Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Парақорлықтың сыбайлас жемқорлық қылмыс ретіндегі пайда болу тарихы

Аталмыш мақалада Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру мәселелерін қарастырады. Тұтастай мемлекет пен қоғамның сыбайлас жемқорлықтың ары қарай дамуына кедергi келтiретiн пәрменді шараларды қалыптастыру бойынша бірізді жүйелі жұмысының ары қарай жүргізілуі мақсатты және қажет екендігіне баса назар аударылады.

Қазіргі жан-жақты өзгерістерге толы қоғамда жағымсыз құбылыс сипатындағы парақорлықтың сыбайласқан жемқорлық қылмысы ретіндегі кең етек алу мәселесі оған қарсы нәтижелі іс-қимыл көрсетудің жаңа жолдарын іздестіру қажеттілігінен туындап отыр. Осы себептерге байланысты, сыбайласқан жемқорлық қылмысы ретіндегі парақорлыққа, яғни пара алу, пара беру және параға делдалдыққа қарсы іс-қимыл шаралары кез келген өркениетті ел үшін маңызды сұрақтардың алдыңғы легін бастап тұрғаны айқын. Осындай жағымсыз құбылысқа қарсы іс-қимыл көрсету кез келген мемлекет саясатының басым бағыты екендігі кездейсоқ емес, әсіресе мемлекеттік басқару мен қызмет аясында, немесе билік органдарының сыбайласқан жемқорлықпен зақымдануы мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік үрдістердің реттеушісі ретіндегі ролінің төмендеуіне әкеледі, қоғамдағы құқықбұзушылықтың орын алуына жәрдемдеседі және нәтижесінде адам мен азаматтардың бойында билік өкілдерінің олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау қабілетіне деген сенімін жоғалтады.

Жалпыға таныс сыбайласқан жемқорлық құқықбұзушылығының аса қауіпті және кең таралған нысаны - парақорлық, яғни пара алу, пара беру және параға делдалдық мемлекет механизімінің барлық салаларына терең еніп қалған жағымсыз құбылыс. Ол бір жағынан алғанда адам мен азаматтардың бойында билік органдарына деген сенімсіздік қасиетін тудыртса, екінші жағынан өзінің тұрмыстық, жеке, кәсіпкерлік және өзге де жағдайларын шешумен байланысты парақорлыққа, яғни пара алу, пара беру және параға делдалдыққа шыдамды қатынасты тудыртып, бұл құбылысқа қоғамның қарсы тұру мүмкіншілігі мен адамгершілігіне кері әсер етеді.

Адамзат дамуының ежелгі дәуірінен бастап дамып, тамырын тереңге жіберген пара алу, пара беру және параға делдалдық сияқты жағымсыз құбылыстар қоғамда қылмыстылыққа бой алдырады, мемлекеттердің қарқынды дамуына кедергі келтіреді. Мемлекеттегі парақорлықтың, яғни пара алу, пара беру және параға делдалдықтың етек алып кетуінің тағы бір қауіптілігі - мұндай құбылыс азаматтарды адамгершілік жағынан аздырады, олардың мемлекетке және билік органдарына деген сенімін жоғалтады, құқыққорғау органдарының қызметін дұрыс бағаламауға, олардың жұмысына көмек көрсетуден бас тартуға итермелейді, сондай-ақ, мемлекеттің құқық қорғау сипатындағы мәнін мүлде теріс бағалауға бағытталған көзқарастардың дамуына жол береді. Кез келген қоғамдағы басқару аппаратымен бірге пайда болған парақорлық, яғни пара алу, пара беру және параға делдалдық қылмысынан әлемнің ешқандай елі, ешқандай саяси жүйесі сақтандырылмаған жағымсыз құбылыс екендігі заңды құбылыс. Сыбайласқан жемқорлық құқықбұзушылықтарының бір түрі ретіндегі парақорлық, яғни пара алу, пара беру және параға делдалдық - саяси, экономикалық, қылмыстық түбірге ие бола отырып, адам қызметінің барлық аясына кiредi, яғни саяси, әлеуметтiк өмірді бұрмалайды, экономикалық өсуді бөгелтеgi, демократияның негіздерін сетінетеді, азаматтардың мемлекетке деген сенiмiн түсiредi. Өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметгік мемлекет ретiнде орнықтыра отырып [1], егемендік тізгінін қолына алғанына көпжылдық тәжірибесі бар мемлекетіміз үшін парақорлыққа, яғни пара алу, пара беру және параға делдалдыққа қарсы іс-қимыл мәселесі басымдылық көрсетіп отырған міндеттерінің қатарынан түскен емес. Заң әдебиеттерінде парақорлықты қоғамға қауіпті іс- әрекеттерді үнемі жасау деп түсіндіру көзқарасы қалыптасқан, бірақ мұндай түсінік парақорлыққа, яғни пара алу, пара беру және параға делдалдыққа қарсы іс-қимылды өте қиындатып жібереді, себебі үнемі жасау ұғымын сипатын дәлелдеу қажеттілігі туады. Сонымен бірге парақорлықтың қауіптілікті оның қылмыстық-құқықтық қорғау объектісін елеулі түрде бұзады. Осы келтірілген зиянды қолсұғушылықтың санына қатысты қарап бағалау дұрыс емес. Қызмет өкілеттілігін бір рет теріс пайдаланудың өзі жеке адам, қоғам, мемлекет мүддесіне онша қауіпті емес бірнеше сыбайласқан жемқорлық қылмысын жасаудан гөрі көп зиян келтіруі мүмкін. Сонымен, барлығымызға белгілі парақорлық түсінігіне "зақымдау", "параға сатып алушылық", толықтай алсақ параға сатып алу арқылы биліктің дұрыс қызметінің бұзылуы ұғынылады. Сонымен, парақорлық ұғымының түбірінде - "параға сатып алу", "пара" деген латын сөздері жатыр. Рим құқығында сондай-ақ оған жалпы сөзбен айтқанда - "сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу" деген түсінік бере отырып, құқыққа қарсы іс-қимылды білдірген [2, 89б.].

