Бұл мақалада инновациялық қызметті дамытудағы мемлекеттік қолдауды қалыптастырудың және пайдаланудың негізгі аспектілері қарастырылады. Инновацияны дамытудың заманауи күй-қалпы мен бағыттары келтіріледі. Қазақстанда экономиканың инновациялық бағыттарды дамытудың мемлекеттік қолдауына назар аударылады.
Бүгінгі уақытта Қазақстан экономикасын дамытудағы басым міндет ұзақ мерзімді басымдықтарға және мұнай берешегінен босатылған жоғары дамыған елдер қатарына кіру қажеттілігіне негізделген тиімді экономиканы қалыптастыру болып табылады. Экономиканы, соның ішінде инвестициялық қызметті қаржыландырудың негізгі көзі кәсіпорындардың, коммерциялық банктердің, мемлекеттік даму институттарының қаржылары сондай-ақ, "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы шеңберіндегі бюджет қаражаты болып табылады. [1]
Қазақстан Республикасы Үкіметі 2003 жылы Қазақстанда жеке капиталдармен серіктестік принципінде инновациялық саясатты іске асыруға бағытталған мемлекеттің 100% қатысуымен "Ұлттық инвестициялық қор" АҚ құрды.
ҰИҚ қысқа мерзім ішінде 49% өзінің қатысуымен, Қазақстан Республикасының бірнеше қаржы компанияларымен және топтарымен 5 қазақстандық венчурлік қор құрды.
Қордың жалпы жарғылық капиталы 130 миллион АҚШ долларын құрады, ал жалпы қор саны 6 (1-кесте)
Сонымен қатар кейбір жеке АИФРИ жобаларға тәуекелді инвестициялар жүргізгендігін және жүргізіп жатқандығын атап өткен жөн яғни, ҰИҚ арқылы мемлекет венчурлік капитал нарығын дамыту саясатын жүргізеді, алайда рейтинг оны жүзеге асыру жұмыстары өте әлсіз екендігін көрсетті.
№ |
Атауы |
Құрылған жылы |
Серіктестері |
Жарғылық капитал, млн.тг |
---|---|---|---|---|
1 |
«Адвант» Венчурлік қоры» АҚ |
2004 |
«Lancaster Group Kazakhstan» АҚ |
2 700 000 |
2 |
«Әрекет» жоғары технологиялар қоры» АҚ |
2004 |
«Тұран Әлем Секъюритис» АҚ, «АИФН Құрылыс Констракшн» АҚ, «Алан» Инвестициялық тобы» АҚ |
1 472 526 |
3 |
«АИФРИ «Сентрас Венчурлік қоры» АҚ |
2004 |
«Сентрас Капитал» ЖШС |
2 679 000 |
4 |
«Almaty Venture Capital» АҚ |
2005 |
«Алматы Бизнес Групп» АҚ |
2 600 000 |
5 |
«АИФРИ «Glotur technology Fund» АҚ |
2005 |
AO Glotur |
2 693 800 |
6 |
«АИФРИ «Logycom Perspective Innovations» АҚ |
2007 |
AO Logycom |
2 449 800 |
Ескерту - Автор құрастырған |
1-кесте - Қазақстан Республикасының венчурлік қорлары
2010 жылдан 2014 жылға дейін қазақстан венчурлік қорлары түрлі салалардағы 15 жобаны қаржыландырды, оның ішінде бүгінгі таңда 8 жоба аяқталды. 2012-2015 жылдары 3 жобаны қаржыландыру басталды.
Осылайша, Қазақстанда мемлекеттің қатысуымен венчурлік қорларды құру тұрғысында венчурлік инфрақұрылымды дамыту тәжірибесі оң нәтижелі екендігін атап өтуге болады. ҰИҚ үшін 58,8 млн.теңге көлеміндегі кірісі бар екі венчурлік қордың жабылуы үлкен олжа болып табылады. Алайда, шет елдердің теориясы мен тәжірибесі тұрғысынан қарасақ, алынған тәжірибе республикадағы венчурлік саланың қалыптасуы емес, тікелей инвестициялардың дамуы болып табылатынын атап өткен жөн. Сонымен қатар тікелей инвестициялар тарапына ауысудың неден болғанын анықтау маңызды болып табылады. Біздің ойымызша, біріншіден, аталған жағдайда орташа бизнес 5-7 жылдық тәуекелді инвестициялар жасауға дайын емес, екіншіден, венчурлік қапиталға жобалар санының аздығы, үшіншіден, стартап жобаларды іске асыру мен сатуда жетік тәжірибесі бар мамандардың аздығы бар. [2]
Қазақсандық венчурлік қорлар қалыптастырған жұмыстар нәтижесі қорлар технологиялық жобаларға инвестиция жүргізбей, сыртқы көздерден бизнесті қаржыландыруды қажет ететін жаңадан құрылған компанияларды қаржыландырғандығын көрсетеді.
