Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Кәмелетке толмағандар жасайтын мүліктік қылмыстардың түсінігі

Бұл мақалада Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандар жасаған мүліктік қылмыстардың құрылымы мен өсуі жайында баяндалады. Кәмелетке толмағандардың Қазақстанда жасаған мүліктік қылмыстарының сипаттамасы беріліп, талдау жасалынады. Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының негізгі себептері анықталады және олардың алдын алу жолдары ұсынылады.

Соңғы уақыттарда кәмелетке толмағандардың жасайтын қылмыстары, оның ішінде мүліктік қылмыстарының сандық жағы ғана емес, сапалық жағы да күн сайын артып бара жатқандықтан, бұл мақалада кәмелетке толмағандар жасайтын қылмыстар түсінігіне қылмыстық-құқықтық тұрғыда сипаттама беріледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің 2009 жылдың 28 тамызындағы Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейiнгi кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасында "Қылмыстық құқықты одан әрі дамыту, бұрынғыдай қылмыстық саясаттың қос векторлығын ескере отырып жүргізілуге тиiс. Iзгiлендiру - ең бастысы, алғаш рет ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар жасаған адамдарға, сондай-ақ халықтың әлеуметтік әлсіз топтары - жүкті және асырауында кәмелетке толмаған балалары бар жалғызбасты әйелдерге, кәмелетке толмай қылмыс жасағандарға, жасы ұлғайған адамдарға қатысты болуға тиiс.

Сонымен қатар ауыр және аса ауыр қылмыстар жасауға кінәлі, қылмыстық қуғындаудан жасырынып жүрген адамдарға қатысты, сондай-ақ қылмыстар кэнiгiлiгi кезiнде қатал қылмыстық саясатты алдағы уақытта да жүргізу қажет" - дей келе, қазіргі таңдағы кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы өткір әрі әлеуметтік сипатқа ие болып отырғандығына басты назар аударады[1].

Қазіргі уақытта кәмелетке толмағандар қылмысы барлық қылмыстар құрылымында айрықша орын алады. Өткен ғасырдың 2005 жылдары кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстың үлес салмағы 8- 12%-ды, 2015 жылдары 16,4%-ды, ХХІ ғасырдың басында орта есеппен 10%-ды құрады. [2]. Осы қылмыстың статистикалық тұрақтылығы қылмыс субъектісінің кәмелетке толмаған жасы ретінде осындай критерий негізінде бөлінетін кәмелетке толмағандардың қылмысы жалпы қылмыстың біртұтас және дербес түрі болып келеді.

"Кәмелетке толмағандар қылмыстылығы" түсінігінің қалыптасуы барысында "қылмыстылық" түсінігі оған қатысты ұғымдардың барлығы назарда болуы керек. Кәмелетке толмағандардың қылмысы - жаппай құбылысқа қатысты әлеуметтік-құқықты білдіретін, қылмыстық заңда тыйым салынған кәмелетке толмағандар жасаған қоғамға қауіпті іс- әрекеттердің жиынтығы, яғни қылмыс жасау барысында 14 жасқа толған тұлғалар, бірақ 18 жасқа толмағандар (ҚР ҚК 80-бабы 1-тармағы), белгілі бір уақыт кезеңі ішінде белгілі бір аумақта және оларды жасағанда кәмелетке толмаған тұлғалар деп айтуға болады.

Статистикалық деректерді зерттеу нәтижесі кәмелетке толмағандардың жасайтын қылмыстарының басым көпшілігін мүліктік қылмыстар, оның ішінде меншікке қарсы жасалатын қылмыстар екендігін көрсетті. Кәмелетке толмағандардың жалпы қылмыстық құрылымында бұл қылмыстардың үлес салмағы әр жылда әртүрлі 68,1%-дан 91,5%-ға дейін артты,сонымен 2005 жылдары кәмелетке толмағандардың жасаған қылмысының екіден үші ұрлықты құрады, олардың арасында азаматтардың жеке меншігіне қол сұғушылық, сондай-ақ автокөлік ұрлау және тонау басым. 2015 жылдары кәмелетке толмағандардың қылмысының "ядролық" құрылымы 2/3-ін тонау, ұрлау, қарақшылықтан құрылды [3, 280-б.].

