Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қосарланған жарақаттар кезінде ш¥ғыл хирургиялық көмек көрсету жолдарын жақсарту

2007-2012 жылдар аралығында Алматы қаласының №4ҚКА-на қосарланған жарақатпен түскен науқастарға талдау жасалған. Қосарланған жарақат алушылардың басым бөлігі ер адамдар және жұмысқа қабілетті жастағылар екені анықталды. Жол апатынан алынатын жарақат үлесі басым екендігі, әліде болса жарақат алғандардың медициналық көмекке кеш жүгінетіндігі орын алып отыр. Эндовидеохирургиялық технологияларды қолдану, ішкі ағзалардың жарақатын дер кезінде анықтауға мүмкіндік берді. Қабылдау бөлімінде құрылған «белсенді травматологиялықтоп» науқас өміріне араша түсуде жүйелі түрде әрекет етуде.

Қазіргі кезеңде қосарланған жарақат кездесу жиілігі және ауырлығы жөнінен жыл санап артып келеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша жарақаттар арасында қосарланған жарақаттың үлесі 12% -дан 36% жетіп, өлім көрсеткіші 23,3%-дан 85%-ды қурап отыр [1,2]. Әлемдік статистика мәліметі бойынша 50 жасқа дейінгі адамдардың арасындағы өлім себебі ретінде жарақат бірінші орында тұр. Жарақаттардың басты себептерінің бірі - жол апаттары. Әлем бойынша жыл сайын жол апатынан 10 миллионнан астам адамдар ауыр механикалық жарақаттар алады екен, соның 1,3 миллионға жуығы қайтыс болады [1,2]. Біздің елімізде жыл басынан бері жол жүру ережелерін бұзудың 2,5 миллионнан астам фактісі тіркеліп, оның ішінде 26 мың жағдайда көлікті мас күйінде жүргізудің фактісі тіркелген. Соның салдарынан 2400 адам қаза болып, 80 мыңнан астам адам зардап шеккен. Сондықтан бұл қазіргі таңда тек қана денсаулық сақтау саласының ғана емес, мемлекет деңгейіндегі мәселе болып отыр.

Жұмыстың мақсаты - қосарланған жарақат алған науқастарға көмек көрсету нәтижелерін сараптап, қурсақ қуысы ағзаларының зақымдануын анықтау және емдеу тәсілдерін жақсарту.

Зерттеу материалы мен әдістер. Зардап шеккен науқастарға медициналық көмек көрсету сапасының бірнеше компонентке, яғни зардап шеккен жердегі алғашқы көмекке, «жедел медициналық жәрдем» қызметкерлерінің алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуі мен зардап шегушіні стационарға тасымалдау әрекетіне және стационардағы медициналық көмектің сапалылығына тәуелді екені белгілі *А.И.Андрейцев, 1991; Dean J., 2005+. Міне осы жағдайларды ескере отырып Алматы қаласында тұрғындарға шұғыл жағдайларда медициналық көмек көрсетуді жақсарту мақсатында жасалынған қайта құрулардың нәтижесінде 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап №4ҚКА-да хирургия және қосарланған жарақат бөлімшелері ұйымдастырылды. Біздің зерттеумізге 2007-2012 жылдар аралығында №4ҚКА-ң қосарланған жарақат бөлімшесінде емделген науқастар негіз болды.

Қосарланған жарақат алған зардап шегушілердің 60-70% емдеу мекемесіне травмалық шок жағдайында түсуі мүмкін, осындай жағдайларда науқастың жалпы жағдайына барынша дұрыс баға беріп, өміріне қауіп төндіріп тұрған патологиялық үдерістің басты себебін анықтаудың маңызы зор. Осыған байланысты ауыр жарақат алған науқастарға жылдам және сапалы медициналық көмек көрсету үшін, №4ҚКА-ның қабылдау бөлімінде «белсенді травматологиялық топ» құрылған. Бұл топтың құрамына: жауапты травматолог, хирург, реаниматолог, рентгенолог, функциональды диагностика бөлімінің дәрігері, екі медбике және екі кіші медбике кіреді. Қосарланған жарақат кезіндегі «алтын уақыт» ережесін басшылыққа ала отырып ауыр жарақатпен жеткізілген науқасты қабылдау бөлімінде бөгелместен, бірден реанимация бөлімшесіне жатқызылады да, санаулы минуттар ішінде «травматологиялық топ» іске кірісіп, науқасты жылдам тексеріп, жедел сапалы медициналық көмек көрсете бастайды.

