Берілген маĸалада ҚР діни экстремизмге ĸарсы күрес жүргізу барысында кездесетін жедел іздестірулік алдын алудыц тиімді жолдары ĸарастырылып ұсынылған. Діни терроризмді алдын алу шаралары көрсетілген.
Мемлекет тарапынан қабылданған Қазақстан Республикасыныц "Құқық бұзушылықты алдын алу туралы" Зацы діни экстремизм мен терроризмді алдын алудыц негізін ĸалаушы ретінде көрініс тауып алдын алу шараларыныц мацыздылығы жоғары екендігін куэландырады.
Сондыĸтан, діни экстремизм мен терроризмді алдын алу үшін оныц орын алуына себеп болатын шарттарды, себептерді, жүзеге асыруы мүмкін тұлғаларды болжау ĸажет етіледі. Жалпы, болжаудыц өзі алдын алудыц негізгі құрылымдық элементі болып саналады. Діни экстремизм мен терроризмніц орындалуын болжауда негізінен криминологиялыĸ болжау тэсілін қолдану мақсатқа лайықты. Қазақстан Республикасы экстремизм мен терроризмге ĸарсы күрес бойынша зацнамаларды эрмен ĸарай жетілдіру саясатын ұстанады жэне осы бағыттағы ĸандай да болмасын халыĸаралыĸ нормаларды ĸолдап оларды мойындайды. Әсіресе, Халыĸаралыĸ терроризмге ĸарсы күрес туралы жалпыға ортаĸ конвенцияныц ĸабылдануы мацызды ĸадам болды. Осыныц негізінде қазіргі тацда елімізде экстремизм мен терроризмге ĸарсы күрес бойынша бірнеше зацнамалар ĸолданыста, атап айтсаĸ: "Экстремизмге ĸарсы күрес туралы" Зац, "Терроризмге ĸарсы күрес туралы" Зац, "Терроризмді қаржыландыруға жэне зацсыз жолмен алынған аĸшаларды зацдастыруға ĸарсы эрекет туралы" Зац жэне с.с.т.б.
Халыĸаралыĸ нормаларға сэйкес экстремизм мен терроризмге ĸарсы күрестіц мемлекеттік жүйесініц моделі мен тиісті қағидалары анықталды. Экстремистік пен террористік топтарға ĸатысĸаны үшін жэне ұйымдарға мүшелік еткені үшін, сонымен қатар осы тектес қылмыстарға қатысқаны үшін жауаптылыĸ күшейтілді. Сонымен ĸатар интернет желісі арĸылы таралатын экстремистік жэне террористік бағыттағы құйтырқы эрекеттерді насихаттауға бөгет қоятын құралдар іске қосылды. Қазіргі халыĸаралыĸ экстремизм жэне терроризммен күрес мемлекеттердіц глобалдыĸ децгейде екі жаĸты өзара келісімдер арĸылы жүргізуді талап етеді. Бұл орайда Қазақстан заман талабына сай бірқатар мацызды келісімдер жасасып тиімді нэтижелерге ĸол жеткізді.
Қазақстан осы салада БҰҰ, Еуропалық одақпен, Солтүстік атлантикалыĸ келісімдік ұйымымен (НАТО), Шанхай ынтымаĸтастыĸ ұйымымен, Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісімдік ұйымымен белсенді өзара эрекеттестік етеді. Қазақстан БҰҰ-ц Қауіпсіздік Кецесі Қарарыныц талаптарын бұлжытпай орындайды жэне орындалған жұмыстар туралы Ұлттық баяндамасын БҰҰ-на жыл сайын ұсынады.
Айтылғандарды негізге ала отырып, Ел басы Н.Ә.Назарбаевтыц белгілеген эрі ұлттық зацнамамызға енгізілген міндеттері мен концептуалды шешімдері экстремизм мен терроризмге қарсы күрестің эсерлі механизмдерін өңдеп шыгаруга септігін тигізеді деп пайымдаймыз.