Көріп отырғандай, кәмелетке толмағандардың қылмысының құрылымы толық, меншік иесіне (заңды иесіне) мүліктік зиян келтіретін немесе оған қауіп төндіретін көптеген теріс әлеуметтік-құқықтық қоғамға қауіпті іс-әрекеттерден тұрады. Бұларды көп деп айтуға болады (сол немесе өзге бір аумақта сол немесе өзге уақыт кезеңінде жасалған іс-әрекеттер тұрақты статистикалық, біртекті меншікке қарсы қасақана қылмыс), сондай-ақ осы қылмысты жасаған тұлға, кәмелетке толмағандардың қылмысы өз жиынтығында дербес құрамдас бөлігін (кіші түрін) құрайды.

Криминологиялық әдебиеттерді зерттеуде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 6- тарауында қарастырылған қылмыстың белгілері бар, сондай-ақ осындай әрекетті жасайтын тұлғалар, оның негізгі әрекеттерінің жиынтығын құрайтын тұтас әлеуметтік-құқықтық жаппай құбылыс ұғымдарды тұжырымдау кезінде ғалымдар арасында біркелкі пікірлер жоқ екендігін көрсетті, атап айтқанда авторлардың кейбіреулері "жеке меншікке қарсы қылмыс"деп бұрынғы заңнамдағы заңды атауын қолданса, басқалары оны "пайдакүнемдік қылмыс", үшіншілері "мүліктік қылмыс" терминіне жатқызады.

Мұндай терминологияның көптігі зерттелетін қылмыстылықтың түсінігінің мәнін түсіну мүмкін емес екендігін көрсетеді.Белгілі болғандай, біркелкі терминдерді түсіну және қолдану - бұл негізгі түсініктерді қалыптастыратын логикалық ереже. "Меншікке қарсы қылмыс" терминін формалды логика заң талаптары тұрғысынан бағалап, ол қылмыстық қол сұғушылық объектісі сияқты меншікке зиян келтіретін (келтіруге қауіп төндіретін) қылмыстық заң қарастырған қоғамдық-қауіпті әрекеттерді белгілеу үшін анық, тұрақты, біркелкі және бәріне мәлім екенін көрмеуге болмайды.

Басқаша айтқанда, бұл термин тарихи қылмыстық заңмен байланысты (ол туралы Ресей және кеңестік кодифицияланған қылмыстық заңнама актілерінің даму логикасы дәлелдейді), меншіктің әлеуметтік- экономикалық қатынастарынан шығады, оны қылмыстық-құқықтық қорғауы - бұрынғы болған және қазіргі Қылмыстық кодекстердің негізгі мәселесі.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, "меншікке қарсы қылмыс" термині мағыналық және семантикалық табиғаты бойынша қылмыстық- құқықтық болып табылады және қылмыс түрінің криминологиялық түсінігін белгілеу үшін емес, қылмыстық құқық ғылымында қылмыстық қол сұғушылықты белгілеу үшін қолдануға жарамды деп санауға болады.

Егер, осы терминді өзгертілмеген түрде қолдану жолымен криминологиялық зерттеулерге "бейімдеп" көрсе, біздің ойымызша осы "криминологиялық" терминнің мағынасын сонымен бірге ол жеке қылмыстардың атын белгілеу үшін және түсінік көлемдері сәйкес келмейтін қылмыс түрлерін анықтау үшін қосымша анықтауды қажет ететін қиындықтар болуы мүмкін. Осы терминді қылмыстық-құқықтық және криминологиялық аспектте қолдануға осындай бірыңғайланған тәсіл, логиканың негізгі ережесін бұзады - термин бірегей болу керек, терминді бірнеше бірін-бірі жоққа шығаратын мағынада қолдануға болмайды.

Сонымен бірге, криминологияда жалпы ереже бойынша, қылмыстың нақты түрін білдіретін терминдерді, әрқашанда "анықтаушы" сөз болады, ол қылмыстың зерттелетін түрін басқадан (мысалға, "әйелдер қылмысы", "рецидивті қылмыс" және т.б.) ажырататын елеулі белгісін ашады. Сонымен қатар, криминологияда нақты бір қылмысты білдіретін терминдердің жалпы ережесі бойынша басқалардан бөлек зерттелетін қылмыс түрлері ерекшелігін ашатын белгілеріне көңіл аударған жөн (мысалы, "әйелдер қылмысы", "рецидивті қылмыс" және т.б.).

