Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан республикасы аймақтарындағы халықты әлеуметтік қорғау перспективалары

Аталмыш мақала халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі негізгі мәселелердің шешілу мүмкіндіктерін талдауға арналған. Мақалада отандық және шетелдің озық үлгілері мен тәжірибелері талданған. Халықты әлеуметтік қорғау аймақтық бағдарламаларының элементтері қарастырылған.

Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақстан-2050" Стратегиясында Қазақстан Республикасы 2050 жылға дейін әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылу жолында негізгі екі кезеңде жүзеге асырылуы қажет екендігі айтылды. Аталмыш құжатта әлеуметтік саланы дамытудың 2050 жылға дейін басты бағдарлары нақты индикативті цифрларда көрсетілген. Ішкі жалпы өнім көлемін жан басына шаққанда 4,5 есе - 13 мың доллардан 60 мың долларға дейін арттыруымыз керектігі, сондай-ақ Қазақстандағы халқының құрылымында орта тап үлесі басым елге айналу керектігін жария етілген болатын. [1]

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі республикалық, аймақтық деңгейлерді және түрлі әлеуметтік топтар мен категориялардан тұрады. Халықты әлеуметтік қорғаудың негізіне халықтың тіршілігін қамтамасыз ету мен өмір сүру стандартының минималды деңгейін қолдау жатады. Ал, аймақтық деңгейдегі Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қалыптасу механизмі оның ары қарай дамуын, аумақтық ерекшеліктерін ескере отырып, нақтылайды. Республика бойынша және аймақтардағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесі келесі түрлерге бөледі: [2]

  • экономикалық және әлеуметтік әлуеті төмен, қажетті қаражаты жеткіліксіз аймақтар;
  • жұмыссыздық деңгейі жоғары аймақтар; экологиялық қауіп-қатері бар зонада орналасқан аймақтар;
  • ауыл шаруашылығы басым аймақтар.

Халықты әлеуметтік қорғауға келесі көмек көрсету түрлері кіреді:

  • біріншіден, тұрғындардың тіршілігін қамтамасыз ететін басты салалардың жұмысын қадағалайды;
  • екіншіден, еңбек пен жұмысбастылық саласында азаматтардың құқын қорғау;
  • үшіншіден, экономикалық жағдайына байланысты қажетті тұтыну деңгейін қамтамасыз ете алмаған, әлеуметтік әлсіз топтарды қорғайды.

Аймақтық саясат - мемлекеттік билік органдарының саяси, әлеуметтік, экономикалық мақсаттары мен міндеттерінің жүйесі.

Республикалық деңгейдегі мемлекеттік аймақтық әлеуметтік саясатын қалыптастыруда әлеуметтік саланың стратегиясы мен идеологиясы қалыптасады, оның заңнамалық реттелуінің міндеттері мен негізгі механизмі айқындалады [3]. Ол келесі қағидаларға сүйенуі керек:

  • -жалпы мемлекеттің және әр аймақтың әлеуметтік қорлары сақталып, ұтымды қолдануына жағдай жасау;
  • -маңызды қаржы бөлуді қажет ететін артықшылығы басым бағытты анықтау;
  • -әлеуметтік саланы сүйемелдеудің капитал сыйымдылығы аз нұсқаларын іздеу.

Жалпы заңдылықтарын ауытқыған аумақтық ерекшеліктердің деңгейі мен сапасы экономикалық, табиғи-климаттық қорлар, инфрақұрылымдық ерекшеліктерге байланысты анықталады және мемлекеттік саясатқа үйлестіріліп жүргізіледі. Бұл саясаттың негізгі мақсаттарының бірі - аймақтардағы әлеуметтік-экономикалық даму шарттарын теңдестіру, ал, негізгі міндеті - өмір сүру деңгейі мен экономикалық даму деңгейі төмен аймақтардағы жағдайды орта деңгейге жеткізу. Аймақтардың өз бетінше дамуын ынталандыру мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаудың бір түрі болып табылады.

Тұрғындардың әлеуметтік мобильдігін қолдау(жайлы орынға қоныстануға көмек көрсету);

Үкіметтің шет аймақтарға капитал мен инвестиция салымдарын ұйымдастыруы;

Әлеуметтік саясаттың заманауи кезеңінде ең басты аспект - мемлекеттік және аймақтық бағдарламалардың үйлесімді түрде жүргізілуі, аймақтардың әлеуметтік дамуында олардың оңтайлы қызметін жүргізуі болып табылады.

