Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Өңірлік экономиканың дамуы және оның бәсекеқабілеттілігі

Аталмыш мақалада өңірдің бәсекеқабілеттілігі мен инновациялық әлеуетті жоғарылату үшін экономикалық қатынастардың рөлі, ұйымдық-экономикалық механизмдерін жетілдіру бойынша негізгі бағыттары қарастырылған.

Экономикалық қызметтің ғаламдану үдерісінде дамыған және дамып келе жатқан елдердің арасында өз тауарларын өткізуге, шет ел инвестицияларына, инновация және жаңа технологияларға деген бәсеке күшейіп кетті. Енді әр елдің және оның өңірлерінің даму болашағы, даму деңгейіне қарамастан халықаралық еңбек бөлінісінде жағымды қатысу және өз халқының өмір сүру жағдайын көтеру үшін өзінің тұрақты бәсекеқабілетті спецификалық артықшылықтарының бар болуымен дәйектеледі.

Өңірдің бәсекеқабілеттілік түсінігінің дамуының бірнеше аспектілері бар: экономикалық, басқарушылық, инфрақұрылымдық, білім беру, ғылым, мәдениеттік, олардың әр қайсысы экономикалық қызметтің нақты субъектілерімен көрсетіледі - өңірлік басқару органдарымен, жеке компаниялармен, білім беру және ғылым орындарымен, инфрақұрылым объектілерімен және т.б.

Бұл аспектілердің әр қайсысында өңірлік бәсекеқабілетті артықшылықтарын табу - макроэкономикалық және әлеуметтік зерттеудің міндеттері, олар бәсекеқабілеттілікті анықтайтын факторларды жақсартуға және тиімді қолдануға ғылыми база береді, ол барлық өңірдің қызмет етуінің тиімділігін көтеруге әкеліп соғады.

Өңірді ұлттық және өңірлік нарықта бәсекеқабілетті әлеуметтік-экономикалық жүйе ретінде орнықтандыру салалар, технология және компания негізінде көрсетуге қажет ғана емес, сонымен қатар арнаулы түрде ұйымдастырылған өңірді-жерді бағалау негізінде қажет. Өндірістегі өңірлік экономиканың салалық және технологиялық логикасының дәстүрлі тірегі экономикалық қызметтің жерлік және кеңістіктік тірегіне түзетілуі керек. Қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық жүйенің бәсекеқабілеттілігін бағалағанда алдыңғы қатарлы технологиялар мен фирмаларды ғана ескермей, сонымен қатар осы технологиялар мен фирмаларды қабылдай алатын өңірлерді де ескерген жөн.

Облыстың өңірлік ірі қалаларының ұлттық, өңірлік және әлемдік экономикалық жүйедегі бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша іс-әрекеттер стратегиясын әзірлеу қажеттілігі көптен туындап отыр. Стратегия мақсаты болып, дамудың инновациялық сапасының, инвестициялық тартымдылық пен қаржылық тұрақтылық негізінде экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету есебіне өңірдің демографиялық өсімі мен тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту.

Көзделген өңірдің динамикалық дамуы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатына қол жеткізу өңірлік, ұлттық және әлемдік экономикада оның бәсекегеқабілеттілік мамандалуын қалыптастыру бойынша өзара байланысты міндеттердің тиімді шешіміне, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамудың негізінде экономикалық әлеуетті ұтымды ұйымдастыруға байланысты.

Қарағанды облысының ұзақмерзімдік дамуының тұжырымдамасы "Сары-Арқа" өңірлік (Қарағанды және Ақмола олбыстары) шегінде облыс имиджі мен әлеуметтік-экономикалық ролінің көрінісінен туындауы қажет. Мұндай осьтік сызықтағы даму елеулі түрде экспортқа бағдарланған әлеуеттік пен жоғарғы деңгейдегі сервистік-технологиялық дамумен сипатталынатын қазіргі заманғы өнеркәсіптік орталықтар тұрғысындағы Қарағанды- Теміртау-Астана алгомерациялық зонасында және Балқаш-Жезқазған өсу зонасында іске асырылады.