Егер осы ережені ұстанса, онда "меншікке қарсы қылмыстар" қылмыстық-құқықтық терминін криминологиялық терминге ауыстыру керек еді, ол "меншікке қарсы қылмыстардың жасалу себептері мен жағдайлары" деп аталар еді. Бірақ, мұндай термин орыс тіліндегі сөз тіркес құрастыру ережесін бұзады және түсінудің айқындығы және қол жетімділігі ережесіне жауап бермейді; ол қисынсыз естіледі де және қабылданады да. Айтылғандарды ескере отырып, "меншікке қарсы қылмыстар" термині меншік объектісі болып табылатын, қоғамдық-қауіпті қылмыстық қол сұғушылық тарихи қалыптасқан тыйымдар түрін белгілеу үшін қажетті және жеткілікті болатыны анық.

Осы терминмен қылмысты-құқықтық саласында қолданысы бар қылмыстың жеке түрін атауы, біздің ойымызша дұрыс емес. Басқа екі терминде, "пайдакүнемдік қылмыс" және "мүліктік қылмыс" "криминологиялық" қолдану саласы бар. Алғашқы көзқарасқа, олардың көлемдері бірдей сияқты, өйткені криминологияда осы терминдермен меншікке қарсы қылмыстардың жиынтығын белгілеу қабылданғаны баршаға мәлім және тарихи қалыптасқан. Бірақ осы терминдердің мәнді толуының егжей-тегжейлі зерттеуі, олар тепе-тең еместігін көрсетуге мүмкіндік береді. Тіпті, олардың әрқайсысы дербес түсініктемені мұқтаж етеді.

"Пайдакүнемдік қылмыс" терминін қарастыра отыра, ол орыс тілі ережелерінің талаптарына сәйкес және криминологиялық терминді құру логикасы көзқарасы бойынша дұрыс құрастырылған; сонымен бірге ғылымда және әдетте дағдыға бұрыннан орныққанын мойындамауға болмайды. Криминологиялық әдебиетті зерттеу, "пайдакүнемдік қылмыс" терминімен криминологтар өз жұмыстарында көбіне меншікке қарсы қылмыстар жиынтығын айтқанын көрсетті. Криминология бойынша оқулықтардың басым бөлігінде, меншікке қарсы қылмыстардың криминологиялық сипаттамасына арналған тарау олда "пайдакүнемдік қылмыс" деп аталады.

Сонымен бірге, біртұтас құбылысты белгілеу үшін бірыңғай атауы, оның мәнің біркелкі түсінуге әкелмеді, ол осы терминнің ішкі күрделігі туралы дәлелдейді. Анықтауды қалыптастырғанда авторлар оны түрлі мағынамен толтырған. В.Н. Кудрявцев " пайдакүнемдік қылмыс деп экономика саласына қол сұғатын қылмыстық жазаланатын әрекеттердің жиынтығын және тұлғалардың өтеусіз құқыққа қарсы мүліктік пайда табу үшін саналы ұмтылумен негізделген әрекеттерін түсінген" [4, 446,449-б.]. А. И. Долгова пайдакүнемдік қылмысты - өмірлік стандартқа жету мақсатында "абсолюттік" және "салыстырмалы" қанағаттандыру мақсатында экономикалық себептермен жасалатын қылмыстардың жиынтығы сияқты кен мағынада қарастырған және тар мағынада - қылмыс сияқты оның негізінде заңсыз баюдың пайдакүнемдік осы сөздің дәл мәнінде, себептер, қызығушылық және қажеттіліктер болады. С.А. Елисеев пайдакүнемдік қылмысты тар және кен мағынада қарастырады. Ұрлық, тонау, алаяқтық сөздің тар мағынасында пайдакүнемдік қылмысты құрайды. Пайдакүнемдік қылмыстың шекарасының кен анықтауы, оған пайдакүнемдік міндетті белгісі болатын қылмыстарды ғана емес, сонымен бірге пайдакүнемдік себептерден жасалатын басқа қылмыстардың барлығын оған жатқызуды көздейді.