Қарастырылған венчурлык қорлардың бірде бір портфельдік компаниясы сөздің тікелей мағынасында венчурлік болып табылмайды, яғни меншік иесінің "жабық" құрамы сияқты сипаты, "технологиялық" бағыты жоқ.
Компаниялар ғылыми зерттеулерге және тәжірибелік-конструкторлық өңдеулерге (ҒЗТКӨ) үлкен шығындар жұмсамайды, материалдық емес активтердің басым көпшілігі жоқ және т.б. [3]
Инновациялық жобаларды мемлекеттік қаржыландыру тәжірибесін Алматы қаласын мысал ретінде ала отырып қарастырамыз.
Алматы қаласындағы ғылымды дамытудың негізгі басым бағыттары деп ядроляқ ғылым, биомедициналық ғылым және тезнологиялар, табиғи ресурстарды меңгеру саласындағы зерттеулер, ауылшаруашылық ғылымы және технологиялар, қоршаған ортаны қорғау және т.б. салаларды атауға болады.
9 ұлттық ғылыми орталықтардың 8-і Алматы қаласында орналасқан:
- ҚР химиялық-технологиялық зерттеулер орталығы .
- ҚР физикалық-математикалық зерттеулер орталығы.
- ҚР астрофизикалық зерттеулер орталығы.
- Центр биологических исследований РК.
- ҚР геологиялық-географиялық орталығы.
- ҚР ғылыми-техникалық ақпаратының ұлттық орталығы.
- ҚР жер, металлургия және байыту туралы ғылыми орталығы.
- ҚР ұлттық ядролық орталығы.
Қалыптастырылған ғылыми-техникалық инфрақұрылым шеңберінде (ғылыми орталықтар, ҒЗИ және ЖООлар) коллективтік қолданыс үшін ұлттық ғылыми лабороториялар мен ЖОО жанында инженерлік бағыттағы лабораториялар желісін құру қарастырылуда. [4]
Мемлекеттің белсенді қолдауымен бұнда жоғары кәсіби кәсіпкерлік орта қалыптастырылады. Инвестициялық технологиялар паркінде жұмыс істеп тұрған жобаларға 100-ден аса компаниялар қатысады. "ПИТ "Алатау" әлеуметтік-экономикалық аймақ қатысушысының статусы саудада, инвестиция тарттыруда басымдылық береді, салықтарды төлеу барысындажеңілдіктерді қарасытырады. Бұнда ауылшаруашылығын жүргізуде, медицинада, коммуникация саласында, әскери-өнеркәсіптік кешенде шығындарды қысқартуға, кірісті арттыруға және нәтижелілікті ұлғайтуға мүмкіндік беретін инновациялық жобалар, яғни, экономикалық пайда әкелетін жобалар ұсынылған.
Алматы қаласын инновациялық-индустриалық дамытудың түпнегізі қаланың өндірістік кешені болып табылады. Ол Қазақстан Республикасы өндірісімен салыстырғанда өңдеу өнеркәсібіне бағытталған. Қала өнеркәсібі құрылымында 93,5% - өңдеу өнеркәсібі, 0,5 - тау-кен өндірісі және 6 % - электр энергиясын, газды және суды өндіру және таратуға бағытталған. 2016 жылы қалада 293 645 млн. теңге құнына өнеркәсіп өнімдері (шағын, еншілес кәсіпорындарды, үй шаруашылығын қоса алғанда) шығарылған, бұл 2015 жылғы деңгеймен салыстырғанда 107,1% құрады, өнеркәсіптің қаржылық емес секторлары бойынша (үй шаруашылығы секторларын есептемегенде) 292 38 млн. теңгеге және 107,0% артық.
Дамудың инновациялық бағытына сәйкес келетін салалардың бірі көлік шығару саласы болып табылады. Көлік шығару саласында есеп кезеңі ішінде қала көлемінің 38383 млн.теңгегесі немесе 13,1% өнім өндірілді. 2015 жылмен салытырғанда физикалық көлем индексі 99,7% құрады, соның ішінде көлік шығару және жабдықтауда - 122,1%, 103,8% - электр жабдықтарын, электрондық және оптикалық жабдықтарды өндіруде, және көлік құралдарын және жабдықтарын өндіруде - 90,6%. Осылайша, өндірістің шағын көлемі де көлік шығарудың біріңғай бағыттарында өсу тенденциясына бейін емес. Өнеркәсіптің жоғары технологиялық және инновациялық-бағытталған салаларының даму келешегін бағалау үшін олардың заманауи даму күйін талдауға болады.