Шетелдің халықты әлеуметтік қорғауозық үлгілерін зерттеу барысында аймақтардың дамуының негізгі үш нұсқасын атап өтуге болады:

Америка Құрама Штаттарының бай әрі басты аймақтарды дамыту және қолдау, ал қалғандарын бай аймақ есебінен дамыту тәжірибесі экономикалық жағынан тиімді болды.

Германияда бүкіл аймақтардағы өмір сүру деңгейін шашамен бірдей қалыпта сақтап қалу үшін салық салудың, жұмысбастылықтың, өмір сүру деңгейін реттеу шараларын ұтымды жүргізу басты мақсат болып табылады.

Скандинавия мемлекеттерінде тек кедей аймақтарды қолдау қажет, бай аймақтар өз бетінше дамиды деген ұстаным қолданылады [3].

Көптеген дамыған мемлекеттердің тәжірибесінен анықтағанымыздай, тәуелсіз мемлекетіміздің аймақтық саясатын жүзеге асыру үшін тиімді басқару жүйесін қалыптастыру арқылы жоғары нәтижеге қол жеткізуге болатындығы дәлелденіп отыр. Қазіргі уақытта ешбір мемлекет ел ішіндегі тиімді аумақтық басқару жүйесін құрып алмай, бәсекеге қабілетті болып, әлемдегі өзінің лайықты орнына ие бола алмайды. Өздерінің мемлекеттік басқару жүйесін қазіргі талаптарға сай жаңартқан мемлекеттер өз аймақтарында шаруашылық кәсіпорындарын орналастыру және шет ел инвестицияларын тарту үшін тартымдырақ бола түсті. Ал бұл қазіргі ғаламдану үрдісі белең алып отырған әлімдік бәсекелестік жағдайында аса маңызды.

Экономикасы нарықтық қатынастар негізінде дамып отырған елдерде аймақтық дамуға мемлекеттің араласуының екі негізгі мақсатын бөліп қарастырады:

-"әлемдік", яғни барлық аймақ тұрғындары үшін жақсы тұрмыс-жағдайына жетудің тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету;

-"тиімділік", жалпы ұлттың тұрмыс-жағдайын көтеру мақсатында әр аймақтың өндірістік әлеуетін тиімді пайдалану;

Бұл екі мақсат қарама-қайшы әрі бірыңғай да болуы мүмкін. Мысалы, экономикалық өсу кезеңінде бірінші мақсат басымдыққа ие болса, дағдарыс кезеңінде екінші мақсат алдыңғы орынға шығады.

Қазіргі кезеңде әлеуметтік-экономикалық жүйенің күрделенуіне орай басқарудың көп деңгейлі жүйесі кеңінен таралып отыр. Соған сәйкес қалыптасқан теориялық негіздерге жүгінейік. Жоғары деңгейдегі басқару құрылымы өзінен кейінгі басқару құрылымдарына үш негізгі тәсілмен ықпалын тигізеді:

  • мақсаттар қою арқылы;
  • белгілі бір күтілетін нәтижені жүктеу арқылы;
  • ресурстарға шектеу қою арқылы.

Басқарудың әр түрлі деңгейлерінің арасында өкілеттіліктер, жауапкершіліктер және функциялар болып бөлінеді. Бекітілген өкілеттілік аясында әрбір басқару құрылымы өз бетінше басқару шешімдерін қабылдауға құқықтары бар. Басқарудың жоғары деңгейі ағымдағы қызметке, соңғысы өзінің функцияларын орындай алмаған жағдайда ғана араласа алады. Бір деңгейдегі басқару құрылымдары тікелей бір-бірімен өзара әрекеттесе отырып, басқарудың жоғары деңгейлерінің көмегінсіз өздерінің мәселелерін шеше алады. Басқару деңгейлері арасындағы өзара әрекеттесу бөлінген өкілеттіліктер мен функциялар шегінен шығып кететін болса, келісімшарт түрінде жүзеге асырылады. Өкілеттіліктерді бөлгенде функциялардың қайсысын ерекше орындау қағидасымен, ал, қайсысы үшін басқарудың әр түрлі деңгейлеріне ортақ жауапкершілік бекіту керектігін ескеріп, соған сәйкес оңтайлы шешімдер табу маңызды болып табылады.

