Қазақсатан Республикасы Алматы облысы Қарасай ауданындағыауыл тұрғындарының денсаулық жағдайы мен тамақтануын озіндік бағалауын зерттеу болып табылды.
Зерттеу әдісі: Қазақстан Республикасының 18 жастан 66 жасқа дейінгі аралықтағы 600 ауыл тұрғындарынан сауалнама жүргізілді.
Алынған нәтижелер: ауыл тұрғындары өзініңтамақтану дәрежесін «жақсы» және «жеткілікті түрде жақсы» деп бағалайды. Әйтседе, өз тамақтануына көңілі толмайтындардың үлесі де аз емес. Алынған сауалнаманың нәтижесі тұрғындардың өз денсаулығын бағалауы мен жасқа байланысты тамақтануы арасындағы байланысты анықтады: жас ұлғая келе өз денсаулығына деген көзқарастың төмендеуі, бірақ тамақтануына деген көзқарастың жоғарылауы байқалады. Сонымен қатар денсаулық жағдайы мен тамақтанудың жынысқа байланысты екендігі заңдылық және жаңалық емес. Этникалық қатыстылықтың тамақтануды бағалаудағы әсері мардымсыз.
Кіріспе. Кеңес Одағы және одан кейінге кезеңдердеде ауыл тұрғындарының денсаулық жағдайын зерттеуге көп көңіл бөлінді *1, 2+. Көптеген жұмыстарда ауыл тұрғындарының денсаулық жағдайының ерекшеліктері көрсетіледі, оның қала тұрғындарының денсаулық жағдайымен салыстырмалы талдауы беріледі, Кеңес Республикалары, соның ішінде Қазақстандағы ауыл тұрғындарының денсаулық жағдайы мен тамақтануының нашарлауының себептері мен факторлары көрсетіледі*3- 12].
Тамақтану және денсаулық мәселесі арқашанда өзекті. Тұрғындардың әртүрлі топтарының тамақтану дәрежесін зерттеу бойынша біршама жұмыстар басылып шығарылған. Бұл жұмыстарда ағзаның қайсыбір жүйесін сипаттайтын жеке көрсеткіштер мен әртүрлі әдістер тамақтану дәрежесін бағалау үшін қолданылады *13+. Тұрғындардың тамақтануын субъективті бағалау тұрғындардың денсаулық жағдайы мониторингісінің кең таралған құралы болып табылады.
Жұмыстың мақсатыҚазақстан Республикасы Алматы облысы Қарасай ауданындағы ауыл тұрғындарының денсаулық жағдайы мен тамақтануын субъективті бағалау болып табылады.
Зерттеу құралдары мен әдістері.Қазақстан Республикасы Алматы облысы Қарасай ауданындағы 18 жастан 66 жасқа дейінгі аралықтағы 600 ауыл тұрғындарынан сауалнама жүргізілді. Салыстырмалы талдау мүмкіншілігі үшін стратификация әдісіжас және басқада белгілері бойынша алынған топтардыңсандық көлемін жуық етіп таңдауға мүмкіндік берді.
Сапалы зерттеу әдістері (тұрғындарға толықтай сауалнама жүргізу, сұхбаттасу, фокус-топтар), аналитикалық әдістер (экономикалық және демографиялық көрсеткіштерді талдау) қолданыс тапты. Тұрғындардан сұрастыру мақсатында, жанұяның демографиялық көрінісі, өз денсаулығын бағалау және тамақтануы сияқты әлеуметтік-гигиеналық аспектілерді қамтитын 50-ден аса сұрақтан тұратын сауалнама қолданылды.
Сұхбаткерлердің құрамы біркелкі емес: еркектер- 47%, әйелдер 52%-дан жоғары. Сұрастырылған адамдар, саны шамаман бірдей (98-ден 105-ке дейін) 6 жас тобын құрады.
Этникалық қатыстығына байланысты сұхбаткерлер 4 үлкен этникалық топқа бөлінді: қазақтар (22%), орыстар (19,2%), ұйғырлар (18,3%) және түріктер (17,7%). Басқа этникалық топтар (22,9%) құрады.
Әр 13-ші сұрастырылған адам жоғары маман иесі, ауыл тұрғындарының 42% орта білімді, тұрғындардың 43% арнайы орта маман иесіболды, 7%-дан сәл жоғарысы орта мектепті бітірмеген.
Зерттеулерден алынған мәліметтер стандартты статистикалық бағдарлама пакеттерін (SPSS 16.0)қолдану арқылы өнделген. Сапалық көрсеткшітерСҺІ-square (χ2) бейпараметрлік статистика әдісімен зерттелді.