Осы терминде "пайдакүнем" сөзі мағына анықтайтын сөз болады, оның семантикалық мағынасы көпқырлылығы белгілі. "Пайдакүнем" сөзін әртүрлі түсінуі "пайдакүнемдік қылмыс" терминінің мәнін біркелкі болмауына әкеледі, ол пайдакүнемдік қылмыстың шекарасын дұрыс анықтамауға сөзсіз әкеп соғады. Зерттеушілер (баяғы жылдарғы, қазіргі жылдардың) пайдакүнемдік қылмыстың мағынасын нақтылауға мәжбүр болды, яғни жиынтыққа қандай қылмыстар және неге қосылатынын айқындауға. А.И. Долгова, пайдакүнемдік қылмыстың екі аспектті түсінігін негізге ала отырып, оны "бөлуді" ұсынды

а) жалпы қылмыстық пайдакүнемдік қылмыс, оның ішіне "пайдакүнемдік себеп бойынша, осы мүлік есебінен негізсіз баю мақсатында, шаруашылық қатынастарды және экономикалық байланыстарды бұзусыз, қызмет бабын пайдаланусыз" бөтен мүлікті тікелей заңсыз иелену түрінде жасалатын меншікке қарсы қылмыстар кіреді және

б) экономикалық қылмыстық оған басқа қалған қылмыстар жатады. Г.А. Аванесов, пайдакүнемдік қылмыстың ішінде жалпы қылмыстық және экономикалық қылмысты бөлуі туралы А.И. Долгованың пікірін қолдай отыра, олар жалғыз еместігін көрсетеді, олардан басқа пайдакүнемдік қылмыс құрылымында сыбайлас жемқорлық және салық қылмысты ажырату керектігін көрсетеді. В.Н. Кудрявцев, В.В. Лунев пайдакүнемдік қылмыстың ішінде көп құрылымды құрайтындарды бөлген: меншікке қарсы пайдакүнемдік қылмыстар, экономикалық әрекет саласындағы пайдакүнемдік қылмыстар, коммерциялық және басқада ұйымдарда қызмет мүдделеріне қарсы пайдакүнемдік қылмыстар. Ю.М. Антонян "пайдакүнемдік қылмыс - барлық қылмыс түрлерінің ен алуан түрлі; оның құрылымына меншікке қарсы қылмыстар (90%); экономикалық әрекет саласындағы қылмыстар (4,5%), басқа пайдакүнемдік қылмыстар (4,5%)" кіретінін" айтқан[5, 545-б.].

Көріп отырғандай, "пайдакүнем" деген аңықтау сөзінің көп мағыналылығы, қазіргі зерттеушілер пайдакүнемдікті меншікке қарсы ғана емес және басқада қылмыс құрамының негізгі белгісі ретінде қарастыруды ұсынды. Сонымен бірге, көптеген түрлі көп объектілі қылмыстарды бір жиынтығына біріктіру, нәтижесінде "пайдакүнемдік қылмыс" бірыңғай түсінігінің шекарасын "бұзады", оның толуы шексіз болады, осы терминнің мағынасын түсінуінің біркелкілігі жойылады, өйткені осы қылмыстың түрінің барлық маңызды белгілерін бір мағыналы сипаттауға қиындық туғызады. Осының салдарынан, термин өзі ғана емес, оның анықтамасы қосымша анықтауды талап етеді, ол терминнің өз мағынасын дұрыс түсінуіне әкелмейді, түсініктің аңықтығы мен дұрыстығы ережесі бұзылады.

Бір белгісіз- "пайдакүнемдік қылмыс" термині - басқа белгісіз - "пайдакүнемдік" сияқты көп мағыналы ұғыммен түсіндіріледі. Жоғарыда айтылған, соншалықты "көлемді" "пайдакүнемдік қылмыс" термині осы зерттеудің мақсатына толық сәйкес келмейтінін көрсетеді. Кәмелетке толмаған, қылмыс субъектісі сияқты, өз жасына және соның салдарынан түрлі құқықтық тыйымды қабылдау және бағалауға байланысты, қылмыстық жауапкершілікке қоғамдық қауіпі оған түсінікті болатын әрекеттер үшін ғана, нақты айтқанда Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 15-бабы 2-б. қылмыстары ғана үшін тартылады.

