Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Суицидтік әрекеттермен қаралған жедел жәрдем  шақыртуларына сараптама жүргізу

«Суицид» латын тілінен алынған «қасақана өзін-өзі өлтіру» деген мағынаны білдіретін сөз.

Өкінішке орай, бұл термин қазір көп қолданатын сөзімізге айналды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) жақында таратқан мәліметтеріне сүйенсек, жылына миллионнан астам адам өзін-өзі өлтіреді екен. Бұл қайғылы құбылыс 2020 жылдарға қарай бір жарым есеге артады дейді мамандар.

Әлемде күніне орта есеппен 3000 адам өз еркімен өмірден өтеді екен. Егер жылына суицидтен бір миллиондай адам қайтыс болса, оның сегіз мыңы Қазақстандықтар. Егер бүкіл әлемде 40 секунд сайын бір адам өзіне қол жұмсаса, Қазақстанда әр сағат сайын бір адам өз еркімен өмірімен қоштасады екен.

Психолог мамандардың айтуынша, егер ер кісі өзіне қол жұмсауға бекінсе, көбінесе ісін аяқтайды деп есептейді. Ал әйел адамдар көбінесе мақсаты қол жұмсау емес, өзіне назар аударту немесе қоқан лоқы көрсету болып табылады екен. Сол себептен статиститка бойынша бір ер кісіге бес әйел кісінің өзіне қол жұмсауына тең келеді.

Көбінесе әйелдер, жас қыздар арасында таблеткалармен улану, қышқыл, сілтілік заттар ішке қабылдау жиі кездеседі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтер бойынша, Қазақстандық әйелдер арасындағы суицидтің көрсеткіші – 15 пен 24 жас аралығында 100 мың тұрғынға шаққанда 11,1 оқиғаны құрайды. Өткен жылдың көрсеткіштеріне сүйеніп облыстар бойынша айтатын болсақ, 29 жасқа дейінгі азаматтар арасында суицид оқилары Шығыс Қазақстан облысында жиі тіркелген (182 оқиға), одан кейінгі орында Қарағанды (154), Алматы (144), Оңтүстік Қазақстан (123), Ақмола (121) және Қостанай облыстары (101) тұр.

Көптеген зерттеулерге сүйенсек, жас өспірім қыз, жігіттер арасында суицидті жағдайлардың жиілеуі дүние жүзін алаңдатуда. Жасөспірімдердің мұндай әрекетке баруы жекелеген-отбасылық фактор (отбасылық кикілжіңдер, жақын адамының қазасы, сәтсіз махаббат, қамқорлықтың жеткіліксіздігі жалғыздық және т.б) басым орында. Мысалы, отбасылық жанжалдар (51,7 пайыз) жасөсірімдер мен жастар арасында өзін-өзі өлтіруге ең көп итермелейтін фактор, ал махаббатта жолы болмау мен құрдастарымен араздасу (14 пайыз), мектептегі жанжалдар мен отбасының әл-ауқатының төмендігі өзін-өзі өлтіруге сирек апарады екен.

Сонымен қатар толық емес немесе әлеуметтік жағынан нашар отбасыларында, авторитарлы тәрбие көріп отырған, әсіресе қамқорлықтағы немесе керісінше қамқорлыққа зәру балалар арасында суицидке ұшырау қаупі жоғары екендігіне тоқталды.

Білім және ғылым министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігі бірлесе отырып, 2012-2015 жылдарға арналған суцицидтердің алдын алу бойынша іс-шаралардың мекеме аралық жоспары әзірленіп, үкіметте қаралған.

Арнайы 10 – қыркүйек бүкіл дүниежүзілік суицидке қарсы күн болып жарияланған.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Ауруханаға дейінгі кезеңдегі суицидтік әрекеттермен қаралған науқастардың шақырту карталарына сараптама жүргізу.

Материалдар және зерттеу әдістері: Алматы қаласы бойынша 01 қаңтар 2012 жылдан 01 қаңтар 2013 жыл аралығында жедел медицининалық жәрдем станциясына суицидті әрекеттермен қаралған барлық шақырту карталарына ретроспективті, клиника-статистикалық талдау жасалды. Біріншілік материалдарды өңдеу соңғы статистикалық әдістер бойынша жүргізілді.