Мақсаттың орындалуы үшін төмендегідей міндеттердің шешімі қажет:

1-ші міндет. Өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымы (денсаулық сақтау, мәдениет, әлеуметтік көмек, әлеуметтік қызмет көрсету) қызметтері сапасы мен қазіргі заманғы жағдайын қамтамасыз ету және тұрғындардың жұмысбастылық негізінде тұрғындардың өмір сүру деңгейін сапалық тұрғыда алдыға жылжытуды жүзеге асыру.

Облыстың басты қалаларында әлеуметтік қызмет саласы, әлеуметтік инфрақұрылым жағдайын зерттеу мен бағалау және әлеуметтік-бағдарланған елдердің қазіргі деңгейіне сай әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамытуға қажетті жобалар тізімін анықтау.

2-ші міндет. Экономикаларының бәсекеге қабілеттілігін өңірлік, ұлттық, әлемдік деңгейде қамтамасыз етуші қалалар аумағында қазіргі заманғы өндіріс технологияларының жалпы массасын құру және өңірлік кәсіпорындардың алғыр бизнес- жобаларын анықтау, олардың мүдделерін "Сары- Арқа" ӘКК-сы мен индустриалдық парк даму институттарында қорғау негізінде әрекеттесу. Қарағанды облысының экономикалық дамуы қалаларда жоғарғы және орта технологиялық бизнестің өсуіне күш беру бойынша үш тіректік негізді иемденетін болады:

  • -"Арселор Миттал Теміртау" АҚ - "Металлургия- металлөңдеу-машинақұрылысы" Кластері - экспортқа бағдарланған өндіріске негізделген Индустриалдық парк. "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС және оның кластерлік жүйесі.
  • -"Фитохимия" Ғылыми-өндірістік Орталығы" АҚ - "Фармация" кластері.
  • -Қазақстан өңірлеріне, Астана қаласымен іскерлік байланысқа және экспортқа бағдарланған құрылыс материалдары, химия өнеркәсібі мен металл құрылысы өндірістік аяларындағы орта және шағын бизнес.
  • -Өңіраралық және жергілікті мәндегі (тамақ, жеңіл өнеркәсіп) қызметтер мен қызмет көрсету саласының дамуына әрекеттесу.
  • -Экономикалық өсімнің бірінші және екінші бағыттары бойынша жоғарғы, орта технологиялы бизнес-жобалардың жиынтығын анықтай отырып, оларды "Сары-Арқа" ӘКК мен индустриалдық парктерге енгізу.

Алғыр жобаларды таңдау критерилері Қазақстанның қазіргі заманғы экономикасының негізін қалаушы бағыттарынан туындайды. Оларға келесілер тиесілі:

Қазіргі заманғы экономиканың орта- және жоғарғы технологиялық салаларына жататын жоғарғы қосымша құн өндірісінің үлестік салмағын жоғарлату және өнеркәсіпті әртараптандыру;

Әлемдік нарықта белгілі бір нарық қуысын иемденуші не әлеуетті иесі ретінде мүмкіндік беретін экспортқа бағдарланған отандық өндірістер үлесін арттыру есебіне өңірлік бәсекеге қабілеттілігін жақсарту;

Ұлттық және әлемдік нарықта өңдеудің алғашқы сатысындағы өзіндік құнның арзан болуына байланысты бәсекеге қабілетті тауар өндірісіне нақтылай мүмкіндік беруші және салаларда технологиялық тізбектің негізін құраушы өндірістерді қалыптастыру. Мұндай өндірістер салалардағы қажеттіліктерді толықтай қанағаттандыруда икемді және жылдам бейімделгіш технологиялар негізін құрайды және ұлттық немесе әлемдік нарықта талап етілетін орта және жоғарғы қосымша құндық өнімдерді өндіреді.