Қарастырылып отырған кәмелетке толмағандардың қылмыс түрінің ауқымына, олар тек қана заңға сәйкес жауапкершілікке тартылатын қылмыстарды қосуға болады. Осындайға, статистикалық тұрақтылықтан есептей келе, ұрлық, тонау, қарақшылық, алаяқтық, бопсалаушылық, көлік ұрлау сияқты меншікке қарсы қылмыстар жатады. Сонымен бірге, айта кету керек, кәмелетке толмағандар аталған қылмыстарды үнемі пайдакүнемдік пиғылдан жасаған жоқ.

Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, меншікке қарсы жасалған қылмыстардың көбінде "қос өзгешелік" пиғылды айқын көрінді. Бір жақтан, себептер шынымен, кәмелетке толмағандардың материалдық қажеттіліктерімен негізделген. Екіншіден, оларда өзіндік пайдакүнемдік мінез болмаған, олар "өздері арасында", "басқалардан қалмау", "бәрі сияқты болу" ниетімен негізделген.

Осы бақылауды ескере отырып, кеңес кезеңінде "пайдакүнемдік қылмыстылық", "пайдакүнемдік қылмыс" терминдерін зерттеушілер кәмелетке толмағандардың қылмысына қатысты мүлдем қолданбағанын айтпай кетуге болмайды. Сол кездегі әдебиетте, кәмелетке толмағандардың қылмысы мүліктік өзгешелікпен сипатталады, ал кәмелетке толмағандар бөтен мүлікке пайдакүнемдік үшін емес, серіктестіктің жалған сезімі бойынша, жасөспірімдік акымактык, тентектік, ұксастык және т.б. себептермен кол сұғады деген пікір кең тараған. Кеңестік криминологтар меншікке карсы кәмелетке толмағандар жасайтын кылмыстарды - мүліктік кылмыстар деп атайтын, ал олардың жиынтығын - "мүліктік кылмыстылык" деп атайтын.

Осы кылмыстың түрін белгілеу үшін терминді таңдау кезінде мағынасын аныктайтын критерий ретінде, әр зерттеуші субъективті белгілейтін ынталандыру сипаты емес, кылмыстык заңмен аныкталған объективті кылмыстык кол сұғудың объектісі және заты. "Мүліктік кылмыс" терминнің өзі "мүлік" түсінігімен тығыз байланысты, ол Қазакстан Республикасының Қылмыстык кодексі 6-тарауында карастырылған меншікке карсы кылмыстың мәні болады.

Қазакстандык кылмыстык ғылым ешбір кылмыстык заңда мүлік түсінігін ашпаған заң шығарушының кемшілігін толтырды және мүлікті мүлікке карсы кылмыс заты ретінде бағасы бар, олардың меншікке байланысты катысы бар материалдык әлем (объектілер) заттары деп аныктады. Сонымен катар, меншіктік катынастар, мүлік иесіне тиесілі кұкыктык өкілеттікті иелену, пайдалану, билік ету тектік болып табылады және Қазакстан Республикасының Қылмыстык кодексі 6-тарауында карастырылған кылмыстың тікелей объектісі (кылмыстык кұкыкта тектік және меншікке карсы кылмыстың тікелей объектісінің тепе-тендігі туралы пікірдің басымдылығына сүйеніп). Дәл осы мүліктің меншікке тиесілі катынастары, меншікке карсы кылмыспен бұзылады немесе баскаша айтканда мүліктік кылмыспен.

"Мүлік" түсінігі және "меншік кұкығы" түсінік араларында үзілмес мағыналы байланыс бар, өйткені "бұл екі түсінік, олардың міндеті белгілі бір тұлғаға тиесілі, мүліктік кұрамдас бөліктердің диапазонын барынша камту". Сондыктан, казір "меншікке карсы кылмыстар" деп аталатын кылмыстар бұрын "мүліктік кылмыстар" деп аталатыны заңды және орынды.

