Бұл жұмыста ҚазҰМУ-де валеология модулі бойынша студенттерді оқыту барысында салауатты өмір салтының мәселелері мен әдістері қарастырылған. Білім жүйесінде инновациялық әдістерді қолдану студенттердің шығармашылық ойлауы мен танымдылық әрекетін күшейтеді.
Өзектілігі.
Әрбір мемлекеттің жан-жақты дамуы мен саяси түрақтылығының мықты болуы халқының денсаулығына тікелей байланысты. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңыздылығын Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму Стратегиясында «Егеменді еліміздің болашағы - қазіргі жастар десек, олардың денсаулығы мықты болып, шынығып өскені абзал» деп ашып көрсеткені бәрімізге мәлім. Оның негізі қазіргі кезден қаланатын болса, үрпағымыздың болашағы жарқын болуы тиіс[1].
Әр адам денсаулығының мықты болғанын қалағанымен оны сақтаудың жолдарын біле бермейді. Себебі, ол жолға бағыттайтын талаптар жоқтың қасы десек болады, яғни айтуға оңай болғанымын, жүзеге асыру өте күрделі мәселе.
«денсаулық - зор байлық» демекші, әр адам салауатты өмір салтымен өмір сүруі үшін көптеген аурулардың алдын алуы шарт. Ал, осы шарттарды ұстану үшін кез келген адамның ырқы жете бермейді. Бұл мінезді адамның балалық шағында қалыптастырып, ересек уақытында түрақтандыруды талап етеді.
Бұл маңызды мәселенің шешімін білім беру жүйесі өз мойнына алған, яғни, жаңа және қарқынды дамып келе жатқан валеологиялық білім беру адамның өз денсаулығы мен оған тікелей әсер ететін қоршаған ортаға деген бағалы көзқарастарын қамтамасыз етіп, ғылыми және тәжірибелік білімдері мен дағдыларын жүйелі түрде қалыптастырып, оқытуға бағытталған үздіксіз үдеріс.
Валеологиялық білім берудің мақсаты мен маңыздылығы.
Денсаулықтың дамуы мен тұрақталуы қоршаған орта факторлары мен жағдайларына байланысты екенін ескере отырып, адам өз денсаулығына деген жауапты көзқарасын және мәдениетін қалыптастыру валеологиялық білім берудің мақсаты болып табылады.
Валеологиялық білім берудің маңыздылығы - дені сау адамның жеке аспектілерін (физикалық, әлеуметтік- психологиялық, моралды-этикалық, өнегелілік т.б.) ашуға бағытталған[2, 4].
Валеологиялық білім берудің мақсаты мен тапсырмаларын жүзеге асыру үшін қажетті жағдай - студенттердің үздіксіз валеологиялық дайындығын нығайтып, тәрбиелік, әдістемелік-педагогикалық аспектілерді тәжірибе жүзінде көрсету.
Валеология - интегралды ілім. Қазақ ұлттық медицина университетінде (Каз¥МУ) валеология пәнін барлық факультеттерде мемлекеттік және орыс тілдерінде 1995 жылдан бері оқытылуда. 1997 университетте валеологияның ғылыми-әдістемелік орталығы, ал 1998 жылдан 20-дан аса секциядан тұратын «Денсаулық» университеттік клубы жұмыс атқара бастады. Клубтың жүмысына ғалым- дәрігерлер және студенттер қатысады. Жыл сайын клубтың мүшелері денсаулықты қорғау және нығайту аспектілері бойынша конференциялар мен семинарлар өткізеді, оқу-әдістемелік құралдары, брошюралар жарық көреді.
Нәтижелер.
Соңғы жылдары валеология пәнін интерактивті әдістермен оқыту қолға алынған. интерактивті оқыту кезінде оқытушы студенттерге берілген материалды толық меңгеруі үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаланды[3].
Біз тренингтердің жақсы жүзеге асуы үшін мына белсенді әдістерді: дәрістер, топтық дискуссиялар, видео демонстрациялар, р ө лдік ойындар, ми ға шабуыл, квиз (бақылау), пресс-конференция, дөңгелеу стөл, презентациялар, т.б қолдандық.
видео- аудио қолданып оқылған дәрістер (кодограммалар, кестелер, видеосюжеттер) негізгі талаптарға (ғылымилығы, қол жетімділілігі, өзектілігі, белсенділігі, жан-жақтылығы) сай өткізілді. Көрнекі құралдар сезім мүшелеріне әсер етіп, ақпараттың керекті жерін қабылдап, іздену үрдісін күшейтеді.
Тәжірибелік сабақтарда «Миға шабуыл» әдісі қолданылды, ол топтық ойлану әрекетін күшейтеді. Бұл жағдайда студенттің кез келген жауабы қабылданып, тақтаға жазылады. Содан соң айтылған пікірлердің маңыздылығына қарай анықталып, оқытушы қортытынды жасайды. Талабы бойынша деңгейі жоғары лидер-студенттер өздері оқытушы рөліне кіріп пікірлерін айтады. Өз құрдастарын оқыту, оқушының зейінін жоғарлатып, мінез- қүлқының өзгеруіне ықпал етеді.
