Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Білім алу құқығы адамның мәдени құқығының бірі ретінде

Мақалада білім алу құқығының түсінігі, мазмұны, кепілдіктері туралы сұрақтар, заманауи Қазақстанда білім беруді жаңғырту мәселелері қарастырылған. Заң әдебиеттеріндегі осы түсінікті талдаудың көптеген мәні анықталады. "Білім алу құқығы" адамның мәдени құқығы ретінде түсінігін анықтаудың көзқарастары қарастырылды.

Білім алу құқығы - оның жеке басын да, бүкіл қоғамды да дамыту үшін қажетті алғышартты жасайтын ең маңызды адамның мәдени құқықтарының бірі. Білім беру деңгейі адамның әлеуметтік жетістігіне және оның әлеуметтік мәртебесіне тікелей байланысты болады. Қоғамның жақсы және білімді болуы, экономикадағы, әлеуметтік өмірдегі және мәдениетіндегі жетістіктерінің артуы, әр адамның өмір сүру жағдайларын неғұрлым қолайлы етеді.

Заң әдебиеттеріндегі ғалымдардың көпшілігінің айтуынша, өзінің қолдану жүйесі бойынша білім алуға деген конституциялық құқықты әлеуметтік санатқа, басқалары болса, экономикалық санатқа, ал үшіншілері мәдени құқық санатына жатқызады. Біздің көзқарасымыз бойынша, айтылған әр санаттарда соншалықты қарама-қайшылықтар жоқ, білім алу мен білім беру құқығы адам өмірінің барлық саласында белгілі роль атқарады. Бірақ, ойланатын болсақ, білім беру құқықтарындағы азаматтардың құқықтарын қандай да бір санатқа жатқызбас бұрын білім алу құқығын мәдени құқық бөлімі деп санайтын авторлардың ой-пікірімен де келісуге болады деп санаймын.

Мәдени құқық және бостандықты тәуелсіз топқа бөлуді жақтаушылар атап айтқанда, өздерінің позицияларын дәлелдейді, бұл құқықтарды біртіндеп жүзеге асыру адамның рухани қажеттіліктерімен таланттарын қанағаттандыруды, қоғамның рухани әлеуетін барынша пайдалануды, моральды эстетикалық құндылықтарды дамытуды қамтамасыз етеді деп санайды[1;42].

Мәдени құқықтар адамның рухани дамуына кепілдік береді, әрбір адамға саяси, рухани, әлеуметтік және мәдени прогрестің пайдалы қатысушысы болуға көмектеседі. Оларға мыналар жатады: білім алу құқығы, мәдени құндылықтарға қол жеткізу құқығы, қоғамның мәдени өміріне еркін қатысу құқығы, шығармашылық құқығы, ғылыми прогрестің артықшылықтарын пайдалану құқығы және оларды практикалық қолдану құқығы.

Білім беру құқығының халықаралық стандарттарының негіздері Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясының 26-бабында және Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактінің 13-бабында тұжырымдалған. Бұл құжаттар білім алу құқығын, міндетті және тегін бастауыш білім беруді толық жүзеге асыру үшін барлық жағдайларды қарастырады; орта, кәсіптік және жоғары білімнің қолжетімділігі; ата-аналардың өз балаларына арналған мектептерді таңдауы және өздерінің нанымдарына сәйкес балалардың діни және адамгершілік тәрбиесін қамтамасыз етеді. Жеке тұлғалар мен мекемелер жекеменшік мектептерді құруға және оларды мемлекеттің ең төменгі талаптарын қанағаттандыратын жағдайда ғана басқаруға құқылы[2].

Бүгінгі күні көптеген шет елдердің конституциясында білім алу құқығымен қатар өзінің азаматтарына басқа да құқықтарды яғни рухани өміріндегі еркіндікті ұсынады: әдеби, көркем, ғылыми және техникалық шығармашылыққа бостандық (Испания Конституциясы 1978 ж. 20 бабы.); ғылым және өнерге, зерттеушілік және оқытуға бостандық (Германия Конституциясы 1949 ж. 5 бабы.); мәдениетке ... ересектер мен балалардың тең қолжетімдігі (1958 ж.Франция Конституциясының Преамбуласы); ғылыми қызметтегі еркіндік, дені сау және мәдени өмірін қолдау (23,25 бап Жапония Конституциясы 1947 ж.); мәдени өмірге араласу және мәдени құндылықтарға, қолжетімді мәдени мекемелерді қолдану (44 бап Ресей Федерациясы Конституциясы 1993 ж.), т.с.

