Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Күш қолдану арқылы жасалатын қылмыстардың ұғымы және түрлері

Бұл маĸалада күш ĸолдану және күш ĸолданамын деп ĸорĸыту арĸылы жасалатын ĸылмыстыĸ кұкыкбұзушылықтардың анықтамасы шетел заңнамаларының осы түсінікке берілген анықтамасымен салыстыра отырып беріледі.

Қазіргі таңдағы кылмыстык-кұкықтык әдебиеттерде күш ĸолдану арĸылы жасалатын қылмыстық кұкыкбұзушылықтар түсінігі аз зерттелген, сондыĸтанда осы таĸырып бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізген кезде қазіргі қолданыстағы қылмыстық заң нормаларын басшылыĸĸа ала отырып зерттеу жұмыстарын жүргізген заңгер ғалымдар Е.О.Алауханов, Л.Д.Гаухман, П.А.Дубовец, К.Ш.Жайынбаев, Л.Д.Кругляков және басқаларының ғылыми еңбектеріне жүгінуге тура келді. Осы еңбекті жазу барысында күш ĸолдану арĸылы жасалатын қылмыстық кұкыкбұзушылықтар түсінігіне аныĸтама беру үшін теориялыĸ және практикалыĸ зерттеулер ĸорытындысына, заңгер ғалымдардың бұдан бұрын да берген аныĸтамаларына, қолданыстағы заң нормаларында берілген анықтамаларға сүйенуге тура келді.

Қылмыс жасаудағы күш ĸолдану тәсілін зерттеу өзекті мәселелердің бірі және осы тәсілді қолданудың наĸты себебін тапĸан жағдайда ĸабылданатын шешім қылмыстық кұқық және сот ісін жүргізуде маңызды рөл атĸармаĸ. Бұл ғылыми еңбектің негізі - зорлыĸ арĸылы жасалатын ĸылмыстармен күрестің өзектілігі және осы тәсілді пайдаланып ĸылмыс жасауға байланысты туындайтын сұрақтардың шешімін табу, "ĸорĸыту" және "күш ĸолдану" ұғымына түсінік беру. Сондыĸтан да зерттеуге негіз болып отырған көптеген жайларға, ол үшін алдымен күш ĸолданып жасалатын қылмыстарға түсінік беріп және оған ұқсас қылмыстық әрекеттерді тауып оларды ғылыми негізде ажыратуға болатын белгілерді наĸты көрсетуге тура келеді.Бұл ұғымға бұған дейін қылмыстық құқық та, кұқықтың басқа салалары да зкүш ĸолдану арĸылы жасалатын ĸылмыстар түсінігіне наĸты аныĸтама берген жоĸ, осы тәсілді пайдаланып жасалған ĸылмыстар төңірегінде бірыңғай пікір қалыптаспаған.

Қоғамдық қатынастардың барлық жиынтығынан кейбір топтарды жекелеп бөліп алуға болады, оның негізінде өмірге, денсаулыĸĸа, тәнге қолсұғылмаушылыкқа, жеке тұлғаның бостандығына деген адамгершілік нормаларынан өзара көзқарас онда адамдардың өзара ĸарым-ĸатынасы және қоғаммен карым-қатынасын реттеу арқылы адамдардың ĸалыпты өмір сүруін ĸамтамасыз етуге болады. Жоғарыдағы келтірілген ĸарам- ĸатынастарды бұзу мемлекеттке орасан зор көлемде зардап келтіреді.Сондықтанда ол қарым-қатынастар қылмыстық заң нормалары арқылы қорғалады.

Жеке тұлғаның өмірі және басĸа да мүдделерін қорғауға Қазақстан Республикасының Қылмыстық заңында және Қазақстан Республикасының Конституциясында ерекше көңіл бөлінген. Жеке тұлғаның өміріне, денсаулығына зиян келтірмеу және бостандығына қол сұғылмаушылығын реттейтін қоғамдық қатынастарға қарсы жасалатын қылмыстар әр жағдайда күш қолдану арқылы жүзеге асырылады.

"Күш қолдану арқылы жасалатын қылмыстық құқықбұзушылықтар" термині қылмыстық құқық, криминология және қылмыстық атқару құқығындағы теориялық жұмыстарда ғана қолданылады, сонымен қатар олардың барлығында бұл терминнің мазмұны бірдей емес. Мысалы, қылмыстық құқық пен қылмыстық процестік құқығында күш қолдану арқылы жасалатын қылмыстарға, күш қолдану арқылы жасалатын қылмыстарды жатқызады; криминологияда күш қолдану арқылы жасалатын қылмыстардың жасалу себебіне тоқтала отырып анықтама береді.