Сонымен қатар «Пресс-конференция» әдісі қолданылды, яғни қатысушылар мен оны үйымдастырушылар арасында ауызша ақпарттпен алмасу. Студенттер берілген тақырып бойынша өз пікірлерімен, сезімдерімен бөліседі.
Студенттер рөлдік ойындар өткізді, яғни өмірлік әртүрлі проблемалық жағдайлардың шешімін табу мақсатында түрлі кейіпкерлерді көрсетті. Қатысушылар ойын барысында өздерінің сезімдерін, ойларын, іс-әрекеттерін талқылады.
Тәжірибелік сабақта студенттердің білімдері және физикалық денсаулықтары анықталады, яғни антропометриялық амалдар, артериялық қысымды анықтау, жүректің жиырылу жиілігінің жүктемеге әсері, өкпенің тіршілік сиымдылығы, сияқты тәжірибелік дағдылары қалыптасады.
Университетіміздің үштілділік бағдарламасына сай қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде глоссариилер, түйіндемелер дайындалып,, өзіндік жұмыстар жасалынып, тәжірибелік сабақтар өткізілді.
Сондай-ақ модуль қызметкерлері салауатты өмір салтын насихаттау жүмысына студенттерді де жүмылдырды (баулыды). Оқытушылар мен студенттер бірігіп Алматы қаласының колледждері мен мектептерінде зиянды әдеттерге қарсы насихаттау іс-шаралары өткізілді.
Валеологиялық білім берудіңжоғарыдағы оқыту формаларымен қатар студенттердің ғылыми зерттеу жүмыстары да үлкен маңызға ие. Ол студенттердің өз денсаулықтары мен өмір салтын тиімді құрастыру жолдарын іздеп, маңыздылығын терең сезініп, зерттеу жүмыстарын жүргізіп, салауатты өмір салты туралы ғылыми түсініктерінің қалыптасуына әсер етеді. Валеология модулінің оқытушыларының басқаруымен әр түрлі тақырыпта ғылыми жұмыстар әр түрлі жүлделерге ие болып, басылымдарда жарық көрді.
Студенттердің оқытушымен өзіндік жүмысы - салауатты өмір салтын насихаттауға, зиянды әдеттердің алдын алуға бағытталған ғылыми диспуттар үйымдастырылып, интерактивті оқу бағдарламаларын іздеу және құрастыру, тақырыптар бойынша эссе жазу, денсаулық деңгейлерін анықтайтын сауалнамалар мен тесттер жүргізіледі. Студенттің өзіндік жүмысы - қазіргі таңда білім беру үдерісіндегі өзекті мәселе. Студент денсаулықты нығайту мен сақтау туралы білімін шыңдап, жаңа ақпараттар жинап, пікірлерін ортаға салып, өз ойларын пайымды қорытындылауды қалыптастыратын жаңа әдістер мен амалдарды (ситуациялық есептер мен кроссворд құрастыру, реферат, презентациялар, буклеттер) өз бетінше ізденіп-тауып оқу барысында қолданады.
Студенттердің денсаулықты сақтау және нығайту мәселелері бойынша білімдері кредиттік оқыту технологиясында оқу үдерісін үйымдастыру ережелеріне сүйеніп қүрастырылған критериилер (білімі, тәжірибелік дағды, өзіндік жүмысы, коммуникативті және қүқықтық компетенциялар) арқылы бағаланады.
Коммуникативті және қүқық компетенциялары семестр соңында 1 рет бағаланады.
2012-13 оқу жылында валеология пәнін оқыту бойынша тәжірибе алмасу мақсатында «визитнг- профессор» бағдарламасымен Ресейден доцент Леднова М.И шақырылды. Ол салауатты өмір салтын қалыптастырудың өзекті сұрақтары бойынша дәрістер оқыды. Интерактивті әдіс бойынша мастер класс көрсетті. Ол жұмыстар ҚазҰМУ (валеология модулінің) оқу үрдісіне енгізілді.
Қорытынды: Жоғарыда көрсетілген ҚазҰМУ валеология модулінде қолданылатын оқытудың заманауи әдістері жастардың валеологиялық мәдениетін дамытуға, әр студенттің өз денсаулығын сақтап және нығайтуы үшін алған білімдерін қолданып, болашақта білімді әрі дені сау дәрігер маманының калыптасуына үлкен ықпал етеді деген сеніміміз мол.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Назарбаев Н.А. «Казахстанский путь - 2050: Единая цель, единые интересы, единое будущее». - Астана: 2014.
- Сатпаева Х.К., Абишева З.С. «Настоящее и будущее валеологии в Казахстане» Труды VI Международной конференций «Новое в безопасности жизнедеятельности». - Алматы: 2004. - С. 56-59.
- Мынбаева А.К., Садвакасова З.М. «Инновационные методы обучения» учебное пособие. - Алматы: 2010. - С. 344.
- Жетписбаев Г.А., Сагидуллина Л.С. Валеология. Учебник изд. второе, перераб. и доп. - Алматы: 2013. - 308 с.