Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Кардиологтың біліктілігін арттыру технологиялары

Денсаулық сақтау саласында, қазірде, жаңа инновациялық диагностика тәсілдері мен емдеу технологияларының енгізілуіне байланысты, медициналық жәрдемнің сапасы мен нәтижелігі өсіп, деңгейі айтарлықтай көтерілді. Бұл жаңа бағыттарды тиісті дәрежеге жеткізіп, жүзеге асыру үшін, кардиолог дәрігерлер теориялық білімі мен біліктілігін арттырып, технологияларды жете меңгеруі қажет. Бұл бағыттар қосымша білім беру мекемелерінде замануи оқыту технологияларын қолдана отырып, дәрігерлердің білімін арттыру арқылы жүзеге асырылады.

Бүгінгі таңдағы кардиология саласында инновациялық зерттеу технологиялары, допплерэхокардиография, стресс- эхокардиография, тәуліктік холтер ЭКГ, қан қысымын тәуліктік зерттеу және т.б., жасырын дамыған жүрек және қантамыр дерттерін анықтап, ерте ем тағайындауға мүмкіншілік береді. Әрине, бұл кардиологиялық зерттеулердің күмән келтірмес ұтымдылықтарының нәтижесі деуге болады. Осы себепті бүгінгі таңда, республикамыздың көптеген ауруханалары мен медициналық орталықтарында кардиологиялық диагностикалық технологияларға қажетті тиісті құрал жабдықтары алынып, әр түрлі диагностикалық шаралары атқарылып жатыр. Әлбетте, бұл жаңа және күрделі диагностикалық технологияны нақтылы түрде іске асырып, барлық мүмкіндіктерін пайдалану үшін және осы бағытта ұсынылып жатқан медициналық ілімнің жаңа жетістіктерін тәжірибеге енгізуде, жоғары дәрежедегі қосымша білім алған, кәсіби мамандандырылған дәрігерлерді дайындау қажет [1,2,3]. Кардиологиялық жаңа зерттеу технологияларына жіберілген мамандар арнайы дайындық оқу бағдарламалары бойынша оқытылып, теориялық және тәжірибелік білімі мен біліктілігін жетілдіріп, бұл диагностикалық технологиялардың барлық техникалық және технологиялық ережелерін толық меңгеруі қажет. Әрине, кардиологиялық жаңа зерттеу технологияларына арнайы дайындықтан өтіп, даярланған мамандар ғана жіберілуі керек және білімдерін үнемі жетілдіріп, жаңартып отыруы қажет.

Сондықтан, бұл дәрігерлер, дәстүрлі кардиологиядан тәжірибесінің жеткіліктілігіне қарамастан, жаңа технологияның күрделігіне байланысты, арнайы білім жетілдіру циклдарын өтіп, техникасын толық меңгеріп, машықтануы қажет. Бүгінгі таңда инновациялық кардиологиядан білім жетілдіру оқу циклдарында тыңдаушыларға теориялық білім берумен қатар, тәжірибелік техникалық дағдылануында жаңа инновациялық технологиялар қолданылады. Бұнда мамандарды даярлау, оқыту үрдісі бірізділік тұрғыда, сатылап, теориялық дайындықтан кейін қарапайым тәсілдерден күрделісіне қарай, симмуляциялық машықтануынан клиникалық дағдылануына дейін іске асырылады. Мысалы, бұл циклдарда тыңдаушылар алдымен тиісті дәрежеде теориялық білім алып, бұдан кейін жаңа диагностикалық аппаратурамен тәжірибелік жағдайда толық танысады, олардың қолдану ережелері мен технологиясын ұйғарады. Кардиология саласынан тыңдаушы стрессэхокардиография, тәуліктік холтер ЭКГ, қан қысымын тәуліктік зерттеу, ЭКГ мониторинг және т.б. машықтануы керек. Бұл оқыту сатысындағы мәселелер толық ұйғарылғаннан кейін, тыңдаушылар университеттің симмуляциялық орталығында кардиологиялық диагностикалық қондырғылармен тәжірибелік тренинг жасайды. Бұл кезде тыңдаушылар, алдында алған теориялық білімін іс жүзінде тәжірибелік симмуляциялық жағдайда орыңдап, қайта-қайта жаттығып, техникалық тәсілдерге машықтанады. Яғни, тыңдаушы кардиологтар жүректі зерттеу жаңа аппаратурада, диагностикалық кардиологиялық зерттеулердің әр техникалық сатысын өзі орындап жаттығады: ЭКГ және қан қысымына мониторинг жасау, т.б. Тыңдаушы әр техникалық дағдыны қайталап орындап, машықтануын тиісті дәрежеге дейін жеткізуі керек. Ол үшін оқу үрдісінің едәуір бөлігі, әсіресе тыңдаушылардың өзіндік жұмысының сағат көлемі симмуляциялық дағдылануына беріледі.