Сөйтіп, күш қолдану арқылы жасалатын қылмыстық құқықбұзушылықтар түсінігіне заңгерлердің бір тобы қылмыс жасауда қолданылатын күш қолдану әрекетінің жиынтығы немесе қылмыс жасау тәсілінің жиынтығы деп қарастырса, екінші бір тобы қылмыстық заңда көрсетілген күш қолдану арқылы жасалатын қылмыстар жиынтығы деп қарастырады. Күш қолдану арқылы жасалатын қылмыстық құқықбұзушылықтарды саралау және оларға жаза тағайындау қылмыстық заң нормаларында қарастырылғандықтан, күш қолдану түсінігін де қылмыстық заң нормаларынан іздестіру қажет деп білеміз. Сондықтанда бұл түсініктің анықтамасын беру қылмыстық құқықтың міндеті болып табылады. Қылмыстық-құқықтық түсінік бойынша күш қолдану арқылы жасалатын қылмыстар өзара ортақ белгілерімен сипатталады, сол белгілер арқылы бір топқа біріктіріледі. Бұл қылмыстардың барлығына бірдей ортақ белгі қылмыс жасау тәсілінің бірдейлігінде, яғни екінші тұлғаға қарсы күш қолдану арқылы қылмыс жасауы. Қылмыс жасаудағы бұл тәсіл қылмыс құрамының объективтік жағының белгісін құрайды және қылмыстық заң нормаларының көптеген диспозицияларында көрсетілген.

Әртүрлі қылмыстық-құқықтық нормаларда күш қолданудың түсінігі әртүрлі берілген. Кей жағдайларда күш қолдану әрекеті немесе жағдайы, күш қолданудан туған денсаулыққа ауыр зиян келтіру немесе кісі өлімі деп зардабы атап көрсетіледі. Бұл нормалар қылмыстық заңның ерекше бөлімінің түрлі тарауларында келтіріле отырып, қоғамдық қатынастарды түрлі әдістермен қорғауды қамтамасыз етеді. Заңда келтірілген күш қолдану әрекетін суреттейтін терминдер бірдей емес. Күш қолдану арқылы жасалатын қылмыстық құқықбұзушылықтар үшін жауаптылықты белгілейтін нормалар жиынтығына талдау жасау, қылмыс жасаудың осындай тәсілімен қылмыстық-құқықтық күрес ұйымдастыруды өз алдына өзекті мәселе етіп қарау керек екендігін білдіреді.

Бұл мәселенің маңызы ең алдымен, күш қолдану арқылы жасалатын қылмыстық құқықбұзушылықтарды бір-бірінен және өзара ұқсас қылмыс құрамдарынан ажырату үшін қолдануға болатын мазмұны мен құрылымы жағынан заңдылыққа сай келетін критерийлері бар қылмыстық- құқықтық нормаларды табу.Көтеріліп отырған мәселеленің өзектілігі тек қана жоғарыда келтірілген және соған байланысты шешімін таппаған жағдайларда ғана емес, қылмыстық жауаптылыққа тартуда туындаған күрделі сұрақтардың шешімін табу, мұндай тәсілмен жасалатын қылмыстардың соңғы кезде кең етек алғандығынан, алдын ала тергеу және сот тергеуін ұйымдастыруда көптеген қиыншылықтарға әкеліп соғады. Бұл топтағы қылмыстармен қылмыстық-құқықтық күрес мәселесі жалпы қылмыспен күрес мәселесінің бір бөлігін құрайды. Ол өз кезегінде көп жоспарлы, қылмыстық- құқықтық жоспардан басқа: криминологиялық, пенитенциарлық, қылмыстық іс жүргізушілік, криминалистикалық, азаматтық-құқықтық, сот- дәрігерлік, сот-психиатриялық, сот-психологиялық бағыттарды да қамтиды.

Мұның ішінде қылмыстық-құқықтық бағыт негізгі бағыт болып табылады, өйткені басқа бағыттар қылмыстық заңда көрсетілген матариалдарға негізделіп жүргізіледі. Күш қолдану арқылы жасалатын қылмыстық құқықбұзушылықтар түсінігі қылмыстық-құқықтық тұрғыда да, криминологиялық тұрғыда да күрделі ұғымды білдіреді. Қазіргі таңда күш қолданумен күш қолданамын деп қорқытуға айырықша көңіл бөліп, оны зерттеумен айналысуды арнайы ғылым саласы вайоленсологияға жүктеді және оған бұл тәсілдің түрлерін зерттеумен айналысу міндеттелді. Қылмыстық құқықта күш қолдану ұғымы әртүрлі мағына береді; ол қылмыс құрамының негізгі белгісі де, қосымша, факультативтік белгісі де бола алады. Дж. Лоуренс оған былайша анықтама береді "Төтенше мінез-құлық салдарынан жеке тұлғаға немесе өзге де қоғамдық қатынастарға елеулі зардап келтіру. Бұл зардап түрліше дәрежедегі дене жарақаттары немесе мүліктік, моралдық болуы мүмкін" [1, 57 б.].

Бұл жөнінде Ш.Волин: "Күш қолданумен күш қолданамын деп қорқыту әр уақытта жеке тұлғаға қарсы бағытталады"-, дейді, бұл пікірмен келісе отырып Пауль Вольф "қорқыту мен зорлық қолдану қылмыстық мақсатқа жетуді жүзеге асыру құралы"- , деп көрсетеді. Басқа да көптеген авторлардың пікірі бойынша "күш қолданумен күш қолданамын деп қорқыту" жеке тұлғаның құқығына қайшы организміне әсер ету [2, 6б.]. Бірақ басқа да заңгерлердің пікірі бойынша бұл анықтама күш қолданудың толық мәнін аша алмайды дей келе бұл жөнінде В.И.Симонов пен В.Г.Шумихин "еркінен тыс", "еркіне қарсы" деген сөздерді қоса қолдану керектігін айтады, өйткені жәбірлеуші әрекет еткен тұста әрекетінің зардабын толықтай түсінеді және оның жәбірлеушінің құқығына қайшы, заңға қарсы екендігін біледі [3, 61 б.].

