Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру мәселелері

Аталмыш мақалада Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру мәселелерін қарастырады. Тұтастай мемлекет пен қоғамның сыбайлас жемқорлықтың ары қарай дамуына кедергi келтiретiн пәрменді шараларды қалыптастыру бойынша бірізді жүйелі жұмысының ары қарай жүргізілуі мақсатты және қажет екендігіне баса назар аударылады.

Бүгінгі әлемдегі барлық елдердің өміріне кірбің түсірген қатерлі ісік - сыбайлас жемқорлық қылмысы мемлекеттің өмірлік маңызды ресурстарын ұрлайтындығы баршаға мәлім құбылыс. Сондықтан, гүлденген және қауіпсіз болашаққа деген үміті бар кез келген мемлекет сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл көрсетудің ашық және батыл қадамдарын қолдануы тиіс. Себебі, мемлекет тұрғындары бұл мәселенің дұрыс шешілуін, заңның қатаң орындалуын және сыбайлас жемқорлықтың түбірінен бастап балта шабылуын қалайды. Дегенмен, сыбайлас жемқорлық ғаламдық мәселе болғанымен, онымен күресудің ұлттық және ғаламдық күштері әлі де болса әлсіздік танытуда. Қоғамда басқару аппаратымен бірге пайда болған сыбайлас жемқорлық - әлемнің ешқандай елі, ешқандай саяси жүйесі сақтандырылмаған жағымсыз құбылыс сипатында. Ол - саяси, экономикалық, қылмыстық түбірге ие бола отырып, адам қызметінің барлық аясына кiредi, яғни саяси, элеуметтiк eмiрдi бұрмалайды, экономикалық eсудi бeгелтедi, демократияның негіздерін сетінетеді, азаматтардың мемлекетке деген сенiмiн тỵсiредi. Өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және элеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтыра отырып [1], егемендік тізгінін қолына алғанына жиырма бес жылдан асқан тәжірибесі бар мемлекетіміз үшін жемқорлықпен күрес мәселесі басымдылық көрсетіп отырған міндеттерінің қатарынан түскен емес.

Бұл мәселенің маңыздылығы 2012 жылғы 14 желтоқсандағы "Қазақстан-2050" Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Мемлекет басшысы Н.А.Назарбаевтың еліміз халқына арналған Жолдауында көрсетілген. Онда мемлекет пен қоғам бірлесе отырып сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруы керектігі атап өтілген. "Мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы күресетін бір күш болуға тиіс. Жемқорлық - жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып саналады. Біз түпкі мақсатымыз - жемқорлықты құбылыс ретінде жою үшін жемқорлыққа қарсы заңнамаларды жетілдіру арқылы жемқорлықпен күресті қатты күшейтуіміз керек" [2].

  1. жылғы 17 қаңтардағы "Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" Қазақстан халқына Жолдауында біздің Елбасымыз сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша былай атап өтті: "Аса маңызды міндет - сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру және іске асыруды жалғастыру. Әкімшілік реформа қажетсіз қағазбастылық пен құжат айналымының қолайсыз үдерісіне айналмауға тиіс. Халық алдында есептілігін арттырып, нәтижеге деген жауапкершілігін күшейте отырып, жергілікті жерлердегі басқару органдарына көбірек дербестік беру керек" [3].

Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлықты азайту үшін жалпы мемлекеттік шаралардың біртұтас кешенi жасалды, мемлекеттің қаржылық бақылау тетігін қолдану жолымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды қарастырған бірқатар заңдар, сыбайлас жемқорлықпен күрес бағдарламалары қабылданды.

жылдың 18 қарашасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" [4] Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

Еліміз өміріндегі 1998-2018 жылдары аралығында қабылданған заңдық актілер, сыбайлас жемқорлықпен күрестің Мемлекеттiк бағдарламаларын талдау барысында, оларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеует салынған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды заңды қамтамасыз ету шараларының бірқатары жүзеге асырылғанын көрсетеді.

