрғынға)
Жылдар |
2009 |
I 2010 |
2011 |
2012 |
2013 |
Барлық тұрғындар |
|||||
Алматы |
84461,3 |
78934,7 |
75113,2 |
76719,1 |
72527,8 |
ҚР (қала тұрғындары) |
72191,6 |
68718,5 |
66484,3 |
65080,3 |
63158,4 |
Ересектер |
|||||
Алматы |
54132,5 |
49666,1 |
48374,2 |
50028,2 |
47425,1 |
ҚР (қала тұрғындары) |
50842,8 |
47635,2 |
45807 |
44635,5 |
43613,2 |
Балалар |
|||||
Алматы |
182083,2 |
188217,2 |
175115,6 |
170327,1 |
156314,8 |
ҚР (қала тұрғындары) |
133480,4 |
133963,1 |
127523,1 |
123300,1 |
91586,5 |
2013 жылы тұрғындардың алғашқы аурушаңдығы басты себептері тыныс алу ағзаларының аурулары – 40,6% барлық аурулардан (29412,1‰), қанайналым жүйесінің аурулары – 6,0% (4320,2 ‰), көз және оның қосалқы аппараттарының аурулары – 4,0% (2932,4 ‰), тері және теріасты жасушаларының аурулары– 3,8% (2773,0‰), қан және қан түзілу мүшелерінің аурулары– 3,6% (2622,9‰). Аталған 5 класс ауруларына барлық аурулардың 58,0% кіреді, сурет 1.
Қаланың 7 административты аудандарының аурушаңдық бойынша денсаулық жағдайын бағалау үшін 2 аудан алынды - Бостандық (салыстырмалы таза аудан ретінде) және Жетысу (аса ластанған аудан ретінде). Бұл үшін 2013 жылғы ресми медициналық статистикалық есеп мәліметтері талдауға алынды (№12 жылдық формасы).
Бостандық ауданы тұрғындарының аурушаңдық құрылымы мен деңгейі
Бостандық ауданы тұрғындарының 2013жылы №17 қызмет көрсететін емханадағы жалпы саны 78237 адам.
2012 жылмен салыстырғанда алғашқы аурушаңдық біршама жоғары (596,7‰) және тіркелгендер 688,1 жағдай 1000 адамға шаққанда, бұл қала мәліметтерінен төмен (725,3‰) және республикадағы қала тұрғындарының алғашқы аурушаңдығы көрсеткішінен жоғары (631,6‰).
Аудан тұрғындарының алғашқы аурушаңдық құрылымында басты класстар тыныс алу ағзаларының аурулары (40,1%), несеп жыныс жүйелерінің аурулары (10,3%), асқорыту ағзаларының аурулары (9,1%), сүйек-бұлшықет жүйесі мен дәнекер тіннің аурулары (7,4%) және жарақат пен уланулар (5,2%). Аталған бес класс барлық аурулардың 72,1% құрайды, сурет 5.
Жетісу ауданы тұрғындарының аурушаңдық құрылымы мен деңгейі.
Жетісу ауданы тұрғындарының 2013 жылы №1 қызмет көрсететін қалалық емханадағы жалпы саны 73561 адам.
2012 жылмен салыстырғанда тұрғындардың алғашқы аурушаңдығы біршама жоғары (400,2‰) және тіркелгендер 480,4 жағдай 1000 адамға, бұл қала бойынша мәліметтерден төмен (725,3‰) және республикадағы қала тұрғындарының алғашқы аурушаңдығы да төмен (631,6‰).
Аудан тұрғындарының алғашқы аурушаңдық құрылымында басты класс аурулары тыныс алу ағзаларының аурулары (40,5%), қан және қан түзілу мүшелерінің аурулары (8,4%), асқорыту ағзаларының аурулары (6,9%), қанайналым жүйесінің аурулары (6,4%) және жүйке жүйесінің аурулары (5,4%). Аталған бес класс барлық аурулардың 67,6% құрады.
