Қазақстанның медициналық құрал-жабдықтар нарығындағы ерекшеліктер кәсіпорындар мен фирмалардың, компаниялардың арасында бәсекелестік күшейіп тұрған кезеңде өндірістердің ықпалдасу, мамандану және шоғырлану үдерісінің дамып жатқандығын айғақтайды.
Кіріспе: Денсаулық сақтауда мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып медициналық мекемелерді заманауй емдеу-профилактикалық және диагностикалық жабдықтармен қамтамассыз етуге қолайлы жағдай жасау. Бұл қиын мәселені медициналық жабдық нарығының тиімді қызметі орындауға міндеттелген. Зерттеу барысында жоғарыда айтылған нарық жаңа экономикалық қарым- қатынас құру жағдайында елдегі тұрақты дамушы шаруашылық кешен звеносы болып табылатындығы көрінді. Онда жаңа меншік және бақталастық түрлері бекітілді,шаруашылық субъектілерінің саны артты,шығарылатын өнім ассортименті және көлемі артты. Қазақстанның медициналық құрал-жабдықтар нарығындағы ерекшеліктер кәсіпорындар мен фирмалардың, компаниялардың арасында бәсекелестік күшейіп тұрған кезеңде өндірістердің ықпалдасу, мамандану және шоғырлану үдерісінің дамып жатқандығын айғақтайды
Бұл нарыққа тән ерекшелік онда шетелдік капитал мен көлемі артушы шетелдік өнімнің болуы. Қазіргі таңда медициналық жабдықтардың сатылу көлемі 65%:35% қатынасында,импорттық тауарлар пайдасына болып отыр.Елдегі көптеген өнісдірістердегі ұлттық медициналық жабдықтар өнімі көлемінің төмендеуі импорттық заттар көлемінің артуымен жүрді.Әсіресе ТМД елдерінде өндірілген жабдықтарды жеткізу артты.
Қазіргі таңда Қазақстандық медициналық техникалар нарығы импорттық өнімдердің басымдылығымен сипатталады.Мемлекетте өндірілетін аз көлемдегі медициналық жабдықтар дүние жүзілік заманауй медициналық техникалар нарығында кездесетін ең қарапайым варианттардан тұрады.
Қазақстан бүкіл халықаралық стандарттар сапасына жауап беретін жоғары технологиялық аппараттарды шетелден алып келеді.Медициналық техникалардың шетелден жеткізілу көлемінің артқаны байқалады. Жылына өсім 2-6% құрады. Қазақстан нарығына медициналық техникаларды негізгі тасымалдаушылар Германия,Ресей,АҚШ және Жапон өндірушілері.2012 жылдың бірінші жартысында медициналық техника тасымалдаушыларының ішінде алғашқы орындарда Германия (31%), Қытайлық ( 1% дан 7%), чешских (с 0,7% до 2,1%), австрийских, бельгийских компаний (с 0,3% до 2%).
Инновациондық технологиялардың тасымалдануындағы мәселелердің бірі өте қымбат және заманауй жабдықтарды қолдану,монтаж бойынша мамандардың жетіспеуі болып табылады.
Ұлттық өндірістің көлемі жоғарыда айтылғандай өте төмен.Республика территориясында медициналық техникаларды өндіретін 80-нен астам компаниялар тіркелген,олардың айналымы өте төмен.
Медициналық жабдықтардың техникалық қызметі қызмет көрсету кепілдік мерзімі аяқталғаннан кейін медициналық техника нарығында орын алатын бірнеше біріккен сервистермен ұсынылған:ТОО «Медсервис», «Медикуссервис», «Восток», АО «Медтехника», «Медремзавод».
Медициналық жабдық жағдайы және оларды сатып алу мен өндірілуіне бағытталған мемлекеттік бюджет және бюджеттен тыс қолданылатын қаржылық көздер жетіспейді . Емдеу-профилактикалық мекемелердегі медициналық жабдықтар өте ескі деңгеймен сипатталады,қолданылуда 50% жоғары табиғи тозған және моральді ескірген медициналық техникалар. Кейбір приборлар және аппараттар қатары 20 жылдан бері қолданыста,олар өз қорларын шығарған,науқастарға тиімді ем және тексерудің жоғары сапасына кепілдік бере алмайтындай моральді ескірген .
