Мақала экономикалық субъектінің "бәсеке", "бәсекелік артықшылықтар", "бәсекеге қабілеттілік" ұғымдарының мәнін түбегейлі түрде зерттеуге арналған. Бәсекеге деген әр дәуірдегі, әр түрлі елдер мен экономикадағы көзқарастардың қалыптасу эволюциясы қарастырылып, зерттелген.
Жеке меншікке негізделген экономикалық жүйелерді қалыптастыру байырғы құндылықтарды қайта қарастыруды талап етіп отыр. Сондай жаңаша ұғымдардың қатарына "бәсеке" деген ұғымды да енгізуге болады. Бүгіндері барлық шаруашылық субъектілер бәсекені экономикада нарықтық қатынастарды жетілдірудің басты қозғаушы күші ретінде мойындауды талап етіп отыр.
Бәсекеге деген көзқарастар эволюциясын және оған деген теориялық көзқарастарды зерттеу оны әр түрлі кезеңде әр түрлі елдерде әрқалай экономикада өзінше түсінгендігін білуге болады. Ғылыми әдебиеттерде бұл ұғымның тәртіптік, құрылымдық және функционалдық түсіндірмелерін кездестіруге болады.
Тәртіптік түсіндірмесі оның этимологиялық түптеріне байланысты, өйткені латын тілінен аударғанда "бәсеке" тартыс, сайыс деген мағынаны білдіреді. А.Смит ("Халықтар байлығының табиғаты мен себебін зерттеу" деген әйгілі еңбегінде 1776 ж. бәсекені бағаны не түсіретін, не көтеретін жеке сайыс ретінде анықтады. Бүгіндері тәртіптік ұғымы бәсекелік күресті дамыту бағытына қарай өрбіп келеді. Бұл тәсілді қолдаушы өкілдердің қатарына американдық профессор М.Портерді жатқызуға болады ("Бәсеке стратегиясы", 1980 ж., "Бәсекелік артықшылықтар", 1985 ж.), тіпті оны ұлттық бәсекелік артықшылықтар теориясының негізін қалаушы ретінде атап өтуге болады [1, 56 б.].
Бәсекенің құрылымдық түсіндірмелері бәсекелестердің бір-бірімен сайысуына емес, бәсеке болып отырған құрылымдарды талдауға, жете қарастыруға екпін жасауды ұсынады Бұндай ілімнің түп-тамыры А.О.Курноның еңбектерінде келтірілген ("Байлықтың математикалық қағидаттарын зерттеу", 1838 ж.), Ф.И.Эджуорттың ("Монополия теориясы", 1897 ж.), Дж. Робинсонның ("Жетілмеген бәсекенің экономикалық теориясы", 1933 ж.), Э.Чемберлиннің ("Монополиялық бәсеке теориясы", 1933 ж.) және нарықтың келесі негізгі төрт типінің негізін қалаған басқа да ірі ғалымдардың еңбегін атап өтуге болады: нағыз (жетілген) бәсеке, монополиялық бәсеке, олигополия және монополия. Қазіргі таңда бұл түсіндірме батыстың экономикалық ғылымдарында мықты позицияға ие болып, келесі әйгілі экономистердің еңбегінде көрініс тапқан: П.Самуэльсон, Р.Макконнелл, Л.Брю, С.Фишер, Р.Дорнбуш, Р.Шмалензи, Х.Зайдель, Р.Теммен және т.б.
Бәсекенің функционалдық ұғымыны және оның экономикадағы орнын анықтайды. И.Шумпетер бәсекені ескінің жаңамен жарысы деп қарастырады. Ф. Хайек бәсекені "жаңалықтар ашу процедурасы" ретінде түсіндіреді, өйткені тек бәсекенің арқасында жасырын нәрсе ашылып, нағыз бәсекенің үдеуі мақсаттарға жетудің тиімді әдістерін меңгеруге мүмкіндік беретіндігін атап өтті.
Адам Смит өзінің "Халықтар байлығының табиғаты мен себебін зерттеу" (1776 ж.) атты еңбегінде абсолютті артықшылықтар ұғымын енгізіп, қандай да бір мемлекет сол тауарды өндіруге жұмсалатын шығындарын басқа елдермен салыстырғанда төмендете алатын болса ғаны экспорттай алады.
Давид Рикардо бұл тұжырымдаманы "салыстырмалы артықшылықтар теориясына" дейін жетілдіріп, бұл ғалымның ("Саяси экономияның қағидаттары", 1817 ж. деген еңбегінде көрініс тапты), бұның мәні келесідей: мемлекет өзі де төменгі шығындармен өндіре алатын тауарларды импорттайды, егер басқа тауарды одан да жоғары тиімділікпен өндіре алатын болса [1, 3 б.].