Ел Президенті өзінің 2018 жылдың 10 қаңтарындағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Жолдауында "Жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрес жалғаса береді. Көп жұмыс істеліп жатыр. Соңғы 3 жылда ғана жоғары лауазымды шенеуніктер мен мемлекеттік компаниялардың басшыларын қоса алғанда, жемқорлық үшін 2,5 мыңнан астам адам сотталды. Осы уақыт ішінде олардың 17 миллиард теңге көлемінде келтірген залалы өтелді" [5] деп атап өткенін білеміз.

Аталған мәселенің қоғам үшін маңыздылығы Елбасымыздың кезекті 2018 жылдың 5 қазанындағы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Жолдауында айтқан сөздерінде жалғасын тапқанын білеміз. "Сыбайлас жемқорлықпен белсенді күрес жалғасатын болады. Біріншіден, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер аясында мемлекеттік қызметшілердің тұрғындармен тікелей қарым-қатынасын азайтуға қол жеткізген жөн. Жер қатынастары мен құрылыс саласындағы бюрократтық рәсімдер жұртшылықты мазалайтын мәселелердің бірі болып саналады. Бұл салада ашықтық жоқ, халық пен бизнес ақпаратқа толық қол жеткізе алмай отыр. Жер қоры мен жылжымайтын мүлік нысандары туралы мәліметтердің бірыңғай ақпараттық базасын жасауды тапсырамын. Осы мәселе бойынша тәртіп орнатып, жерді нақты инвесторларға беру керек! Бұл - бір ғана мысал. Жұрттың және бизнес қоғамдастығының наразылығын туғызатын басқа да бағыттар бойынша тиісті реттеу жұмыстарын жүргізу керек. Жалпы, 2019 жылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 80 пайызы, ал 2020 жылы кемінде 90 пайызы электронды форматқа көшірілуге тиіс. Сол үшін Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңды жедел жаңарту керек. Екіншіден, қарамағындағы қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық жасаған жағдайда бірінші басшылардың жеке тәртіптік жауапкершілігін күшейту мәселесін пысықтау қажет. Сонымен қатар, адал жұмыс істейтін қызметкер тексерушілерден қорықпауға тиіс. Үшіншіден, "Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер" жобалары аясында елорданың жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру жөніндегі тәжірибесін тарату керек" [6].

Көрсетілген жағдайлар сыбайлас жемқорлық мәселелерінің жағымсыз әлеуметтік-саяси, экономикалық және құқықтық құбылыс ретінде зерттелуі оның қоғамдағы көкейкестілігін куәландырады. Өмір барысы көрсетіп отырғандай Қазақстандықтардың өмір сапасын арттыруда елдегі экономикалық және әлеуметтік ахуалды жетілдірумен қатар, құқық тәртібін нығайтудың маңыздылығы зор екендігін ескере отырып сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жүйесін құру қажеттілігін байқап отырмыз. Бұл жердегі күрес субъектісі, сөзсіз барлық қоғам: мемлекет, азаматтық қоғамның мемлекеттік емес институттары, заңды және жеке тұлғалар болуы тиіс. Бұл ретте заңға сүйене отырып құқық қорғау органдарының ұйымдық кадрлік мәселесі шешілген, мамандандырылған бөлімшелерін құру керек; сыбайлас жемқорлық ұйымдармен және қылмыстық бірлестіктермен - мұндай органдардың мамандандырылған бөлімшелері жүргізуге тиіс. Бұл, біріншіден жоғары кәсіби тәсілді, екіншіден іс- шараның заң шегіндегі қажетті құпиялылығын, үшіншіден мамандандырылған прокурорлардың, сонымен қатар ұйымдасқан сыбайлас жемқорлық құрамаларды қылмыстық әрекеті туралы істерді қараушы судьялардың тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Сыбайлас жемқорлық қылмыспен күрес қоғам мүшелерінің экономикалық, өзге де мүдделері мен құқықтарын қозғайды. Бұл жерде адамның және азаматтың құқығы, әр түрлі құқықтар мен мүдделерді, әр түрлі субъект құқықтарының бәсекелестік, құндылықтардың иерархиясына анықтау, басылымдықтар таңдау, сол құқықтардың шегі және шектеудің негіздері мәселелері туындайды. Күрестің басты бағыты - сыбайлас жемқорлық қылмыстық құрамның өзін және оның әрекетін, қайта тууына экономикалық, ұйымдық және басқа негіздерін жою.