Сондай - ақ ұмытпауымыз керек, осы шет елдердің конституциялық даму тәжірибесі 1995 ж.қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы мәтініне енгізу катализаторы болып табылды, азаматтардың және негізгі адам құқықтарының қатарын, туған тілі мен мәдениетін қолдану құқығын, сөйлесу тілін таңдау құқығына, тәрбие, оқыту, және шығармашылық (2 б 19бап, 20 бап), сондай - ақ тарихи және мәдени мұраны сақтау үшін қамқорлық жасау міндеттері (37 бап), білім беру және тәрбиелеу жүйесінің ажырамас құрамдас бөлігі болып табылады[3].

Шет елдердің конституциялық нормасымен салыстырсақ, Қазақстан Республикасының Конституциясы әлеуметтік-мәдени саладағы көптеген мынандай мәселелерді назардан тыс қалдырды, өнер, ғылыми, зерттеушілік, оқыту бостандығы; мамандық таңдау мен оқу орнын таңдау еркіндігі; ата-аналардың еркіндігі; мемлекеттік мектептердің мәртебесі; білім алу үшін жасалатын көмек пен қолдау көрсету; ғылыми зерттеулерді қолдау; мектептен тыс кәсіптік білім алу бөлімін реттеу; студенттерді қорғау; өскелен ұрпақ ғалымдарын қолдау; университеттен тыс зерттеу жұмыстарын және технологиялық даму және т. б қолдау.

Халықаралық-құқықтық нормалар төмендегілерді бекітеді және құқық береді: еркін қоғам өміріне тиімді қатысу үшін мүмкіндіктер жасау, адамның жеке және оның қадір-қасиетін, адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу, білім беру үшін қажеттіліктерді толық дамыту, этникалық және діни топтар, барлық халықтардың арасында түсіністік, төзімділік пен достыққа ықпал жасау.

Осылайша, білім алу құқығы әлеуметтік- экономикалық, мәдени құқықтарға және бір уақытта жеке тұлға құқығына, ақпараттандыру және ғылыми- техникалық революция дәуірінде адамдардың санасында жаңа өзгерістерді тапқан, гуманитарлық құқыққа енгізілуі мүмкін. Бұл құқық саяси сипатқа ие бола алады (есімізге түсірейік Қазақстандағы тоталитарлық тәртіп шарты бойынша шығармашылығы үшін мәдениет қайраткерлерін қуғындау). Осындай мысалдар бұрынғы КСРО-да өте көп.

Өздерініз білетіндей, білім алу құқығы конституцияларда жеке және саяси құқықтардан әлдеқайда кешіктіріліп бекітілді және социалистік теория мен тәжірибенің әсерінен қалыптасты. Бірінші рет қоғамның барлық мүшелері үшін білім алу құқығының талаптары және мемлекеттік биліктің заңамалық тәртіппен бекітілуі "капиталистік езгіден босатылуы үшін пролетариатпен күрестің керекті шарты" Ф. Энгельс және К. Маркс пен дәлелденді [4; 42]. 1845 жылы білім алу құқығы Эльберфельданың коммунистер одағы негізгі қағидаттарының құрамында жарияланып, өзінің жарғысына "Все люди в равной мере имеют права на образование и должны пользоваться плодами науки" деп жазған [4; 44]. Бұл адам құқығының екінші буынның басы болды.

Екінші буынның кең ауқымды құқығы 1936 жылы КСРО Конституциясымен бекітілді, соған қарамастан білім алу құқығы бағдарлама ретінде 1918 жылы РСФСР Конституциясында жарияланған болатын. Алайда КСРО да азаматтардың әлеуметтік қорғалуы төмен деңгейде болса да ол қалыпты өмір сүрді және де екінші буын құқықтарының қалыптасу идеясына, әлемдік қоғамдық санаға әсер етті.