Тыңдаушылардың тәжірибелік дайындығының келесі сатысы клиникалық база жағдайында арнайы жүрек ауруларын зерттеу кабинеттерінде, бөлімшелерінде жүргізіледі. Бұнда олар қоңдырғыны зерттеу алдындағы монтаждауына, аппаратураны тексеріп даярлауына, ЭКГ бөлмесінде және функционалды зерттеу кабинеттерінде зерттеулерді өткізуге қатынасып, тікелей тәжірибелік жұмысқа араласады. Әлбетте, бұл оқыту сатысының қарқындылығы мен сапасын арттыру үшін, топтағы тыңдаушылардың саны ықшам болу керек немесе кафедра бірнеше клиникалық базалармен жабдықталуы қажет және оқу жоспары мен үрдісі клиникалық базаның тәжірибелік жұмысына сәйкестендіріледі. Тыңдаушылардың тәжірибелік диагностикалық дағдылануы бұл жағдайда жекешелендіріліп, бір топтан екі ықшам топ құрастырылады да (екі адамнан), олар екі кабинетке бөлініп жіберіледі. Бұл жағдайда, әрине кафедрада кардиологиялық аппаратурамен қамтылған бірнеше клиникалық базасы болу керек. Яғни тыңдаушылардың жаңа технологияны қарқынды және сапалы түрде ұйғаруы, клиникалық базалардың мүмкіншілігіне де байланысты, неғұрлым бұл зерттеулердің саны көп болса, солғұрлым тыңдаушылар оларға жиі қатысып, машықтануы нәтижелі болады. Кардиологиялық технологияларды меңгеру сатысындағы тыңдаушылар ЭКГ қағазшалары мен арнайы атластар, компъютерлі бейнеқорлар жинастырып, сарапқа салуы керек. Әр тәжірибелік сабақ үстінде, семинарларда тақырыптарына сай бұл демонстрациялық көрнекті материалдар көрсетіліп, зерттеулердің технологиясы мен нәтижелері сарапталады, әр күрделі клиникалық жағдайлар талдауға салынады. Тыңдаушының өзіндік жұмысының да едәуір көлемі мен тақырыптары бейнелік презентация жасалуына, фильмдер жинастыруына арналады. Яғни, әр тыңдаушы осы оқыту кезінен бастап өзінің жекеше көрнекті материал жинағын құрастырады (ЭКГ қағазшалар, компъютерлі бейнеқорлар), ал цикл аяқталғанына қарамастан, кейін олар осы материал негізінде өзін - өзі оқыту үрдісін жалғастыра береді.

Сонымен қатар, оқу циклдарына қатысқан тыңдаушы кардиологтар кардиологияның жаңа жетістіктерімен танысып білу үшін, университет басшылығы жүйелі түрде ұйымдастырып отыратын визитинг профессорлардың дәрістеріне, семинарларына және мастер класстарына белсенді түрде үнемі қатыстырылып отырады. Бұнда олар кардиологияның инновациялық технологияларымен және техникалық жаңа тәсілдермен танысып, білімін жетілдіріп отырады. Циклды өтуі кезінде Алматы қаласының басқа да медициналық мекемелерінде және ғылыми орталықтарында ұйымдастырылып жатқан съездер, симпозиум және мастер класстарға да қатынасып, бағдарламаларымен танысады.

Әрине, жоғарыда көрсетілген мәселелерді толық және сапалы түрде атқару үшін, оқыту циклының жоспарланған сағат көлемі топтағы тыңдаушылар құрамының тәжірибелік дәрежесіне сәйкес болуы керек. Мысалы, тәжірибелік дәрігер кардиологиялық жаңа зерттеу технологиясының негіздерін алғашқы рет меңгеріп отырған жағдайда, оқыту циклының жоспары мен бағдарламасы толық көлемде өтілуі қажет, ал кардиологиядан тәжірибесі болып, білімін жетілдіріп отырған дәрігердін оқыту жүктемесі бұдан кем де болуы мүмкін, яғни 216 немесе 108 сағат. Бұл оқу жоспары, жаңа мемлекеттік стандарттың талаптарына сай, бір мезгілді немесе бірте - бірте кезеңмен, оқыту сағатын жинастыру негізінде іске асырылуы да мүмкін.

Оқыту циклының қорытынды нәтижелері теориялық тұрғыдан тест бақылауы арқылы, ал тәжірибелік машықтануы симмуляциялық орталықта кардиологиялық қондырғыларында, арнайы аппаратурада жаттығуларды орындау немесе ситуациялық есеп шығару арқылы өтеледі. Бұл оқу циклының тесттік бақылауының тапсырмалары да көрнекті демонстративті материалдан құрастырылуы керек, яғни тесттік тапсырманың құрамында кардиологиялық қондырғының элементтері, аппаратураны қолдану техникасының ерекшеліктеріне байланысты сүреттер, схемалар мен бейнекадрлар болуы керек. Бұндай жағдайда қорытынды бақылау кардиологиялық тәжірибелік үдеріске жақындатылып, тыңдаушылардың біліктілігі мен білгерлігін нақтылы анықтауға мүмкіншілік береді.

Сонымен, тәжірибелік денсаулық сақтау мекемелерінде кардиологиялық қондырғыларын кеңінен енгізуіне байланысты, бұл күрделі диагностикалық технологияларды тиісті дәрежеде меңгерген кардиологтарды даярлау қажеттілігі де туындап отыр. Біздің кафедраның жоғарыда айтылған тәжірибесіне сүйене отырып, кардиолог мамандарын даярлау ісінде оңды нәтижеге жетуге болады.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Андрющенко, И. В. Инновационные обучающие технологии на клинической кафедре / И. В. Андрющенко, Е. В. Малинина // Педагогика. – 2013. – № 3. – С. 56-58.
  2. Бухарина, Т. Внедрение инновационных технологий в педагогический процесс медвуза / Т. Бухарина // Врач. – 2011. – № 10. – С. 71-73.
  3. Евсевьева, М. Е. Инновационные подходы к преподаванию терапии на современном этапе: метод. рек / М. Е. Евсевьева. – Ставрополь: Изд-во СтГМА, 2009. – 11 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.