Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Аив-инфекция және жүктілік

Осы мақалада АИВ-инфецирленген жүкті әйелдер үшін вирустың анадан балаға берілу жолдары, вирустың балаға берілу қаупін төмендетуге жағдай жасайтын терапия, вирустың берілуін күшейтетін факторлар қатары, босануды жүргізудің оңтайлы жолдары, босанғаннан кейінгі кезеңді жүргізу. Жұбайлардың бірі АИВ – инфицирленген болса, жүктілікті жоспарлау ерекшеліктері жайында жаңа технология. ҚР барлық облыстарындағы эпидемиологиялық жағдайды сипаттау, статистикалық мәліметтер қарастырылған.

  • АИВ-инфецирленген жүкті әйелдерге қажет ақпаратты толықтай жеткізу;
  • АИВ-инфецирленген әйелдердің жүктілік ағымын жүргізу ерекшеліктерімен таныстыру;
  • ҚР эпидемиологиялық жағдайды көрсету;

Зерттелуі.

  • АРВ терапиясын қабылдаған жағдайда АИВ инфекциясының балаға жұғу жиілігін анықтау;
  • Салыстырмалы түрде ҚР барлық облыстардың эпидемиологиялық статусын саралау;

Кіріспе.

Бүгінгі таңда антиретровирусты терапия әдістерін шыңдау АИВ-жағдайды түбегейлі өзгертті және АИВ-инфицирленген адамдардың өмір сүру сапасын жоғарылатты. Соңғы жаңалықтар бойынша АИВ-инфекциясы көптеген қолға алынған созылмалы аурулардың бірі ретінде қабылданды,бұл өз кезегінде АИВ-инфицирленген адамдарға толыққанды өмір сүруге, алға мақсат қоюға жағдай жасады.

Негізгі бөлім

АИВ- адамның иммунды жеткіліксіздік вирусы. Бұл вирус жыныстық қатынас арқылы, биологиялық сұйықтықтар арқылы және ана сүті арқылы беріледі. АИВ-инфекциясы анадан балаға берілуі мүмкін, алайда егер болашақ ана жүктілік кезінде антиретровирусты ем қабылдаған жағдайда вирустың нәрестеге өту қаупі айтарлықтай төмендейді, яғни АИВ жұқтырылған әйелден 98% сау бала, 2% инфецирленген бала туылуы мүмкін.

ЖИТС- бұл жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромы, яғни АИВ оң адамның иммунитет жүйесі төмендеу нәтижесінде пайда болған аурулардың комплексі. АИВ оң адамда АИВ-инфекциясын жұқтырғаннан кейін бірнеше айдан бірнеше жылға дейін (17 жыл) ЖИТС болмауы мүмкін, ол адамның ерекшелігіне, өмір сүру дәстүріне, антиретровирусты емді қабылдау- қабылдамауына байланысты.

АИВ-инфецирленген ана сәйкес ем қабылдамаған жағдайда ұрыққа мына жолдар арқылы берілуі мүмкін:

  • Жүктілік кезінде бала жолдасы арқылы
  • Босану кезінде биологиялық сұйықтықтар арқылы
  • Ана сүті арқылы

Егер сізде АИВ-инфекциясына тест оң болған жағдайда сіз жүктілік кезінде гинеколог маманымен қоса инфекционист дәрігерге қаралғаныңыз дұрыс. Дәрігер-инфекционист сізге антиретровирусты ем тағайындайды, бұл препараттар жүктілік кезінде және босану кезінде анадан балаға инфекцияның жұғу қаупін төмендетеді.

Есіңізде болсын, ем алу ешқашан кеш емес. Тіпті егер де сіз АИВ-инфецирленгеніңіз жайлы жүктілік кезінде немесе жүктіліктің соңғы апталарында білген жағдайда, міндетті тексерулерден уақытылы өтпеген жағдайда да интенсивті терапия әдістері бар екенін білгеніңіз жөн.

Өзіңізге және сәбиіңізге байланысты алдыңызға келген қиын мәселелерді шешу үшін сізге жақындарыңыздың қосымша қолдауы қажет болады. Босанудың жолдарын өзіңіздің дәрігеріңізбен кеңес алғаныңыз жөн, айта кету керек ең қауіпсіз босану жолы кесар тілігі болып табылады, себебі табиғи жолмен босанған жағдайда АИВ- инфекциясының берілуі 6,6% құраса, кесар тілігі арқылы босануда бұл көрсеткіш 1% құрайды. Алайда егер АИВ- инфекция емге жақсы көнген жағдайда табиғи жолдар арқылы босануды қарастыруға болады. Бірақ сізге табиғи жолмен болсын, кесар тілігі арқылы болсын, екі жағдайда да антиретровирусты емнің курсын өту керек.