Білім беру саласындағы кемсітушілікке қарсы Конвенция экономикалық, нәсіліне, терісінің түсіне, жынысына, тіліне, дініне, саяси немесе өзге де нанымына, ұлттық немесе әлеуметтік шығу тегіне негізделген кез келген айырмашылық, ерекшелік, шектеу немесе басымдық жоқ, білім беру саласындағы әркім тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған.

Осы мақсатта мемлекет келесілерді жүзеге асыруға міндеттеледі:

а) бастауыш білім беруді міндетті және еркін етуге;

ә) орташа - жалпыға қолжетімді және одан жоғары - толық теңдік негізінде және әрқайсысының қабілеттеріне қарай қол жетімді болуы;

б) барлық мемлекеттік мекемелерде білім деңгейін бірдей деңгейде қамтамасыз ету;

в) білім алуды және көтермелеуді ынталандыру;

г) мұғалім мамандығы бойынша оқытуды қамтамасыз ету[5].

Білім беру саласындағы халықаралық стандарттар Қазақстан Республикасының Конституциясының 30- бабына сәйкес мемлекеттік білім беру мекемелерінде және кәсіпорындарда еркін негізгі жалпы және орта кәсіптік білім алуға кепілдік береді. Бүгін мемлекет білім беру саласына разы емес, бизнес кәсіпкерлік үшін мамандар біліктілігінің жеткіліксіздігі жайлы айтады. "Кәсіптік-техникалық білім беру туралы" заң жобасын дайындау жөніндегі жұмыс жасалуда.. Заманауи білім берудің экономиканың индустриялық-инновациялық дамуына, бизнес сұрауларына жауап беру міндеті алда тұр. Сондықтан да кәсіптік білім беру жүйесі тұлғаны, еңбек нарығы қажеттіліктерін ғана емес, экономика қажеттіліктерін де қанағаттандыруда басты рольді ойнайды", - деп мәлімдеді Талғат Доскенов. Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының принциптері мен азаматтардың білім алудың мемлекеттік кепілдіктері "Білім туралы" Қазақстан Республикасының заңымен, Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 186 бұйрығымен, анықталады.

Білім алуға конституциялық құқық мазмұнын анықтау және азаматтардың негізгі құқық жүйесіне байланысты сұрақтарды талқылау мәселелері бойынша мынандай қорытынды жасауға болады:

1. Білім алу құқығы адамның бостандығы мен негізгі құқықтарының қатарына кіретін, келесі қасиеттерді меңгерген:

  1. қазіргі заманғы болмысқа сәйкес білім алудағы адам құқығын, адамның табиғи құқықтарымен бір деңгейде орналастырылуы мүмкін, бұл адамға қоғамда өмір сүрудің шарты ретінде әлеуметтік ауа түрінде қажет. Адамның білім алу құқығын жүзеге асыру және олардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын іске асыра алу мүмкіндігі білім беру мен ағарту процесінде адам құқықтарын құрметтеу мүмкін емес, өз кезегінде, басқа да іргелі құқықтарын жүзеге асыруға қажетті шарты болып табылады;
  2. адамның білім алу құқығы оның ажырағысыз құқығы деп танылуы мүмкін. Бұл адамның осы құқық халықаралық және ұлттық заңнамада қалай түсіндірілетініне қарамастан, білім алуға құқығы бар екенін білдіреді. Білім беру құқығын конституциялық ретттеудің маңыздылығы оның Конституцияның тиісті ережелерін қабылдаудың бастапқы нүктесі бар және сонымен бірге оларды нақты және қатаң түрде жүзеге асыруға бағытталған.
  3. білім алу құқығы ажыратылмайды. Адам бұл құқықты қоғамға, мемлекетке, басқа адамға немесе шарт бойынша басқа адамдар тобына,заң бойынша немесе кез келген басқа негіздер бойынша беруге құқылы емес, ол бағалауға келмейді және одан бас тартуға болмайды;
  4. адамның білім алу құқығын бұзуы, сондай-ақ оның негізгі құқықтары мен бостандықтарын бұзуы адамға заң немесе наразылықты қорғауға мүмкіндік береді. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының кіріспесінде айтылғаны кездейсоқ емес, БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы осы декларацияны жариялады деп мәлімдеді, адамның соңғы есепке ала отырып, қажетті түрде, қысым мен қанауға қарсы көтеріліске соңғы шара ретінде адам жүгінуге мәжбүр болмауы тиіс.
  5. білім беру саласындағы қоғамдық қарым- қатынасты конституциялық реттеу, сонымен бірге білім алу құқығы үздіксіз жетілдірумен сипатталатын, білім беру құқығын дамытудағы маңызды аспектілерді біріктіруде көрініс табады. Бұларға, ең алдымен, жастар үшін жалпыға бірдей міндетті білім берудің ең төменгі деңгейін көтеруге қатысты конституциялық анықтамалар, сондай-ақ осы құқықты жүзеге асырудың бірқатар кепілдіктерін белгілеу кіреді.
  6. Білім алу үшін адам құқықтарына:
  • еркіндік, бұл бөлігі адам құқықтарының алғашқы буын ұрпағымен байланысты. Білім беру бостандығы мемлекеттің өз елінің білім беру жүйесінің жалғыз негізі ретінде философиялық, идеологиялық немесе діни көзқарастарды белгілеуге құқығы жоқ. Балалардың, студенттердің және студенттердің ата- аналары мен басқа заңды өкілдері білім алуды еркін таңдауы мүмкін. Олар сондай-ақ қандай білім алуды қалайтындарын еркін таңдай алады. Басқаша айтқанда, кез-келген адам немесе адамдар тобы өз идеологиялық немесе діни көзқарасын білім алу үшін идеялық негіз ретінде пайдалануға құқылы. Сонымен қатар, олар оқу орындарын құруға, олардың идеологиялық бағытын және оларда ұсынылған білім мазмұнын анықтауға құқылы. Сонымен қатар, білім беру еркіндігі абсолютті емес деп айтуға тиіспін. Осы көзқарасқа сәйкес, бiлiм алу бостандығы шектелген бiрiншiден бiлiм беру мақсаттары; екіншіден, білім беру (оқу орындарының міндетті түрде лицензиялау арқылы) және білім беру бағдарламасының міндетті ең аз мазмұнын айқындайды білім беру стандарттарының міндетті ең аз мазмұнын айқындау мемлекеттік білім беру стандарттарын, түлектердің дайындық деңгейіне студенттердің талаптарды оқыту максималды мөлшерін белгілеу үшін ең төменгі талаптарды белгілеу арқылы;
  • мемлекет заң бойынша білім беру саласының белгілі бір міндеттерін кабылдайды. Мәдени құқық ретінде білім алу құқығының міндеті әр адамның білім алуына мемлекеттік кепілдіктер жүйесін құру және сайып келгенде, адамға тән бостандықты іске асыру үшін мәдени кепілдіктер жасау болып табылады;
  • жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің маңызды компоненті - мәдени өмірге және шығармашылыққа, әдеби өнерге, көркем, ғылыми және басқа да қоғамдық өмірге еркін қатысу құқығы. ҚР Конституциясының 20-бабы шығармашылық бостандық, кез-келген ғылыми, әдеби немесе көркем шығарма, зияткерлік меншікке байланысты туындайтын моральдық және материалдық мүдделерін қорғау мүмкіндігін қамтиды. Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактінің 15-бабы "ғылыми зерттеулер мен шығармашылық қызметке сөзсіз қажетті" еркіндікті құрметтейді[2]. Қазіргі қоғам "іргелі құқықтары мен бостандықтарын әлеуметтендіру" құбылысына тап болды. Жеке тұлғаның білім алуға жеке құқығы жалпы мүдделермен біріктірілген адамдардың формальды және бейресми бірлестіктерінің әртүрлі қатысуымен ұжымдық түрде жүзеге асырылады. Профессор Де Гроффаның сөзі бойынша "шын мәнінде, білім алу құқығы адамның ұжымдық құқығы ретінде көрінеді, ұқсас адамдар топтарды жүзеге асырады және әркімнің негізгі құқықтары мүддесінде үкімет тарапынан қолдау табады" делінген[6;58].
  • - субьективті құқық білім беру процесінің басқа қатысушыларының субьективті құқықтарында көрініс табады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 13 бабына сәйкес, "1. Әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы. 2. Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар". Білім алу құқығын жүзеге асыру барысында оқушылар, студенттер, магистранттар және басқа да студенттер "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36 бабында көрсетілген ең толық каталогы бар бірқатар субьективті құқықтарға ие болады.