Салыстырмалы шығындар теориясын салыстырмалы артықшылықтарға айналдырған швед ғалымы Э.Хекшер (1919 ж.) және Б.Олин (1935 ж.) еді. Олардың теориялық тұжырымдамаларының мәні экспортқа өз өндірісіне айтарлықтай шығындарды қажет ететін (осы мемлекет үшін) өндіріс факторларын сыртқа шығарылатындығы және осы пропорцияға шығын мөлшері кері түрде өзгеретін тауарлар импортталатындығы келтірілген. П.Самуэльсон бұл теорияға математикалық түсіндірмелер мен дәлелдер келтірді.
Салыстырмалы артықшылықтар теориясы өз жалғасын В.Леонтьевтің еңбегінде жалғасын тапты (70-ші жж, XX ғасыр), ол өз еңбектерінде статистикалық материалдармен АҚШ өз өндірісімен салыстырғанда көбірек еңбек шығындары мен азырақ капитал кететін тауарларды экспорттайтындығын дәлелдеген болатын. Олай болса, бұдан шығатыны АҚШ-да қалыптасқан пікірлерге қарсы капиталға қарағанда еңбек ресурстарына бай екендігін көрсетті. "Леонтьев парадоксының" мәні осында еді. Бұнда атап өтетін жәйт, 80-ші жылдарға дейін халықаралық сауда құрылымы Хекшера-Олиннің теориясының нәтижесіне жүгінген болатын, дегенмен де соңғы жылдардағы ғаламдық бәсекенің дамуы өндіріс факторларымен қамтамасыздық дәрежесін төмендетіп келеді. Осыған байланысты жаңа зерттеулер пайда болды: мемлекеттің өлшемі теориясы, елдердің ұқсастық теориясы, тауардың өмір сүру циклінің теориясы. Мемлекеттің өлшемдік теориясына сәйкес бәсекелік артықшышықтар ретінде транспорттық шығындарды жатқызады, өйткені көлемі бойынша шағын мемлекеттерде ірі мемлекеттермен салыстырғанда көліктік шығындар аз жұмсалады екен. Елдердің ұқсастығы теориясы тұтынушылардың бәсекелік артықшышықтарын елдердің экономикалық тұрғыда жоғары дамуымен байланыстырады. Бұл теорияның мәнін ішкі нарықтағы тұтынушылардың талаптарына лезде әсер беруін болашақта өз елімен салыстырғанда ұқсастау тауарлар өндіре бастауымен байланыстырады. Олай болса, дамыған елдердің тұтынушылары сапасы өте жоғары тауарларды сатып алуға ниет білдіріп отырса, табыс көзі төмендеу елдерде мұндай тауарларды аздап қана сатып алады. Мұнда мынаны атап өту қажет, дамыған елдердегі табысы жоғары тұтынушылар артта қалушы мемлекеттердегі тұтынушылармен салыстырғанда мұндай тауарларды алғашқы болып сатып алу артықшылығына ие болады.
"Тауардың өмір сүру циклі" теориясы өнімді өндіру халықаралық ауқымда тауардың өмір сүру циклімен байланыстырады (енгізу, өсу, кемеліне жету, құлдыру). Бұл теорияға сәйкес жаңалық енгізген мемлекетпен салыстырғанда артта қалушы мемлекеттерде бұл тауардың өндірісі құлдырау кезеңінде ғана өндіріле бастайды.
Қазіргі әлемдік экономикадағы бәсекелік артықшылықтар кешенді түрде М.Портердің еңбектерінде көрініс тапқан.
Көптеген ғалымдар М.Портердің теорияларын жаңғыртылған классикалық тұжырымдама ретінде мойындағанымен, оны елдердің бәсекеге қабілеттілік теориясының іргесін қалаушы ретінде танылатындығы сөзсіз. М.Портердің басты тұжырымдамасы бойынша бәсекеге қабілеттілік пен бәсекелік артықшылықтардың болуы ресурстардың қаншалықты тиімді пайдаланғандығына байланысты. Бұл қағидатты нарықтық қатынастардың барлық субъектілеріне, кез-келген деңгейде, кәсіпорын, тіпті мемлекеттік деңгейге қатысы бар.
Экономика деңгейіне қарай мемлекеттің, саланың, кәсіпорынның (фирманың) бәсекеге қабілеттілігін бөліп көрсетуге болады.