Орыс тілінің түсіндірме сөздігі парақорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды [3, 125б.]. Сыбайласқан жемқорлық - мемлекеттік басқару құрылымдарындағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерін жеке бастарының пайдасы мен мүддесі үшін пайдалану мақсатында жасаған қоғамға қауіпті қылмыстық іс-әрекеттері. Оның жалпылама белгілеріне: лауазымды адамның өзінің немесе делдал арқылы пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына жасаған іс-әрекеті (әрекетсіздігі) үшін ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлік, мүлік құқығы немесе мүлік сипатындағы пайда түрінде пара алу, туыстық, жерлестік, т.б. жақындықтарына байланысты қызметке ретсіз қабылдау және көтермелеу, сондай-ақ, мемлекеттік және қоғамдық мүліктерді талан-таражға салу жатады [4, 166б.].

Қай кезеңде болмасын кез келген мемлекетте сыбайласқан жемқорлық құқық бұзушылығының бір нысаны ретіндегі парақорлықтың, яғни пара алу, пара беру және параға делдалдықтың орын алуы көлеңкелі экономиканың пайда болып, экономикалық өсу қарқынының тежелуіне және әлеуметтік, саяси шиеленістердің күрт асқынуына ұрындырады. Сонымен қатар жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлері парақорлық, яғни пара алу, пара беру және параға делдалдық қылмысына салынған жағдайда құқық қорғау органдары оларды жасаған қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тарта алмайтын жағдай қалыптасады. Сыбайласқан жемқорлық құқықбұзушылығының жасалу түрлеріне қарап екіге бөлінеді: жекелеген лауазымды қызметкерлер жасаған қылмыстық іс-қимыл және бірнеше лауазымды қызметкерлер бірігіп жасаған қылмыстық іс-қимыл [5, 97б.]. 1989 жылы әлемнің дамыған 37 мемлекеті халықаралық бизнестегі сыбайласқан жемқорлыққа қарсы қарсы іс-қимыл көрсету туралы конвенцияға қол қойғандығын тарихтан білеміз. Еліміз халықаралық бизнестегі сыбайласқан жемқорлық қылмысына қарсы қарсы іс-қимыл көрсету конвенциясына қосыла отырып, 2015 жылы 18 қарашада қабылдаған "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңында сыбайласқан жемқорлыққа: "...мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, тікелей өзі немесе делдал арқылы өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу"- деген сипаттама береді [6]. Аталмыш заңнама адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайласқан жемқорлық құқықбұзушылығының көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамсыз етуге, сыбайласқан жемқорлық құқықбұзушылығының алдын алуға бағытталған. Қоғамымыздың барлық саласына дендеп еніп бара жатқан сыбайласқан жемқорлық құқықбұзушылығының жолына батыл тоқсауыл қойып, олардың зардаптарын жою және мүдделілерді жауапқа тарту - еліміздің ең басты міндеттерінің алдыңғы шебіннен ешқашан түскен емес. Бұл мәселенің маңыздылығы 2012 жылғы 14 желтоқсандағы "Қазақстан-2050" Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Елбасымыз Н.А.Назарбаевтың еліміз халқына арналған Жолдауында көрсетілген. Онда мемлекет пен қоғам бірлесе отырып сыбайласқан жемқорлық қылмысына қарсы тұруы керектігі атап өтілген. Мемлекет пен қоғам сыбайласқан парақорларға қарсы қарсы іс-қимыл көрсететін бір күш болуға тиіс. Парақорлық, яғни пара алу, пара беру және параға делдалдық мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып саналады. Біз түпкі мақсатымыз - парақорлықты қоғамға қажетсіз құбылыс ретінде жою үшін парақорлыққа, яғни пара алу, пара беру және параға делдалдыққа қарсы заңнамаларды жетілдіру арқылы парақорлыққа қарсы іс-қимылды қатты күшейтуіміз керек [7]. Өмір барысы көрсеткендей сыбайласқан жемқорлық қылмыстары парақорлықпен, яғни пара алу, пара беру және параға делдалдықпен тікелей байланысты. Қазақстанда парақорлықтың сыбайласқан жемқорлықтың нысаны ретінде таралып, жағымсыз құбылысқа айналу себептері осы тектес жағымсыз құбылыстарға қарсы іс-қимыл көрсетудің жаңа жолдарын іздестіру мәселелерін алдыңғы қатарға көтеруде.