Осылайша, бұл жағдайлар білім алу құқығын, өмір сүру құқығы, даму құқығы ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

Тұтастай алғанда осы мәселедегі басты сұрақ құқықтар мен бостандықтардың теориялық қалыпиасуы ғана емес, оларды жүзеге асырудың қажетті шарты, кепілдіктері мен тетіктерін жасау, яғни практикалық сала деп айтуға болады. Бұл адам құқықтары мәселесінің ең әлсіз буыны және ғылым мен практиканың күш-жігеріне бағытталуы тиіс. Сонымен қатар адамның білім алуға деген құқықтарының тікелей құқық бұзушылықтарына, оларды тудыратын себептерге, адамның мүдделері мен қадір-қасиетіне қатысты кедергілерді жоюға жол бермеу керек.

Мәдени құқықтарды жүзеге асырудың мазмұны мен кепілдіктері ЮНЕСКО-ның бірқатар ұсынымдарымен әзірленді және толықтырылды. Олар, атап айтқанда, өз мәдениетін дамыту әрбір адамның құқығы мен міндеті екенін атап өтті; мәдениет дәстүрлерін сақтау мен дамытуға барлық құқықты барлық ұлттар, ұлттық азшылықтар, этникалық топтар пайдаланады; әрбір адам білімі мен барлық халықтардың өнерін және әдебиетін тамашалауға, әлемнің барлық бөліктерінде ғылымның дамуына қатысуға, оның пайдасын көруге және мәдени өмірді байытуға жәрдемдесуге мүмкіндіктері болуы керек; мемлекет мәдениетті демократияландыру, мәдениет құқықтарын қамтамасыз ету және оның нәтижелеріне ешқандай шектеусіз қатысуды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауға тиіс; мемлекет шығармашылық бостандығын қорғауға, шығармашылық қызметкерлерге көмек көрсетуге, кәсіподақтар мен кәсіби ұйымдарды өздерінің таңдауы бойынша қалыптастыру құқығын қамтамасыз етуге тиіс.

Құқықтық кепілдіктер, өз кезегінде, нормативтік және инструментальдік болып бөлінеді. Азаматтар мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының нормативтік кепілдіктері Конституцияда, заңдарда және басқа да нормативтік- құқықтық актілерде құқықтар мен бостандықтарды жүзеге асыруға және қорғауға бағытталған тиісті ережелер, талаптар мен санкциялар түрінде көрініс табады. Жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарының инструментальдік кепілдіктеріне қатысты, олар өздерінің құқықтарын қорғауға өтініш бере алатын және өздерінің құзыреті шегінде жеке адамның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қажетті шараларды қабылдауға міндетті болатын мемлекеттік құрылымдарды қамтиды.

Құқықтық кепілдіктердің ішінде маңызды орынды конституциялық кепілдіктер алады олар салалық заңнамамен қамтылған, жалпы және құқықтық кепілдіктердің арасындағы байланыс болып табылады. Білім алу құқығын жүзеге асырудың конституциялық кепілі, бірінші кезекте, осы құқықты шоғырландыру фактісі және мемлекеттің негізгі заңының мәтініндегі кепілдіктері болып табылады. Бұл адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, сондай-ақ олардың кепілдіктерінің әртүрлі нормативтік құқықтық актілерде - заңдар, жарлықтар, нормативтік-құқықтық актілерде, нұсқауларда және т.б. белгіленуі мүмкін екендігіне байланысты. Адамның құқықтары мен бостандықтары конституцияда бекітілгенде, оларға ерекше маңызды сипат беріледі, өйткені конституцияда қоғам үшін ең маңызды мәселелер ғана бекітілген.

Осы болжамға сүйене отырып, Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-бабының өзі де азаматтардың білім алу құқығының кепілі болып табылатынын айтуға болады. Бұл кепілдіктердің мәні олардың түрлерінің сипаты бойынша анықталады: а) мемлекет кепілдік берген тегін орта білім беру, конкурстық негізде тегін орта, жоғары кәсіптік білім алу; б) білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың бағыттары; в) білім алуға жағдай жасау - жалпы міндетті орта білім беру, басқа да түрлерін кеңінен дамыту, сондай-ақ білім алудың түрлері.