Қосарланған жарақат алған зардап шегушілердің арасында құрсақ қуысы ағзалары зақымдалған науқастар ерекше топқа жатқызылады. Ол ерекшеліктердің басты себептері қосарланған жарақат кезіндегі қурсақ қуысы ағзаларының зақымдануларында жарақат белгілерінің анық байқалмауы немесе жасырын түрде байқалуы мүмкін, ал кейбір зақымдану болмаған жағдайлардың өзінде керісінше жарақаттанудың клиникалық көріністері орын алуы мүмкін. Ауру сезімін тудыратын көптеген ошақтардың болуы, қан кетулер, бас миының зақымдалуы кеуде және іш қуысы ағзаларының зақымдалу белгілерінің өзгеруін немесе мүлде анықталмауын туғызады.

Біз науқастарды жалпы қарап зерттеуді қалыптасқан әдіс- тәсілдер бойынша жүргіздік. Қанды, зәрді жалпы талдаумен қоса УДЗ, рентгенография, КТ зерттеу әдістерін науқастың жалпы жағдайын, гемодинамикалық көрсеткіштерін ескере отырып қолдандық. Күмән тудырған жағдайларда қосарланған жарақат алған науқастарға бақылаудың 33,3% диагностикалық лапароскопия жасалынды.

Кесте 1 - 2007-2012 жж. аралығында №4 ҚКА-ға қосарланған жарақатпен түскен науқастардың көрсеткіші

Жылдар

Жалпы

Ерлер

Әйелдер

Абс. саны.

Салыстырмалы үлесі %

Абс. саны.

Салыстырмалы үлесі %

2007

97

80

82,5

17

17,5

2008

59

43

72,9

16

27,1

2009

78

76,9

18

23,1

2010

29

25

86,2

4

13,8

2011

76

56

73,7

20

26,3

2012

118

90

76,3

28

23,7

Барлығы

457

354

77,5

103

22,5

2007-2012 жылдар аралығында №4 қалалық клиникалық ауруханаға қосарланған жарақатпен барлығы 16 жас пен 82 жас аралығындағы 457 науқас жедел түрде түскен. Олардың басым бөлігін 40 жасқа дейінгі науқастар құраған, 356 (77,8%). Соның ішінде жоғарыдағы кестеден көріп отырғанымыздай жарақат алғандардың ішінде ерлердің үлесі басым, яғни 354(77,5%) ерлер, ал әйелдер 103(22,5%).

Диаграммадан көріп отырғанымыздай жарақат алушы әйелдердің үлесі де жыл санап өсіп келеді. Бұл дегеніміз автокөлік жүргізуші, ауыр құрылыс саласында жұмыс істейтін әйелдер санының жыл санап артуымен түсіндіріледі

Кесте 1 - 2007-2012 жж. аралығында №4 ҚКА-ға қосарланған жарақатпен түскен науқастардың жарақат алу себептерінің кестесі

Себептері

Абс. саны.

Салыстырмалы үлесі %

Үй-тұрмыстық

57

12,4

Көшедегі (көлікпен, жаяу)

203

44,5

Жұмыс орнында (биіктіктен қулау, т.б)

44

9,6

¥рып -соғу (белгісіз немесе белгілі адамдардың)

49

10,7

Жарақат себебі белгісіз

104

22,8

Науқастардың жарақат алу себептеріне де талдау жасалынды. Талдау барысында 203(44,5%) науқас көшеде жарақат алған, яғни автокөлік апатынан, жаяу жүргіншіні автокөлік қағуы, т.б. себептерден; 104 (22,8%) жарақат себебі белгісіз болды; 57 науқас (12,4%) үй-тұрмыс жағдайында (шатырдан, ағаштан құлау, ауыр жүк астында қалу т.б.) жарақат алған;49(10,7%) белгісіз немесе белгілі адамдардан зардап шеккен; 44 (9,6%) жұмыс орнында, жұмыс барысында жарақат алған. Мәліметтерден біз көшедегі, яғни жол апатынан алынатын жарақаттардың үлесінің басым болып тұрғанын аңғарамыз. Бұл қалада автокөлік санының артуымен, жүргізушілердің жол ережесін жетік білмеуімен немесе көлікті мас күйінде жүргізулерімен түсіндіріледі.