Шақыртуларды талдауға дәрігерлердің жазбалары, ЭКГ қағаздары, көрсетілген көмектің көлемі кірді. Ғылыми жоба жетекшісімен бірлесе отырып біздің топ бірнеше мектептердің 10-11 класс оқушыларына және Қ. Сатпаев атындағы политехникалық университеті 3 курс студенттері арасында суицид әрекетінен зардап шегу атты дәріс оқылып, дәріске қатысушылар арасында сауалнама жүргіздік. Барлығы 750 сауалнама алынды.

Талқылау мен зерттеудің нәтижесі:Жедел медициналық жәрдемге барлық криминальды жағдайлар бойынша шақыртулар саны 2012-2013 жылы 84150 құраған. Жедел медициналық жәрдемге барлық суицидті жағдайлармен қаралған науқастар жасына, жынысына қарай 8 жастан 50 жасқа дейін барлығы 2193 (2,6%) шақырту карталары зерттеліп, бұның жалпы 903 (41,2%)жасөспірімдер құрады. Оның ішінде 908 (41,4%), еркек, 1285 (58,6%) әйелдер. Суицид әрекеттермен қаралған науқастарды жасына, жынысына қарай бөлу төмендегі №1 кестеде берілген.

Кесте 1 - Суицид әрекеттермен қаралған науқастарды жасына, жынысына қарай бөлу

Жынысы

Науқастың жасы

8-18

19-28

29-38

39-48

барлығы

абс

%

абс

%

Абс

%

абс

%

 

Еркек

328

36,1

287

31,6

198

21,8

95

10,5

908-41,4%

Әйелдер

575

44,7

389

30,2

193

15,1

128

9,9

1285-58,6%

Барлығы

903

41,1

676

30,8

391

17,8

223

10,1

2193

Жоғарыда көрсетілген кестеден суицид әрекеттермен қаралған науқастар 8-28 жас аралығында жиі кездесетінін және жасы ұлғайған сайын оның жиілігі азая түсетінін көреміз. Сонымен қатар суицид әрекеттермен қаралған науқастар арасында еркектерге (41,4%) қарағанда, әйелдерде (58,6%) жиірек кездесетіні анықталды. Тағы да көңіл аударатын жәйт, 8-18 жас аралығында суицид әрекет еркектерге қарағанда әйелдерде 4 есе көп және жасы ұлғайған сайын бірдей жиілікте, ал 39-48 жастан асқанда әйелдерде бұл көрсеткіштің 128 (9,9%) азая түскенін байқауға болады.Суицидтік мақсатпен өз-өзіне қол жұмсаудың шақыртулар саны (72%) жаз, күз және көктем айларына сәйкес келеді. Мұның себебі мұндай әрекетке баруы жекелеген-отбасылық фактор-отбасылық кикілжіңдер, жақын адамының қазасы, құрдастарымен араздасу, сәтсіз махаббат, қамқорлықтың жеткіліксіздігі жалғыздық, жаздық емтиханның сәтсіз тапсырылуыжәне т.б.

Тәулік ішінде қаралған барлық суицид әрекеттер бойынша шақыртулардың көбісі 8-23 (60,9%) сағат арасында болған. Ал шақырту саны ең жиі болған уақыт 18-23 (35,5%) сағат аралығында, сонан соң шақыртулар жиілігі азайған. Бұл ерекшелікті осы уақыт ішінде науқастарда физикалық және психоэмоционалды белсенділіктің артуымен және таңертеңгі , күндізгі мезгілдерде стресстің көбірек болуымен байланыстыруға болады. Ал бұл факторлар аталған ауруларды дамытатын қауіп-қатерлердің бірі. Жалпы суицид әрекеттермен қаралған шақыртуларға ары қарай талдау жасасақ, жиі кездесетін уланулар (дәрі- дәрмектермен, сірке қышқылымен, керосинмен, аккумлятор сұйықтығымен) саны 1385 (63,2%) құраса, өз тамырын кесу әрекеті 458 (20,9%), асылу арқылы механикалық асфиксия 142 (6,5%), биіктіктен құлау 101 (4,6%), газбен әдейі улану 106 (4,8%), өзін-өзі өртеу 1 жағдайда кездесті.

Алматы қаласының жедел медициналық жәрдем беру станциясында бригадаларына арналған диагностикалық және клиникалық емдеу хаттамасына сәйкес 1939 (88,4%) науқастарға көмек көрсетілген.Бұл стандартқа диагностикалық критериилері мен (клиникалық, ЭКГ, аспапты), емдеу көлемі (асқазанды зонд арқылы жуу, наркотикалық және наркотикалық емес анальгетиктер, дезагреганттар, антикоагулянттар, β-адреноблокаторлар, оттегі терапиясы) енгізілген.

