Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Клиникалық фармакология, едш және физиотерапия кафедрасы сүлікпен емдеу

ҚР сүлікпен емдеу баламалы медицина бағытының дамымаған салаларының бірі.Бұл мақалада сүлікпен емдеудің әзекті мәселелері қарастырылған.

ҚР-да сүлікпен емдеудің Өзекті мәселелері

Сүлікпен емдеу ұзақ жылдар бойы тәжірибе жолымен дамып келген өте бай шежірелері көптеген зерттеушілердің назарын аударуда.

Сүлікпен емдеу әдістерін білу батыс дәрігерлеріне пайдалы ма? Қазіргі дәуірлеген батыс медицинасы барлық елдерге тараса да сүлік салу әдісі әлі де кең етек жайып, өз нәтижесін беруде. .[1.2]

Қазіргі таңда негізгі үш медицина саласы бар:

  1. Халық медицинасы
  2. Дәстүрлі шығыс медицинасы
  3. Қазіргі немесе Еуропа медицинасы

Қазіргі кезде халық медицинасын дәстүрлі шығыс медицинасымен шатастырып теріс түсіну үрдісі кең тараған. Барлығымыз батыс еуропа медицинасын жақсы түсінеміз . Сол себепті халық және дәстүрлі медицина туралы түсінік беруді жөн көрдік.

Халық медицинасы

Медицина ілімінің ең алғашқы элементі - халық медицинасы. Халық медицинасы бір жүйеге келмесе де, тәжірибе жүзінде қолданысқа ие болған ем түрлері аз емес. Дегенмен оның өзіндік тоқтаған жүйесі, пәлсафалық жүйеленбеген жазба дерегі жоқ сезім тәжірибелі (эмпирикалық ) жолымен дамып келген деуге саяды . Шын мәнінде халық емшілігі атадан балаға жеткен мұра болғандықтан, оның бәрі халық жадында жиналып, дер кезінде қағаз бетіне түссе, ізгілікті іс, рухани мол байлық болар еді. Халық зердесіндегі медициналық білімді жинап, жан жақты зерттеу, пайдалысын адам игілігіне жарату игілікті іс болмақ.

Дәстүрлі медицина

Қандай бір халықта да өзінің дәстүрлі медициналық ілімі бар. Дәстүрлі медицина дамыған кездегі пәлсафалық, бір жүйеге келген қағидалық (теориялық) негізі бар, жазбалық мұрағаты бар жүйелі ғылым ретінде - ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келген халық медицинасы дәстүрлі медицинаға өз үлесін қосып, біртұтас ілім, шежіре болып жалғасып келеді . Десе де шығыс медицинасын «ғылыми емес - баламалы» медицинасы ретінде жаңсақ түсіндіріліп келеді.

Жаратылыстану ғылымдарының әдісі - дамудың табиғи жолы - кәдімгі және сұрыпталу әдісі деп көрсек -шығыс медицинасы табиғи жолмен дамыған «халықтық сұрыптаудан» өткен бір жүйеге келген - өзінің зерттеу әдісі, пәлсафалық, теориялық негізі бар бірден бір ғылыми медицина деуге әбден болады. .[14.15]

  1. Қазіргі немесе Еуропа медицинасы - бұл туралы өте көп айтылып жазылатын себепті түсінік берудің маңызы аз деп көрдік.

Қазіргі XXI ғасыр медицинасында қан алып емдеудің негізгі екі әдісі бар.

Осы екі әдістің екеуі де қай медицина саласына жататыны әлі толық анықталмаған.Көптеген зертеушілер баламалы (альтернативтік) медицинаға жатқызады.

  1. Қан алу (Missio sanguinis) - қызыл тамырды немесе көктамырды тесу (тілу ) әдісімен қан айналым жүйесінен қанның белгілі бір мөлшерін емдеу мақсатында алу. Бірақ та қан алу әдісі тек шығыс медицинасында емдеу бес тәсілінің бірі болып келеді. Ресми (Европа) медицинада қолданылмайды, қарсы пікірлер жоқ, оның себебі қан алу әдісінің ресми медицинада зерттелмегені деп көруге болады. .[14]
  2. Сүлікпен емдеу -гирудотерапия немесе бделлотерапия ежелгі кезден белгілі. (латын тілінен аударғанда «гирудо» және грек тілінде «бделло»- сүлік мағынасын береді) Сүліктерді қан алумен қатар әртүрлі ауруларды емдеу үшін қолданады .