Бұл туралы казакстандык кылмыстык заңының даму тарихы дәлелдейді. 1497 жылғы Судебниктен бастап, бөтен меншікті өзінің мәні кылдыратын кылмыстардың ерекше тобы бөліне бастады. 1550 ж. Судебникте, 1649 ж. Алексей Михайлович патшаның Собор Ережесінде, 1835 ж. Ресей империясының заңдар жинағында, 1839 ж. Ауылдык сот Жарғысында, осындай кылмыстар "меншік кұкығына карсы кылмыстар" немесе "мүліктік кылмыстар" деп аталатын. РКФСР 1922 ж., 1926 ж., кеңес кылмыстык кодекстері бөтен мүлік мәні болатын кылмыстарды "мүліктік кылмыстар" деп атайтын.

Сонымен бірге, "мүліктік кылмыс" ұғымы Ресей кылмыстык кұкығына бұрыннан мәлім болса да, заң шығарушы нормативті-кұкыктык кұжаттарда колданса да, ол өзіндік заңды аныктауын таппады. Қылмыстык кұкык теориясы, содан кейін криминология оның мәнін түсіндіруге тырысты. Н.Ф. Кузнецова мүліктік кылмыс болып мүліктік зиян келтіретін кылмыстар табылады, яғни, бөтен мүлік зат болып табылатын, меншікке катысты зиянды өзгерістер. С.Я. Лебедев, М.А. Кочубей мүліктік кылмыс деп негізгі біріктіруші элементі болып табылатын, меншік иесінің кұкыктарын бұзу есебінен кінәлінің заңсыз баюы, бөтеннің мүлкін заңсыз пайдалану немесе билік ету, кылмыстарды атайды [6, 62-63-бб.].

А.Г. Безверхов мүліктік кылмыстарды ҚР ҚК тиісті тарауында карастырылған сиякты, меншік иесіне немесе өзге катысушыларына алынбаған кіріс (алынбай калған пайда) және (немесе) накты зиян түріндегі мүліктік зиянды залалды келтіретін немесе келтіруге кауіп төндіретін, нарыктык және табиғатты мүліктік катынастарға кол сұғатын, касакана және коғамдык кауіпті әрекеттерді аныктайды. О.Н.Пикуров кәмелетке толмағандардың мүліктік кылмыстары деп мәні - мүлік тар (кылмыстык-кұкыктык) мағына болатын, негізгі немесе косымша объектісі болып табылатын, меншік катынастары, 14 жастан 18 жаска дейінгі тұлғалар жасаған кылмыстык жазалауға жататын коғамдык кауіпті әрекеттерді түсінеді. Келтірілген аныктамалар шолуынан, барлык авторлар мүліктік кылмыс деп кылмыстык кол сұғушылык затына сиякты бөтен мүлікке зиян келтіретін (немесе оны келтіруге кауіп төндіретін) коғамдык-кауіпті әрекетті түсінеді. Қылмыспен кылмыскер меншіктің субъект және объект арасындағы белгіленген меншіктің субъективті кұкығын бұзады, онымен мүліктік зиян келтіреді, ол меншік иесі өз мүлкіне ие болудан, өз еркімен пайдалану кұкығымен және мүмкіндігінен және одан пайдалы касиеттерін алуды жоғалтумен белгіленеді негізгі басымдык осыған жасалады.

Айта кету керек, меншікке карсы кылмыстар жиынын белгілеу үшін, баскаша айтканда мүліктік кылмыстарды, революцияға дейінгі және кеңес авторлары жұмыстарында "мүліктік кылмыс" терминін колданған. Осы терминді колдануды біркатар казіргі криминология окулыктарында кездестіреміз. "Мүліктік кылмыс" терминіне криминологиялык әдебиетте әртүрлі аныктамалар ұсынылды. М.П. Клейменов мүліктік кылмысты меншікке карсы статистикалык көп касакана кылмыстар сиякты карастырады. В.Н. Бурлаков мүліктік кылмыска РФ ҚК-нің 21 тарауында карастырылған касакана әрекеттерді жаткызуды ұсынады олардың біріктіру элементі болып меншік иесінің кұкығын бұзу есебінен заңсыз баю, сонымен катар бөтен мүлікті заңсыз пайдалану немесе билік ету табылады. О.Н. Пикуровтың ойы бойынша, мүліктік кылмысты белгілі бір аймакта, белгілі бір мерзімде жасалған мүліктік кылмыстардың жиынтығы кұрайды. Ұсынылып отырған аныктамалардың жиі өзгертілгеніне карамастан, бастысы - бүкіл зерттеушілер мүліктік кылмыс деп бір кұбылысты түсінеді: белгілі бір аймакта, белгілі бір мерзімде меншікке карсы жасалған кылмыстардың жиынтығы, сондай-ак кінәлі немесе баска тұлғалардың мүліктік кажеттіліктерін тегін канағаттандыру максатында оны жасаған тұлғалар.

