Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Студенттердің денсаулығы мен өмір сүру салты

Студенттердің денсаулығы бірнеше факторлар арқылы анықталады. Олардың бірі психоэмоционалды фактор. Бұл жұмыста студенттердің денсаулығына ішкі және сыртқы факторлардың әсер етуі жайында мәліметтер келтірілген. 

Әлеуметтік маңыздылығы бар аурулардың біріншілік алдын алуға бағытталған іс-шараларды қүрастырудың бірден-бір жолы - жастардың өмір сүру салты мен денсаулығына жағымсыз әсер ететін факторларды зерттеу болып табылады. Салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал ететін негізгі факторларды (дұрыс ұйымдастырылған еңбек, оптималды қозғалыс режимі, дене шынықтыру, ұтымды тамақтану принциптерін сақтау, зиянды әдеттерден бас тарту) ескеру керек. Қоғамда студент жастар өмір сүру салты ерекше , өз ұстанымдары мен мінез-қүлықтық эталондары бар топ ретінде қарастырылады.

Соңғы екі онжылдықта жастар денсаулығының көрсеткіштерінің төмендеуі байқалады. Оның себептерінің бірқатары - ұтымсыз тамақтану, гиподинамия, стресс.

Бастапқы курста оқитын студенттер денсаулығына, уақыттарын, қаражаттарын өздігінше үнемді үйлестіруге арналған дағдылардың жоқтығы, тамақтану және жұмыс пен демалыс алу тәртібін сақтамауы, уақытында дәрігерге қаралмауы, залалды дағдылардың пайда болуы сияқты психо- эмоционалдық және ақпараттық факторлар әсер ететіні анықталған. Осы факторлар барлық айтылған студенттерге бірдей емес, әр индивидке де әр қалайша әсер етеді және олар өмір сүру салтына да байланысты болады [1].

Болашақ медицина қызметкерлері салауатты өмір салтын насихаттаудың маңыздылығын түсініп, оған деген халықтың дүрыс көзқарасын қалыптастыруды үйрену керек. Бұл мәселе медицина қызметкерлерінің өздері осы принципті ұстанса ғана іске асады.

Жүмыстыц мақсаты.

Осы айтылғандар мұғалімдердің әдістемелік басқаруы мен студенттер ұйымдарының бақылауы арқылы жүзеге асырылыуы керек. Бастапқы курстарда психикалық сәйкестіліктерін ескере отырып студенттердің тобын қүрастыру, олардың үйлесімді күн тәртібін таңдауына және салауатты өмір сүру салтына үйрету.

Зерттеу материалдары мен әдістері.

Біздің зерттеу жұмысымыздың мақсаты; қозғалыс белсенділігінің, тамақтану тәртібінің, эмоционалдық стресстің студенттер денсаулығына әсерін сауалнама арқылы талдау. Сауалнамада денсаулық аспектілерін, салауатты өмір салтына деген көзқарастарын, қозғалыс белсенділігін, тамақтану тәртіптерін анықтауға арналған сұрақтар қамтылған. Тиісті дене салмағын анықтау үшін арнайы формула қолданылды.

Зерттеу объектісі ретінде Қаз¥МУ-нің 1-2 курсінің 77студенті алынды. Оның 45-і қыз бала, 22-сі ұл бала.

Алынған нәтижелердің стстистикалық мәліметтері Microsoft Exsel бағдарламасында өңделді, Стьюдент коэффициенті арқылы көрсеткіштер шынайлығы, параметрлер сенімділігі ескерілді.

Зерттеу нәтижелері.

Біздің зерттеулеріміздің нәтижесінде жас ерекшеліктеріне сәйкес антропометриялық көрсеткіштер бойынша - қыз балалардың салмағы тиісті дене салмағының ең жоғарғы шегінде, ал ұл балалардың салмағы қалыптыға жақын екені анықталды (1 кесте).

1 кесте - Зерттелуші студенттердің жасына, салмағына, бойына байланысты сипаттама

Көрсеткіштер

Қыз бала

¥л бала

Орташа жасы

19.5 + 1.8

19 + 1.5

Орташа бойы, см

165 + 3,5

175 + 7,6

Орташа салмағы, кг

59,5 + 4,0

69,5 + 4,5

Ескерту: сенімділігі * - p<0,05

Респонденттердің қозғалу белсенділігін аптасына физикалық жаттығуларға (шамалы немесе интенсивті жүктемелер) неше сағат жұмсағандықтарын талдау арқылы бағаланды.