Осындай жолмен, алғыр жобаларды таңдау критерийлері еліміздің әлеуметтік-экономикалық саясатының жалпы мақсатымен анықталады. Олардың маңыздыларына келесілер жатады: әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны, бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету және мемлекеттің ұдайы өндірістің инновациялық түріне ауысуы, сыртқы экономикалық және сыртқы саяси факторлардан тәуелсіздікті күшейту. Сонымен қатар, алғыр жобалар республика және өңірдің халықаралық деңгейдегі имиджін жақсартуға септігін тигізеді.

Өңірдің бәсекелік тұрақтылығына қол жеткізудегі басты роль кластерлерге тиесілі, яғни, өзара байланысты кәсіпорындардың, қызмет көрсетушілердің және өзара бірін-бірі толықтырушы, бірақта кей салаларда бәсекелес болып саналатын мекемелердің жергілікті топтары. Тек қана кластерлер белгілі бір салада бәсекелік табыстылық үшін қажетті сындық жалпылықты қалыптастырады. Сондықтан да өңірдің бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату жүйесіндегі міндеттердің бірін өңірдің кластерлену әлеуетін айқындау құрайды.

Үшінші бағыт бойынша өңір аралық және жергілікті байланыстарға бағдарланған шағын және орта бизнестің даму келешегін анықтау мен бизнестің дамуындағы тәуекелдер мен шектеулерді, оның ішінде, өңірдің инфрақұрылымын қамтамасыз етуші факторлар мен кездесетін шектеулердің орнын алу үшін механизмдерді әзірлеуді айқындау керек.

Төртінші бағыт бойынша аграрлық-өнеркәсіптік кешенді енгізе отырып, жергілікті мәндегі салалардың дамуы бойынша іс-шараларды әзірлеу қажет.

  1. міндет. Өңірлік экономикасының ақпараттық және көліктік, логистикалық, энергетикалық, өндірістік инфрақұрылымын инвестициялық тартымыдылықты күшейту мақсатында қамтамасыз ету керек.

Өңірдегі инфрақұрылымның барлық түрлерінің жағдайын зерттеу мен басты қалалар үшін басымды бағыттарды анықтай отырып, қазіргі заманғы деңгей мен сапаға сай инфрақұрылымды қалыптастыру жүргізілуі міндетті. Қазіргі заманғы желілік өңірді қалыптастыруға қажетті инфрақұрылымдық жобалар тізімін құру.

4-ші міндет. Ұзақ мерзімдік келешекке өңірдің тұрақты түрде әлеуметтік-экологиялы-экономикалық дамуының қағидаларын, оның ішінде, осы өңір пен онымен шектес аумақтарда толыққанды рекреациондық зоналарды қалыптастыруды іс жүзіне асыру қажет.

5-ші міндет. Өңір территориясында сауда мен қызмет көрсету салаларының қазіргі заманғы нарықтық инфрақұрылымдарын қамтамасыз ету керек.

Өңірдің бәсекелік артықшылықтарының жайғасымын өңірлік маркетингтің негізінде нығайту жергілікті экономикалық дамуды қолдаудың тиімді әдісі және территорияның динамикалық әрі тұрақты дамуының қажетті алғы шарты, басқаруда әлеуметтік бағытталынуды күшейтетін амал болып табылады.

Өңірдің халықаралық көлемде жайғасымын күшейту үшін өңірдің шет елдік маркетингтік бағдарламасының іске асырылуын қолға алу керек және әріптестік өңірлердің астаналарында өкілдіктер құру мен ірі экономикалық көрмелер ұйымдастыру, халықаралық жәрмеңкелер, конференциялар, фестивальдарға қатысушылықты атқару қажет. Өңірдің халықаралық деңгейде жайғасымын белсендіру факторы ретінде шет елдік өңірлермен дәстүрлі іскерлік байланыстар мен халықаралық және шекарамен шектес ынтымақтастықтарды бекітудің қазіргі заманғы үлгілері, т.б. қолданылуы мүмкін.