Алматы қаласында индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының мақсаттарын орындау жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. Бүгінде Индустриализация картасына жалпы сомасы 531,1 млрд. теңгеге 28 индустриялы-инновациялық жоба қосылған, барлығы 5 мыңға жуық тұрақты жұмыс орындары құрылады. Жобалар экономиканың 9 саласында іске асырылатын болады. Инвестицияның жалпы көлемінің 30% -ға жуығы өңдеу және қайта өңдеу секторына, қалған 70%-ы көлік, энергетикалық инфрақұрылым және туризм, спорт салаларына бағытталған. 2013-2015 жылдар аралығында жалпы сомасы 280,1 млрд.теңгеге 19 жоба іске асырылып, 2500-ге жуық тұрақты жұмыс орындары құрылды. [4]
2014 жылы 31,9 млрд. теңге сомасына 3 жоба іске асырылып, 427 тұрақты жұмыс орны құрылды. 2015 жылы 169,6 млрд. теңге сомасына 7 жоба аяқталып, 1306 тұрақты жұмыс орны құрылды. 2015 жылы 62,5 млрд.теңге сомасына индустриялық-инновациялық 5 жоба аяқталып, 504 тұрақты жұмыс орны құрылды.
Осылайша, мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну барысында Алматыдағы инновациялық саланың өсуі өте жоғары көрсеткіш көрсетті.
Алматы қаласының ғылыми және инновациялық саланың даму мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлерін көре аламыз (2-кесте)
2-кесте - Алматы қаласының ғылыми және инновациялық саланы дамытудағы мүмкіндіктері мен қауіптердің сипаттамасы
Мүмкіндіктер |
Қауіптер |
Ғылым мен инновация аумақтардың экономикалық дамуының маңызды әлеуетті көзі ретінде көрініс беретін және билеуші органдар және басқарушы оргадар тарапынан әр тарапты қолдау табатын Инновациялық-бағдарлы өңірлік саясат .
өндірістік қу аттылықтардың және мүмкіндіктердің болуы.
|
жоғары білікті мамандардың жетіспеушілігі.
|
Ескерту - Автор құрастырған |
Жоғарыда аталғандарға сәйкес, Алматы қаласының ғылыми-инновациялық саласындағы қуаты: инновацияларды құруға және игеруге ынталандыру мен жағдайлардың жасалуы, ғылыми- инновациялық салаға кадрларды тарттыруға мүмкіндіктердің болуы, өңірлердегі ғылыми- инновациялық қызметті қолдау құрылымдарының болуы өңір экономикасының көпсалалы құрылымы екендігі туралы қорытынды жасауға болады. (Мүмкіндіктер: бәсекеге қабілетті өнімдерді шығару үшін бос өндірістік қуаттар мен мүмкіндіктердің болуы, өңірдің шаруашылық субъектілерін инновацияны әзірлеуге және игеруге ынталандыру (салықтық жеңілдіктер, мемлекеттік кепілдемелер және басқа да мүмкіндіктер ұсыну), сондай-ақ олардың инновациялық мәдениетін арттыру. Инновациялық қызметтің даму қаупіне келесі факторларды жатқызуға болады: Өңірдің ғылыми- инновациялық саласын заңнамалық және ғылыми- құқықтық тұрғыда әлсіз қамтамасыз ету, оны дамытудың нақты басымдықтарының және бағыттарының жоқтығы, инновациялық ойлау қабілеті бар жоғары білікті мамандардың жетіспеушілігі.
Әлсіз тараптары: ғылыми кадрлардың аздығы, ҒЗТКЖ әсіресе, кәсіпкерлік сектор тарапынан қаржыландырудың аз көлемі, тұтастай кәсіпкерлік және ғылымның инноваациялық және өнертапқыштық белсенділігінің төмендігі болып табылады.
Осылайша, мемлекеттік қолдау шараларын қамтамасыз ету барысында Алматы қаласының саяси-экономикалық жобаларына инновациялық көзқарас қаланың ұлттық экономикалық жүйедегі бәсекелес басымдықтары назарға алына отырып, аса жоғары етіп ұсынылады - кәсіби мамандардың көптігі, дамыған инфрақұрылым, мемлекеттік қолдаудың орындалушы шаралары, оңтайлы орналасу және инвестициялық климат.
Қазақстан Республикасындағы инновациялық қызметті мемлекеттік реттеудің заманауи күйін талдау инновациялық қызметке үлкен рөл бөлінетінін; республикадағы инновациялық қызмет әзірге елді дүниежүзілік нарықта бәсекеге қабілеттілік деңгейінің дереккөзі еместігін көрсетеді.
Әдебиетер тізімі:
- ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің ресми сайты.- Режим доступа: www.stat.gov.kz
- Угнич Е.А.Инновациялық жобаларды қаржыландырудың дереккөзі ретіндегі венчурлік капитал. Экономика - оқу құралы. - Режим доступа: http://www.dissercat.com
- Инновациялық жобаларды венчурлік қаржыландыру. Жалпы редакциялау және құрастыру: заң ғылымының кандидаты А.М.Балабан, педагогикалық ғылым кандидаты М.Л.Балабан. - М.:АНХ, 2012. -247б.
- (PhD) философия докторы деңгейін қарастыру диссертациясы Мылтықбаев А.Т. - Қазақстан өңірлеріндегі инновациялық жобаларды мемлекеттік реттеу.- Режим доступа: www.kaznu.kz