Сонымен қатар вирустың балаға берілу қаупін мына жолмен де төмендетуге болады:

  • Егер кесар тілігі арқылы босандыру болып шешілген болса қағанақ қуығы жарылмастан бұрын жоспарлы түрде 38 аптада кесар тілігіне алу
  • Егер табиғи жолдар арқылы босандыру болып шешілсе қағанақ суының кетуі мен босану әрекетінің басталуы арасындағы уақытты минималды ету
  • Бала туылғанға дейін нәрестенің қанын мүмкіндігінше алмау
  • Қағанақ қуығын жаруды, ұзаққа созылған босануды, қажетсіз жарақаттауды болдырмау

Босанғаннан кейін акушерка баланың кіндігін кескен бойда нәрестені жуады, содан кейін сіздің балаңызға өмірінің алғашқы 4-6 аптасында антиретровирусты емнің курсын бастайды. Вирус ана сүті арқылы берілетін болғандықтан жасанды қоректендіру ең қауіпсіз нусқау болып табылады. Босануды жүргізудің әдістері:

  • табиғи жолмен босану, егер жатыр мойны ашылуы 4 см. жоғары болса, активті босану әрекеті басталса, сусыз кезең 4 саіаттан кем болса таңдалады.
  • Кесар тілігі арқылы босану, егер сусыз кезең 4 сағаттан көп болған жағдайда, босану әрекетінің әлсіздігінде, жатыр мойны ашылуы 4 см кем болған жағдайда таңдалады.
  • Қалған жағдайда акушерлік ситуацияға байланысты.

Егерде жұбайлардың бірі АИВ - инфицирленген болса, жүктілікті толық жоспарлау қажет. Кейбір отбасылар инфекцияның анадан балаға берілуінің барынша алдын алу үшін экстра корпоральді ұрықтандыру, шәуетті (сперманы) тазарту, донорлық шәуетті қолдану сияқты қосымша репродуктивті технологияларды қолданады.

Емді қабылдау және уықытылы инфекционистке қаралу өте маңызды. Дәрігер инфекцонист әйелдің денсаулық жағдайына қарай АРВ - терапияны қабылдаудың мейлінше сәйкес схемасын анықтайды. Содан кейін АРВ- профилактиканың эффективтілігін, жанама әсерлерін, тағайындалған емге әйелдің ұқыптылығын қадағалайды. Әйел диспансерлік тіркеуге алынады. Зерттеу жоспары:

  • СД4 лимфоциттерді анықтау
  • вирустық жүктемені анықтау
  • жалпы және биохимиялық қан талдауы

Бұл зертеулер иммундық жүйенің жағдайын анықтау үшін, терапияның эффективтілігін көру үшін, дәрінің жанама әсерін бағалау үшін жасалады.

Босанғаннан кейін АИВ - инфицирленген анадан туылған балаларға профилактикалық жүргізілу-жүргізілмеуіне қарамастан барлығына АИВ-профилактикакесте бойынша жасалады.

АИВ-инфицирленген балаларды зерттеу:

  • Преципиттаты тізбекті реакция 2-4 айлық кезінде
  • Иммунды ферментті талдау 9,12,15 және 18 айлық кезінде Нәрестенің вакцинациясы туралы шешімді неонатологпен және инфекционистпен бірге эпидемиологиялық жағдайға және баланың клинико-иммунологиялық көрсеткішіне қарай қабылдайды.

Еске салу керек, АИВ-инфецирленген анадан туылған баланың қанында 1,5 жасқа дейін анасының антиденелері болады, сондықтан нәрестеде талдау нәтижесі оң болған жағдайда да сәбидің инфицирленуі жайлы айтуға болмайды.