Өкінішке орай, Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-бабында қамтылған кепілдіктер, әдетте, ұйымдық сипаты бар, яғни үкімет атына, азаматтардың осы құқығын іске асыру үшін іс-шаралар ұйымдастыру жүйесін білдіреді. Жалпы материалдық және саяси кепілдіктер осы баптың аясынан тыс жатыр. Олардың мазмұны Конституцияның жалпы бөлімдерінде баяндалған, әлеуметтік жүйенің негіздеріне қатысты: саяси және экономикалық жүйе болады.

Әлемдік елдердің негізгі заңдарында (конституцияларда) білім алу құқығының мазмұнына салыстырмалы талдау жүргізу, конституциялық заңнамада осы құқықты алғашқы шоғырландыру сәтінен бастап оның тізбесі үнемі толықтырылып, кеңейтілетінін ескеру қажет. Бұл, атап айтқанда, осындай нормаларды қамтитын халықаралық адам құқықтары туралы келісімдер қабылдағаннан кейін байқалды. Кейбір Батыс елдерінде және АҚШ-та бұл новелланы конституцияны қабылдау кезінде ескеруге үлгермегенімен, бірақ көптеген заманауи, соның ішінде посткеңестік конституциялар адамның құқықтарын құрметтеудің қосымша кепілі ретінде қызмет ететін осындай ережелерді бекітті. Бүгінде әлемнің көптеген елдерінің конституциялары негізгі жалпы ережелерден басқа қосымша "әлеуметтік" ережелерді қарастырады. Мысалы, Греция Конституциясының 16-бабы, 1975 ж. айтады: "Мемлекет әртүрлі адамдарға көмектеседі, сондай- ақ көмекке мұқтаж немесе студенттерге өздерінің қабілеттеріне сәйкес арнайы қорғаныс қажет". Ирландия Конституциясының 42-бабы, 1937 ж.карастырады: "Айрықша жағдайларда, физикалық немесе моральдық себептермен ата-аналар балаларға қатысты өз міндеттерін орындай алмаған жағдайда, мемлекет ортақ игіліктің тиісті кепілі ретінде ата-анасының орнын басуға ұмтылады, бірақ әрқашан баланың табиғи және бұлжымас құқықтарын ескеру керек". Мұндай мазмұн Португалияның Конституциясының 70-бабында 1976 жылы айтылған: "Жастар, әсіресе жұмыс істейтін адамдар, экономикалық, әлеуметтік құқықтар мен мәдени құқықтарды, атап айтқанда: білім беру, кәсіптік білім беру және мәдениет саласында ерекше қорғауды пайдаланады" .

Негізінде, әрбір құқық ерекше нақты (жеке) тәртіпті жүзеге асыру, құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету (қорғау), оларды жүзеге асыру мазмұны сәйкес келмейтін фактісі негізделеді, ол, жалпы білім беру құқығын конституциялық кепілдіктерді жіктеуді тиісті азаматтардың барлық негізгі құқықтары ортақ және арнайы болып табылады ол осы құқықты қамтамасыз ету үшін ғана қолданылады.

Бір сөзбен айтқанда, азаматтардың салалық заңнамамен білім алуға конституциялық құқығын әзірлеу және нақтылау олардың кепілдіктерін қамтамасыз етудегі, олардың шындыққа жетуінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Мысалы, арнайы салалық кепілдіктердің саны "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 3 бабында - Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері мыналар болып табылады: 1) баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі; 2) білім беру жүйесін дамытудың басымдығы; 3) әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық- физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі; 4) білім берудің зайырлы, гуманистік және дамытушылық сипаты, азаматтық және ұлттық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығының, жеке адамның еркін дамуының басымдығы; 5) адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу; 6) жеке адамның білімдарлығын ынталандыру және дарындылығын дамыту; 7) білім беру деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі; 8) оқытудың, тәрбиенің және дамытудың бірлігі; 9) білім беруді басқарудың демократиялық сипаты, білім беру жүйесі қызметінің ашықтығы; 10) білім беру ұйымдарының меншік нысандары, оқыту мен тәрбиенің нысандары, білім беру бағыттары бойынша алуан түрлі болуы[7]. Осы баптарда айтылған ерекше кепілдіктер Қазақстан Республикасының Конституциясының 30-бабында бекітілген жалпы қағидаттардың орындалуын қамтамасыз етуге, тұтастай алғанда білім беруді дәйекті жақсартуға және дамытуға бағытталған.