Қылмыстық құқық теориясында күш қолданудың екі түрін ажыратады: физикалық және психикалық. Оларды бір-бірінен әсер ету формасына қарай ажыратады. Көптеген авторлардың пікірі бойынша физикалық күш қолдануды, жеке тұлғаның организміне оның құқығына қарсы еркінен тыс әсер ету деп тануды ұсынады [3, 8-9 б.]. Заңдық әдебиеттерде келтірілген анықтамаларға сүйенсек, жоғарыда берілген анықтама толық анықтама болып табылмайды, өйткені күш қолдану адамның еркінен тыс қана емес оның еркіне қарсы да бағыттала отырып жүзеге асырылады [4, 6 б.].

Жоғарыда келтірілген анықтамаларға сүйене отырып, қылмыстық-құқықтық тұрғыдан физикалық күш қолдануды қоғамға қауіпті, құқыққа қайшы адамның организміне оның еркінін тыс немесе еркіне қарсы әсер ету деп тануды ұсынамыз. Қылмыстық құқықта сонымен қатар психикалық күш қолдану ұғымы да келтірілген.Психикалық күш қолданудың табиғатын түсінуді кейбір авторлар түрліше ұсынады. Бірі психикалық күш қолдануды қорқытумен салыстыра отырып түсіндірсе, екінші біреуі физикалық күш қолданамын деп қорқыту немесе жағдайға байланысты жарақат келтіру, азаптау қолданатынын айту, балағаттау арқылы адамға әсер ету деп түсіндіреді.

Адамның психикасына әсер ету әртүрлі болғандықтан қылмыстық әрекетті саралаған кезде әсер етудің қоғамға қауіптілік дәрежесін міндетті түрде есепке алу керек. Заңдық әдебиеттерде күш қолдану арқылы қылмыс жасауға түрліше анықтама береді, мысалы: мәжбүрлеу, үрей тудыру, жан дүниесіне әсер ету. Қылмыстық құқық теориясында "күш қолдану әдісін қолданымын деп қорқыту" ауызша, жазбаша, басқадай түрлі әрекеттер жасау арқылы жүзеге асырыла отырып, жеке тұлғаға, қоғамдық мүддеге зардап келтіретіндіктен, ондай әрекеттерді саралау өте қиынға түседі. Күш қолданамын деп қорқытуды саралауда оның жүзеге асырылу жағдайын есепке алу керек деген пікір айтады-Гаухман Л.Д. [3, 12-13 б.]."Күш қолдану, күш қолданамын деп қорқыту термині" қылмыстық құқықта, криминологияда, қылмыстық-атқару құқығында және қылмыстық процестік құқығында кездеседі. Айта кеткен жөн кейде ғылыми әдебиетте, оқулықтарда немесе құқықтық нормаларда екі түрін ажыратпай жалпылай зорлыққолдану деп айтыла салынады.

Бірақ бұл түсініктің мазмұны әрқайсысында әртүрлі, атап айтқанда, қылмыстық құқық пен қылмыстық процестік құқығында зорлық жасау тәсілін білдірсе, қылмыстық - атқару құқығында күш қолданып немесе күш қолданамын деп қорқытып қылмыс жасаушылардың жазасын өтеу тәртібін, ал криминологияда- жеке тұлғаларғақарсы жасалған қылмыстар, бұзақылық, қарақшылық т.б. күш қолданып немесе күш қолданамын деп қорқыту арқылы жасалатын қылмыстар ұғымын білдіреді. Сонымен, авторлардың бір тобы қарастырылып отырған мәселеге, байланысты қылмыстық әрекеттер жиынтығына кең және тар көлемде түсінік бере отырып күш қолданып жасалған барлық қылмыстарды бірдей жатқыза бермейді, ал екінші бір тобы керісінше барлық күш қолдану арқылы жасалған қылмыстарды жатқызады.

"Күш қолдану" терминін көптеген монографиялық және басқадай ғылыми еңбектерде қолданудың өзі күш қолдану арқылы жасалатын қылмыстармен күрестің құқықтық ғылымның әр саласы бойынша өзекті мәселе екендігін көрсетеді. Бұл терминге әртүрлі авторлардың түрліше анықтама беруі қылмыс жасауда күш қолдануды қылмыс жасау мәселесіне қажетті көңіл аударылмағандығын көрсетеді. Бұл әсіресе криминология ғылымына тән, өйткені көптеген авторлар зорлық қолданумен қорқыту терминінің мазмұны мен түсінігін ашып көрсетпей-ақ, қажет деп білген жерінде қолдана береді.Сондықтан да ең маңызды мәселе күш қолдану ұғымына нақты түсінік беріп және бұл тәсілді қолданып жасалатын қылмыстық әрекеттер шеңберін анықтау. Күш қолдану арқылы қорқыту ұғымы қылмыстық құқыққа ғана тән болғандықтан, бұл терминге анықтама беру, бұл өзекті мәселені шешу қылмыстық-құқықтық нормалар арқылы жүзеге асырылу керек және ол қылмыстық құқық ғылымына қажетті болып табылады.