Терроризмге қарсы тікелей күрес жүргізетін субъектілердің өкілеттігі Қазақстан Республикасының "Терроризмге қарсы іс- қимыл туралы" Заңында көрсетілген. Аталмыш заң діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес жүргізудің жалпы ережелерін, негіздерін, мақсаты мен тэртібін анықтайды. Осы заңга сэйкес, терроризмге қарсы іс- қимыл - мемлекеттік органдардың жэне жергілікті өзін-өзі басқару органдарының:
- терроризм профилактикасы;
- террористік іс-эрекетті анықтау, оның жолын кесу, террористік қылмыстарды ашу жэне тергеу;
- шYгыл медициналық көмек көрсету, медициналық-психологиялық сүйемелдеу,авариялық-құтқару жэне өртке қарсы іс-шаралар өткізу, террористік эсер етуге Yшыраган объектілердің қалыпты жYмыс істеуін жэне экологиялық қауіпсіздігін қалпына келтіру, терроризм актісінің салдарынан жэбірленуші адамдарды жэне оның жолын кесуге қатысқан адамдарды элеуметтік оңалту, терроризм актісінің салдарынан жэбірленуші адамдарга моральдық жэне материалдық зиянды өтеу жолымен терроризм салдарларын барынша азайту жэне (немесе) жою жөніндегі қызметі.
Осы көрсетілгендердің ішінен "терроризм профилактикасы" Yгымы бізді едэуір қызықтырады. Ягни, Заңга сэйкес терроризм профилактикасын жүзеге асыратын субъектілер - барлық мемлекеттік органдар жэне жергілікті өзін-өзі басқару органдары. Әрбір орган өз құзыреті шегінде терроризм профилактикасымен айналысады. Ал, көрсетілген Заңның 5-бабына сэйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары өз құзыреті шегiнде терроризмге қарсы іс-қимылды өзара эрекеттесу арқылы жүзеге асыруда келесі эрекеттерді орындайды:
- мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың мүмкіндіктерін, сондай-ақ азаматтардың көмегін пайдалана отырып, бiр-бiрiмен өзара іс-қимыл жасайды;
- террористік iс-эрекетке жататын жэне осы мемлекеттiк органдардың құзыретіне енгiзiлген эрекеттердің дайындалу фактiлерi мен белгiлерi туралы хабардар етедi жэне өзара қажетті көмек көрсетеді;
- терроризмге қарсы бiрлескен операцияларды жүргізеді.
Осылайша Қазақстан Республикасының "Терроризмге қарсы іс- қимыл туралы" Заңы терроризмге қарсы күресте мемлекеттік органдардың өзара эрекеттесу барысындагы құзыретін анықтайды. Әрине көрсетілген құзыреттерге сэйкес басқа да мемлекеттік органдарының терроризммен күресте жасауга тиіс ауқымды жYмыстарын байқауга болады. Осылайша барлық органдардың бірлескен эрі өзара ұштасқан күшімен гана үлкен қарқынмен дамып келе жатқан экстремизм мен терроризмге қандай да бір бөгет жасауга болады. Терроризм элсіздердің қаруы деп бекер айтылмаган. Онымен күресте барлық амалдар мен тэсілдер кэдеге жарары сөзсіз. Діни көзқарасты Yстанушы экстремистер де өздерінің мақсаттарына жетудің басты мүмкіндігі деп терроризмді түсінген. Сол себептен экстремистер өздерінің мақсаттарына жетудің басты құралы ретінде терроризмді қолдана бастады. Діни көз қарасты Yстанушы экстремистердің басты мақсаты - мемлекетте шаригат заңын орнату жэне Коституция мен басқа да заңдарды толыгымен жою.