Қылмыстық табысты заңдастырумен және молайтумен күрестің кешенді шаралары қылмыстық құқықтық шаралармен қатар, өзінде арнайы, алдын- алу сипаты бар және қылмыстық табыстар мен заңсыз операцияларды дер кезінде айқындауға, тыюға бірден мүмкіндік беретін қаржылық және өзге де бақылау шараларын қамтуы тиіс. Сыбайлас жемқорлықпен күрестің мамандандырылған органдардың сезіктілерге, айыптаушыларға, күәлерге күш қолдануды, психикалық қысым жасау және басқа да заң бұзушылықты пайдалануға жол бермеу жөніндегі шаралар қолдану. Сыбайлас жемқорлық қылмыскерлер үшін арнайы оқшауланған орынның болуы өзін-өзі ақтайды. Сыбайлас жемқорлық қылмыстық құрылымдарға қатысы бар адамдардың ерекше назарда болуы, мұқият оқшаулануы, керексіз күәлерден арылу мақсатында олардың көзін жою әрекетінен қорғалуы тиіс.

Жалпы алғанда Қазақстан Республикасы аймағында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және оны болдырмау барша қауымның ортақ ісі.

Сыбайлас жемқорлық құбылысы соңғы кезде көптеген өзгеріске ұшырап және ол бүгін күрделі көп жақты құбылыс ретінде көрінуде. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлықты тек қана парақорлыққа әкеліп теңеуге болмайды. Бұл құбылысты лауазым иесінің сонымен қатар лауазым иесі болып табылмайтын мемлекеттік қызметкерлердің өз қызмет өкілеттігін пайдакүнемдік немесе басқа да жеке мүддесіне пайдаланып азаматтардың немесе ұжымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеліп соғатын әрекеттер деп анықтай отырып оған қарсы іс-қимылдың жемісті нәтиже беру үшін бірқатар шаралар ұйымдастырылуы тиіс:

  • жемқорлыққа қатысты азаматтардың адами ұстанымын қалыптастыру;
  • құқыққорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру;
  • мемлекеттік қызметшілердің ар-ождан ұстанымы олардың мәртебесіне сай болуы;
  • мемлекеттік қызметкерлердің табысын және олардың заңға сәйкестігіне шынайы бақылау жүргізу;
  • қылмыстық жолмен тапқан пайда мен мүлікті тәркілеудің тиімді тәртібін енгізу;
  • мемлекеттік билік және басқару органдарында жемқорлыққа қарсы әрекет ету мақсатында қоғам мен мемлекет осы мемлекеттік қызметшілерге беретін жеңілдіктерді заңда нақты белгілеу. Сонымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл еліміздің мемлекеттік саясатының ең маңызды басымдық бағыты болып қала бермек. Осыған дейін жүзеге асырылып келген Мемлекеттік бағдарламаларының нәтижелері көрсеткендей тұтастай мемлекет пен қоғамның сыбайлас жемқорлықтың ары қарай дамуына кедергi келтiретiн пэрмендi шараларды қалыптастыру бойынша бірізді жүйелі жұмысының ары қарай жүргізілуі мақсатты және қажет екендігін өмір барысы өзі дәлелдеп отыр.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының Консти- туциясы 30 тамыз 1995 жыл (2017 жылы енгізілген өзгерістері мен толықтыруларымен). http:// www.zakon.kz
  2. "Қазақстан-2050" Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Қазақстан Республикасының Президенті - елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, Астана қ., 2012 жылғы 14 желтоқсан. http://www.akorda.kz
  3. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" Жолдауы. Астана. 17 қаңтар 2014, 16:52. http://www.akorda.kz.
  4. Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңы. 2015 жылғы 18 қараша, №410-Ү ҚРЗ. http://www.akorda.kz
  5. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2018 жылғы 10 қаңтар "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері". http:// www.akorda.kz
  6. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан. "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру". http://www.akorda.kz

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.