Мысалы: б.з.1 ғасырында өмір сүрген Пленей қан алу үшін сүлікті қолданғаны тарихтан белгілі.Сүлікпен емдеуді әйгілі Рим дәрігері Гогел және шығыс медицинасының бәйтерегі Ибн - Сина да кеңінен қолданған. .[1.12]

Сүліктер (Hirudo) - сақина тәрізді құрттар тобына жатады.

Жер шары бойынша сүліктердің 400 түрі бар .ТМД елдері бойынша 80 жуық түрі өмір сүреді. Олар ағын суларда 6-15 жыл көлемінде өмір сүреді.

Жақты сүліктер (Gnathobdellidae) тұқымдасының негізгі өкілі медициналық сүлік Hrudo medicinalis. Қазақстанда қоғалы көлдерде, өзен қайырларында, тоспаларда, ағын суларда, Сырдария бойларында, жылы суларында өте көп таралған. Ұзындығы 120-150 мм, алдыңғы және артқы сорғыштары жаксы жетілген. Омыртқалы жануарлардың қанымен коректенеді.

ТМД елдері бойынша негізінен медициналық және дәріханалық сүліктерді емдеуге қолданады. Кейбір Батыс Европа елдерінде емдеуге кәдімгі сүліктен басқа Солтүстік Африкалық медициналық сүліктерді де қолданады, ал Жапонияда жапондық медициналық ( H.nipoia) сүліктерді қолданады. Медициналық сүліктерден басқа сүліктердің үш түрі бар. Жалған жылқы сүліктері немесе Ніл сүлігі ( Haemoia) Жылқы сүліктері ( Limnatis)

Тарауызды сүліктері. ( Whimania)

Медициналық сүліктер.

Кәдімгі медициналық сүліктің екі түрі болады:

  1. Дәріханалық медициналық сүлік (H. medicinalis officinalis) .Оның сыртқы ерекшеліктері: Ішінде қара таңбалары жоқ, оның орнына екі жақта орналасқан қара жолақтары бар. Арқасында дұрыс орналасқан екі сары-қызыл жолақтары бар.
  2. Емдік медициналық сүліктер (H. medicinalis ) Сыртқы белгілері: ішкі белгілерінде қара дақтары бар арқасында сары- қызыл жолақтары бар, жолақ үстерінде тамшы тәрізді қара дақтар орналасқан.[3,9,18]

Сүлікпен емдеу- батыс медицинасынан түбегейлі айырмашылығы бар дербес ғылым. Қазақстан Республикасындағы сүлікпен емдеу жағдайына келсек бір жүйеге келмеген мамандық ретінде тіркеліп медицина саласында қолдану мәселелері штат (вакансия) -мәселесі қарастырылмаған. Сүлікпен емдеу саласын зерттейтін, дайындайтын қандайда бір орталық немесе институты жоқ. Және ғылыми дәреже беретін Жоғарғы аттестациялық комитет (ЖАК) атауымен жоқ бұл мәселе тек Қазақстанда ғана емес ТМД елдеріндегі барлығына бірдей құбылыс. Сүлікпен емдеу саласындағы мамандар тек ғана қазіргі медицина саласы бойынша ғылыми дәреже және мамандық алады.