Сондықтан, пайымдауымызша жогарыда көрсетілген мемлекеттік органдардың терроризмге қарсы күрестегі құзыретін одан эрі кеңейткен дұрыс деп есептейміз. Мысалы:
- мемлекет пен қогам мүдделеріне жэне адамның өмірі мен денсаулыгына қауіп келтіруі мүмкін тYлгалар мен заттарга міндетті түрде назар аудару немесе қызыгушылық таныту жэне олар бойынша құзырлы органдарга хабарлау;
- бұқаралық ақпарат құралдары мен элеуметтік желілерде терроризмді насихаттау жэне террористік актілерге қандай да болмасын нысандарда қатысуга үгіттеу фактілеріне бYлжытпай қарсы іс-қимыл жасау;
- қогамдық жэне қогамдық емес орындарда адам мен азаматтардың терроризмді қолдайтын жэне ақтайтын іс эрекеттері мен сөздеріне міндетті түрде қарсы тYру, тиісті эсер ету шараларын қолдану.
Әрине, бYл көрсетілгендер мемлекеттік органдардың діни экстремизм мен терроризмді алдын алу шараларының мазмYнын ашпайды. Өйткені, діни экстремизм мен терроризмді алдын алу шараларын жүргізуге құзыреті бар мемлекеттiк органдар жүзеге асырады. Олар:
- Iшкi істер органдары;
- Ұлттық қауіпсіздік органдары;
- Сыртқы барлау саласындагы өкілетті орган;
DДорганыс министрлігінің эскери барлау органдары;
Е.Жемқорлыққа қарсы күрес қызметі;
Ғ.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі;
G.Экономикалыщ тергеу қызметі.
Терроризмді тиімді алдын алу үшін көрсетілген органдардың үйлесімді жYмысы қажет. Олардың кейбіреулері экстремизм мен терроризмге қарсы күресте кұзыретті болмаса да осы салада жедел іздестірулік жолмен алынган ақпараттарды дер кезінде құзыретті органдарга хабарлап, өз тарапынан тиісті алдын алу шараларын жүргізуі шарт. Өйткені, жедел іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың басты міндеттерінің бірі - қогам мен мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін мэліметтер мен ақпараттарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жэне билік органдарына уақытылы хабарлау.
Терроризмді алдын алу шаралары жариялы нысандарда жүргізіледі, ал жедел іздестірулік алдын алу шаралары жасырын эрекеттер мен күш құралдарды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Осылай олардың өзара айырмашылықтарын да айқындауга болады. Көрсетілген айырмашылық белгілері арқылы алдын алу қызметінің негізгі багыттары да анықталады.
Пікірімізше, терроризмді жедел іздестірулік алдын алуда көрсетілген эрекеттермен шектеліп ĸана ĸою тиімсіз. Сондыĸтан, алга ĸойылган маĸсаттарга толыгымен ĸол жеткізу үшін жергілікті тұргындардыц да (ĸогамныц) күштерін ĸолдану маĸсатĸа лайыĸты болып табылады.
Бірінші кезекте, діни экстремизм мен терроризмге ĸарсы күресте жергілікті тұргындармен жэне жалпы ĸогаммен тыгыз байланыс орнату ĸажет. Аĸиĸатында кұқық қоргау органдарыныц қызметкерлерініц жергілікті тұргындармен өзара эрекеттестігі діни экстремизм мен терроризмге ĸарсы күрес жүргізуде жэне оларды жедел іздестірулік алдын алуда да тиімді стратегиясы болуы мүмкін. Өйткені, орын алуы мүмкін ĸылмыстардыц белгілері туралы жедел аĸпараттарды жергілікті тұргындардан толыгымен алуга болады. Бұл жагдайда басты мэселе - олармен жагымды ĸарым-ĸатынастар орнату. Егер мұндай жұмыс терроризм мен экстремизмді жедел іздестірулік алдын алу қызметінде жеке дара өз бетінше бір багыт ретінде жэне толыĸ көлемдегі дайындыĸпен жоспарлы түрде жүргізілсе, онда терроризмге экелетін радикалды экстремизмге (бұдан былай -ТӘРЭ) ĸарсы күрестегі кец көлемді стратегиялыĸ ĸызметке эсерлі эрі мацызды нэтижелер беретіні аныĸ.