Қарағанды облысының жайғасымын жүргізу, оны төменгі қосымша құндық тауарларды өндіруші тұрғысында ғана емес, сонымен бірге, орта және жоғарғы технологиялық тауарлармен жабдықтауға және сервистік қызметтердің кең спектрін (саудалы- логистикалық, көліктік ақпараттық, қаржылық, білім берушілік және т.б.) ұсынуға бағдарланған тұрақты экономикалық жүйе ретінде танымдылығын арттыруға септігін тигізеді.

Облыстың ірі қалаларының бәсекеге қабілеттілігін дамыту бойынша іс-әрекеттер Стратегиясы.

Қарағанды қаласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша іс-әрекеттер Стратегиясы, қаланың экономикасының бәсекеге қабілеттілігін елеулі түрде күшті инновациялықпен дамытуға мүмкіндік беретін мемлекеттік-жеке меншіктік әріптестіктің бірқатар негізгі жағдайларының қалыптасуын қарастырады. Оған келесілер жатады:

  • -Қаланың білім берушілік және ғылыми әлеуетінің, өңірлік технопарк бен "Сары-Арқа" ӘКК- ның өзара байланыстылығының бірлік механизміне негізделген өңірлік инновациялық жүйені қалыптастыру, сонымен қатар, өңірлік деңгейде даму Институтына ұқсас өңірлік даму Корпорациясын құру;
  • -Солтүстік өнеркәсіптік зонада инновациялық өндірісті орналастыру үшін индустриалдық парк құрылысы: металл кремниі зауыты, полиқұрылымдық кремний зауыты, тіке жалғасқан құбырлар өндірісі бойынша зауыт және т.б.
  • -"Металлургия - металлөңдеу" және "Фармация" кластерлерінің негізінде желілік құрылымдарды дамытудың мастер-жоспарын құру және түзету;
  • -Ғылыми институттар, жоғарғы білім беру мекемелері, шаруашылық субъектілері мен бастауыш, орта және жоғары мекемелердің әлеуметтік әріптестігін қамтамасыз ету мен қалада облыстық деңгейдегі кадрларды дайындау мен қайта дайындау Орталығын құру, "Біліктілікті беру мен бектіу бойынша Республикалық орталық" РКМК-ның қызмет етуін әрекеттесу негізінде қазіргі заманғы үздіксіз білім беру жүйесін қалыптастыру.
  • -Қаланың қазіргі заманғы өмір сүрушілік инфрақұрылымын қалыптастыру: жол желілерінің жағдайы, қоғамдық көліктік тасымалдау қызметінің сапасы, ауыз су сапасы, қала ішілік рекреациондық зоналарды көгалдандыру мен ахуалын жақсарту.
  • -Қоқыстардың шығарылуын азайту есебіне және қоқысты өңдеу зауытының құрылысының негізінде қатты тұрмыстық қоқыстардың зардап келтіруін азайту арқасында қаланың экологиялық жағдайын жақсарту саясатын жүргізу.

Теміртау қаласы бойынша:

