Бұл мақалада Қазақстан Республикасындағы ақпараттық- құқықтық қатынастарды реттейтін заңнаманы қалыптастыру және дамыту қарастырылады.
Ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы, олардың мемлекетті басқаруда да, күнделікті тұрмыс - тіршілікте де кең ауқымда қолданылуы, ақпараттың және ақпараттық желілердің өсуі қоғамның дамуын одан әрі айқындап, ұлттық күштің жаңа қайнар көздері болып табылады.
Ақпараттанған қоғамның құрылуы барлық адамзаттың экономикалық, саяси, әлеуметтік өмір сүру аясын түбегейлі өзгеріске ұшыратады. Ақпараттанған қоғам осындай жағдайларда еңбек ету саласын ақпарат пен білімге айырбастайды, бұл дегеніміз өз кезегінде жаһанданудың негізі - түрлі мемлекеттердің ақпараттық жүйелерінің бірыңғай дүниежүзілік ақпараттық жүйеге интеграциялануы, бірыңғай ақпараттық кеңістіктің қалыптасуы, жаһандық ақпараттық - телекоммуникациялық желілердің құрылуы, жаңа ақпараттық технологиялардың қоғамдық өмірге қатысы бар барлық салаларға, сонымен қатар мемлекеттік басқаруға да қарқынды түрде енгізілуі болып табылады.
Ақпараттандырудың негізгі мақсаттары:
- -Ақпараттық қатынас субъектілерінің қажеттіліктерін жан жақты ақпараттық қамтамасыз ету;
- -Қауіпсіз бірыңғай ақпараттық кеңістікті құру;
- -Ортақ мағынасы бар ақпараттық қажеттіліктерді, ақпараттық технологияларды, ақпараттық жүйелерді қолдану, іске асыру, қолданысқа енгізу;
- -Кадрларды даярлау, олардың ақпараттандыру сферасындағы квалификациясын жоғарылату. Ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін зерттеумен айналысып жүрген белгілі украиндық зерттеуші Р.Л.Калюжныйдың ойы қызғушылық туғызады. Ол ақпараттық қауіпсіздікті қоғамдық ақпараттық құқықтық қатынастардың адамға, қоғамға және мемлекетті құруға, қолдау көрсетуге, қорғау мен күзетуге арналған бағыты деп есептейді. Сонымен қатар өмір сүруге қауіпсіз жағдай туғызу, қоғамдық қатынастарды реттеу, ақпаратты құру, тарату, сақтау және қолдануды да осы көзқарасына тиек етеді [1].
Іс - тәжірибе мен теорияның кез келген саласы қатал аппараттық түсінікке негізделетінін айта кету керек. Терминдердің толық тізімін қалыптастыру, оларға анықтама беру және әрқайсысының бір мағыналы түсінігі қалыптасуы қамтамасыз етілу үшін интерпретациялануы ақпараттық қауіпсіздік үшін бірінші дәрежеге ие. Ақпараттық қауіпсіздіктің көптеген түсініктері мен терминдері ерекшелігі бар белгілі құрамды, қарым - қатынастар мен белгілерді біріктіреді және қауіпсіздіктің спецификалық түріне қатысты кең ауқымды қамтиды[2]. Авторлар ақпараттық қауіпсіздіктің теориясына қатысы бар терминдердің үш тобын атап көрсетеді.
Авторлардың пікірі бойынша, бұл топқа білім саласының көптеген түрлерінде қолданылатын және семантикалық жағынан бір қалыпқа келтірілген, стилистикалық нейтралды терминдер жатады [3]. Бұл дегеніміз: ақпарат, коммуникация, шиеленіс, қауіп - қатер, қауіпсіздік, жүйе, ықпал ету.
Бұл топтың терминдері бір мағыналылықтың және тұрақтылықтың барлық талаптарына жауап береді. Яғни, бұл терминдер білім саласының бір ғана жағында қолданылып, басқа бір салаларға қатысты қолданғанда өзінің өзіндік ерекше мағынасын сақтайды, сонымен қатар, барлығы мойындағандай - олар күнделікті қолданылады[4]. Алайда, "ақпарат" терминіне спецификалық құрам тән: білімнің түрлі саласында, тіпті сол саланың өзінде ол затты, болмысты, үдерісті және олардың бір уақыттағы қатынастары мен құрамын сипаттай алады.
Екінші топқа ақпараттық қауіпсіздіктің айналасында, арнайы сала мен білім сферасында басқа түсініктермен қатар қолданылатын, ортақ мағынаны беретін терминдер жатады. бұл терминдердің қатарына: информатика, ақпараттандыру, ақпараттандыру жүйесі, ақпараттық технологиялар, ақпараттық үдерістер, ақпараттық обьект, ақпараттық ресурс, ақпараттық инфрақұрылым, ақпараттық сфера, ақпараттық потенциал жатады[5].