Мемлекеттің бәсекелік артықшылықтарының қайнар көздері оның бәсекеге қабілеттілігінің деңгейіне байланысты. Жоғарыда аталып өткен портерлік бәсекге қабілеттілік деңгейлеріне қарай бәсекелік артықшылықтардың келесі түрдегі қайнар көздерін атап өтуге болады: өндіріс факторлары, инвестициялар, жаңалықтар мен мемлекеттің жинаған байлығы.
Факторлар кезеңінде мемлекеттің бәсекелік артықшылықтары табиғи ресурстардың қорларымен, арзан жұмыс күшімен, оның геосаяси жағдайымен және елдің территориясына байланысты. Бұл кезеңге технологиялар импорты, біріккен кәсіпорындар құру, контрактіге отыру және басқару тән болып келеді.
Табиғи ресурстарға бай кейбір мемлекеттер ерекше мемлекеттік құрылымдарының арқасында жан басына келетін табыс көзін ұлғайта алды, ал кейбірлері (бірқатар африкалық мемлекеттер) кедей болып қала беруде. Бұдан шығатыны, табиғи ресурстардың болуы әрқашан да мемлекетке бәсекелік артықшылықтар бере бермейтіндігін айтып өткен жөн. Ең бастысы, олардың қаншалықты тиімді қолданылуына байланысты. Оған қоса, М.Портердің айтуынша, өндіріс факторларына негізделген бәсекелік артықшылықтар үнемі тұрақты бола бермейді, өйткені ел экономикасы шикізатқа деген әлемдік бағаларға тәуелді және сезімтал болып келеді. Бұның негізі бар, өйткені ресурстарды үнемдеуге негізделген ғылыми-техникалық прогресс әлемдік нарықтағы бағаларға айтарлықтай түрде әсер етеді [2, 76 б.].
Дегенмен де, өз табиғи байлықтарын дұрыс қолдана білген және барлықтарының мүдделерін қорғай алатын біріккен ұйымдар құру арқылы (мәселен, ОПЕК мемлекеттері) сыртқы нарық конъюнктураı а аса тәуелді емес және баıаларды өздері бақылай алады. Ал басқа көршілес мемлекеттермен одақ құра алмаıан мемлекеттер әлемдік нарықтың өзгерістеріне тәуелді болып қала бермек.
Инвестициялар кезеңінде елдердің бәсекелік артықшылықтары белсенді инвестициялық саясатпен анықталады. Технологиялар мен жабдықтар импорты бұрыңғы күйінде сақталғанымен, фирмалар озық технологияларды, лицензиялар мен ноу-хауларды иеленіп отырады. Жалпы экономикалық жаıдай қорланған капиталға да байланысты. Өндіріс факторларына негізделген бәсекелік артық- шышылықтар осы уақытқа дейін өзекті және маңызды болып келгенімен, олардың ықпал ету дәрежесі төмендеп келеді. Бірақ инвестициялар кезеңі тұрақты бәсекелік артықшылықтар бере бермейді, өйткені кебір салалар бойынша басымдықтар мен технологияларды дұрыс таңдамау есебінен күйзеріске ұшырауы ықтимал.
Бәсекелік артықшылықтар туралы портерлік ереже бойынша, инвестицияларıа негізделген бәсекеге қабілеттіліктерге капитал сыйымдылыıы жоıары салаларда ıана қол жеткізуге болады, өйткені бұл жағдайда өндіріс ауқымындағы үнем мен жоıарıы саннаты еңбек күшін және қолдаушы салаларды қажет етпейді. Автордың пікірінше, бұл тұжырым бірқатар түзетуді қажет ететін сияқты. Инвестициялар салынıан салалар міндетті түрді капитал сыйымды болуы міндетті емес. Мәселен, көптеген тамақ өнеркәсібіндегі өндірістер мұндай салаıа жатпайды. Бірақ тамақ өнеркәсібі ішкі нарықтағы сұранымды арттыратын салаға жатады. Сұраным көлемін арттыру ұсыныс көлемін және өндірісті де арттыруıа ықпал етеді. Өндіріс көлемінің артуы, өз кезегінде, капитал салымының артуына ықпал етеді. Егер мұнда отандық азық-түлік өнімдерінің сапасы сыртқы нарықтарда бәсекеге қабілетті болса, онда бұл саланың инвестициялық тартымдылыıы тез ақталады.
Жаңалықтар кезеңінің басты сипаты мемлекеттің бәсекелік артықшылығы меншікті технологиялардың есебінен болмақ. Экономика әлемдік нарықтың конъюнктурасына және сырқы орта әсерлеріне төзімді болып келеді [3, 48 б.].