Интенсивті физикалық жүктемелерге жүгіру, би, шомылу, баскетбол, футбол сияқты түрлері жатқызылды. Қыз балалардың жартысынан көбі (58%) мұндай дене шынықтыру түрлерімен мүлде айналыспайды. Ал ұл балалардың 44,5% ы осындай жүктеме түрлеріне аптасына 2 сағат уақыттарын бөледі.

Шамалы жүктемелі жаттығуларға тез жүру, бөлме ішіндегі жаттығулар, волейбол сияқты түрлерін жатқыздық. Студенттердің 40% айтылған спорт түрлеріне немқүрайлы қарайды. ¥лдардың 24,7 %-ы, ал қыздардың 47,4%-ы аптасына 2 сағат уақыттарын жұмсайды.

Сонымен қатар студенттердің пассивті демалысқа (көңілдерін көтеретін интернет және теле көріністер қарау, компьютерлік ойындар) жұмсайтын уақыттарына талдау жүргізілді. Студенттердің жартысынан көбі интернет пен компьютерлік ойындарға күніне 3 сағаттан көп уақыт жұмсайтындығы анықталды.

Респонденттердің сауалнаманы толтыру кезінде, олардың күйзеліс деңгейлері де зерттелді. Өйткені психикалық факторға олардың қозғалыс белсенділігі мен тамақтану тәртіптері байланысты. күйзеліс деңгейін бағалау үшін он баллдық шкала қолданылды. 0-ден 1-ге дейін - күйзелістің мүлде болмауы, 2-5 балл - шамалы деңгейде болуы, 6-8 балл - жоғары деңгейде, 9-10 балл -

2 кесте - Күйзеліс деңгейлері өте жоғары деңгей (2 кесте).

Көрсеткіш

Қыз бала

¥л бала

Абсолюттік

%

Абсолюттік

%

Стресстің болмауы

7

15,5

4 ¯

18,18

Шамалы деңгей

30

66,6

15

68,18

Жоғары деңгей

7

15,5

3

13,6

Өте жоғары деңгей

1

2,2

-

-

Ескерту: сенімділігі * - p<0,05

Респонденттердің көп бөлігі өздерінде шамалы күйзеліс деңгейін белгіледі. Бұл көрсеткіш бастапқы курс студенттерінің күйзеліске деген бейімділіктің жоғары болуы деген мағына емес, сонымен қатар олардың «күйзеліс» деген түсінікке көзқарастары әртүрлі болуы мүмкін.

Тамақтану тәртібін бағалау мақсатында, сонғы бір аптада қаншалықты тиімді тағам өнімдерін пайдаланғандықтары туралы сұрақтарға жауап алынды. Көкөністер мен жеміс-жидектерді, жаңа сығылған шырындарды аптасына пайдалану біздің студенттер арасында сирек. Оның орнына тез дайындалатын тағамдар мен фастфудтарды, макаронды тағамдарды жиі қолданатындығы белгілі болды.

Қорытынды.

Жүргізген тәжірибелер нәтижесін талдай отырып, студенттердің денсаулығының деңгейі біріншіден олардың өз денсаулықтарына деген көзқарасына, екіншіден - студенттердің өмір сүру салтына байланысты екенін анықтадық. Студенттердің денсаулығын бағалау кезінде осы факторлардың тығыз байланыстығын есте сақтай отырып, əр индивидтің көңіл-күйіне, іс-әрекетіне назар аудару керек.

Салауатты өмір салты, денсаулық жəне жұмысқа деген қабілеттілік, тамақтану тəртíбí, психологиялық факторлар бір-бірімен тығыз байланыста болғандықтан əрқашан салауатты өмір салтын насихаттау керек.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Сəтбаева Х.Қ., Соколов А.Д., Абишева З.С. Валеология - наука о здоровье. Оқу-эдістемелік нұсқау. - 2007. - 178 б.
  2. Апанасенко И.А., Попова Л.А. Медицинская валеология. - Р.-на-Дону: 2000. - 248 с.
  3. Брехман И.И. Валеология - наука о здоровье. 2-ое изд. - М.: 1990. - 208 с.
  4. Жетписбаев Г.А. Валеология. - Алматы: 2004. - 124 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.