Қылмыстық заңның ерекше бөлімінде қылмыстарды топтарға бөлу қылмыстық әрекет бағытталатын объектілерге қарай жүзеге асырылған, онда күш қолдану арқылы, жыныстық қатынастарға бағытталған т.б. қылмыстар тобы қарастырылмаған. Күш қолдану қарқылы жасалған қылмыстар деп топқа бөлу және зерттеу жүргізу күш қолдану арқылы жасалатын қылмыстардың себебін анықтап, қылмыстық құқық және өзге де құқық салалары бойынша қылмысқа қарсы күрес жүргізуді ұйымдастыру үшін өте маңызды. Күш қолдану арқылы жасалатын қылмыстар түсінігін және әрекеттер шеңберін анықтауда қоғамның табиғи даму заңдылығын, жеке тұлғалардың мүддесін қорғауды жүзеге асыратын қоғамдық қатынастарға байланысты қылмыстық заңның даму тенденциясын және қылмыспен күрес жүргізуді ұйымдастырудың перспективалық бағыттарын есепке алу керек.

Қоғамдық қатынастардың дамуына байланысты әрбір адам көптеген қоғамдық қатынастардың субъектісі болып табылады да, сөйтіп жеке тұлғаның мүддесі мен қоғам мүддесі бір-біріне жақындай түседі. "Демократиялық қоғам құру заңдылықты сақтау, қоғамдық тәртіп пен қоғамды басқаруды жүзеге асыруда заң талаптарын бұлжытпай орындау, қылмыспен күрес жүргізуді күшейту арқылы жүзеге асырылады"-, деп атап көрсетті Н.Ә. Назарбаев өзінің "Қазақстан-2030" атты стратегиялық бағдарламасында [4].

Орыс тіліндегі "Насильственная преступность" терминінің түбірі "насилие" сөзінің өзін екі мағынада түсінуге болады. Оның бірі-заттың аты ретінде, ал екіншісі-әрекет ретінде. Осы айтылған " зорлық" (насилие) ұғымының айналасында қылмыстық құқықта сан түрлі пікірлер бар. Бірі оның белгілерін анықтау барысында тым көлемін кеңейтіп жіберсе, келесілері тым тарылтып тастайды.

В.Н.Кудрявцев пен А.В.Наумовтың айтуынша ол "еркін ерік білдіруге тікелей қатысты бағытталған белсенді әлеуметтік қызмет". Осындай пікірлердің жақтастарына А.А.Пионтковский мен В.М.Артемовты қосуға болады. Ал М.Д.Шаргородский мен Н.А.Беляев болса, тіпті де тар мағынада түсінеді. Олардың ойынша зорлық қолдану ол "қоғамға қауіпті, құқыққа қарсы адам организміне оның еркіне қарсы ықпал ету." Осылай дей отырып, автор оның екі түрін (адамның тәніне және оның ішкі органдарына ықпал) ажыратады. Осындай олқылықтарды айта келіп, М.И.Ковалева "күш қолданудың" белгілерін ажыратады да, оған анықтама береді, яғни "күш қолдану-ол өзге тұлғалардың тарапынан болатын қасақана немесе заңға қайшы адамға (немесе адамдар тобына) оның еркіне қарсы немесе еркінен тыс күйде жүзеге асырылатын және оған органикалық, физиологиялық немесе психикалық жарақат салуға және оның ерік білдіру, не әрекет ету бостандығын шектеуге қабілетті ықпал ету" [5, 65б.]. Осы соңғы анықтама күш қолданудың қырларын аша алатындықтан, біз де осы ұсынысты қолдаймыз.

Сонымен, күш қолдану арқылы жасалатын әрекетке, физикалық күш қолдану арқылы немесе қолданамын деп қорқыту арқылы жасалған әрекетті жатқызуға болады. Мұндай қылмыстардың қоғамға қауіптілігі сонда, ол қылмыстар мемлекеттің ең жоғарғы байлығы жеке тұлғаларға бағытталатындығы. Жоғарыда келтірілген ғалымдардың анықтамаларына сүйене отырып, күш қолдану арқылы жасалатын қылмыстардың жалпы белгілері болып табылады деп атап көрсетуге болады: қылмыстық әрекетті жүзеге асырудың тәсілі- зорлық қолдану; бұл тәсілді зардап туғызу үшін қолданудың қасақаналығы; күш қолдану қолданудың жеке тұлғаға (өміріне, денсаулығына, бостандығына, жыныстық еркіндігіне) қарсы қасақаналықпен бағытталуы.