Байлықтар кезеңінде бәсекелік артық- шылықтардың қайнар көзі болып қорланған капиталды жатқызуға болады. М.Портердің зерттеу нәтижелері бойынша, осы кезеңге қол жеткізген мемлекет өзінің басқа да бәсекелік артық- шылықтарын жоғалтып алуы ықтимал, бұған дәлел ретінде Ұлыбританияның тәжірибесін келтіруге болады. Ішкі экономикадаı ы регрессияның басты себебі ретінде ішкі бәсекенің бәсеңсуін атап өтуге болады. Фирмалар өз бәсекелік артықшылықтарын жетілдіріп отыру үшін қол жеткізген позицияларынан айрылып қалмауға ұмтылады. Оларға өндірістің монополизациялануы мен бәсекеге қабілетсіз фирмалардың санының көбейіп кетуі тән.
Бұндай жаıдайда ауқатты фирмалар үкіметтен мықты қолдаулар ұйымдастыра бастайды. Бұл кезеңде мемлекет айтарлықтай шетелдік инвестицияларды салıанымен, олардың басты мақсаты жаңа өткізу нарықтарын иелену болып келеді. Инвестициялау капитал сату ақылы іске асады. Осылайша мемлекет өзінің алдында өткен кезеңдерге қайта оралуы ықтимал. Осы орайда бәсеке заңы айқындала бастайды: алıа қарай жылжу үнемі жетіліп отыруды талап етеді, бірақ қол жеткізген бәсекелік артықшылықтарды да жоıалтып алмауı а тырысу қажет. Бұнда айтып өтетін жәйт, мемлекет міндетті түрде бәсекеге қабілеттіліктің барлық кезеңдерін өтуі шарт емес. Мәселен, Италия соıыстан кейінгі жылдары "өндіріс факторлары" кезеңінен бірден "жаңалықтар енгізу" кезеңіне көшкен болатын.
Жоıарыда келтірілген мемлекеттердің бәсекеге қабілеттіліктің бір кезеңінен келесі кезеңіне ауысудың портерлік сызбасын талдай келе және әлемдік экономиканың қазіргі жаıдайын талдай отырып, бәсекеге қабілеттіліктің - әлемдік лидер деген бесінші кезеңін келтіруге болады. Бұл кезең мемлекеттің әлемдік нарықтағы монополиялық билігін бәсекелік артықшылық ретінде қарастыруға болады. Жергілікті нарықты монополияландыруıа ұмтылатын кез- келген кәсіпкер сияқты бай мемлекет те (бәсекенің шабуылды стратегиясын қолдана отырып) әлемдік нарықты билегісі келеді. Бүгіндері бұндай мемлекет қатарына АҚШ жатқызуа болады, өйткені оның сәйкес қолданатын өз стратегиясы бар. Байлыққа қол жеткізу кезеңінде шабуылды бәсеке стратегиясын қолданбау нәтижесінде Ұлыбритания өзінің бірқатар бәсекелік артықшылықтарынан айрылып қалды.
АҚШ монополиялық билік құру мүмкіндігі әлемдік бәсекенің даму қарқынына байланысты. Бүгіндері бұл мемлекет әлемдегі көптеген мәселелерді шешуге қауһары бар. Олай болса, мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігінің дамуы байлыққа қол жеткізумен шектеліп қалмауы тиіс. Өйткені одан да жоıары кезең - елдің монополиялық билігі бар, бұл жөнінде К.Маркс, "бәсеке монополияның пайда болуына әсер етеді", - деп атап өткен еді [4, 128 б.].
Дамушы елдердің ішінен байлық кезеңіне келесі мемлекеттер жетті: Швейцария, АҚШ, ал Жапония, Германия, Италия елдері бұған жақын тұр. Дамушы елдердің қатарынада бәсекеге қабілеттіліктің инвестиция сияқты деңгейіне жеткен елдерге Қытай мен Сингапурды жатқызуға болады. Оңтүстік Корея бәсекеге қабілеттіліктің инновация кезеңіне келді.