Ең шешілмеген мәселесі ШМ 5.11.06. мамандығы бойынша бітірген дәрігерлерге мамандығы бойынша жұмыс орны жоқ. Олар жалпы тәжрибелі дәрігер ретінде жұмысқа орналасып сүлікпен емдеу медицина саласы еліміз бойынша ресми қолданылмайды. Осы дәрігерлерге мамандығы бойынша жұмыс орны ауруханаларда бекітілмеген.Оқыту жайына келсек 2001 жылы ҚР МЖМБС – Қазақстан республикасының мемлекеттік жалпы міндетті білім стандарты бекітіліп медицина оқу стандарты бойынша шығыс медицинасының жалпы 12 928 сағатының 1 % пайызы қан алу сүлікпен емдеу пәндеріне берілген. Сүлікпен емдеу бойынша мамандандырылған клиникасы жоқ себепті осы пәндердің практикалық сабақтары жүргізілмейді. Сүлікпен емдеу баламалы медицинасының тек бір ғана саласы. Сүлікпен емдеу эдістерінің теориялық ғылыми негізі элі де болса беймэлім. Сүлікпен емдеуші маман дэрігерлер сүлікпен емдеу баламалы медицинасының іргелі, қолданбалы теориялық, практикалық ғылыми негізін толық меңгеруі шарт. Бул мақаланың негізгі мақсаты Батыс дэрігерлеріне осы мэселені шешуге аз да болса үлес қосу.

Сүлікпен емдеу баламалы медицинасынын дэріптегенде феноменшілікке жол бермей диалектикалық турғыдағы көзқарасты қалыптастырып адам ағзасы бір тұтас деген қағиданы негізге алу қажет. Осы түсінікті батыс медицинасының бэйтерегі Гиппократ, Гален, Цельс, Парацельс қағидаларынының ғылыми эдістеріне сүйене отырып түсіндіру қажет.[2,15]

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (WHO) да сүлікпен емдеу бойынша жыл өткен сайын қызығушылық танытуда . Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2011 жылы Тынық мухиттың батыс жағалауындағы елдердің арнаулы жиналысын шақырып, сүлікпен емдеу бойынша дамытудың стратегиясын бекіткен болатын.

Сүлікпен емдеу туралы ғылыми жиналыстар барған сайын көбейіп, Еуропа, Америка, шығыс оңтүстік Азияда сүлікпен емдеу туралы ғылыми конференциялар турақты түрде өткізілуде.

Ресейде қазіргі кезде сүлікпен емдеу баламалы медицинасын мойындап, мемлекеттік емдеу мекемелерінде қолдануға рұқсат берілді. Ресей федерациясының Денсаулық сақтау министрлігі сүлікпен емдеу эдісін ресми қабылдап , офтальмологияда (1995), стоматологияда (1996), жедел ишемилық инсультын (1999) емдеу нусқаулықтарын бекітіп қолданысқа енгізілген.

Сүлікпен емдеу Ассоциациясы соңғы он жылда ТМД мемлекеттері арасында сегіз рет ғылыми- тэжрибелік конференция ұйымдастырылған.

Қазіргі уақытта дэрігерлер мен ғалымдардың арасында сүлікпен емдеу эдістеріне байланысты екі қарама-қарсы көзқарас бар.

Бірінші көзқарас қарсылық білдіретіндер. Яғни, батыс медицинасымен айналысатын дэрігерлердің бір бөлігі 4,5 мың жыл қолданылған сүлікпен емдеу эдістеріне түбегейлі қарсы.

Сүлікпен емдеу эдісінің нэтижесін өз тэжрибесінде қолданған дэрігерлердің пікірі мүлдем басқаша.. Сүлікпен емдеу эдістері батыс дэрігерлеріне көптеген қиын емделетін ауруларға қарсы ем жүргізуіне мүмкіндік береді. Осының бір дэлелісүлікпен емдеу туралы Ресейде көптеген сүлікпен емдеу кітаптары шығарылып, мамандар дайындайды . Осы дамыған елдердің ортақ көзқарастарын біріктіріп, қазіргі медициналық түсініктерімен толықтырып, элемдік стандартқа сай мамандар дайындауға жол ашары даусыз.[12]

Сүлікпен емдеуге негізгі кӨрсеткіштер:

Тірек бұлшықет жүйесінің аурулары (остеохондроздар, омыртқа жарықтары, радикулит, артроздар жэне артриттер, миозиттер) Көк тамыр аурулары (тромбоздар, тромбофлебиттер, көктамырлардың варикозды кеңеяі).

Артериалды гипертензия, ЖИА, геморрагиялық жэне ишемиялық инсультті кезінде өте жиі қолданылады.