Ал жедел медициналық жәрдем бригадаларының көрсетілген көмегіне талдау жүргізсек, суицид әрекеттеріне барған 91,4% науқастардың асқазаны жууылған, 37%-да наркотикалық аналгетиктермен, ал 53% наркотикалық емес аналгетиктермен ауыру сезімін толық басқан, 27,1% жағдайда науқастарға улануға қарсы антидоттар енгізілген.Оттегін (медумат, ки-3, фаза-11 аппараттар арқылы) 71% науқастар қабылдаған.

Барлық суицид әрекеттермен 1937 (88,3%) науқастар аурухананың профильдік бөлімшелеріне тасымалданған. Ал 130 (5,9%) науқас әр-түрлі себептермен ауруханадан бас тартып, бұл науқастарға көмек көрсетіліп, арнайы психиатрлік дәрігерлерге тапсырылған. Жедел медициналық жәрдем дәрігері келгенге дейін 126 (5,7%) науқас өлімге ұшыраған.

Қорытынды.

  1. Жедел медициналық жәрдемге барлық суицидті жағдайлармен қаралған науқастар жасына, жынысына қарай 8 жастан 50 жасқа дейін барлығы 2193 (2,6%) науқас,оның жалпы 903 (41,2%) жасөспірімдер құрады. Оның ішінде 908 (41,4%), еркек, 1285 (58,6%) әйелдерді құрады.
  2. Жиірек уланулар (дәрі-дәрмектермен, сірке қышқылымен, керосинмен, аккумлятор сұйықтығымен) саны 1385 (63,2%) құраса, өз тамырын кесу әрекеті 458 (20,9%), асылу арқылы механикалық асфиксия 142 (6,5%), биіктіктен құлау 101 (4,6%), газбен әдейі улану 106 (4,8%), өзін-өзі өртеу 1 жағдайда кездескен.
  3. Алматы қаласының жедел медициналық жәрдем беру станциясында бригадаларына арналған диагностикалық және клиникалық емдеу хаттамасына сәйкес 1939 (88,4%) науқастарға көмек көрсетілген.

Суицид қатерін төмендетуде көңіл-күйдің дұрыстығы, әлеуметтік ортаға сіңісу, отбасы және достармен тығыз қарым-қатынасы, әрдайым жақындарыңмен бірге болып, бір-бірін бағалап, әрдайым түсіністікпен өмір сүре білу, өзін- өзі жоғары бағалау, дұрыс ортаның қалыптасуы өте маңызды. Сондықтан жастардың психикалық денсаулығын нығайту, ата-аналардың, мұғалімдердің, жалпы қауымдастықтың психологиялық мәдениетін көтеру осындай жағдайлардың алдын-алуда басты бағыттар болып табылады.

Сондықтан суицид әрекеттерімен тұрғындардың жедел медициналық жәрдемге қаралуына зерттеу жүргізу, оны ауруханаға дейінгі кезеңде анықтаудың сапасын көтеріп қана қоймай, оған дұрыс ем тағайындап, асқынулардың алдын алуға және өлім-жітімді төмендетуге ықпалын тигізеді.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Бек А. Методы работы с суицидальным пациентом // Журнал практической психологии и психоанализа. - 2003. - №1.
  2. Бердяев Н.А. О самоубийстве. - М.: Изд-во МГУ, 1992. - 23 с.
  3. Богоявленский Д.Д. Российские самоубийства и российские реформы // СоцИс. - 2002. - № 5. - С.76.
  4. Васильева О.С., Андрущенко И.Е. Психологические проблемы отношения к смерти у старшеклассников: теоретические и практические аспекты // Журнал практического психолога. - 2000. - № 3-4. - С.182-200.
  5. Исаев Д.С. Психология суицидального поведения. - Самара. 2000.
  6. Молтсбергер Дж. Опасность самоубийства: клиническая оценка и принятие решений // Журнал практической психологии и психоанализа. - 2003. - №1.
  7. Хендин Г. Психотерапия и самоубийство // Журнал практической психологии и психоанализа. - 2003. - №1. – С.95.
  8. Шустов Д.И. Аутоагрессия, суицид и алкоголизм. - М.: Когито-Центр, 2005. - 214 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.