Жоғарыда келтірілген жіктеудің маңыздылығы туралы айтатын болсақ, білім алу құқығын жүзеге асырудың күнделікті тәжірибесінде оларды ажырату қиын. Бұл жалпы және арнайы кепілдіктер үнемі бір- бірін толықтырады және олардың арасындағыларға байланысты. Азаматтар, сондай-ақ, әдетте, осы құқықты қарым-қатынасты реттейтін ережелерде белгіленген білім алу құқығын, мазмұны енгізілген өкілеттіктерді бөліп сәйкес нақты нысандарын, білім беру құқығын жүзеге асырады. Бұл өкілеттіктер мен оларды жүзеге асыру кепілдігі біздің жұмысымыздың әрі қарайғы құрылымын анықтайды. Әрі қарай, ол азаматтардың білім алу құқығы мазмұның зерттеу негізгі элементтерін әзірлеу қолайлы болып табылады.

Білім алу құқығы адам құқығының іргелі және негізгі құқықтарының бірі. Ол мынадай маңызды халықаралық - құқықтық актілерде бекітіледі. Атап айтсақ, 1948 жылы 10 желтоқсанда қабылдаған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы(26 бап), 1966 жылы 16 желтоқсанда қабылдаған Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакті (13, 14 баптар), 1989 ж. 20 қарашадағы Бала құқықтары туралы Конвенция (28, 29 баптар), Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі Еуропалық Ковенция 4 қараша 1950 ж. (20 наурыз 1952 ж. № 1 Хаттама 2 бап.), Білім беру саласындағы кемсітушілікке қарсы күрес туралы конвенция 14 желтоқсан 1960 ж., 1995 ж. 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы (30 бап).

"Білім алу құқығы" түсінігіне нақты берілген анықтама жоқ. Отандық заң әдебиеттерінде көрсетілген нақты біркелкі терминологиялық түсіндірменің болмауын тиек етуге болады. Осыған сәйкес, оның анықтамасына көптеген көзқарастар танылған. Айта кетсек, мысалы Ноздрачев А.Ф. білім алуға деген түсінікті былай көрсетеді, "право человека на получение определенной суммы знаний, культурных навыков, профессиональной ориентации, необходимых для нормальной жизнедеятельности в условиях современного общества"[6, 37]. Ал В.И. Шкатулла білім алу құқығына кеңірек түсінік береді, "основное и естественное право, имеющее своей целью удовлетворение потребностей человека в информации и непосредственно в самом образовании" [8,5]. Е.Д. Волохова білім алу құқығын білімге деген бостандық дей отыра, "в соответствии с убеждениями родителей, собственными желаниями и возможностями"[9;11] қорытынды жасайды.

Д. А. Ягофаровтың көзқарасы бойынша, білім алу құқығы - бұл құқықтар мен міндеттердің жиынтығы. Басқаша айтқанда, білім алуға деген құқық тек құқық ғана емес, міндет алу деп түсіндіреді[10;54]. Т.В. Грачевтің ойынша, "білім алу құқығы" адамның субъективті, қол сұғылмайтын құқығы дейді[11;24].Себебі ол мемлекетпен және халықаралық қауымдастықта кепілдендірілген нақты әрекет ететін барлық қоғамның мүддесін, жекенің мүддесін, өзінің мәдени деңгейін жоғарылату мақсатындағы білімдері. Бұл берілген түсінік біздің көзқарасымыз бойынша дұрыс және әділ. Адамның білім алуға деген құқығын мәдени құқық ретінде қарастыру және сол топтамаға жіктеу заманауи қоғамның талабы бойынша білімге деген құштарлық, адамның мәдени сипатымен тығыз байланысады. Сондықтан да адамның білім алу құқығы дегеніміз - рухани, мәдени, шығармашылық және материалдық құндылықтарды сақтауға, жетілдіруге, адамзаттың маңызды тәжірибесін игеруге бағытталған тұлғаның өзін дамыту және даму үрдерісі. Білім алу құқығын мәдени құқықтың орталық жүйесі ретінде қарастыра отырып, келесідей тұжырым жасалынады:

  • әр адамның білім алу құқығының деңгейі мәдениеттілігімен межеленеді;
  • адамның білім алуды таңдау бостандығы, қажеттілігі мен игемділігі мәдени құқық категориясы тұрғысынан қарастырылады ;
  • әр адамның білім алуға құқығы бар. Білім беру, ең болмағанда бастауыш және жалпы білім, тегін болуы тиіс. Бастауыш білім баршаға міндетті болуы тиіс. Техникалық және кәсіптік білім көпшіліктің қолы жетерліктей болуы тиіс және жоғары білім де, әркімнің қабілетіне қарай көпшіліктің қолы жетерліктей болуы тиіс (Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы 26 бап 1 т.);
  • білім беру адамның жеке басының толық кемелденуіне және құқықтары мен негізгі бостандықтарына деген құрметті арттыруға бағытталуы тиіс. Білім беру барлық ұлттар, нәсілдік және діни топтары арасында түсіністік, шыдамдылық пен достық қарым-қатынас орнатуға ықпал жасап және Біріккен Ұлттар Ұйымының бейбітшілікті қуаттау жолындағы жұмысына ықпал жасап, дем беруі тиіс (Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы 26 бап 2 т.);
  • білім алу құқығы таңдау бостандығы жағдайында жүзеге асырылады: әркімнің ана тілін пайдалану құқығы, білім алу тілін таңдау бостандығы, оқыту бостандығы және академиялық еркіндігі, ата- аналардың өздерінің жас балаларына білім беру түрін таңдау құқығының басымдылығы[12].

Мәдени құқықтар мен бостандықтар адамның білім беру, мәдени және рухани деңгейін көтеруге жағдай жасайды, оның толыққанды және үйлесімді дамуына ықпал етеді. Осылайша, кез-келген адам өз өмірі бойы өзінің мәдени құқықтарын толығымен пайдаланады. Білім алу құқығы мәдени құқықтардың ішіндегі қазіргі өмірдің ажырамас бөлігі болып табылады.

 

Əдeбиeттeр тiзiмi

  1. Матюшева Т.Н. Право на образование - конституционно защищаемая духовная ценность // Современное право. - 2008. -№ 12. - С. 33-38.
  2. Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакті- Электрондық рecурc: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z050000087_
  3. Қазақстан Республикасының Консти- туциясы 30.08.1995 ж. - Электрондық рecурc:http:// adilet.zan.kz/kaz/docs/K950001000_.
  4. Беккер Д.А. Реализация права граждан на образование в Республике Казахстан // Universum: Экономика и юриспруденция: электрон. научн. журн. 2016. № 1(34). - С. 42-48.
  5. Білім беру саласындағы кемсітушілікке қарсы күрес туралы конвенцияны ратификациялау туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 449-V ҚрЗ - Электрондық рecурc: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1600000449
  6. Курыцина Е.В. Конституционное право на образование в российской федерации: понятие и содержание // Наука. Общество. Государство. - 2014 .- №1 .- С. 190-200
  7. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы. - Электрондық ресурс: http://adilet.zan.kz/kaz/ docs/Z070000319_
  8. Шкатулла В. И. Право на образование // Государство и право. - 1997. - № 7. - С. 5-13.
  9. Волохова Е.Д. Законодательное обеспечение права на образование в Российской Федерации. - М.: Готика, 2004. - 240 с.
  10. Ягофаров Д.А. Образовательное право: опыт теоретического осмысления // Образование и наука. - 2000. - № 4. - С. 54-61.
  11. Грачева Т.В. Реализация конституционного права человека и гражданина Российской Федерации на образование: на примере города Москвы: Автореф. дис. канд. юрид. наук. - М., 2004. - 24 с.
  12. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы- Элeктрoпдыı< рecурc: http:// adilet.zan.kz/kaz/doсs/O4800000001

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.