Гистология кафедрасында студенттерді оқытудың жаңа әдісі тәжірибелік сабақтарға ТBL әдісін, кейс-стади әдісін, мүшелер мен тіндердің гистологиялық препараттарының микросуреттер атласын, интерактивті тақтаны және компьютерлік класты енгізу болып табылады. Бұл әдістер студенттерге гистологиялық препараттарды талдау жұмысмен тек сабақ барысында ғана емес, сабақтан тыс уақытта да айналысуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ студенттердің пәнді оқуға қызығушылығын арттырып, оқу үдерісінің өнімділігін жоғарылатып, оқу бағдарламаларында көрсетілгендей дағдылар мен құзіреттіліктерді дамытуға жағдай жасайды.
Заманауи талаптарға сәйкес жоғары медициналық білім беру жүйесі қузіретті бағдарланған сипатқа ие болғаны дурыс. Бул студенттерді өзіндік жумыстар мен белсенді оқыту әдістеріне бағыттай отырып, оқу үдерісіне жаңа инновациялық әдістерді қалыптастырып, енгізуді күшейтеді [1].
Инновациялық технологияның жемісті түрлерінің біріне интерактивті оқыту әдісін жатқызуға болады. Оқытушы оқу үдерісіне интерактивті оқу әдісін енгізгенде, студенттерден әдебиет көздеріндегі, дәріс материалдары мен оқулықта жазылған таақырыптардың мазмунын айтып беруді ғана емес, сол оқығандарына талдау жасап, өз көзқарасын білдіріп, бағасын бере білуді және дайындық кезінде алған білімін пайдалана отырып ситуациялық есептерді дурыс шеше білуді талап етеді. Сондай деңгейге жеткізу мақсатында студенттердің ой-өрісін өзгертеді [2].
Гистология, цитология және эмбриология курсын оқыту дәстүрлі үш бағытты қамтитыны рас: дәріс, тәжірибелік сабақ, студенттердің өзіндік жумыстары. Дәріс курсы. Классикалық педагогика дәрісті білім алудың бірінші деңгейі ретінде қарастырады. Десек те, осы бастан материалды қабылдау басталатыны анық. Түсініксіз немесе жеткіліксіз берілген дәріс оқытудың сапасына әсер ететіні де белгілі [2].
Гистология кафедрасында дәріс курсы мультимедиялық технологияның қолданылуымен жүзеге асырылып келеді. Сондықтан дәріс материалдарының электронды нусқаларына студенттердің барлығы қол жеткізе алуына жағдай жасалынған. Мультимедиялық технологияның қолданылуы дәрістің безендірілуін жақсартып қана қоймайды, сондай-ақ морфологиялық пәндерді өту кезінде дәрістің әрбір негізгі мәселесіне мүшелер мен тіндердің гистологиялық кесінділерінің микросуреттері мен электроннограммаларын қоса беруге мүмкіншілік береді. Бул морфологиялық кафедраларда аса маңызды мәселе болып табылады. Сонымен мультимедиялық технологиялар слайд қолдануда уақытты үнемдеп, әрі сапалы микросуреттерді көрсетуге септігін тигізеді.
Гистология кафедрасының мультимедиялық дәріс курсы Жалпы медицина факультетінің студенттерінің оң бағасын алған.
Студенттерді тәжірибелік сабақтарда оқыту мен олардың өзіндік жумыстары белгілі бір үлгі бойынша жүзеге асырылады. Олар оқытушы көмегімен үйге берілген тапсырмалар бойынша тәжірибелік дағдыларды игеріп, гистологиялық препараттарды «Карл-Цейсс-Йена» фирмасы дайындаған жарық микроскобының және «Axioscop-2» - консультациялық көпокулярлы микроскобының көмегімен зерттеу жумыстарын өткізеді.
Тәжірибелік сабақтарда қолданылатын инновациялық әдістерді зерттеу жумыстарына теңестіруге болады. Оның тиімділігі мәселелерді топтаса отырып шешуді уйымдастыруға негізделген. Мундай әрекет адамдардың позитивті көзқарастарын дамытудың бірден-бір жолы болып табылады [2, 6].
Айтылғандарға байланысты кафедрада топтасып жүмыс істеу әдісі TBL (team-based learning) - шағын топтарда оқыту әдісі қолданылып жүр. Бүл әдістің өзіне тән ерекшеліктері бар. Оқу командасы үлкен топты бірнеше шағын топтарға бөлу арқылы қүрылады. Бүл топтар оның қүрамындағы мүшелердің түрақтылығын талап етеді. Басты мақсат - бүкіл оқу циклын бірге өтетін студенттерді гетерогенді топтан біріккен, мақсаттары бір, тиімді іс-әрекет жасайтын, алынған білім деңгейлерін ситуациялық есептерді шешуге қолдана білетін, тапсырманы бірге орындап қана қоймай, бірге дайындық жүмыстарын жүргізетін, үйымдасқан команда қүру [3].
Командалар дүрыс қалыптастырылуы қажет. Бүл кезеңде студенттердің пікірлерін тыңдаудың қажеті жоқ. Студенттер жеке дайындық барысында да, команданың нәтижеге жетуі үшін де аса жауапкершілік білдірулері керек. Тапсырмалар курстың негізгі принциптерін қамтуы қажет, әрі аса қиын болмағаны жөн. Бүл талап топ мүшесінің ешкіммен пікірталаспай өздігінен жауап беруіне ықпал етеді.