Алынған нәтижелер. Ауыл жанұясынын әлеуметтік- экономикалық сипаттамасы кесте 1 көрсетілген.
Кесте 1 - Сұхбаткерлерді әлеуметтік-экономикалық сипаттамасы бойынша бөлу.
Әлеуметтік-экономикалық сипаттама |
Абс. саны |
% |
Отбасыжағдайы |
||
Үйленген/тұрмыс құрған |
414 |
69 |
Әйелі өлген/жесір |
16 |
2,67 |
Ажырасқан |
48 |
8 |
Ешқашан неке қимаған |
122 |
20,33 |
Жанұя құрамы |
||
Отбасы мүшелерінің орта саны |
4,3±2,4 |
|
Балалардың орта саны (0-18 жас) |
1,11±1,0 |
|
Зейнеткерлік жастағы отбасы мүшелерінің орта саны |
0,38±0,21 |
|
Отбасының бір айдағы орта табысы, теңге |
78526,67±6508,90 |
|
Әр отбасы мүшесіне орта табыс, теңге |
22052,91±3650,50 |
|
Жұмыс орны |
||
Ферма жұмысшылары |
94 |
15,67 |
Ауылдың әлеуметтік сала мекемелерінде |
36 |
6 |
Басқада мекемелерде |
402 |
67 |
Жұмыссыз |
68 |
11,33 |
Сұхбаткерлердің 69% отбасы құрғандар, 20%- ешқашан неке құрмаған, 3%-ға жуығы жесір, 8%- ажырасқан. Сұрастыруға сәйкес, ауыл отбасы 4,3 мүшеден тұрады, оның ішінде бір бала 18 жаста. Орта есеппен бес жанұяның екеуінде зейнеткер тұрады. Айына жанұяның орта табысы 78 мың теңгені құрады, әр жанға орта есеппен 22 мың теңге.
Сұхбаткерлердің 16% ферма жұмысшылары, 6% әлеуметтік сала мекемелерінде, 67% ауылдың басқада әртүрлі мекемелерінде жұмыс жасайды, 11%-дан сәл астамы жұмыссыз.
Тамақтанудың субъективті бағасы. Тұрғындардан жүргізілген сұрастыру, жалпы, ауыл тұрғындарының өз тамақтануына деген көзқарасының «жеткілікті түрде жақсы» (51,7%) және «жақсы»(19,3%) екендігін көрсетті. Өз тамақтануын «өте жақсы» деп сұхбаткерелердің 8% бағалады. 20%-дан сәл астамы, яғни әр бесінші сұхбаткер өз тамақтануын «нашар» (17,2%) және «өте нашар» (3,3%) деп бағалады.
Кесте 2 - Алматы облысының ауыл аймақтарындағы сұхбаткерлерінің тамақтануына субъективті бағасы.
Тамақтанудың субъективті бағасы |
Абс. саны |
%-дық үлесі |
Өте жақсы |
51 |
8,5 |
Жақсы |
116 |
19,3 |
Жеткілікті түрде жақсы |
310 |
51,7 |
Нашар |
103 |
17,2 |
Өте нашар |
20 |
3,3 |
Барлығы: |
600 |
100 |
Әртүрлі жыныс топтарынан алынған жауаптарды салыстырған кезде,өз тамақтануын субъективті бағалауда жағымсыз деп санайтын еркектер екендігі анықталды. Әйелдер арасында өз тамақтануын «өте нашар» деп бағалайтындар кездеспеді, еркектерде 7%. Тамақтануын «нашар» деп 19% еркек, және небары 15,5% әйелдер бағалады. «Жеткілікті түрде жақсы» деп әйелдердің 55%, ал еркектер арасында 47,5% есептейді. Сонымен қатар «жақсы» және «өте жақсы» деп бағалайтындар 26,4% еркек, 29,1% әйел.
Тамақтануды субъективті бағалаудағы жыныстық ерекшелік, әйелдердің еркектермен салыстырғанда, өз тамақтануына көп көңіл бөлуімен, тамақтану тәртібін дұрыс ұйымдастыра алуымен, білімінің молдылығымен түсіндіріледі, себебі еркектердің тамақтану жиілігін қарастырған кезде тамақтануды ұйымдастыру тәртібінің әйелдерге қарағанда төмендігі байқалады.
Тәулігіне 2 реттен төмен тамақтанатын еркектердің үлесі әйелдерге қарағанда 2 есе жоғары. Сонымен қатар, еркектердің 42,6% күніне 3 рет тамақтанатын болса, әйелдер арасында бұл көрсеткіш 49,3%.