Үшінші топқа осы салаға қатысы бар заттардың, құбылыстың, үрдістердің құрамдары мен қатынастарына сай келетін терминдер жатады (ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, мәселелерін шешу жолында пайдаланылатын әдістер мен күш, құралдар да осы топқа қатысты қолданылады). Бұл топқа кіретін терминдер түрлі дәрежедегі кең ауқымды түсініктерді анықтайды: ақпараттың техникалық шығу каналы мен ақпаратқа қарсы күрес каналдарына дейін.
Оларға: ақпаратқа қарсы күрес, ақпарттың үстемдігі, ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттық қауіпсіздікке қатер төну, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесі, ақпараттық қорғалу, ақпараттың қауіпсіздігі, ақпаратты қорғау, ақпаратты қорғау обьектісі, ақпаратты тасымалдаушы, ақпараттың қолжетімділігі, ақпараттың тұтастығы, ақпараттың құпиялылығы, ақпаратқа санкциясыз қол жеткізу, ақпараттың таратылуы, ақпараттың таратылу каналы, ақпаратты жеткізу каналы, ақпаратқа ықпал ету, ақпараттық - психологиялық ықпал ету, ақпараттық - психологиялық сфера жатады.
Қауіпсіздік жалпы ғылыми категория негізінде қарастырылып отырған жүйенің күйі ретінде қарастырылуы мүмкін, сыртқы және ішкі қауіптерге байланысты бірқалыпты ықпалдарға қарсы тұрып, бір жағынан оның функциялануы сыртқы орта мен жүйенің жұмысына еш кедергі келтірмейді. Осындай анықтамаларға орай жүйенің қауіпсіздігінің өлшеуі деп мыналар табылады:
- - Қалыпты емес сыртқы және ішкі ықпалдарға қарсы тұра білу қабілетіне байланысты - қалыпты емес факторлардың ықпалымен жүйенің өзінің құрылымын, технологиясын, функциалану әсерлілігін сақтау дәрежесі;
- - Жүйе элементтері мен сыртқы ортадан туатын қауіптің жоқтығына байланысты қалыпты емес факторлардың пайда болу мүмкіндіктері жүйенің элементтері мен сыртқы ортаға қауіп туғызуы мүмкін.
Қарастырылып отырған мәселені зерттеу барысында жоғарыдағы анықтамалардың интерпретациясы ақпараттық қауіпсіздіктің келесі мағынасын ашады: "ақпараттық қауіпсіздік - мемлекеттің ақпараттық кеңістігінің, сонымен қатар азаматтың, тұлғаның, мемлекеттің, қоғамның қызығушылықтары мен құқығының қорғалу күйі. Азаматтың, тұлғаның, мемлекеттің, қоғамның қызметіне негізделген ақпараттық кеңістікте шынайы және потенциалды қауіптен қорғалуы. Мемлекеттің ақпараттық тәуелсіздігіне қауіп туғызбайтын, қауіптің алдын алатын жүйесі. Ақпараттық қауіпсіздіктің жолында кездесетін мәселелердің шешімін табу бағытында ақпараттың өзі бағыттаушы бола алады[6]. Кез келген ұйымдастырылған жүйенің шартты компоненті ретінде ақпарат бір жағынан жеңіл ашылады (яғни, түрлі жоспарлы қатерлерге қалыптан тыс ықпалдардың әсеріне байланысты аз уақытта ашылады), екіншіден, ақпараттың өзі түрлі жоспарлы қатерлерге негіз болып, жүйе үшін де, сыртқы орта үшін де қауіп туғызады.
Осылайша, ақпараттық қауіпсіздік теориясының дамуы ақпаратты қорғауды дамыту бағыттарына сүйене отырып, ортақ мәселені құраушы жүйенің бірі болып ақпараттық қауіпсіздіктің өзі табылады[7]. Екінші жақтан, - ақпараттық қауіпсіздіктің екінші құраушысы және зерттеп, зерделеушісі болып - ақпаратты қорғау практикасы қарастырылады (тыңғылықты зерттеулер және жұмыс жоспарлары қазіргі таңда мүлде жүргізілмейді десекте болады).
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Воробьев В.Ф. Проектирование средств трасологической идентификации компьютерных преступлений. - Рижим доступа: http://bezopasnik.org/article/ book/zhelnikov_-_Cryptography.pdf
- Вус М.А. Россия на пороге информационного общества. СПб: СПбГУ, 1997.
- Гасанов Р.М. Шпионаж особого рода / Р.М. Гасанов. - М., 2011. -114б.
- Геннадиева Е.Г. Алгоритмы анализа последствий воздействия угроз несанкционированного доступа в информационно-телекоммуникационных системах. - Рижим доступа: https://books.ifmo.ru/file/pdf/1740.pdf
- Горшенков Г.Н. Криминология / Г.Н. Горшенков. - Сыктывкар. 2013. - 512б.
- Жельников В. Криптография от папируса до компьютера. - Рижим доступа: http://bezopasnik.org/article/ book/zhelnikov_-_Cryptography.pdf
- Женило, В.Р. Проблемы развития цифровых информационных технологий в органах внутренних дел [текст]. /В .Р . Женило//Компьютерные технологии в криминалистике и информационная безопасность. - Труды академии М ВД РФ. - М., 1997. - С. 32-45.