Сабақты талдау барысында команда мүшелерінің әрқайсысы өз ойларын ортаға салып, таңдаған жауабын қорғай білуге қүқылы. Берген жауаптары сол жерде талқыланып, қателері түзетіледі. Осының арқасында студенттердің дайындық деңгейлері анықталады. Курс бағдарламасының барлық бөлімдері бір жүйемен оқытылады:
Студенттер өздігінен дайындалуға тапсырмалар алады. Бүл тапсырмалар оқытылатын бөлімнің басты мазмүнын айқындай отырып, маңызды мәселелерін қамтуы керек.
Студенттер жеке тест тапсырмаларын алады. Сонан соң жалпы топ мүшелерімен бірге талқылайтын сол тесттің сүрақтарына ие болады.
Нәтижелер белгілі болған соң студенттер талқыға өз жауаптарын салады. Оқулықтар қолдана алады немесе оқытушыға өз жүмысын аппеляцияға беруі мүмкін болады.
Оқытушы өз кезегінде студенттердің сүрақтарына жауап беріп, түсінбеген сүрақтарына тоқталады. Бірақ студенттер өтіп кеткен материалды талдауға уақыт кетірмеуі тиіс [3].
TBL әдісімен тәжірибелік сабақ өткізу гистология кафедрасында 2010 жылдан бері стоматология факультетінің 2-ші курсында «Жеке гистология» бөлімі бойынша жүргізіледі. 2011-2012 оқу жылында бүл әдіс «Жалпы медицина» факультетінің 2 курс студенттеріне «Тіндер» бөлімі бойынша жүргізілген тәжірибелік сабақтарда қолданылды. Алдымен студенттерге әдістің мәні түсіндіріледі. Сонан соң топ 4-5 адамнан командаларға бөлінді. Команда қүрамы барынша гетерогенді принцип бойынша таңдалады, яғни бір топтың студенттері бір колледжді немесе бір мектепті бітірмеулері керек, бір жердікі немесе көрші болмаулары тиіс.
Кафедрада тест тапсырмаларының ауқымды қоры жасалған. TBL бойынша сабақ өткізу барысында осы тест тапсырмалары қолданылады. Әр сабаққа TBL бойынша сабақ өткізуде 15 тесттен алынады. Командада метриалды талдап, теориялық дайындығын анықтаған соң, микропрепараттарды гистологиялық зерттеу әдісіне көшеміз.
¥жымдаса отырып атқарған жүмыс студенттерге материалды қабылдауға зор мүмкіндік береді. Топпен жүмыс істеуге дағдыланады [5]. Әр студенттің өз ойларын ортаға салып, команда мүшелерімен немесе оқытушымен пікірталастыруға мүмкіншілігі бар. Студенттердің коммуникативті қүзіреттілігі дамиды, яғни өз ойларын қысылмай еркін жеткізе білу, сөйлеу қабілетінің артуы айқалады. Өз көзқарасын қорғап қана қоймай, өзгені тыңдау қабілеттілігі де жетілері сөзсіз.
Аталмыш жаңа инновациялық технологияны қүрастырудың негізгі элементтерінің біріне тәжірибелік сабақтарда «гистологиялық препараттардың микросуреттері» атласын қолдану болып табылады. Бүл үштілді атлас гистологиялық препараттарды талдау үшін сабақ барысында да, үйде де таптырмайтын көмекші қүрал рөлін атқарады. «Атластың» баспа түрін де, электронды нүсқасын да қолға түсіру студенттер үшін оңай. Сондай-ақ университетіміздің сайтынан да табуға болады.
Қазіргі таңда тәжірибелік сабақтарда интерактивті тақта мен компьютер класын енгізу кафедра үшін үлкен жаңалық болып отыр. Бүл әдістердің оқыту үдерісінде алатын орны ерекше екенінде күмәніміз жоқ. Интерактивті тақта арқылы зерттеу обьектісін үлғайту, қажетті қүрылымдарды тауып оған белгілеулер жасау мүмкіншілігі бар [4].
Осы іспеттес жаңа әдістерді оқу үдерісіне енгізу арқылы студенттердің қызығушылығын арттырып, тәжірибелік сабақтарды, өнімділігін көтеруге, уақытты біршама үнемдеп ситуациялық есептер, тест тапсырмаларын орындауға мүмкіндік бар.
Гистология кафедрасында қолданылып жүрген жаңа әдістердің берер мүмкіндіктерін оқытудың дәстүрлі тәсілдерімен салыстыруға мүлдем келмейді. Бүл шын мәнісінде XXI ғасыр студенттерінің материалды қабылдауын жеңілдететін заманауи ақпараттық технологияларды қолдану арқылы, жаңаша ойлай алатын, тәжірибелік дағдылары қалыптасқан маман даярлау, дәрігерлерді даярлау жүйесінде жаңа, инновациялық қадам болып табылады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- А.Аканов, О.Мирзабеков и др. Болонский процесс - путь КазНМУ в общеевропейское образовательное пространство. - Алматы: КазНМУ им. С.Д.Асфендиярова. - 2010. - 112 с.
- В.С.Дудченко. Саморазвитие. - М.: «Кватро-Принт», 2007. - 400с.
- Р.И. Юй, Ш.Ш. Мулькибаева и др. Внедрение командного метода обучения -TBL на практических занятиях по гистологии
- Морфология и доказательная медицина. - №1-4. - 2013. - С. 66-67.
- О.Ф. Денисова. Преподавание гистологии и формирование патогенетического мышления у студентов-медиков младших курсов. Ученые записки УлГУ. Серия Биология. - 2006. - Вып. 1(10).
- С.В.Сазонов и др. Новые возможности инновационных технологии обучения студентов на кафедре гистологии. //Морфология. - 2009. - Т. 136. - №4.
- Charles G.Prober, M.D., and Chip Heath, Ph.D. Lecture Halls without Lectures - A Proposal for Medical Education/The New England Journal of Medicine. - V.366. - №18. - 2012.