Тамақтануды субъективті бағалау бойынша алынған жауаптардың талдауы сұхбаткерлердің жасына байланысты еместігін көрсетті. Тамақтануды «өте жақсы» деп бағалайтындар үлесі жас ұлғая келе төмендейді, яғни 18-20 және 21-30 жас топтарында 15,3%-дан 61-66 жас топтарында 0 дейін. Бірақ «жақсы» деген жауаптың көп бөлігі 61-66 жастағы (41,8%) сұхбаткерлерге тиесілі болса, одан кейін 18-20 жас топтары (31,6%), ал басқа жас топтарында бұл жауапты сұхбаркерлердің аз бөлігі-9,5%-дан 12,2%-ға дейінгі бөлігі берді. «Жеткілікті түрде жақсы» деген ең танымал баға 51-60 аралығындағы жас топтарында, яғни - 75,5%-да, одан кейін 41-50 жас топтарында - 60,2% және 31-40 жастағыларда - 56,2%кездеседі; ең аз мөлшерде бұл жауаптыжас сұхбаткерлер - 38,8% берді.
«Нашар» деген бағаның ең көп мөлшері ересек кісілерге тиесілі - 36,7%, ал ең азы жас сұхбаткерлерге - 7,1%.Сонымен қатар өз тамақтануына «өте нашар» деген бағаны да ең жас сұхбаткерлер берді - 7,1%, ал егде адамдардың тобында мұндай бағаны ешкім берген жоқ. Өзінің тамақтануына мұндай жағымсыз субъективті баға жасы үлкен топтарда болжамды жағдай, өйткені бұл топтардағы сұхбакерлердің 27%-дан 49%-ға дейіні күніне 2 рет немесе оданда аз тамақтанатынын айтты. Сұраныстан алынған мәліметтерге сәйкес, ең жас топшада мұндай тамақтану жиілігі сұхбаткерлердің 11%- да кездеседі, 21-30 жас аралығында - 29%. Күніне 3-4 реттік тамақтану жиілігін белгілегендердің саны 18-20 жас аралығындағыларда - 89%-ды құрады, 21-30 жас аралығында - 69,4%, ал жасы үлкен топтарда - 50%.
Сұраныс мәліметтері бойынша, этникалық қатыстылығы әртүрлі сұхбаткерлердің тамақтануына субъективті бағасы бір-бірінен аздап ерекшеленеді. Өзінің тамақтануын «өте нашар» деп белгілегендердің үлесісалыстырмалы түрде 7,8% және 5,3%, қазақ және орыс этникалық топтарында кездесті. Тамақтануы «нашар» деп бағалаған сұхбаткерлердің пайызы барлық топтарда айтарлықтай ерекшеленбейді, қазақ топтарында -17,4%-дан басталып, басқа этникалық топтарда - 24,5% аяқталады. Өз тамақтануына көңілі толатындар барлық топтардада 77-82% аралығында ауытқып отырады.
Сұраныс бойынша, күнделікті тамақтану тәртібінің қысқылығын талдау барысында, әсіресе, қазақ және басқа этникалық топтарының ең нашар тамақтанатынын көрсетті. Күніне 2 рет және одан кем тамақтанатындар үлесі қазақ топтарында салыстырмалы түрде 29,5% және 8,3%-ды құрайды. Басқа ұлт топтарында мұндай сұхбаткерлердің үлесі салыстырмалы түрде40,9% және 5,8%. Басқа этникалық топтарда күніне 2 рет немесе 2 реттен аз және күніне 3 рет немесе 3 реттен көп тамақтанатындар арақатынасы шамамен бірдей: 1:4 және 1:5 аралығында.
Сөйтіп, жалпы сұраныс, ауыл тұрғындарының өз тамақтануына деген көзқарасының «жеткілікті түрде жақсы» және «жақсы» екендігін көрсетті. Әйтседе, өз тамақтануына көңілі толмайтындардың үлесі де аз емес. Алынған сауалнаманың нәтижесі тұрғындардың өз денсаулығын бағалауы мен жасқа байланысты тамақтануы арасындағы байланысты анықтады: жас ұлғая келе өз денсаулығына деген көзқарастың төмендеуі, бірақ тамақтануына деген көзқарастың жоғарылауы байқалады. Сонымен қатар денсаулық жағдайы мен тамақтанудың жынысқа байланысты екендігі заңдылық және жаңалық емес. Этникалық қатыстылықтың тамақтануды бағалаудағы әсері мардымсыз.