Дегенімен, кез-келген АИВ-инфицирленген анаға жүктілік алдында барлық мәселелерді ой елегінен өткізіп, сәйкес мамандардан кеңес алғаннан кейін жүктілікті жоспарлау керек. Барлық алдын-алу шараларын жүргізгенімен де аз да болсын АИВ-инфекциясын болашақ нәрестегежұқтыру қаупі бар. Кейбір АИВ-инфицирленген аналардың жүрегіне қаяу болып жүрген мәселелердің бірі бала дені сау болып туғанымен жасөспірімдік шаққа жеткенше жетім болып қалуы, сондықтан жүкті болғысы келетін АИВ- инфицирленген ананың өзі шешім қабылдауы маңызды. АИВ-ке қарсы ем қабылдап жүрген әйелдердің көбісі жүктілікке дейін немесе жүкті екенін білгеннен бастап емді токқтатқысы келеді, осы сұрақтар жайлы медициналық персоналмен жеке сөйлесіп бір шешімге келгені абзал. Негізінен әйел ем курсын жалғастығаны әбден дұрыс. Егер емді тоқтатқан жағдайда вирустық жүктеме қайтадан жоғарылап кету қаупі бар, ал бұл АИВ-тің анадан балаға берілу қаупін жоғарылатуы мүмкін. Антиретровирусты терапияның бір ғана жанама әсері уақытынан ерте босануды шақыруы мүмкін.

Сайып келгенде, АИВ-инфекциясының анадан балаға берілуін түбегейлі жоққа шығаруға болмайды,оған мынадай факторлар әсер етеді:

  • анасының жоғары вирустық жүктемесі (анасының қанындағы вирустың саны);
  • анасының бейтараптаушы антиденелері (аналық антиденелер ұрықта АИВ-ті белсендіруі мүмкін);
  • плацентарлық мембрананың қабынуы (вирустың енуін тоқтата алмауы мүмкін);
  • босану кезіндегі жағдай (дұрыс орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын сылынуы, акушерлік қысқыштарды салу кезінде баланың терісін зақымдау);
  • нашақорлық ( жүктілік кезінде ортақ шприцті қолдану);
  • басқа инфекционды аурулар (басқа инфекциалар әйелдің иммундық жүйесін төмендету арқылы АИВ-инфекциясының балаға өту қаупін жоғарылатады);

ҚР барлық облыстарда 1986 жылдан бері өсіп келе жатқан санақ және жекеше 2013 жылғы 12 ай бойынша АИВ- инфецирленген жүкті әйелдердің санағы, жүктілік барысында алғаш анықталғандар, барлық АИВ оң жүкті әйелдер, соның ішінде әрбір жүктіліктің немен аяқталғаны жайлы мәліметтерді 1- кестеден келтірілген.

Кесте 1 - АИВ-инфекциясымен жүкті әйелдер 2013 жылғы 12 ай бойынша және өсіп келе жатқан нәтиже 31.12.2013 дейін

Облыстар

2013 жылғы 12 ай бойынша

өсіп келе жатқан нәтиже 31.12.2013 дейін

Алғаш АИВ+ анықтал ғандар

Барлық жүктілік

Жүктіліктің аяқталуы

Алғаш АИВ+ анықтал ғандар

Барлық жүктілік

Жүктіліктің аяқталуы

босану

аборт

босану

аборт

Ақмола

8

13

6

3

49

67

30

28

Ақтөбе

9

11

6

5

39

57

27

27

Алматы

52

68

55

11

222

286

216

60

Атырау

9

11

6

4

29

41

23

15

Шығыс Қазақстан

39

66

33

28

238

315

154

137

Жамбыл

11

13

11

2

64

80

69

11

Батыс Қазақстан

6

12

6

6

69

93

55

34

Қарағанды

42

60

45

22

412

569

324

227

Қостанай

23

36

21

17

173

240

133

102

Қызылорда

2

3

1

0

8

10

3

5

Маңғыстау

3

5

2

1

12

17

13

2

Павлодар

31

51

18

22

307

474

216

244

Солтүстік

Қазақстан

9

19

13

7

76

95

46

46

Оңтүстік

Қазақстан

40

^48

^^43

40

317

422

323

¯¯82

Алматы қаласы

53 ¯

88

56

26

411

567

322

200

Астана қаласы

12

20

12

5

82

110

57

41

Барлығы

339

524

334

160

2509

3443

2011

1261

ҚР барлық облыстарда 1986 жылдан бері өсіп келе жатқан жайлы мәліметтерді 1- кестеден келтірілген. Өсіп келе санақ және жекеше 2013 жылғы 12 ай бойынша АИВ- жатқан нәтижеге кіретін тіркеуден шыққан, АИВ-инфекция инфецирленген жүкті әйелдерден туылған балалар санағы, диагнозымен туылған, ретроспективті анықталған балалар санағы және қайтыс болғандар, жаңадан тіркелгендер, жайлы мәліметтерді 2-кестеде ұсынылған.