Гирудотерапия гинекологияда қолданылады (бедеулік, кисталар, миомалар, жабыспалар,етеккір циклының эртүрлі бузылыстары).

Сүлікпен емдеудің тиімділігі

  1. Қан алу -жалпы қан тамырларлы босатады, қан қысымын қалпына келтіреді, ағзаға оңтайлы эсер етеді;
  2. Ине шаншу эдісімен салыстырғанда күшті рефлекторлы эсер етеді, өйткені сүлік терідегі ББН (биологиялық белсенді нүктелерді) тістеп, ағзаның энергетикасын қалыптастырады;
  3. Сүліктің сілекей бездері ағзаға биологиялық эсер етеді, онда 100 ден аса емдік эсерлі биологиялық белсенді ферменттер бар.

Адамның ағзасына эсер етуіне байланысты сүліктің сілекейініэң қурамы үш негізгі топқа бөлінеді:

а) адам иммунитетіне жэне патогенді микрофлораға қабынуға қарсы, бактериостатикалық, иммуностимулдеуші эсер етеді;

б) қан тамыр қабырғасына антиатеросклероздаушы жэне ишемияға қарсы ферменттері эсер етеді;

в) гипотензивті жэне лимфогенді эсер ете отырып, қанның ағуын ынталандырады.

Сүлктің сілекей сөліндегі адам ағзасына негізгі жэне алмастыра алмайтын зат - гирудин. Бұл заттың қурамына көптеген аминқышқылдары, глутамин, аспарагин, лизин, цистин, глицин, серин жэне тағы басқалары кіреді. Сүліктің гирудин ферменті эсерімен адам ағзасындағы тромбтардың пайда болуын алдын алып жэне тромбтарды ерітіп, қан тамыр жүйесінің тазартылуын қамтамасыз етеді.[8,14]

Қытай медицинасында тірі сүліктерді пайдалану соңғы он жылда дамып келе жатқан жаңа бағыттардың бірі, гирудопунктура ( латынша Hirudina - «сүлік», puncture - ине), қытайша - Шуей-джи-чжен - ине. Гирудопунктура биологиялық белсенді нүктелерге(биологиялық нүкте) сүлікті қоя болып табылады.[16] Жоғарыда көрсетілгендей геморрагиялық жэне ишемиялық инсульттінің өткір жэне реабилитация кезінде таңдамалы сипаты дэлелденген.

Жыл сайын елімізде 49 мыңнан астам адам инсульт алады. Соның ішінде 80% науқастар мүгедек болып қалуда.*2] Өлім көрсеткіші басқа дамушы елдермен салыстырғанда едэуір 100000 ға шаққанда жоғары 239.9- тең. Жапонияда бұл көрсеткіш -75.8 ал АҚШ та -48.0 ге тең.[16]

Инсульт (лат. insultus - соққы,кыспа талу, инсульт) - ми тінінің зақымдалып, оның қызметінің, мидағы қанайналысының кенеттен бұзылуы; осының салдарынан миға қан қуйылады, немесе ми тамырлары бітеліп қалады(тромбоз). Инсульттың басты себебі — гипертония ауруы жэне ми тамырларының атеросклерозы.Көп ретте ауру адам кенеттен құлап, есінен танады;оларда аяқ пен қолдың парезы (сал болуы) эдетте дененің бір жағынан басталады, тілі күрмеледі,алғашқы сағаттарда тыныс алуы бұзылып, денесі тырысады, қусады. Мұндай науқаспен ауырған адам ерекше күтімді қажет етеді. [15]

Сүлікпен емдеу аурудың алдын алу жэне қайта қалпына келтіру (реабилитация) саласына қолдану қолайлы жэне нэтижесі жоғары..

Себебі дэрі - дэрмекті қажет етпейді жэне де кері эсері аз. Сүлікпен емдеу Қазақстанда жүйелі түрде дамымаған десе де қазіргі кезде Қазақстанда сүлікпен емдеу орталықтарының саны көбеяде.