Денсаулықты субъективті бағалау. Ауыл тұрғындарының «Өз жасыңызға сәйкес өз денсаулығыңызды қалай бағалайсыз?» деген сұраққа, сұхбаткерлердің 7%-дан сәл астамы «өте жақсы» деп, 39%-ға жуығы «жақсы» деп бағалаған. Әр бес сұхбаткердің екіншісі дерлік, өз денсаулығын «орташа» деп бағалады. Сұхбаткерлердің 14%-дан астамы өз денсаулығын «нашар», 1%- дан сәл астамы «өте нашар» деп бағалады.
Жынысына байланысты, өз денсаулығына көңілі толмайтындардың пайызы еркектерге (11%) қарағанда әйелдерде (19%) 2 есеге дерлік көп екенін көрсетті. Әйел топтарында «жақсы» және «өте жақсы» бағаларын сұхбаткерлердің жартысынан төмені берді (49%), ал еркекер арасында - 41%.
Ауыл тұрғындарының өз денсаулығын субъективті бағалауының талдауы, жасына байланысты жағымды бағаның төмендейтінін көрсетті. Сонымен, өз денсаулығын «өте жақсы» деп бағалайтындар саны 18-20 жас топтарында 20%-дан дерлік 51-60 жас топтарында 1%-ға дейін төмендейді, ал ересек топтарда мұндай сұхбаткерлер мүлдем жоқ. Мұндай үрдіс өз денсаулығын «жақсы» деп бағалайтындар арасында да сақталады: 60%-дан (18-20) 14%-ға (61-66жас) дейін. Бұл байланыстың сызықтық теңдеуі, y=8,3714x-15,133, «жас - денсаулықты бағалау» арасындағы байланыстың күштілігін көрсетеді.
Өз денсаулығын «нашар» деп бағалайтындар арасында бұл үрдіс қарама-қарсы көрініс береді: мұндай баға жас ұлғая келе өседі. Бұл байланыс сызықтық теңдеудің r кері коэффициентімен сипатталады: y=-6,9714x+63,4. 60 жастан жоғары топтарда, 4%-ға дейін, өз денсаулығын «өте нашар» деп бағалайтындар кездеседі. Тәуелсіз түрде қарама-қарсы заңдылықтардың кездесуіне, яғни денсаулықты жағымсыз бағалаудың жоғарылауы және жағымды бағалаудың төмендеуіне байланысты, жасқа байланыстылықтың және y=9,4637ln(x)+28,789 логорифмдік теңдеуімен сипатталатын денсаулықты «орташа» деп бағалаудың байланысы анықталады. Осыған байланысты, мұндай бағалаудың үлесі орташа топтарда жоғары, ал ақырғы жас топтарында мардымсыз.
Талдау мәліметтері, денсаулақты субъективті бағалау кезінде этникалық қатыстылықтың әсері жоқ екенін көрсетеді.
Денсаулықтың қанағаттанарлықтай жағымды субъективті бағалауы барысында, сұхбаткерлердің 37,5%, оның ішінде еркектер арасында 34,2% (97), және әйелдер арасында 40,5% (128) созылмалы аурулардың бар екендігі анықталды. Бұл мәліметтер, заңды түрде жас ұлғайған сайын созылмалы аурулардың өсетінін көрсетеді: 18-20 жастағыларда 5%-дан 61-66 жастағыларда 38%-ға дейін.
Сауалнама мәліметтеріне сәйкес, ең жиі кездесетін ауру созылмалы бронхит болып табылады, бұл жағдай 36 сұхбаткерде кездесті. Одан кейінгі жиі кездесетін аурулар радикулит және артериалдық гипертензия (30 сұхбаткер).
Созылмалы ауруы бар сұхбаткерлердің 51,5% өз дертін кәсібіне байланысты деп есептейді.
Сауалнама мәліметтері бойынша, сауалнама жүргізілгенге дейінгі жылда сұхбаткерлердің55,7% медициналық көмекке жүгінген. Олардың ең ауқымды бөлігі - 51% ауру себебі бойынша қаралғандарды құрайды, сонымен қатар медициналық тексеру бойынша - 34,7%; қаралғандардың 13,7%-ын жарақаттар құрайды. Медициналық көмекке жүгінгендердің ең ауқымды үлесін 31-40 және 41-50 жастағылар(30-28%) құрады. Сұхбаткерлердің барлығына дерлігі(94%) медициналыққа көмекке аудандық емханаға жүгінетіні анықталды.