Жетісу ауданында Бостандық ауданына қарағанда алғашқы бестікке кіретін аурулар қан және қан түзілу мүшелерінің аурулары, қанайналым жүйесінің аурулары және жүйке жүйесінің аурулары. Алматы қаласында салыстырмалы қанайналым жүйесінің аурулары және жүйке жүйесінің аурулары.
Ересек тұрғындар арасында Алматы қаласы мен Бостандық ауданы бойынша бірінші орында тыныс алу ағзаларының аурулары тұр, ал Жетісу ауданы бойынша қанайналым жүйесінің аурулары.
Барлық зерттеу аудандарында бірінші орында балалар арасында тыныс алу ағзаларының аурулары тұр.
Жетісу аданында Бостандық ауданына қарағанда басты класс ауруларда қан және қан түзілу ағзаларының аурулары, тері және теріасты жасушаларының аурулары және жүйке жүйесінің аурулары. Алматы қаласында салыстырмалы жүйке жүйесінің аурулары.
Біздің зерттеуіміздің нәтижесі бойынша аса маңызды аурулар қоршаған орта факторларына байланысты болуы мүмкін, Алматы қаласы жағдайында қанайналым мүшелерінің аурулары, тыныс алу ағзаларының аурулары мен жүйке аурулары тұр.
Қорытынды.
- Алматы қаласы ауа бассейнінің химиялық ластануы ҚР Гидромет қызметінің мәліметтері бойынша АЛИ5 зерттеудің 2009-2013 жылдары (11,5 дан 12,9) жоғары болған. Алматы қаласы атмосферасының басым ластаушыларына РМ10, РМ2,5 шаң фракцияларының өлшенген бөлшектері мен азот диоксиді бұл автокөлікке тән ластаушылар.
- Бақылау және тәжірибе аудандарында ластаушы заттардың максималды бір реттік концентрациялары компьютерлік моделдеу арқылы анықталды. Оның нәтижелері аса жоғары концентрациялар тәжірибе ауданында 3 есе жоғары.
3. Таңдалған екі ауданның атмосфералық ауасынан бақылау аспаптық сынама жүргізілді, нәтижесінде ластаушы концентрациялар гигиеналық нормативтерден төмен болды.
Алматы қаласы тұрғындарының денсаулық жағдайын талдау статистикалық ведомствалық есеп мәліметтері бойынша зерттелді. Оның нәтижелері қаладағы тұрғындар аурушаңдығы республикалық көрсеткіштен жоғары. Аурушаңдық құрылымында қаланың қоршаған орта факторларынан болатын маңызды аурулар тыныс алу ағзаларының аурулары, қанайналым жүйесінің аурулары және жүйке аурулары.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Кенесариев У.И., Досмухаметов А.Т., Амрин М.К. Қазақстан қалаларының атмосферасының шаң бөлшектерімен ластануынан тұрғындар денсаулығына қауіп-қатерін бағалау // Вестник КазНМУ. – Алматы: 2013. - №3. - С. 56-58.
- Ussen Kenessariyev, Alexander Golub, Michael Brody, Askhat Dosmukhametov, Meiram Amrin, Aya Erzhanova, Dinara Kenessary. “Human Health Cost of Air Pollution in Kazachstan”// Journal of Environmental Protection. – 2013. – №4. - С. 869-876.
- Кенесариев У.И., Досмухаметов А.Т., Амрин М.К. «Респирабельные фракции как фактор смертности населения городов Казахстана» // Материалы XVII Материалы научной конференции «Здоровье семьи XXI век». - Пермь: 2013. – С.167-170.
- «Методические указания по оценке риска воздействия взвешенных частиц атмосферы на здоровье населения». – Астана: 2006. – С.10.
- «Руководство по оценке риска для здоровья населения при воздействии химических веществ, загрязняющих окружающую среду». – М: 2004. – С.116.
- Фролов А.Б. Комплексная гигиеническая оценка аэрогенного риска бронхолегочной патологии населения промышленного города: автореф. дисс… канд. мед.– Оренбург, 2007. – С.19.