Алайда, күтілетін нэтижелер бір сэтте беріле ĸоймас. ТӘРЭ-ге ĸатысты жедел іздестірулік алдын алудагы құқық қоргау органдарыныц жергілікті тұргындармен өзара ĸарым-ĸатынасыныц децгейін ĸысĸа мерзімде багалау оцай емес. Аталмыш нэтижелер ұзақ мерзімді келекшекті жоспарлардыц орындалуы барысында жэне жергілікті тұргындардыц құқық қоргау органдарына деген сенімділігініц артуы мен өзара эрекеттестіктерініц бекем сенімділігі барысында аныĸ көрінуі мүмкін. Сол себептен күтілетін жагымды нэтижелердіц орын алуы үшін кұқық қоргау органдары қызметкерлері жергілікті тұргындардыц мекен жайлары бойынша өзара эрекеттестікті орындау үшін барынша ат салысулары ĸажет. Сонымен ĸатар өзара эрекеттестіктіц келешекті жоспарын өцдеп соны жүзеге асыруга ұмтылу ĸажет. Жергілікті тұргындармен өзара эрекеттестік мүлдем жоĸ деп айтуга болмайды, дегенмен мұндай өзара эрекеттестіктерге мацызды көціл бөлу ĸажет жэне ĸосымша белсендіруді талап етеді.Террористік ĸызмет эдетте өзініц табигаты бойынша жасырын, жалган сылтаулар, қогамнан оқшаулану, құпиялық белгілерге ие. Сондыĸтан ТӘРЭ жолын ұстанушыларда аталмыш белгілер болуы мүмкін жэне мұндай белгілерді күдіктілердіц таныстары, көршілері мен туыстары бірден байқайды. Құқық қоргау органдары қызметкерлерініц жергілікті тұргындармен өзара эрекеттестік барысында алынган жагымды нэтижеге ĸатысты тагы бір мысал келтірейік.
Қараганды облысыныц ĸылмыстыĸ істер бойынша ауданаралыĸ мамандандырылган соты Теміртау ĸаласыныц тұргынына ĸатысты терроризмді на сихаттау, діни араздыĸты ĸоздыру, жасы кэмелетке толмагандарды ĸылмыстыĸ террористік топтарга тарту, террористік қызметті ұйымдастыруга адамдарды арбау фактілері бойынша 13 жылга бас бостандыгынан айыру туралы үкім шыгарды.
Үкімді жариялау барысында судья сотталушыныц Теміртау ĸаласыныц эр түрлі ĸогамдыĸ орындарында терроризмді аĸтайтын идеялары мен теорияларын көпшілікке жариялагандыгын жэне мұсылмандарды кемсітетін елдерге барып "кэпірлерге" ĸарсы согысу ĸажет екендігіне үгіттегендігін атады. Сонымен ĸатар сотталушы адам мен азаматтардыц өліміне экелетін террористік-диверсиялық ұйымдарга жастарды ĸатыстыруга эрекет еткен, радикалды исламды ұстанбайтын адамдарды "кэпірлер" деп көпшілік алдында жариялап конфессияаралыĸ келісіміге нұқсан келтірген. Сотталушы тек ислам дінін ұстанушыларга ĸатысты ұйымдастырган ĸоян- ĸолтыĸ ұрысына дайындыĸ сабаĸтарын беріп жүрген. Сот сотталушыныц Сириядагы согысĸа ĸатысуга көндіруге тырысĸан, шаĸырылган азаматтарды аныĸтады, одан басĸа сотталушыныц ыĸпалымен бір жас жігіттіц согысĸа ĸатысу үшін ұшақпен Мэскеуге, ол жерден Туркияга, одан Сирияга кіріп "Имарат Кавказ" террористік ұйымына ĸосылгандыгы белгілі болды. Айта кететін жайттіц бірі - "Имарат Кавказ" террористік ұйымы осы күнге дейін (қараша 2015 ж.) Қазақстан Республикасыныц сотымен террористік ұйым деп танылма ган жэне еліміздіц аумагында аталмыш ұйымныц қызметі шектелмеген. Бұл да экстремизм мен терроризмге ĸарсы күрестіц кемсін тұстары деп атауга болады.