 

Жарақат алған науқастардың өмірін сақтап қалу деңгейі уақытқа тікелей байланысты. Сондықтан біз 2007-2012 жылдар аралығындағы №4 қалалық клиникалық ауруханаға қосарланған жарақатпен түскен науқастардың жарақат алғаннан бастап қанша уақытта ауруханаға жеткізілгендеріне талдау жасадық. Алынған мәліметтер бойынша 1 сағат ішінде 59,6% жарақат алған науқастар жеткізілген; ал 2-3 сағат ішінде 10,5%; 4-9 сағат ішінде 8%; 1 тәуліктен соң 8,1%; 2 тәуліктен соң 8,5%; 3 тәуліктен соң 5,2% науқастар стационарға жеткізілген. Бұл дегеніміз жарақат алған адамдардың немесе оның жанында болғандардың әлі де болса медициналық көмекке кеш жүгінетіндігін көрсетіп отыр.

Келесі кезекте ағзалардың зақымдалуының ара-қатынастық үлесі талданды. Қосарланған жарақатпен түскен науқастардың ішінде 90% жағдайда бас миының қосарланып зақымдалуы; 55% қуысты ағзалардың (өңеш, асқазан, ащы және тоқ ішек) қосарланып зақымдалуы; 85% кеуде қуысының жабық жарақаттарының қосарланып зақымдалуы; паренхиматозды ағзалардың жарақатынан 37% бауырдың, 31% көкбауырдың; 25% өкпенің; 5% бүйректердің; 3% ұйқы безінің қосарланып зақымдалуы анықталды.

 

Келесі кезекте летальдылық деңгейі талданды. Талдау бойынша қосарланған жарақатта летальдылық көрсеткіші 2007 жылы 33(28,4%) науқас қайтыс болса, келесі жылдары летальдылық

Қорытынды: 2007-2012 жылдар аралығында №4 Қалалық клиникалық ауруханаға қосарланған жарақатпен түскен науқастардың саны кемімей отырғаны, ал өлім көрсеткішінің біршама төмендегені тіркелді. Жарақат алушылардың басым бөлігі ер адамдар және жұмысқа қабілетті жастағылар-85,5% екені анықталды. Жарақат алу себебіне байланысты жол апатынан алынатын жарақат үлесі басым (44,5%) екендігі дәлелдені п, әліде болса жарақат алғандардың медициналық көмекке кеш жүгінетіндігі орын алып отырғаны көрсеткіш төмендеді: 2008ж.-27(23,3%); 2009ж.-16(13,8%); 2010ж.-15(12,9%); 2011ж.-13(11,2%), 2012 жылы 12 науқасты (10,3%) құрады.

байқалды. Құрсақ қуысы ағзаларының қосарланған жарақат кезіндегі зақымдануын анықтауда эндовидеохирургиялық технологияларды кеңінен қолдану ішкі ағзалардың жарақатын дер кезінде анықтауға және жарақаттың орын алмағандығына көз жеткізуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, қабылдау бөлімінде құрылған «белсенді травматологиялық топтың» жүйелі түрде әрекет етуінің науқас өміріне араша түсуде ерекше екендігі күнделікті тәжірибеде нақты дәлелденуде.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Абакумов М.М., Лебедев Н.Н., Малярчук В.И. Повреждения живота при сочетанной травме. — М.: Медицина, 2005. — 174 с.
  2. Багненко С.Ф. Сочетанная механическая травма. - СПб.: 2005. — 55 с.
  3. Соколов В.А. «Damage Control» — Современная концепция лечения пострадавших с критической политравмой // Вестник травматологии ортопедии им. Н.Н. Приорова. - 2005. — № 1. — С. 81-84.
  4. Гуманенко Е.К., Бояринцев В.В., Супрун Т.Ю., и др. Объективная оценка тяжести травм. — СПб.: ВМеДА, 1999. — 110 с.
  5. Ермолов А.С. Основные принципы диагностики лечения тяжелой сочетанной травмы // 50 лекций по хирургии / под. ред. В.С. Савельева. — М.: Медиа Медика, 2003. — С. 292-295.
  6. Ерюхин И.А., Шляпников С.А. Экстремальное состояние организма. - СПб.: Эскулап, 1997. — 334 с.
  7. Государственная программа развития здравоохранения Республики Казахстан «Саламатты Қазақстан» на 2011 - 2015 годы.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.