Мақалада Қазақстан Республикасының инновациялық қызметін ынталадыру мәселелерін қарастырады. Бүгінде біз үлкен мүмкіндіктері бар ел ғана емес, сол мүмкіндіктерді нақты жүзеге асырып отырған алып мемлекетке айналудамыз. Мемлекеттің бәсекеге қабілетін көрсететін басты көрсеткіш - оның инновациялық дамуы. Ел экономиканың бәсекеге қабілетті болудың басты бағыты - индустриалды-инновациялық экономика құру және шикізаттық емес секторды дамыта отырып, инновациялық процесстерге бет бұру болып табылады. Сондықтан, осы мақалада Қазақстан Республикасын индустрииялық-инновациялық дамыту жөніндегі жоспрады іске асыру және дамыған 30 елдің қатарына кіру міндеттерін қарастырады.
Соңғы жылдары мемлекет тарапынан қабылданған жүйелі шаралар нәтижесінде инновация Қазақстан Республикасының дамуының стратегиялық маңызды бағыты ретінде анықталды. Бастапқыда инновациялық даму мәселелері 2010 жылға дейінгі Стратегиялық жоспарда, кейін 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму Стратегиясы мен Қазақстан Республикасының ұлттық инновациялық жүйесін қалыптастыру және дамыту жөніндегі 2015-2019 жылдарға арналған Бағдарламасында көрініс тапты. 2006 жылы "Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау арқылы инновациялық қызметті құқықтық реттеудің негізі қаланды.
Инновациялық қызметті мемлекеттік тікелей ынталандыру келесі нысандарда жүзеге асырылады: инновациялық қызметпен байланысты ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-құрастыру және технологиялық қызметтерді қаржыландыру; инновациялық инфрақұрылым қызметін қамтамасыз ететін инновациялық бағдарламалар мен жобаларды қаржыландыру;
Инновациялық үдерістерді мемлекеттік ынталандырудың қазақстандық және шетелдік тәжірибесінде неғұрлым кеңінен тараған құралдарына: келісім-шарттық қаржыландыру, гранттар және мемлекеттік тапсырыстар жатады.
Инновациялық қызметгі қаржыландыру көздері
Инновациялық қызметгі қаржыландыру:
- инновациялық қызмет субъектiлерiнщ өз қаражаты;
- бюджет қаражаты;
- инновациялық қорлардың қаражаты;
- мемлекеттiк нақтылы гранттар;
- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де көздер есебiнен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасын индустрииялық-инновация- лық дамыту жөніндегі 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама) "Қазақстан-2050" стратегиясының ұзақ мерзімді басымдықтарына сәйкес Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының "Экономиканы әртараптан-дыруды жеделдету" деген түйінді бағытын іске асыру үшін, Қазақстанның әлемнің дамыған 30. Зерттеліп отырған кезеңде, яғни 2001-2014 жылдар аралығында Қазақстанның ұлттық инновациялық жүйесінің негізгі базалық элементтері құрылды: "Технологиялық даму бойынша Ұлттық агенттік" АҚ, 8 өңірлік технобақтар, "Инновациялық технологиялар бағы" арнайы экономикалық аймағы, 4 конструкторлық бюро, 15 коммерцияландыру кеңсесі, 6 отандық венчурлық қорлар және т. б. Инновациялар және жаңа техноло- гияларды жеткілікті дамыту арқылы Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарына кіруі бойынша міндеттері іске асыру мақсатында 2013 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің сәйкес Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі инновациялық даму Тұжырымдамасы өз бастамасын алды. Жалпы қабылданған шаралардың арқасында зерттеліп отырған кезеңде елдің ғылыми-инновациялық саласындағы негізгі көрсеткіштердің қарқынының оң үрдісін атауға болады.Қазақстан Республикасының инновациялық белсенділік көрсеткішінің төмен деңгейі технологиялық инновацияларды қолданудың жалпы төмен қайтарымын негіздейді. (1-кесте).