Сонымен қатар заманауй медицинаның көптеген бағыттары жоғары технологиялық жабдықталуды және медициналық ұйымдарды қамтамассыз етуді талап етеді. Медициналық жабдықтардың отандық тасымалдаушыларының және сервистік қызмет көрсетудің дамуының өзекті мәселесі. Нормативтік-құқықтық базаны дамытуды қажет етеді, стандарттарды дайындау қажет.
Сонымен жүргізілген талдау медициналық ұйымдарда ресурстық қамтамассыз ету сапасын басқарудың (техникалық және техниологиялық жабдықтау)жаңа жолдарын жасау ,медициналық техниканмен қамтамассыз етудің халықаралық стандарттарын еңгізу қажеттілігін анықтады.
Кесте 1 - 01.01.2013 жылда медициналық техникалардың жеткізілу дәрежесі
Мемлекеттер |
2002 г |
2010г |
Ауытқу (+), ( J |
Себептері |
Германия |
25,0 |
31,0 ~ |
+6,0 |
Жоғарғы технологиялар өсімі |
Ресей |
25,0 |
30,0 |
+5,0 |
Жоғарғы технологиялар өсімі |
АҚШ |
25,3 |
19,9 |
-5,4 |
Инновациялық шығарылымдардың төмендеуі |
Жапония |
23,0 |
“60 |
-17,0 |
Европалық нарыққа арналған жаңа технологиялардың өсімі |
Қытай |
1,0 |
7,0 ~ |
+6,0 |
Жоғарғы технологиялар өсімі |
Чехия |
0,7 |
2,1 |
+1,4 |
Жоғарғы технологиялар өсімі |
Австрия |
0,3 |
2,0 |
+1,7 |
Жоғарғы технологиялар өсімі |
Бельгия |
0,3 |
2,0 |
+1,6 |
Жоғарғы технологиялар өсімі |
Қазақстан |
0,01 |
0,01 |
- |
Жоғарғы технологиялар өсімі |
Барлығы: |
100,0 |
100,0 |
- |
Қорытынды: Берілген кестеден инновациондық жабдықтар аймағы нарығында негізгі үлесті алатын осы
техникалардың негізгі тасымалдаушылары дамыған елдер мемлекеттер. Сонымен қатар Қазақстан нарығындағы
болып табылатынын байқаймыз. ҚР медициналық жабдықтардың негізгі түрлері болып
УЗИ,Рентгенаппаратуралары,Компютерлік жабдықтар өсімі көрнекі бақылансада барлық жабдықтар
томографтар,Магниторезонансты томографтар,яғни диагностиканы ғана құрайды.
диагностикалық жабдықтар болып табылады.Медициналық
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Исаев Д.С., Игликова А.Э., Сманов К.Д. К моделированию процессов ресурсного обеспечения медицинской помощи // Съезд врачей. – М.: 2009. – С. 45-48.
- Исаев Д.С., Третьякова С.Н., Надиров Ж.К., Игликова А.Э. Системный подход в оценке ресурсного обеспечения медицинских организаций // Социальные и гуманитарные науки. – Бишкек: 2010. – № 1-2. – С. 212–214.
- Сманов К.Д., Нурмухамбетова С.И., Надиров Ж.К., Исаев Д.С., Третьякова С.Н. Методология оценки процессов стабилизации и развития ресурсного обеспечения меди цинских организаций // Педиатрия и детская хирургия. – Алматы: 2011. – №1. – С. 50– 51.
- Аканов А.А., Девятко В.Н., Кульжанов М.К. Общественное здравоохранение в Казахстане:концепии,проблемы и перспективы. - Алматы:2001. – 101 с.
- Казхстан и мировой опыт рыночной трансформации. - Алматы: 2009. – 49 с.