Қорытындылай отырып, кұкыкка карсы мүліктік пайда табу максатымен бөтен мүлікке кылмыстык кол сұғуды, мүліктік кылмыстар деп атаған дұрыс деген шешімге келуге болады. Меншік иесінің өз мүлкін иелену, пайдалану және билік ету кұкығын бұзатын немесе баска тәсілмен меншік иесіне мүліктік зиян келтірсе (әлде келтіру мүмкін) бөтен мүлік кол сұғу заты болатын және осы кылмыстарды жасайтын тұлғаларға мүліктік кылмыстар кұрайтын кылмыстың түрін белгілеу үшін "мүліктік кылмыс" терминін колдану орынды.

Алдыңғы баяндау "мүліктік қылмыс" термин ұғымын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мүліктік қылмыс деп біз Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 6-тарауында көзделген белгілі бір аумақта, белгілі бір уақыт кезеңі ішінде меншік иесінің өз мүлкі ретінде материалдық заттар пайдалану және билік етуді, бұзатын, сондай-ақ оларды жасаған адамдар, меншікке қарсы қылмыстардың жиынтығымен пайда болатын, тарихи өзгермейтін статистикалық тұрақты теріс әлеуметтік-құқықтық, салыстырмалы жаппай құбылысты айтамыз.

"Мүліктік қылмыс" деп біз, меншік иесінің мүлкін пайдалану және билік етуді бұзатын иелену, немесе өзге де тәсілмен (немесе қауіп төндіретін залал) бөтен мүлікке қол сұғушылық болып табылатын мүліктік зиян әкелетін, құқыққа қарсы мүліктік пайда алу мақсатымен жасалған қоғамдық-қауіпті әрекетті түсіну керек деп ұсынамыз. Кәмелетке толмағандардың мүліктік қылмысын, сол немесе өзге уақыт аралығында белгілі бір аумақта 14-17 жастағы тұлғалар жасаған мүліктік қылмыстардың және осы қылмыстарды жасайтын кәмелетке толмаған тұлғалардың статистикалық тұрақты жиынтығынан құралатын, теріс әлеуметтік-құқықтық, салыстырмалы жаппай құбылыс деп анықтауға болады.

Кәмелетке толмағандардың мүліктік қылмысының құрылымына біз меншікке қарсы қылмыстарды қостық: ұрлау (ұрлық, тонау, қарақшылық, алаяқтық) бопсалаушылық, автомобильді немесе өзге де көлік құралын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену (айдап кету).

Жоғарыда жазылған, "мүліктік қылмыс" ұғымы кәмелетке толмағандардың қылмыстық әрекетінің елеулі белгілерінің ең жоғары деңгейде екендігін көрсетеді:

  • -біріншіден бірыңғай бастапқы қол сұғушылық объектісі - меншік қатынастарын, экономикалық және заңдық жақтары бар көп қырлы құбылыс,
  • -екіншіден қылмыстың бірыңғай мәні - жеке - белгілі бір зат, ақша жөнінде қарым-қатынас меншік түрінде бөтен мүлік,
  • -үшіншіден - қылмыстың бірыңғай салдары (нәтижесі) - бөтен мүлікті басып алумен мүліктік залал, ол кінәлі меншік иесінен мүлікті алады және өз пайдасына аударудан көрінеді деп айтуға мүмкіндік береді.