Біздің пікірімізше жоғарыдағы тарауда шетелдің озық үлгілерін талдай келе, аймақтық басқару құрылымының деңгейлері бойынша функциялар мен міндеттерді бөлу және қалыптастыру төменнен, яғни басқару объектісінен, сол сияқты жоғарыдан - басқару субъектісінен де таралуы тиіс. Функциялар мен міндеттер тым орталықтандырылу негізінде қалыптастырылса, төменгі деңгейлерге артық немесе жүзеге асырылмайтын функциялардың берілу қаупі туындайды, сол сияқты оларды орталықсыздандыру арқылы қалыптастырған жағдайда маңызды стратегиялық мақсаттар мен міндеттердің ескерілмей қалу қаупі бар. Басқару деңгейлері бойынша нақты функцияларды бөлгенде төменгі басқару деңгейлерінің басымдығы немесе теңдігі сақталуы тиіс. Бөлу барысында басқару органдарының міндетті өкілеттілігіне аймақты басқару мақсаттарына жауап бермейтін және нарықтық қатынастар арқылы шаруашылық жүргізуші субъектілер өздері жүзеге асыратын функциялар енгізілмеуі қажет.

Осыған байланысты аймақты басқарудың көптеген функцияларын бөлудің негізгі ережесі болып субсидиарлық қағидасы табылады. Ол қағидаға сәйкес басқарудың нақты функциясы оны тұтынушыға барынша жақын болуы тиіс. Демек,басқару деңгейлері арасында бөлінген функциялар басқару объектісінің мақсатына қаншалықты сай болса, басқару да соншалықты нәтижелі болады. Сонымен қатар басқару деңгейлері арасындағы функцияларды бөлгенде сақталуы қажет бірқатар қағидаларды атап өтейік:

  • өкілеттіліктердің жеткілікті болу қағидасы, оған сәйкес функцияны орындайтын басқару деңгейінің өкілеттілігі оны тиімді жүзеге асыру үшін қажет және жеткілікті болуы тиіс;
  • өкілеттіліктер мен жауапкершіліктердің сәйкестік қағидасы, белгілі бір функцияны орындаудағы жауапкершілік берілген өкілеттіліктер шегінен асып кетпеуі қажет, сондай-ақ бұл өкілеттіліктерден кем болмауы да шарт;
  • ресурстармен қамтамасыз етілу қағидасы, басқару деңгейіне сәйкес нақты функцияны жүзеге асыру қажетті материалдық, қаржылық, еңбек және ақпараттық ресурстармен қамтамасыз етілуі қажет.

Басқару деңгейлері арасындағы функцияларды бөлу бағалаудың сарапшылық(эксперт) әдістерін қолдану негізінде белгіленген қағидаларға сәйкес жүргізіледі. Басқарудың белгілі бір деңгейінде функцияны тиімді жүзеге асыру мүмкіндігін бағалауда аймақтық бірліктердің түрлі сипаттамаларын ескеру талап етіледі, атап айтқанда, халық саны неғұрлым көп болса,соғұрлым функциялар жоғарыға берілмей, басқарудың аймақтық деңгейлерінде қалады. Аймақтардың экономикалық және әлеуметтік дамуы қаншалықты жоғары деңгейде болса, дамуға қатысты функциялардың көбі сол аймақтың басқару органдарының құзыретінде қалдырылады.

Мемлекеттік басқарудың әр түрлі деңгейдегі органдары аймақтық даму саясатын жүргізе отырып, еліміздің әр аймағының даму деңгейлерін теңестіруі, олардың әлеуметтік дамуына алғышарт құруы қажет, содан соң аймақты басқарудың кезекті сатысына - әлеуметтік дамуды басқару сатысына кірісуі керек. Жалпы басқарма органдарының әлеуметтік саладағы қызметі тек нарықтық қатыснаста толық іске асырылмайтын, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету болып табылады. Әлеуметтік сала тармақтарының қызметіне қарай оларды тұтыну мүмкіндігіне сай алғышарттары анықталуы маңызды. Өмірлік маңызды игіліктердің қолжетімділігі қамтамасыз етілуі және әл-ауқат дәрежесінің құқықтары секілді, адам құқықтары да қорғалуы тиіс [3].