Қорытынды.Сауалнама мәліметтеріне сәйкес, ауыл тұрғындарының өз тамақтануына жетерліктей көңілі толатындықтары анықталды, тек сұралғандардың бестен бір бөлігі ғана өз тамақтануын нашар және өте нашар деп бағалады. Әрі, сұхбаткерлердің арасында өз тамақтануын жағымысыз деп есептейтіндердің ауқымды бөлігін ең жас, егде кісілер және еркектер құрайтындығы анықталды. Салыстырмалы түрде, ең үздік тамақтанатындар әйелдер, бұл әйелдердің өз тамақтануына көп көңіл бөлуімен, тамақтану тәртібін дұрыс ұйымдастыра алуымен, білімінің молдылығымен түсіндіріледі, себебі еркектердің тамақтану жиілігін қарастырған кезде тамақтануды ұйымдастыру тәртібінің әйелдерге қарағанда төмендігі байқалады.
Жалпы алғанда, алынған сауалнама,тұрғындардың өз денсаулығын жағымды субъективті бағалайтынын көрсетті. Әр алтыншы сұхбаткер өз денсаулығын «нашар» және «өте нашар» деп бағалады. Әрі бұлардың үштен бір бөлігін әйелдер құрайды. Жас ұлғая келе денсаулыққа деген жағымды баға тәуелсіз түрде төмендейді. Денсаулықтың субъективті бағасына этникалық қатыстылық әсер етпейді.
Денсаулықтың қанағаттанарлықтай жағымды субъективті бағалауы барысында, сұхбаткерлердің 37,5%- дасозылмалы аурулардың бар екендігі анықталды.Сауалнама мәліметтеріне сәйкес, ең жиі кездесетін созылмалы аурулар созылмалы бронхит,радикулит және артериалдық гипертензия жартысынан көбі өз дертін өз кәсібіне байланысты деп болып табылады. Созылмалы ауруы бар сұхбаткерлердің есептейді.
Әдебиеттер тізімі
- Бедный М.С. Продолжительность жизни в городах и селах.– М.: Статистика, 1976. – 246 б.
- Сорокин П.А. Социологический прогресс и принцип счастья. Человек. Цивилизация. Общество. – М.: Наука, 1992.- 245 с.
- Шевченко Ю. Развитие сельского здравоохранения в Российской Федерации // АПК: экономика, управление.–2004. – №
- – С. 8-14.
- Рогожников В.А., Стародубов В.И., Орлова Г.Г. Проблемы охраны здоровья сельского населения. – М.: ГЭОТАР-Мед, 2004. – 448 с.
- Николаев М.Е., Воронин Ю.В., Петриков А.В. идр.Охрана здоровья сельских жителей: медико-социальные и правовые аспекты // Аналитический вестник. Серия: Основные проблемы социального развития России– 2008. - № 18 (363). – С. 2429.
- Спиридонов А.М.,ЦунинаН.М., ЗотовВ.Г.Социально-гигиенический мониторинг–важнейший механизм государственной политики укрепления здоровья населения // Здоровье населения и среда обитания: информационный бюллетень.– 2004.– № 8. – С. 1-5.
- Карташов И.Г. Многофакторная обусловленность здоровья населения: теоретико-методологические подходы к изучению социальных детерминант здоровья // Социология медицины. – 2007. - №2(11).- С. 17-23.
- Мариничева Г.Н., Лучкевич В.С., Григорьева Н.О. Изучение особенностей социально-гигиенического функционирования и факторов риска, влияющих на здоровье и качество жизни населения // Биомед. Журнал, 2011. - № 12. – С. 794-802. www.medline.ru/public/art/tom12/art66.html 08.11.2011.
- Е. Ж. Жаркинов. Актуальные вопросы гигиены труда в сельском хозяйстве // Сборник научных статей Алма-Атинский государственный медицинский институт. – 1988. –113 с.
- В. А. Козловский Гигиена труда и состояние здоровья работников промышленных предприятий и сельского хозяйства Казахстана // Научно-исследовательский институт гигиены труда и профессиональных заболеваний МЗ КазССР. - 1989. – 229 с.
- Батрымбетова С.А. Медико-социальная характеристика студентов и научное обоснование охраны их здоровья (на примере г Актобе Республики Казахстан): дис. ... д.м.н.: 14.00.33 / Челябинская государственная медицинская академия. – Челябинск: 2008. – 302 с.
- Галузова, В.Г. Социально-гигиеническое изучение заболеваемости механизаторов сельского хозяйства и мероприятия поее снижению: автореф. ... к.м.н.:14.00.33 . – M.: 1988. - 24 с.
- Бузник, И.М. Методологические подходы и методические приемы изучения и оценки пищевого статуса и питания здорового и больного человека / И.М. Бузник. – Л.: ВМА, 1983. – 109 с.