Жогарыда белгілі болган оĸигалыĸ жагдайлар жедел іздестірулік алдын алу шецберіндегі құқық қоргау органдары қызметкерлерініц жергілікті тұргындармен өзара эрекеттестік барысында алынган нэтижелерініц бірі болып табылады.
Негізінен, кұқық қоргау органдары қызметкерлерініц жергілікті тұргындармен өзара эрекеттестік жасауы - діни экстремизм мен терроризмге ĸарсы күресте толыĸ "емдік шара" болып табылмайды. Бұл багыттагы жұмыс ец алдымен контртеррористік маĸсаттарга байланысты емес жеке өзіне гана тэн міндеттері болуы шарт. Содан соц аныĸталган міндеттер терроризм мен экстремизмге жэне оныц ĸандай да бір нысандагы көріністеріне ĸарсы багытталган сапалы өцделген стратегиялыĸ күрестіц кешенді шараларына енуі ĸажет, сонымен ĸатар террористтерге демеушілік ететін, жаца террорист-сарбаздарды арбайтын шарттар мен себептерді жою стратегиясында да көрініс табуы керек.
Азаматтар өздерініц азаматтыĸ борышын атĸару мақсатында құқық қоргау органдарымен өзара эрекеттестік негізінде ĸогамда орын алган зацсыз эрекеттерге тосĸауыл бола алады жэне ĸогамдыĸ тэртіпті саĸтауда өз үлестерін ĸоса алады. Азаматтардыц мұндай эрекеттері "Қогамдық тэртіпті ĸамтамасыз етуге азаматтардыц ĸатысуы туралы" 2004 жылгы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасыныц Зацымен реттеледі. Діни экстремизм мен терроризмді жедел іздестірулік алдын алу аясында құқық қоргау органдары қызметкерлерініц жергілікті тұргындармен өзара эрекеттестік барысында келесідей жагымды нэтижелер алынуы мүмкін:
- қоғамдық қауіпсіздіктіц өзекті мэселелерініц аныĸталуы;
- діни экстремизм мен терроризмніц қауіптілік дэрежесін қоғамныц ұғынуы жэне қырағылық танытуы;
- құқық қорғау органдары қызметкерлерініц жергілікті тұрғындармен өзара ĸарым- ĸатынастарыныц жаĸсаруы жэне полиция беделініц көтерілуі;
- дíни экстремизм мен терроризмге қарсы іс- қимыл мэселелеріне қатысты қоғам мен құқық қорғау органыныц өзара қарым-қатынасыныц жаĸсаруы;
- құқық қорғау органдары қызметініц жүзеге асырылуы барысында адам мен азаматтардыц құкықтарыныц қатац сақталуыныц қамтамасыз етілуі.
Қоғамдық қауіпсіздіктіц өзекті мэселелерініц анықталуы құқық қорғау органдарына сол мэселелерді шешуге дайындалуға жэне дағдылануға септігін тигізеді. Қандай да бір адамныц радикалдыĸ көзқарасыныц пайда болуы белгілі бір өзіне тиесілі кұқықтардыц бұзылуы, қоғамда өз орнын таба алмауы, элеуметтік жағдайыныц нашар болуы, мемлекеттіц саясатымен келіспеуі, діні, нэсілі, ұлты мен тілі бойынша кемсітуі нэтижелерінен болуы мүмкін. Осындай жағдайға душар болған тұлғалардыц бойында кек алу, зиян келтіру ойлары пайда болуы ықтимал. Құқық қорғау органдары қызметкерлерініц жергілікті тұрғындармен өзара ĸарым- қатынастарыныц арқасында қоғамдық қауіпсіздікке нұқсан келтіруі мүмкін осындай мэселелерді анықтауға мүмкіндік туады.