тіркеуден шыққандар, тіркеуде тұрған балалар санағы

Кесте 2 - АИВ-инфецирленген аналардан туылған балалар 2013 жылғы 12 ай бойынша және өсіп келе жатқан нәтиже 31.12.2013
дейін

Облыстар

2013

жылғы

12 айға

Өсіп келе жатқан нәтиже 31.12.2013 дейін

Туылған балалар

Осы көрсеткішке кіреді

Тіркеуден шыққандар

АИВ-инфекция диагнозымен

Қайтыс боллғандар

Келгендер

Шыққандар

Тіркеуде тұрғандар

Туылған балалар санының ішінен

Ретро-спек- тивті анық- талған- дар

Ақмола

6

30 ~

25 ~~

1

0

1

6

2

7

Ақтөбе

6

26

18

1

1

2

0

0

5

Алматы

55

216

131

13

16

9

31

22

72

Атырау

6

23

14

0

0

0

0

4

5

Шығыс

Қазақстан

33

152

97

5

3

4

4

2

48

Жамбыл

11

69 ~

44

4

8

4

5

8

14

Батыс

Қазақстан

4

52

42

2

1

1

0

0

7

Қарағанды

43

322 ~

235

21

11

7

8

12

55 ¯¯

Қостанай

21

133

89

7

6

6

3

11

23

Қызылорда

1

3

2

0

0

0

0

0

1

Маңғыстау

2

13

8

1

0

2

0

0

2

Павлодар

18

217

174

4

3

4

4

13

26

Солтүстік Қазақстан

12

45

29

3

1

0

1

2

12

Оңтүстік Қазақстан

¯43

318

242

¯Ĩ5

¯¯8

¯7

Чô

Алматы қаласы

¯И

314

194

ц

ц

¯б

ц

Чã

¯Ц

Астана

қаласы

42

~57

¯33

~3

~2

4

^4

40

44

Барлығы

330

1990 ~

1377

93

84

63

89

136

410

Қазақстан Республикасы бойынша 2013 жыдың 12айында АИВ-инфецирленген жүкті әйелдердің санағы (сүрет 1) тіркелген

Сүрет 1

Қорытынды.

Қорытынды шешім:

  • 2013 жылғы 12айға ҚР бойынша АИВинфецирленген барлық жүкті әйелдер санынан алғаш АИВ+ анықталғандар 65% құрайды, осы нәтижеге кіретін санақ Алматы қаласында жаңадан АИВ+ анықталғандар үлесі 10%;
  • 2013 жылғы 12айда ҚР бойынша АИВинфецирленген жүкті әйелдер санынан ең жоғары нәтиже Алматы қаласында эпидемиологиялық статус 16,8% көрсетіп отыр;
  • ҚР өсіп келе жатқан нәтиже АИВ-инфекция диагнозымен туылған балалар 9%, яғни АИВ инфецирленген әйелдерден туылған барлық бала аздаған мөлшерінде ғана осы диагноз анықталғанын көруге болады ;
  • ҚР бойынша өсіп келе жатқан нәтиже АИВ инфецирленген әйелдерден туылған барлық баланың тіркеуден шыққаны 69%;

Жоғарыда келтірілген мәліметтерде сіздің ойда жүрген сауалдарыңызға жауап табылды деп ойлаймыз. Енді сіз

 

жүкті болуды жоспарлап жүрген болсаңыз барынша оңтайлы шешім қабылдауыңызға тілектеспіз. Жүктілік қалаулы болуы тиіс. Егер сіз қазір жүкті болсаңыз АИВ- инфекциясы жүктілікті үзуге көрсеткіш емес.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. 2013 жыл бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің АИТВ Республикалық орталығының статистикалық көрсеткіштері
  2. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 18.04.2012 ж. №272 бұйрығы «Қазақстан Республикасында АИВ-инфекциясының анадан балаға берілуінің алдын алу туралы»
  3. 03.11.2011ж. ҚР басқармасының №1280 қарары «Азаматтардың АИВ-инфекциясына көрсеткіштері бойынша клиникалық және эпидемиологиялық медициналық тексерілу ережелері туралы»

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.