Кәсіпкерлікті басқару құрылымы мен әдістерін жетілдіру мәселесі ең маңызды мәселе болып табылады, себебі бәсекелестік күресте кәсіпорынның өмір сүруі басқару сапасына, оның құрылымын оңтайландыруға байланысты. Инвентаризацияны басқаруда ақпараттық технологияларды пайдалану қоғам дамуының осы сатысында өте маңызды.
Логистикалық процесстердің тиімділігін арттыру кәсіпорынның жалпы тиімділігін арттырудың басты бағыттарының бірі болып табылады. Қазіргі заманғы жағдайларда мұны тек ақпараттық жүйелер мен ақпараттық технологиялар көмегімен ғана жүзеге асыруға болады.
Қорларды басқару өндіріс, қоймалау, жеткізу сияқты ресурстарды дайын өнімге айналдыратын процесстер тізбегіндегі басты функциялардың бірі. Қорларды басқаруда ақпараттық технологияларды қолдану мәселесі қазіргі қоғам дамуында маңызды болып табылады. Қорларды басқаруды автоматтандыру қажетті процесс.
Процесстерді автоматтандыру мақсатында программалық, математикалық және ақпараттық құралдарды дұрыс пайдалану құрылатын ақпараттық жүйенің тиімді әрі нақты болуына әсерін тигізеді.
Қазіргі уақытта көпшілікке қызмет көрсету жүйелерін модельдеумен қатар қорларды басқару жүйесін модельдеуді "имитациялық модельдеудің классикалық міндеті" деп атауға болады. Осы модельдердің үлкен қолданбалы маңызы
Өндірістік кәсіпорынның мақсатты функциясы нақты жеткізу кестесінің қалаған кестеден ауытқуы кезінде ресурстар мен шығындар үшін ақыны қамтиды, мұндағы J, S, s тиісінше айдың басындағы қорлар деңгейі, қордың жоғарғы деңгейі және дағдарысты деңгейі. Компания хit тауар бірлігіне тапсырыс берген жағдайда ол P + q * Xit тең шығындарға ұшырайды, мұндағы K - көлеміне байланысты емес партияның тапсырысына жұмсалатын үстеме шығындар, q - тапсырыс берілген тауар бірлігіне жұмсалатын қосымша шығындар (тауардың құнын да қамтиды).
Егер қорлар деңгейі кем дегенде тауарға деген сұранысқа тең болса, тауарға сұраныс туындаған кезде ол тез арада қанағаттандырылады. Егер сұраныс қорлардың деңгейінен артатын болса, ұсыныстан сұраныс артық болатын тауардың бөлігін жеткізу кейінге қалдырылады және алда болатын жеткізулер кезінде орындалады. Бұл ретте Jф қорлардың ағымдағы деңгейі теріс мәнін қабылдауы мүмкін.
Тапсырыс түскен кезде тауар кейінге қалдырылған жеткізулерді бірінші кезекте барынша орындау үшін пайдаланылады, ал тапсырыс қалдығы қорларға қосылады.
Бұл жүйеде шығындардың үш түрі бар: тауарды сатып алуға, сақтауға және тауарлардың жетіспеушілігімен байланысты ұсталымдарға жұмсалатын шығындар. Бұл шығындарды олардың орташа айлық шамасы бойынша бағалайтын боламыз:
Zt=h±∑Jf(t)Δt, (8)
мұндағы ∆ŧ - қоймадағы J+φ(t) қорлардың тұрақты деңгейі бақыланған уақыт аралығы, яғни қорлар жағдайының өзгеру оқиғалары арасындағы аралық;
J+At) = maxļ/ (t ),θ} - t уақыт сәтіндегі қорлар жүйесінде бар тауардың саны.
Кейінге қалдырылған жеткізулермен байланысты орташа ұсталымдар бір айда келесіні құрайтын болады:
'''l
ỈÌ
Тауарды айына сатып алуға жұмсалатын орташа шығындар тапсырыстарды сатып алуға жұмсалатын барлық шығындардың және осы соманы айлардың санына кейіннен бөлумен қарапайым қосу арқылы есептеледі.
Жүйені зерттеу S және s параметрлерін өзгерту арқылы жүргізіледі. Жалпы орташа айлық шығындар аз болатын параметрлерді таңдау модельдеу мақсаты болып табылады.
Сипатталған қорларды басқару жүйесінің имитациялық моделі Delfi бағдарламалау тілінде әзірленді және алынған деректер негізінде "минимум-максимум" жүйесінің жұмыс істеуі кезінде қорлар өзгерістерінің кестесі құрылған.
Осы модельге жүйенің екі параметрінің (s және S) өзгеруімен бірге бір қатар имитациялық эксперименттер өткізілді. Қорларды басқарудың зерттелетін жүйесінің моделіне жүргізілген эксперименттердің нәтижелері көрсеткендей, әрбір қаралған модельдер үшін ең аз жалпы шығындар S=60, s=20 мәндері кезінде жетеді.
Бұл ұсыныстар көрсеткіштердің дәл орташа мәндерін ескеретінін айта кету керек, өйткені кездейсоқ процесстерді жекелеген іске асыру үшін эксперименттер жүргізу барысында, мысалы, стратегияны пайдалана отырып, жалпы шығындардың өсуі байқалды (80, 40).
Жүйенің нақты ерекшеліктері мен шарттарын ескеретін қорларды басқару жүйесінің әзірленген имитациялық моделі басқарушылық шешімдерді қабылдауға мүмкіндік береді.
Жалпы, логистикалық ақпараттық жүйе жұмысын қарастыру барысында ақпараттың тек жіберіліп және жинақталып қана қоймай, сонымен қатар әкімшілік- коммерциялық шешімдерді қабылдау барысында қажетті құрал екені ескеріледі. Сондықтан құрылатын жүйенің математикалық негізі болуы, модельдердің берілген процесстерді толығымен сипаттауы маңызды мәселе.
Әдебиеттер тізімі:
- Кулжабай Н.М., Исмаилова Р.Т., Ботаева СБ. Математические модели в логистике // Сборник трудов международной научно-практической конференции "Устойчивое развитие экономики Казахстана: Императивы модернизации и бизнес- инжиниринг". Часть 2. -Алматы, 2012. - С.14-18.
- Организация коммерческой деятельности: управление запасами: учебное пособие /А.Л. Денисова, Н.В. Дюженкова. - Тамбов: Изд-во Тамб. гос. техн. у-та, 2007.- 80 с.
- Современное состояние и перспективы развития процессов управления торговым предприятием: / Д.Н. Кузнецов, CC Толстых. - Тамбов: Изд-во Тамб. гос. техн. ун-та, 2007. -92 с.