Діни экстремизм мен терроризмніц қауіптілік дэрежесін қоғамныц ұғынуы жэне қырағылық танытуы ол да өзара ĸарым-ĸатынастыц жемісі деп айтуға болады. Жедел іздестірулік алдын алудыц субъектілері ретінде танылатын құқық қорғау органдарыныц қызметкерлері діни экстремизм мен терроризмніц шынайы қауіптілік дэрежесін хабарлай отырып төнетін қауіпті қоғамныц дұрыс бағалауына септігін тигізеді, қырағылығын оятады жэне зұлымға ĸарсы күреске жұмылдырады. Діни экстремизм мен терроризмге байланысты қылмыстардыц қауіптілік дэрежесін қоғамныц асыра бағалауы да немесе жеткіліксіз бағалауы да мацызды жағдай. Әр ĸайсысыныц да белгілі бір себеп салдары орын алуы мүмкін. Қоғам міндетті түрде террористік қауіп қатердіц дэрежесі туралы нақты ақпараттар мен мэлеметтерді білуі қажет жэне оларға қоғам сенімді болуы ĸажет. Қоғам арасында үрей туғызатын тұрақсыз жағдайға жол бермес үшін құқық қорғау органдары қолда бар ақпараттарды сақтықпен мұқият зерделеп қауіптілік дэрежесін анықтап алулары тиіс. Ал орын алған жалған аĸпараттарды жедел аныĸтап, оларға ĸатысты зацды тұрғыда жауаптылыĸ мэселесін шешіп, қоғамға анық, дұрыс құрылымды баяндамамен құзыретті өкіл шығып хабарлауы абзал. Қоғамға белгілі бір эрекетердіц террористік қауіптілік дэрежесі жөнінде нұсқаулықтар мен ұсыныстар бере отырып аĸпараттандыруы жэне осы саладағы теке тіресте өздерініц азаматтыĸ борыштарын жүзеге асырушыларды қолдай отырып, құқық қорғау органдары діни экстремизм мен терроризмді қолдаушылардыц ықпалынан қоғамныц белгілі бір иммунитеттері пайда болатындығы аныĸ, эрі діни экстремизм мен терроризмді жедел іздестірулік алдын алудыц елеулі жолы болатындығы сөзсіз.
Құқық қорғау органдары қызметкерлерініц жергілікті тұрғындармен өзара ĸарым- ĸатынастарыныц жаĸсаруы жэне полиция беделініц көтерілуі діни экстремизм мен терроризмге ĸарсы іс-қимылды жүзеге асыруда жэне оларды жедел іздестірулік алдын алуда жағымды эсер беретіндігі сөзсіз. Қоғам құқық қорғау органдарыныц контртеррористік эрекеттерін қолдауы қажет. Құқық қорғау органдарыныц діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрестегі эрекеттерін қоғамныц қолдау децгейі олардыц құқық қорғау органдарына деген сеніміне, жүзеге асырылатын өзара эрекеттестікке тікелей байланысты. Қоғамдық сенім - құқық қорғау органдарыныц қызметініц жағымды нэтижелерініц кепілі. Құқық қорғау органдарын мен қоғам арасындағы сенімді қарым-қатынастыц орын алуы үшін, эрбір азаматтыц полиция қызметіне қатысуға келісім беріп белсене қатысуы үшін олардыц құқықтары қатац сақталуы қажет.
Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мэселелеріне қатысты қоғам мен құқық қорғау органыныц өзара ĸарым-ĸатынасыныц жаĸсаруы - контртеррористік стратегиясыныц бір бағыты ретінде анықталғаны жөн. Қоғам құқық қорғау органдарыныц жүргізетін контртеррористік эрекеттеріне ĸаншалыĸты сенімді болса, соншалыĸты контртеррористік эрекеттердіц бөгетсіз, тиімді эрі жемісті болатындығы анық. Бірақ, қоғам сенімін үрей мен ĸорĸыныш тудыру арĸылы иемденуге жол беруге болмайды. Қоғам терроризмге ĸатысты қауіптілік дэрежесін дұрыс бағалауы керек, қауіптілік дэрежесі жоғары кезінде орындауға қажетті эрекеттердіц тэртібін білулері шарт. Мұндай жағдайда эрбір азамат өзіне ĸойылатын белгілі бір шектеулерді мойынсына қабылдауы қажет, сонымен қатар құқық қорғау органдарыныц қоғамды қорғауға байланысты жүргізіп жатĸан эрекеттерінен хабардар болу үшін өзініц қандай да бір ақпарат алуға деген құқықтарын жүзеге асыра алады. Мүгедек жандар да белгілі бір қажетті ақпараттардан тыс қалмауы қажет, эсіресе көру, есту қабілеттері жоқ азаматтарға қажетті аĸпараттардыц толыĸ жетуін тиісті лауазымды тұлғалар ĸамтамасыз етулері міндетті.
Құқық қорғау органдары қызметініц жүзеге асырылуы барысында адам мен азаматтардыц құкықтарыныц қатац сақталуыныц қамтамасыз етілуі қоғам тарапынан сенімділікті тудырады. Керісінше мұндай кұқықтардыц сақталмауы қоғамныц ызалығын тудыра отырып оныц радикалдануына экеп соқтыруы мүмкін. Құқық қорғау органдары азаматтардыц құқықтарын қатац сақтай отырып, олардыц берген арыз-шағымдарына ĸатысты эрекеттерді жедел түрде орындау керек, қабылданған шешімдер туралы азаматтарға уаĸытылы ашыĸ түрде түсінік беруі қажет. Құқық қорғау органдарыныц қоғаммен өзара эрекеттестік ету барысында азаматтардыц шағымдарына экелетін кейбір құқық қорғау органдары қызметкерлерініц зацсыз эрекеттеріне тосқауыл бола алады. Құқық қорғау органдары азаматтардың ұлттық заңнамамен реттелген құқықтарынан басқа халықаралық нормалармен реттелетін құқықтарын да білулері міндетті. Терроризмге қарсы күресті жүзеге асыру шеңберінде полиция қызметкерлерін жүйелі түрде біліктілігін арттыру мақсаттарында тиісті оқу орындарына жіберіп отыру мақсатқа лайықты болып табылады.Құқық қоргау органдары қызмет- керлерінің жергілікті тұргындармен өзара эрекеттестікті күшейтуге қатысты мэселеге мемлекет өз тарапынан қолдау білдіріп отыр. Оган куэ 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін "Жергілікті полиция қызметінің жұмысы мэселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы болып табылады.
Жергілікті полиция қызметінің жұмысы мынадай негізгі багыттар бойынша жүзеге асырылады:
- құқық бұзушылықтар профилактикасы;
- қогамдық тэртіпті сақтау;
- жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу жэне жолын кесу;
- экімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу жэне қылмыстық теріс қылықтар бойынша хаттамалық нысанда сотқа дейінгі тергеп- тексеру.
Әдебиеттер тізімі:
- Қ.Н. Әбугалиев Терроризммен күрестің жауаптылыгы мен проблемалары мэселелерін реттейтін заңнама мониторингі // Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындагы Қараганды акдемиясының Хабаршысы - Қараганды, 2014. - № 4 - 23-б.
- Жедел-iздестiру қызметі туралы Қазақстан Республикасының 1994 жылгы 15 қыркүйектегі № 154-XIII Заңының 6-бабы. (2014.07.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
- Предупреждение терроризма и борьба с насильственным экстремизмом и радикализацией, ведущими к терроризму. Подход, основанный на взаимодействии полиции с населением// ОБСЕ.-Вена, 2014, -96 бет.
- Ашимбаев М.С. Проблемы релиогозного экстремизма и терроризма в Центральной Азии. -А. 2010., 47б.