Сондықтан да қылмыстық заңның нормаларын күш қолдану арқылы жасалатын қылмыстарға қарсы қолдану үшін, осы тәсілді пайдаланып жасалатын қылмыстардың жүйесін жасау орынды секілді. Қылмыс жасауда күш қолдану түсінігі қылмыстық заң нормаларында бұрынан бері-ақ қолданылып келеді. Күш қолдану түсінігі Совет мемлекетінің алғашқы жылдары шыққан жарлықтары мен декреттерінде де көрсетілген. Жеке тұлғаларға қарсы күш қолданып немесе күш қолданамын деп қорқытып жасалатын қылмыстар туралы РСФСР-дың 1922, 1926, 1960, ал Казақ ССР-ның 1959 жылдары шыққан қылмыстық кодекстерінде де орын алған, сондай-ақ, басқадай одақтас республикалардың да қылмыстық кодекстеріндегі баптардың диспозицияларындазорлық қолданып немесе зорлық қолданамын деп қорқытып жасалатын қылмыстардың анықтамасы берілген.

М.Д.Шаргородский, М.И.Ковалев, Г.А.Мендельсон, Ш.С.Рашковская, Ю.И.Ляпунов, П.Ф.Тельнов сол кездегі РСФСР ҚК-нің, қазіргі ҚР- ның ҚК-нің 178 баптың 2-тармағы мен 179 баптың 1- тармағында зорлық қолданудың физикалық түрі де, психикалық түрі де туралы айтылды десе, керісінше, Н.И.Загородникова мен С.В.Бородина бұл қылмыстарда Ресей ҚК-нің 161 бабы зорлық қолданудың тек қана физикалық түрі туралы айтылған деп есептейді. 1960 жылғы РСФСР Қылмыстық кодексі түсініктемесінің авторларының бірі Б.В.Здравомыслов, қылмыс құрамдарындағы зорлыққолданумен қорқыту тек қана физикалық болуы керек деп жазады.

Теориядазорлыққолданамын деп қорқытудың қоғамға қауіптілігі мен келтіретін зардабы туралы бірыңғай пікір айтылмаған, мысалы ҚР ҚК-тің 104 бабының 1-тармағында, адамның өміріне қауіпті емес күш қолдану арқылы денсаулыққа зиян келтіру туралы айтылса, кейбір қылмыс құрамдарының күш қолдану мен күш қолданамын деп қорқыту арқылы жасалуы мүмкін болғанымен, ол туралы диспозицияда айтылмаған ( мысалы: ҚК-тің 131, 165, 171, 237, 241, 257, 210 баптары). Заң шығарушы "қорқыту", "физикалық зорлыққолдану", "психикалық зорлық қолдану"терминдерінен басқа, осы түсінікке жуық мағына беретін "азаптау", "ұрып- соғу", "шабуыл жасау", "қауіп төндіру", "мәжбүрлеу", "қауіпті жағдайда қалдыру " терминдерін де қатар қолданады.

Келтірілген ғалымдардың анықтамасына талдау жасай отырып, біздің пікіріміз бойынша, күш қолданамын деп қорқыту арқылы жасалған қылмыс құрамының объективтік жағының қажетті, сараланған немесе факультативті белгісі ретінде көрініс табуы керек, өйткені бұл күрделі қылмыстық- құқықтық түсінік және терең зерттеуді талап етеді.Физикалық күш қолдану проблемасын зерттеуде, ең алдымен осы түсінікке анықтама беру, оның қылмыстық құқық жүйесіндегі маңызын, орнын анықтаудан бастаған жөн, өйткені ол, объективтік жақтың факультативті белгісі бола тұра, осы қылмыс құрамын саралауға қатысты басқа да белгілерді анықтауға, сөйтіп алдын ала тергеу жүргізуде қателік жібермеуге көмегін тигізеді.

Физикалық күш қолдану күш қолданудың нақты формасымен тікелей байланысты. Сондықтан да физикалық күш қолдануды "жалпы күш қолдану", "ерекше күш қолдану", "күш қолданудың жекелеген тәсілін пайдалану" деп жіктеп қарастыруға болады. "Жалпы күш қолдану" күш қолданудың жекелеген тәсілдерін пайдалану арқылы жүзеге асырылады, сондай-ақ жекелеген күш қолдану да топтастырыла отырып жалпыны құрауы мүмкін. Бұдан жалпы күш қолдану жекелеген күш қолдану тәсілдерінің негізгі белгілерін қолдану арқылы жүзеге асырылады деп түсіну керек.

Физикалық күш қолдану түсінігіне анықтаманы қылмыстық-құқықтық теория мен сот тәжірибесіне сүйене отырып беруді жөн көріп отырмыз. Жеке тұлғаны оның өз еркінсіз әрекет етуге көндіру мәжбүрлеу болып табылады.

Сондықтан да, күш қолдану мен күш қолданамын деп қорқыту көндіру мен зорлықтың түрлері. Физикалық күш қолдану жеке тұлғаға дене жарақатын салу арқылы жүзеге асырылатындықтан, мәжбүрлеудің ең соңғы формасы деп те қарастыруға болады. Күш қолдану эгоистік сезімін қанағаттандыру мақсатында басқа қоршағандарды қорқыту үшін жүзеге асырылатындықтан бұл жерде мәжбүрлеу туралы сөз қозғау мүмкін емес. Күш қолдану бір уақытта жеке тұлғаның күш көрсетушінің еркіне бағынбағандығына қарсы жасалған әрекет түрі болса, екінші жағынан басқаларға жасалған ескерту ретінде жүзеге асырылады. ("Егер бағынбасаңдар, сендер де осындай күй кешесіңдер - ,"деген сияқты).