Біздің пайымдауымызша, мемлекеттік әлеуметтік саланың аймақтық дамуын басқаруда кең көлемде шоғырланған келесідей түйінді мәселелерін көрсеткен жөн:

  • -халықты әлеуметтік қорғау объектісін таңдау;
  • -әлеуметтік саланың бағдарламалары мен кәсіпорындарды, мекемелерді материалдармен және қаржымен қамтамасыз ету көздерін анықтау;
  • -әлеуметтік саланың ахуалын бағалау критерийлерін анықтау;
  • -аймақтың әлеуметтік саласын дамыту басқармасының құралдары мен әдістерін жасау;
  • -аймақтық басқарма органдары мен мемлекеттік органдардың ара қатынасын реттеу;

Аймақтық әлеуметтік сала басқармасы аймақтық Халықты әлеуметтік қорғау басқармасы мен аймақтық әлеуметтік саланы дамыту басқармасын жоспарлап отыр. Осылайша, аймақтың әлеуметтік саласын дамыту басқармасы - бұл әр деңгейдегі билік органдары жүзеге асырған және өңделген әлеуметтік дамуды үйлестіру, әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және ұйымдастыру шараларын құру жүйесі. Әлеуметтік даму басқармасының тиімді шараларын жасау әлеуметтік салалардың даму көрсеткіштері мен бағалар жүйесіне сәйкес пайдалануды ұсынады.

Әлеуметтік саясаттың ықпалын бағалау кезінде оның мазмұны мен мәніне бара-бар критерийлерді қолданған жөн.

Мұндай критерийлер алдымен, аймақ халқының өмірінің сапасы мен дәрежесі болып табылады. БҰҰ қабылдаған өмір сүру деңгейі халықаралық тұжырымдамасына сәйкес, ол мынадай түсінікпен анықталады: адамның денсаулығы, азық-түлік тағамдарын тұтынуы, білімі, еңбек шарттары, тұрғын үй жағдайы, әлеуметтік қамсыздандыру, киімі, демалысы және бос уақыты.

ҚР-ның аймақтарындағы әлеуметтік өрістің дамуы қазіргі кезде біраз қиыншылықтар туындатып отыр, мысалы нарықтық қатынастың дамуы түрлі

әлеуметтік диспропорцияның күшеюіне әкеп соқтырды. Сонымен қатар халықтың өмір сүру деңгейі мен тапқан табысына қарай жікке бөлініп, кәсіподақтар ұйымдары банкротқа ұшырады, еңбекпен қамту үдерістері қысқарды. Облыстардағы әлеуметтік басқару жүйесін дамытуда бағдарламалар жасау әдісі кең таралған. Қазіргі таңда ол әдіс үкімет тарапынан қолдау тауып, тәжірибеге кеңінен енгізіліп келеді.

Басқару бағдарламасы әр облыста тиімді іске асуы үшін нақты жағдайларға сәйкес болуы тиіс. Сондықтан облыстардың әлеуметтік шеңберіндегі басқару бағдарламалары бірнеше жүйеден тұрады:

  • құрылымдар жүйесі;
  • ресурстар жүйесі;
  • жүзеге асыру жүйесі;
  • бақылау жүйесі.

Құрылымдар жүйесі. Құрылымдар жүйесінің элементтері заңға сәйкес жасалып, қолжетімді нысандар мен әдістерді қамтуы керек. Оның объектісі мемлекеттік жүйелеу мен аумақтық дамуды бақылайды. Бұл элементтердің қатарына ҚР-ның Конституциясы мен заңдары кіреді.