Қазақстанның бәсекелік артықшышылықтар теориясы тұрғысынан жан-жақты түрде зерттеген профессор Р.К.Жоламанов еді. Оның ойынша, бүгіндері Қазақстан алғашқы факторлар тұрғысынан бірқатар бәсекелік артықшышылықтарға ие; турасын айтар болсақ, республика инвестициялар кезеңінен (бұрынғы одақ құрамынан шыққан соң) өндіріс факторлары кезеңіне қарай ыıысты. Жоıарıы саннатты еңбек ресурстары мен ı ылыми-техникалық өңдеулердің жоıарıы деңгейі еліміздің мықты бәсекелік артықшылықтар қатарына жатып, мемлекет тарапынан қаржылық қолдау болмаı ан жаıдайда жоıалуы ықтимал. Р.К.Жоламанов оıан қоса Қазақстанның бәсекелік артықшылықтар қатарына оның Еуразия континентіндегі ұтымды геосаяси жаıдайын атайды. Қазақстанның жаңа табиıи ресурстарының кеніштері және инвестициялық тартымдылыı ы мен экономикалық тұрғыда басқа да жағымды жағдайларын атап өтуге болады. Қазақстанның инвестиция кезеңіне тез өтуге барлық қажетті жағдайлары бар, ол үшін мемлекеттің өзі де өз әлеуеттерін барынша пайдалануға талпыныс жасау қажет. Кез-келген мемлекеттің бәсекелік артықшылықтары оның салаларының бәсекелік артықшылықтарынан тұрады. М.Портердің жіктеуі бойынша фирмалардың бәсекелік артықшылықтары екі түрге жіктеледі. Ол не төменгі шығынды тауарлар өндірумен, не тауарды саралаумен байланысты. Төменгі шығындар фирманың тауарды бәсекелестерімен салыстырғанда төменгі шығындармен өндіріп, сата алу қабілетімен байланысты.
Өнімді саралау - бұл өзінің сапасы, көрсететін сервисі, жарнама-маркетингтік тұрғыда әр түрлі тұтынушыларға арналған тауардың бірнеше түрлерін өндірумен байланысты. Олай болса, саралау тұтынушыларды тауардың жаңа қасиеті, абсолютті түрде жаңа тауар шығару арқылы жоғарғы құндылықтармен қамтамасыз етеді.
Соңғы жылдары бәсекелік артықшылықтар қатарына кәспорындар "материалдық емес ресурстар" ұғымын қосып жүр. Атап өтетін жәйт, әлемдік практикада материалдық емес ресурстар ұғымы әлі толығымен қалыптасып қоймаған. О.Н.Константиновой өз еңбегінде материалдық емес ресурстарды американдық ғалым Ричард Холл ұсынған жіктеуді келтіреді.
Ол жіктеу бойынша, компетенцияларды, өз кезегінде, функционалдық және ұйымдық мәдениетке бөлінеді. Алғашқылары жұмыскерлердің, жабдықтаушылардың, дистрибьюторлардың, жарнама агенттерінің және нарықтың басқа да қатысушыларының ноу-хауынан тұрады. Ұйымдық мәдениет компетенцияларына өзгеріс уақытын, ииновацияларды басқару қабілетін, бір командада жұмыс істей білу, өнімнің жоғарғы деңгейі мен қызмет көрсетудің жоғарғы сапасының стандарттарын қабылдай білу қабілеттерін және т.б. жатқызады.
Олай болса, бәсекеге деген әртүрлі көзқарастардың эволюциясын зерттеу оны әртүрлі елдерде, әртұрлі ғалымдармен, әртүрлі экономикада өзінше түсінгендігі белгілі болды. Ғылыми әдебиеттерде бұл ұғымның тәртіптік, құрылымдық және функционалдық түсіндірмелері жинақталады. Ұлттық экономиканың бәсекеқабілеттілігі мемлекеттің әлемдік қызметтестікке етене қатысуының басты шарты болып қала бермек. Осыған орай, бәсекеге қабілеттілік мәселелерін зерттеу әрқашан өзекті сипат алып отырмақ, сондықтан бәсекеге қабілеттіліктің барлық деңгейін әдіснамалық, жүйелік талдау негізінде зерттеп отыру қажет.
Әдебиеттердің тізімі:
- А.Смит. Исследование о природе и причинах богатства народов. Книга ГV.-М.: ЭКСМО, 2007.-960 с.
- Портер М.. Конкуренция. С-Пб.: Издательский дом "Вильямc". 2002-495 с.
- Портер М. Международная конкуренция. - М.: Международные отношения, 1993.
- Розанова Н.М. Эволюция взглядов на конкуренцию и практика антимонопольного регулирования: опыт стран с развитой рыночной экономикой.// www.economics.boom.ru/Rozanova/rozanova2.htm.
- Гордеев В. Две тенденции в эволюции конкуренции//Мировая экономика и международные отношения.- 2007.-№1.-42-48 бб.