Әдебиеттерде "күш қолдану тәсілін қолданамын деп қорқыту" терминдеріне әртүрлі анықтама беріледі. В.И.Дальдің сөздігінде "күш қолдану мен күш қолданамын деп қорқыту", "мәжбүрлеу, еркінен айыру, ұят әрекет жасау, ренжітіп алу, заңсыз әрекеттерге итермелеу" деп көрсетілсе, С.И.Ожегов "күш қолдану мен күш қолданамын деп қорқытуға" төмендегідей анықтама береді "мәжбүрлеу арқылы жеке тұлғаны еркінен тыс әрекеттер жасауға итермелеу".`Философия тұрғысынан "күш қолдану мен күш қолданамын деп қорқытуға" басқаша анықтама беріледі. А.Гусейновтің анықтамасы бойынша "күш қолдану тәсілін қолдану-бір адамның пайдасы, екінші адамның күйзелісі, қиналысы арқылы жүзеге асырылатын адамдар арасындағы қарым-қатынастың бір түрі."

"Күш қолдану " терминіне анықтаманы "тек қана жеке тұлғаға қарсы күш қолдану тәсілін қолдану әрекеті" деп бағалаумен шектелуге болмайды -, деп жазады Р.Клитгард. Бұл анықтамамен келісе отырып Г.Ньютон өзінің "Роль насилия в истории" деген еңбегінде былай деп жазады "Күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту бір-бірімен қатарласып жүретін және кең тараған процесс және бұл барлық адамның ұғымында осылайша әрекет ету керек деген дәстүрге айналған. Көптеген жағдайларда бұл екі ұғым бірін-бірі толықтырып тұратын синонимдер секілді.Әдетте алдымен қорқытып, сонан соң барып күш қолданады. Күш қолдану арқылы қорқытудағы ең маңызды орын алатын- әрекет, ол жеке тұлғаны адамның өміріне, денсаулығына, ар-намысына, бостандығына қарсы еркінен тыс әрекет етуге мәжбүрлеу". Жоғарыда келтірілген анықтама кең көлемде берілген анықтама деп есептесек, тар көлемде "Күш қолдану мен қолданамын деп қорқыту қылмыс жасаудың тәсілі болып табылатындығы".

Жоғарыда келтірілген анықтамаларға сәйкес "күш қолдану мен қолданамын деп қорқыту" қылмыстық зардап туғызу үшін адамға қарсы қолданылатын қылмыстық тәсілдердің түрі деп нақты қорытынды жасауға болады. Заңдық әдебиеттерде де "күш қолдану мен қолданамын деп қорқытудың" өзіне тиісті анықтамасы берілген және ол анықтамалар түрлі қылмыс құрамдарын саралауға байланысты әртүрлі болып келеді (қарақшылық, тонау, зорлау т.б). Сондықтан да "күш қолдану мен қолданамын деп қорқытуға" берілген анықтамалар бұл ұғымның түсінігін жан-жақты ашып көрсете алмайды. Заңдық әдебиеттерде келтірілген "күш қолдану мен қолданамын деп қорқытудың" анықтамасын үлкен төрт топқа бөліп қарастыруға болады. Авторлардың бір тобы "күш қолдану мен күш қолданамын деп қорқытуды" қылмыс жасаудың тәсілі деп анықтама берсе, екінші бір тобы кез-келген жеке тұлғаның еркінен тыс оның организміне, жан дүниесіне әсер ету деп көрсетеді [6, 250 б.], үшінші біреулері түрліше дәрежедегі дене жарақаттарын салып тән азабын келтірудің түрі десе, төртінші тобы, кез-келген жеке тұлғаның ерік-жігері жоқ адамға өз айтқанын орындату, қорқыту, сендіру, т.б. әрекеттер арқылы оның жан дүниесіне әсер ету деп көрсетеді.

Жоғарыдағы келтірілген "күш қолдану мен қолданамын деп қорқытудың" анықтамасы әлі де болса бұл ұғымды толықтай ашып отырған жоқ. Түрліше берілген анықтамалар нақты қылмыс құрамдарын да түрліше саралауға негіз болып отыр."Күш қолдану мен күш қолданамын деп қорқыту" қылмыс жасаудың объективтік жағының факультативті белгілеріне жататындықтан, қылмыс жасау тәсілдерінің түрі деген анықтамамен келісуге болғанымен, бұл анықтама ұғымның түсінігін нақты ашып көрсете алмайды. "Күш қолдану мен күш қолданамын деп қорқыту" кез-келген жеке тұлғаның еркінен тыс оның организміне, жан дүниесіне әсер ету деп көрсетілген анықтамаға, И.Г.Филановскийдің - жәбірлеушінің жәбірленушіге қарсы күш қолдануы мен қорқытуында көңіл аударылатын басты мәселесі - күшті тек бір бағытта, бір мақсатта ғана қолдануы,- деп, қарама-қарсылықты пікірін білдіреді [7, 174 б.].