Сонымен қатар бұл жүйеге ақпараттық-талдау және болжамдық-талдау тәсілдері кіруі қажет. Ресурстар жүйесі. Ресурстар жүйесіне мемлекеттің қаржылық, табиғи және мүліктік бөлігі кіреді. Сонымен қатар, оған мемлкеттік емес, алайда заң жүзінде белгілі бір мақсатты іске асыруда пайдаланылатын ресурстар, яғни жеке азаматтардың дүние- мүлкі де жатады. Іске асыру жүйесі. Бұл жүйе әлеуметтік жағдайына қарай көпжақты және көптеген нақты әрекеттер мен механизмдерді қамтиды. Мұнда түрлі шаралар қарастырылады. Ең алдымен, түпкілікті немесе ұзақ мерзімді саяси шешімдер қабылдауды жатқызуға болады. Оған мысал ретінде аумақтарда құқықтық ұйымдардың орнығуын айтуға болады. Бақылау жүйесін. Бақылау жүйесіне мемлекеттік басқару жүйесіндегі жалпылама және үнемі іске асырылатын іс-шаралар жатады. Мысалы, кең көлемді бағдарлама жасау немесе трансферттерді жатқызуға болады. Бақылау жүйесі соңғы шешім қабылдау мен оны іске асыруды қамтиды. Көлемді көрсеткіштер мен оның нәтижелі қолданыстары бақылау жүйесінің нәтижесін көрсетеді. Қорытындылай келе, бүгінгі таңда тұрғындардың нақты топтарының - зейнеткерлер, мүгедектер, балалар, коп балалы жанұялардың өз қажеттіліктерін мемлекеттің қолдауынсыз қанағаттандыра алмай қиыншылықтары туындауда. Бұл үдерістер еліміздің көптеген аймақтарында әлеуметтік тұрақсыздықты көрсетіп тұр. Сондықтан жоғарыда айтылған топтағы азаматтардың әлеуметтік қорғалуы қоғамда алғашқы кезеңдегі мақсат болып табылады. Жоғарыда атап өткендей, халықты әлеуметтік қорғау саясаты аймақтық деңгейде дайындалуы қажет, себебі сонда ғана бұл жақын, аймақтық специфика мен ерекшеліктерін есепке ала отырып жеке тұрғындардың мәселелерін шешуге мүмкіндік туғызады.

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі қоғамда әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін көмек көрсетуді, бір жүйеден екінші жүйеге трансформациялануда немесе жедел даму кезеңінде тұрақтылықты сақтауға ықпалын тигізеді. Сонымен қатар, индустриалды дамыған батыс және шығыс елдерінде қалыптасқан ұлттық дәстүрге негізделген әртүрлі мемлекеттік әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесіне, сонымен бірге, сол жүйенің даму спецификасына ие болады. Мемлекеттік әлеуметтік қамтамасыз етуге шығындар кейбір елдерде ЖІӨ-нің 15% дан 30 %-ға дейін жетеді.

Халықты әлеуметтік қорғаудың алғашқы саясаты аймақтық деңгейде өңделуі керек, себебі осы жағдайда ғана халыққа максималды жақын болады және аймақтық спецификалар мен ерекшеліктерді ескеріп жекелеген категория мен азаматтардың мәселелерін тиімді шешуге мүмкіндік береді. Аймақтардың әлеуметтік-экономикальқ тұжырым-дамасын жасау үшін аймақ экономикасының ерекшелігін ескеру қажет. Әртүрлі елдердегі экономикада, мысалы нарықтық жоспарлы тетіктері аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамытуды теңестіру туралы басқару шешімдерін қабылдау үшін негіз болады. Мемлекеттік әлеуметтік саясатты аймақтық сауықтыру ол қай моделде туындаса да аймақаралық қарама- қайшылықтарды теңестіру үшін қажет. Біздің республикамызда халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру мен халықтың осал топтарын атаулы халықты әлеуметтік қорғау жүйесі бойынша шараларды айта кету керек. Халыққа әлеуметтік көмек көрсетудің мемлекеттік жүйесінде маңызды орынды зейнетақымен қамтамасыз ету алады. Әлеуметтік саясатты жүзеге асырудың бір құралы - мемлекеттік атаулы көмек көрсету болып табылады. Атаулы бағдарлама әлеуметтік көмек пен кедейшілікті төмендетуді ықпал етеді. Атаулы бағдарламалардың негізгі басымдылығы кедейлікпен күрес жүргізу тиімділігі болып табылады.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Қазақстан халқына Жолдауы 2014 жылғы 17 қаңтар.
  2. Баяндин М. А. Региональная экономика и управление: учебное пособие. - Павлодар, 2015. - 330 с.
  3. Бекмаганбетов К.А., Алимбаев А.А., Утешев Б.С., Ахметов С.Н., Таубаев А.А. Региональная социальноэкономическая система. - Караганда: ТОО"Санат".-в II томах, 2014. - 46.5 с. - Б. ц.
  4. Байзаков С.Б. Парадоксы мирового прогресса: размышления после выступления Президента РК Н.Назарбаева на 6 экономическом форуме. - Алматы, 2015.82 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.