Кесте 1. Инновациялық өнім көлемі мен шығындарының ара қатынасы, млрд. теңгемен
Көрсеткіш |
2009 |
2010 |
2011 |
2012 |
2013 |
2014 |
2015 |
2016 |
2017 |
Көлем |
156,0 |
152,5 |
111,5 |
82,6 |
142,2 |
236,0 |
379,0 |
578,2 |
580,3 |
Шығындар |
80,0 |
83,5 |
113,4 |
61,0 |
235,5 |
195,0 |
325,6 |
431,9 |
434,6 |
Шығындар тиімділігі |
1,95 |
1,82 |
0,98 |
1,35 |
0,60 |
1,21 |
1,16 |
1,33 |
1,33 |
Қайнар көз – ҚР ҰЭМ статистика бойынша Комитетінің деректеріне сәйкес есептелген |
Нәтижесінде, 2017 жылы технологиялық инновацияларға арналған бір теңге шығындарға өндірілген инновациялық өнім тек 1,33 теңге болды, 2009 жылы аталған көрсеткіш 1,95 теңгені құраған. Қазақстандағы инновациялық қызметтің негізгі көрсеткіштерінің өзгеру қарқыны дамудың оң үрдісімен де сипатталатынын атап кету қажет, ол Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны қабылдау және жүзеге асырумен, негізгі міндеттерді жүзеге асырумен байланысты. Нәтижесінде, ол шаруашылық субъектілердің инновацияны қабылдау деңгейінің жоғарлауына әкелді. Атап айтқанда, ҚР ҰЭМ статистика Комитетінің деректеріне сәйкес 2014 жылы шаруашылық жүргізуші субъектілердің жүзеге асыратын инновациялық жобаларының саны 2,9 есеге немесе 1135 бірлікке дейін көбейді (2011 жылы 387 бірлік). Құрылып жатқан және қолданыстағы жаңа технологиялар, сондай-ақ техника
объектілерінің қарқыны 1365 бірліктен 1608 бірлікке дейін өсті, ал осы технологияларды қолданатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің саны 562 бірліктен 713 бірлікке дейін жоғарылады. Осы мәліметтер жағымды үрдісті сипаттайды және жаңа немесе технологиядағы айтарлықтай өзгерістердің 90%-ға жуығы өңдеу өнеркәсібінің үлесінде келетінін атап айту аса қуанышты. Зерттеулер мен әзірлемелерге ішкі шығындар құрылымы. Осы көрсеткіш елдегі инновациялық үдерістің ең маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылатын және жалпы экономика бойынша "кіру" кезіндегі шығындар көрсететін зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалған шығындарды сипаттайды. Зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалған ішкі шығындардың 66 347,6 млн. теңгені (2016жылы 61 672,7 млн. теңге) құрайтынын. Алайда, осы шығындардың ЖІӨ- дегі үлесі соңғы 3 жылда өзгеріссіз қалды - 0,17% (2014 ж. - 0,16%) (1-сурет).
Бұл мәселедегі халықаралық тәжірибе көрсеткендей, дамыған елдерде ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге шығындар үнемі өсуі қажет. Осылай, кейбір елдерде оның ЖІӨ-дегі үлесі 2,5-3,7%- ға дейін жетеді және аталған шығындардағы мемлекеттік салымдардың үлесі орта есеппен 25- 34%-ды құрайды. Мысал ретінде, ең алдымен, Израиль (ЖІӨ-нің 4,86%-ы), Финляндия (4,01%), Швеция (3,75%), Жапония (3,42%) және Оңтүстік Корея (3,37%). сияқты елдерді атап өтуге болады.
Осылай, елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін көрсеткіштерінің бірі ретіндегі ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге шығындар деңгейі ЖІӨ-ге қатысты үлесі 2%-дан төмен болмауы тиіс. Атап айтқанда, Халықаралық академиялық кеңес дамушы елдердің ғылымға және инновацияларға жұмсайтын шығындардың ЖІӨ-дегі үлесін кем дегенде 1-1,5%-ға тең болуын ұсынады. Қызмет салалары бойынша зерттеулер мен әзірлемелер үшін ішкі шығындар құрылымы көрсеткіші арқылы 2014 жылы кәсіпкерлік сектор үлесінің жоғарылау үрдісі сақталғандығын (39,7%) және жоғары кәсіби білім беру секторындағы қаржыландыру үлесінің төмендеген үрдісін байқауға болады. Осының барлығы мемлекеттік сектордағы қаржыландыру үлесінің тұрақты өсуі шартында жүзеге асырылуда, дегенмен ғылымға жұмсалған мемлекеттік шығындар көрсеткіші өзінің 2010 жылғы максимумынан төмен. (2-сурет).
Бұл мәселе бойынша халықаралық тәжірибе көрсеткендей, дамыған елдерде кәсіпкерлік сектордағы ғылыми зерттеулерге шығындар кәсіпкерлік сектор үлесінің жоғарылау үрдісі (60-70%). Мысал ретінде Германияда 70%-дан жоғары, АҚШ, Швеция, Италия, Франция шамамен - 60%, Түркияда - 50%, Венгрияда - 47% екендігін атауға болады.
Жалпы, казақстандық жағдайды технологиялық жағынан дамыған шет елдер тәжірибесімен салыстыра отырып келесідей тұжырым жасауға болады: Қазақстанның ұлттық инновациялық жүйесі кәсіпкерлік сектордың жоғары инновациялық белсенділігі және ғылым мен инновация саласындағы мемлекеттік-жеке әріптестік тетіктерін пайдалану шартында нәтижелі және жоғары табысты бола алады.
Әдебиеттер тізімі:
- 1. Қазақстан тәуелсіздік жылдарында: Статистикалық жинақ. - Астана: ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика жөніндегі Комитеті. - www.stat.gov.kz/
- 2. Қазақстандағы ғылым және инновациялық қызмет: 2009-2017: Статистикалық жинақ. - Астана: ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика жөніндегі Комитеті, 2017 http://online.zakon.kz/ Document/