Өте маңызды мэселелердің бірі қазіргі кезде сүлікпен емдейтін мекемелер жэне жеке тұлғаларға Денсаулық сақтау министрлігінде сүлікпен емдеуге бақылау жасап ,бағыт бағдар беретін , емдеу шараларын бақылайтын тетігі толық қарастырылмаған. Соңғы кезде Астана , Алматы қалаларында сүлікпен емдеу орталықтары көптеп ашылуда осы мекемелерді ғылыми тұрғыдан бақылайтын жэне қолданылатын сүлікті тексеріп стандарттап,сапа сертификатын беретін мекеме кажеттілігі өзекті мэселе.

Сүлікпен емдеу мэселелері осы заманғы медицинаның бірден-бір шешімі табылмаған саласы болып саналады. Өкінішке орай, күні бүгінге дейін бұл сұраққа жете көңіл аударылмай келгені рас. Қазіргі күні сүлікпен емдеу жағдайы дабыл ҚаҒарлыҚ жағдай екендігін мойындау қажет.

XXI ғасырларда умыт бола бастаған «қан алу сүлікпен емдеу» қайта жаңғырып, осы мамандық бойынша дайындалатын болашақ дэрігерлердің шипагерлік іс- тэжірибесінде, осы тэсілді жиі қолдануына көмегін тигізеді деп сенемін.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Абу Али Ибн Сина. "Канон врачебной науки". т.1-10. Изд. "Фан". Республика Узбекистан. - Ташкент: 1997. - С.78.
  2. "Атлас тибетской медицины". - Изд. АСТ ЛТД. - 1998. - 592 б.
  3. "Дархадамба" (Қан алу) тибет тілінде ксилограф. (XII ғасыр). - 208б.
  4. Дәмбәрәл Д. "Қан алу, қыздыру тәсілі" (монғол тілінде). - Уланбатор: 1992. - 82 б.
  5. Жигмәд Б. "Қан алу тарихи шежірелері". Ішкі монғол. Хөх хот. - 1990. - 92 б.
  6. Мянганбатар. "Таван засал". Ішкі монғол. Хөх хот. - 1990. - 123 б.
  7. Хайдав Қ. "Дорна дахины анагаах ухааны судар бичгийн тойм (Шығыс медицинасы шежірелерінің жинағы). - Уланбатор: 1975. - 180 б.
  8. Шалхаров С. Ш.,Кунанбай К. .Кн. "Кровопускание" учебное пособие. - Туркестан: 1998. - 146 б.
  9. "Жуд-Ши". (Канон тибетской медицины). - М.: изд. Форма. - Восточная литература, РАН. - 2001. - 766 б.
  10. Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы. "Шипагерлік баян". - Алматы: "Жалын". - 1996. - 464 б.
  11. Каменев Ю.Я., Каменев О.Ю. Вам поможет пиявка. Гирудотерапия. - СПб.: ЗАО и ВЕСЬ, 1999. - С.265.
  12. Никонов Г.И. Медицинская пиявка. Основы гирудотерапия. СДС. - СПб.: 1998. - С.320.
  13. Мин Сунь Янь., Дж. Цзян, М.Л.Чэнь. Целительное прикосновение будды. - М.: 2003. - С.192.
  14. Құнанбай Қ " Шығыстың қан алу дәстүр" оқу қүралы. - Түркістан: 2011. - 160 б.
  15. Құнанбай Қ., Шалхарова Ж.Н., " Шығыс медицинасы диагностикасының негіздері" Оқу қүралы . -Түркістан: 2005. - 260 б.
  16. Проблема ишемического инсульта в Казахстане: диагностика, лечение, профилактика. Результаты исследования KAZRAISE Л.Б. Куанова, Н.С. Кайшибаев, Г.Б. Абасова, О.А. Антоняк,С.Ю. Ахмулаева, Л.Б.
  17. Агакишиев, Д. Д. Эффективность гирудотерапии при лейомиоме кожи // Вестник последипломного медицинского образования. 2006. - N 3/4 .
  18. Adams S. The Medicinalis Leech. Ann. Intern. Med., № 109, 1988.
  19. Шипилова, А. В. Гирудотерапия в комплексном лечении больных с неврологическими заболеваниями // Медицинская помощь. - 2003.- N 6. - С.19.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.