Бұл анықтама жалпылама берілген анықтама деп түсіну керек, өйткені, күш қолдану мен қолданамын деп қорқыту еркінен тыс жүзеге асырылғанымен, барлық жағдайда бірдей қылмыстық зардап туғызу мақсатында жүзеге асырылмайды, керісінше игі мақсатта да болуы мүмкін, мысалы, аса қажеттіліктен туған қорғануды жүзеге асыру, қылмыскерді ұстау т.б. "Күш қолдану мен қолданамын деп қорқыту" түрліше дәрежедегі дене жарақаттарын салып, тән азабын келтіру деген анықтамамен келіспеуге болмайды, өйткені бұл жағдайларда күш қолдану мен қолданамын деп қорқыту жәбірленушіге әсер ету тәсілі болып табылады да, белгілі бір зардаптың тууына әкеліп соғады, сондықтан да зардап күш қолдану мен қолданамын деп қорқыту арқылы туған зардап болып есептеледі. "Күш қолдану мен қолданамын деп қорқытудан" зардаптың тап сол әрекетті жүзеге асырған сәтте туындамауы да мүмкін, туындауы да мүмкін, бірақ заң жүзінде формальды құрамды қылмыстар үшін қылмыс деп тануға тек қана әрекет ету де жетіп жатыр.

ГФР-да криминалдық статистика жинағында күш қолдану арқылы жасалатын қылмыстар деп аталатын арнаулы тарау бар, онда қылмыстық заңға кіргізілген күш қолдану арқылы жасалатын барлық қылмыстар тізімі бар, олар: қасақана кісі өлтіру, зорлау, қарақшылық, денсаулыққа зиян келтіру, уландыру, мүгедектікке жеткізу, адамды кепілге алу және адамды ұрлау арқылы алаяқтық жасау.

Күш қолдану арқылы жасалатын қылмыстарға Англияда өте үлкен жауапкершілікпен қарайды. Ол елдің статистикалық бюллетенінде тіркелген күш қолдану арқылы жасалған қылмыстардың тізімі беріледі, одан соң ол тізім бірнеше топтарға бөлінеді "жеке тұлғаларға қарсы күш қолдану", "нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану" және "тонау" т.б.

Шведтердің криминалдық статистикасы бойынша, 1950 жылдан бастап күш қолдану арқылы жасалатын қылмыстар басқа қылмыстардан бөлініп алынбайды, бірақ барлық қасақаналықпен жасалған адам өлтіру, қарақшылық әрекеттер; түрліше дәрежедегі денсаулыққа зиян келтіру; ұрып-соғу; зорлау; нәпсіқұмарлық сипаттағы жыныстық қатынастарға итермелеу; тонау күш қолдану арқылы жасалатын қылмыстар болып есептеледі. Ғылыми әдебиеттерінде бұл топқа барлық қасақаналықпен және қасақаналықсыз жасалатын адам өлтіруді, түрліше қарақшылық әрекеттерді жатқызады. Бұл келтірілген қылмыс түрлерінің барлығы Швецияның Қылмыстық кодексінің 3-тарауында көрсетілген. Нәпсіқұмарлық сипаттағы қылмыстар бұл тарауға енгізілмеген. Сондай-ақ, бұл кодексте лауазым иелеріне қарсы күш қолдану арқылы жасалатын қылмыстар тізімі бөлек көрсетілген.

Францияның қылмыс және құқық бұзушылық жөніндегі статистикалық жиынтығында "күш қолдану арқылы қылмыс жасау" деген термин мүлдем жоқ. Жиынтықта жеке тұлғаларға қарсы қылмыстар бөлек топқа кіргізіліп, ол топқа 20-ға жуық қылмыс құрамы енгізілген, олар: адам өлтіру, адам өлтіруге оĸталу, ĸасаĸана денсаулыĸĸа және зиян келтіру, ұрып-соғу, адамды кепілге алу, тұрғын үйге баса-көктеп кіру т.б. Адамгершілікке ĸарсы ĸылмыстар тобына: зорлаудан басқа, адамды азғындату, жеңгетайлықты кіргізсе; отбасы және кәмелетке толмағандарға ĸарсы қылмыстарға: балаларға дұрыс қарамау және басқа да күш ĸолдану тәсілін пайдаланбай жасалатын ĸылмыстарды кіргізеді.

Жапондықтардың қылмыс туралы Ақ кітабында күш қолдану арқылы жасалатын қылмыстардың құрамы баптар мен тарауларда көрсетілген. Бұрынғы Советтер Одағы, қазіргі Ресейде күш қолдану арқылы жасалатын ĸылмыстар жеке топĸа бөлінбеген. РСФСР-дың 1960 жылы қабылданған кодексінде жеке тұлғаның өмірі, денсаулығы, бостандығы мен адамгершілігіне ĸарсы ĸылмыстар бір үлкен топĸа топтастырылған, оның ішінде 13 бап бойынша ĸылмыс күш ĸолдану арĸылы жасалады.