Айтқанды ескере отырып, қол сұғушылықтың мәні және объектісі - ол қылмыс жасағанда кәмелетке толмаған қылмыскердің негізгі қозғалтқыш күшін көруге мүмкіндік береді, қарастырылып отырған құбылыс туралы объективті ("пайдакүнемдік" субъективті санатындағы айырмашылығы) көрініс беретін критерий дегенмен дауласу қиын.

Кәмелетке толмағандардың мүліктік қылмысы жалпы қылмыстың бөлігі, сондай-ақ жалпы қылмыспен бірдей сипаттамалары бар. Сонымен қатар, оның өзіндік негізгі көрсеткіштері бар: жағдайы, құрылымы, динамикасы. Кәмелетке толмағандардың мүліктік қылмысының жағдайы деп кең мағынасында оның бүкіл сандық-сапалық жинағын, тар мағынада - белгілі бір аумақта және белгілі бір кезеңде тіркелген мүліктік қылмыстар деп түсіну керек .

Біз, нақты осындай тар мағынада 2005-2015 жж. кәмелетке толмағандардың мүліктік қылмысының жағдайына аздаған талдау жасадық, сонымен бірге жағдайы тек қана абсолютті емес және қылмыстың коэффициентінде, салыстырмалы көрсеткіште қарастырылады. Айтарлықтай, абсолютті мәнімен көрсетілетін қылмыс жағдайының көрсеткіші қылмыс көлемі деп аталады.

Коэффициентпен көрсетілетін қылмыс жағдайының көрсеткішін қылмыс деңгейі деп атайды. Кәмелетке толмағандардың мүліктік қылмыс деңгейі, белгілі бір аумақта белгілі бір кезеңде 100 мың халыққа 14 жастағы және одан жоғары тұлғалар, осы аумақта тұратын 1417 жастағы тұлғалармен жасалған тіркелген мүліктік қылмыстар санынан есептеледі. Осындай есеп кәмелетке толмаған халықтың криминалдық белсенділігін көрсетеді, нақты айтқанда, ол қылмыстық тәртіпті қаншалықты қарқынды өндіретінін көрсетеді. Кәмелетке толмағандардың мүліктік қылмысы түсінігінің тағы бір маңызды элементі болып оның ішкі құрылымы табылады. Құрылым тіркелген мүліктік қылмыстардың жеке түрлерінің ара салмағын және үлестік салмағын (немесе үлесін) кәмелетке толмағандар барлық жасаған қылмыстарының жалпы санында, сонымен қатар жеке түрі ретінде - барлық мүліктік қылмыстарда көрсетеді. Құрылымның көрсеткіштері кәмелетке толмағандардың мүліктік қылмыстарының қоғамдық қауіпінің сандық және сапалық сипаттамасын береді.

Біз кәмелетке толмағандардың мүліктік қылмысын динамикасын сипаттайтын көрсеткіштері, оның абсолюттік өсуі немесе төмендеуі, өсу (төмендеу) қарқыны болып табылады. Қылмыстың динамикасы белгілі бір кезеңдегі уақытта белгілі бір аумақта кәмелетке толмағандардың тіркелген мүліктік қылмысының сандық-сапалық көрсеткіштер өзгеруін (өсу/азаю) қозғалысын көрсетеді.

Қорытындылай келе айта кету керек, кәмелетке толмағандар жасайтын мүліктік қылмыстардың түсінігін бере отырып, зерттелетін мүліктік қылмыстардың түрінің мәнін ашып, оған қатысты қолданылатын терминдерге баса назар аудару керек.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2009 жылдың 28 тамызындағы "Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейiнгi кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы" № 858 Жарлығы.
  2. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің 2010-2015ж.ж. мәліметтері.
  3. Преступность и правонарушения (2010-2015): статистический сборник/Астана- 2015.
  4. Кудрявцев В.Н. Причины и условия, способствующие совершению корыстных преступлений несовершеннолетними/-М. 1999. - 446- 449б.б.
  5. Долгова А.И. Социально-психологические аспекты преступности несовершеннолетних./- М.2003. -545б.
  6. Лебедев С.Я., Кочубей М.А. Причины и условия формирования групп несовершеннолетних, совершающих преступления с корыстной мотивацией/М.2001.- 62-63б.б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.