2014 жылғы 17 қаңтардағы "Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" Қазақстан халқына Жолдауында Елбасымыз парақорлыққа қарсы әрекет бойынша былай атап өтті: аса маңызды міндет - сыбайласқан жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру және іске асыруды жалғастыру. Көрсетілген жағдайлар сыбайласқан жемқорлық мәселелерінің жағымсыз әлеуметтік- саяси, экономикалық және құқықтық құбылыс ретінде зерттелуі оның қоғамдағы көкейкестілігін куәландырады. Сыбайласқан жемқорлыққа қарсы іс- қимылдың қазіргі кезеңдегі негізгі белгісі ретінде сыбайласқан жемқорлыққа қарсы саясат субьектілерінің әріптестігі қағидасына, онымен қарсы іс-қимылу кезінде алдын алу шаралары мен ізгілік бастауларының басымдылығына негізделген оның жалпыхалықтық сипаты болуы керек. Бұдан басқа, әрекеттегі сыбайласқан жемқорлыққа қарсы іс- қимылдың құқықтық жүйесінің кей бағыттарда халықаралық құқық нормалары талаптарына сай келмейтіндігі сыбайласқан жемқорлыққа қарсы шаралардың жүзеге асырылуының нәтижелілігін төмендетеді. Пара беру, пара алу және делдал болу - бұл бір объектіге қол сұғылатын біртұтас, екіжақты немесе көпжақты қылмыс. Парақорлықтың тектік объектісі лауазымды тұлғаның іс-әрекеттерді жасаумен байланысты болатын қоғамдық қатынастар. Түрлік объектісі бұл өзінің қызмет міндеттемелерін орындаумен байланысты, жеке және заңды тұлғалардан сый ақыны алуға тыйым салу болып табылатын қоғамдық қатынастар. Парақорлық экономикалық, әлеуметтік, саясат, құқықтық, рухани- адамгершілк кешендері негізінде туындайды. Парақорлық құбылысының кең таралу себебі, мемлекет және қоғам істерін басқарудағы ауқымды қателіктердің болуы, бетімен кетушілік психологиясының таралуы және өзінің жеке қамсыздандыру үшін кез келген құралдарға ашық түрде жол берілушілігі, құқықтық нигилизм және құқықтық цинизм. Сол үшін алдымен қоғамда парақорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастырып, бұл іс-әрекеттің заңнамаға қайшылығын түсіндіруіміз керек. Сонымен, сыбайласқан жемқорлық қылмыс ретіндегі парақорлықтың табиғатын, оның пайда болу себептерін және даму жағдайларын, қазіргі қазақстандық қоғамдағы сыбайласқан жемқорлық әрекеттерінің көріну нысандарын жан-жақты зерттеу, сондай-ақ осы тұрғыда оның алдын алуға ықпал ететін шараларды негіздеу маңызды мәселелер болып қала бермек.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995 жыл (2017 жылы енгізілген өзгерістері мен толықтыруларымен). http:// www.zakon.kz
  2. Агыбаев А.Н. Уголовно-правовые и криминологические меры борьбы с коррупцией: Уч. пос. - Алматы, 2003.
  3. Д.Н.Ушаков. Большой толковый словарь современного русского языка. М., 2008.
  4. Борчашвили И.Ш. Коррупционные преступления: закон, теория и практика. Монография. - Алматы: Жеті Жарғы, 2008.
  5. Алауханов Е.О., Турсынбаев Д.Е. Борьба с коррупцией в государственных органах Республики Казахстан: Уч. пос. Под ред. Е.О. Алауханова. - Алматы. 2008.
  6. Қазақстан Республикасының "Сыбайласқан жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңы. 2015 жылғы 18 қараша, №410-Ү ҚРЗ. (28.12.2018 жылы енгізілген өзгертулерімен қоса).
  7. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан. "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру". http://www.akorda.kz

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.