Аталған кодекстің басĸа тарауларында да күш ĸолдану арĸылы жасалатын ĸылмыстар кездесетіндіктен, мысалы: мемлекетке ĸарсы ĸылмыстар (террорлыĸ акт, бандитизм, үкімет өкілдеріне ĸарсылыĸ көрсету, халыĸ жасаĸшылары мен милиция қызметкерлерінің өміріне қауіп төндіру); қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар (бұзақылық, дене жарақатын саламын немесе өлтіремін деп ĸорĸыту); әскери ĸылмыстар- (бастыĸĸа ĸарсы күш ĸолдану, әскери қызметшіге тіл тигізу, бұйрыққа бағынбау т.б).

Жоғарыда келтірілген БҰҰ-ның және басĸа да мемлекеттердің күш ĸолданып жасалатын ĸылмыстарды топĸа бөлу тәжірибесіне ĸарай отырып, күш ĸолдану арĸылы жасалатын ĸылмыс құрамдарынан күш қолдану арқылы жасалатын тонау мен ĸараĸшылыĸты толыĸтай алып тастауға болмайды. Қазіргі Ресейдің Қылмыстық кодексінің Ерекше бөліміне 1960 жылы қабылданған Қылмыстық Кодекспен салыстырғанда онша көп өзгеріс енгізіле қойған жоқ. Жаңа Кодексте күш қолдану арқылы жасалатын 55-ке жуыĸ ĸылмыс 6 -бөлімнің 13 тарауында көрсетілген.

Ресейдің ІІМ-нің қылмыскерлік жөніндегі мәліметтерінде де күш ĸолдану арĸылы жасалатын ĸылмыстар түрлі топтарға бөлінген: күш ĸолданып жасалатын ауыр ĸылмыстар; күш ĸолданып көшеде жасалатын ĸылмыстар; топ болып күш ĸолданып жасалынатын ĸылмыстар; ĸару ĸолдану арĸылы күш ĸолданып жасалатын ĸылмыстар т.б.

Жоғарыда келтірілген мәліметтерге сүйене отырып, күш ĸолдану арĸылы жасалатын қылмыстардың барлық елдерде де өзекті мәселе екендігін көруге болады, бірақ соған қарамастан күш қолдану арқылы жасалатын қылмыстар құрамына, түріне және тобына ĸарай топталып, бір ретке келтірілмегендіктен, шын мәніндегі қылмыстардың әлеуметтік-криминологиялык жағдайын білу мүмкін болмай отыр.

Тек ĸана жеке тұлғаларға ĸарсы ĸылмыстар ғана күш қолданудың себебі, тәсілі, орны, құралы, жағдайы сияĸты жекелеген мәліметтерді көрсете алады. Ал, басĸару тәртібіне ĸарсы, жеке мүлікке қарсы, қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың бір бөлігі күш ĸолдану арĸылы жасалғанымен олардың криминологиялыĸ маңыздылығын көрсететін мәліметтер еш жерде көрсетілмеген. Негізінде күш қолдану арқылы жасалатын қылмыстардың себебін анықтауда ең алдымен қылмыскердің мінез- кұлқындағы ниетті анықтаған жөн тәрізді, өйткені, ниет: күш ĸолдану, саяси, кек алу, маĸсатĸа жету, пайдакүнемдік т.б.болуы мүмкін.

Күш ĸолдану арĸылы жасалатын ĸылмыстарды екі үлкен топтарға бөлуге болады: ниетінің мазмұнына ĸарай; таңдап алынған объектінің маңыздылығына ĸарай. Күш ĸолданып әрекет етуді таңдап алған субъектілер ĸылмыс жасаудың бұл әдісін тек ĸана зардап тудыруда ĸосымша әрекет ету ролі ретінде пайдаланады. Қылмыс жасаушы ĸылмыстыĸ ниетін кез келген жағдайда, кез келген уаĸытта жүзеге асыруы мүмкін. Сондыĸтанда ĸылмыс жасаудың бұл тәсілін толыĸтай зерттеп, оған талдау жасау үшін, әрекет ету объектілерінің түрлері әр түрлі болғанымен, бір ғана ниетпен жасалатын ĸылмыстарды, немесе ниеттері өзара байланысты ĸылмыстарды іріктеп алу керек, өйткені мұндай жағдайларда субъектінің әрекетінің субъективтік және объективтік жаĸтары біртектес болады. Міне, осы белгілеріне ĸарай отырып, талдау жасап, күш ĸолдану арĸылы жасалатын ĸылмыстар туралы болжау айтып және қылмыстың алдын алу шараларын ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуге болады.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Денисов В.В. Социология насилия. -М., 2005. 57б
  2. Гаухман Л.Д. Борьба с насильственными посягательствами. -М., 2009.6б
  3. СимоновВ.И., Шумихин В.Г. Квалификация насильственных посягательств на собственность. - М., 2003. 61б
  4. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы: проблемалар және оларды шешудің жолдары. ?Алматы, 1997.
  5. Уголовное право. Особенная часть /под ред.И.Ш.Борчашвили., Астана., 2009. -.65б
  6. Смагулов А.А. Физическое насилие в уголовном праве. Астана., 2011.250б
  7. Филановский И.Г. Преступная жестокость. ?М., 2004.174б

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.