  • -Алғыр жобалардың дамуын және жоғарғы қосымша құнды өнімдердің шығарылу көлемін арттыру мақсатында өнеркәсіптік құрылыстық материалдар, металлөңдеу, металлургияны дамыту жобаларының іске асуына Теміртау қаласының әкімшілігінің әрекеттесуі.
  • -Мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті төмендегі бағыттар бойынша күшейту қажет:
  • -Білім беру орталығын қолдану, спорттық объектілердің, ауыз су тазарту құрылығылары құрылысының аяқталуына, қаланың экологиялық жағдайының жақсаруына "Миттал Стил Теміртау" АҚ-ның әріптестік қатынасын күшейту;
  • -Құрылыстың инфрақұрылымдық жобасын іске асыру, индустриалды парктің ("Сары-Арка" ӘКК) қызмет етуін енгізу;
  • -Жергілікті тауар өндірушілердің тауармен жабдықтауға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын және жергілікті қызмет ұсынушылардың қызмет көрсетуін кеңейту, сонымен қатар,әртүрлі бағыттағы қоғамдық секторларды ұйымдастыру: білім беру және медициналық қызметтер, жастар және теңдік (гендерлік) саясатты іске асыру шаралары, т.б.
  • -өмір сүрушілікті қамтамасыз етуші инфрақұрылымдар объектілерін (қаланы сумен, газбен жабдықтау, электр- жылу жүйесімен қамтамасыз ету) дамытуды қамтамасыз ету мақсатында жергілікті табиғи монополиялармен іскерлік ынтымақтастықты нығайту.
  • -Қаланың тұрғындарының өмір сүру деңгейін жоғарлату және әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына бюджеттік инвестицияның өсімі негізінде бизнесті жүргізудің бірлік шартын жақсарту, ең алдымен: мектепке дейінгі және бастапқы кәсіби білім беру, жол шаруашылығы, денсаулық сақтау, көгалдандыру;-Жоғарғы таксикалық ртуттық шығыстар үшін полигонды-жинақтау құрылысы және бұрынғы "Карбид" зауыты территориясын қалпына келтіру мен Нұра өзенінің ағымын тазарту. Балқаш қаласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша әрекеттер Стратегиясын жүзеге асыру келесі шараларды қарастырады:
  • -Өңірдің іскерлік белсендігіне бағыттала отырып, өңірлік жүйенің қайта құрылымын қамтамасыз етуші алғыр және инфрақұрылымдық жобалардың қалалық экономиканы күшейту бойынша механизмдер және оны іске асыру;
  • -ӨБ "Балқашцветмет", ЖШС "ЗОЦМ" сияқты ірі кәсіпорындар негізінде, қаланың кәсіпкерлік ортасын тарта отырып, инновациялық үрдістерді қала экономикасында ролін арттыру механизмдерін әзірлеу;

Балқаш көлінде туристік-рекреациондық зонаның дамуына және Балқаш пен оған шектес территориялардың туристік әлеуетін кеңейту, туристік сервистің деңгейін табиғи курорттық зоналар талаптырына сай жоғарлатуда мемлекеттік және жеке меншіктік инвестицияны тарту механизмдерін әзірлеу;

  • -"Сары-Арқа" ӘКК-ның негізінде мемлекеттік- жеке меншік әріптестіктің жаңа үлгісін енгізу және қала мен кәсіпкерлік ортаның инфрақұрылымын дамуын инвестициялық қамтамасыз етуді күшейту шараларын әзірлеу;
  • -Қаланың өмір сүрушілік инфрақұрылымына қатысты мәселелерді шешу бойынша механизмдерді әзірлеп, іске асыру: сумен жабдықтау көлемі және қаланың су құбыры желісінің сапасы, жол желілерінің жағдайы, қаланы көгалдандыру;
  • -Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуының 2019 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиясы бойынша негізгі күш экономиканың шикізаттық емес бағыттағы салаларында жұмыс істейтін бәсекеге қабілетті, соның ішінде экспорттық бағдарланған өндірістерді дамытуға және құруға бағытталуы тиіс. Бұл орайда ұзақ мерзімді стратегиялық міндеттерді шешу мақсатында басты назар ғылымды қажетсінетін және жоғары технологиялы өндірістерді дамыту үшін жағдай жасауға аударылуы керек.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы. - / http://www.akorda.kz/kz/ category/gos_programmi_razvitiya
  2. Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. - / http://www.akorda.kz/kz/category/ gos_programmi_razvitiya
  3. Статистический сборник Инновационная активность в Карагандинской области / www.karaganda.stat.kz
  4. Ахметов С.Н., Алимбаев А.А., Притворова Т.П. и др. Карагандинская область в суверенном Казахстане: устойчивое развитие и смена техно- экономических основ конкурентоспособности / отв. ред. А.А. Алимбаев. - Караганда: ФормаПлюс, 2011. - 384 с.
  5. Владимирова, О.Н. Организационноэкономические и институциональные основы формирования и функционирования региональных инновационных систем: Монография / О.Н. Владимирова; - М.: Доброе слово, 2011.- 13,5 п.л.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.